122
бірдей дер кезінде тиісті кӛмек кӛрсету қиындыққа тҥсетін болғандықтан, біраз
малдар шығынға ҧшырауы мҥмкін.
Емі. Мес қарындағы жиналған газдарды сыртқа шығаруға және олардың
пайда болуын басуға әрекет жасау керек. Алдымен қарапайым тәсілдер - тауға қарай
жәймен жетелеу не айдау, сол жақ бҥйіріне суық су қҧю қолданады. Ауру малды
суатқа тҥсіріп тыныстануын жеңілдетеді және мес қарындағы газдардың пайда
болуын тежейді. Денесінің алдыңғы бӛлігін артқы бӛлігінен биік ҧстағанда
қарындар кӛк еттен артқа қарай ығысып оған тҥскен қысымды азайтады,
ӛкпелердегі газ алмасу процесі жақсарады, ӛңештің мес қарындағы тесігі жыннан
ашылып мал кекіренеді, сӛйтіп газдардың сыртқа шығуына мҥмкіндік туады.
Жиналған газдарды шығару мақсатымен мес қарынға зонд енгізеді не
денесінің алдыңғы бӛлігін кӛтеріп қойған қалпында сол жақ бҥйірін тереңге
бойлатып ҧзақ уақыт уқалайды. Денесінің алдыңғы бӛлігі кӛтеріліп тҧрған жағдайда
газдарды шығару ҥшін оларды артқы аяқтарына отырғызып ішін екі тізесінің
арасына орналастырып бірнеше рет қатты-қатты қысады. Мақсатқа сәйкес келетін
іс-әрекеттің бірі малды кекірткізу, ол ҥшін ырғақтандырып тілін тартады не деготь
немесе керосин жағылған жуан арқанмен, ширатылған сабанмен, бинтпен не
матамен оралған таяқпен малды ауыздықтайды.
Жиналған газдарды ӛзіне сіңіріп алып, ыдырату ҥшін аузы арқылы 2-3 л жаңа
сауылған сҥт, 20 г кҥйдірілген магнезий, 10-20 мл аммиактың судағы ерітіндісін 500
мл суға қосып береді. Қарындағы ашу процесін бәсеңдету ҥшін аузы арқылы 1000
мл 2 % ихтиол ерітіндісін, 50-150 мл керосинді суға араластырып не 160-200 мл
тимпанолды 2 мл суға қосып береді. Кӛбікті тимпанияда аузы арқылы кӛбікті
ыдырататын дәрілер: 50 мл сикаденді 2-5 л суға қосып, 160-200 мл тимпанол не
антиформолды 2-4 л суға араластырып береді. Оларды зонд не троакар арқылы
енгізеді, резеңке бӛтелкемен аузы арқылы да береді. Сикаден газ кӛпіршіктерін
ыдыратады, мес қарынның қимыл қызметін кҥшейтеді де қарындар мен ішектердегі
орналасқан бактериялар флорасына әсерін тигізбейді.
Тҧншығу белгілері ҥдей тҥскенде мес қарынды троакармен не басқа қуыс
инемен тесу ҧсынылады. Тесетін жерін, сол жақ аш бҥйірінің ортасын операцияға
дайындағаннан кейін, троакармен сербектен соңғы қабыртқаның ортасына қарай
тартылған сызықтың орта шеңінен теседі. Ми анемиясын болдырмау ҥшін газды
троакардың гильзасынан жайлап шығарады. Гильза қуысы қарынның жынымен
бітелген жағдайда оны троакардың білігімен ішіне қарай итеріп тастап тазалап
тҧрады. Троакардың гильзасын тескен жерінде 2-3 сағат, кейбір ерекше жағдайларда
ғана 12 сағатқа дейін қалдырады. Одан кӛп мерзімге қалдыруға болмайды, себебі
кӛп уақытқа қалдырылған жағдайда тесілген жер маңында іш пердесінің жабысқақ
қабынуы дами бастайды.
Сауығу кезеңінде тимпанияны тудырған қалдықтарын жою мақсатымен арнайы
рацион
тағайындайды, кейде дәрі-дәрмектер береді. Малды 12-24 сағаттай аш ҧстағаннан кейін
азықтарға (сҥрлем, пішен, қант қызылшасы) біртіндеп, кҥніне 5-6
рет азғандайтан беріп барып
дағдыландырады, рационға қҧнарлы азықты біртіндеп енгізеді. Ашу - шіру процестері
кҥшейген жағдайда ірі қараға аузы арқылы 1-2 ас қасық тҧз қышқылын 500 мл
суға қосып
береді. Мес қарынның қимыл қызметін сергіту ҥшін массаж,
диатермия қолданып,
ащы азықтар
береді.
Достарыңызбен бөлісу: