163
Вирустың тӛзімділігі. Ньюкасл ауруының вирусысыртқы ортаның әсеріне ӛте
тӛзімді. Салқын ауада жақсы сақталады. 2-4
0
С суықта вирус жҧмыртқа ішінде
немесе ауруға шалдыққан әр тҥрлі ағзаларда бір жылдан астам уақыт сақталады.
Кҥн сәулесі тура тҥскен жағдайда 2 кҥн, сәуле шапағына 15 кҥн шыдайды. Вирус
белсенділігін 17-18
0
С ортада кептірілген ағзаларда 2 жыл сақтайды, ал қҧсханаларда
қыс айларында 140 кҥн, жазда 7 кҥн сақтайды. Шіріген ӛлекседе қоздырушы 3
аптадан кейін әлсірейді (инактивацияланады), тоңазытылған қҧс етінде 800 кҥннен
астам уақыт ӛлмейді.
Балапан шығару кезінде жҧмыртқа қабығының сыртына жабысқан вирус
алғашқы кҥндердің ӛзінде-ақ зардаптылығын жоятын болса, жҧмыртқа ішінде
балапан шыққанға дейін жандана тҥседі.
Органикалық заттарға бай (кӛң, қоқыс) ортада вирус 18-21
0
С ауаның ылғалдылығы
64-70% болған жағдайда 15 кҥннен 50 кҥнге дейін сақталады.
Жҧмыртқа қабығының сыртындағы вирус формалин буының әсерінен 1 сағатта,
ал 0,5% натрий сілтісінен 20 минутта, 1% белсенді хлор бар хлорлы әк ерітіндісінен
10 минутта ӛледі.
Ньюкасл ауруның вирусынмен зарарланған қҧсханаларды формалин (3%),
натрий сілтісі (2%) ерітінділерімен 24 сағатта, ксилонафт-5 (4-5%) немесе хлорлы әк
(3%), ерітіндісімен 18 сағат ішінде толық зарарсыздандыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: