Кӛріп тексеру – жеке ауру малды немесе малдар тобын зерттеудің негізгі
клиникалық әдісі. Кӛруді мал тыныққанда, азық беру кезінде, су ішкенде,
жайылымда жайылып жҥргенде, серуендеу кезінде малдың мінез-қҧлқындағы
ӛзгерістерді және ауру белгілерін байқауға болады. Жаппай тексеру кезінде ауру
мал табыннан қалып қояды, азықты нашар жейді, қоңдылығы тӛмен болады. Малды
жеке тексерген кезде ең бірінші басын, мойнын, кӛкірегінің тҧсын, қҧрсақ бӛлігін,
аяқтарын белгілі тәртіп бойынша зерттеп қарайды.
Сипау әдісі мҥше немесе ағза жағдайын, пішінін, кӛлемін, консистенциясын,
қозғалғыштығын, беткей сипатын, сезімталдығын, ауырсынуын, ылғалдылығын,
қызуын және т.б. қасиеттерін саусақтардың кӛмегімен анықтайды. Сипауды саусақ
ҧштарымен, алақанмен, кейде жҧдырықпен жҥргізеді. Сипау арқылы тері беткейін,
тамырдың соғуын зерттейді.