87
Тҥрлі қабыну кезінде аталған кезеңдер басым болуы мҥмкін: ҧлпаның бҧзылу
процесі анық кӛрінсе, қабынуды альтерациялық, тамырлардың реакциясы басым болса
– экссудациялық, ҧлпалардың жайылып кетуі – пролиферациялық деп аталады.
Дистрофия – қоректену мен зат алмасудың бҧзылуы клеткалық элементтердің қайта
туындауы тҥрінде және клетка аралық кеңістікте талшықтардың ісінуі тҥрінде
байқалады. Қатты зақымданған (кҥйіктер) кезде некроздық процестер басым келеді.
Қабыну ошағының орталығының зат алмасуы тӛмендейді, ол зат алмасудың жан-
жағында „ӛрт сияқты алмасу” жоғары болады.
Қан тамырларының реакциясы – қабыну кезінде қан тамырларының кеңеюімен
және қанның кӛп келіп қҧйылуымен, артериялық гиперемиямен сипатталады.
Зат алмасудың шала тотыққан ӛнімдері: альбумоздар, пептондар, гисталин және
ацетилхолин қантамрыларын кеңейту әсерлігін тигізеді. Бірақ веналар кеңеймейді,
аздап тарылады, қанның іркілуі және веноздық гиперемия байқалады. Ағуы бәсеңдеген
қанда қан элементтерін бӛлу жҥреді: лейкоциттер қан тамырларының қабырғасына
ауысып, оның шетіне қарай жабысады.
Қанның сҧйық бӛлігі және лейкоциттер ҧлпаға шығады, бҧл процесс экссудация
деп аталады. Оның себебі қан тамырлары қабырғасының жоғарғы ӛткізгіштерінде
болады. Экссудаттың қҧрамында кӛп мӛлшерде белоктар, альбуминдер, глобулиндер
болады. Лейкоциттер эмиграциясы – жабысқан лейкоциттер жалған аяқтарымен қан
тамырларының қабырғасын тесіп ӛтеді, қан тамырлардан тысқары қалған лейкоциттер
жалған аяқтарымен қабынған бӛліктің ортасына жылжиды, олар бактерияларға, бӛгде
заттарға, ӛлген клетка элементтеріне фагоцитаралық белсенділік кӛрсетеді.
Қан тамырларынан шыққан лейкоциттердің бактерияларды қорытатын бӛлігі
ферменттерді бӛле отырып, бірталайы ӛледі, басқа бӛлігі пролиферациялық
процестерге
қатысады, ал ҥшінші бӛлігі қан ағымымен қан ӛзегіне қайта тҥседі және иммунитеттің
қалыптасуына қатысады. Лейкоциттердің эммиграциясы хемотаксис ӛзгерісінен,
қабыну кезінде тҥзілетін химиялық заттардан туындайды.
Ӛзіндік бақылау сұрақтары: 1.Қан айналымының бҧзылуы туралы тҥсінік.
Олардың пайда болу себептері 2. Жергілікті қан айналымының бҧзылу негіздері,
олардың белгілері және организмге әсері. 3. Оттегінің жетіспеушілігі туралы тҥсінік.
4.Сыртқы ортада оттегінің тӛтенше тӛмендеуінен пайда болатын жіті оттегінің
жетіспеушілігінің негізгі белгілері және даму динамикасы. 5. Қозғалыстың негізгі
бҧзылу жолдарын сипаттаңыз: салдану, парез, тыртысу. 6. Сезімталдықтың негізгі
бҧзылуын атаңыз және оларды сипаттаңыз. 7. Жылу алмасудың негізгі бҧзылуын
атаңыз. Оның даму динамикасын тҥсіндіріңіз.8. Қабыну туралы жалпы тҥсінік беріңіз.
Қабынудың негізгі белгілері мен
себептері
Достарыңызбен бөлісу: