Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»


Еркек малды пішу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет101/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   171
 Еркек малды пішу ерекшеліктері 
Анатомиялық-топографиялық деректер. Шаптық канал (саnаlis  inguin-alis) – 
сыртқы (тері астындағы) және ішкі (қҧрсақтық) екі шаптық сақинадан тҧрады, ол 
қҧрсақтың  қиғаш  бҧлшық  еттерінен  тҧрады,  қҧрсақтың  вентральдық 
қабырғасындағы  май  қҧйғыш  тәрізді  саңылау  (айғырда  ҧзындығы  10  -  12  см) 
орналасқан.  
Еркек  бездің  қабы  –  (saccus  testiculorum)  кҥйіс  қайтаратын  және  тақтҧяқты 
малдарда санының арасында, ал қалған малда артқы тесігіне жақын орналасады. Ол 
қос қуысты - ҧмадан,  еркек бездің қос сыртқы кӛтергіші мен қос жалпы қынаптық 
қабықтан тҧрады (2-сурет). 
1.  Бҧқада  ҧманың  терісі  қалың  болып  келеді,  онда  тері  және  май  бездері 
орналасады. Орта сызық арқылы ҧма тігісі ӛтеді. 
2. Бҧлшық ет  - серпімді қабық (tunica dartos) терімен тығыз қосылған, оның 
қҧрамында  бҧлшық  ет  шоқтары  кӛп  және  оның  арасында  серпімді  талшықтар 
болады.  Ортаңғы  сызық    қалыңдау  келеді  де,  ол  ҧманы  екі  қуысқа  бӛледі.  Кәрі 
қойларда сол қабықтың астында майлы торша дамиды. 
3.  Ҧманың  фасциясы  (fascia  subdartoica)    негізінде  бҧқада  және  қабанда 
дамыған,  жалпы  қынаптық  қабықпен  бос,  ал  алдыңғы  қабықпен  берік  тҥрде 
ҧштасқан болады. 
4.  Жалпы  қынаптық  қабық  (tunica  vaginalis  communis)  ішкі  перденің 
париентальдық және кӛлденең фасциясының ӛсіндісі болып келеді, ҧманың әрбір 
жартысында тӛселіп, жалпы қынаптық қабық қуысын қҧрайды (cavum 
Ұманың жүйкеленуі және қанмен қамтамасыз етілуі. Ҧма және ҧма кӛтергіш 
сыртқы еннің және жыныс тамырының бҧтақтары арқылы  қанмен жабдықталады. 
Ҧма және жалпы қынаптық қабық сыртқы тҧқымдық, қҧрсақ-шаптық және мықын-
қҧрсақтық  жҥйке  бҧтақтарымен,    ал  ҧманың  артқы  бӛлімі  шапаралық  жҥйкемен 
жабдықталады. 
Лимфа  тамырлары    кӛп  санды  ҧсақ  тамырлардан  қҧрылған,  6  –  8  ірі  діңдері 
ҧманың қабырға жақтарынан ӛтіп, ҥстіңгі шаптық тҥйіндерге ағып қҧйылады. 
Пішетін  малдың  жасы,  уақыты,  орны  және  оны  пішуге  даярлау  ережесі. 
Малды кез келген жаста пішуге болады, бірақ ӛнім беретін малды  пішуге қолайлы 
мезгіл әлі толық  анықталмаған.  
Тҥріне,  тҧқымына,  тез  жетілуіне,  пішу  мақсаттары  (бордақылау  немесе 
жҧмысқа пайдалану) және орындалатын операцияның тәсіліне қарай, еркек малды 
әр тҥрлі жасында пішуге болады. Жҧмысқа пайдаланатын айғырды 5 жастан асқан 
кезде  пішеді,  оны  шыққан  азу  тістеріне  қарап  анықтайды.  Бҧл  уақыттан  ерте 
пішкен  малдың  еркектік  жыныс  гормондарының  тапшылығына  байланысты, 


105 
 
олардың денесінің дамуы тӛмендеп, конституциясы толық жетілмейді және кейде 
ҧмалары жалпы қынаптық қабық қуысына тҥсіп орналаспайды. Есек пен қашырды 
3—4 жасында пішуге болады. Қазақстанның оңтҥстік аймақтарында бордақылауға 
арналған бҧқаларды кӛбінесе пішпейді, себебі олар тез жетіліп 1,5 – 2 жылда 400 кг 
дейін салмақ жинайды. Республикамыздың солтҥстігінде бҧқалар кешірек жетіледі, 
сол себептен оларды кейінірек пішкен дҧрыс болады. Тәжірибе деректері мен ауыл 
шаруашылық мамандардың байқауы бойынша, оларды 6 ай мерзімінде емес, одан 
кешірек  яғни  органимзнің  толық  қалыптасуынына  байланысты,  1  жастан  асқан 
кезінде  пішу  қолайлы  болып  саналады,  сол  мерзімде  мал  бордақыланып,  қажетті 
салмақ  қосады.  Жҧмысқа  пайдаланатын  бҧқаны  1  жылдан  кейін  операция    жасау 
арқылы пішеді. Ал етке сойылатын малды пішудің қажеті жоқ. 
Еркек  тоқты  және  лақты  5  -  6  айынан,  одан  да  ересек  жастарында  пішуге 
болады.  Тек  текелерді  союға  дейін  4  –  5 айдан  кешіктірмей,  ал қабанды  сойғанға 
дейін 3  – 4 ай  қалғанда пішкен дҧрыс болады,  себебі  олардың  етіндегі  жағымсыз 
иіс сақталады. Еркек тоқтыны қандай тәсілмен болмасын ерте пішсе, оның жетілуі 
және  организмнің  ауруға  тӛзімділігі  тӛмен  болады.  Қабандарды  жалпы  1  жылдан 
асырмай  етке  сояды.    Тҥйеге  2,5-3  жасында  операция  жасайды.  Бҧғыларды  10-12 
айында, ҥй қояндарының 1,5-2,5 айында пішеді.  
Ірі  малды  пішу  алдында  азықтандырмай,  ал  операция  алдында  оның  ішегін 
тазартады.  Айғырды  операция  қарсаңында  ішкі  шаптық  сақинасын  ректальды 
зерттейді;  себебі  олардың  мӛлшеріне  байланысты  пішу  тәсілі  анықталады.  Егер 
шаптық  сақиналарға  саусақтың  ҥш  ҧшын  енгізуге  болса,  онда  айғырды  жабық 
тәсілмен пішеді. 
Еркек малды пішу әдістерінің жалпы сипаттамасы. Еркек малды пішу тәсілі 
сан алуан. Бірақ оларды негізгі - қанды және қансыз (перкутарлық) деп екі тәсілге 
біріктіруге  болады.  Бҧл  тәсілдерді  пайдалану  және  жҥзеге  асыру  операция 
жасалатын  малға,  шаруашылықтың  жағдайына,  ветерина-риялық  маманның 
шеберлігіне,  операцияның  мақсатына,  операция  аймағын-дағы  патологиялық 
ӛзгерістерге  және  қолданылатын  қҧралдардың  ерекше-ліктеріне  байланысты 
болады. 
Малды  қанды  әдіспен  пішу  кең  таралған  және  жиі  қолданылады;  ондайда 
ашық және жабық тәсілдерді қолдану арқылы кӛбінесе енді және қосалқыны толық 
алып тастайды. Ашық тәсіл кезінде  жалпы қынаптың қабын жарып ҧманы ашады, 
оны қосалқысымен бірге алып тастайды. Жабық тәсілде жалпы қынаптық қабықты 
кеспейді,  ен  мен    қосалқыны,  оларды  жабатын  жалпы  қынаптық  қабықпен    бірге 
тіліп алады.  
Жыныс бездерінің элементтерін жартылай жоюдың  негізгі мақсаты – шәуіттің 
бӛліндісін тоқтау және еркектік жыныс гормонын ӛңдіруді сақтау болып табылады. 
Қанға  бӛлініп  шығатын  жыныстық  гормон  малдың  ҥйлесті  дамуы  қалыптасады 
және ҧрықтандыруға қабілеттілікті тоқтатады. Бҧл тәсілді толық пішу әдісі ретінде 
есептеуге  болмайды.  Оны  кӛбінде  стерилдеу  деп  атаған  дҧрыс  болады.  Олардың 
ішінде ең кӛп таралғаны келесі 2 тәсіл: 
а)  еннің  тек  қана  паренхимасын  жою  (экспрессиялық  пішу),  оның  болбыр 
ҧлпасының негіздері және қосалқысы сақталады
б)  еннің қосалқысы  қҧйрықтарының  резекциясы  - операцияны  кейде  қой  мен 
ӛгізшеге жасайды.  


106 
 
Қансыз пішу әдісі немесе перкутарлық пішу –  ӛнімді малға ең кӛп қолданатын 
пішудің  тҥрі.  Ол  негізі  екі  дербес  тәсілден  тҧрады:  ен  бауының  бҥтіндігін 
перкутарлық бҧзу немесе еннің ӛзін бҧзу. 
Ен бауының бҥтіндігін перкутарлық бҧзудың негізі әдістері: 
а)  ен  бауының  ҧма  мойыны  аумағында,  терісінің  сыртынан,  арнайы  қысқыш 
арқылы перкутарлық әдіспен мыжып жаншу немесе ҥзу арқылы. Ен бауын мыжып 
жаншығанда еннің қоректенуі бҧзылып, ол кейінен семеді.  
б)  эластрация  –  ен  бауына  икемді  етіп  резеңке  сақина  салып  қысады,  бҧл 
жағдайда ен ҧма мен бірге толық некрозға ҧшырап денеден бӛлінеді. 
в) жасанды крипторхизм жасау - енді қынаптық канал қуысына итеріп енгізеді 
және  ол  қайтадан  шықпау  ҥшін  ҧманың  тӛменгі  бӛлігіне  икемдеп  сақина  салып 
бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет