Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет104/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   171
Байланысты:
umkd 2218 veterinariyadag adistemelik 2021-2022 (1) (1)

Жараланған  жануарларды  емдеу.  Қан  ағу  кезінде  және  жітілі  қан  аздылықта, 
оған тҥрлі шаралар қарастырылады. Қан ағуда жараға тартқыш бҧрау, мақталы дәке, 
қысатын таңғыш және қан тоқтататын пинцеттерді қойып, тамырды байлау арқылы 
тоқтатады.  Ішке  қан  ағу  кезінде  организмге  қанның  ҧюын  арттыратын  (10  % 
кальций хлоридінің ерітіндісі), гиалиуронидаза, К витамині және т.б. дәрілер, ал жіті 
қан  аздылық  кезінде  жҥрек  жҧмысын  (кофеин,  камфора  майы)  және  ӛкпені 
(лобелии)  жақсартатындар  қолданылады.  Қан  ӛзегін  сҧйықтықпен  толықтыру 
мақсатында,  жануарларды  кӛбірек  суарады,  сонымен  қатар  тамырға  натрий 
хлоридінің физиологиялық ерітіндісін немесе қан қҧяды. 
 
Операциядан  кейінгі  жараларды  антисептикалық  ерітінділермен  (этакридин 
лактат  ерітіндісі 
-1:500, 
фурацилин-1:500  және  т.б.)  ӛңдейді,  сосын 
антибиотиктермен  шайып,  оны  тігеді.  Мҧндай  ҧқыпты  ӛңделген  мҧндай  жара 
бірінші тартылу бойынша жазылады. 7-10 кҥннен кейін тіккен тігісті алып тастайды. 
 
Жаңадан  пайда  болған  (12-24  сағат  ішінде)  тӛтенше  жараларды  хирургиялық 
жолмен  ӛңдейді:  зақымданған  ҧлпаларды  стерильді  сорғыш  қағазбен  немесе 
мақталы дәкемен жабады, маңайындағы тҥкті қырқады, теріні ластықтан тазартып 5 
%-спиртті йод ерітіндісін жағады, ал жараның ӛзін қҧрамында қоздырғыштары жоқ 
антисептикалық  ерітінділермен  жуады.  Жарадан  еттің,  терінің,  майдаланып  кеткен 
ҧлпалардың 
жҧлынғандарын 
алып 
тастайды, 
оның 
ҥстіңгі 
қабатын 
антибиотиктермен шаяды да тігеді. Кӛптеген жағдайларда мҧндай жаралар бірінші 
тартылу  бойынша  жазылады.  Егер  тігуге  жарамсыз  болған  жағдайда,  ашық  тастап 
емдеу әдісін қолданады немесе таңады. 
 
Ірі қара мал мен шошқаларда жараның ҥстіңгі қабатында қабыршақтар тҥзіледі 
(оған стрептоцид себеді, норсульфазол және басқа да сульфаниламид препараттарын 
қолданады). 
 
Індеттен асқынған жаралардың жарақаттанған аймағының ҧлпалары ісінеді. 3-6 
тәулікте  оның  қуысында  шырышты-іріңді  (жылқыда,  итте)  немесе  фибринді-іріңді 
(сиыр  мен  шошқада)  экссудат  пайда  болады.  Жануардың  жалпы  жағдайы 
тӛмендейді. Мҧндай жаралардың ӛңдеуін операциялық алаң дайындаудан бастайды, 
содан  кейін  ғана  оның  қуысын  перманганат  калий  (1:1000,  1:5000)  ерітіндісімен 


110 
 
немесе 3 % сутегі тотығы ерітіндісімен жуады, қалтасын қиып және ӛлі ҧлпаларды 
алып  тастайды.  Сосын  жараны  таңады  немесе  жара  процесінің  ерекшеліктеріне 
байланысты және аурудың тҥріне қарай ашық әдіспен емдейді. 
 
Жараны  бірінші  сатылы  жазылу  кезінде  әлсін-әлсін  жоғарыда  кӛрсетілген 
ерітінділермен  жуады  және  керекті  жағдайда  оған  10  %  натрий  хлорид  ерітіндісі 
сіңген сорғыш байлайды. Сонымен қатар сепсистен сақтандыру ҥшін бҧлшық етке 
антибиотик  жібереді.  Жараның  ҧлпалары  жетіле  бастаған  кезден  бастап  (екінші 
сатысы  -  дегидратация)  жараны  экссудаттан  антисептикалық  ерітінділер  қолдана 
отырып  тазалайды,  бҧдан  кейін  жаңа  ҧлпаның  пайда  болуына  әсерін  тигізетін, 
қҧрамында  майы  бар  (стрептоцид  линименті,  Вишневский  майы)  линименттерді 
кӛбірек  жағады  және  бҧлар  жараны  қайта  зақымданудан  сақтандырады.  Жаңадан 
жетіліп  келе  жатқан  ҧлпаның  ақауын  толықтырғаннан  соң,  кептіретін 
антисептикалық ҧнтақ қолданады. 
Ӛзіндік бақылау сҧрақтары: 
                 4.Жарақаттардың пайда болу себептері.  
                 5.Жарақаттардың клиникасы.  
                 6.Жарақаттардың емі.   
                 7.Ашық механикалық зақымдану.  
                8.Жарақаттық қан ағудың тҥрлері.  
                9. Жараланған жануарларды емдеу.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет