Індетанулық эксперимент дегеніміз індеттік процестің кейбір толық зерттелмеген
мәселелерін (ауру қоздырғышының ауру малдан таралу жолдары және оның мерзімі, ауру
қоздырғышының сау малдарға ену жолдары, малдардың ауруға қарсы тҧру қабілетіне әсер ететін
жағдайлар т. б.) зертханалық және ауыл-шаруашылық малдарына тәжірибе қою арқылы анықтау.
Індеттану ғылымында жоғарыда атап ӛткендей, ӛзіне тән ерекше әдістермен бірге
микробиологиялық және иммунологиялық (бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық,
серологиялық, аллергиялық және т.б.) әдістерді, ал керек жағдайда клиникалық және
патоморфологиялық әдістерде кеңінен пайдаланады.
Осындай зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтер сҧрыпталып, бағаланып,
індеттанулық талдау жҥргізіледі. Осыған сҥйене отырып, мамандар аурудың алдын алу немесе
жойып жіберу шараларын нақты жағдайға байланыстырып белгілейді. Эпизоотологиялық
талдаудың деректеріне сҥйене отырып, індеттанулықболжам жасалынады, белгілі бір табиғи-
географиялық ортаға орналасқан ӛзіндік ерекшелігіне сай шаруашылықта пайда болған, белгілі бір
жҧқпалы аурудың ӛзіндік эпизоотологиялық заңдылықтарын ескере отырып, оның алдағы
уақыттарда пайда болу, таралу және жойылу заңдылықтарын ғылыми тҥрде қарастыру.