156
немесе ҥлпек массаларды табуға болады. Ішектің, қуықтың сірлі және кілегейлі
қабықтарында қан қҧйылу, бауырында ӛліеттенген қабыну ҥрдістері байқалады. Іш
тастаған аналықтарда іріңді-ӛліеттенген эндометрит, интерстициальдык желінсау,
буындар мен бурсалар закымданса – олардың қабықтарының қалыңдауын,
қуыстарда сірлі-фибриноздық экссудатты байқауға болады. Еркек малдың аталық
жыныс мҥшелері мен ен қосалқысында – қабынды-ӛліеттенген ошақтар болады.
Гистологиялық зерттеу кезінде әртҥрлі мҥшелер мен ҧлпаларда ӛліеттенген
ошақтар кездеседі. Оларда лимфоидты торша элементтері мен гистиоциттерден
қҧралған микрогранулемалар және бӛлікше аралық ҧлпада полиморфтық
торшалардан тҧратын инфильтраттар кездеседі.
Балау. Бруцеллезге диагноз бактериологиялық, серологиялық аллергиялық,
эпизоотологиялық, клиникалық зерттеулер нәтижесінде қойылады. Клиникалық
белгісі бойынша (іштастау, шу тҥспеу, т. б.) тек қана бруцеллезге кҥдіктенуге
болады.Табынды
толықтыру
тәртібін
анықтауға
мҥмкіндік
беретін
індеттанулықтексерулер мен қосылған малдардың аурудан сәттілігі маңыздыроль
атқарады.
Бруцеллезге
диагноз
қоюдың
негізгі
әдісі
–
зертханалық
(бактериологиялық және серологиялық) және аллергиялық тексерулер. Зертханаға
тҥсіктің қағанақ қабықтары, ҧлтабары, бауырды, талақ бӛліктері, шудың бӛлігі, іш
тастаған малдың қынабынан аққан сорап, сҥт, кан жіберіледі. Қанды тҥсікпен бірге
және қайтадан 15 кҥннен соң жібереді. Ӛлтірілген немесе сойылған малдан
тексеруге бауыр, талақ, сӛл тҥйіндері, желін жіберіледі.
Серологиялық реакциялар бруцеллезге малды жалпылай зерттеу ҥшін
кеңінен қолданылады. Атап айтқанда: агглютинация реакциясы (АР), комплемент
байланыстыру реакциясы (КБР), иммуноферментті талдау (ИФТ), Розбенгал
сынамасы (РБС), Кумбс реакциясы, конглютининдеуші кешенді байланыстыру
реакциясы (ККБР) немесе Сайдулдин реакциясы (СР) және басқа серологиялық
тестер қолданылады. Сиыр малын мен енекелерді тексеру ҥшін КБР (ҦКБР),ИФТ,
розбенгал сынаманы және сҥтпен сақина сынамасы, аллергиялық әдісін: қой ешкі
мен бҧғылар ҥшін – АР, КБР (ҦКБР) және аллергиялық тексеру (бруцеллинмен);
шошқалар ҥшін –КБР (ҦКБР), розбенгал сынамасы, аллергиялық әдісті; қой ешкі
ҥшін –АР, КБР (ҦКБР), РБС; иттер ҥшін – АР және КБР қолданады. Сиырларды
(қҧнажындарды), енекенің ҧрғашыларын, аруананы бруцеллезге буаздық мезгіліне
қарамастан, қойлар мен шошқалар қоздаған немесе торайлаған соң 1-2 айдан кейін,
барлық, тӛлдердің тҥрлері – 3-4 айға толғасын тексеріледі.
Аллергиялық зерттеу бруцеллездің соңғы даму сатысында нәтижелі деп
есептеледі. Бҧл ҥшін ВИЭВ немесе ҚазҒЗВИ бруцеллин аллергені пайдаланылады.
Препаратты сиыр, қой, ешкі және бҧғыға тері ішіне, не пальпебральды тҥрде 1 мл
енгізеді. Реакцияны 36-48 сағаттан кейін оқиды. Аллерген енгізген жерде қабыну
болса, онда реакция «оң» деп есептелінеді. Соңғы кездегі жҥргізілген зерттеулер
аллерго-серологиялық зерттеулердің аса нәтижелі екендігін дәлелдеді. Ең бірінші
ағзаға алерген енгізіп 1-2 жҧмадан кейін серологиялық зерттеулер жҥргізу ағзадағы
бруцеллездің жасырын тҥрін анықтауға мҥмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: