42
Монография - бір мәселені немесе тақырыпты толық, жан-жақты зерттеуді
қамтитын, бір немесе бірнеше авторларға тиесілі ғылыми немесе танымал ғылыми
кітап.
Диссертация авторефераты – автормен жҥргізілген зерттеулер нәтижесінде
жазылған, ғылыми дәреже алу ҥшін ҧсынылатын, брошюра тҥріндегі ғылыми
басылым.
Предпринт - ғылыми басылым, жарияланғанға дейінгі, алдын ала сипаттағы
материалдарды қамтитын еңбек.
Ғылыми еңбектер жинағы - ғылыми мекемелердің, оқу орындарының немесе
қоғамдардың ғылыми материалдарын қамтитын жинақ.
Ғылыми конференцияның материалдары - ғылыми конференцияның
(бағдарламалар, есептер, ҧсынымдар, шешімдер) нәтижелерін қамтитын қайталанып
шығарылмайтын ғылыми жинақ.
Ғылыми конференцияның тезистері (баяндамалары) - конференцияға дейін
алдын ала жарияланған материалдарды (аннотациялар, баяндамалар мен
баяндамалар тезистері) қамтитын,
қайталанып шығарылмайтын ғылыми жинақтар
болып табылады.
Ғылыми конференция баяндамаларының тезистері (хабарламалар)-ғылыми
қайта басылмайтын жинақ, басылғанға дейінгі конференцияның алдын ала
сипаттағы
материалдары
(аннотация,
баяндамалар
рефераты
мен
хабарламалар)енеді.
Ғылыми-танымал басылым – теориялық және экспериментальды зерттеулер
мәліметтері бар ғылым, мәдениет және техника салалары бойынша маман емес -
оқырмандарға
арналған, қарапайым тҥрде жазылған басылым.
Достарыңызбен бөлісу: