80
малдар қатты ауырады. Сонымен қатар жоғарғы ӛнімді және асыл тҧқымды
жануарлар ӛте.сезімтал келеді.
Аурудың агенттері организмге қан тамырлары, ҧлпалар және жҥйке
талшықтары арқылы тарайды. Улы заттардың тҥзілуінен немесе ағза функциясының
бҧзылуының салдарынан зақымданған бӛлік бҥкіл организмге әсерін тигізеді.
Организмде зардапты қоздырғыштардың әсерінен қызметі бҧзылған
функцияларды қалпына келтіретін қорғаныс – бейімделу механизмдерінің қатары
бар. Функцияларды қалпына келтірудің маңызды факторларының бірі –
организмдегі қордың болуы. Қалыпты жағдайда жҥрек еттерінің 17-20% қуаты,
ӛкпенің сыртқы тынысы 20-25%, бауырдың функция атқаратын элементтері 12-15%,
қанның гемоглобині 50-60% мӛлшерде ғана пайдаланылады.
Зардапты қоздырғышпен организмнің қатынасуында, оның жеке реактивтілігі
ӛте маңызды. Яғни, бір тҥрлі қоздырғыштың әсерінен барлығында бірдей ауру
пайда болмайды, тек реакцияның тҥрлі варианттары туындайды. Мысалы, ауруға
бірдей емес бейімділігі, улы заттарға әртҥрлі сезімталдығы, аштыққа, физикалық
факторларға, ауыр жҧмыстарға және т.б. тӛзімді.
Бақылау сҧрақтары: 1. Ветеринарияның негізгі нысандары.
2. Ветеринария заңына сәйкес жеке және заңды тҧлғалардың міндеттері.
3. Ветеринариялық іс-шаралар.
4. Ауру себептері немесе әсер ететін факторлар және аурудың кезеңдері.
5. Ӛлімнің белгілері мен негізгі себептері.
6. Аурудың этиологиясы.
6. Аурудың патогенез.
Негізгі әдебиеттер:
1.
Ахметсадыков Н.Н.,Омарбекова У.Ж., Хусаинов Д.М. Ветеринария
негіздері. Алматы, 2007, 5-14 б.
2.
Ветеринария туралы заң. Алматы, 2005
Достарыңызбен бөлісу: