4) Аудио ақпаратты СББР:
Қимылдардың дыбыс жазбалары: музыкалық шығармалардың дыбыс жазбалары; тірі
табиғаттың дыбыс жазбалары; өлі табиғаттың дыбыс жазбалары; бір мезгілдегі аудио
объектілер.
5) Аудио және видео ақпаратты СББР:
Тірі және өлі табиғаттың аудио- видео объектілері; пәндік экскурсиялар;
энциклопедиялар.
6) Интербелсенді үлгілер:
Пәндік зертханалық практикумдар; пәндік виртуалды зертханалар.
7) Күрделі құрылымды ЦБР:
Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар, энциклопедиялар.
- Электрондық кітапхана – электрондық құжаттардың (әдебиеттер туындыларынан
тұратын электрондық басылымдар, анықтамалар және т.б.) әркелкі топтамаларын сенімді және
тиімді сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір ақпараттық жүйе.
- электрондық көрнекі оқу құралдарының кітапханасы – мазмұны берілген пәндік
аумақтағы объектілер, үдерістер мен құбылыстарды бейнелейтін мультимедиа компоненттерін
таңдау көмегімен берілетін оқу құралы
- Электрондық энциклопедия – белгілі бір ғылым саласын қамтитын түрлі бағыттар
бойынша көп мөлшерде ақпараттан тұратын оқу құралы. Басылымдар мол суреттемелермен,
видео және аудио үзінділермен, анимациялар мен үш өлшемді үлгілермен жабдықталған
- Үйретушілер, жаттықтырушылар, тәжірибелер – бұл сабақтарға, емтихандарға
өзбетінше дайындалуға, өз білімін бағалауға мүмкіндік беретін оқу- әдістемелік кешендер.
- Мультимедиялық оқулықтар – бұл өз бетінше немесе оқытушы қатысуымен оқу курсын
немесе оның үлкен бөлімін компьютер көмегімен меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық- әдістемелік кешен.
- Виртуалды зертханалар – бұл оқу кешені, мектеп жағдайында қиындатылған, қосымша
құралдарды қажет ететін немесе өте қымбат тұратын пәндік зерттеулерді іске асыруға
мүмкіндік жасайды.
Дәріс 3
Мультимедиа технологиялары және құралдары
Достарыңызбен бөлісу: