Бұдан басқа мультимедиа құралдарын білім беруде қолданудың артықшылықтарын
қатарына мыналарды кіргізуге болады:
оқыту процесінде оқушы қабылдауының бірнеше каналын бірмезгілде қолдану, оның
есебінен бірнеше әртүрлі сезу ағзалары жеткізетін ақпараттық интеграциясы қолға келтіріледі;
күрделі, қымбат немесе қауіпті экспериментті модельдеу мүмкіндігі;
процесстерді динамикалық көрсету есебінен абстракт ақпаратты визуалдау;
микро және макро дүниелердегі процесстерді және объектерді визуалдау.
Мультимедиа құралдарын нақты пәндер саласында да, бірнеше пәндер тобындағы
орналасқан пәндерді оқыту процессін жақсарту үшін қолдануға болады.
Білім беру жүйесінің эффектілеріне белгілі дәрежеде оқу үдерісі жүріп жатқан ортада
әсер етеді. Бұл түсінікке оқыту үдерісінің құрылымы оның есептері және оңайлығы кіреді
(қоғам, кітапханалар, мультимедиалық ресурс орталықтары, компьютерлік зертханалар және
т.с.с. )
Мұндай жағдайда мультимедиа баспалары және ресурстар көп санды мүмкін болған оқыту
құралдарының бірі ретінде қолданылады. Демек, заманға сай мультимедиа құралдарының
дамуы білім беру технологияларын жаңа деңгейде қолға келтіруге мүмкіндік береді, бұл
мақсат үшін ең алдыңғы қатарлы техникалық инновациялар қолданылады. Білім беру аясына
кіретін мультимедиалық құралдардың заманауй болып әртүрлі модельдеу құралдары және
қызмет көрсетуі технологияларға негізделген, виртуал ақиқат деп аталатын құралдар болып
табылады. Виртуал объектілер немесе үдерістерге нақты немесе елестетілетін объект немесе
үдерістердің электрондық моделдері жатады. Виртуал сөзі қағаз және басқа материалдық
тасушыларда көрсетілген білімдік және басқа объектілердің электрондық нұсқаларының
сипатын айтып көрсету үшін қолданылады. Виртуалды шындық – бұл дыбыстық, көру,
тактильды тағы басқа ақпарат түрлерін беретін және қолданушыға виртуалдық кеңістікке
кіру елесін тудыратын мультимедиа құралдары. «Виртуалды шындық» жүйелері адам мен
орта арасында тура «тікелей» қатынасты жүзеге асырады. Олардың ең жетілгендеріне
қолданушы жасалған қолғапты киіп, тек компьютер жадысындағы объектке қолын тигізе
алады. Басқа жағдайларда экранда бейнеленген нәрсені «айналдырып» және оны басқа
жағынан көруге болады. Қолданушы «ақпараттық костюм» «ақпараттық қолғап» «ақпараттық
және көзілдірік» басқа құралдар мен құралданып «виртуалдық кеңістікке» қадам басады.
Дәріс 4.
Орта білім беру жүйесіндегі цифрлық платформалар (bilimland.kz, kundelik.kz.
Достарыңызбен бөлісу: