Бағдарламасы бойынша білім беру жүйесін цифрландыру проблемалары


Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт–



бет2/4
Дата29.01.2023
өлшемі200 Kb.
#63584
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.
Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.
Төртінші – IT мамандарды даярлау. Құжаттарды есепке алу, сақтау және медико-психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы сөз алып, Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуімізді айқындап берді.
Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде»
Бізге технологияларды тек импорттап қана қоймай, оларды барынша дамыта түсу қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Цифрландыру барысында біздің университеттер мен зерттеу шаралары байланысты болғаны жөн. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы.
Елбасы: «Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады. Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор», ‒ деді.
Цифрландыру – Қазақстанның озық ел атану жолындағы басты құралы. Қазақстан 2018-2022 жылдары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырады. Бағдарламада экономика саласын цифрландыру, сандық мемлекетке көшіру мақсаты айқын көрсетілген. Сонымен бірге, цифрлық Жібек жолын іске асыру, адами капиталды дамыту, инновациялық экожүйені құру бағытын қамтиды. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынып, компьютерлер үйде де, жұмыста да негізгі ақпарат құралы ретінде танылды. Ақпараттық жұмыстардың барлығы компьютердің көмегімен жасала бастады және ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.
Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін көбейту, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Бұл үшін биылдың өзінде аталған бағдарлама аясында елімізде екі жүзден астам радиотелевизиялық станса іске қосылмақ. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.
Осылайша, «цифрландыру» – бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыратын жетістік кепілі. Бұл үшін қоғам алдында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 10 бағытты жұмылған жұдырық болып іске асыру міндеті тұр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 бағытындағы міндеттерді нақты жүзеге асырсақ, Қазақстан озық отыздыққа енуге мол мүмкіндік алады. Мұнымен қоса, ел ішіндегі өндірісті жаһандық жаңғырту және цифрландыру шеңберінде тоғыстыру керек. Сонда ғана Қазақстан экономикасы дамыған әлем елдерінің көшіне ілесіп, ақпараттық саланың тың жетістігін тұтынады. 
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет