Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу



бет1/5
Дата19.04.2023
өлшемі24,4 Kb.
#84334
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Эмоционалды-ерік сферасы за ымдал ан балаларды жалпы білім беру


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы


Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

Ақтөбе,2022ж.


Жоспары:

  1. Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларға жалпы сипаттама

  2. Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балалардың танымдық ерекшеліктері

  3. Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу

Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10-20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар жиі кездеседі. 2002 жылғы мәліметтер бойынша олардың саны 93 болса, 2009 жылы ол 326 -ға жетті.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың статистикалық мәліметтері бойынша Каннер синдромы бар балаларды жынысына қарай бөлгенде, ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3-4 есе көп.
Аутизмі бар балалар санының өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде көрсетілуінің қажеттілігін білдіреді. Яғни олардың жанүясының қажеттілігіне, талабына деген қоғам мен әр түрлі қоғамдық орындар жағынан түсінушілікті қажет етеді.Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу және оның құзіреттілігін арттыру өте маңызды. Бірақ Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік-қоғамдық институттар аутист балаларға сапалы көмек көрсете алмайды.
Педагогтардың аутист балалармен жұмыс жүргізулерінің мамадандырылған біліктіліктері болмағандықтан, олар аутист балаларда арнайы білім беру ұйымдарында оқытудан бас тартады. Көптеген аутист балалар үйде оқытылылады, ал бұл оларды құрдастарынан және әдеттегі қалыпты өмірден оқшаулайды.
Аутизмнің анықтамасы.
1943 жылы доктор Л.Каннер алғаш рет бала аутизмін психикалық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеленеді. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап, оны ерте жастағы бала аутизмі деп аталды. Қазір оны Каннер синдромы деп те атайДЫ.
Л.Каннер бұл бұзылыстар ерте жастан екі жарым жасқа дейін байқалады деп есептеді, бұл кейіннен аутизмнің балалардың психикалық дамуының туа біткен және ерекше бұзылыстары деп айтуға мүмкіндік туғызды.
Бала аутизмі – бұл сан қырлы бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі синдромының негізгі және міндетті үш белгісін ерекшелейді:

  1. Қарым-қатынастың сапалы бұзылыстары;

  2. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;

  3. Тәртіптің стереотиптік түрлері.

Сәби жастағы немесе ерте жастағы бұзылыстарда биологиялық шығу тегіне және психикалық бұзылыстарға тән ремиссиясыз және асқынусыз тұрақты ағымы көрсетіледі.
Бала аутизмі психиканың барлық жақтарындағы: танымдық және эмоциялық аймақтағы, сенсорлық және моторлық дамудағы, сондай-ақ жоғары психикалық қызметтердің, еркін тәртіптің, сананың және тұлғалық қалыптасуындағы бұзылыстарда байқалады дизонтогенезді білдіреді.
Балалардағы аутизм бұрмаланған (асинхрондық) даму ретінде сипатталады, бұнда психикалық дамудың жеке жақтарының бірі уақытында, екіншісі алға кетіп, ал үшіншісі дөрекі тежеліспен даму мумкін , сонымен бірге олардың дамуы қалыптыларға да, тежелген онтогенезге де дәл келмейді.
Психолог О.С.Никольскаяның пікірі бойынша, аутистік дамудың бұрмалаушылығы қабылдаудың күрделі формалары, қимылдағы икемділік, сөйлей білу мен көп нәрсені түсіну қабілеті кездейсоқ байқалған кезде де, бала өзінің мүмкіндігін шынайы өмірде , қоршағандармен өзара іс-әрекетте пайдалануға тырыспайтындығынан да байқалады. Бала аутизмінде дамудың қалыпты даму жолы жәй ғана бұзылмайды, ол қатты бұрмаланып басқа жаққа кетеді. Аутист балалардың әр түрлі әлеуметтік қызметтен алынған ақпарат пен дағдыларын үйлесімді түрде пайдалана білмеулері олардың ең негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Сонымен бірге мұнда егер аутистік өзіндік бұзылыстар баланың жасы келе тегістеле бастаса, ал әлеуметтік іс-әрекет, оның икемсіздігі, жағдайды түсінбеуі, еркін тәртіппен қызметтің жоғары түрінің бұзылыстары айқын байқала бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет