Бағдарламасы бойынша «Дүниетану»



Дата19.10.2023
өлшемі13,73 Kb.
#119518
түріБағдарламасы
Байланысты:
Дүниетану пәні 3 неделя


1. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша «Дүниетану» пәнін оқу ерекшелігі.
Жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама.
Мысалы: Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды. Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Қытай философы Конфуций айтқан «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, өзіме жасатсаң-үйренемін» дегендей өмірде қолданаалатындай шәкірттеріміз білімді де саналы болуына өз үлесімізді қосамыз деген үміттенемін.

2. «Адам» , «Қоғам», «Табиғат» блоктары бойынша 1-4 сынып оқулықтарын талдаңыз.


Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқыпүйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бірбірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.

3. https://youtu.be/nEh84eaL-4I?si=ii-G1eVFmkblPDMe видеороликті тамашалаңыздар. «Табиғатты сақтап қалуымыз үшін, не істеуіміз қажет?» деген сұраққа жауап беріңіздер...
Қоршаған ортаны қалпына келтіру немесе сақтап қалу өзекті әрі ауқымды мәселе. Өйткені, ұзақ жылдар бойына адамзат табиғатты барынша пайдаланудың нәтижесінде, климатта айтарлықтай өзгерістер орын алды. Қоршаған орта – аты-ақ айтып тұрғандай, бізді қоршаған әлем.
Кішкентай ғана олқылықтың арты, үлкен мәселе тудыруы мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Мәселен, қарапайым бөлменің жарығын айтайын. Ерініп өшірмей кетіп жатамыз. Енді, ойланып қараңыз, сіздің бір шамды өшірмеуіңізден басқа бір жерлдегі шамдар күйіп жатады, немесе қаншама артық энергия көзін сіз босқа жіберіп жүрсіз. Тым құрымағанда жарықсыз өмір сүріп жатқан халықты бір ойлаңыз. Шешім: бүгіннен бастап жарықты үнемді пайдалану; Тек жарыққа ғана емес, суға да, газға да қатысы бар. Кішкентай әрекеттердің өзі дұрыс болмаса үлкен қиындық тудырады. Сондай-ақ, кішкентайдан бастап, дұрыс әрекет жасасаңыз, үлкен мәселелердің алдын аласыз. Қоршаған ортаны қорғауда экологиялық мәдениетті қалыптастырған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет