Жеке тұлға-салымшыларға бағам айырымының өтемақысын төлеу
бағдарламасы бойынша ескертпе
(сайтқа орналастыру үшін)
ҚР Ұлттық Банк Басқармасы «Теңгенің еркін айырбас бағамына көшуіне байланысты ұлттық
валютада (теңге) ашылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеуТәртібін»
бекітті.
«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк) салымшыларына өтемақы төлеу мақсатында «Bank RBK» АҚ-
да
«Өтемақы» салымы – арнайы өнімі енгізілді.
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу бағдарламасының шарттарына
18.08.2015ж. күн соңына қалдық сомасы 1 000 000 теңгеден аспайтын теңгелік депозиттер
кіреді
(міндеттеме бойынша қамсыздандыру болып табылатын депозиттерден өзге)
.
Сұрақ:
Қандай депозиттерге өтемақы төленеді?
Жауап:
Өтемақы 18.08.2015ж. күнінің соңында қалдығы 1 000 000 теңгеден
аспайтын қоса алғанда теңгелік салымдарға төленеді.
Сұрақ:
Өтемақыны алу үшін мен не істеуім қажет?
Жауап:
Салымшы 2015 жылдың 1 желтоқсанын қоса алғандағы мерзімге дейін
Банктің кез келген бөлімшесіне (өзінде жеке куәлігі болуы керек) келіп, «Өтемақы»
арнайы салымы бойынша шарт жасауы, оған депозит бағдарламасының шартына
кіретін ақшаны аударуы және оны банктік салым мерзімі аяқталғанша алмауы
қажет. Салымшы осы шартты орындаған жағдайда, Тәртіппен бекітілген мерзімде
салым бойынша өтемақы төленеді.
Сұрақ:
Мен ашуға тиісті «Өтемақы» арнайы салымының шарттары қандай?
Жауап:
Салым бойынша мөлшерлеме – 10% (ЖТСМ – 10,5% дейін);
2015 жылдың 1
қазанын
қоса алғандағы мерзімге дейін
ашылған
салым мерзімі – 12 ай -
2016
жылдың 30 қыркүйегіне дейін
; салымды толықтыру немесе бөліктеп алу мүмкіндігі
жоқ; мерзімнен бұрын салымды бұзған жағдайда өтемақы төленбейді.
Сұрақ:
Жаңа шартты менің 18.08.2015ж. болған сомадан төмен сомаға қайта
ресімдеуге құқығым бар ма? (мерзімді депозиттен бөліктеп алу);
Жауап:
Иә, алайда өтемақы бөлек арнайы депозитке аударылған сомаға төленетін
болады.
Сұрақ:
Егер менің депозитім 1 000 000 теңгеден (мысалы, 1 100 000 тг артық және
т.б.) болған жағдайда, мені 1 000 000 теңге көлемінде өтемақы ала аламын ба?
Жауап:
Жоқ,
1 000 000 теңгеден асатын депозиттер ҚР Ұлттық Банкінің бағдарлама
шарттарына кірмейді.
Сұрақ:
18.08.2015ж. кейін мен өзімнің теңгелік депозитімнен бөліктеп ақша алдым.
Өтемақы қай сомаға есептеледі?
Жауап:
Егер салымдағы ақшаның ағымдағы қалдығы 18.08.2015ж. күнгі қалдықтан
аз болған жағдайда, арнайы депозит ашу кезінде 18.08.2015ж. күннің соңындағы
қалдық мөлшеріне дейін толықтыруға және 18.08.2015ж. күнгі қалдықтың бар
сомасына өтемақы алуға болады.
Сұрақ:
18.08.2015ж. кейін мен салымымды жаптым. Мен өтемақы ала аламын ба?
Жауап:
Иә, сіз «Өтемақы» арнайы депозитін ашып, 18.08.2015ж. күннің соңында
депозитте болған соманы енгізуіңіз қажет.
Сұрақ:
Егер менде бірнеше депозит болса, өтемақы қалай төленеді?
Жауап:
Өтемақы 18.08.2015ж. күннің соңында қалдығы 1 млн. теңгеден аспайтын әр
допозитке бөлек төленеді (егер сізде 900 000 теңгеден 3 депозит болса, өтемақы
2 700 000 теңгеге төленеді). Бұл ретте, 3 бөлек «Өтемақы» арнайы депозитін
ашуыңыз қажет.
Сұрақ:
Егер менде бірнеше депозит болған жағдайда, өтемақы алу үшін бір жалпы
арнайы депозит ашуыма бола ма?
Жауап:
Жоқ, ҚР Ұлттық Банкінің бағдарламасына сәйкес өтемақы төленетін әр
салым үшін арнайы депозит ашуыңыз қажет.
Сұрақ:
Менде мульивалюталық салым, ақшамды АҚШ долларында және теңгеде
ұстаймын. Егер мен теңгелік шот бойынша өтемақы алу мақсатында арнайы депозит
ашсам, теңгедегі депозитіме әрі қарай ақша салуыма бола ма, әлде банкте жаңа шот
ашуым қажет пе?
Жауап:
Егер мультивалюталық салымда ең аз төмендетілмейтін қалдық
мөлшеріндегі сома сақталатын болса, сіздің салымыңыз қолданыста болады және
сіз өз депозитіңізді қалыпты режимде қолдана аласыз.
Сұрақ:
Салымды қайта ресімдеу үшін қандай құжаттар қажет (өтемақы алу үшін
арнайы депозит ашу)?
Жауап:
Салымды қайта ресімдеу үшін жеке куәлігіңізді ұсынуыңыз қажет.
Сұрақ:
Салымды қайта ресімдеу үшін қай күнге дейін банкке келуім тиіс? Егер мен
шартты қайта ресімдеуге үлгермеген жағдайда, менің депозитіме не болады?
Жауап:
Банкке 2015 жылдың 1 желтоқсанын қоса алғандағы мерзімге дейін келуіңіз
қажет. Егер Сіз арнайы депозит ашып үлгермесеңіз, ҚР Ұлттық Банкі
бағдарламасының шарттарына сәйкес, өтемақы төленбейді.
Сұрақ:
Аталған бағдарлама аясындағы салымдар Қазақстандық депозиттерді
кепілдендіру Қорының кепілдендіруіне жата ма?
Жауап:
Иә, аталған салымдарды Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру Қоры
кепілдендіреді.
Сұрақ:
Жаңа депозиттерімді қалай қолдана аламын? (толықтыру, алу, жабу,
қамсыздандыру ретінде ресімдеу және т.б.);
Жауап:
Өтемақы төлеу бағдарламасы аясында ашылған салымдар бойынша ақшаны
толықтыру және бөліктеп алу мүмкіндігі жоқ. Өтемақы алу мақсатында салым
мерзімі аяқталғанға дейін алынбауы тиіс.