Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Жиынтық жұмыс – белгілі бір оқу кезеңінде пән бойынша оқу жетістігі деңгейін анықтауға негізделген білім алушының жұмысы.
Ойлау дағдыларының деңгейі – әрбір деңгейі белгілі бір ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық жүйесі.
Тақырып 1.Оқушылардың оқу жетістіктерін критеральді бағалаудың ғылыми - теориялық негіздері» Лекция1. Кіріспе. Білім алушылардың оқу әрекеттерін бағалаудың жалпы тәсілдері Жоспары: 1. Білім беру процесінде бағалаудың орны мен рөлі. 2.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдері (тұғырлары). 3. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсаты және міндеттері. 4. Бағалау жүйесінің қызметі Бағалау саясаты оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) ұпайы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес ұпайлық бағалау шкаласы - басқа да дәлдігі жетіспейтін нормативтік бағалау құралы. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады. Осыған орай, критериальды бағалау яғни өзін-өзі бағалауға көп көңіл бөлінеді.Өлшемдік жүйе әкімшілік, ата-аналар, мұғалімдер мен оқушыларды қоса алғанда оқу үрдісіне қатысушылардың барлығына ашық және түсінікті. Бұл жағдайда бағалау оқушылардың өзі бақылау-бағалау іс-әрекетіне қатысып, өзін-өзі бағалау біліктілігін жетілдіруіне орай құрастырылады. Бағалаудың бұл түрі оқушының білім алуы мен бейінін дамытудағы танымдық қызметіне себепші болады. Әрбір оқушы өзінің дамуы жолындағы қажеттілікті түсініп, мұғаліммен бірлесе отырып алдағы жұмысын талқылап, түзетеді. Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерийлерімен танысып, хабардар болады.