Бағдарламасы бойынша глоссарий



бет5/39
Дата18.10.2022
өлшемі130,2 Kb.
#43991
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû áîéûíøà ãëîññàðèé

Бағалау қағидасы
1.Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор.
Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әкімшілік) бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс. Өлшемдік бағалау бағалау технологиясының жетекшісі болып табылады.
Өлшемдік бағалау – нақты айқындалған, ұжымда қаралған, білім беру үрдісіне қатысатындардың барлығына алдын ала белгілі болған, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушы үлгісін қалыптастыруға ықпал жасайтын оқушының оқудағы жетістіктерін сәйкестендіру негізінде қалыптастырылған үрдіс. Өлшемдік бағалауды табысты қолдану, түбегейлі алғанда, мектеп жұмысының сапасында көрініс табатын, оқушының дамуына көз жеткізетін оқушы жұмыстары болып табылады.
Бағалау – оқыту мен үйретуді жасаушы үрдіс. Бағалау үрдісі оқушылар жетістігі үшін негізгі элемент болады: пәннің мазмұнын түсіну, білім алу, дағдыларды жетілдіру, жауапкершілік пен оқыту қызметіндегі тәсілдерді қалыптастыру. Бағалау оқушының ілгерілеу ақпаратын қамтамасыз етіп қоймай, ынтымақтастықта болуына, өзіндік байланыс жасауына, жоспарау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштерінің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын,білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.
Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына) елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1961ж. құрылды, АҚШ және Канада тарапынан Екінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде зардап шеккен еуропа елдеріне көмек көрсетуді үйлестіру мәселелерімен айналысқан Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЕЭЫҰ) орнын басушы болып табылады. ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау,мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәлеметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі.
Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан,оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арсындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірбиені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту шін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;
6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге,соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау,жинақтау, бағалау)жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінінің қорын құру;
7. Объективті,үздіксіз және нақты: - білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы; - мұғалімдердің білім алушылардың ілгерілеуі туралы; - ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы; - басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратт беру;
8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын менгеру мониторингін қолдану;
10. Стандарттарды,оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет