Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер: Трилогия. Ә. Нұрпеис. Қан мен тер



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата31.12.2021
өлшемі3,19 Mb.
#22688
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ербол ШаЙмерДеНҰЛЫ.

2004 жыл, 8 желтоқсан.


6

БіріНШі  кітап

ЫмЫрт


7

«Друзья мои! Чтобы живо чувствовать 

в с ю   д е р з о с т ь   ч е л о в е ч е с к о г о    д у х 

а, надобно  быть в открытом море,                                         

где одна тонкая   дощечка, как говорит                                                                                                  

Виланд, отделяет нас от блаженной                                

смерти»

карамзин.

«Остров Борнгольм».

БіріНШі БӨЛім

– Бетім-ай!.. Масқара-ай!..

Тырыли  арық  Қарақатын  жерқазбаға  та нау рап 

сөйлей кірді. Құшағындағы отынды аласа қазандықтың 

жанына аудара тастады. Салпы етек бөз көйлектің бір 

шалғайын  жоғары  көтеріп  ышқырлығына  қыстыра 

сал ды  да,  қызыл  қарын  жас  немересін  алдына  алып 

ыңылдап отырған қайын ененің қасына қол таяна тізе 

бүкті.

Жерқазбаның  терезесі  дәл  төбесінде;  оған  шелін 



алған  шыңылтыр  қой  қарнын  тұтқан-ды;  батып 

бара  жатқан  күннің  соңғы  сәулесі  қой  қарнынан 

өлеусіреп қана түсіп тұр. Үй іші күңгірт. Қарт ананың 

жүзі  көрінбейді.  Тек  қақырадай  биік  ақ  жаулығы 

бозғылданады.

–  Ене-ау,  не  есіткенің  бар?  Әлгі  Қаратаздың... 

қойлы  таздың  інісі  бар  емес  пе?  Тәңірберген  деген 

сері інісі бар еді ғой – деп, Қарақатын енесіне қарай 

тағы  бір  ысырылып  отырды.  Сонан  әрі  бейуақ  кешті 

біртүрлі  құпиялы  сырға  бөлеп,  ерні  сүйреңдеп 

сыбырлай  сөйледі.  –  Не  басыңды  ауыртайын  сенің. 

Сол сері жігіт кеп, Еламанның үйіне түсті. Аты қара 

тер. Қанжығасында бір қоян, бір түлкісі бар. Қояны ақ 

тушадай-ау,  ақ  тушадай!  Ақбала  сыртқа  шығып,  сері 




8

жігітті  аттан  түсірді.  Ал  екеуінің  қалай  көріскенін 

көрсең...  Масқара-ай!..  Бетім-ай!  О,  жүзіқара!  О, 

қарабет!..

Қалың  киімді  біреу  жерқазбаның  аласа  есігіне 

сыймай,  үсті-басы  сықырлап  кіріп  келе  жатты. 

Қарақатын  тезірек  от  жағып  жібермек  болды.  Оттық 

іздеп жанталасып жүріп, жолда тұрған қара құманды 

қағып  кетті.  Онан  шелекке,  легенге  сүрініп,  үй  іші 

даңғыр-дұңғыр болды да қалды.

– О, көк тігілгір! О, қара байланғыр! Есіз қалғырдың 

мүлкі, түге. Тап жаңа ғана тап-тұйнақтай ғып, орын-

орнына  жинап  қойып  едім.  Баласы  құрғырлар-ау 

жүретін жолға қойған.

Үй  иесі  үнсіз.  Осының  бәрін  күнде-күнде  көріп, 

есітіп  жүргесін  әбден  еті  өліп  кеткен.  От  басының 

берекесіз  ластығына,  қатынының  салақтығы  мен 

шаңқылдаған ащы даусына да үйренген-ді. Ол қолына 

ұстай кірген бір асымдай тоң балықты босағаға тастай 

салды.  Сонан  соң  жеңінің  аузына  мұз  қатқан  су-су 

киімін босағада тұрып шешіп, етігімен төрге шықты.

Қарақатын  бықсып  жанбай  жатқан  отты  үрлей 

түсті де, әлденеге мырс етті:

– Еламанды айтам-ау!.. Сорлының үйі бүгін сонша 

ұятты қалай көтеріп тұр екен?

Ақкемпір  келініне  көз  қиығын  тастап:  «О, 

Құдайым!  –  деді  ішінен,  –  қайтейін!..  Бұ  да  өз ге  ге 

күледі, өзіне күлетін кісі жоқ па екен сонда»

Қарақатын  отты  тастай  сала  енді  күйеуінің  асты-

үстіне түсіп, жалпылдап:

–  Бізді  асыраймын  деп  жаныңды  жалдап  жүрсің. 

Күнұзын  нәр  татпаған  кісіде  әл  қайдан  болсын.  Кел, 

етігіңді тартып жіберейін, – деп еді.

– Өзім шешем! Асыңды болдыр! – деді Дос.




9

Қарақатын осы ауылда Ақбаламен өш. Ақ баланың 

жастығын,  сұлулығын  көре  ал май ды.  Бәрінен  бұрын 

күйеуі ұрысқан са йын: «Өзіңдей ана Ақбалаға қараш! 

Жүріс-тұрысына  ішпей-жемей  ырза  боласың»  –  деп, 

сұлу  келіншекті  ылғи  да  бұның  бетіне  салық  қып 

басатын.

–  Еламанның  үйі  жаққа  көзің  түсті  ме?..  –  деді 

Қарақатын  сиқырлы  жүзі  жымыңдап,  –  Ақбаланы 

айтам-ау...  Күйеуінің  көзі  тірісінде,  тапа-тал  түсте 

сыртқа шығып, сүйген жігітін күтіп алып... Сонда, ол 

сорлы еркектің кәде сі не жараса екен-ау! Анау, шытыр 

жеген түйедей шермиіп отырған түрі.

–  Әй,  жетер!  Қой  енді!  –  деді  Дос  етігін  шешіп 

жатып.

Қарақатын 



қолындағы 

көсеумен 

ошақтың 

аузындағы шаңды бұрқ еткізіп салып қалды.

–  Қой,  қой  деп  маған  қожаңдағаны  несі!  Маған 

қойғызғанмен ел аузына қақпақ бола алмайсың. Әне, 

басына желек түскесін де қыз күніндегі желігін жасыра 

алмай жүр.  

– Әй, қоясың ба, жоқ па?

–  Ал,  қоймаймын.  Айта  берсең,  осы  жұрт 

Ақбаланың ішіндегі баланы да Тәңір бер гендікі...

Дос  қолындағы  байпақты  етікпен  қатын ды  көк 

желкеден  қойып  қалды.  Желкеге  ти ген  зілдей  етік 

Қарақатынның  жұлынын  үзе  жаздап,  көзінен  жас 

ыршып  кетті.  Дос  қо лындағы  етікті  қайта  сілтей 

бергенде  Ақкемпір  ұстай    алды  да,  есікке  қарай 

лақтырып жіберді.

– Тарт қолыңды! Берекетін алма отымның басының!

Дос тіл қатайын деп еді, Ақкемпір ақырып, тыйып 

тастады:


– Тыңдамаймын сөзіңді. О заман да бұ заман, жа-


10

ман қатынды сабап жақсы еткен еркекті көргем жоқ.

Қарақатын  күйеуінің  енді  қол  қата  алмасын  білді 

де  бүк  түсіп  отыра  қап,  ошаққа  маңдайын  сүйеп 

солқылдап жылады. Ол, әрине, көз жасымен күйеуінің 

жүрегін  жібіте  алмасын  білді.  Үй  ішінен  өзіне 

жақтасатын жанашыр да іздеген жоқ; долы қатын дәл 

осы  арада  өзінің  дәрменсіз  сорлылығын  мойындап, 

сағы  сынып  налып  жылап  еді.  Үй  ішінің  лаңынан 

запы  боп  жүрегі  шайлығып  қалған  балалар  әлден 

үрейі ұшып, шырқырап жылап, күн батар алдындағы 

дәл  осы  бір  шам  жақпай,  бұрыш-бұрышқа  көлеңке 

үйірілген қоңыр кеугім үйдің іші әп-сәтте азан-қазан 

болды да кетті.

Дос далаға жүгіріп шықты. Босағада сүйеулі тұрған 

тоң шотты қолына ұстай ұмтылып еді. Томырық дөкір 

жігіттің ашу үстінде бір лаңды істеп салуы мүмкін еді. 

Бірақ  үйіне  жақындап  келіп  қалған  Еламанды  көрді 

де,  қолындағы  сығымдап  ұстаған  шотты  лақтырып 

жіберді.  Ол  тек  Еламанның  үйі  алдында  қаңтарулы 

тұрған  күміс  ер-тұрманды  бәйгі  күреңге  жалт  етіп 

тістене қарап:

– Туһ! Неше, сірә, қатынжанды болғанда да... – деді 

де,  жалғыз  топсаға  әрең  ілініп  тұрған  жаман  есікті 

теуіп ашып, ішке кірді.

* * *

Бас  тоқсан  кіргелі  алдақашан.  Бірақ,  көптен 

бері  күн  жылымықтанып,  ұлы  теңіз  әлі  де  ұстаса 

қойған  жоқ-ты.  Биылғы  жел  біртүрлі  есірік.  Жағалау 

қаймақтанып, кілегейлене бастаса-ақ, арқадан шыққан 

қатты жел әлсіз мұзды бет ашыққа айдап, қуып әкетіп 

тұрған. Тек кешеден бері күн ызғары шұғыл қатайып, 

бір түннің ішінде  Тұщыбас  бұғазы көз ұшына дейін 




11

ұстасты  да,  қазандық  балық  үшін  бастарын  қатерге 

тіккен Еламан, Мөңке, Дос, Рай мұз үстіне шығып жүр. 

Әлсіз  мұз  сәл  салмақ  түссе де  майысып, сықырлап 

қоя беретін болғасын, бұлар мұзға шыққасын бір жерге 

шоғырланбай тобын жазып, үшеуі үш жаққа бет бұрды. 

Онда да тереңге бармай, аз ғана ауын теңіздің тайыз 

басына  салып,  үй  ішінің  кешке  қазан  қайнатқанын 

нәпақа көріп жүрген-ді.

Бұған  Еламан  дән  ырза.  Екіқабат  әйеліне  жас 

сорпа  ішкізгенге  мәз.  Қолтық  ұстасқалы  ұйқысы 

қашып кетті. Таң атар атпаста оянады. Ұйқтап жатқан 

Ақбалаға  көз  қиығын  тастайды  да,  төсектен  абайлап 

ақырын түседі. Үй ішінде де ақырын қозғалып, кеше 

жатарда пешке жайып қойған киімдерін киеді. Түннен 

қалған бірдеңені талғажау етеді де, өздері «жылауық» 

деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашар 

жерде  артына  бұрылып,  ұйқтап  жатқан  әйелі  жаққа 

тағы бір көз тастап барып сыртқа шығар еді. 

Түнде жел тұрған ба, таяуда жауған көбік қардың бет 

жағы борап, қайсы бір жерлердің мұзы жалаңаштанып 

ырсиып  қапты.  Еламан  жағалауға  салған  бір  тартым 

аудың  құлағын  ұстады.  Осыдан  күні  бойы  жалғыз. 

Мұз  ояды.  Ау  қарайды.  Теңізге  шыққанда,  сірә  да, 

маңайдағы  кісі-қараның  бар-жоғын  байқамайды. 

Төбеде  көк  аспан.  Табан  асты  көк  теңіз.  Екі  дүние 

арасында жабырқау ойды жанына серік қып жүріп өмір 

жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз 

үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. 

Әке-шешеден  ерте  айрылды.  Әкесімен  бірге  туған 

ағасы  –  Есбол  кәрия  бұл  арадан  бір  күншілік  жерде. 

Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі 

жанашырдан  –  немере  інісі  –  Рай.  Бірақ,  ол  әлі  жас. 

Өзі сияқты әке-шешеден жастай жетім қалды да, кәзір 




12

қарт әжесімен екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.

Еламан  күрсінді.  Аяғы  астында  жатқан  бір-екі 

балықты етігінің тұмсығымен теуіп, әрегірек ысырып 

тастады  да,  аудың  арқалығын  ұстады.  Қас  қараймай 

тұрғанда  үйге  тезірек  жеткісі  кеп  еді;  бірақ,  жалғыз 

кісіге ой үйір ме, күтпеген жерден қайын атасы есіне 

түсті.  Тік  бақай  тентек  шал  ел  ішіне  сыйымсыз.  От 

басына  да  мазасыз.  Сыртына  зәр  жиып,  жыландай 

ысқырып  отыратын  тік  мінез,  тентек  шалдың  қай 

жағынан шығарын білмей, үй іші қыпылдап отырады. 

Еламанды  да  «балықшы»  деп  атап,  әр  сөзін  әзілге 

шаптырып, осқырынып отырғаны. Кеше де қатынаған 

біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам» 

деп хабар жіберіпті.

Бұған  Ақбала  қатты  қуанды.  Қыз  дәурені  қырда 

өткен Ақбала теңіз өңірінің тірлігіне үйрене алмай жүр. 

Бұл  жақтың  жазы  аптап,  ыстық.  Маса.  Сона.  Балық 

сасыған ауа да жат. Балықшы ауылға келін боп түскелі 

сыртқа  шықпай,  үйге  тығылып  алды.  Ауыл-үйдің 

арасында  ала  көз,  күңкіл  көбейіп,  күндес  қатындар 

жас  келіншекті  әр  саққа  жүгіртті.  «Жабайы»  деді. 

«Тәкаппар»,  «менмен»  деді.  Бұндайда,  әсіресе,  үйі 

іргелес  отырған  Қарақатынның  құдайы  береді.  Үйде 

де,  түзде  де  қыз  кезіндегі  сәні  мен  салтын  тастамай, 

сылаңдап сыртқа шыққанын көрсе болды, Қарақатын 

жалма-жан  ернін  шығарып:  «Тұтақ»  дер  еді.  «Адыра 

қал!  Күнде  қыз  болғанда  бұл  ауылда  кімнің  көзіне 

түсем дейді екен?»

Ақбала  бәрін  естіп,  бәрін  білсе  де,  иманы  селт 

етпей,  миығынан  күлер  еді  де,  қояр  еді.  Әлдеқалай 

сыртқа  шыға  қалғанда  әлгі  сөз  тасып  сыпсыңдаған 

сумақай  қатындарды  көргенде,  кім  білсін,  әйел 

нәсіліне тән сайқалдық па, әлде ауылдас әйелдер айтса 




13

ай

тқандай  менмен  тәкаппарлық  па,  әйтеуір  миығына 



мысқыл  шаптырар  еді  де,  сосын  әлгілердің  алдынан 

әдейі  тәкаппар  басын  тік  ұстап,  іші  күйсін  дегендей 

аяғындағы  қазық  өкше  етікті  сықырлата  басып, 

аналардың алдынан өтер еді. 

Байдың қызы болмаса да Ақбала бұрын дәл бұндай 

өмірді көрген емес. Бұрын, ой дәурен-ай, өзінен бұрын 

мал жайын ойлап қыста теңіз жағасын сағалаған қалың 

ел  көктем  шығар-шықпаста  қырға  қаптай  көшер  еді. 

Бірі ілгері, бірі кейін көшкен елдің алды кең жайлауға 

аяғы  қалай  ілікті,  солай  оты,  суы  мол  салқын  сабатқа 

аппақ үйлерді бірінен-бірін оздырып қаз-қатар тізілтіп 

тізер  еді.  Қатар  қонған  екі  ауыл,  кейде  үш  ауылдың 

үлкендері қонаққа шақырысып, ана жақта келелі кеңес 

құрып жатса, мына жақта суға барған қатындар құдық 

басында  шұрқырасып,  ымы-жымы  ыңғайласып,  ыдыс-

аяқтар араласа бастар еді; жастар жағы бәрінен бұрын 

жол тауып, күннің батқанын асыға күтер еді де, қалай 

қас  қарайды,  солай  ауыл  сыртындағы  жасыл  төбенің 

астында  бас  қосар  еді;  сонан  қашан  жазғы  таң  сары 

белден ағарып атқанша ақсүйек ойнап, алтыбақан теуіп, 

ән  шырқап,  ұлы  дүрсіл  салар  еді  ғой.  Қыста  қалың 

түскен қар қайсы бір жылдары көктем шығар-шықпаста 

қауырт еріп, көл табанға жиналған ағыл-тегіл мол суда 

қаз, үйрек сатырлап ұшып-қонып қиқу caп жатар еді. 

Кең  жайлау  шұбартқан  мал.  Сағым  ойнаған  салқар 

даланың  сонау  шетінде,  көз  ұшында  тырнадай  тізіліп 

көш  кетіп  бара  жатар  еді.  Мына  жақтан  салт  атты 

жолаушы  сылаң  етіп  шыға  келер  еді.  Сонан  ол  бір 

қырдан бір қыр асып жуық арада қарасы көзден үзіліп 

болмас  еді.  Ол  кім?  Қай  елден  шықты?  Қайда  асығып 

барады?  Алдында  әлде  үміт,  әлде  бір  аңсаған  арман 

күтіп тұр ма? 




14

О,  дариға,  көктемде  бір  көрінген  қызғалдақтай 

қыз байғұстың басындағы қып-қысқа дәуреннің несін 

айтасын!  Қырда  отырған  ауыл  кешкісін  өрістен  мал 

келерде  кәрі,  жас  дүрлігіп,  сүріне-қабына  сыртқа 

шығар  еді-ау!  Өрістен  қайтқан  малдың  алдында 

ботасы  ауылда  қалған  жас  інген  жер  түбінен  боздап, 

сиырлар мөңіреп, қойлар маңырап, ауыл үсті әп-сәтте 

азан-қазан болар еді де, үй болған үйден қарына шелек 

ілген  әйелдер  шығар  еді;  тұлымы  желкілдеген  кіп-

кішкентай Ақбала да анасына қолқабыс беріп, өздеріне 

қараған аз ғана саулықтың қозыларын көгендеп, аяғы 

аяғына тимей зырлап жүргені. Сонан қашан сауын мал 

сауылып болғанша бұған да тыным жоқ, тек сонан бір 

кезде  көз  байланып,  ымырт  үйіріліп  ап-сап  болғанда 

ғана  ошақта  от  жанып,  үй-іші  кешкі  аста  бас  қосып, 

дастархан  басына  жиналар  еді;  ол  өмірдің  несін 

айтасың! Ірге түрулі. Есік түсірілген. Түндік ық беттен 

жарылай  ашылған.  Үй  іші  асқа  отырғанда  сыртта 

көген  басында  жатқан  қойлар  мекіренеді.  Оқта-текте 

түйе  пысқырады.  Көшпелі  өмірдің  бұ  да  кішкентай 

бала кезден қанға сіңген қимас бір қызығы еді ғой! 

Кім  білсін,  соны  ойлай  ма,  Ақбала  қазір  тіпті 

көңілсіз.  Бір  жолы  жылап  отырған  үстінен  шықты. 

«Төркін  жұрттан  жайсыз  хабар  есітті  ме?».  зәресі 

ұшқан Еламан: «Не болды? Жайшылық па?» – деп еді, 

Ақбала  ләм  демей,  сырт  айнала  бере  жасын  сүртті. 

Қипақтап  қасынан  кетпей  қойған  бұған  көзқиығын 

салмастан сыртқа шығып кетті. Сонан бері бұнда маза 

жоқ. Күн ұзын теңізде. Кеш түскесін, бірде ерте, бірде 

кеш  үйге  келгенде  табалдырықтан  аттай  бере  бірден 

Ақбаланың  ажарына  қарайды.  Үндемесе  де,  ішінен 

азып  жүр.  Қандай  да  жанын  жеген  дерт...  Ол  бұның 

өзіне  аян:  қыр  мен  ойдағы  елге  пәш  болған  Ақбала 




15

мен  бай  ауылдың  жас  мырзасы  арасындағы  әлі  де 

үзіле қоймаған махаббатты білсе де, бұл тілінің ұшына 

алмады.  Ақбаланы  аяды.  Сүйеу  қартты  сыйлады.  Өз 

дегені болмаса, өзгенің дегенін құлағына ілмей, осқыра 

тыңдап, қолын бір сілтеп жүре беретін қиқар шал «ақ 

батамды  бұзбаймын»  деп,  қызын  балықшы  жігітке 

қосты.  Тағдырдың  кесігі  солай  болып,  шарасыздық 

басқа түскесін амал қайсы, Ақбала лажсыз көнген-ді.

Ой қажытты ма, кешке қарай Еламан өз денесін өзі 

әрең қозғады. Бартиып іскен саусақтар икемсіз. Кешкі 

қатқыл жел іштен шыққан демін ақшудалап ыққа қарай 

әкетіп тұр.

Кешкі  ымырт  тез  тұтасып,  төңірек  тұнжырай 

бастады.  Еламан  ертең  болмаса,  ауды  бүгін  басқа 

жерге аударып салуға үлгіре алмасын білді. Шынында 

да, бұл кезде батып бара жатқан күн алыстағы жалдың 

біріне  иегін  сүйеп,  еңкейіп  қалған  еді.  Құбыла  бет 

тұтас  қызарып,  жел  жыртып  дода-додасы  шыққан 

бұлт  батар  күннің  шапағына  бауырын  бояп  алаулап 

апты. «Апырай...» – деп, Еламан құбыла беттен көзін 

алмай,  ұзақ  қарады.  «Апырай,  ә?!.  Не  қылса  да,  кең 

әлемді құшағына алып тұтасып келе жатқан мына түн 

қараңғылығына  жол  бермей,  жанталасып  шарпысып 

жатқан  жер  бетіндегі  жалғыз  тірлік  осы-ау!  Ендеше, 

өмір мен өлім сияқты қараңғы мен жарық та бірін-бірі 

кезек жеңіп, тірлік үшін бұлар да тартысып жата ма, 

қалай? Сонда, бәтір-ау, әр тірлікке төнер бір-бір зауал 

болғаны  ма?  Ана  қараш,  кезегі  келгенде  күн  басына 

да зауал төніп, қара кебінге оранып, бар әлем тіл тарт-

пай, түн құшағына кіріп бара жатқандай...»

Еламан  күрсінді  де,  балық  салған  қапты  көтеріп 

иығына салды. Бүгін күні бойы әйелін ойлап, мазасы 

болмады. Үйге жеткенше асығып, бет жағын кірбік қар 




16

шалған мұзды тайғанақтап басып келеді. Табанына нәл 

қаққан байпақты ауыр етіктің астына түскен қиыршақ 

қар  қышыр-қышыр.  Ойында  Ақбала.  Теңізге  шығар 

алдында отын-суын ішке кіргізіп беріп кетсе де, алды 

түн  болғасын  күні  жуықтап  қалған  жас  келіншек 

жалғызсырап,  елегізіп  қалды  ма  деп  қорқа  береді. 

Осы күні Ақбала қатты кіржисе де, зәресі қалмайды. 

Бойына біткен балаға, не өзіне зақым бола ма деп, сәт 

сайын жүрегіне суық үрей шабады. Өзі түзде жүргенде 

келіншегінің  қасында  бас-көз  боп  отыратын  естияр 

біреудің болмағанына қынжылады.

Еламан  үйінің  алдына  кеп  тоқтаған  салт  атты 

біреуді  көріп  келеді.  Іштен  ақ  көйлекті  әйел  шықты. 

Ат  тізгінін  ұстады.  Кім  болды  екен  деп  ойлады.  Кім 

де  болса,  сыйлы  адам.  Басқа  кім  дейсің.  Кім  болды 

екен?  Сүйеу  қарт  шығар.  Қайтсін,  пақыр,  баласын 

көргенше  шыдамай,  уәделі  күннен  бұрын  келген 

болды ғой. Еламан екі көзін қонақтан айырмады. Әне, 

Ақбала жолаушыны алып ішке кірді. Іле-шала шолақ 

мұржадан  түтін  бұрқ  етті.  Асыққанда  жар  басына 

қиялап шығатын жолды қашықсынып, үйінің дәл өкпе 

тұсына келді де, тік жарға төтелеп салды. Бір қолымен 

арқалаған  балықты  ұстап,  екінші  қолымен  қарсы 

баурайға біткен алабұта, кендір жусан, қырбық қызыл 

түзгенге жармасып, мысықша тырмысып өрлеп келеді. 

Қадірлі  қонағына  соятын  малы  болмаса  да,  ажарлы 

балыққа  дөп    келгеніне  қуанып,  жар  басына  асығып 

шығып еді... қаңтарулы тұрған бәйге күреңге көзі түсті 

де,  төбеге  ұрғандай  сілейіп  тұрып  қалды.  Аң  қуғаны 

көрініп  тұр.  Еті  қызып  апты.  Бір  орында  тұрмай, 

сулығын  шайнап  шиыршық  атады.  Жаны  аяғының 

басына кеткен Еламан әлдеқайдан жүгіріп келген сары 

қаншықты байқамады. Қаншық сілейіп тұрған кісінің 




17

балық иісі шыққан киімін иіскеді. Сосын мұп-мұздай 

тұмсығымен қолын жалап алғанда, бойын жиып алды.

* * *


Өз  үйіне  өзі  әзер  кірді.  Кірер  жерде  күйбеңдеп 

біраз бөгелді. Үстіндегі суық қапқан бойы сықырлап, 

аласа  есіктен  ақырын  кіріп  келе  жатқан  үй  иесін 

көргенде  төрде  отырған  жас  жігіт  осыған  дейінгі 

нығыз  қалпынан  айырылып  қап,  лып  етіп  жеп-жеңіл 

түрегелді:

– Ел-аға... ассалаумалейкүм!

Еламан  салқын  амандасты.  Сонан  артық  тілге 

келмей,  суық  қапқан  киімі  сықырлап,  eсік  алдында 

теріс  қарап  тұрып  шешінді.  Ә  дегенде  Ақбала  іштей 

абыржып қалып еді, іле-шала өзін де, өңін де оп-оңай 

билеп  ала  қойды.  Қолындағы  шаруасын  тастай  сала, 

қашанда  өзін  ұстай  білетін  сабырлы  қалпын  сақтап, 

көк  сауыр  кебіс  киген  ып-ықшам  аяғын  ақырын 

ырғаң-ырғаң  басып  есік  алдында  шешініп  жатқан 

Еламанға барды. Қолынан су киімдерді алды. Алуын 

алса да, бірақ, оны қайтерін білмей, өзінен қашыртып 

әрегірек ұстап тұрды да, сосын ошақ жанында жатқан 

отын  үстіне  тастай  салды.  Әдетте,  теңізден  келгенде 

Еламанның  су  киімін  пешке  жаятыны  есіне  кейін 

түсті.  Соған  өзі  ыңғайсызданып  қалса  да,  бірақ, 

қонақ жігіттің бұны көзінің астымен бағып, жымиып 

күлімсіреп отырғанын байқады да, отын үстінде жатқан 

су  киімге  қолын  созбады.  Төрде  мұрты  жылтырап, 

түк  білмегенсіп  тымсырая  қалған  жас  мырзаға  жалт 

етіп,  көз  қиығын  тастады  да,    сосын  қайтып  оған 

көңіл бөлген жоқ. Ендігі қылығының бәрі оның бейне 

бір: «Күлсең күле бер. Тәңірінің маңдайыма жазғаны 




18

осы. Осының отын жағам, осыған қызмет етем» деп, 

аржағында ішін өртеген ызасын бір-ақ аңғартқандай. 

Осыдан  кейін    қысылмай  да,  қымсынбай  күйеуінің 

бар жағдайын істеп, пеш түбіне төсек салдыИығына 

шапан  жапты.  Еламан  қонақ  жігіттің  көзінше  өзіне 

көрсеткен Ақбаланың ықыласына дән ырза.

– Ел-аға, біз көріспегелі қай заман. Қалай, ауыл-ел 

аман ба? – деді қонақ.

– Шүкір, – деді Еламан.

– Балық талабы қалай? – деді қонақ. 

– Қайдағы балық...– деді Еламан.

–  Иә,  мұз  қатпай  тұр  ғой.  Қыстың  кештегені 

шаруаға жақсы болса да, сендерге қиын екенін білем, 

– деді қонақ. 

Еламан үндемеді. Тәңірберген оның ыңғай берме-

ген  сыңайын  байқаса  да,  бірақ  түк  болмағандай  түсі 

шімірікпеген  қалпы.  Иығындағы  түлкі  ішіктің  екі 

шалғайын тақымының  астына басып, ырғалып қойды 

да:


– Ел-аға... – деп, ол енді әңгімені әріден қозғады, – 

көрші отырған қоныстас ауыл едік. Қуанышымыз бен 

көрер қызығымыз ортақ емес пе еді? Аталас болмасақ 

та,  екі  ауыл  аядай  жерде  іргелес  қатар  отырғасын 

бір  дәнді  жарып  жеп,  бір  малдын  сүтін  бөліп  ішкен 

бүтіндік емес пе еді көздегеніміз? Солай емес пе, Ел-

аға?

Еламан мырс етті. Бірақ, бұл жолы да үндеген жоқ.



– Шынымды айтайын, кеше сен үйленгенде тойыңа 

шақырар деп дәметіп едім... 

О,  залым!  Бұл  не,  мазақ  па?  Тым  құрыса,  түзде 

де  емес,  үйде,  төріңде  отырып...  зығыры  қайнаған 

Еламан  аузына  сөз  түспей,  ішінен  тынып,  түсі 

бұзылып  отыр.  Қанша  қиын  болса  да,  осы  кеш  мына 




19

залымның  алдында  сыр  бермей,  шыдап  баққысы 

кеп еді; оған бірақ өзін ұстаса да, өңін билей алмай, 

салқынқандылығын  сақтау  қиын  боп  бара  жатқасын 

басын  бауырына  тартып,  түсін  бермей  томсарып 

отырып, мұртына қатқан мұзды бір-бірлеп үгіп түсіре 

бастады.  Тәңірбергенге  әлі  назарын  тіктеп  қараған 

жоқ;  Ақбалаға  да  қарамауға  тырысты.  Дәл  қазір 

Ақбалаға  қараса,  көптен  көкірегін  қарайтып  жүрген 

талай күдіктің бетін ашатындай қорықты. Әншейінде 

жаннан  жасқанбайтын  ала  көз  тұнжыраған  қабақ 

астына тығылып қалған. Бұл қазір қарамайын десе де, 

қарамауға  тырысып  бақса  да,  бірақ...  назарын  төмен 

салып,  осылай  көзін  көтермей  отырып  та  көкірегі 

құрғыр  бәрін  сезіп  отыр.  Бала  көтергелі  Ақбалаға 

отырып-тұру  қиындап  қалған  еді,  соған  қарамастан 

үйге қонақ келгелі тізе бүгіп отырмай бәйек боп ұшып-

қонып  жүр.  Әне,  сыртқа  шықты.  Міне,  қайтып  ішке 

кірді. Сыртқа шығып, ішке кіріп, ұшып-қонып жүріп, 

шай  демдеді.  Ұшып-қонып  жүріп  дастархан  жайды. 

Жас  қонақтың  асқа  қарамаймын  дегеніне  болмай, 

аяғы жерге тимей, ұшып-қонып жүріп әкесіне сақтап 

отырған  сыбағалы  мүшені  солаймен  қазанға  салды. 

Жоқ,  мынау  бұрынғы  Ақбала  емес.  Басқа.  Мүлде... 

мүлде  басқа.  Әне,  ең  аяғы  үйде  жоқ  нәрсені  осы 

ауылға  келін  боп  түскелі  есігін  ашпаған  ана  көрші, 

мына  көршіге  жүгіріп,  біреуден  ана  жоқты,  біреуден 

мына жоқты сұрап әкеліп жүр.

Еламан:  «Болды  ғой  енді,  отыр,  шайыңды  әкел!» 

деп,  Ақбалаға  ашу  білдіргісі  кеп  оқ талса  да,  бірақ 

соның  бәрінде  де  айтар  жерде  аузы  бармады.  Соның 

үстіне Мөңке келді.

– Ақсақал, төрге шығыңыз! – деді қонақ серпіліп, 

өзінің жоғарғы жағынан орын беріп.




20

– Тырп етпе! Қазақ баласы сендер төрде жүрсеңдер 

біздің басымыз жерде қалмас, – деді де, Мөңке қонақтан 

төменірек  отырды,  –  ие,  бала  –  деп,  Тәңірбергенге 

бұрылды, – келе қоймайтын ауылың еді  ғой бұл. Жай 

жүрсің бе?

– Аң аулап шығып едім.

–  Ә,  аң  аулап  жүрсің  бе?  Қалай  қанжығаңды 

қандадың ба?

– Өткен жолы осы маңнан қашқан бір түлкіден ай-

ырылып қалғам. Сәті түсіп соған кездескенім.

– Апыр-ай, ә?! Жолың болған екен ғой?

–  Сары  қаншық  түлкіні  көп  қумаушы  еді.  Осы 

жолы  біраз  шалды.  Тап  мына  сіздің  ауылдың  сырт 

жағындағы қоңыр төбеге келгенде жетті.

– Е-е, келетін ойым жоқ еді, түлкі әкелді де. Мақұл! 

Мақұл!..  –  деп,  Мөңке  лекіте  күлді  де,  –  бала,  осы 

сенің інің қайда? – деді.

–  Жасанжан  Орынборда,  оқуда  ғой.  Жақын  арада 

келеді – деп, Тәңірберген тілдесетін кісі табылғанына 

көңілденіп, Мөңкеге қарай бұрылып отырып еді. Бірақ, 

Мөңке мына жағында отырған Еламанға бұрылды да, 

екі балықшы өзара шүйіркелесіп кетті.

– Сені Оралскі байы шақырды деді ғой?

–  Иә,  шақырды.  Мұз  үстіне  қашан  шығасыңдар 

дейді.


– Сен не дедің? 

– Не дейін... Мұз әлсіз, көп адам боп шоғырланып 

жүру қауіпті дедім.

– Дұрыс айтқансын. Ал Шодыр не деді?

– Не деуші еді, балық керек деп шолтаңдап тұр.

–  Е,  байға  балық  керек  болса,  кедейге  жан  керек 

емес пе екен?

Еламан үндемеді. Қарт балықшы енді Тәңірбергенге 

бұрылды:



21

–  Қонақ  бала,  мен  бір  әңгіме  есіттім  ғой...  Сенің 

қойлы  ағаң  болыстың  сайлауына  түсті  деген  не?  Рас 

па?


Құдайменде  байды  ел  іші  кеміткісі  келгенде 

Қаратаз дейтін. Мөңке бұл арасын сыпайылап келтірсе 

де, бірақ ар жақ көмейінде «қойы болмаса, тәйірі со да 

кісі  ме»  деген  кекесін  тұр.  Көңілі  жүйрік  жігіт  соны 

сезсе де, сыр бермей:

– Иә, ол кісі сайлауға түсті, – дей салды.

– Қадамы қайырлы болсын! 

– деді Мөңке.

Шын көңілден тілектестік білдіріп жатқан сияқты 

еді.  Жас  мырза  да  солай  қабылдап  еді,  бірақ  Мөңке 

тағы да осы арада аяқ астынан мінез шығарып, қасында 

отырған Еламанды тақымынан басып қойып:

–  Көрдің  бе,  азуы  пышақтай,  арқасы  ошақтай 

ағаларың,  әне,  үйірге  түскісі  кеп  жүр.  Ертеңгі  күні 

құтпан айғырдай, ел шетін торып  азынап шыға келер, 

әлі-ақ! – деп, тағы да лекіте күлді де, – жә, мен кетейін, 

– деп түрегелді.

– Асқа қара!

– Рақмет! Ауру баққан үйміз ғой... Жеңгең жалғыз. 

Үйге барайын.

Мөңке  жас  қонаққа  назар  да  салмай,  сырт  орай 

берген суық қалпы шығып кетті.



* * *

Тәңірберген Ақбаланы жаңа көргендей. Бағанадан 

бері  жұпыны  үйдің  бір  жағын  тұнжыратып  отырған 

үй  иесі  анда-санда  ғана  есіне  түскенде  оған  мойын 

бұрғаны  болмаса,  қалған  уақытта  көзі  де,  көңілі  де 

Ақбалада.  Қыз  кезінде  Ақбала  талдырмаш  нәзік  еді, 

бала  көтергесін  толығып,  иегі  астына  болар-болмас 



22

бұғақ  пайда  бопты.  Тұла  бойындағы  қалған  мүшесі 

де  бұл  білетін  баяғы  қыз  кездегіден  балғын  тартқан. 

Ақбала  қашанда  бойын  күте  білетін.  Бұл  жолғы 

киімінің сәні бөлек екен. Әйел болғасын да ақ жібек 

шәліні басына жаулық қып тартпай, екі шетін қайырып 

желкесіне  қайырып  апарып  жәй  ғана  немқұрайды 

байлай  салыпты.  Бала  көтергесін  болар  үстіндегі 

ақторғын көйлектің қынамасын қыспай, әдейі кеңдеу, 

молдау  тігіпті.  Отырса  да,  тұрса  да  жел  шақырып 

делиіп ала жөнеледі екен. 

Есік  ашылып,  ар  жағынан  ақ  торғын  көйлектің 

етегі көрінді. 

Қолына  ұстай  кірген  құрт,  ірімшікті  қонақтың 

алдына  төккелі  денесін  сәл  иіп,  тізесін  сәл-пәл 

бүккенде, о, алла, әлде бір ақ құс ғайыптан пайда боп 

дастархан шетіне қонғандай, ақ торғын көйлектің етегі 

жан-жағына  жайылып,  ақшаңқандап  көміп  жіберді. 

Жас мырза аңтарылып қалған. Бұл не? Өң бе? Түс пе? 

Әлде, осы күндері әйелінің қасында жатып та Ақбаланы 

ойлағанда  нәпсісі  құрғырды  ұстай  алмай,  аңсары 

әрқашан  баяғыны  аңсайтын...  сонда  дәл  осындай  бір 

әдемі  ғажап  елес  есін  алмаушы  ма  еді?  Тәңірберген 

дастарханға  құрт,  ірімшік  төгіп  жатқан  Ақбалаға 

«кетпеші!» дегелі ұмтыла түсті де, өзін әзер тоқтатты. 

Иә, мынау өңі болмас. Баяғыда, қайсы бірде екі ауыл 

қатар қонатын. Сонда ел тегіс ұйқыға кеткенде Ақбала 

екеуі ауыл сыртындағы күркіреуде кездесетін. Екеуден 

екеу оңаша кездескен сол бір айлы түндерде екі ынтық 

екі жақтан жүгіріп кеп ыстық құшақтар үнсіз айқасып, 

ұзақ  жабысып  тұрар  еді  де,  сонан  айрылысар  жерде 

бұл ылғи да осылай «Кетпеші! Тоқтай тұршы!» – деп 

қиылушы еді ғой? 

Тәңірберген  Ақбалаға  үйлене  алмағанына  өкінді. 




23

Не  қыласың,  бәрі,  бәрі  бұнан,  бұның  өзінен  болды. 

Екі  ағасы  –  Құдайменде  мен  Алдаберген  софының 

дегенінен  шыға  алмады.  Қоңсылас  бір  іргелі  елдің 

мықтысына арқа тірегісі келді де, Ақбаланы жылатып, 

ту сонау Ұлықұм бойын жайлаған Тілеу-Қабақ руының 

белді  бір  жуанының  қызына  үйленіп  еді.  Сонан  бері 

Ақбаламен  кездесуге  беті  шыдамай,  қайбартып  жүр 

еді,  ой,  айналайын-ай,  бұған  не  өкпе,  не  наз  артып, 

опасыздығын бетіне баспады-ау. 

– Шай алсаңшы, – деді Ақбала кесені әперіп жатып.

Бұнда келгелі жас мырзаның көзі көп нәрсеге жетті: 

Ақбала  күйеуге  шыққасын  да  Еламанға  баяғыдай 

салқын; тек ата, ана қосқасын шарасы құрып, лажсыз 

көнген.  Ал  бұған  деген  махаббат  бәз-баяғыдай.  Қыз 

кездегіден бұны артық сүймесе, кем сүймейді. Қайта, 

сүйгеніне  қосыла  алмаған  әрбір  әйелдей,  баяғы  қыз 

кездегі  арман үздіге түскен бе? Ынтызар құштарлық 

па,  соның  қайсы  болса  да,  тағат,  сабыр  тауып,  шы-

дам  шегіне  жеткен  кез  осы  ма?  Соған  дәл  келді  ме? 

Ана қарашы, қасында қабағын қарс жауып, тұнжырап 

отырған  осы  үйдің  еркегінің  бар,  жоғы  ойына  кіріп-

шыққан  жоқ.  Әлгінде  дастархан  үстінен  қол  созып, 

кесені беріп жатқан бұған көзін іркіп қарап еді; әсіресе 

соңғы  қарағанда  кірпік  астынан  ұзағырақ  қадалған 

қара көздің шоқтай маздаған жанарында құдды түнгі 

өрттің  сәулесі  шарпып  өткендей,  енді  сәл  кідірсе 

өзімен қоса бұны да өртеп жіберетіндей жалындап тұр 

екен. Дастархан басында көбіне Ақбала екеуі сөйлесті. 

Дастархан  жиналғасын  бұл  тымағы  мен  қамшысын 

алды.

– Сау бол, Ақбала.



Есікке  жақын  тұрған  келіншек  сәл  кейін  шегініп, 

жас қонаққа жол берді. Қоштасар жерде Еламан ернін 




24

қимылдатқаны болмаса,  орнынан тырп етпей, шөкелеп 

отырып қалды. Шабалаңдаған иттер бейуақта аттанған 

қонақты  ауыл  сыртына  ұзатып  салды.  Ат  тұяғының 

дүбірі әбден ұзағанша Еламан тырп етпеді. Ол бағана 

бір  көргенде-ақ  мына  бәйгі  күрең  бұл  өңірдегі  өзі 

білетін жылқылардан түсі бөлек мал екенін білген-ді. 

Шамасы,  бұ  да  қаншелек  Кәленнің  қолынан  шыққан 

ұрлық  мал  болар  деп  ойлаған.  Мынау  шынында  да 

қуса – жетіп, қашса – құтылатын ат.

Баяғыда... құдық басында болған төбелесте бұның 

әкесі  Науанды    Тәңірбергеннің  әкесі  Абыралы  қуып 

жетіп,  көк  сүңгіні  салғанда  да  Абыралының  астында 

дәл осы бәйгі күреңдей жүйрік ат болмады дейсің бе!

– Тұр, төсек салайын!

Көрпені  көкірегіне  қысып  дікектеп  тұрған  әйелге 

Еламан көз салмады. Дала тастай қараңғы екен. Жел 

бағанағыдан  да  қатая  түсіпті.  «Мұзды  қуып  кетпесе 

қайтсін?»

Еламан ішке қайта кіргенде Ақбала шамды сөндіріп, 

жатып  қалған  екен.  Еламан  иығындағы  тонды  іргеге 

тастай  салды  да,  сыртын  беріп  теріс  қарап  жатқан 

Ақбаланың жанына қисайды. Көзіне ұйқы оралмады. 

Есіне  бәйгі  күрең  түсті.  Арысы  –  Түрікпен,  берісі  – 

Адай,  Табыннан  келген  сүйегі  асыл  жануар!  Кәлен 

ұрымен қос болғалы Кұдайменде мен Тәңірбергеннің 

жылқысында  осындай  қыл  құйрық  жүйріктер  көріне 

бастады.  Әкесі  пақыр  аты  нашар  боп  сорлады; 

әйтпесе,  бірме-бір  шайқаста  Абыралыға  алдырмас 

еді. Араларында баяғы, ерте кезден кикілжіңі бар екі 

ауыл Ақмарқаға қатар қонды. Малды, жанды ауылдың 

әпербақан  жігіттері  жер  жетпей,  жайылым  үшін 

қырқысатын,  кейін  ауыз  суға  іштарлық  қып,  құдық 

басына  барған  қатын-баланы  сабап  жіберетін  болды. 




25

Сол  күні  де  бай  ауылдың  сотқар  жігіттері  бұлардың 

азғантай малын суартпай, құдық басында екі жақ кеуде 

тіресіп тұрып алды. Келісімге келе алмай, ақыры екі 

жақ атқа қонды. Абыралы – найзагер. Атқа да тақымы 

мықты. Науан әп-сәтте бай ауылдың екі жігітін ұрып 

жығып, енді жер түбінен зығыры қайнап жүрген жауы 

–  Абыралының  өзіне  тап  берді.  Қолындағы  қару  – 

бұзау тіс қамшы; осындай төбелеске лайықтап, өзегіне 

қорғасын құйған. Бірме-бір ұрыста бұ да көк сүңгіден 

кем түспейді. Ол тек әлгі алас-қапаста белді ат қолға 

түспей,  белдеуде  тұрған  үркек,  жел  қуық  байталға 

жайдақ міне сала шапқан-ды. Екі жау айқаса кеткенде 

желқуық байтал нақ бір табан тіресер жағаласта жалт 

беріп басын ала қашты. Осы сәтті күткендей, анау да 

астындағы атын бұның ізіне салып жіберді. Ә дегенше 

алымды  ат  сыпыртып  жетіп  барды.  Абыралы  аттың 

басын ірікпей, көк сүңгіні қатарласа бере Науанға қос 

қолдап салған бойы ағызып өте шықты; бірақ ат үстінен 

аударып  түсіре  алмай,  найзаның  ұңғысы  омырылып, 

бір  тұтам  мұздай  темір  Науанның  сегізкөзінде  кетті. 

Науан  ат  басын  бұруға  шамасы  келді.  Есік  алдында 

еңіреп құшақтай алған жас келіншегінің қолына құлап 

түсті.  Қан  шаптырған  бүйірін  қос  қолымен  басып 

мықшиып  отырып,  кішкентай  Еламанын  бауырына 

қысып: «Сорлы жетімегім!.. Ендігі күнің не болар?..» 

– деп еді, сонан артыққа шамасы келмей, жаны шыққан 

дене  сылқ  етіп  құлай  кетті.  Жас  ана  жесір  қалды. 

Өздерінің  абызынан  шығарғысы  келмеген  ағайын-

тума  жесір  әйелді  тасқұлақ  керең  шалға  берді.  Бір 

жыл  өтпей,  анасы  қайтыс  болды  да,  жетім  бала  бай 

ауылдың  қозы,  лағын  бақты.  Ер  жеткесін  жеті  жыл 

Құдайменденің жылқысын бақты. 

Бір  жолы  кешкісін  жылқыны  серігіне  тапсырып, 




26

Көлқора  табанында  отырған  Сүйеу  қарттың  ауылына 

қонып  келуге  кеткен-ді.  Әкесі  көзі  тіріде  Сүйеудің 

бесіктегі  қызын  кішкентай  Еламанға  атастырып 

қойған-ды.  Өзін  Сүйеу  қарттың  бөтен  көрмейтін 

сыңайын  байқаған  жігіт  орайы  келгенде  із  суытпай 

барып  тұратын-ды.  Бұның  сорына,  сол  күні 

түнде  Құдайменденің  жылқысына  қасқыр  шауып, 

Аяққұмдағы  құдасынан  алған  жүйрік  атын  жарып 

кеткен-ді.  Хабар  тиген  бойда  Құдайменде  бір  топ 

жігітпен  жылқышы  қосына  сау  ете  қалды.  Еламан  

«Ассалаумалейкум»  деп  қос  қолын  соза  беріп  еді, 

Құдайменде:

– Әй, ит! Сен үйірге салатын айғырым ба едің? Сен 

менің жылқышым бола-туң, – деп ақырып, Еламанды 

қамшымен қақ бастан тартып жіберді.

Еламан атына қарғып мінді. О да атын омыраулатып, 

тебініп  қалғанда, Құдайменденің қасындағы жігіттер 

жібермей, жолын кес-кестеді.

–  Әй,  Құдайменде!..  Жылқың  әне!  Мен  кеттім. 

Дүние  кезек.  Күнім  туса,  көрермін,  –  деді  де, 

Еламан  ат  басын  бұрып,  құйындатып  ала  жөнелді. 

Теңіз  жағасынан  промсол  ашып  жатқан  бай  орысқа 

жалданды. Қазақ арасында бірде Шодыр, бірде Тентек 

Шодыр атанған Оралскі байы зәті қатты кісі. Әсіресе, 

қарауындағыларға  қатал.  Орыс-герман  соғысы  бас-

талды  да,  балықтың  бағасы  күрт  көтерілді.  Енді 

орыс  байы  да  бұларды  бел  шешіп  отырғызбай,  күн, 

түн қуалап, әбден ақиық боп жүр еді. Тек, мұз қатар 

алдындағы  аз  ғана  күн  абыржыда  амалсыз.  Бұлар  да 

абыржының осынау аз күнін пайдаланып, жағалаудың 

кілегей  көкше  мұзына  бір  тартым,  жарым  тартым  ау 

салып, үй ішінің күнделік нәпақасын айырып жүрген-

ді...



27

Еламан бұл түнді ұйқысыз атырды. Тек таң алдында 

талықсып  кеткен-ді.  Жел  тұрыпты.  Жағалаудың 

жынды  желі  шырт  ұйқыда  жатқан  ауылдың  үстінен 

аса соғып әупіріп тұр екен. Жапқысы жоқ бір мойын 

пештің көмейі гүрілдеп, үй іші ызғып кетіпті. Түнімен 

сыртын беріп жатқан Ақбала тоңғасын бұған бұрылып, 

бар  денесімен  бауырына  кіріп  жабысып  апты.  Қолы, 

аяғы мұздай. Еламан құшақтай алды. Түндегінің бәрі 

есінен  тарс  шығып  кетті.  Бұлар  қазір  күнде  осылай 

төсекте  табысатын  боп  жүрген.  Бойына  бала  бітіп, 

денесі толыға бастағалы Ақбала да күн санап екеуара 

жатқан төсектің көбін ала бастады. «Босануға қанша 

қалды екен?» деп ойлады Еламан. Өзінен сұрауға бата 

алмады. Қазір ана жатырындағы баланың бойында бар 

мүшесі түгел. Құдай қаласа, енді екі айдың о жақ, бұ 

жағында... «Ары жат, қысып тастадың» – деп, құдды 

ашу  білдіргендей,  әлде  бір  бітімсіз  дене  бұның  дәл 

Ақбала жақ бүйірінен бүлк-бүлк етті. Еламан шапшаң 

серпіліп, ары ысырылып жатқанын сезбей қалды. Ет-

бауыры соншалық елжіреп кетті Бұрын-соң татпаған, 

мүлде  беймәлім  ыстық  сезімнен  жүрегі  шым  етті. 

Көрмейсің  бе,  әлден  тірілігін  танытып,  тыпыршып 

жатқан  мына  кішкентай  немені  бауырына  қысқысы 

кеп  кетті.  Қарап  тұрып  жылады.  Соған  өзі  қысылып, 

күліп басын шайқады. Тез киінді. Есіктен шығар жерде 

соңыра үйге асымдық балықты салып әкелетін қапқа 

еңкейіп қолын соза беріп еді, отын үстінде жатқан ақ 

тушадай қоянға көзі түсті де, қолын тартып алды.

* * *

Балықшы  ауылға  қадірлі  қария  –  Есбол  келді. 

Кезінде  ел  арасының  сөзін  ұстаған  кісі.  Рай  мен 



28

Еламанға  жақын  туыс  болған  себепті  баласы  жоқ, 

жетім  шал  бұл  екеуін  сағалайды.  Жылда  осы  кезде 

бір  соғып,  Райдың  үйіндегі  бастас  жеңгесіне  сыбаға 

әкелетін.  Осы  жолы  үйткен  қой  әкелді.  Рай  қарт 

әжесіне тұтас қойды бұзып, жары етін қазанға салды 

да, көршілерді шақырды.

Ой, несін айтасын, балықшылар көңілді! Ет иісімен 

қуана дем алып, үйді басына көтере қауқылдасып жа-

тыр. Қыс – аязда, жаз – ыстықта, өмір бойы бір ыстық, 

бір суықта жүріп шыныққан, шетінен сіңір қара шой-

дым. Күлсе де, сөйлесе де, құдды қу қайық секектеген 

көк  долы  теңізде  жүргендей,  ауыз  тола  аппақ  тіс 

ақсиып,  бірнешеуі  бірден  самбырлап  сөйлеп  кетеді. 

Осы қазір де мұз үстінде балық бөлісіп жатқандай гу-

гу, ду-ду... Олар мына жақта осылай дуылдасып жатса, 

ал  ана  жақта  бұрқ-сарқ  қайнаған  қазан  маңында  бір 

топ  қатын  пыш-пыш...  шу-шу...  Ара-арасында  ақ 

жаулықтар  екеу-екеу,  үшеу-үшеуден  түйісіп  қалады. 

Кейде  үш,  төрт  жаулық  түйісіп,  сыбыр-сыбыр,  пыш-

пыш: 

– Ақбала қайда, пыш-пыш. Бетім-ау, оған не болған, 



пыш, пыш... шу-шу...

– Қойшы әрі! Қайтесің ол бишараны...

– Иә, ол байғұста не сын бар, тұңғыш көтерген ба-

ласы. Күні толғасын аяғы ауырлай береді ғой.

– Адыра қалсын! Кеше емес пе еді, сері жігіт кел-

генде  желдей  есіп,  аяғы  аяғына  тимей  кеткені?  Бір 

үйден  кесе,  бір  үйден  дастархан,  бір  үйден  табақ 

жиып,  есімізді  алып  біткен  жоқ  па  еді?  О,  жүзіқара! 

О, қарабет!..

Мосқалдау  бір  әйел  Қарақатынды  түртіп  қалды. 

Дереу Еламанды ымдап, ернін тістеп «қой» дегендей 

ишара  етті.  Еламан  ана  жақта  әңгімеге  араласпай, 




29

тұйық отыр. Қалғандары сол баяғы гу-гу... ду-ду!..

– Биыл мұз кеш қатуға қарады-ау, – деді біреу.

–  Иә,  ашқа  тартқан  кешке  тартады,  –  деді  екінші 

біреу.

– Қайта, басат-басат ұстасып, абыройыңды жауып 



тұр ғой.

– Есеп бар ма! Мен бүгін қаяз ұстадым. Бұйырған 

деген, аудың жалғыз көзіне сағалынан ілініп тұр екен.

– Ау, ол неменің асау болатыны қайда?

– Жазда ғой, қыста, тәйірі, балықта қауқар қала ма. 

Жалғыз көңгеге ілінсе, тырп етпейді.

– Балықтың ішінде, жарықтық, бекіре ғой жуасы. 

Қойға мінетін көбең тұғырдай қолға тұра береді.

Ертеден бері үнсіз отырған Мөңке осы арада басын 

көтеріп алды.

–  Қой  әрі!  Аузы  төмен  қарағасын  қасқайып  жүр. 

Әйтпесе,  аузына  түссе  аяйын  деп  жүрген  ол  жоқ. 

Ақылсыз, әумесер неме ғой.

Есбол  шиқ-шиқ  күлді.  Ол  Мөңкені  баяғы  бала 

кезден  біледі.  Ел  қыдырып  жүріп,  бір  жолы  біраз 

адам түстеніп отырғанда бұлардың үстіне аласа, бірақ 

шойыннан  құйғандай  сом  тұлғалы  қара  бала  кіріп 

сәлем береді. Сонда оған жұрттан бұрын Есбол назар 

аударып: «Әй, мынау қай бала? Бадамшасын-ай өзінің. 

Қамыс  арасында  жүретін  қара  көлдің  кәдімгі  тоқпақ 

бас қара мөңкесіндей екен» – деп, жұртты ду күлдіріп 

еді.  Аузы  дуалы  қарияның  сол  айтқаны  елдің  есінде 

қап,  Рәбіл  баланың  атын  жұрт  әр  саққа  шаптырып: 

«қара Мөңке», «тоқпақ бас Мөңке», «балықшы Мөңке» 

деп, ақырында Мөңкеге тоқтап еді.

Мөңке  ерте  үйленді.  Қара  тырыспай  жылы 

жастай  өлген  ағасының  үлбіреп  отырған  уыздай 

келіншегін  ағайындары  басып  отырып  зорлап  әперіп 




30

еді. Жеңгелей алған әйелден он бала көрді. Тек қолы 

құтаймады.  Соның  көбі  аяғы  шығар-шықпаста  бірі 

қызылша  шығып,  бірі  өкпесіне  салқын  тиіп,  Әлиза 

көтерген  тоғыз  құрсақ  қазір  түгелдей  қара  жердің 

астында. Ата-ананың қолында қалған соңғы алданыш 

– оныншы бала бір айдан бері ауру. Есбол қария қара 

жұмысқа болдырмайтын қара білек қайратты жігіттің 

кәзір кәдімгідей қажары қайтып, моқап қалған сынық 

жүзіне  аянышпен  көз  салып  отырып:  «Пұсырдан 

қалған жалғыз із, соңғы зурият! Ойдәйт десейші!..» – 

деп, басын изеп-изеп қойды.

Мөңке асқа қарамады.

– Қара білек, мықты жігіт!

–  Иә,  рас.  Кейде  осы  имансызда  жан  жоқ  па  деп 

қалам. Ертеден қара кешке мұз ойғанда, бұл заңғар бір 

терлемейді-ау.

– Тесік өкпе ғой! Өзін тек бала мұқатып жүр. Жы-

лына бір баласы өледі.

Ет асқан тай қазан сарқылдап қайнап жатыр. Қазан 

маңында жүрген бір әйел Райдың қарт әжесіне тұзын 

көр деп, зереңге сорпа құйып берді. Сорпа ішінде тіске 

жұмсақ бір жапырақ ет бар екен, кәрі әже соны қызыл 

иегімен қажап, қос ұрты бұлтылдап, жұта алмай отыр 

еді.

–  Ассалаумағалейкүм!  –  деп,  біреу  кіріп  келді. 



Онымен  бірге  ішке  лап  берген  мұздай  желден  есік 

жақта тұрған соқыр шам сөніп, үй іші тастай қараңғы 

болды да қалды

– Уа, бұл қайсың?

– Өзіміз. Ауылдан тайлақ іздеп шығып едім...

Балықшылар ду күлді.

– Е, дегендей. Тайлағыңды тай қазанға былқытып 

асып жатырмыз.




31

– Әй, шам жақсаңдаршы!

Шам  жанып,  жұрттың  бәрі  әлгі  тайлақ  іздегенге 

қарап  еді.  Ақ  сеңсең  тымақ  астынан  тұздай  көк  көз, 

сары сақал, сары кісі ылжырап күліп тұр екен. Үстінде 

ақ  тері  тон.  Белін  кендір  арқанмен  көкірек  тұсынан 

шарт буып алған. Қаратаздың есігінде жүрген жалшы 

Жалмұрат.  Ел  іші  оны  реңінің  сарылығына  қарап 

«орыс Жалмұрат» деп атайтын.

Балықшылардың алдына ет келді. Жаңа ғана үйді 

басына  көтеріп  қауқылдасып  жатқан  жұрт  демде  үні 

өшіп, үй іші тына қалды. Тек Рай:

–  Жалеке,  бұйырған  малға  тіс  тисін.  Кәне,  кел, 

тайлағыңның етінен ауыз ти, – деді күліп. Астан кейін 

балықшылар  Жалмұраттан:  «Аулыңда  келді-кетті  не 

бар?» – деп сұрап еді, Жалмұрат кірпігі жыпылықтап:

– Бай, бәйбішеден... олар... олардан басқа кісі-қара 

көзіме түспеді, – деді де, іле-шала, – бай... бай үйінің 

тайлағы... сол жамалдатқыр, күнде мал қоралар кезде 

жоқ боп шығады...

–  Судыр  Ахметтен  сұрауың  ғой.  Ол  байғұс  сені 

талай ізге салар еді-ау!

–  Әй,  қысыр  әңгімені  қайтесіңдер!  Жалмұрат 

қарағым,  аулыңда  қандай  жаңалық  бар?  Болыс  кім 

болды?

– Жаңалық... жаңалық бар болса, бар шығар.. Мен, 



бірақ, сары тайлақ жоғалып... Өзім басым қатып...

Балықшылар тағы да ду күлді. Айрықша, Рай мәз. 

Ішегі  үзілгенше  күлгені  сонша,  әлі  күнге  ағасына 

балаша  еркелейтін  жас  жігіт  қасындағы  Еламанның 

иығына асыла құлай кетті:

–  Сендер...  сендер  қызықсыңдар.  Жәлекеңнен 

әңгіме  сұрап  қайтесіңдер.  Онан  да  сары  тайлақты 

сұрасаңдар, әлқисса ғып жырлап берер еді ғой.




32

Бүгін болыс сайлайтын күн болғасын бұл жақтағы 

жұрт  құлақ  түріп  отырған-ды.  Жалмұрат  кеткесін 

балықшылар  қайта  қауқылдады.  Бірі  –  осы  сайлауда 

Құдайменде болыс болады деді. Екіншісі – Торжымбай 

руының  жуаны  Ожар  Оспан  шаппай  бер  деді.  Ояз 

алдында  Құдаймендеден  гөрі  соның  абыройы  басым 

көрінеді десті. Оған аналар көнбей, үй іші даурығып, 

абыр-сабыр бола бастап еді. Кәрі әже құлағын басып:

–  Әй,  өңшең  шуылдақ!  Кім  болыс  болғанда 

сендерге ауыр-жеңілі не. Бір ел жақсысы болар – деп 

еді, ертеден бері үнсіз отырған Еламан басын көтеріп 

алды:

–  Әй,  әже-ай!  Өзіңнің  баяғы  кәрі  көңіліңмен  ел 



жақсысы  дей  бересің!  Елде  жақсы  қалды  ма?  Қазір 

жаманның  бағы  өрлеп  тұрған  жоқ  па?  Араларынан 

әлде қалай бір жақсы шығып, бағы артып бара жатса, 

бәрі  жабылады.  Су  түбіне  батырғанша  асығады. 

Үйтпей қайтсін, жақсының қасында жүрсе, жұрт оның 

жамандығын күнде көрер еді ғой.

Есбол қария кеудесіне түскен басын изеді.

–  Иә,  ел  жақсыларында  пиғыл  бұзылған.  Жаман 

тымағын  миқитып  киеді.  Жаман  тұғырға  жарбиып 

мінеді.  Қосшы-қолаңын  ертіп,  жемтік  аулаған 

құзғындай жүр ғой ел жағалап. Оу, осыдан басқа кәсіп 

қылмаған  жақсыда  қасиет  қала  ма?  Қатын-баланың 

қамын жемей, аузындағы асын тартып жеп  жүр ғой! 

Ойдай, заман-ай! Сорлы елге содыр басшы тап келіп, 

титықтап тұрмыз ғой, қалайда.

Төңкерген  кесенің  түбіне  май  құйған  сығыр 

шам  иістеніп,  түтеп  жанып,  аласа  жерқазбаны 

алакөлеңкелеуге  ғана  жарап  тұр.  Үй  іші  лық  толы. 

Төрде – қонақ шал. Басында – қара сырмақ тақия. Ақ 

жаға көйлектің сыртынан қара зәгірен бешпет киген. 




33

Біреуге тіктеліп тіл қатқанда болмаса, қалған уақытта 

дәл  бір  тас  басына  қонған  кәрі  күшіген  тәрізденіп 

тобы кішірейіп, аққұйқа басы кеудесіне түсіп, мүлгіп 

отырғаны.  Еламан  атасының  мұншалықты  қартайып 

қалғанын  бұрын  неғып  байқамағанына  таң  қалды. 

Теңіз жағалауындағы томар бояуға бояған шолақ сары 

тонын киіп, тымағын алып тұрды да жүре берді.

Балықшылар  қыбыр  етпеді.  Рай  да  үнсіз.Осы 

ағасы  біртүрлі:  әншейінде,  ауыл-үйдің  әңгімесінен 

бойын аулақ ұстап, түкпен ісі жоқ адамдай ештеңеге 

араласпай,  өзімен-өзі  жүреді.  Жуас.    Жұртта  ылғи 

есесі  кетіп,  ең  аржағы  кеше  бай  ауылдың  жас 

мырзасына  есесі  кетіп,  қойнындағы  қатынына  дейін 

басына  шығарып  алғандай  көреді.  Еламан  кеткесін 

қалғандар  да  кідірмей,  бір-бірлеп  тарай  бастады. 

Есбол  үй  оңашарғасын  бастасына  бұрылды.  Кемпір  

өзіне оңашалап айтқысы келген әлі де бір әңгіме барын 

аңғарды  да,  кимешек  астынан  құлағын  шығарып, 

бастасына қарай ысырылып отырды.

– Мырзаңды үйлендірмейсің бе? – деді Есбол.

Кемпірдің түсі кіріп қоя берді.

–  Баяғы  сендердей  дейсің  бе,  осы  күнгі  жас  не 

істесе де ойласпай істейді ғой. Сүйтсе де, бала-ау... – 

деп,  Есбол  қайнысына  қарай  тағы  да  бір  ысырылып, 

жақындап  отырды  да,  жаулығының  шетімен  аузын 

басып,  дыбысын  шығармай  тұншыға  күлді.  –  Сүйтсе 

де,  байқаймын...  баланың  көңілі  ауып  жүрген  бір 

сайқал бар.

– Қатын ба?

–  Жоқ,  қыз.  Бірақ,  бала-ау,  анау-мынау  қатынға 

бергісіз.

– He дейді?

– Шошыма! – деп, кемпір жүзіне жылы нұр теуіп 




34

жымыңдап алды, – ол қызды сен де білесің. Мөңкенің 

әйелі – Әлиза бар емес пе?.. Иә, соның сіңлісі.

– Ау, оның Әлібидің кіші қызы болды ғой?

–  Иә,  сол!  Сол...  Ұлы  болмағасын,  Әліби  осы 

қызын  кіп-кішкентай...  қаршадайынан  еркек  бала 

қып киіндірмеді ме. Өзі де пысық. Еркек балалармен 

ойнап,  алысып  жүріп  өсті.  Күрессе  –  күресті.  Аттың 

құлағында  ойнады.  Күрессе  –  жықты.  Ат  жарыста  – 

қатарының  алды  болды.  Әлі  күнге  еркекшора.  Сол 

үйдің бетке ұстап отырған азаматы.

– Ә-ә!..


– Сол айналайын, нәсілі – қыз екенін біледі. Оны 

жұрттан  жасырса  да,  оңашада  құлағыма  сыбырлап 

маған  айтады.  Несін  айтасын,  оты  бетіне  шығып, 

жарқылдап тұрған бала.

Осы  арада  ерке  қыздың  бір  мінезі  есіне  түсіп, 

кемпір күліп жіберді. Сүйтіп отырып көзіне жас кеп, 

кимешегінің шетін іздеді:

– Осында жиі келеді. Домбыра тартады. Ән салады. 

Кейде  мойнымнан  тас  қып  құшақтап,  құлағыма 

сыбырлап: «Әже!.. Әжеке, саған келін болайын? Мені 

жібермеші», – деп қиылады. Енді қайтейін!

Есбол дыбысын шығармай, шиқ-шиқ күлді.

– Қой, сен де бұзылайын деген екенсің, – деді де, 

Есбол іргеде жатқан шидем күпісін ұстай түрегелді.

Кемпір онан қалмай, есікке дейін еріп барды:

– Жыныстасың ғой! О баланың Еламан екеуіңнен 

басқа  кімі  бар.  Ақылыңды  айт!  Құлағына  құйып  кет. 

Не ойлап жүргені бар екен?

Есбол қария қоламтада тұрған құманды алып тысқа 

шықты.



35

* * *

Ауру  бала  әл  үстінде.  Бүгін  түс  ауа  қол-аяғы 

мұздады. Құр қаңқасы қалған кішкентай кеудеде тыныс 

сарқылып, әке-шеше үмітін үзіп барады. Талай баланы 

қара жерге беріп, зәрезап боп жүрегі шайлығып қалған 

анада  зәре  жоқ.  Дауыс  салуға  Мөңкеден  қаймығып, 

баланың бас жағында үнсіз егіліп отыр.

– Әлиза, мықты едің ғой... Шыда!

Әлиза  бұрын  да  тоғыз  баласын  жерлеген  әйел: 

алты ұл, үш қызы ауыл сыртындағы қара молада. Енді, 

міне, бұлардың соңғы алданышы... қырықтан асқанда 

көтерген сүт кенжесі... Соңғы шырағы сөніп барады. 

Ішке Әліби кірді. Онсыз да өзін шаққа ұстап отырған 

Әлиза әкесін көргенде аңырап, құшақтай алды.

– Құдай-ай!.. Не пиғылымнан таптым?

–Балам,  шаршаған  шығарсың...  Шыда.  Сабыр  ет. 

Алланың салғанын көрерсің. 

Әліби  қызын  қолтығынан  сүйеп  апарып,  төсегіне 

жатқызды.  Жанынан  көлдей  үлкен  ақшыт  орамал 

алып, көзін сүртті.

– Балам, бекем бол!.. Құдайдың салғанын көрерсің 

–  деп,  қызын  жұбатпақ  боп  отырып,  көңілшек  шал 

қосыла  жылады.  Сосын  өзінің  осалдығын  жуып-

шайғысы  кеп,  –  біздің  үйдің  тентегі  ере  келмек  боп 

еді... – деді.

Бұл үй таң атқанша кісіден құр болмады. Ел жата 

Есбол,  Еламан,  Рай  келді.  Кейінірек  Дос  келді.  Өзге 

балықшылар да келіп қара көрсетіп жүр. Олар кешелі-

бүгін  Мөңкені  ауру  бала  қасында  қалдырып,  ауын 

қарап қайтқылары кеп еді. Оған Еламан көнбеді. Ауру 

жанында езіліп отыра бергеннен гөрі оның қайта бір 



36

мезгіл мұз үстіне шығып боп бой сергітіп қайтқанын 

жөн  көрді.  Осыған  пәтуа  басқан  соң  Еламан  таң 

біліне қасына Мөңкені алып теңізге шықты. Рай, Дос, 

Құлтума  қосылды.  Құлтума  қоңсылас  отырған  Қабақ 

руынан. Оның ішінде Уақ деген аз ағайын. Күнкөріс 

қиындағасын  ол  биыл  кәсіп  іздеп,  қатын-баласын 

ата  қоныста  қалдырып,  салт  басы  сыбай  келді.  Қол 

жұмысына  қабілетсіз,  бірақ  айтқанды  қайт  етпейтін 

елгезек.  Үлкен-кіші  алдында  елпілдеп  тұратын 

кішкентай,  қағілез  жігіт.  Ептеп  әңгілеу.  Өлең  айт 

десе,  іркілмейді.  Домбыра  орнына  көзгелдек  сұрап 

алып, аузын желпіп отырып, жіңішке даусы безілдеп, 

бебеулей жөнеледі. Сондағы айтатыны:

Шөп те өлең, шөңге де өлең, өлең де өлең

Шоқытып көк есекпен желіп келем.

Ой қасқа,

қасқа, қасқа, 

қасқа, қасқа...

Басында көк есектің кендір ноқта,

Көк есек барың болса, ырғалақта,

Ой, қасқа, 

қасқа, қас-қа...

қасқа-қасқа...

Балықшылар ду күлді. Мұз үстінде де олар қол қалт 

еткенде  оған  «ой  қасқаны»  айтқызып,  мәз  болатын. 

Бүгін  онан  тыйылды.  Бәрінің  бағатыны  –  Мөңкенің 

қабағы.  Оның  қолы  жұмысқа  бармай,  күні  бойы 

жүзі  сынып,    қайғыға    уланып    жүргені    жандарына       

батады.


Бүгін ауға балық тәуір түсіпті. Асымдықтан ауысқан 

бес-он қадақты гірге өткізгісі келген балықшылар күн 

кештете бір-бір ит шана сүйретіп промсолға тартты.

Қарын  үрлеп  тастаған  көкше  мұзды  тайғанақтап 

басып қауқылдап келеді:



37

–  Байқадындар  ма,  балық  аудың  тайыз  басына 

түсіпті-ау.

–  Апыр-ай!..  Не  қылса  да,  кешелі-бүгін  балық 

тайыздан соғып тұр.

– Ой, қыстағы балықта мәлім жоқ. Қашан арқасын 

мұз, бауырын қайыр қаққанша жосып тарта береді.

Бұлардың ілгергі жағынан, биік нар шоқалақтарға 

арқасын  тіреп  салған  аппақ  үш  үй  көрінді.  Балық 

тапсыратын  промсол  осы.  Олардан  сәл  берігіректе 

шомдап  буған  қамыстан  іргесін  тұрғызып,  қара 

балшықты әншейін қара қотырлап ұра-ұра салған алқа 

бел ұзын сарай – бұл балық тапсыратын мұз қала. Іші 

көлдария.  Сырттан  кірген  кісіге  ши кі  балықтың 

шырыш  иісі  лап  береді.  Қыс  түгіл  алты  ай  жазда  да 

мұз  қаланың  сонау  күн  түспей,  қара  кеугімденіп 

тұратын  түп  жағынан  кісі  тәні  түршіккендей  ызғар 

айықпайды.  Сол  жақтан  балық  сойып  жатқан 

әйелдердің  жаулығы  ағараңдады.  Сырттан  дабырлап 

сөйлей  кірген  балықшылардың  даусын  есіткен  бойда 

мұз қаланың түкпірінен еңгезердей біреу шықты. Бұл 

–  Федоровтың  бө діретшігі  Курнос  Иван.  Федоровтай 

емес, бұл балық шыларға әрдайым іш тартқансып, ал  -

дынан жайраңдап күліп шығады. Осы жолы да:

–  А,  Еламан!..  Еламанушка  –  деп,  анадай дан 

арсалаңдап күліп келе жатқан-ды.

– Әй, байқайсың ба, мынауың өкпесін қолына алып 

қойталаңдап келеді ғой, – деді Рай.

– Осыны қойшы! Не бауыры бітіп барады дейсің. 

Бес-он қадақ балығың да көңілін босатып келе жатқан, 

– деді Еламан. Ішке кіргесін әлгі арсалаңдаған кәржік 

мұрын  қараны  көзіне  ілмей,  әлде  кімді  іздегендей 

алақтап жан-жағына қарады.– Сары бала қайда?

– Андрей ме? Осында, – деді Курнос Иван.




38

– Балықты қабылдамай ма?

– Мен қабылдаймын. Кәне, бері жүріңдер!

Мынаның  жалақтаған  түрі  Еламанға  ұнамады. 

Өздерінің  жазу-сызуға  шорқақтығын  пайдаланып, 

балықты  ылғи  кем  жазады.  Оған  қайырылмаған 

Еламан мұз қаланың түп жағындағы үлкен есікке кіріп 

кетті  де,  іле-шала  шашы  жалбыраған  ұзын  бойлы  ақ 

сары  жігіт  екеуі  күліп  шықты.  Бұл  –  осы  промсолда 

қара  жұмысшы.  Қыста  мұз  қалаға  мұз  үйеді.  Балық 

қабылдайды. Жазда балықты ыстайтын да, тұздайтын 

да осы. 


Андрей  жайраңдап  келді  де  балықшы лардың 

мұздай қолын бір-бір қысты. Сосын Еламанды былай 

шетке оңашалап алып шығып: 

– «Мөңкенің бәрәшүгі қалай?» – деп сұрады.

Бұлар  азын-аулақ  балықтарын  тапсырып,  сыртқа 

шыққанда,  анадай  жерде  бір  топ  қара  киімділер 

тұр  екен.  Ішінде  промсол  ұстайтын  бай  орыс. 

Қаталдығына  қарап,  бұл  өңір  оны  «Тентек  Шодыр» 

дейді. Жылдағыдай емес, биыл күз жел-құзды болды. 

Мұз қатпай, абыржының аяғы ұзаққа созылып, балық 

дұрыс  ауланбады,  осы  күндері  онсыз  да  ұрынарға 

қара таппай жүрген-ді. Бұндайда Еламан оның көзіне 

түспеуге тырысатын. Көріп тұрып соқпай кетудің тағы 

да  ретін  таппағасын  амалсыздан  қорқа-қорқа  барып 

еді:

– Ну... балық қалай? – деді Шодыр.



– Қырсыққанда, мұз...

– Немене, балық жоқ па?

– Аз.

– Аз?


–  Ие,  аз.  Кісі  басына  қырық-отыз  қадақтан 

тапсырдық.




39

Федоров сөніп қалған трубканы күректей шеңгелі-

мен  сығымдап  ұстапты.  Онсыз  да  тертедей  серейген 

аяғына ұзын қоныш етік киіп, қара жерді әр кездегідей 

нығарлап, шірене басып тұр екен.

–  Көріп  тұрмын,  азғантай  балықтың  жарым-

жартысын өздерің әкетіп бара жатыр сыңдар...

– Тақсыр, асымдық...

– Бұл жаққа мен иман іздеп келгем жоқ. Ендігі жер-

де менен ұлықсатсыз бір шабақ алмайсыңдар.

– Тақ-сыр... бұл қалай?

–  Солай!  Қашан  көп  балыққа  кенелгеше,  жалғыз 

шабақ...  есіттің  бе,  сыңар  шабақ  алмайсыңдар  Үйле-

ріңе алып бара жатқан ана балықты тапсырыңдар!

Еламан  осы  орыстан  қорқатын.  Оған  кез дескенде 

назарын  тіктемей,  көзін  төмен  сала  беретін.  Осы 

жолы  әдеттегі  именшектігін  ұмытып,  орыс  байының 

оқтай  қадалып  өңмені нен  өтіп  бара  жатқан  көзінен 

тайсалмай, безеріп алды да:

– Жарайды, тақсыр, – деді де, бұрылып жүре берді. 

Анадай жерде өзін тосып тұрған балықшыларға бара 

сала  Мөңкеден  басқаның  балығын  түгелдей  лабазға 

апарып төге салды.

– Еламан, қарағым-ау, мұның не? Бала-шағамыз аш 

жата ма?

– Менде не тұр. Ана сары сайтанға айт.

Орыс байының анадай жерге ұзап кеткенін көрген 

Құлтума күшке мініп, едіреңдеп шыға келді.

–  Әй!  Әй,  мені  жаратқан  жалғыз  құдай 

қарашекпеннің байы емес еді ғой. Бұл қай қорлағаны? 

Жібер қолымды!

– Өшір үніңді. Жүр-р!..– деді де, Еламан кішкентай 

қағілез жігітті дедектетіп сүйрей жөнелді.



40

* * *

Күн  екіндіге  тақау  еді.  Салт  атты  біреу  Бел-

Аранның кезіне ілікті. Өкше ізі – Көлқора. Астындағы 

қара білек мықты торы ат қатты терлеген. Омырауын 

қырау шалып, тықыр түгі тегіс қылаңданып бусанып 

алған.  Сонда  да  жүріске  берік.  Бел-Аранның  кезіне 

ентікпей  сыдырып  шықты.  Осы  арада  ат  үріккендей 

қос құлағын тігіп, өкпе тұста қалып бара жатқан оба 

тасқа осқырына қарады.

Шидем  күпілі,  сеңсең  тымақты,  бұжыр  қара  кісі 

ат  үріккен  жаққа  жылан  көзін  жылдам  тастады  да, 

тізгінін  тежеді.  Бел-Аранның  кезіне  шыққанда  бар 

өңір  әр  кездегідей  көз  алдына  жайылып  сала  берді. 

Айрықша,  Бел-Аранның  ығында  отырған  төрт-бес 

ауыл  түп-түгел  көз  алдына  келді:  иек  астында  – 

Пірмән, Шірмән. Онан әрегіректе, биік жар кемердің 

ұшар  басында  –  балықшылар  аулы.  Ал,  олардан  гөрі 

әрегіректе, теңіз жағалауындағы ығы мол нар шоқалақ 

арасында – Әліби қыстауы. Судыр Ахметтің қыстауы 

да сол маңда.

Ал  теңізден  былай,  қырға  қарай  шықсаң  –  шағыл 

құм  –  Ақбауыр  жатыр  сұлап.  Құм  арасында  құдық 

көп,  шөбі  шүйгін  қау  болғасын  Абыралыға  қараған 

бай  ауыл  қыстауын  осы  құмның  таудай,  таудай, 

нар  шоқалақтардың  ығына  арқасын  тақап  салған-

ды.  Кешкі  тымықта  бай  ауылдың  түтіні  аспанға  тік 

шаншылып, суыт келе жатқан жолаушыға көш жерден 

«мен  мұндалап»  тұрғандай.  Осы  жақтан  үрген  иттің 

даусы  естілді.  Қораға  қамаған  қойлар  маңырап, 

сиырлар мөңіреп, түйе боздап, малды, жанды ауылдың 

әдеттегі дағдылы әбігерін танытты. 



41

Әне,  тай  мінген  бір  бала  төбе  басына  шауып 

шықты.  Тайдың  басын  кілт  тежеп,  айнала  өңірге  көз 

тастады. Іздеген жоғын көрді ме, құнжыңдап тайдың 

басын  бұрып,  теңіз  беттегі  бұйратқа  құйғытып  шаба 

жөнелді.


Жолаушы  ат  басын  Ақбауырға  бұрды.  Өзі  аса  ірі. 

Екі тізесі аттың екі құлағын қаққандай. Күпінің ұзын 

жеңінен  қамшы  ұстаған  қолы  көрінбейді.  Шидем 

күпілі  сом  дене  ерге  құйып  тастағандай.  Сонан  күн 

бата бергенде салт атты жолаушы биік ақ шоқалақтың 

ығына  арқасын  тірей  отырған  бай  ауылдың  шетіне 

ілікті.  Бір  атадан  тараған  бұл  ауылда  асыранды  итте 

есеп  жоқ.  Үй  басына  бес-алты  маң  төбет.  Дорбауыз 

қайың қаптал мен қасқыр алатын дегдар тазыны аталас 

жігіттер бір-бірінен асырғысы келгендей, бәсекелесіп 

асырайтын.  Осы  ауылдың  итінен  қорыққан  көршілес 

ағайынның  қатын-баласы  аяқ  баспайды.  Ер  жүрек 

жігіттер  де  бұл  ауылдың  қызын  оятам  деп  дәме 

қылмайтын.

Жолаушының  қарасы  көрінгенде  шеткі  үйден  сақ 

құлақ,  ақ  қаншық  шәу  етті.  Сол  екен,  әр  үйден  он-

ондаған ит шығып, арсылдап аттылы кісіге ұмтылды. 

Бірақ,  мынау  айылын  жияр  емес.  Кең  күпінің  мол 

шалғайын  қымтап,  тақымына  басып  алды.  Сосын 

дойыр  қамшыны  қолына  қымқыра  ұстады  да,  бұлаң 

құйрық бүлкекпен ел шетіне кіре берді.

Ат басын туралаған еңсесі биік үйдің есік жақтағы 

екі терезесінен от жылт етті. «Ә, Алдекең ауыз ашуға 

отырған екен», – деп ойлағанша болмай, шұнақ құлақ, 

күж қара төбет аттың мінер жағынан арс етті. Жолаушы 

бұрылған жоқ. Әншейін жасқай салғандай, қамшысын 

сілтеп  еді,  қара  төбет  қайтпады.  Кісіге  шапқандағы 

машықпен  алдыңғы  аяғын  аттың  сауырына  тіреп, 




42

жолаушьғаың сырт жағынан арс етіп шапши берген-ді. 

Жолаушы  бұл  жолы  әлгіден  гөрі  қамшыны  қаттырақ 

сілтеп  қағып  жіберді.  Қамшы  иттің  қақ  тұмсығына 

тиіп,  қара  төбет  тымақтай  ұшып  түсті.  Арсылдаған 

көп  иттердің  ішінен  тайдай  қызыл  қайың  қаптал 

бөлініп шықты. Ауыз толы тісті ақсита ұмтылып еді, 

жолаушы оны да бір қағып ұшырып түсірді де, жөніне 

тарта  берді.  Сосын  қой  қораны  сыртынан  айналып 

өтіп, әлгінде екі терезеден от жылт еткен үлкен үйдің 

алдына атын байлады.

– Кеш жарық! – деп ішке кіріп келді.

– Уа, қай баласың?.. Ә, Кәленбісің. Көзім көрмей 

жатыр.  Сені  сирағыңнан  танимын.  Құста  көкқұтан, 

адамда  сен  сирақтысың  ғой  –  деп,  бурыл  сақалды, 

бұғақты семіз қара шал қолағаштай тұмсығын көтеріп 

кеңкілдеп  күлді  де,  сыртында  жатқан  қос  жастыққа 

шалқалап құлай кетті.

Бұл  Құдайменде  мен  Тәңірбергеннің  ағасы  – 

Алдаберген  софы.  Кеше  осы  елдің  тері-терсегі  мен 

жүн-жұрқасын  жиып  сауда-саттық  істеген  кісі. 

Қалтасы  қалыңдаған  бір  кезде  болыстыққа  таласып, 

қыруар  малды  желге  шашып,  ақырында  жер  соғып 

қалған.  Сонан  бері  тәубаға  кеп,  дүниеуи  әңгімеден 

тыйылып жүр. Өзінше тақуа. Софы. 

–  Ау,  шалғайың  жыртылмапты  ғой!  Әлде  ауыл 

адамының біріне ілесіп келдің бе? – деді Алдаберген.

– Жоқ, өзім келдім.

– Апыр-ау, нанайын ба, жоқ па? Ана үйлердің иті 

болса бір сәрі... бұл ауылға келген кісіні біздің үйдің 

Аламойнақтары  шаужайдан  бір  алып  қалатын  еді 

ғой.  Аузы  іліксе,  Аламойнақтар  арыстан  ғой!  Онсын 

аузында кісінің саны кетеді, не шалғайын әкетеді, уа, 

ха-ха-ха!

Кәлен мырс етті. Аулына келген кісіге баласынан 



43

бұрын итін мақтайтын бұл әулеттің әдеті.

–  Шыныңды  айт,  жасырма!..  Аламойнақтың  тісі 

қай жеріңе тиді? 

–  Әй,  Алдеке-ай,  күшігінен  асырағасын  дәріптей 

бересің ғой. Әйтпесе, Аламойнақ дегенің де ала күшік 

емес пе? Күшік кісі қауып не қиратсын.

–  Тәубе!..  Тәубе!..  Сұбыхан  Алла!  Саған  дауа 

болмас.

Кәлен  сараң  шалдың  жоғары  шық,  дәм  тат  деп 

айтпасын білді де, есік жақтан кеткісі келді. Самауыр 

жанында шай құйып отырған жас келіншек – Алдаберген 

софының  былтыр  үйленген,  ел  арасына  «Ақ  туша» 

атанған үшінші әйелінің жанында жатқан  тері тулаққа 

тізе  бүккен-ді.  Аяғында  –  бітеу  бас  байпақты  етік. 

Үстінде  –  шидем  күпі.  Бұл  өңірдің  үлгісінен  бөлек 

тігілген  жалпақ  төбе,  елтірі  қара  тымақтың  бауын 

иегінің  астынан  шарт  байлап  алған  екен.  Тымақтың 

жалбыр жүнінен Кәленнің бұжыр қара беті жарылып 

көрінеді. Бауырсақ шайнағанда қалың тымақ астында 

шықшыт сүйегі бүлкілдеп, қасы, қабағы қозғалып, бір 

сондай қатты ынтымақ, қауырт қимылды танытқандай 

еді. Алдаберген оған шошына қарады. «Оңаша жерде 

кездессе, мынау ... мына ұры кімді де аямас».

Кәлен  бұнда  айналмай,  тез  шықты  да,  енді  тура 

Құдайменденің  үйіне  барды.  Алдаберген  софыдай 

емес, Құдайменде қонақасыға мырза. Әсіресе, пейілі 

түскенге  ағыл-тегіл.  Күні  бойы  аттан  түспей,  қарны 

ашып  келген  Кәлен  осы  үйден  асқа  тоятынын  біліп 

келген-ді.  Неге  екені  белгісіз,    Құдайменде  сәлемін 

салқын  алды.  Және  бұған  сыртын  беріп,  теріс  қарап 

отырған күйі ысылдап-пысылдап етігін кие бастады.

– Бір жаққа жүргелі жатырсың ба? – деді Кәлен.

– Шаруа бар. Ал, кәне, маған не айта-туң?




44

–  Әңгіме  көп.  Тек,  көңіліңді  аулап  сөйлейін  бе, 

әлде  ащы  да  болса  ел  арасынан  көріп,  біліп  келген 

шындықты айтайын ба?

Құдайменде бір етікті аяғына киіп, екіншісін енді 

кигелі қолына ұстай берген-ді. Ту сыртында отырған 

Кәленге ол бар денесімен біржолата бұрылып:

–  Әй,  сенің  нағашың  Қарабас  Кәрібай  еді  ғой,  – 

деді езуіне мысқыл оралып, – Ел жайлауға көшкенде 

құсаған, бақырауық түйесіне жаман жаппасын артып, 

жұрттың соңында қала-туң. Соған тартпасаң қайтсін. 

О да барған аулының итін сабай-туң-ды.

– Е, итті сабаса қайтеді? Қатын мен итті қазақтың 

қай еркегі сабамап еді?

– Қой әрі! Иттерді сабап, ауыл үстіне қамшы үйіріп, 

бізге істеген бұл қай қырың? – деп Құдайменде бұған 

енді  түйіле  қарады,  –  Сен  бір  әңгімені  бықсытып, 

шетін  шығарып  отырсың.  Сыртымнан  мен  жөнінде 

бірдеңе дейтін көрінесің? Соны өз аузыңнан есітейін. 

Ер болсаң, қәне, өзіме айтшы!

Е,  белгілі  болды:  бұның  неге  қырысы  тарқамай, 

қыржиып отырған себебін енді білді. Осыдан үш-төрт 

күн  шамасында  Құдайменденің  «алып  кел»,  «барып 

келінде»  жүрген  бір  жігіті  Кәленнің  үйінен  түстік 

жеген-ді. Дастархан басында біраз кісі-қара отырған. 

Оңнан,  солдан  жиналған  кісілердің  алдында  әлгі 

Ебейсін имансыз Құдаймендені жер-көкке сыйғызбай 

мақтап ала жөнелсін. Кәлен басқа бір әңгімеге бұрғысы 

кеп еді, оған бірақ Ебейсін болмады. Көнбегені былай 

тұрсын, әлгі-әлгі ме, енді Құдаймендені  к ө к к е 

көтеріп: 

– Несін айтасың, бұл өңірде Құдекеме тең келетін 

жігіт  туған  жоқ,  –  деп  жынына  тигені.Сосын,  Кәлен 

шыдамай:



45

–  Қой  әрі!  Жер  бетінде  Қаратаздан  басқа  жақсы 

құрып  қалды  ма?  Қанша  мақтасаң  да,  сол  Қаратаз 

дүние боғын домалатқан қара қоңыз емес пе еді? – деп 

ақырып  тастады.  Мына  залымның  күні  ертең  бұның 

сөзін бұлжытпай Құдаймендеге айтып барарын білді. 

Біле  тұра  соны  әдейі  айтты.  Кесек  денелі  ірі  Кәлен 

қалың күпі жамылғанда үй ішіндегі кісілердің бәрінен 

иығы  асып,  дастарханның  бір  шетінде  қырындап 

отырып, үлкен бас шекерді тізесіне қойып, шапашотпен 

асықпай жарпақтап шауып түсіріп жатып:

–  Құдай  өзі  берген  жанын  өзі  алар.  Соңырағы 

күні  зауал  шағымда  менің  жан  аларым  Қаратаз  бол-

са,  қайтем,  пешенемнен  көрем  де.  Жеткізер  болсаң, 

әй,  залым,  осы  сөзімді  де  жеткіз  –  деп,  бойындағы 

бар ызғарын баяғы бала жаста оспа жеп тастаған қара 

сұр бұжыр бетке жиып, Ебейсінге қадала қарап айтып 

еді. Дуалы ауыз емес пе, сол сөз ел арасына қапелімде 

тез  тарады  да,  болыс  сайлауына  түскен  бақталастар 

Қаратазды «дүние боғын домалатқан қара қоңыз» деп 

мошқап, мінеп, қытығына тиіп болған-ды.

– Кәне, сен ер болсаң ел арасына таратып жүрген 

сөзіңді өзіме айтшы! Осы қазір айт! – деді Құдайменде.

Кәлен  етігін  киді.  Күпі  сыртынан  қайыс  белбеуді 

буды.  Сосын  қамшысы  мен  тымағын  қолына  ұстады 

да,  Құдаймендеге  бұрылды.  Кеждікке  біткендей 

кішкентай құлағының ұшы дуылдап баратты.

–  Мен    саған    адал  көңілмен    келіп  едім.        Сен  

сыртыңды  беріп  отырсың.  Өкінерім     жоқ. Уа, жа-

лынбаймын  да.  Ал,  бірақ...  ел  арасының  өзің  туралы 

не ойлайтынын айта кетейік.

– Сен осы не дей-туң? Не деп оттай-туң, а? 

– Мен оттап отырғам жоқ. Ел арасында өз көтіңді 

өзің боқтап алып отырсың. 




46

Құдайменде бір кісіге дербес әлі келетін-ді. Егеске 

кеткесін енді ол да ештеңеден тайынбады. Кәленнің ін 

түбінен, әріден қадалған көзіне жасқанбай тура қарап:

– Ой, сорлым-ай! – деп мырс етті. – Бұрын бір ұры 

досым артық болатын, енді көп болса, бір ұры жауым 

артық  болар.  Менен  қашқан  кісілердің  бәрі  ана  жар 

басындағы  балықшыларды  сағаларын  білем.  Сен  де 

ендігі  жерде  маған  кезеген  ағаш  оғыңды  сол  жақтан 

атарсың. Бар, кет, жолың ашық!

–  Е,  барса  қайтеді?  Барам.  Қосылам  –  деп,  Кәлен 

жанжал  десе  жаны  кіріп  қоя  беретін  ежелгі  ерлікке 

басып, қолындағы жуан дойырды сығымдап қысып алы 

да, – Ендеше бар-ау, мен сені өз отыңның басында... – 

деді  де,  орнынан  атып  тұрды.  Ол  енді  иесіне  түскен 

ызалы  бүркіттей,  ірі  қара  кісінің  үстіне  төніп  қалып 

еді, Құдайменде есіктің аржағында тұрған жітіттерге 

айқайлап:

–  Әй,  мына  ұрыны  байлаңдар!  –  деп  еді,  есік 

шалқалап  ашылып,  ішке  еңгезердей  екі  жігіт  кіріп 

келді.  Құдайменде  орнынан  тұрам  дегенше,  Кәлен 

оны қақ бастан тартып жіберді де, әлгі жігіттерге өзі 

тап  берді.  Олар  да  осы  ауылдың  ұрда  –  жық  қарулы 

жігіттер еді, бірақ жылан көз, бұжыр қараға бетпе-бет 

келгенде бата алмай, бөгеліп қалды. Кәлен оларға ес 

жиғызбай, жуан дойырды үйіріп, төбесінде ойнатып:

– Өлгілерің келемесе, кет былай! – деп ақырғанда, 

ана  екеу  жалт  беріп,  босағаға  жабыса  қалды.  Кәлен 

сыртқа  атып  шықты.  Торы  атқа  тақымы  тигесін 

асықпай,  тебініп  жүріп  кетті.  Бұжыр  қараға  бұл 

ауылдың  иттері  де  бата  алмай,  бөксесін  үйге  тығып 

тұрып үріп еді...




47

* * *

Құдайменде  әлгіден  кейін  тac  тиген  жыландай 

көпке  дейін  отырған  орнынан  қозғалмады.  Жаңа 

бұның төбесінде ойнаған  жуан дойырдың ұшы оның 

дәл  топшысына  тиіп  еді;  сүйегі  сынғандай  бүкіл  бір 

иығының басы мен білегі, қары ұйып, көтертпеді. Есін 

енді жиған екі жігіт есіктен басын сұғып:

– Құдеке-ке... қа-лай-сыз?– деп еді, Құдайменде:

– Шық!.. Шық үйден! Өй, өңшең ез! – деді ақырып.

Құдайменде  үстіне  кірген  әйеліне  де  үндемей, 

киімшең  бойымен  теріс  қарап  жатып  алды.  Өзіне 

салғанда  бұған  болыстықтың  түкке  керегі  жоқ. 

Қоралы  қой,  мыңғырған  мал,  жиған-терген  дүние 

мүлік  бір  басына  жететін-ді.  Жөніне  тыныш  қарап 

жүрмей,  әуелі  қайдағы  пәлені  бастаған  софы  ағасы. 

Оны  Тәңірберген  қостап,  екеуі  екі  жақтан  бас  салып 

жабысты  да,  бұл  лажсыз  көнді.  Басында  құлықсыз 

болса  да  тәуекелге  бел  байлап  сайлауға  түскеннен 

кейін  бұның  өзіне  де  жел  бітті.  Ала-бөле  кейінгі 

күндері  басқа  шаруаның  бәрін  жиып  қойып,  білегін 

сыбанып, құлшынып кірісіп еді. Жаңағы ұры, «ертең 

аяғың  аспаннан  келеді»,  –  деп  зіл  тастады.  «Десе 

қайтеді,  дей  берсін.  Шындап  кіріссе,  халық  қимаған 

сол болыстықты бұған ақтылы ала қойы алып береді-

туң...»  –  деді  Құдайменде.  Осыдан  кейін  өзіне  сенім 

пайда  болғаны  сонша,  ол  енді  шынымен-ақ  болыс 

сайланып  қалғандай  күшке  мініп:  «Тұра  тұр,  бәлем. 

Сендермен сонда сөйлесем. Сен, Кәлен, сен, Еламан, 

тұра  тұр!  Соңыра  бойларыңды  кездетіп,  қазынаның 

қолына  бір  тапсырсам...  торлы  терезенің  ар  жағынан 

мойындарыңды созып тұрғандарыңды көрсем...» деді 

ішінен.



48

* * *

Ойхой,  дүние!..  теңіз  жайында  әңгіме  шерткен 

қандай ғанибет! Құй өзің сөйле! Құй өзгені сөйлетіп 

қойып,  жиын  арасында  жантайып  жат  та,  жұртты 

тыңда,  мейлің.  Өзің  сөйлесең  де,  сен,  бәрібір,  бір 

құлағыңды  қауқылдаған  көптің  әңгімесіне  тігіп 

қоясың да, аржағыңда қыштап тұрған ойыңды ортаға 

саласың. Өзіңнің айтатының да, өзгеден есітетінің де 

баяғы бір ескі жыр: биылғы балық талабы. Балық неге 

тереңге  кетті?  Тайызға  қашан  соғады?  Күн  қызарып 

бұлтқа батты. Бұны неге жоруға болады? Ертең аспан 

ашық бола ма? Жел бола ма, жоқ па 

Райдың үйіне жиналған балықшылар бүгін де теңіз 

жайын,  балық  жайын,  ауа  райын  әңгімелеп,  әр  саққа 

жүгіртіп  жатыр  еді,  аттылы  біреу  кеп  есік  алдына 

тоқтады.  Дүрс  етіп  аттан  түсті.  Шылбырын  босағаға 

байлай салды да, сәлем беріп кіріп келді.

–  Ағажан,  басыңызды  бұрыңызшы!  Жаман  үйдің 

төбесін мойныңмен іліп әкетерсің, – деді Рай.

Кәлен жас жігіттің әзілін құлағына ілген жоқ, ішке 

кірген бойда бірден:

– Әй, Еламан, шаруам сенде. Кәсіп іздеп келдім – 

деп еді, тағы да Рай:

– Ағасы-ау, біз адал кәсіппен күн көріп жүрміз ғой. 

Сізге лайық кәсіп... – дей бергенде, Кәлен жас жігітке 

жалт  қарады.  Әр  талы  айғыр  жалындай  сұйық  мұрт 

тікірейіп, қара сұр бұжыр беттің түсі қатты бұзылып 

кеткен екен. Мұның арты бір шатаққа апарып соғарын 

білген  балықшылар  –  бәрі  бір  кісідей    бойын  дереу 

жиып  ала  қойып  еді;  Кәлен  күтпеген  жерден  күрт 

жадырап:



49

– Өй, күшік. Бала ғой деп жүрсем, сен де башайдан 

тартуға жарап қапсың ғой, – деді.

Жұрттың арқа-етегі демде кеңіп сала қойды.

– Шаруаңды айт?– деді Еламан. 

– Саған кісі керек дейді ғой. 

– Иә, керек. 

– Ендеше, мені ал!

– Қаратазың қайда?

– Әй, бала, өткенді қазбалап қайтесің. Олай десең, 

бір  кезде  сен  де  сол  таздың  қосын  жеккенсің.  Өзіңе 

мұз оятын адам керек пе?

– Керек.

– Ендеше мені ал!

– Шодырға бар... 

– Міне, сөз! Қаратазды қайтесің. Ендігі жерге сен-

дермен бірге қарашекпеннің де қосын жегіп көрейік. 

Әуселесін кейін көре жатармыз.

– Уә, болыс кім болды?– деді Есбол қария.

– Болысың – Қаратаз!

–  Ой,  Құдай-ай!..  Бақытың  да  көзі  соқыр  сорлы 

екен ғой, – деді Рай.

Есбол қария мырс етті:

– Уә-ә!.. Итсигек екеш итсигек те мәуелеп өседі-ау 

бір...

Балықшылар жамырап сөйлеп кетті:



–  Енді  оңарсың.  Олай  бассаң  –  Қаратаз,  былай 

бассаң – қарашекпеннің байы...

– Е, құдайым! «Бақ адасса, – батпаққа қонады»...

– Қой әрі! Сол шіркіннің де құны төмендеп кетпеді 

ме. Әлгі татар байдың дүкеніндегі қызыл ала кездеме 

сияқты,  қалтасында  пұлы  бар  қазақ  бақты  да  сатып 

алып жүр ғой.

Еламан әңгімеге араласпады. Құдаймен денің жайы 




50

өзіне белгілі. Мың жерден болыс болса да Абыралыға 

қарағанның  ендігі  билігі  жас  мырзада.  Қаратаз  оның 

қолындағы қара шоқпар ғана. Сілтегенде зілдірек тию 

үшін ағасын әдейі болыс қып отыр.

– Қора-қора қойлардың арқасында Қаратаз да кісі 

санатына кірді... Қатарға қосылды, – деп еді Дос,

Еламан:


– Қой әрі! Ол таз қой баға білді. Бірақ ха лық қой 

емес еді ғой. Көрерміз әуселесін, – деді.

–  Жақсы  айттың-ау,  балам,  –  деді  Есбол  қария. 

Сәл үндемей отырды да, өзінің әлгі бірде жұмбақтап 

бастаған  ойына  қайта  оралып,  –  Естеріңде  бар  ма, 

балалар...  Қатындар  күзде  сабын  қайнатамыз  деп 

итсигек  шауып,  күл  ғып  өртеп  жататын  еді  ғой. 

Қаратазды  да  тосқан  алдында  күз  бар  шығар,  –  дей 

бергенде, сырттан бір оғаш дауыс шықты.

Мынау не аңның ұлығанына, не адамның көкірегін 

алып салған гөй-гөй күңіренгеніне ұқсамайтын дауыс. 

Әйелдің жоқтауына да келмейді.  Не де болса, мынау, 

салған жерден кісінің сай-сүйегін сырқыратып, жанын 

шығара бебеулетіп ала жөнелген зарлы үн оқыс шықты 

да, құлақта ұлып тұрып алды. Бірде ішін тартып соққан 

күзгі  қара  суық  желдей  уілдесе,  енді  бірде  ботасын 

жоқтап,  тұлыпқа  боздаған  інгендей  аңырап  кетеді. 

Қайдан  шықса  да,  салғаннан  қара  түнді  қақ  жарып, 

күңіреніп шыққан сұмдық үннен бұндағылардың төбе 

құйқасы шымырлап қоя берген-ді.

– Ой, әттеген-ай! Мынау Әлизаның даусы ғой.

Ешкім үндемеді. Үйткені бұнда отырған кісілердің 

бәрі қарт әйелдің даусын білетін. Ал мына дауыстың 

түрі  басқа.  Сонан  келе  жұрттың  есіне  осы  бишара, 

сормаңдай  ананың  әл  үстінде  жатқан  баласы  түскен-

ді.



51

* * *

Жұрт  дүрліге  көтеріліп,  сыртқа  шықты.  Әшиінде 

аяғы ауыр Еламан да орнынан атып тұрды. Көйлекшең. 

Жалаңбас.  Жолындағы  кісілерді  қаға-маға  жұрттан 

бұрын  сыртқа  атып  шыққан-ды.  Тастай  қараңғыда 

көзі түк көрмесе де, әлгі бір  аңыраған дауысты бетке 

ұстап жүгіріп келеді.

Қазалы  үйге  басқалардан  бұрын  жетті.  Тек,  кірер 

жерде әлде неден именгендей кілт тоқтады да, қайта 

жүрді. Онда да алдына осы ауылдың үлкендерін салып, 

өлік жатқан үйге аяғын ұшынан басып, ақырын кірді. 

Кісі-қара  қапелімде  толып  қалды.  Соқыр  шам  есік 

жақта сығыраяды. Сығыр сәуле кірген, шыққандармен 

ілесе  келген  сырттың  желі  астында  ұйтқып,    желп 

етіп бұққан сайын қайыс етіктердің ақжем тұмсығын 

бозғылдауға  ғана  жарап  тұр.  Және  қазанда  қайнаған 

судың буынан бірде-біреудің бет-жүзі жөнді көрінбеді. 

Ал  әрегіректе  тұрған  кісілер  қарауытып,  ауыр  қаза 

астында еңсесі түсіп мүлгіп қалған.

Еламан  Есбол  атасы  бастаған  шалдарды  төрге 

өткізіп  жіберді  де,  өзі  есік  жақта,  елеусіз  көптің 

арасында  тұрып  қалды.  Ішке  кіргелі  Әлизадан  көзін 

айырмады.  Әлі  де  болса,  Әлиза  баласының  өлгеніне 

сенбейтін сияқты. Кісі-қара келгелі жылауды қойған. 

Жасын да тыйыпты. Жалғыз баласын оң жаққа салып 

қара  жамылған  анадай  емес,  мына  түрі  құдды  ауру 

бала  ұзақ  шеккен  азаптан  кейін,  қазір,  шүкір,  тәуір 

болып, тап осы қазір көзі ілініп кеткендей. Топырлап 

кіріп  жатқан  мына  кісілер  бұған  көңіл  айту  үшін 

емес,  қуанышына  құтты  болсын  айтуға  келіп,  үй-іші 

абыр-сабыр  болып  жатқандай.  Сондай  әлсіз  үмітке 



52

ана  көңілі  шыныменен  алдарқатып,  өң  мен  түстің 

арасындай  есірік  халде  есін  жия  алмай  отырғандай. 

Басынан  сыпырылып  түсіп  кете  беретін  жаулықты 

жөндеп  қайта  тартпақ  боп  әлек.  Бірінен  кейін  бірі 

келіп  жатқандарға  ілтипат  көрсеткісі  келгендей, 

елпілдеп ұшып тұрғысы келе ме, орын ұсынғысы келе 

ме,  қалай?  Өзіне  қалғанда  ұшып  тұрар  еді.  Бірақ  екі 

әйел  екі  жағынан  ұстап  тырп  еткізбей  қойғандарына 

түсінбей, алақтап әр кімге бір қарап отыр еді, Рай мен 

Дос  табытта  жатқан  баланың  бетін  жауып,  сыртқа 

алып  бара  жатқанда  қарт  ана  бірден  есін  жиып  ала 

қойды.

– Ойпырым-ай!..



Жаны ышқынған қарт ана әлгі-әлгі ме, енді өкіріп, 

өзінің  бетіне  өзі  тырнақ  салып,  осып-осып  алды. 

Қанша  кісі  жабылса  да,  күйік  көтерген  әйел  қолда 

тұрмай,  «Жан  ботам-м!  Құлыным-м!»  –  деп  зарлап, 

сыртқа алып бара жатқан мәйітке қолын созып ұмтыла 

берді де, құлап түсті.

Жыламаған  жан  қалмады.  Еламан  да  жылады. 

Үш-төрт  жігіт  жылап  жүріп,  ес-түссіз  жатқан  әйелді 

көтеріп  апарып  төсекке  жатқызды.  Балықшылар 

мүлгіп,  әйелдер  жаулық  шетімен  аузын  басып,  үнсіз 

егіліп жас төгеді. Төр жақтан құран оқыған қартаңдау 

біреудің мыңқылдақ мақамы естілді. 

Әлиза оқтын-оқтын тұрғысы келгендей ұмтылады 

да,  «а-аһ!..»  –  деп  қайта  құлайды.  Мөңке  табытта 

жатқан  баланың  бетін  жабарда  өкіріп,  теріс  қарап 

құлай  кеткен-ді.  Сонан  қайтып  қыбыр  етпеді. 

Жұбатпақ  болған  бірде-бір  адамның  сөзіне  құлақ 

аспай,  дүниеден  түңілгендей  боп  жатқанда  қасына 

Есбол қария кеп отырды. Тіл қатқысы кеп оқтала түсті 

де,  тамағына  жас  тіреліп  тоқтап  қалды.  Сосын  біраз 

отырып барып:



53

–  Уәй,  Мөңке,  –  деп  өктем  тіл  қатты,  –  уа, 

жарқыным,  басыңды  көтер!  Құдай  өзінің  бергенін 

өзі  алды.  Алланың  әміріне  қай  пенде  араша  боп 

еді?  Сен  неге  төңірегіңе  қарап,  тәубаға    келмейсің! 

Уа,  мен  сенен  кем  бе  едім?  Сен  өлген  балаңа  жылап 

жатырсың, менің, тым  құрыса,  молада да  тілекшім                    

жоқ екенін неге ойламайсың, – деді де өмір-бақи тірі 

жанға  тісінен  шығармай,  өзегін  өртеп  жүрген    ащы  

сырды  –  өзінің  баласыз,  жалғыз,  қу  бастығын  айтты 

да, тоқтады.

Мөңке  басын  көтерді.  Күш  шақырып,  шынтағы 

астындағы жастыққа сүйеніп отырды. Сол күні шалдар 

Әлиза  мен  Мөңкенің  қасында  қалып,  қалған  жұрт 

үйді-үйіне тарады.

Еламан өзімен бірге сыртқа ере шыққан Ақбаланы 

байқаған жоқ-ты. Сонан, тек үйіне жақындағанда арт 

жағында  солқылдап  жылап  келе  жатқан  әйел  даусын 

естіп, тоқтай қалды. Ақбала жаулық шетімен аузын ба-

сып апты. Өзін тосып тұрған күйеуін қасына келгенде 

көріп, өкіріп иығына құлай кетті. Еламан жұбатқысы 

келсе  де,  бірақ  аузына  сөз  түспеді.  Сосын  иығына 

асылып, солқылдап жылап тұрған Ақбаланы бауырына 

тартып,  құшағына  қыса  үйге  кірді.  От  жанбаған  үй 

ызғып  тұр  екен.  Бұлар  шам  жақпады.  Сырт  киімін 

шешті  де,  көрпе  астына  кіріп  жата  қалды.  Ақбала 

Еламанға  сыртын  беріп,  аржағына  аударылып  түсті. 

Сонан қайтып қыбыр етпеді. Еламанның көзіне ұйқы 

оралмады.  Қараңғы  үйде  кірпігіне  кірпігі  ілінбей, 

қыбыр  етпей  жатыр  еді,  бір  кезде  жаман  есік  сықыр 

етіп, әлде кім ішке кірді. Еламан басын көтеріп алды. 

Қараңғыда  кісі  рабайсыз  үлкейіп    көріне  ме...  әлде  

шынында да сондай ірі біреу ме...Еламан өзіне қарай 

келе жатқан мына кісінің репетінен сескенген Еламан 




54

қарманып, қолымен маңайын сипалай бастап еді, соны 

сезгендей анау да дыбыс беріп:

– Мен ғой, – деді ақырын.

Еламан  «сары  баланы»  даусынан  танып:  «Жай 

жүрсің бе?» – деп еді, анау «сыртқа шығайық» – деді. 

Ақбала ояу еді; әлгілер шыққан бойда, бұ да жалма-жан 

төсектен тұрды. Жалаң аяқ. Жалаң бас. Табанын қарып 

алған мұздай еденді жасқаншақтай басып есікке жетті. 

«Жылауыққа»  жабысып тұрып сыртқа құлағын тосып 

еді ауық, ауық ішін тартып, ышқынып  соғып  тұрған 

ызғырық жел  мыналардың  сөзін  дұрыс есіттірмеді. 

Бар  ұққаны – жаңа сайланған болыс промсолға келіп, 

орыс  байына  қонақ  боп  кетіпті.  Сосын  бұлардың   

бәрін  ертең  мұз  үстіне  шығарады...

Ақбала қалтырап тоңып баратқасын жүгіріп барып 

төсегіне  жата  қалды.  Ештеңені  жөндеп  түсінбесе  де, 

әйтеуір,  қандай  да  бір  жамандықты  жүрегі  сезді  де, 

қол-аяғын  баурына  алып  тырп  етпей  тым-тырыс  боп 

жатыр еді. Еламан келіп көрпе астына  кірді де, аяғын 

созып көсіле беріп еді, әлгінде ғана мұздай жер басқан 

Ақбаланың аяғын қарып алды.

– Сен ояу ма едің? – деді Еламан. Ақбала аударылып 

түсті.  Үн-түнсіз  құшағына  кіре  берген  әйелге  бұ  да 

дереу  ұмтылып  құшақтай  алды.  Анада  бай  ауылдың 

жас  мырзасы  келіп-кеткелі  бұлар  бірінен  бірі  бойын 

тартып  томсарып  жүрген-ді,  осы  жолы  тағы  да  тар 

төсекте қалай табысқанын өздері де сезбей қалды.

– Жаңағы кім?

– Кәйтесің. Өзіміздің адам.

– Өзің... болғанда ол кім?

Еламан айтқысы келмеді. Бірақ, айтпасына қоймай 

жабысып  алған  Ақбаланы  баурап  өзіне  тартып  еді, 

бұндайда    шіреп  тұра  қалатын  сыйымсыз  қарынның 




55

аржағынан  әлдене  бұлқынып  қалды.  «Ой,  тентек!..» 

–  деп,  Еламан  әр  кездегідей  бауыры  елжіреп  кетті. 

Таяу  арада  бұлардың  өздерінен  басқа  тағы  бір  тәтті 

тірліктің  дүниеге  келетінін  ойлап,  сонан  қашан  көзі 

ұйқыға кеткенше күлімсіреп жатып еді...

Ертеңіне оянғанда үй іші әлі қараңғы екен. Ұйқысы 

қанбапты.  зілдей  бас  көтертпей  жастыққа  жыға 

бергесін,  көзін  жұма  түсті  де,  іле  қайта  ашып  алды. 

Есіне Мөңкенің баласы түсіп еді. Ауасы тар, қапырық 

үйде  өлікті  ұзақ  ұстауға  болмайды.  Қалайда  бүгін 

жерлеу  керек.  Жігіттер  жетеді.  Күрек,  кетпен  сайлы 

болмаса  тоң  жерді  қазу  оңай  емес.  Айтпақшы,  орыс 

байына барып, бір күнге пұрсат сұрап алу керек екен-

ау? 

* * *

Бұл, өз басы Құдаймендеден қай кезде де жақсылық 

күткен емес-ті. Оның болыс болғаны басқадан бұрын 

алдымен  балықшыларға  сор  боларын  білген.  Бірақ 

бұл ойлағандай жамандыққа тап осылай шұғыл кірісе 

қояр деген ой басына келмеген. Андрей сақтандырған 

түндегі  әңгімеден  кейін  Еламан  Шодырға  бармай, 

әуелі  Курнос  Иванға  кіріп,  бұндағы  жағдайдың  бет 

ажарын біліп алғысы келді. 

  Курнос  Иван  ас  ішіп  жатыр  екен.  Бұны  көрсе 

де  алдындағы  астан  басын  көтермеді.  Түннен 

қалған  балықты  екі  ұртын  сидалап  толтырып  апты. 

Таңырайған танауы, әсіресе, балық шайнағанда қатты 

шуылдап, жампаңдап шулап: 

– Аа, Еламан... Еламанушка, кел! Кел! – деді.

Еламан  кірер-кірместе  үй  ішінен  ала  бөле  ел 

қазағының  мұрны  жақтырмайтын  қышқыл  капуста 

мен кандаланың исі мүңк етті.




56


57

–  Неге  келгеніңді  білем.  Конечно,  баланы  жерлеу 

керек.    Сен...  Иә,  сен  әуелі  Федоровқа  бар.  Сенің 

шаруаңды сол шешеді. Тек абайлап сөйлес, –деді.

Түн асқан кебіртек балықты жұтпақ боп еді, 

түйілді, әлде,  қақалды ма, көзінен жас ыршып кетті. 

Еламан  Курнос  Иваннан  шыға  салысымен  тура 

Федоровқа барып еді; орыс байы тұрған екен. Ауызғы 

бөлмеде ас даярлап жатқан, келіншек ісін қоя салды. 

Қолын  алжапқышқа  сүртті  де,  үстіне  кірген  кісіге 

көзі түскен бойда таңданғаны, әлде тамашалағаны ма, 

кірпігін  қақпай,  іркіліп  ұзағырақ  қарады.  Өзі  көріп 

жүрген қыр қазақтарынан мынаның тұлға, тұрпатынан 

ұрғашыларға  ұнайтын  қандай  да  бір  тартымды 

бірдеңесі  барын  байқады  ма,  басына  бір,  аяғына  бір 

қарап ішіп-жеп баратты. Әйел баласынан бұрын соңды 

бұндай  әдепсіздік  көрмеген  Еламан  қысылды  ма, 

ұялды ма, қызарақтап бетін қашырта берді. Келіншек 

оның қысылғанына тіпті мәз боп, ішек-сілесі қатқанша 

сықылықтап күлді.

– Бай... үйде ме? – деді Еламан.

Ләм  деместен  төргі  бөлмеге  кіріп  бара  жатқан 

келіншектің  шамнан  түскен  сәулеге  аппақ  балтыры 

шағылысып,  тұра  қашқан  ақ  бөкеннің  таңындай  бір 

жарқ  етті  де,  көзден  ғайып  болды.  Еламан:  «Мына 

сайтан  қайтеді,  әй?»  –  деп,  назарын  басқа  жаққа 

аудара бергенде, Еламанның көзі тұсына кілем ұстаған 

болыскей кереуетке түсті. Кереуетке жиған қос мамық 

жастық та дала қазағына «бұл қайдан жүр» дегендей екі 

құлағын едірейтіп тігіп қалған екен.«Сары сайтанның 

салымдысын  көрдің  бе?»  Еламан  тағы  да  әлгі  аппақ 

келіншек жөнінде ойлап бара жатқан күнәһар көңіліне 

ызаланып:  «Осы  бүгін  маған  не  болды?  Әлгі  сайқал 

қайда?»  –деді  ішінен.  Әрі-бері  күтсе  де  ешкім 




58

көрінбеді.Сосын  ел  қазағының  осындайда  алды-

артына  қарамай,  омыраулап,  баса-көктеп  кететін 

мінезіне  бағып  бұ  да  төргі  бөлмеге  кіріп  барып  еді. 

Келіншек сықылықтап күліп, Федоровтың құшағынан 

сытылып  шыға  берді.  Желкесіне  сырғып  кеткен  ақ 

шыт  орамалды  басына  жөндеп,  қайта  тартып  жатып 

шынтағының  астынан  Еламанға  қарап  көз  қиығымен 

тағы бір шарпып өтті. Сосын көйлек астынан құйрығы 

бұлтыңдап, аппақ балтыры жарқыл дап шығып кетті.

Федоров жасында қара жұмыс істеген апайтөс, ірі 

сары орыс болатын. Түсі суық. Ашулы түрі тіпті жаман 

еді.  Сүзеген  бұқадай  басын  бауырына  алып,  тұздай 

көк  көз  түйілген  қабақ  астынан  қадалып,  Еламанға 

жақындай берді.

Еламан  ағат  істегенін  білді.  «Күте  тұруым  керек 

еді?» – деп ойлағанша болмады, Федоров:

–  Аз-и-ат!  Дикарь!  –  деді  де,  Еламанды  жағынан 

тартып жіберді. 

Еламанның  көз  оты  жарқ  етті.  Ол  енді  тартынған 

да, тайсалған да жоқ.

– Тақ-сыр! Біз Мөңкенің баласын бү-гінн...

Федоров тұла бойындағы бар күшті оң қолға салып, 

құлақ шекеден қойып қалды. 

– Жоқ, баланы жерлемей, мұз үстіне шықпаймыз, 

–  деді  де,  Еламан  бұрылып  жүре  берді.  Федоров 

соңынан  ұмтыла  түсті  де,  тұрып  қалды.  Жұдырығы 

шоқ басқандай дуылдап, өзі де дір-дір етіп тұр. Бұған 

не  істесе  де,  ашу  үстінде  асығыс  істегісі  келмеді  де, 

дірілдеген  қолымен  темекі  тұтатты.  Ащы  темекіні 

үсті-үстіне  құныға  сорды  да,  лақтырып  жіберді. 

Сосын  қасында  тұрған  орындыққа  шалқалап  отыра 

бергенде  көзі  қабырғада  ілулі  тұрған  алтын  жиекті 

рамадағы  жас  офицердің  суретіне  түсті.  «Неге  хабар 




59

болмай  кетті?  Соғысқа  жіберіп  қоймады  ма  екен?» 

деп ойлады. Хат-хабар кідірген сайын жақсы көретін 

жалғыз  бала  әлде  қайтеді  деп,  зәре  жоқ.  Былтыр 

Аралға  келіп,  Марковтың  кіші  қызына  үйленіп  кетіп 

еді. Ал, Марков... Арал өңірінде түу дегенде түкірігі 

жерге түспей тұрған атақты бай. Бірінші гилді көпес. 

Аралда  алғаш  өндіріс  ашып,  үлкен,  үлкен  үйлер 

салғызып, шіркеу, мейманхана салғызып, «Хиуа» атты 

акционерлік қоғам ашты. Кәзір Арал теңізінің балығы 

мен  Хиуа  хандығының  тай-тай  мақтасын  ешкіммен 

бөліспей, бір өзі дербес қожа боп отырған көкжал.

Марковпен  құда  болғалы  бұның  да  құдайы  беріп 

тұр. Бұрын бірде тұз жетпей, бірде ағыл-тегіл балықты 

дер кезінде жөнелте алмай, кіріптарлық басына күнде 

түсіп  жатса,  енді  қазір  төрт  құбыласы  түгел.  Бұрын 

қит  етсе,  алдын  орап  кете  беретін  бақталас  жауы  – 

Ақсақ Жагорға қазір бұның өзі тізесін батыра бастады. 

Өткен  жазда  құдасы  Ақсақ  Жагорға  тұз  бермей, 

қыруар балығы шіріп, суға ағызып жіберді. Ендігі ар-

маны – ақсақ сайтанның Көкарал мен Сарыбасаттағы 

промсолын өзіне қаратып алу. Соған өзі араласпай, ана 

жақтағы баласы мен келіні арқылы істегенді жөн көрді. 

Хат  жазайын  деп  столға  отырды.  Соның  бәрінде  де 

қолына қалам ұстаса болды, қара терге түседі. Сосын 

ұйқысы  келеді.  Сосын  есінеп,  әпі-шәпісі  шығады  да, 

қолын бір сілтеп тұрып кетеді. Кеше де, жатар алдында 

«Менің  сүйікті  һәм  теңдесі  жоқ  келінім  мен  балам», 

–  деп  жаза  бастады  да,  бірақ,  құдай  қылса  қайтесін, 

өткендегідей,  бұл  жолы  да  ұйқысы  келді  ме,  есінеді 

ме,  хатқа  түскен  әлгі  азғантай  жазудың  қиқы-жиқы 

әріптері  су  шайғандай  ірімтіктеніп,  өзі  жазғанды  өзі 

танымады.  Сосын,  хатқа  құнтсыздығына  жатты  да 

ызаланды. Сосын кеше бастаған хатты, сәті түссе бүгін 




60

ұйқысын қандырып, шай-суланып алғасын аяқтармын 

деп отыр еді, үстіне жаңағы ақ балтыр келіншек кіріп 

келді. 


– Ас дайын, – деді де, әдеттегідей тізесіне ырғып 

мініп,  жұп-жұмыр  білегін  мойнына  асып,  алдында 

аяғымен ойнап отырған үстіне, әлгі азиаттың әй-шәй 

жоқ баса-көктеп кіріп келгені...

– Өзі, көрдің бе, өлгенін білмейтін өжет неме екен. 

«Ну-у,  погоди!  Көресіңді  көрсетіп,  жыныңды  басып, 

біржолата ноқталап алайын» деді де, Курнос Иванды 

шақырды.


–  Аналарға  бар.  Бірі  қалмай  мұз  үстіне  шықсын! 

Егер...  әй,  есітіп  тұрсың  ба,  егер,  теңізге  шықпаса, 

айта бар, менен жақсылық күтпесін. Ертең бәрін қуам.

– Мұз әлсіз ғой.

– Ол сенің шаруаң емес. 

– Дегеніңіз білсін. Мен тек ау-құралдан айырылып 

қалмайық деп...

– Жаңасын берме, ескісін бер.

Курнос Иван жөнеле берді. Оның сүмсиіп шығып 

бара жатқан сүдінін жаңа көргендей, Федоров соңынан 

көзін  тігіп  ойланып  қалды.  Осы  бишараның  бүтіл 

болмысында  кісі  көкірегінен  бірде  аяныш,  бірде  ыза 

шақыратын болымсыз мүсәпірлік бар. Бура сан, апай 

төс.  Анау-мынау  кісілерді  ықтыратын  өзіне  жетерлік 

айбар-сұсы  бар.  Сонан  келе  бұның  алдында  көзін 

жерден көтермей, жүні жығылып бишара бола қалады.  

Шынына  келгенде,  бұның  өзіне  де  осы  пақырдың 

сонысы  ұнайтынын  ойлағанда,  Федоров  қолағаштай 

мұрынның бір танауынан мырс етті. Иә, бұл Аралдан 

промсол  ашқалы  не  ертең,  не  бүрсігүні  жүретін  боп 

қапылса  да,  бірақ  бір  шаруасы  бітпей,  апысы  кіріп, 

күпісі  шығып  жатқан-ды.  Оқитын  балалар  болғасын 




61

үйін жылы орнынан қозғамай, жеке басы сыбай-салтаң 

кеткенді  жөн  көрді.  Үй  ішімен  алдын  ала  осыған 

келісуі  келіскен-ді.  Осы  шешімі  өзіне  де  ұнаған-ды. 

Енді  күні  ертең  жүретін  боп  буынып-түйініп  әзір 

отырғанда, бұның басына келмеген бір ой есіне түсті. 

«Ох, черт», – деді санын соғып, – «қырғыз-қайсақтың 

қайдағы  бір  меңіреу  даласында  мал  табудан  басқа 

ермек  жоқ,  қызуқанды  қайратты  еркек  әйелсіз  қалай 

тұрады?  Екі  асығыс,  бір  қарбаласта  өзімен  бірге 

ала  кететін  әйел  қапелімде  қайдан  табылады?  Бәрін 

ойластырғанда, бұл есінен қалай тарс шығып кеткен? 

Бір ой өзін қатты қунаған Федоров жеңіл тарантаспен 

Орал  қаласының  орталық  көшесінде  зырлап  келе 

жатқан-ды.  Шіркеу  алдында  қайыр  сұрап  тұрған 

жас  қызға  көзі  түсті.  Үсті-басы  ебіл-себіл.  Жұпыны. 

Жүдеу.  Бірақ  тірлікте  талай  ұрғашыға-тақымы  тиген 

кәркесте  еркектің  қырағы  көзі  бишара  қыздың  басқа 

мүшесінен бұрын «ә» дегенде оның оқтаудай түзу аяғы 

мен торсықтай аппақ балтырын назары шалып қалды. 

Соңыра өзі сияқты күші қайтпаған қайратты еркектің 

манжамына түссе... бұрын соң татпаған зәруді татқан 

жас  тән  еркектің  астына  бір  түсіп  шықса,  е-хе-хе, 

соның аржағында қарға аунаған қаншық түлкідей түгі 

түлеп шыға келер-ау әлі-ақ!

Бұндай  шаруаның  талайын  із-тұзын  білдірмей 

істеп,  әбден  кәнігіленіп  алған  жырынды  көпес 

ұзақ  жолға  жүрер  алдында  әйелінің  көңіліне  сезік 

туғызғысы  келмеді  де,  әлгі  қызды  Курнос  Иванға 

алып  берді.  Оны  да  дәл  жүретін  күні  қас  пен  көздің 

арасында  істеп  еді.  Үсті-басын  малындырып 

киіндірген әп-әдемі жас қызбен қол ұстасып, шіркеуге 

кіргенде  Курнос  Иванның  төбесі  көкке  жеткен-ді. 

Онсыз да түбі түскен шелектей кең танауы әдеттегіден 




62

гөрі  қаттырақ  шуылдап,  тойға    жиналган  кісілердің 

көзінше  Федоровты  бас  салып  құшақтай  алды.  Енді 

сүймек боп ұмтыла бергенде, Федоров:

– Ақымақ! – деп оны итеріп жіберген-ді.

* * *


Курнос  Иван  әрқашан  Шураны  көрген  сайын 

осылай  ауыр  сезім  бойын  мартудай  басып,  өзінен-

өзі  азып-тозып  қалар  еді.  Балықшылардың  аулына 

да  көңілі  құлазып  әзер  жетті.  Оларға  Федоровтың 

әмірін бұлжытпай, дәл жеткізді де, «бұған не дейсің?» 

дегендей көп ішінен Еламанға қарап еді, Еламан онан 

назарын тайдырып әкетті. Сосын ол:

– Өздерің шешіңдер! – деді балықшыларға.

Олар  әрі  толқып,  бері  толқып,  ақырында  Тентек 

Шодырдың  дегеніне  көнейік  деген  пәтуаға  келді. 

Бұларды қинаған ендігі жағдай Мөңкенің баласы.

Мөңке әңгімеге араласпай, бір шетте жалғыз отыр 

еді. Мыналардың қиналған түрін көргесін:

–  Жігіттер,  өлген  бала  үшін  тірі  балалардың  оба-

лына  қалмайық.  Ертерек  келсек,  бәлкім  бүгін  де 

жерлерміз – деп, байлауын өзі айтты.

–  Онда  кеттік!  –деді  де,  Еламан  ширақ  басып 

сыртқа шықты.

Бар  әлем  бүркеу.  Суық  жел  ызғырып,  төңірек 

шаңытып  тұр.  Қиғаш  түскен  қиыршық  қатты  қар 

кісі  бетін  тілгілеп  шып-шып  ұрады.  Қабағын  түйген 

қытымыр күннен қаңтардың таяу тұрған қаһарын сезіп 

тұр еді, қасына қауқылдап сөйлесіп бір топ кісі келді. 

Ішінде Мөңке, Дос, Рай бар. 

– Сөз жоқ, дауыл болады.

– Өшір үніңді. Аузыңнан жақсы сөз шықсайшы.

–  Әй,  құдай-ай,  сөзбен  жарылқауға  болса, 

жақсылықты төбеңнен үйіп тастар едім.




63

– Иә, мұз әлсіз. Жел арқадан шықса, аяқтай мұзды 

алады да кетеді.

– Тентек Шодырмен тілдесіп көрсе қайтер еді?

– Ештеңе шықпайды.

– Апыр-ай, бұл не деген безбүйрек ит.

Кісі-қара жинала бастады. Итжемес те маймалаңдап 

осылай қарай келе жатыр. Сүйеу қарттың абызындағы 

адам. Сүйеу қарт оған биыл әйел әперіп, еншісін беріп 

өз алдына бөлек шығарған-ды. Бірақ әлі де өздігінен 

аяғына  мініп  кете  алмай,  сыйлы  қарттың  абыройын 

сыртынан  азық  қып,  ел  арасында  қақпай-соқпаймен 

күн көріп жүр. Кейде кіре тартқандарға ілесіп қалаға 

барады. Кейде Еламанды сағалап, қазіргідей көкше мұз 

тұсында  балықшыларға  соғады.  Алғашқыда  апырып-

жапырып жіберетіндей бір- екі күн аянбай қимылдап, 

күшін  сарқып  алады.  Сүйеу  қартты  сыйлайтын  жұрт 

жұмысқа шалағай жігітті бәрібір үлестен қалдырмай, 

қыс бойы өлі сыбаға боп еді. Сол Итжемес тағы келді. 

Қалаға  қатынап  жүріп  бір  орыстан  алған  ба,  үстінде 

тозығы  жеткен  ескі  қара  күрте.  Жеңін  қайырып 

алыпты.  Соның  өзінде  әкесінің  иығынан  ауысқандай 

қолп-қолп етеді. Рай оның бас-аяғына сықақтай қарап:

–  Қарашекпеннің  байы  екен  десем,  ау,  құда,  өзің 

не боп кеткенсің? – деп күліп еді, жігіт салған жерден 

салдырлай жөнелді:

– Бұ-бұрын қара киімдіден қорқатын едім. Өзім қара 

кі-киім кидім де, ехе-хе, енді жұртты өзім қорқытатын 

болдым.

Біреу  алқымнан  алып  буындыра  қойғандай, 

тұтығып,  түкіріп-шашалып  әркімге  бір  қарап  тұрды 

да:


–  Мұ-мұзға  шық-шыққалы  жатқан  көрінесіңдер. 

А-ал,  іске  сәт!  Талап  қайырлы  болсын.  Теңіз  ба-




64

балықты  болсын!  Ме-мені  де  серіктеріңе  алыңдар. 

Мал  ортақ,  жан  ортақ,  –  деп  ие  бермей,  төпеп  бара 

жатыр еді, Рай:

– Әй, жарқыным, тоқташы, – деді.

– Жо-қ, тоқтамаймын, – деді Итжемес, өзі болмаса, 

өзгенің сөзіне құлақ аспайтын әншейіндегі әулекілігіне 

басып.


– Ау, тым құрыса тындасаңшы.

–  Ой,  әк-ке-ке-сінің  аузын...  тыңдаймын  –  деп, 

қолын  сілтеп,  маймалаңдай  жөнелді.  Кетіп  бара 

жатып та қашан қарасы ұзағанша самбырлаған дауысы 

құлақтан  үзілмеді.  Кеткені  жақсы  болды,  әйтпесе 

аузын  қышытсаң  адамға  десте  бермей,  есіріп  кететін 

әулекі.  Тұтықпасы  демесең,  тұмсығын  құдды  желге 

төсеп  жүгірген  ақ  киіктің  танауындай  кең  танауы 

желпілдеп,  үсті-үстіне  сөйлеп  бергенде  оны  тоқтату 

мүмкін емес-ті.

Еламан  үйге  келгенде  Ақбала  пеш  түбінде  отыр 

екен.


– Ақбала, біз мұз үстіне шыққалы жатырмыз. Сен 

қорықпа...

Еламан аңдаусызда аузынан қалай шығып кеткенін 

білмей қалды. Енді оны қайтып жуып-шаюдың есебін 

таппай, қолғабын іздеген боп үйдің ішін әбігер қылды. 

Ақбала қосыла іздеді. Қолғапты тез тапты да, Еламанға 

беріп жатып:

– Неден қорқасың?– деп сұрады.

– Жо-жоқ, ештеңеден қорқып тұрғам жоқ.

– Менен жасырма, –деді Ақбала.

–  Күн  райы  ұнамайды.  Терістіктен  бұлт  шығып, 

түнеріп тұр. Сен қорықпа! Біз нені көрмеген бейбақ, 

– деп күліп, енді кетуге ыңғайланып еді, Ақбала жол 

бермей сәл бөгеп.




65

–  Күн  райы  маған  да  ұнамайды.  Қорқам...  неге 

екенін білмеймін,– деді.

Тұңғыш көтерген баласы болғасын ба, күні жақын-

даған сайын қасында кісі-қара болғанын қалайды. 

–  Қорықпа.  Құдай  қаласа,  бәрі  жақсы  болады,  – 

деді де, Еламан жөнеле берді.

Жалғыз қалғасын Ақбала үй ішінен ойын бөлетін 

ермек  іздеп  еді.  Отын  кіргізулі.  Су  әкелулі.  Үй 

ішінің  азғантай  дүние-мүлкі  де  орын–  орнында,  тап-

тұйнақтай.  Еламан  бұның  аяғы  ауырлағаннан  бері 

күнде-күнде ерте тұрып, үйдің бар шаруасын өзі істеп 

кететін боп жүр.

Басқа ермек таппағасын күбіге көже асып құйғысы 

келді.  Көрші  үйден  келі,  келсап  әкелді  де,  бір  табақ 

бидайды  бұрқыратып  түйе  бастады.  Сосын  ақтаған 

бидайдың  қауызын  сыртқа  шығып  желпіді  де,  тай 

қазанды  толтырып  көже  асты.  Ескі  пеш  тартпай 

жүрген-ді. Көмейіне күл толып қалған ба, бүгін тіпті 

тартпай, ащы түтін кейін лоқсыды.

–  Үйің  өртеніп  жатыр  екен  десем...  беу,  адам-ау, 

пештен шыққан түтін бе еді?!

Ақбала  қасына  қол  таяна  отырып  жатқан 

Қарақатынға қарамауга тырысты.

–  Келіншек-ау,  не  білдің...  күннің  сыңайы  жаман. 

Үйде отыра алмай жаңа теңіз жаққа барып қайтып едім. 

Жағалаудың  мұзы  қабажақтай-ау,  қабажақтай...  Жас 

баланың еңбегіндей... аяқ асты былқ-былқ... 

Жүрегі  аузына  тығылып  бара  жатқасын  Ақбала 

қазандыққа сүйеніп отыра кетті. Іші қатты түйілді ме, 

ернін қырқып тістеніп отырды да:

–  Алда  разы  болсын...  қойыңызшы!..–  деп  еді, 

Қарақатын:

–  Сорлы-ай!  Сорың  қайнап  қалмаса  не  қылсын  – 




66

деп, енді байбалам салып, әй-шәйге қарамай Ақбаланы 

құшақтай  алды.  Ақбаланың  әлсіз  қарсылығына  да 

қарамай зорлап апарып пеш түбіндегі төсекке апарып 

жатқызды.  –  Неден  шошыдың?  Көзіңе  не  елестеді? 

Тіліңді кәлимаға келтір. Жеті айлық бала, біреу тәйт 

десе де түсе қалады. Қазір нағыз шепік кезі... ақ ауыз 

шағы ғой.

– Ал-да-ай!.. Маза берші...

Қарақатынның  түсі  лезде  бұзылды.  Онсыз  да 

кірпік-қасы үйітілгендей, қан-сөлсіз қара сұр кескінін 

долылық буып:

– He дейді? Мазамды алма дей ме, әй? Сондай-ақ 

саған не қылып ем – деп, екі бүйірін таянып, тепсініп 

шыға келді. – Тұңғыш құрсақ көтерген тұмса келіншек 

қой  деп,  ақылымды  айтсам,  о  несі,  әй?  Мендей 

абысының айтпағанда, кім айтады? Маза берші деп... 

Адыра қал!

Осыдан  кейін  ол  үйден  үйге  кіріп:  «Ақбала 

шошып, бала тастай жаздады. Барыңдар!.. Барыңдар!» 

– деп, тыныш отырған жұртты дүрліктірді. Қарақатын 

кеткесін де Ақбала өзіне өзі келе алмады. Көңіліндегі 

күдік пен қауіпті әлгі қара пәленің аузынан есіткенде, 

тап  бір  төсегінен  жылан  шыққандай  үй  іші  үрейге 

толып кетті. Көзі түскен нәрсенің бәрінен шошып, қол-

аяғы дірілдеп отырған үстіне бір топ қатын топырлап 

келді  де,  дүрлігіп  шығып  кетті.  Сонан  кейін  Ақбала 

тіпті үйге сыймай, сыртқа шығып еді, қиыршық қар әлі 

қыламықтап тұр екен. Мұзға шыққан осы ауылдың ер 

азаматтары ту-ту көз ұшында қыбыр-қыбыр. Олардың 

ар  жағы  әлі  қатпаған,  шалқыған  қара  су.  Сол  беттен, 

сонау аңғардан зор гүріл талып естіледі. Ұлы теңіз бір 

кез күші бойына сыймай, гүрілдеп, сарылдап жатады 

да, сосын қаһарын қаптатып әупіріп кетеді.




67

Ақбалада  зәре  жоқ.  Қарақатын  бір  жақтан  шыға 

келетіндей,  алақтап,  жан-жағына  қарап  тұр  еді,  бір 

топ  қара  қарға  әлде  неге  әбігері  шығып  азан-қазан 

боп қанаты сатырлап, ыққа қарай қалбаңдап баратты. 

«Тегін болса жарар еді?» Үйден, түзден тағат таппаған 

әйел жүгіріп жағаға барды. Жел әлгіден де гөрі қатая 

түсті.  Жағалаудың  селдір  қамысы  суылдап,  жел 

астында елбек қағады. Мұз жиегін қызыл су қаптапты. 

Қарғалар енді көрінбеді. Олардың жаңағы азан-қазан 

әбігері тегін емес сияқты.

Ақбала  үйге  келсе,  бидай  көже  қайнамай,  түбіне 

шөгіп  қалған  екен.  Ақбала  отты  үрлеп  жібергісі  кеп 

еңкейе  беріп  еді;  бірақ  оған  іші  тіреп  иліктірмеді; 

сосын  шала  жанған  қамысты  қазандықтың  көмейіне 

қарай ары ысыра берген-ді, жаңа ғана бықсып жатқан 

пештің  көмейі  кенет  гүр  етті.  Әлде  бір  аламат  күш 

Ақбаланың  қолындағы  қамысты  уысынан  жұлқып, 

қара  қазан  астындағы  күл-қоқырды  қоламтамен 

қоса  сыртқа  тартып  әкетіп  бара  жатты.  Ақбала 

жүрегін  ұстады  да,  ошақтың  алдына  отыра  кетті. 

Көзі қарауытып бара жатқасын басын ошаққа сүйеді. 

Сәл  әл  жиғасын  орнынан  апыл-құпыл  тұрып  сыртқа 

ұмтылып  еді,  есіктен  шыға  бергенде  сүрініп  құлады. 

Сол  бойда  ұшып  тұрды.  Көйлегінің  етегін  көтеріп, 

сыртқа жүгіріп шығып еді; қырдан соққан қара дауыл 

үйден шыға берген бұның басынан жаулығын ұшырып 

әкетті.  Беті-аузын  құм  сабалап  ала  жөнелді.  Қаптай 

соққан қатты жел бұның өзін де қаңбақ құрлы көрмей, 

табанын жерге тигізбей дедектетіп әкетіп бара жатты. 

Ақбала  бір  жығылып,  бір  тұрып  жағаға  жетті.  Осы 

арада,  жыңғыл  ма,  түзген  бе,  қолына  іліккен  әлде 

бір  бұтаға  жандәрмен  жабысып  ұстай  алды.  Аузына 

тығылған  өкпесін  әзер  басып,  мұз  жаққа  қарап  еді. 




68

Шашы  бұрқырап,  көзін  жауып  кете  берді.  Сосын 

шашын қайырып, мұз үстіне қайта қарап еді; осыған 

дейін зәресі қалмай қорыққан сұмдықты көріп:

–  Ел-а-ман!–  деп  жаны  ышқына  шыңғырды  да, 

шалғы  қырыққандай  есінен  танып  құлап  түсті.  Дәл 

сол сәтте ана даусымен ілесе шар ете қалған шарана 

даусын қаптай соққан қара дауыл қағып әкетіп еді...



* * *

Жалмұраттың  үстінде  –  ақ  сеңсең  тон.  Астында 

–  жүрдек  ақ  ауыз  атан.  Алдында  –  бір  қора  түйе. 

Әншиінде  кісі-қара  алдында  құты  қашып,  ыбылжып 

отыратын  жуас  жіріт,  алдына  бір  қора  түйе  салып 

берсе, аруақтанып шыға келетін. Ол ақырғанда қандай 

қашаған қысыр інгендер қайқаңдап қоя берер еді. 

Жалмұрат  қазір  де  шетке  шыққанын  қайырып, 

қалың  нөпірге  қуып  тығып,  бар  түйені  тайрақтатып 

теңізге айдап келеді. Көп түйе ішінен мұрны тесілмеген 

сары тайлаққа ала-бөле құсы түсіп, қит етсе ақырып, 

жағаласып  болды.  Сары  тайлақ  жөнге  түссе  болды, 

Жалмұрат  бір  қора  түйе  ішінен  сары  інгенді  іздейді. 

Үкі  жүні  желкілдеген  сүтті  сары  інгенге  шығарда 

жаны басқа.

Сары інген биыл жылдағыдан ерте қайыды. Соңыра 

буаз  інгендердің  ішінде  ерте  боталайтыны  да  осы 

болғасын, көшкен, қонғанда оған жүк артқызбай, бай 

үйдің  әйелдерімен  жағаласып  болатын.  Сары  інген 

көп  түйе  ішінде  мұрны  шуылдап,  аяғын  қиналып, 

ауыр алып келе жатқан-ды. Жалмұрат оны байқады ма, 

жоқ па, белгісіз. Ал ауа райын бай, бәйбішенің қасы-

қабағындай  топшылайтын  жігітке  көк  жүзін  сеңдей 

басқан  қорғасындай  қара  қошқыл  бұлт  ұнамады. 

«Дауыл болмаса қайтсін...» – деп ойлады.



69

Балықшылар  майлыққа  жақындап  қалған  еді. 

Еламаннан  сыралғы  алып  дәм  татқан  жігіт,  бүгін  де 

қатын-баласына  жас  сорпа  ішкізгісі  кеп,  түйелерін 

қуалап отырып теңіз жағасына құлатты. Жағада жүрген 

екі  қара  киімді  кісіге  көзі  түсті.  Бұл  өңірдін,  орыс-

қазағын  түстеп  танитын  Жалмұрат  мына  екеудің  әне 

бір қорбиғаны – Курнос Иван да, ал оның қасындағы 

Андрей  екенін  танып,  оларға  алыстан  ыржиып, 

күлімсіреп келе жатыр еді; қалай болғанын байқамай 

қалды,  жаңағы  ызғырық  жел  әп-сәтте  арқа  бетке 

шықты  да,  салған  жерден  ышқынып  соғып  жіберді. 

Жағалаудың қамысы жапырыла құлап, топырақ борап, 

дем  арасында  дүние  алай-түлей  болды  да  кетті. 

Жалмұрат  табан  тірей  алмай,  тері  тонның  шалғайы 

тізесін сабалап, ыққа қарай дедектеп бара жатты.

– Сары бала! Са-а... баа-а...

Андрей  ышқынып  соққан  айқай  желден  басқа 

ештеңені  есіткен  жоқ-ты.  Әлдебір  жақтан  әлде 

бірдеңе  шатыр  етті.  Әлде  бірдеңенің  беломыртқасы 

үзілгендей  күтірлеп  ала  жөнелді.  Андрей  бұның  не 

екенін білген жоқ. Әркім өз басын қайттаған алағай-

бұлағайда  не  болып,  не  қойып  жатқанын  да  білмеді. 

Тек  осыдан  кейін  жаңағы  шатырлаған,  күтірлегеннің 

аяғы  не  боп,  немен  тынғанын  білмесе  де,  ол  бірақ 

аспан  астының  бір  сәтте  ұйқы-тұйқысын  шығарып 

ышқынып соққан мына айқай желмен, мына бір басқа, 

көзге  сабалап,  құйындай  үйіріп  әкетіп  бара  жатқан 

жанталаста жалғыз бұлар емес, дәл осы қазір мұздың 

да басына бір зобалаң туғанын жүрегі сезді. Бірақ ол 

не  қылған  зобалаң,  оны  да  білген  жоқ.  Бұл  ес  жиям 

дегенше, көбесі қақыраған мұзқара жерден қапелімде 

іргесі ажырап, бүкіл аумағымен аңғарға қарай жөңкіп 

ығып бара жатты.




70

– Жүр, қайықты суға салайық! –деді Андрей.

– Есің дұрыс па? –деді Курнос Иван.

– Әне, қоралы кісі ығып барады. Көре-тұра...

Курнос  Иван  қолын  бір  сілтеді  де,  промсолды 

бетке  ұстап  жүгіріп  ала  жөнелді.  Онан  күдер  үзген 

Андрей енді не істерін білмей тұрғанда, көзі қасында 

қалбалақтап  жүрген  түйеші  жігітке  түсті  де,  оны  әй-

шәйге  қаратпай  жетелеп  ала  жөнелді.  Жағада  тұрған 

қайықты екеулеп суға түсірді. Андрей қайыққа қарғып 

мінгенде,  мына  жақтан  түйеші  жігіт  те  тері  тоны 

қаудырлап  қайыққа  кеудесімен  асылды.  Табаны  суға 

тиер-тиместе қара дауыл қуған қайық қаңбақтай ұшып 

ала  жөнелді.  Өмірі  теңізге  шығып  көрмеген  түйеші 

жігіт  сәл  қозғалса  суға  кететіндей,  түс  жоқ,  өң  жоқ, 

қалш-қалш  етіп  қайықтың  кенеріне  жабысып,  қос 

қолымен тас қып ұстап алды. Андрей қайықтың басын 

бұра  алмай,  жанталасып  жүргенде,  бұлар  жағадан 

ұзап та кетіп еді.

Теңіз  үстінің  дауылы  тіпті  әлемет.  Толқындар 

ірілене бастаған. Қаптай соққан қара дауыл Аралдың 

әупірім  айқай  желіне  ұласты  да,  теңіз  үсті  түтігіп, 

уылдап-шуылдап,  үйдей-үйдей  толқындар  су  бетіне 

ереуілдеп  ойнап  шығады.  Жалмұраттың  басы 

айналды.  Көк  запыран  кілкілдеп  кеңірдегінде  тұрып 

алды. Қайда қараса да қара жер көрінбеді. Табан асты 

түпсіз құрдым. Қайнаған теңіз көз алдында дөңгеленіп 

үйіріліп бара жатқасын бұл көзін жұма қойды.

Иә,  құдай...  өзің...  өзің  сақта!  Сақтай  көр! 

Үйдей  толқындар  енді  ес  жиғызбады.  Үстінен  баса 

қалатындай, бірінен кейін бірі гүрілдеп келіп, онсыз да 

бір батып, бір шығып малтығып келе жатқан қайықты 

сүзеген бұқадай қағып өтеді. Қайық төңкеріле жаздап, 

екі қапталымен су сабалай бастады.




71

Андрей  мұзға  ыққан  кісілерді  құтқара  алмасын 

білді, қайықты жағаға бұрып еді, әлгінде ыққа қарай 

құлдилап  шапқан  қайық  желге  қарсы  аяғын  баспай, 

төсімен толқындарды сабалап, бір орында тұрып алды. 

Андрей алқынғанына қарамай, қос ескекке күш салып, 

есе  берген-ді.  Бір  ескектің  қалақ  басы  омырылып, 

қайық ыққа қарай қисайып ала жөнелді.

– Құрыдық, бітті...

Андрей  сыңар  ескекті  лақтырып  жіберді  де 

қайықтың  бел  ағашына  сылқ  етіп  отыра  кетті.  Күн 

батты ма, жоқ па, белгісіз. Айнала төңірек қарауытып, 

бар әлем бір уыс боп бүрісіп, түсі суық дүниеге тілсіз 

тартылып жұтылып бара жатты.

Қайықтың  тұмсығы  үлкен  мұзға  тірелді.  Қолы, 

аяғы қалшылдап әкетіп бара жатқан Андрей ес жиям 

дегенше кейінгі жақтан қатты жел қуған тағы бір мұз 

аударылып,  төңкеріліп  келіп  қалған-ды.  Бірақ,  оны 

Андрей байқаған жоқ...

***

Балықшылар  қараңғыда  қайдан  шыққанда рын 

білмесе  де,  қара  дауыл  қуған  үй  аумағындай  мұздың 

ілгері  жағы  бір  тұйыққа  тірелгенін  іштері  сезген-ді. 

Таң атқасын болмаса, көз байлаған тастай қараңғыда 

қалай  қарап  жүрерін  білмей  дағдарған  кісілер  аядай 

жерде иіріліп тұр. Түнде тоқымдай-тоқымдай мұздың 

бірінен біріне секіріп жүргенде, Итжемес аяғы тайып 

суға кетті. Қолы, аяғы үсіген Құлтума қозғалуға шама 

жоқ,  күресін  мұздың  ығында  анадай  жерде  дір-дір 

қағып қалшылдап жатыр.  Бұл екеуден басқа тағы да 

үш кісі суға кетті ме, әлде ыққан мұзбен ұлы теңізге 

кетті  ме,  өлі  ме,  тірі  ме,  белгісіз.  Онан  басқа  үш 

балықшы өлі-тірісі белгісіз, суға кетті ме, әлде ыққан 




72

мұзбен  бет  ашыққа  көз  асып  кетті  ме,  оншасы  әзір 

бұларға белгісіз. 

  Әзір  іштеріндегі  тыңы  –  Еламан,  Кәлен,  Мөңке, 

Дос.  Райдың  аяғындағы  қайыс  етікке  су  өтіп,  таң 

алдындағы жан төзбестей сары аязда жаурап Еламанға 

тығыла  береді.  Сонан  бір  кезде  дауыл  басылып, 

бозарып таң атты да төңірек көріне бастады.

– Қаратүп!..

– Әй, мынау Қаратүп қой!

– Біз Қаратүптен шығыппыз.

Балықшылар  бір-бірінен  шүйінші  сұраған-

дай,  дабырлап  шулап  жатыр.  Кәзіргі  түрінен  адам 

шошығандай. Қасы, кірпігі, үсік шалған беттің әр түгі 

аппақ ақ қырау. 

– Әй, ана қарайған не?

– Қайсы?

– Әне! Әнекей! –деді де, Кәлен сонан артық тілге 

келмей  жүгіре  жөнелді.  Оның  соңын  ала  енді  Мөңке 

мен  Еламан,  Рай,  тағы  бірнеше  кісі  жүгірді.  Бұлар 

жақындағанда әлгі қарайғанның үстінен дүрк көтеріліп 

қарғалар ұшты. Кәлен жеделірек басып қасына келсе, 

әлгі  қарайғанның  бірі  түйеші  Жалмұрат  та,  ал  онан 

қол созымдай әрегіректе жатқан Сары бала екен.

– Еламан, сен тезірек елге жет, – деді Кәлен, – біз 

кісі-қараға бас-көз боп, осында қала тұрайық.

Еламан  тілге  келмей  жөнеле  берді.  Кәлен  оны 

қуып жетіп, қолына мұз оятын темір сүйменді ұстатып 

жатып:

–  Шың  астымен  жүресің  ғой.  Кім  біледі,  мүмкін, 



ит-құс кездесіп қалар, – деді. 

Ішіне  не  түйгені  белгісіз,  Еламан  бұл  жолы  да 

үндемеді. Аяғында тақасына нәл қаққан ұзын қоныш 

етік, көк мұзды кірш-кірш басып кетіп бара жатты.




73

* * *

Сол  күні  түнде  балықшы  ауылда  бір  тірі  жан  көз 

ілмеді. Қатын-бала у-шу. Мұзға ыққан ер-азаматтардың 

алдын  орап  кісі  шаптырайын  десе,  бүкіл  ауылда  аяқ 

артатын көлік табылмады.

Ақбала  әлсіз.  Көрші  әйелдер  шала  туған  баланы 

құрақ  көрпеге  орап,  анасының  ірге  жағына  салып 

берді  де,  үйлеріне  кетті.  Ақбала  қол  созым  жерде 

тұрған  шамды  жаға  алмай,  түнімен  көрдей  қараңғы 

үйде  жалғыз  жатты.  Әлизаның  халі  онан  да  нашар; 

жалғыз  ұлын  оң  босағаға  салып  отырған  анада  құр 

сүлде. Түнімен есін білмей, сандырақтап шықты.

Қарақатыннан қайыр жоқ. Ол кешеден бері басына 

қара салып, үй мен үй арасында еңіреп жүр. Таң атқалы 

Судыр  Ахметке  екі  рет  барды.  Мұзға  ыққандарға 

құмалақ салғызды. Судыр Ахмет алғашқыда қырық бір 

құмалақты барынша әспеттеп, әуелі «піссіміллә» деп 

сүпиттеп дем салып төрге жайған ақ тоқымға салып еді; 

кейін қара қатын екінші келгенде онша құлқы болмай 

үй  ішінде  күйбеңдеп  біраз  жүрді.  Сосын  уысындағы 

құмалақты  аяқ  астында  жатқан  жыртық  алашаға 

шашып жіберді. Сосын иегіндеі бес тал сақалдың ұшын 

аузына  апарып,  тістеп  отырып,  өзгелерден  бөлініп 

шалғайырақ  түскен  бес-он  құмалаққа  көз  жіберіп 

отырып  қалды.  Құмалақтың  құйтырқысына  түсінбеді 

ме,  әлде  көріпкел  сәуегейлігі  тап  осы  арада  көмекке 

жарамай пышырап кетіп қиналып отырған сияқты еді. 

Судыр Ахмет әр кездегідей ар жағындағы реніші ішіне 

симай, күңк етіп: «Кісінің ұйқысын бұзып, жып-жылы 

төсектен суырып алғанда жақсы. Тым құрыса, бір-екі 

қақпыш балық әкелсе қайтеді. Балаларға тартқылатып 



74

қойсақ,  түс  ауғанша  тамақ  сұрамас  еді  ғой»,  –  деді. 

Сонан болар, Судыр Ахмет салған жерден сұңқылдап 

жөнелмеді.  Қарақатынның  зәресі  ұшты.  Бірдеңе 

деуге  бата  алмай,  жалаңаш  құйрығымен  тікен  үстіне 

отырғандай қипақтап қозғала бастады. Судыр Ахмет те 

ертеден бері аузын бағып отырған әйелге әулиелігінің 

құдіретін  көрсеткісі  келгендей  зарықтырып,  жанын 

тылсымға тақап алды.

–  Құмалақ  жақсы  емес.  Қорқам.  Пәру әрдігер  жар 

болмаса...  пақырлардың  басына,  қалайда  бір  зауал 

төніп тұр.

– Алда-ай!.. Қайнаға-ай! Қайнағеке-ай, қайта тарт-

шы.


– Қой әрі! Құмалақты қайталап тартып, құдайдың 

кәрін жеңілдететін әулиені көргем жоқ, –деді де, Судыр 

Ахмет күпісінің шалғайын қағып, түрегеліп кетті.

Қарақатын  сыртқа  шыққасын  көй-көйді  үдетіп, 

үйіне  қайтып  келе  жатқан-ды.  Бір  топ  атты  тұсынан 

тасырлатып  шауып  өтті.  Кіл  қара  шекпенді.  Ішінде 

Федоров пен Курнос Иван бар. Атқа міне сала шабатын 

Федоровтың  тақымы  астында  алысқа  сілтейтін 

ат.  Құдаймендеден  құнын  беріп  сатып  алған  атты 

биыл  жаз  бойы  жемге  байлап  баптап  мініп  жүрген-

ді.  Беларанның  кезінен  асқанша  тоқ  аттың  өкпесі 

қарлығып,  аяғын  ауыр  алып  келеді.  Көп  ұзамай  қос 

құлақтың түбінен тер білінді де, екі атты оп-оңай басып 

озып,  оқ  бойы  алға  шығып  кеткен  Курнос  Иванның 

атымен құйрықтасты; бірақ басып оза алмады. Сонан 

екі  ат  Көлқораның  құлауына  жеткенше  бірінен  бірі 

оза алмай, біраз жаға буды боп келе жатқан. Бір кезде 

құланың омырауы мен мойны тегіс терледі. Ат мінезін 

жақсы  білетін  Шодыр  әлгідей  емес,  құла  аттың  аяқ 

алысы  жеңілдеп,  қиналмай,  еркін  сілтей  бастағанын 




75

байқады. «Ой, жануар, саған берген ақшам адал екен» 

деді ішінен.

Көлқораның  табанына  құлағасын  Тентек  Шодыр 

бұрылып  артына  қарап  еді,  Курнос  Иванның  қарасы 

көрінбеді.  Шодыр  ат  басын  тартпады.  Екі  көзін 

алдына  тігіп  емініп  алған-ды.  Күтпеген  жерден  құла 

ат осқырынып жолдан шыға жалт берді. Ерден ұшып 

түсе  жаздаған  Шодыр  тізгінді  тез  тартып,  ат  үріккен 

жаққа қарап еді, қарсы алдында жолын кеселеп біреу 

тұр екен. Аттан қарғып түсті.

– Сен бе?

– Иә, мен.

– Ау-кұралдарың қайда?

Еламан  үнсіз.  Тымақ  астынан  атып  жіберердей 

қадала қараған көзді орыс байы енді байқады.

– Ау-құралдарың қайда?

–  Сен  ит!..  Иттің  баласы,  адамдарың  қайда  деп 

неге  сұрамайсың?  –  деді  Еламан  ақырып.  Құлаштай 

сермеген сүймен астында басын қорғап бұғып қалған-

ды. Иықтың басына тиген соққыдан есеңгіреп кетті. Ба-

сын шайқап жіберді. Қалың киімді бойымен бүгерлеп 

астына  баса  қалмақ  болғанда,  Еламан  артына  қарай 

ытқып,  орыс  байының  құшағынан  сытылып  шықты 

да,  қайта ұмтылды. Бұл жолы сүймен Федоровтың дәл 

қара  құсына  тиді.  Құлақшын  астынан  сау  еткен  қан 

бет-аузын  жуып  кетті.  Қалың  киімді,  батыр  тұлғалы 

ірі  кісі  гүрс  етіп  етпеттей  құлады.  Еламан  сүйменді 

лақтырып жіберді. 

***


– Осы сендер не ойлай-туң? Ал мен көресіні мына 

Кәленнен  көріп  жүрмін  ғой.  Болыстық  қолымдағы 

балта болса, әуелі оны Еламан мен Кәленге сілтесем 



76

қайтеді?– деді Құдайменде ағасы мен інісін оңашалап, 

ақылдасуға шақырып алып отырып. 

Болыс  боп  сайланғасын  жатпай-тұрмай  ел  аралап 

сыртта жүріп қап, сонан кеше оралған-ды. Ертең тағы 

да ел арасының шаруасымен жүретін болғасын, кеше 

жатар  алдында  ағасы  мен  інісіне:  «Ертеңгі  шайды 

біздің  үйден  ішерсіңдер»  –  деп  еді;  ас-суы  әзір  үйге 

барам  деп  ойлаған  софы  көңілденіп  келген-ді.  Құр 

шайдан  басқа  тіске  басатын  ештеңе  болмағасын 

софының қабағы түсіп кетті. Сөзге сараң, әңгімеге де 

зауықсыз.

  –  Неге  үндемейсіңдер?  –  деді  Құдайменде,  – 

Кәленді айдатсам қайтеді деп отырмын ғой?

– Онымен ұстасып қайтесің, – деді Софы.

– Немене, жаның аши ма?

–  Ау,  ол  ұры  от  алғалы  тұрған  қара  мылтық  емес 

пе? Өзіңді жазым етіп жүрмесін, –деді софы.

– Е, ол мені қалай жазым ете-туң?

–  Oны  бір  Алла  біледі.  Менің  білетінім  –  өзіңнің 

тыныштығыңды ойла.

– Омайт шіркін-ау. Сондай-ақ ол кім екен? Қолынан 

екі келсе, бірін қылсын. Олай десең бар-ау, оразамды 

ашпай тұрып, өзімнің құттыхана мешітімде, не тілеудің 

үстінде отырып айтайын, оны Сімірге айдатам.

Кәленмен  жауласқанды  Тәңірберген  де  мақұл 

көрмейтін. Кәлен өздерінің желісіне талай-талай мал 

әкеп  байлап  жүрген  қара  білек  мықты  ұрысы  еді;  ол 

және  тышқаншылап  ауыл  арасының  тайлы-тұяғын 

ұрламай,  сонау  Қоңырат,  Шымбай  асып,  иір  мойын 

үлек әкелетін. Маңғыстау асып, сонау Адай, Табыннан 

үйірге  салатын  құтпан  айғыр,  ел  ақтаған  саңлақтар 

әкелетін де осы Кәлен еді. Тәңірберген соны айтқанда, 

Құдайменде  інісіне  таңдана  қарады.  «Шырағым-ау, 




77

сен  әдетте  мал-жанмен  ісің  жоқ  сияқтанып,  дүниеуи 

пенделік  істен  бойыңды  аулақ  салып  жүрмеуші  ме 

едің?»  дегісі  келсе  де,  соны  айтар  жерде  өзін  ұстап 

қалды. Есіне осы інісінің әне бірде Кәленді сырт жерге 

жұмсап, Қарақалпақтан аруана, Түрікпеннен ақалтеке 

алғызып, қолдағы малдың тұқымын асылдандырайық 

деп,  ақыл-кеңес  бергені  есіне  түсті.  Бұл  онша  ыңғай 

бермеген. Сүйтіп жүргенде енді міне Кәленді ақи-тақи 

қолдан  шығарып  алды.  Татуласудан  дәме  қалмады. 

Болыс  ағасы  мен  ақылдасатын  ендігі  әңгімені  софы 

ағасының көзінше айтқысы келмеген Тәңірберген түк 

деместен, тұрды да шығып кетті.

– Тәйірі, әлгіні қайтесің. Жақсы атқа мінсін, әлем-

жәлем  киініп,  қыз,  келіншегі  бар  ауылдың  сыртын 

торып  көлеңдеп  жүрсін,  –  деді  де,  софы  түк  басқан 

жалпақ  бетін  жоғары  көтеріп,  кеңкілдеп  күлді. 

Сосын бауырсақ жеп, шай ішіп отырып, – Абыралыға 

қарағанда  сенен  малды,  сенен  бақты  ешкім  жоқ. 

Ақылдымыз  да  сенсін.  Өз  жолыңды  өзің  аңғарасың 

ғой. Тек саған айтар бір әңгімем бар. Оны құй ал, құй 

алма, ерік өзіңде, – деді. 

Жасында палуан болған деседі; көзін жапқан қалың 

қастың  арасында  ара-тұра  ұзын  қылдар  едірейеді. 

Ұйқылы-ояу  аралығында  бей-жай  маужырап,  мүлгіп 

жатыр. Құдайменде үндемегесін, ол асықпай, ақырын 

ығыстыра сөйледі.

–  Сен  Кәленнен  аулақ  жүр.  Сені  білмеймін,  өз 

басым осы ұрыдан қорқам. Ол әне бір кезде ауыз ашып 

отырған  үстіме  келді.  «Біздің  үйдің  Аламойнақтары 

шалғайыңды жыртқан жоқ па?» – деп едім, ол күліп: 

«Ой,  Алдеке-ай,  күшігінен  асырағасын  құр  дәріптей 

бересің  ғой.  Әйтпесе,  Аламойнақ  дегенің  ала  күшік 

емес  пе?»  –деді  ғой...  Астафир  Алла!  Жағамды 

ұстадым!



78

Софы енді бірдеңе дегенде, онсыз да терісіне симай 

отырған Құдайменде тілге келіп қалатын еді. Абырой 

болғанда,  Алдаберген  софы  ауыр  денесін  ақырын, 

баяу  қозғап  түрегелді.  Пұшпақ  ішігін  киіп,  күміс 

деңментпен  белін  буды  да,  жылысып  басып  сыртқа 

шықты. Софы кеткен бойда іле-шала ішке Тәңірберген 

кірді. Төрге шығып жайғасып отырғасын:

–  Шайды  жина  –  деп,  жеңгесіне  әмір  етті  де, 

дастарханның бір шетінде кірпідей жиырылып жатқан 

ағасына бұрылды: – Болыс аға, бақыт басыңа қонды. 

Бірақ  бақыт  ер  салып,  құйысқандап  мінетін  арғымақ 

ат  емес.  Ат  туласа  да  тақымың  астында.  Бақыт  – 

басқа  қонған  құс,  қолына  шыбық  ұстаған  баладан 

да  үркеді.  Бұқараңа  сақ  бол.  Үкімің  жүріп  тұрғанда, 

бұғалығыңнан шығып кеткен ана Кәлен, ана Еламанға 

істеріңді  істеп  қал.  «Жау  аяған  –  жаралы».  Аумалы-

төкпелі  дүние  ғой,  бірде  жауыңның  үстіне  шықсаң, 

бірде астына түссең де арманың жоқ.

Құдайменде бір қыржиса күрмелген жіптей, қабағы 

тұнжырап  түйіле  беретін.  Үндемеді.  Жас  мырза 

түптің  түбінде  шындап  кетсе  болыс  ағасының  өзінің 

дегенінен шықпасын білді де, қамшысы мен тымағын 

қолына  ұстай  түрегелді.  Құдайменде  ол  кеткесін  де 

қозғалмады. Інісі бұның ойынан шықты. Екеуінің үні 

үндес  шыққанына  іші  жылып,  Кәлен  мен  Еламанға 

істер  жаулығын  ішінен  ойлап  отырған  үстіне  біреу 

келді. Етігін есік алдында тұрып шешті. Сосын кілем 

төсеген еденді имене басып, Құдаймендеге көш жер-

дей қос қол созып келе жатты.

Бұның  бәрі  бұл  үйге  келген  кісілердің  дағдылы 

мінезі  болғасын  Құдайменде  онша  жіби  қойған  жоқ. 

Ертелетіп  жүрген  жүрісіне  қарап,  мынаның  бұ  жолы 

да ел ішінің бір әңгімесімен келгенін шамалады. Бірақ 




79

қашан өзі тиіп айтқанша оны асықтырмай, ала тақия 

киген басын бауырына алып отыр.

Анау:


–  Байеке...  –  дей  түсті  де,  тоқтап  қалды.  Бүгінде 

Құдаймендені «болысеке» деудің лайық екенін біліп, 

аңдаусызда тікен үстіне отырып қалғандай кипақтап, 

жасқаншақ жанар жаутаңдап Құдаймендеге қарап еді, 

Құдайменде жаратпай, дүңк етті:

– Неге бөгелдің? Жайшылық па?

–  Жайшылық  дейтін  жайшылық  та  емес.  Ауыл 

арасының бір жаманатын...

– Ол не? Қандай жаманат?

– Еламан бар емес пе?

– Иә, болса ше?

– Сол Тентек Шодырды өлтірді.

Құдайменде  басын  көтеріп  алды.  Болыстың 

ажарына  қарап  анау  да  өзі  ойлағандай,  мынау  бұл 

үйдің  жандарына  жаманат  емес,  ең  бір  жақсы  хабар 

екенін білді. Сосын жайраңдап, көңілденіп сала берді.

–  Орыстар  Еламанды  шанаға  таңып  промсолға 

әкелді.  Айтпақшы,  қасында  Рай  бар.  Промсол  басы 

бұлан-талан...

– Ие?


– Шодырдың үйінде ақ келіншек бар емес пе еді...

– Ие, ал?

–  Сол  келіншек  Курнос  Иванның  қатыны  боп 

шықты.  Некелі  қатыны  екен.  Шодыр  өлгесін  Курнос 

Иван  нені  тыңдасын...  Шодырдың  үйіне  баса-көктеп 

кіріп барған да, әлгі қатынды...

– Жә, оны қой, Еламанның жайын айт.

– Еламанды орыстар сізге әкеліп, әкті-мәктісін жа-

сатып, дереу өйезге жөнелтеді деп есіттім...

– Ә, солай де! – деп, Құдайменде ыңыранып отырды 

да, – әй, Ебейсін, – деп хабар әкелген кісіге қарады.– 



80

Сен пешірді тап... өзімізге қараған үйдің біріне қонып 

шыққан шығар...

– Айта беріңіз, Алдекеңнің үйінен шығып жүргенін 

көрдім.

«Сол  үйге  үйір  боп  кеттi.  Сұм  жігіт  софының  ақ 

тоқалымен көңілдес болмаса не қылсын. Онда біздің 

қатынның сезігі дұрыс болды ғой».

– Жә, мейлі... Сен пешір баланы маған жібер!

Ебейсіннің  үйден  шығуы  мұң  екен,  Құдайменде 

сыртында жатқан құс жастыққа шалқалап құлай бере 

үйді басына көтере қарқ-қарқ күлді. Кескен томардай 

кеспелтек жұмыр денесі селк-селк.

– Есем кетіп жүр еді. Құрығы ұзын құдай оның да 

тағдырын... ха-ха-ха-а... 

* * *

– Әже, үйге қонақ кеп қалды.

– Атамнан әрмен! Кетсін әрі. Қондыр маймын!

–  Қой,  әже!  Ұят  болар.  Бірі  –  оқыған  жігіт.  Теңіз 

жағасын  қыстайтын  жалпақ  ел  –  Жақайым  руынан. 

Қабырға болысы Құдайменденің...

– Кімнің?

– Құдайменде деген болыс бар емес пе?

–  Астафыралла!  Аты  қалай  еді,  пәтша ғардың?!  – 

деді кемпір күбірлеп. Бірақ әлгідей емес, беті қайтып 

қалған. Мына қонақтар қыс болса қалада тірек ұстайтын 

орыс,  татар  байларына  тоң  балық  тасып,  шұбырып 

жататын кіреші емес. Қаладан көйлек-көншектік мата, 

шай-шекер алып қайтуға шыққан қалашы емес. Мына 

келген қонақтар Құдайменде болыстың інісі болғасын 

қыстың көзі қырауда үйіне қондырмай, қуып жіберудің 

ыңғайсыз  екенін  білді.  Бірақ  асығыстық  жасап 



81

қондырмайтынын айтып салғасын, енді ізінше райдан 

қайтып,  тізгін  еркін  балаға  бере  салу  да  ыңғайсыз. 

Кемпір үндемеді. Осындайда бала-шағаға сыр бермей, 

сыртын суық ұстап алатын мінезі болушы еді. Қасында 

өзінен ризалық тосып тұрған баласын көрсе де, әлі де 

болса  оған  рай  бермей,  ағаш  кереует  үстінде  күлге 

шөккен  түйедей,  бөксесін  көрпемен  қымтап  алған. 

«Қонақ  шіркін,  тек  қонып  кете  ме.  Мұсалдат  боп 

мойныңа  міндетін  арта  келеді.  Өзіне  ет  керек,  атына 

шөп керек. Ол иттер таң атқанша от жақтан қол салып 

қыз-қырқыныңа  тағы  тыным  бермейді»  –  деп  ойлап, 

өз көңілінен тек наразылық іздеп отырған-ды.

Үсті-басының қарын қағып, суық қапқан қиімдері 

сықырлап  екі  адам  ішке  кіре  берді.  Бірі  –  төртпақ, 

жатаған.  Екіншісі  –  жұқа,  қағілез.  Екеуінің  де  қасы, 

кірпігі қырау. Жұқа өңді қағілез жігіт қала үлгісімен 

тіккен  қара  драп  пальтоның  сыртынан  қасқыр  ішік 

киген. Ішке кіргесін төрге озбай, есік алдында тұрып 

қасқыр ішікті иығынан сыпырып тастады. Ал төртпақ 

жігіт онан бұрынырақ кіріп үйдің иесі кемпірге сәлем 

берді. Сосын бойындағы киіммен төрге шығып, көрпе 

үстіне  жайғасып  отырды.  Сонан  соң  ғана  басынан 

тымақты алды. Аяғындағы табанына сіреу қар қатқан 

бітеу бас етікті үстіндегі киімнің бәрінен кейін шешті. 

«Қайда тастасам екен?» – дегендей қолындағы етікті 

жоғары  көтеріп  айнала  төңірекке  көз  тастады.  Жаңа 

ішке кіргенде төрге жайған қара текеметке аяғындағы 

ауыр  етіктің  ізі  аққар  боп  жосылып  қалған  екен.  Ол 

бірақ қаперіне кіріп-шықпаған күйі қолындағы етікті 

дүрс  еткізіп  өзінің  ірге  жағына  тастай  салды.  Сонан 

соң:


–  Жасанжан,  былай  шық!  –  деп,  жас  жолдасына 

қасынан  орын  көрсетті.  Төріне  бір  шыққан  қазақтың 




82

барған үйіне қожалық етіп, билеп-төстеп кететін әдет.

Жасағанберген  аяқ  киімі  мен  сырт  киімін  есік 

алдында тұрып шешіп, төрге бойын жеңілдеп шықты. 

Күнұзын от жақпай, есік-терезеден жел ызғып тұрған 

үйде  қолын  уқалап,  бүрісіп  отыр.  Жолдасы  оған  көз 

қиығын тастап: «Қара суықта жүнін қырыққан ешкідей 

бүрсеңдеуін», – деді ішінен.

Бұлар  бүгін  Шалқардан  күн  шықпай  атқа  қонған-

ды.  Аттары  мықты  болғасын  қалай  да  Ханжалында 

көк мешіт ұстап отырған ишанға қонбақ болған. Оған 

аттары  болдырды.  Өздері  де  шаршады.  Ұзақ  жүріске 

аттан  да  көрі,  әсіресе,  Жасағанберген  шыдамай,  белі 

талып,  тақымын  ер  қажап  тастады.  Төрге  шыққасын 

да  құрысқан  аяғын  біресе  ілгері  созып,  біресе  өзіне 

тартып мазасы болмай отыр. Қонатын үй де көңілден 

шықпады.  Абажадай  бір  бөлме  аңғал-саңғал.  Төр 

жақтағы  тұтас  бір  қабырғаға  бірінен  кейін  бірін 

құйрықтастырып  қойған  екі  ағаш  кереует  тұр.  Екеуі 

де  ою,  өрнексіз.  Және  ұсынақты  шебер  қолдан 

шықпағаны  көрініп  тұр.  Екі  кереуетке  жиған  көрпе-

төсек  пен  тұсына  ұстаған  терме  алаша,  бәрі-бәрі  – 

бұл  үйдің  ер-азаматында  екі  қатын  бар  екені  айтпа-

са да белгілі болды. Қысқа күнде қырық қырқысатын 

күндес қатындардың бірінің бойына бір суыртпақ жіп 

артық жібермей, іштар қызғанышпен тайталасып өмір 

сүретін әдет.

Шымылдық  пеш  түбіндегі  кереуетте  екі  ұрты 

салбыраған  кемпір.  Қолағаштай  үлкен  мұрынның 

бір  танауында бүйідей  қара мең.  Сол меңнің  сыпыра 

көбелігінде  сояудай  ақ  қылдар  тікірейіп,  кемпірдін 

онсыз да еркек тақылеттес кесек бітімін суыта түскен.

Жас  жігіттің  қасындағы  серігі  –  бай  ауылдың 

«барып кел», «алып келінде» жүретін – Ебейсін төрге 




83

шыққасын кемпірге тіл қатып еді; кемпір жақтырмай, 

алақанымен  құлағын  қалқалап,  кереует  үстінен 

еңкейді:


– А?.. Қаттырақ айт!

Құлағы  мүкіс  екен  деп  ойлаған  Ебейсін,  енді 

даусын көтеріп:

–  Қай  туған  боласыңдар?  –  деп  еді,  кемпір  «іші-

бауырыңа  кіруін  қарашы»,  –  деп  ойлады  да,  өңі 

әлгіден  де  көрі  салқын  тартты.  Қонақтың  жауап 

күтіп  отырғанын  байқаса  да,  оған  енді  қайтып  назар 

аудармады.  Бөксесін  орап  алған  түйе  жүн  көрпенің 

астында  бүлкілдеген  әлденеге  «тыныш  жат!»  –  деп 

салып қап еді, ол бала екен, үйді басына көтере аңырап 

қоя берді. Ебейсін саңырау кемпір есіте қояр дейсің бе 

деген оймен қасындағы жігітке: 

– Қонысымыз келіскен екен. Көре қал, мына қақпас 

қара су татырмайды, – деп еді, кемпір иығы бүлк етіп, 

жымиып қойды.

Ішке екі келіншек кірді. Бірі – ақ сұр. Ұзын бойлы. 

Онан  кейін  кірген  келіншек  қа ра  торы.  Анадан  бойы 

аласа,  бірақ  тығыншықтай  толық.  Екеуі  де  үстіндегі 

белін бұйда жіппен буған шекпеннің етегіне толтырып 

сары  қи  әкелді.  Күні  бойы  қолдағы  азғантай  малдың 

астын  жайлап,  қой  қора  мен  түйе  қорада  жүрген 

келіншектердің  үстінен  көң  мен  қойдың  күлімсі 

шайыр  иісі  шықты.  Екі  келіншек  төрде  отырған 

қонақтарға еріндерін қимылдатты да, бұрылып кетті. 

Сонан  қайтып  ол  жаққа  назар  салмады.  Қара  торы 

келіншек от жақты. Қазанға ас салды. Үй іші әлгіден 

аздап жылынғанмен, бірақ жас жігіттің ту сыртындағы 

қой  қарнын  тұтқан  терезеден  сырттың  уілдеген 

ызғырық  желі  көк  желкеден  қадалып  ұрып  тұр. 

Әсіресе, кірген-шыққан кісілер есікті ашқан-жапқанда 




84

жаман. Есікті ашып қалғанда, ішке лап берген желмен 

терезеге тұтқан қарын «уф-ф!» деп сыртқа теуіп, үрген 

қуықтай  торсиып  кетеді.  Ал  есікті  жауып  қалғанда, 

әлгі қарын кейін теуіп, «фуф-ф!» деп, үй ішіндегілерге 

ұртын  торсита  қояды.  Есік  енді  бір  ашылғанда,  ішке 

лап  берген  ауадан  әлгі  шыңылтыр,  жұқа  қарын  тырс 

етіп  жарылып  кетті  де,  терезеден  мұп-мұздай  суық 

жел уілдеп соғып берді.

–  Біте,  ана  жау  жегірді!  –  деді  кемпір,  –  әлгі  осы 

үйдің қызы қайда?

– Көрші ауылға кетті ғой...

– Е, онда не бар екен?

– Отырмақ болады дей ме...

Тұра тұр, сен қыз!

Кемпір  қоламтада  тұрған  құманды  алып,  сыртқа 

шықты.  Ебейсін  жалма-жан  жанындағы  жігіттің 

құлағына аузын апарып:

–  Қосшым,  жағаңа  түкіре  бер.  Бұл  үйде  қыз  бар 

екен, – деді.

Көп  ұзамай  қазан  астына  қалаған  сары  қи  маздап 

жанып, үй іші жылына бастады. Қара торы келіншек 

жалыны  басылғасын  қазан  астындағы  қызыл  шоқты 

көсеумен  бері  тартып  еді;  төңкерген  кесе  түбінде 

сығырайған  май  шамның  жарығы  ала  көлеңкелеуге 

ғана  жарап  тұрған  абажадай  үйдің  ішіне  көктен  күн 

сәулесі түскендей, көңілденіп сала берді. Соны сезді 

ме, әлгінде кемпір бөксесін ораған көрпе астынан екі 

бала  басын  шығарды.  Бірі  естияр,  екіншісі  бауырын 

жаңа  көтерген  бала  мысықтай  күрбел.  Екеуі  де  көзі 

жылтырап, тәмпіш мұрнын ілгері созып, қи шоғының 

иісімен  қуана  дем  алды.  Ошақ  алдына  тартқан  қып-

қызыл  шоқтың  сәулесі  жас  балалардың  жанарында 

ұшқындап,  әуелі  қазанға,  сосын  қазан  маңында 




85

жүрген  аналарына  қарады.  Онан  төрде  отырған 

қонақтың көзіне көзі түсті де, басын жалма-жан көрпе 

астына  тығып  ала  қойды.  Жасағанберген  күлімсіреді 

де,  жолдасы  екеуі  атты  жайлап  келмек  боп  сыртқа 

шықты. Үй оңашарған соң ересек бала көрпе астында 

жатып бүлік салды. Әуелі кішкентай баланың табанын 

қытықтап, ықылық аттырып қойды. Бұл қылығы өзіне 

ұнады  да,  көрпе  астында  бүркеніп  жатып  кішкентай 

інісін  ана  бүйірінен  бір,  мына  бүйірінен  бір  түртіп, 

ақырында  балтырын  бұрап  үзіп  алды.  Бала  жылан 

шаққандай шар етті. Ақ сұр келіншек:

–  Мына  ар-р-рам  ит  қайтеді,  әй?!  –  деп  ұмтылып 

еді,  қара  торы  келіншек  күндесінің  жолын  кеселеп 

тұра қалды.

– Кәйтесің, бала ғой, – деп еді.

–  Бала  емес,  бәле!  Құрттай  баланы  өлтіреді. 

Ендеше, ол арам итті мен өлтірейін.

– Өлтіріп көр, өзің тірі қалар ма екенсің.

Дәл  осы  кезде  сырттан  үйге  қарай  келе  жатқан 

еркектің жөтелі естілді.

– Тұра тұр, бәлем!..

Сүйдеді  де,  ақ  сұр  келіншек  аңдаусыз  тұрған 

күндесін  аш  бүйірден  ыңк  еткізіп  бір  түйді  де,  түк 

болмағандай бұрылып жүре берді. 

Үй иесі жігіт ішке кірді.

– Тоңып келген шығарсыңдар. Шайды от алдында 

отырып  ішейік,  –деді  ол  өзінің  соңын  ала  кірген 

қонақтарға.

Шайдан кейін тұла бойы жылынған жас жігіт енді 

қарсы  алдынан  ошақ  алдына  тартқан  қидың  қызыл 

шоғын  бүкіл  бет  алабы  алаулап,  қызып,  маужырай 

бастады. Ебейсін мен үй иесі жігіт дастархан жинал-

ғасын  да  әңгімелерін  үзген  жоқ.  Бір-бір  жастықты 




86

шынтағына  басып,  бас  түйістіріп  жатып,  олар  биыл 

суық  жылдағыдан  гөрі  ерте  түскенін,  қораға  алған 

қолдағы  азын-аулақ  малдың  жазда  шапқан  азғантай 

шөпті әлден жеп, тауыса бастағанын үлкен уайыммен 

әңгімеледі. Кешкі астан кейін көңіл бірлеген Ебейсін 

мал  қыстатуға  қырдай  емес,  қалай  десе  де,  теңіз 

жақтың  тиімді  екенін  айтты.  «Тіпті  бар-ау»,  –  деді 

ол,  қайсы  бір  қақаған  қарлы,  боранды  суық  қыруар 

малды  ит  тұмсығы  батпайтын  қалың  қамысқа  айдап 

жіберсең,  ығы  да  жетеді,  қорегі  де  табылады.  Ең 

аржағы қамыстың қауылдырығы мен қабығын қажаса 

да,  қыстан  жан  созып,  қоңы  жығылмай  шығады  деп, 

үй иесін есін шығарып, еліртіп қойды да, сосын ол:

–  Қиындық  көріп  бара  жатсаң,  тура  өзіме  кел, 

«мал-жаныңа пана беретін, шүкір, жағдайым бар деп 

еді, Төлеу: 

–  Рахмет,  Ебейсін  аға.  Апырай,  теңіз  жаны  мал 

ұстаған  шаруаның  нағыз  кері  болды  ғой.  Көшем. 

Барам.


– Кел. Қырды тастап тура өзіме кел.

Жасағанберген  мыналардың  әңгімесіне  араласқан 

жоқ.  Ұйқы  қысып,  көзі  құм  түскендей  түйіліп  отыр. 

Ондайда  ана  екеуінің  даусы  алыстап,  әлдеқайдан 

күңгірлеп естіледі. Кейде қара қазанда қайнап жатқан 

сүр  иісі  танауын  қытықтап,  асқа  аңсары  ауып,  ауық-

ауық басын шыдамсыздана көтеріп алады.

Май  шам  сөніп  барады.  От  сәулесі  түскен  ошақ 

алды  ғана  жарық.  Басқа  жақ,  айрықша,  абажадай 

үлкен  үйдің  бұрыш-бұрышына  ipi  көлеңке  үйіріліп, 

тұнжырап  тұр.  Кара  торы  келіншек  күйеуімен 

тақымдасып,  шай  құйып  отыр.  Ұзын  бойлы,  ақ  сұр 

келіншек  қазан  маңында;  қи  шоғына  оның  да  беті 

қызып, гүл-гүл жайнапты. 




87

                             



* * *

Астан кейін Ебейсін ақау татыған ірімік айранның 

бір  зереңін  ішті  де,  тон  шалбардың  ышқыр  бауын 

босатты. Бұл үйдің ас-суын ішіп көңілін пірлегесін ол 

енді кемпірдің кереует үстінен оқтай қадалған көзіне 

пысқырған  да  жоқ.  Үстіндегі  тонның  бір  шалғайын 

жамылып,  бір  шалғайын  астына  төсеп  төр  алдында 

теңкиіп  жатыр.  Қазір    бәріне  енжар.  Әңгімеге  тіпті 

зауықсыз. Үй иесі жігіттің атын ұмытып қала береді. 

Анау да ерінбей-жалықпай, оған:

–  Атым  –Төлеу  –  деп,  қайта-қайта  есіне  салып 

бақты.


– Ә, Төлеусің бе? – дейді бұл.

– Иә, Төлеу, – деді анау тағы да.

–  Дұр-ыс,  –  деді  бұ  да  езуі  жыртылғанша  аузын 

ашып, есінеп.

– Ебейсін аға, – деді Төлеу елпілдеп.

Ебейсін үндемеді. Сүр ет пен құрт езген әлгіндегі 

майлы  сорпаның  исі  әлі  де  айыға  қоймаған  қапырық 

үйдің  ауасына  тұмсығын  төсеп,  көзін  бір  ашып,  бір 

жұмып манаурап жатыр.

– Апырай, Ебейсін аға... сонымен мал ұстаған кісіге 

қыс айларында қырдан  теңіз жағасы тиімді дейсің, ә? 

– деді Төлеу.

–  Айттым  ғой,  сұрай  беріп  қайтесің.  Көшіп  кел. 

Көмектесем. 

Сүйдеді де, Ебейсін Жасағанбергенді оятып тысқа 

шықты. Қора шетінен иттер үрді. Қасқыр ма деп, иттер 

үрген жаққа жүре түсті де, тоқтады. Ай жарық еді. Қос 

атты парлап жеккен жеңіл шаналы біреулер бұлардың 

жанынан жез қоңырауы шылдырап, ағызып өте шықты 



88

да, үйге жете бере ат басын бір-ақ тартты...

Шанада  отырған  төрт  кісінің  бірі    –  ат  айдаушы, 

екіншісі  –  кім  екені  белгісіз,  тонға  оранып  алған. 

Қолында  мылтық.  Қалған  екі  кісінің  қол-аяғында 

темір кісен.

– Бұлар кім болды екен? – деді Жасағанберген.

– Еламан ғой, – деді Ебейсін.

– Кім? Кім дедің?

–  Е,  сен  сұлу  келіншегі  бар  балықшы  жігітті 

білмеуші  ме  едің?  Ол  келіншекпен  бір  кезде  біздің 

мырза ашына боп біраз әуейіленген.

– Ал?..

–  Еламан  сол  сайқалдың  байы.  Қасындағы  інісі  – 

Рай.

– Ал, сосын?..



–  «Құтырған  бура  иесіне  түседі»  деп...  жаңағы 

сайқалдың байы қара шекпеннің байын өлтіріп...

– Ал?

–  Шырағым-ау,      сенің    бұл    «алың»    қай    «ал»?      



Кіci  өлтіргесін  оны  кім  аясын.  Мен  жолға  шығарда       

болыс    ағаң    қол-аяғын    кісендеп,    бойын    кездетіп,   

қалаға  айдатқалы  жатыр  еді...  Мынау,  дәу  де  болса, 

солар.


Жасағанберген  иығынан  сыпырылып  түсіп  бара 

жатқан  пальтоны  жағасынан  жоғары  тартты  да,  үйге 

беттеді.  Төлеу  мен  Ебейсін  үйге  онан  сәл  кейінірек 

кіріп  еді,  іле-шала  есік  қайта  ашылды  да,  ішке 

екі  жас  кірді.  Екеуі  де  көңілді.  Әсіресе,  қыз  әлде 

неге  мәз.  Сықылықтап  күліп,  есіктен  кірер  жерде 

екеуі  тайталасып  қалды.    Қыздың  қазіргі  түрі  адам 

күлердей: үстінде етегі жер сызған қара тон. Аяғында 

байпақты  етік.  Өзінің  ерсі  түрінен  қысылып  жатқан 

жоқ.  Жұрттан  бұрын  қайта  қыздың  өзі  қызық  көріп, 




89

күлкісін тыя алмай, сықылықтап жатыр еді, қара торы 

келіншек құлағына еңкейіп:

– Еркем-ау, саған не болған. Үйде түсі басқа қонақ 

отыр,  –  деп  еді,  қыз  тыйыла  қалды.  Бірақ,  қонақтар 

жаққа көз салмады. Қала мен теңіз арасында қыста да, 

жазда да аяқсымай шұбырып жататын көп жолаушының 

бірі болар деп ойлаған-ды. Қайын сіңлісін шешіндіріп 

жатып, үй ішіндегілердің көзін ала бере жеңгесі тағы 

да сыбырлап:

– Біреуі оқыған жігіт, – деп еді, қыз енді жеңгесінің 

тасасынан сығалап абажадай үйдің қонақтар отырған 

жағына  мойнын  созып  қарап  еді,  соны  байқады  ма, 

жас жігіт көсіліп жатқан аяғын жалма-жан тартып ала 

қойды. Қыз шаш қойған, орысша киінген, арық, аққұба 

жігітке көзін іркіп қарады да, бұрылып кетті.  Жеңге-

сінің қолын қағып, ешкімнің көмегінсіз өзі шешінді.

– Айғанша қарағым-ау, осынша кеш жүр генің не? 

– деді Төлеу.

Бағанағыдай  емес,  Ебейсін  қазір  қутыңдап  шыға 

келді. Ұйқысы да шайдай ашылды. Бас-аяғы бір бөлме 

үйде бой тасалайтын жер жоқ-ты. Теріс қарап тұрып 

шешіне бастаған қыздың тұла бойын тінткілеп, көзімен 

ішіп-жеп барады. Үстіндегі қабаттап киген киімдерді 

бір-бірлеп шешкен сайын ар жағынан құдды қауызын 

жарған  гүлдей  жап-жас  қыздың  талдырмаш  бойы, 

қынама  белі  мен  сәл-пәл  қозғалса  да  арқасындағы 

білектей  қос  бұрым  бұлғақтап,  қарамауға  қоймай, 

көзді тартып алып тұр. Қызды көзімен ішіп-жеп бара 

жатқан  Ебейсін  қасындағы  жас  жігітті  қайта-қайта 

түрткілеп, мазасын алып бітті. 

Дәл осы кезде:

–  Ассалаумағалейкум!  –  деп,  сырттан  кірген  екеу 

қосарлана  боздап  еді,  бірақ  оқыған  жігітті  көрді  де, 




90

ілгері баспай есік алдында тұрып қалды. Сосын оның 

басқа  емес,  оқудан  қайтып  келе  жатқан  Құдайменде 

болыстың кіші інісі екенін білгесін:

–  Оу,  Жасанжан!..  Ой,  айналайын...  Ал,  аман-сау 

барсың  ба?  Дені-қарның  сау  ма?  –  деп,  әлгі  екеу  екі 

жақтан жалпылдай бастады.

– Аға, жеңгелерің де аман. Дені-қарны сау.

– Ал, өзің қалайсың? Өңің қандай құп-қу.

– Апырай, бетіңде тіпті қан жоқ. Оқу адамды жеп 

тастайды деген рас-ау! Денсаулығың қалай?

– Ауылды сағынған шығарсың?

–  Аға,  жеңгелерің  де  сенің  жолыңа  қарай-қарай, 

екі көзі төрт болды.

Ебейсін өзінің қасына кеп тақымдаса отырып алған 

қаба сақалды жуан қараны бүйіріне түртіп:

– Қастарыңда тағы біреулер бар емес пе еді? – деп 

еді.


–  Ой,  енесін  с...  балықшы  ғой.  Шалқарға  айдап 

апара жатырмыз.

– Олар қайда?

– Түйе қораға қамап тастадық.

– Күзет қойдыңдар ма?

– Ит жер дейсің бе? – деді қаба сақалды жуан қара 

кеңк-кеңк  күліп,  –  қашып  кете  алмайды,  қол-аяғы 

кісендеулі.

Жаңа  ғана  сырттан  тоңазып  келген  қыз  қара 

кемпірдің  қасында  иегін  тізесіне  сүйеп  бүрісіп  отыр 

еді. Шалқақтап күлген қаба сақалдыға көзі енді түсті.

–  Оларды  ішке  алса  қайтеді?  Тоңады  ғой,  –деді 

Жасағанберген.

Ебейсін  мырс  етті.  Сырт  айнала  бере,  ірге  жақта 

жатқан бір жастықты өзіне тартып алды да, жұмарлап 

тақымының астына басты.

– Ағалар-ау, бұларың қалай?.. Мына суықта... мал 

қораға қамап... Ұят қайда?..




91

–  Жасанжан-ау,  олар  қылмысты,  кісі  өлтірген,  –

деді қаба сақал.

– Солай шығар. Бірақ, 

олар  да  адам...  адам 

баласы ғой...

–  Түсінсем  не  дейсің.  Кісі  өлтірген  кісіге  аяныш 

бола ма?


Бұған қарсы айтатын ұтымды сөз аузына түспеген 

жігіт  өзіне,  әлде  аналарға  ызаланды  ма,  қараптан 

қарап қызарақтап күйіп-пісті. Соны байқаған кемпір:

–  Әй,  залым,  –  деді  қаба  сақалдыға,  –  мына  бала 

жалынғанда адам түгіл қара тас та бір төңкеріліп түсер 

еді ғой. Дәтің шыдап неғып отырсыңдар?

– Жә, қайтесің. Бұл сен араласатын іс емес, – деді 

қаба сақал.

– Мына залым не дейді, әй? Кәне, сен жаңағыңды 

қайта айтшы?

Айғанша анасының бұрын-соңды дәл мұндай қатты 

бұзылған  түрін  көрген  емес-ті.  Кемпір  енді  бөксесін 

қымтап  орап  ал ған  көрпені  жұлқып  ысырып  тастады 

да, кереуеттен түсті.

–  Бұл  үйге  қонғыларың  келсе,  бар,  барың дар, 

аналарды алып келіңдер! – деді ақырып.

– Қария-ау, олар кісі өлтірген, қылмыс...

–  Өй,  қара  бет!  Имансыз!  Қанша  кісі  өлтірсе  де, 

олардың  қылмысы  сендердің  күнә ларыңнан  артық 

болмас.


Ебейсін қаба сақалдыны бүйірінен нұ қыды:

–  Қарсыласпа.  Бүгінше  осы  қақпастың  дегенін 

істейік!

Сүйдеді де, ананы енді әй-шәйға қаратпай, сыртқа 

алып  кетті.  Айғанша  анасына  дән  ырза.  Жас  қонақ 

жаққа  білдірмей  көзінің  астымен  бір-екі  қарады. 

Мынау өзі көріп жүргендерден мүлде  басқа. Және әне 



92

бір  түнде  қонып  жа тып,  жұрттың  көзі  ұйқыға  кетер-

кетпесте  от  жақтан  кеп  қол  салатын  әлде  біреулерге  

тіпті  де  ұқсамайды  екен.  Бір  көргеннен  ұнаса  да, 

неге  екенін  қайдам,  бірден  жас  жүрек  алып-ұшып 

құлап  түскен  жоқ.  Қайта  бір  көргеннен    ар  жағында 

жүрегін  шымылдатқан    әлде  бір  аяныш  тұрды.  Өзі 

жоқтан өзгеден қысылатын ұялшақ па, қалай? Бір-екі 

рет  байқап  қалды,  бұған  көзінің  астынан  бата  алмай 

жасқаншақтап қарады да, ду қызарып, жанары тайқып 

кетті. 

Ебейсін  мен  қаба  сақал  екі  кісіні  қол-аяғындағы 

темір  кісенді  шылдыратып  ішке  алып  кірді.  Екеуі  де 

қатты жаураған. Әсіресе, бала жігіт қалшылдап ұшып 

барады екен. Айғанша жүгіріп барды да, пеш түбіндегі 

жылы орынға төсек жайды.

– Отқа жақындаңдар! –деді кемпір.

Бала  жігіт  ішке  кірген  бойда  ошақ  алдына  отыра 

қап,  қып-қызыл  қи  шоғына  шабынып  оттың  үстіне 

түсіп  барады.  Онан  кейіндеу  кірген  еңгезердей  ірі 

кісі де қаңтардың қақаған суығында қатты жаурапты. 

Бірақ  төрдегі  кісілердің  арасынан  болыстың  оқудан 

қайтқан  інісін  көрді  де,  отқа  жақындамай,  төрге 

шығып отырды.

Оның ұстамдылығына ырза болған кемпір:

– «Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл» деген. 

Шырағым, есімің кім?

– Ел-а-ман... 

– Мына бала ше?

– Менің інім. Аты – Рай.

– Қай рудан боласыңдар?

– Жақайымбыз.

– Іргелі елдің баласы екенсіңдер ғой?



93


94

–  Қадірлі  ана,  біз  теңіз  жағасында  тұратын 

балықшылар аулынанбыз.

– Е-е! «Адамның басы, Алланың добы». Не бола-

рына кімнің көзі жеткен, – деді кемпір. Сәл отырғасын 

жүзін  Еламанға  қайта  тіктеп,  –  жөніңді  білмесек  те, 

жүзіңді  көріп  отырмын  шырағым.  Мыналар  сені  кісі 

өлтірді дейді. Қайдан білейін, адам аласы ішінде ғой, 

түріңе қарасам, иманмен қаптап қойғандай екен, – деп 

еді  кемпір,  Еламанның  үсік  шалған  беті  сұрланып, 

біраз отырып барып:

– Кісі өлтіру кәсібім емес еді, қадірлі ана. Құдіреті 

жүріп тұрғандар оған қойды ма – деп, ол демі дірілдеп 

тоқтады  да,  –  қысқа  күнде  қырық  өле  бергесін, 

қайтейін, тым құрыса, бірін өлтіріп жастығымды алып 

жатқым келді. Қадірлі ана, біздің жайымыз осы, – деді.

Үй  іші  жым-жырт.  Еламанның  ентігіп,  ауырлау 

дем  алған  тынысы  ғана  естіліп  тұр.  Айғанша  онан 

көз айырмай, анасының қасында иегін тізесіне сүйеп 

қапты.


–  Әй,  Төлеу,  –деді  кемпір  үлкен  баласына,  –  тұр, 

мына  балаға  малыңды  сой  да,  жақсылап  қонақ  асы 

беріп жөнелт!

– Апа-ау... осы үйде өлі ет те...

– Қой әрі! Ac таусылғанда үнемшіл болатын жаман 

қатындардай,  бұл  шіркіннің  қолдағы  барды  құртып 

алғасын малжанды болғанын қайтейін. Бар, кіші қара 

тоқтыны сой. Қалған етін кейін балалар қызылдар.

Төлеу  екі  әйелін  ертіп,  сыртқа  шықты.  Айғанша 

анасының  үлкен,  кесек  бітіміне  сүйсіне  қарады.  Осы 

қара кемпірдің жатырынан шықса да, бұл өз басы әлі 

күнге ана сырына жете түсініп болған жоқ-ты. Басқа 

тартса  аяққа  жетпейтін  тапшы  дүниесі  кұрғырдың 

тарлығын көп көргесін бе, былайғы уақытта үй ішінің 




95

қазан-аяғына, ішкен-жегеніне араласып, әрі-берідесін 

тіпті келіндерінің қазан-аяқ ұстағанына ырза болмай, 

зәрін төгіп отыратын тарқол, қытымыр ананың кейде 

тап  осындай  кісінің  кісілігі  сыналатын  жерде  қолы 

ашылып кететіні бар. Ондайда аз ғана дәулеттің алды-

артына қарамай, лақ еткізіп төге салатын жомарт.

Ебейсін  қалғып  отырған-ды.  Мал  сойы латын 

болғасын көнмен қаптағандай тобар сыған бетіне күлкі 

тепсініп,  жанындағыларды  шынтағымен  түрткілеп 

жымыраңдап сала берді. Кемпір үй ішіндегі кісілерге 

назар аудармай, Еламан екеуі өзара сөйлесіп кетті:

– Бір істі істеп салған екенсің, шырағым. Оң-терісін 

біз  қайдан  білейік.  Тек,  әйтеуір,  өзіңнен  төмен  әлде 

кімдерден  қорлық  көріп,  күнде-күнде  өле  бергенше, 

бір тірлікте бір өлген де дұрыс шығар, – деді.

Бойы  жылығасын  Рай  асқа  қарамай,  ағасының 

тізесіне басын салып ұйқтап кетті. Еламанды да ұйқы 

қысып,  өзін  әзер  ұстап  отыр.  Астан  кейін  Айғанша 

үлкен жеңгесі екеуі қонақтарға төсек салды. Қараторы 

келіншек  Еламанның  басы  астына  салатын  жастық 

таба  алмай  тұр  еді,  Айғанша  жүгіріп  барып,  өзінің 

жастығын әкелді:

– Еркем-ау, өзің.

Асты жұмсақ болсын, тағы бір көрпе сал!

Шамды  сөндірмей,  сығырайтып,  білтесін  басып 

қойды. Кеш жатқан жұрт жастыққа басы тиер-тиместе 

қор етті. Қатты қалжырап отырған Еламан тап жатар 

жерде  ұйқысы  ашылып  кетті.  Бұны  айдап  әкеткелі 

жатқанда  балықшылар  жиналып  қалды.  Тек  Ақбала 

келе  алмады.  Шала  туған  жеті  айлық  бала  тыныш, 

жыламайды  деп  жұрт  оның  көңілін  аулап  жұбатпақ 

болды. Оған бірақ Еламан илана қоймады. Шала туған 

баланың адам боп қатарға қосылуы екіталай. Түнімен 




96

ой қажытқан Еламан сонан тек таң алдында көзі ілініп 

бара жатыр еді, қаба сақал:

– Әй, тұр – деп, Рай екеуін бір-бір теуіп оятты.

Еламан денесін зорға қозғады. Райдың да ұйқысы 

қанбаған.  Денесін  билей  алмай,  былқ-сылқ  тұрған 

інісін  ол  қолтығынан  алып  сүйемелдей  берді.  Қол-

аяғындағы  темір  кісен  шылдырап,  ағалы-інілі  екеу 

ақырын  қозғалды.  Есіктен  дәл  шығар  жерде,  түндегі 

жас  қыз  жүгіріп  кеп,  қоламтадан  жаңа  шыққан  ып-

ыстық күлшені Еламанның қойнына тыға сала, дереу 

жалт  бұрыла  берген-ді.  Еламан  оның  нәзік  білегінен 

ұстай алып, қолын жібермей, кеудесіне қысып тұрып:

–  Айналайын-ай!  Не  дейін,  аман  бол.  Жамандық 

көрме, мұңсыз өс! – деді де, қызды маңдайынан сүйді.

* * *

Теңіз  жағалауымен  екі  кісі  аттарын  екеу  ақырын 

бастырып  аяңдап  келеді.  Бірі  –  Жасағанберген, 

екіншісі  –  ана  жолы  оны  Шалқардан  алып  қайтқан 

Ебейсін.  Сонан  бері  ол  жас  жігіттің  қасынан  бір  елі 

қалған  жоқ.  Ебейсін  әуелі  оны    ағайын-тумаларға 

апарды. Онан ағаларының сілтеуімен бұл өңірде билігі 

жүріп  тұрған  ру  басы  ақсақалдарды  адақтап,  әуелі 

Көлқора  табанында  отырған  Рамберді,  Жылқыбай, 

Мыңбайлардың  үйіне  бір-бір  түстенді.  Сонан  кейін 

ғана  мойнындағы  мықты  бір  парыздан  құтылғандай 

боп теңіз жағалауымен үйге қайтып келе жатқан беті 

еді.

  Жас  жігіт  шаршаған.  Көңілсіз.  Қабағында  ұйқы 



бар. Күнұзын талай үйден ет жеп, іркіт ішіп, ер үстінде 

отыра  алмай,  былқ-сылқ  келе  жатқанда  бұлардың 

алдынан шөккен нардай үлкен ақ шоқалақтың ығында 



97

отырған  қыстаудың  төбесі  көрінді.  Іле-шала  үрген 

иттің даусы шықты.

–  Мынау  Сүйеу  қарттың  қыстауы  емес  пе?  –  деді 

Жасағанберген.

– Ой, оны қайтесің. Болыс ағаң, қызыл көз шалмен 

қырғиқабақ.

– Қызық екенсіз, Ебейсін аға...

Жасағанберген  ат  басын  дереу  жалғыз  қыстауға 

бұрды.  Сүйеу  қарт  үйде  екен.  Аппақ  қудай  шалдың 

сақал-шашы  ту  сыртындағы  терезеден  түскен  қысқы 

күннің  сәулесіне  шағылысып,  қақ  төрде  қазықтай 

шаншылып  апты.  Қонақтарды  көрсе  де  қозғалмады. 

Қасынан қағысып орын да ұсынбай, сендерге лайығы 

осы дегендей, өзінен төменірек жерді иегімен нұсқады.

– Бала, отыр! Елге келген хабарыңды есітіп жатыр-

мыз... – дей түсті де, іркіліп қалды.

– Ие, ақсақал, елге келгелі біраз болды.

– Ә-ә! Ә! Бізге дөп келгені осы болды де. Жарайт, 

жарайт!.. Бұл үйге қайтып бара жатқан бетің шығар?

– Ие, ақсақал, – деді Жасағанберген, бұл жерде де 

бұлтара алмай қалып.

– Өзім де солай шамалап едім. Жол үсті ғой. Бой 

жылыта кеткендерің бөтен емес.

Ебейсін  үнсіз.  Басындағы  түлкі  құлақ шынды 

көзіне  түсіре  басып  киіп,  төмен  қарап  тұқырайып 

апты.  Үндемесе  де  аржағында  «өзіңе  де  осы  керек» 

деп айта алмай, ішіне бүгіп табалап отырғандай.

Сүйеу қарт Ебейсіннің бар-жоғын бай қап отырған 

жоқ. Жақсы көретін күйеу ба ла сы ұсталғалы көңілсіз. 

Үй ішіне қатал. Шалқарда түрмеде жатқан Еламан мен 

Райға  бара  алмағаны  жанына  батып,  ызасын  кімнен 

аларын  білмей,  от  басындағы  бала-шағаға  жыландай 

ысқырып отыр еді.




98

– Бала, тағы оқисың ба? – деп, ол жас жігітке қызыл 

көздің қиығын тастады.

Көз қиығында: «Жұрт сені төре деп төбесіне көтере 

берсін.  Өзің  де  төре  болуға  тырысып,  өңіріңе  жез 

түймелерді жалтыратып таға бер... Бешпет, шалбарды 

да сыптай ғып тарылтып, қанша тыраштаңсаң да, сен 

әлі шіп-шикі баласың»  деген кекесін тұрғандай.

Елге келгелі Жасағанберген қошаметті көп есітіп, 

көңілі өсіп келе жатқан-ды. Соны мына қызыл көз шал 

жол торыған ұрыдай, тұла бойын тұттай жалаңаштап 

шешіп  алғандай.  Жас  жігіт  келуін  келсе  де,  енді  бұл 

үйден  қалай  шығып  кеткенше  асығып,  шайды  да  бір 

шыныаяқ ішті де, кесесін қисайта салды.

– Бала, аз іштің ғой?

– Рақмет, ақсақал.

Жасағанберген  шамасы  келгенше  сыр  бермей, 

үй  ішімен  сыпайы  қоштасып  жүріп  кетті.  Былай 

шыққасын Ебейсін:

– Бармайық дегенім осы ғой. Бұл шал тіліне у-зәрін 

жиып отырған осы даланың улы жыланы, – деп еді, жас 

жігіт оның ренішін есіткісі келмей, атын тебініп шаба 

жөнелді.  Ауылға  Ебейсіннен  көш  бұрын  жетті.  Келе 

сала  шешініп  жатып  қалды.  Сонан  ол  ертеңіне  қан 

сәскеде бір-ақ оянды. Шай-суын ішкесін бұл әулеттің 

өз арасында қалыптасқан дағдылы әдет бойынша, бұл 

әуелі софы ағасына, сосын болыс ағасына барып сәлем 

берді.  Үстінде  қара  костюм.  Сары  жез  түймелі  жұқа 

пальто. Құдайменде есіктен кіріп келе жатқан інісіне 

күле қарады.

– Жасанжан қызық. Тірек ұстайтын татар байлары 

құсап, бұты-қолын сыптай ғып, өзінің қалада жүргенде 

киетін қара шекпенін ауылда да тастамайды, – деді.

Осы ағасының тілін қызық көретін Жасағанберген 




99

төрге озбай, үй ортасында аш мықынын таянып, сылқ-

сылқ күліп тұр.

–  Қой,  шырағым,  қала  сәнін  ауылға  әкеліп  опа 

таппайсың.  Абайла,  бала,  абыройдан  айырылып  қап 

жүрме.


– Неге?

– Ауыл арасын қалаңдай көресің бе? Тамына тамы 

бөксесін  тақап  тұрған  қалада  кісі  тоңады  дейсің  бе? 

Мықтаса, көп бөлмелі татар байының үйін аралағандай 

шығар.  Қыс  бойы  бір  үйден  шыға  сала  қол  созым 

жердегі екінші үйге кіріп, көбең боп жаман үйренбей 

кәйттім дейсің.

Жасағанберген  бұл  жолы  да  сылқ-сылқ  күліп, 

деректесетін  жерде  де  ағасымен  белдесуден  қашып 

тұр.  Құдайменде  інісінен  әлі  де  көз  алмай,  басы  мен 

аяғына  тосырқай  қарады.  «Әй,  мына  күшік  неме-

не,  қалада  болған  аз  уақытта  күлкісіне  дейін  өзгеріп 

кеткен  бе?  Апырай,  ә?!.  Бала  кездегі  баяғы  қылуа 

мінездерін  Орынбордың  қай  көшесі,  қай  үйінің 

бұрышында қалдырып кетті екен?» – деді ішінен. Елге 

келгеннен бері осы інісін назарынан шығармай, үнемі 

қадағалап бағып жүр. Соның бәрінде де, бұл не қылған 

патшағар, ең арысы, жүрегі елпілдеп тұратын елгезек 

жастың  әдетімен  бірде  болмаса  бірде  алды-артын 

ойламай,  қызынып,  қызып  кетіп,  желпініп  сөйлесе-

ші.  Ар  жағында  біреу  қолға  үйретіп  алып,  тізгіндеп 

тұратындай.  Сөзі  де,  күлкісі  де  сараң  қатынның 

қолынан  шыққандай,  сығымдап,  тек  шетін  шығарып 

отырады. Бір жолы бұл осы байқағандарын үйде софы 

ағасы отырғанда Тәңірбергенге тигізе айтып:

–  Осы  күшікті  оқытып,  алтын  иық  төре  етем  деп 

жүрсін. Көре қал, күні ертең бұзылып кете-туң,– деп 

еді.



100

– Иә, түбі, өз үмбетімізден шығып, шоқыншық боп 

кетеді, – деді софы.

– Ой, аға-ай, оның несіне шошыдың. Орыс болса, 

қайта оязға бастық болады, – деді Тәңірберген күліп.

Құдайменде іркіт құйған местей, лықылдап майға 

бөккен  денесін  әрі-бері  шайқап,  ырқ-ырқ  күлді. 

Тәңірберген ірге жағында жатқан түлкі тымағын алып 

түрегеле беріп еді.

– Әй, сен тоқтай тұр, – деді Құдайменде, – сен осы 

жар  басындағы  балықшылардың  аулына  барғыштап 

кетің едің ғой?

Тәңірберген  болыс  ағасының  ар  жағында  не 

тұрғанын аңғарса да, бірақ ойда жоқта бастаған мына 

әңгімені  ақырына  дейін  айта  түскенін  қалап  үнсіз 

тосып тұр.

–  Бір  есептен  соның  дұрыс,  –  деді  Құдайменде, 

–  қазір  жолыңа  тұратын  адам  жоқ.  Құдай  айтқандай, 

күйеуі келмеске кетті.

– Тағы не айтпақсың?

–  Кеулің  шапса,  қатын  үстіне  ал!  Баяғыда  екеуің 

Ләйлі-Мәжнүндей едіңдер ғой.

–  Қазаққа  қатын  алу  қиын  емес.  Оны  кезінде 

көрерміз.  Әуелі  басқа  шаруамызды  бір  ыңғайлап 

алайық.

– Ол не тағы?

–  Кәленді  айтам.  Баста  сол  пәлемен  жауласпай, 

аулақ  жүру  керек  еді.  Жауласқан  екенсің  –  тартын-

ба.  Екінің  бірі.  Айтпады  деме:  қазір  сен  оның  көзін 

құртпасаң,  соңыра  ол  сенің  басыңды  алады,  –  деді 

Тәңірберген.  Сосын  түсін  бермей,  үнсіз  томсарып 

жатқан  ағасына  күле  қарап:  –  Әлде,  сонан  шынымен 

де жасқанасың ба? – деді. Ағасын айдап саларда әуелі 

дәл осылай қытығына тиіп, қайрай түсетін-ді.




101

– Көрерміз, – деді Құдайменде.

–  Елге  ұлық  шығады  деген  не?  Рас  па?  –  деді 

Тәңірберген.

– Рас. Таяу арада келіп қалар.

–  Е,  онда  сәті  келіп  тұр  екен.  Аянатын  не  қалды. 

Ол  желіңнен  мал  алып  жүрген  ұры.  Ұрлығы  ештеңе 

емес, ертеңгі күні Еламан сияқты бұ да кісі өлтіреді.

Кұдайменде  үндемеді,  бірақ  інісінің  мына  сөзі 

өзінің де көңілінде жүрген күдік еді, дәл соның үстін 

тап басты.

–  Шодырдың  баласы  Аралға  келіпті  ғой,  – 

дедіТәңірберген.

– Сондай бір сыбыс бар.

– Жоқ, анық көрінеді.

–  Болса  болар.  Әкесінің  құнын  қуып  келе  жатқан 

шығар.

–  Орыс  құнды  қайтсін.  Рас  болса,  әкесінің 



промсолын  сататын  сияқты.  Дәмелі  кісілер  осында 

жиналатын көрінеді.

–  Апыр-ай,  ә?  Малға  айырбастай  ма  екен,  әлде 

тазалай ақшаға сата ма екен?

Тәңірберген  күліп  жібере  жаздап,  өзін  дер  кезде 

әзер  тежеді.  Болыс  ағасының  мұндайда  құйттайдан 

кілт ете қалатын кінәмшіл мінезін білетін-ді.

–  Ақшаға  сатады  ғой,  –  деп  іркіле  түсті  де,  – 

байқайсың  ба,  болыс  аға,  заман  өзгеріп  барады-ау! 

Кешегі  ата-баба  тұсында  қай  қараша  бетіңе  кеп  сөз 

айтушы еді. Қоңынан ет кесіп алып жатқанда да қыңқ 

етпейтін құлақ кесті құлың еді ғой. Енді, міне, көрдің 

бе  бұларға  құлаш-құлаш  тіл  бітті.  Көңілін  таппасаң,  

қосыңды  жекпейді.  Қатын,  баласын  жетелеп,  іргеңде 

отырған  балықшылар  аулына  тайып  тұрады.  Бүйте 

берсе, көре қал, түбі малыңды бағатын кісі қалмайды.




102

«Осы-ақ білгішсіп, алдыңды орай бере-туң. Аузын 

ашса,  сары  уайым...  ақыр  заманды  үстіңе  төндіре 

бастай-туң», – деді Құдайменде ішінен.

– Болыс аға, осы жайды ойладың ба?

– Ал, ойладым. Сонда қайт дей-туң маған?

–  Жөн  білетін  кісілер  «заманына  қарай  амалы» 

демеуші ме еді...

«Не  айтқың  кеп  отыр  осы  сен?»  деген  кескінде 

Құдайменде інісіне бұрылып жалт қарады.

– Шодырдың промсолын сатып алсақ қайтеді?

– А?


– Промсолды сатып алсақ деймін.

Ертеден бері қырысы 

тарқамай 

қыржиып 


отырған Құдайменде кенет  шұғыл жадырап, қарқылдап 

күлген бойы сырт жағында жатқан жастыққа шалқалап 

құлай кетті:

– Жоқты соға-туң. Тәйірі, орыстың кәсібі қазақтың 

қолынан келуші ме еді...

– Е, несі бар. Орыс та өзіміздей адам емес пе?..

– Қой, айналайын, қанша күпсінсең де о р ы с т ы ң 

өнеріне  жете  алмай-туң.  Сенікі  жөн  дегенге  жоқты 

соға берме...

– Жоқ, аға, жөн айтып отырмын. Промсол қолыңа 

тисе осы өңірдің құдайдан кейінгі қожасы сен боласың. 

Ол кезде кедей-кепшікке барар жер, басар тау қалмай, 

бәрі саған тығылады.

Құдайменде  інісінің  ар  жақ  ойын  енді  аңғарды. 

Промсолды  өз  қолына  алса,  сонда,    шынында  да, 

балықшыларды  бұл  уысынан  шығармай  ұстап 

отыратын  еді  ғой.  Алғашқыда  бұған  Құдайменде  

ауаланып,  қызығып  қалса  да,  пәтуа  байлар  жерде 

қолын бір сілтеді:

–  Қой,  шырағым,  ата-бабаң  әуестенбеген  кәсіп, 

соңыра халық алдында күлкі боп жүрерміз.



103

* * *

Тентек  Шодырдың  баласы  Аралға  келіп,  қайын 

атасының үйінде жатыр екен деген хабар дүңкілдегелі 

қашан.  Басында  ел  арасында  жүретін  әлде  қандай 

алып-қашпалы  қауесет  сияқты  еді.  Кейін,  расқа 

айналды. Әкесінен қалған мұраны сатпақ болған жас 

офицер сонау Петроградтан әдейі кепті. Соны есіткелі 

Шодырдың  промсолынан  дәмесі  бар  қалталылар 

ойдан-қырдан  ағыла  бастады.  Көбі  –  орыс.  Соның 

бірі  –  Ақсақ  Жагор.  Бұл  кезде  қалтасы  жұқарып 

қалса  да,  Федоров  өлгесін  қайтадан  еңсесін  көтере 

бастады.  Ақсақ  Жагордан  кейін  Шалқардан  Темірке 

келді. Бұ да көптен келе жатқан осы өңірдегі сірнікті 

бай.  Ұлықұм  бойында  қыруар  малы  бар.  Қазақтар 

арасында «көкжал үй» атанған  Шалқар қаласындағы 

үлкен  дүкен  осынікі.  Екі-үш  ояздың  жүн-жұрқасы 

мен  тері-терсегі  осының  қолынан  өтеді.  Көптен  бері 

көкірегін  тескен  арман  –  теңіз  еді.    Федоровтың 

промсолы торгке түсті. Хабар тиген бойда бұ да қыруар 

кісімен  ошарыла  кеп,  болыстың  аулын  басып  жатыр. 

Тәңірберген татар байына бала жастан үйірсек-тұғын. 

Ол, бірақ бұл күндері қадірлі қонақтың басы-қасында 

бола бола алмады. Осы жаққа урядниктің келе жатқан 

хабарын  есіткелі  жас  мырза  пешірді  шақырып  алды 

да,    үстеріне  ешкімді  кіргізбей,  екеуден  екеуі  оңаша 

үйде ұзақ шүйіркелесті. Көлденең кісіден тек Ебейсін 

кіріп-шығып жүр. Онда да Ебейсінді көрші ауылдарға 

жұмсап,  керек  кісілерін  шақыртып  ап,  қысқа-қысқа 

тілдеседі де әмір беріп аттандырып жібереді.

Осының  бәрін  сырттай  байқап,  біліп  жүрген 

Темірке  бір  шәй  үстінде  қасындағыларға  жас  мырза 



104

тығылып алған үйді иегімен нұсқап:

– Нағыз болыс шушының өзі ме деп қалам, – деп 

еді.


Күн  бата  урядник  кеп,  болыстың  үйіне  түсті.  Бұл 

ауылдағы  орысша білетін жалғыз кісі – пешір. Оған 

«тез жетсін» деп дереу кісі жүгіртті. Пешір келгенше 

Құдайменде  ұлық  алдында  қол  қусырып,  «тақсыр-

тақсыр» дегеннен басқа түк айта алмай, сақау кісіше 

өзара  ымдасып  қана  отырған.    Екі  жағы  да  әдепкіде 

ауыз  тұшытып  сөйлесе  алмағандарына  қиналып 

еді,  артынан  урядник  ашулана  бастады.  Онан  сайын 

болыс қайтерін білмей, қара терге түсті. Соның үстіне 

Тәңірберген  келді.  Ол  ұлықпен  жақсы  таныс  екен. 

Өткен жазда Шалқарға көп мал айдап апарып, базарда 

Ебейсінге  сатқызып  тұрған  үстіне  осы  урядник  кеп 

амандасыпты.  Қазақ  байларымен  қашаннан  бері 

араласып, жырындықор боп алған урядник сол арада 

Тәңірбергенді өзінің жаңадан салғызып жатқан үйіне 

ертіп апарыпты да: «Мирза, байгази бир» – деп, осы 

жылдары  үйреніп  жаттап  алған  екі  ауыз  қазақшасын 

кәдеге асырыпты. Мұндай жерде мал аямайтын мырза 

екі  ірі  қараның  пұлын  урядниктің  қалтасына  салып 

жіберген екен. 

Тәңірберген  келді  де,  тым-тырыс  үйге  тіл  бітіп 

жүре берді. Құдайменде сияқты Тәңірберген де орыс 

тілін біле қоймайтын. Ол, бірақ, білмейтінін өзіне мін 

көріп қысылып жатқан жоқ. Салған жерден жайраңдап 

күліп  кіріп  келді  де,  ұлықтың  қос  қолын  уысында 

қысып тұрып амандасты. Сонан кейін орыс қонақтың 

дәл  қасына  тақымдасып  отырып  алды  да,  сөйлей 

жөнелді.


– Тақсыр, қош келдің! – деді ұлыққа.

– Раки-мет!.. – деді ұлық та.




105

– Ат-көлік аман ба? – деді мырза.

– Ра-ки-мет!.. – деді ұлық тағы да.

– Жол ұзақ, қыс іші, қалай, шаршаған жоқсың ба? 

– деп еді мырза.

– Ра-ки-мет!.. – деді ұлық тағы да.

Құдайменде інісіне бір, ұлыққа бір қарады. Бұл өзі 

ұлық  алдына  барғанда  әрқашан  ойындағы  сөзін  айта 

алмай,  бір  қызарып,  бір  бозарып  әпі-шәпісі  шығушы 

еді.  Тілмаш  арқылы  сөйлескенде  де  бір  түрлі  шайға 

қанбағандай, айызы қанбай, шала құмар боп қалатын. 

Енді  інісіне  қарап  аң-таң.  Орысша  білмегені  інісінің 

ойына кіріп-шыққан жоқ. Қазақша білмегеніне қайта 

ұлықтың өзі қысылып, қипақ қаға бастады.

– Әй, бала, сен өзің пәлесің ғой, – деді Құдайменде 

Тәңірбергенге.    –  Мына  ұлықпен  осы  ауылдағы  көп 

қазақтың  біріндей  шұрқырастың  да  қалдың  ғой. 

Бұнымен қашаннан бері таныс едің?

–  Ағаң  болыс  болса,  жер  бетінде  ініні  білмейтін 

ұлық бар ма?         

Құдайменде мәз боп кеңк-кеңк күлді. Тәңірберген 

болыс ағасының осы бір көңілді кезін пайдаланып:

–  Кәленнің  ісін  дереу  қарату  керек,  –  деп  еді, 

Құдайменде  үндемеді,  бірақ  ертеңіне  шай  үстінде 

ұлық  ел  ішінің  жайын  сұрағанда,  Құдайменде  осы 

енді әңгімені ұлыққа өзі бастады:

– Ұры-қары көбейіп кетті, тақсыр, – деді.

– Мал ұрлай ма? 

– Иә, мал ұрлай-туң. Маза бермей-туң.

– Кісі өлтіріп жатқандар да бар, – деді Тәңірберген. 

Урядник аузына апара берген кесені кейін тартып ап, 

болысқа ежірейе қарады:

– Бізге неге хабарламадың?

– Тақсыр, үлгіре алмай жатырмыз. 




106

– Безобразие! Ну, олар кімдер?

–  Еламан  деген  бір  ұры  таяу  арада  орыс  байын 

өлтірді. Оны айдатып жібердік. Енді Кәлен деген ұры 

шықты. Қауіпті. Кісі өлтіруден тайынбай-туң.

– О, конечно... Ондай кісіні ұстау керек.

Тәңірберген ұлыққа қарай ысырыла түсті:

– Тақсыр, Кәленнің мал-мүлкін үптеп, тура Сібірге 

айдату керек.

– Факті болса, конечно...

–  Актысы  бар.  Кәленнің  қолындағы  малдың  бәрі 

де  осы  өңірдегі  ауылдардан  ұрланған.  Қазір  иелері 

шығып жатыр.

Інісінің  бұнысын  жаратпай  қалған  Құдай менде 

урядниктің көзін ала бере күңк етті

–  Шамадан  аспа,  бала.  Соңыра  тексере  қалса, 

өтірігің шығып, ұлық алдында ұят боп қалар.

– Бір ауыз өтірігі жоқ, бәрі шын, – деді Тәңірберген.

– Иелері шығып жатқаны дарас па?

– Рас болғанда қандай. Арыздары бар.

– Оны мен неге білмеймін?

–  Сенің  пұршаң  боп  жатыр  ма?  Жарғақ  құлағың 

жастыққа  тимей,  ел  қамымен  шапқылап  жүрген 

жоқсың ба? Ал, арыз пешірге түсіп жатыр. 

Құдайменде ойланып қалды. Інісі қанша сендірмек 

болса да, ар жағында әлі де күдік бар:

– Әлгі кісілерің... Кәленнің қолындағы малдардың 

түрі-түсін біле ме?

– Білгенде қандай. Пагорнойына дейін бар.

–  Нанайын  ба,  жоқ  па?!  Дем  арасында  біреудің 

қорасындағы  малдың  түрін,  түсін,  таңбасын  қайдан 

біле қойдыңдар?

–  Болыс  ағам  қызық.  Ол  ұрының  қорасындағы 

малдар  бір  кезде  өзіміздің  қолымыздан  шыққаны 

қайда!..



107

Құдайменде енді жас жігіттің қара мұрты қиылған 

сұлу жүзіне таңдана қарады. Шынында да, енді ойлап 

қараса,  інісінің  айтқаны  рас:  баяғы  көңіл  түзу  кезде 

Кәленді  бұл  ауыл  көп  пайдаланбады  ма.  Ал,  Кәлен 

тоқты-торпақ алатын ауыл арасының ұрысы емес, ол 

қасына тірі жан ертпей, не де болса, ылғи да тек   ат 

тұяғы жететін алыста жатқан елдерге жалғыз жортып 

мал  әкелді.  Және  де  ол  сырттан  әкелген  малды 

өзінің  кәдесіне  жаратпай,  бұлардың  желісіне  байлай 

салатын. Ал, бұлар оған бойына сіңімді болсын деген 

сылтаумен өздерінің қолындағы малдың ішінен  тайлы 

бие,  тайлақты  түйе  беретін.  Олар  да  бұлардың  төл 

малы  емес,  әр  ауылдан  әлдеқалай  келіп  қалған  олжа 

малдар.

Енді  ойлап  қараса,  шынында  да  Кәленнің 

қолындағы  бар  малдың  бәрінің  де  бұларға  түрі, 

түсі  таныс,  танымал.  Ұрлап  алған  мал  деп  ұлыққа 

көрсетуге сыйымды-ақ! Жаулық ниетке шындап мінген 

Тәңірберген  пешірге  алдын-ала  Кәленнің  қолындағы 

бар малын пагорнойлатып, қаттап қағазға түсіріп апты.

Сонан кейін осы малдардың бәрін қабырға болысына 

қарасты  елдерден  ұрлаған  етіп,  әр  ауылдан  иесін 

шығарып,  арыз  түсіріп  тастаған.  Құдайменде  басын 

шайқады:  «Апыр  ау,  осының  бәрі...  басына  қайдан 

келе бере-туң?» деді ішінен.



* * *

Сәскелете болыс аулына келген Кәленнің қасында 

Мөңке  мен  Дос.  Бәрі  жаяу  және  құр  қол.  Тек  Кәлен 

қайда  барса  да  қолынан  тастамайтын  жуан  дойырды 

ұстай  шығыпты.  Бұл  өзі  баяғы  ат  жалын  тартып 

мінгенде өзегіне қорғасын құйып, бұзау тіс қып, мы-




108

ғымдап өрген дойыр еді. Жарымын ұзын жеңінің ішіне 

тығып, екі бүктеп алған. Ауылдан шыққалы үнсіз. Бір 

пәлені  іші  сезіп  томсарып  апты.  Оқта-текте  Мөңке 

ғана:

– Ай, Қаратаз... кәпір таз қыстырылды-ау бұлараға... 



– деп, көңілдегі күдікті айтты.

Кәлен  есітті  ме,  жоқ  па  белгісіз.  Осы  келе 

жатқанда  да,  ойында  –  Еламан.  Айдап  әкеткелі  онан 

әлі хабар-ошар жоқ. Әне бірде артынан іздеп бармақ 

боп буынып-түйініп отыр еді. Сол тұста жағаға суық 

хабар  жетті.  Судыр  Ахмет  секілділер  Шодырдың 

баласы әкесінің құнын қуып келе жатқан көрінеді деп 

көйіткесін,  Кәлен  Еламанның  қатын-баласын  тастап 

кете алмай, қарайлап жүргенде елге урядник келді де, 

дереу бұны шақыртты. Кәлен қасына адам-қара алмай, 

жалғыз барғысы келіп еді, оған балықшылар көнбей, 

сойыл  соғарлығы  мол  екі-үш  жігітті  ертіп  жіберді. 

Ақбауырда  отырған  болыс  ауылы  онша  қашық  емес-

ті.  Былай  шыға  бергенде  бұларға  ауыл  сыртындағы 

бұйратта аң аулап жүрген Тәңірберген кездесті. Кәлен 

мен Мөңке байқамаған сыңай танытып, тілдеспей өтіп 

кеткісі келіп еді, бірақ бұларды анадайдан көріп қалған 

жас мырза бұрылып келді. Жақындағанда аттан түсіп, 

жасы үлкен кісілерге сәлем берді.

– Ауыл-елің аман ба, шырағым, – деді Мөңке.

– Шүкір. Жол болсын, ағалар?

– Аулыңа бара жатырмыз.

– Е, дегендей. Шақырып келтіре алмайтын қадірлі 

кісі  екенсіздер.  Апырай.  ауылда  болыс  ағам  да  жоқ 

еді, мен бармасам болмас. Ал, ағалар, жүріңдер.

– Рақмет, шырағым. Ұлық шақырып жатыр дегесін 

келе жатырмыз.

– Е, оның сіздерде не шаруасы бар екен?




109

– Білмедік. Құдай алдында кінәміз болса да, ұлыққа 

жазығымыз жоқ еді.

– Жә, кеттік! – деді Кәлен мыналардың сөз іләмін 

жақтырмай.

Тәңірберген  атының  қанжығасындағы  алтайы 

қызыл түлкіні алып, қарт балықшының алдына тастай 

салды:


– Ұлық та теңіз секілді тілсіз жау ғой. Беті қатты бір 

іспен  бара  жатыр  екенсіздер,  жолдарың  оңғарылсын, 

жақсы тілекпен ұсынып тұрмын, ағалар.

–  Рақмет!  Өз  теңіңнің  алды  бол!  –  деді  Мөңке. 

Былай шыққасын ол жанындағы екі жолдасына қарап, 

– не десе де, осы жігіт әдепті. Ағасындай емес, жүзінде 

иман бар, –деді.

Кәлен  үндемеді.  Ел  қазағы  әдетте  ұлық  үстіне 

ұлықсат сұрап кіруші еді. Ішке кіргесін де ұлық алдында 

бас  киімін  алып,  иіліп-бүгіліп  тұрып  сөйлесуші 

еді.  Басын  бәйгіге  тіккен  жерде  оттан  да,  судан  да 

тайынбайтын  Кәлен  жолында  кездескенді  белден 

басатын  әдетпен  ұлықтың  үстіне  баса-көктеп  кіріп 

барып еді, урядник ірі орыс екен. Жалаң бас. Сары шаш 

үрпе-түрпе. Қоңырға да, сарыға да жатпайтын күл түсті 

мұртынан темекі иісі аңқып қоя берді.Ұзын мұрттың 

қос шалғайлығы қазақы күпінің жеңі тәрізденіп, төмен 

қарай  салбырап  кетіпті.  Еңгезердей  үш  ел  қазағы 

ұлықсат  сұрамай,  табанына  сіреу  қар  қатқан  етіктері 

сырттың аязын ішке ала кіргенде, урядник кең үйдің 

төсек  жайған  төрінде  екі  қолын  артына  ұстап,  арлы-

берлі  кезіп  жүр  екен.  Мына  кісілердің  әй-шәй  жоқ 

баса-көктеп кіріп келе жатқанын көріп, бейқам бойын 

жиып алды. Жайшылықта өзінің дала қазағына істейтін 

доң айбатын шақырып, салақтап санына соғып жүрген 

сар ала қылышты сол қолымен ұстады. Әдетте, ұлық 




110

тіктеп  қарағанда  қандай  ер  қазақ  та  көзін  тайдырып 

әкетуші  еді.  Мына  бұжыр  қара  ығатын  емес.  Сеңсең 

тымақ астынан кірпік қақпай қадалған кішілеу жылан 

көз өңменінен өтіп барады.

Урядник өзінен бір қадам кейін тұрған тәшірейген 

тапалтақ  жігітке  бұрылып:  «Бұл  кім?»  –  деп  сұрады. 

Тапалтақ  жігіт  оқу  бітіріп  кеп,  болысқа  пешір  боп 

орналасқалы қарны шығып, бас-аяғы домалана қалған-

ды. Таңқы танау. Бүйректей беті быттиып бедіреңдеп 

тұратын  қызыл  қоңыр  жігіт  урядниктің  Кәленнен 

ығысып  қалғанын  байқаған-ды.  Урядник  сескенген 

кісіден  өзінің  айылын  да  жимайтынын  көрсеткісі 

келді ме кәпір, урядник пен Кәленнің екі арасына тұра 

қалды.  Өзінен  қол  созым  биік  кісіге  бұл  сұқ  қолын 

безеп:


– Кәлен деген ұры осы! – деп еді, урядник:

– Как? Калин? – деп қайырып сұрады.

– Кален, тақсыр.

–  Вот  что,  царь  Калин?  –  деп,  Кәленге  тікелей 

тіл  қата  түсті  де,  оның  орысша  түсінбейтіні  есіне 

түсіп, тағы да пешірге бұрылып: – Ел ішінен ұрлаған 

малдарын мойнына ала ма екен. Соны сұра! –деді.

– Есіттің ғой! Ұлыққа шыныңды айт!

–  Әй,  жарқыным,  әркімнің  атар  таңы,  батар  күні 

бар...


–  Ақсақал,  күн-түнді  қайтесің.  Онан  да  ұрлаған 

малдарыңды айт.

– Інім, ұрлығың не? Мен бүгінде ол кәсіпті қойған 

кісімін.  Мына  жігіттер  айтсын  –  деп,  Кәлен  қасында 

тұрған Мөңке мен Досты куәлікке тарта сөйледі. – Осы 

күні маңдай теріммен тапқан адал нәсібімді қалжалап 

жүрмін. Мені қажай бермесін, соны айт! Өз сөзімдей 

ғып бұлжытпай жеткіз, мына аузы түкті кәпір...




111

–  Тіліңді    тарт!  Сенің  қайтіп  тірлік  ететініңді 

білеміз.

– Е, дегендей, білсең айта ғой.

– Айтам. Ұлық пен төре алдында ақ етек ишан бола 

қалғанын көрдің бе? Сені түнде, ел жатқаннан былай 

қарағанда көрер ме еді... қоралы елдің ортасына кіріп, 

қотаннан  қой  алып  қашатын  өгіз  мойын  көкжалдың 

нағыз өзі болар едің ғой.

Кәленнің  айғыр  жалындай  мұртының  әр  талы 

тікірейіп  барады.  Ол  бір  аттап  пешірдің  үстіне  төне 

түсті.  Енді  бір  қимылмен  пешір  баланы  желкесінен 

бүріп  алатындай  еді.  Жұрт  сондай  сойқанды  күтіп, 

дем  алмай  тым-тырыс  бола  қалғанда,  әлгі  Кәлен  аяқ 

астынан жадырады. Мөңке мен Досқа бұрылып:

– Е, пәруәрдігер!.. Мына Таңқы мұрын, Торы шолақ 

бала  ғой,  ұлық  пен  Құдайменденің  алдында  құрдай 

жорғалайды,  ал  бізге  келгенде  бұның  өзі  құдай  бола 

қалғанын қарашы, – деді күліп.

– Әркімнің бір әлі жетері бар ғой, – деді Мөңке.

Бұлардың үстіне әлгінде Жасағанберген кірген-ді. 

Бірақ оны біреу көріп, біреу көрген жоқ-ты. Ол жаңа 

пешірді  тайға  таңба  басқандай  таңбалап  атағанына 

мәз  болса  да,  бірақ  күле  алмай,  ішінен  булығып, 

иығының  басы  селкілдеп  тұрған.  Пешір  бүйректей 

беті ду қызарып, аузына қапелімде сөз түспей булығып 

қалды.  Түкке  түсінбеген  урядник  аң-таң.  «Ах,  черти 

азиаты.  Не  болды?  Не  деді?»  –  деп,  пешірге  бір, 

Жасағанбергенге бір қарады. Пешір есін жиды.

–  Тақсыр,  бұл  баукеспе  ұры.  Кісі  өлтірген.  Осы 

қазір сізге де тілін тигізді.

Урядниктің көк көзі ежірейіп кетті:

– Ах, мерзавец? Сібірде шірітейін өзіңді.

Мөңке мен Дос бір-біріне қарады:




112

–  Бұл  орысқа  тіл  тигіздік  пе?  Атаң  жақсы,  анаң 

жақсы дегеннен басқа не айттық бұған?

Пешір  бала  әлгі  әлгі  ме,  ол  енді  Кәленді  өлтіре 

жамандап, көрер көзге қол-аяғын матап беруге қарап 

еді. Сөзге Жасағанберген араласып:

–  Сені  де  халқың  оқыған,  көзі  ашық  азаматым 

дейді-ау!  Орыс  тілін  сен  өз  әлсізіңді  талау  үшін 

үйренген екенсің ғой, – деді. Сосын ол мұнда болған 

жағдайдың бәрін урядникке бұлжытпай, дәл жеткізді. 

Кәленнің  пешірге  қойған  атына  дейін  айтқан-ды. 

Урядник көзінен жас аққанша күлді.

–  Ай,  түсің  жаман  екен.  Сірә,  ел  арасында  мал 

ұрлап, кісі өлтіргенің рас болса рас шығар, – деді, әлі 

де болса Кәленнің кескініне сенімсіздене қарап.

Жасағанберген  оның  сөзін  қазақшаға  аударғанда, 

Кәлен күліп:

–  Тақсыр-ау,  тергеудегі  кісіде  түс  қайдан  болсын. 

Қайта  кеудемнен  жаным  шықпай,  тірі  тұрғанымды 

айт,  –  деп  еді,  урядник  Кәленнен  тезірек  құтылғысы 

келді ме, кәйтті. – Айда, кет! – деп қолын сілтеді.

–  Жасанжан,  өмірлі  бол!  Өркенің  өссін!  –  деді 

Мөңке.

Жасағанберген  қашан  есіктен  шығып  кеткенше 



екі көзін Кәленнен айырған жоқ. «Желіден мал алуды 

ғана  біле  ме  десем,  бұл  өзі  ақылды  да  қазақ  екен»  – 

деп ойлап, жүкке жауырынын сүйеп тұрып қалды. 

* * *

Қолына  тиген  болыстықты  қастасқан  кісіден 

кек  алатын  қара  шоқпар  көретін  Құдайменде  осы 

күндері  ертеректе  есесі  кетіп  жүрген  кісілерден  кек 

ала бастаған-ды. Ел ішіндегі талай жақсының басына 



113

оның құрығы мен сырығы тиіп жатқан. Құрығы әуелі 

Еламанға  түсті.  Енді  бүгін  құрығын  Кәленге  салмақ 

болғанда, кіші інісі араласты да, оның бетін қайтарып 

тастады.  Түбекте  жүрген  Құдайменде  соны  есіте 

салысымен ондағы шаруасын тастай салды да ауылға 

шапты.  Келе  сала  ол  Тәңірберген  мен  пешір  баланы 

шақырып ап:

– Бұнда не боп жатыр, кәне, бәрін түгел айтыңдар? 

– деді.


Онсыз  да  ызадан  жарыла  жаздап  отырған 

Тәңірберген күйіп кетіп.

– Ойбай, құдай-ай, басқаны қайтейін, өз күші гіңнің 

өзіңді қапқаны жаман болды ғой, – деп еді.

– Ол кім?.. Жасанжан ба? – деді Құдай менде.

–  Ие,  сол.  Сол  күшік.  Оқу  бітіріп  азамат  бола-

ды,  әліміз  келмей  жүрген  ел  ішіндегі  жауларымыз-

ды мұқатып береді екен десек, оның өзімді қапқанын 

көрмейсің бе. Оны қалай кешірейін енді. 

–  Обалың  жоқ,  саған  сол  керек.  Кезінде  менің 

тілімді алмай, Орынборға апарып орыс оқуына беріп 

жүрген өзіңсің.

Тәңірберген  басы  бауырына  түсіп,  үнсіз  отырып 

қалды. Сонан бір кезде есін жиғандай боп:

– Сен кеткелі тағы бір жаңалық, – Софы ағаңның 

екі қара аты жоқ боп кетті.

– Қасқыр қуып кеткен шығар?

– Адамның қасқыры болмаса қайтсін...

– Не дей-туң?.. Сонда ол кім бола-туң?

–  Болыс  ағам  қызық.  Жоғының  ізіне  мені  сала 

береді  –  деп,  жас  мырза  көзін  көтермей,  мырс-мырс 

күлді  де,  –  мал  жоғалса  –  ұрыдан  іздемеуші  ме  еді 

осы, – деді.

– Уәй, сонда... ол қай ұры бола-туң?




114

– Екі қара атты алған жау алыста емес, қыстың көзі 

қырауда алыстан ұры келмейді.

–  Апырай,  ә?  Солай  болса  солай  шығар,  –  деді 

Құдайменде.

Соған  ден  қойғасын  дереу  іске  кірісіп,  аулына  ру 

басыларды шақырып алды. Осы күндері болыс үйінде 

ел жақсыларының басы жиі қосылатын боп жүрген-ді. 

Тәңірберген мен пешірден басқа бұл жиынға урядник 

қатысты.  Жасағанберген  кештеу  келді.  Құдай менде 

урядникке жалтақтап қарап:

– Кәлен осы елдің желісіне шабатын ежелгі ұрысы. 

Оны осылай бетімен жібере береміз бе? Әне, тағы да 

софы ағамның екі қара атын әкетті, – деді.

Жаңа ғана асқа тойып алған урядник тісін шұқып 

отырып тыңдаған-ды. Ру басылар бір ауыздан «Сібірге 

айдату  керек»  деп  даурығып,  үйді  басына  көтеріп 

бара  жатты.  Урядник  «мыналар  не  деп  жатыр»  деп 

пешірден сұрап отырған-ды. Біраздан кейін жалықты. 

Онан  ұйқысы  келді.  Әрі-берідесін  мыналардың 

әңгімесі  ұзаққа  созылып  іш  пыстыра  бастады  да,  ол 

аяқ астынан ызаланып тұрып кетті.

–  Черт  вас  разберет.  Сенің  інің...  оқыған  азамат, 

соның жағында. Әуелі ініңмен сөйлесіп, өзара келісіп 

алыңдар. Ал, ұрыны... аты қалай еді?..

– Кәлен!


– Иә, Калин. Оны ұстау бізге қиын емес, – деді де, 

урядник  сыртқа  шығып  кетті.  Қал ғандар  да  түрегеп, 

урядниктің соңын ала сыртқа шықы. Іште Құдайменде 

мен  Жаса ғанберген  қалды.  Өздері  оңаша  қалғасын 

Жасағанберген  әлі  де  болса  қыртысы  тарқамай 

қыржиып  отырған  ағасына  әуелі  жалтақтап  бір-екі 

қарады.  Сосын  оны  ұялтқысы  кеп,  ар,  ұят,  намыс 

жөнінде біраз маслихат айтып еді; Құдайменде қыбыр 




115

етпеді.  Інісіне  көңіліндегі  барды  айтқызып  алды  да, 

отырған  орнынан  қолына  тымағы  мен  қамшысын 

ұстай түре гелді. Сосын ертеден бері өзіне құдды жас 

баладай  көзі  жаутаңдап  қарап  отырған  інісіне,  керек 

десе,  назар  салмай,  есікке  беттеп  бара  жатқан-ды. 

Оның бұл қылығына түсінбеген жас жігіт енді қайтерін 

білмей,  қапалақтап  саса  бастап  еді,  Құдайменде 

сыртқа бір аяғын салды, енді шығып кетеді-ау дегенде, 

кілт  тоқтады.  Қайырылып  артына  бұрылды.  Онда  да 

бөксесін сыртқа салып тұрып:

– Сен ар дей-туң... адамгершілік дей-туң. Орыстың 

кітабындағы  сөзді  бұл  араға  салма.  Бұл  араның  ары 

да, адамгершілігі де бөлек. Сен әлі шіп-шикі баласың. 

Түктің  мәнісін  білмей-туң,  –  деді  де,  інісі  тіл  қатам 

дегенше есікті тарс жауып, шығып кетті.



* * *

Ебейсін ішке сүріне-қабына кірді.

– Мырза... мырза, көз ұшынан бір қара көрінді.

– Сол болар...

– Басқа кім дейсің, әрине, сол!

– Иә, Алла, қолдай гөр. Ал!.. Ал жүріңдер!

Жаңа  ғана  шіреніп,  сыздап  отырған  ығай лар 

мен  сығайлар,  жапырыла  қозғалды.  Бәрі  есікке 

ұмтылды.  Осынау  қарбаласқан  абыр-сабыр  асығыста 

бірінің  алдына  бірі  түскісі  кеп,  бірін-бір  омыраулап 

бәрі  бірдей  сыртқа  ұмтылып  жатыр.  Бұлардың  бірі 

Құдайменде болса, бірі – Темірке. Бірі – Тәңірберген. 

Ақсақ  Жагор,  Курнос  Иван...  Ақсақ  Жагор  бір  аяғын 

сылтып басатын, ісік кеуде, ірі қара орыс-ты. Байлығы 

жүрмегенде,  осындай  жерде  күшке,  омырауға  салып 

кететін  озбыр.  «Келе  жатыр»  деген  хабар  тигенде, 




116

Ақсақ Жагор жанындағылардың бәрінен бұрын тұрды. 

Бұрынырақ  есікке  жетті.  Салған  жерден  алға  түсіп, 

күміс  шалулы  таяғын  шалт  сермеп,  бұрынғыдан  да 

гөрі қаттырақ ақсаңдай басып жұрттың алдына түсіп 

бара  жатыр  еді,  жас  мырза  Теміркені  шынтағымен 

түртіп қалды:

– Көрдің бе? Құдай бір аяғынан айырып қойғанның  

өзінде  алдыңды орап кеткенін. Бұл көк соққанның екі 

аяғы сау болса қайтер еді, ә?

– И-й, айтпа, айтпа. Ул шоқыншақ арам вит... арам.

– Иә, арамдыққа аяқтың да керегі жоқ шығар!

Промсол  алды  кәпелімде  иін  тірескен  ығы-жығы 

халық.  Абыр-сабыр.  Әлдекім  әлдебіреуге  дауыстап, 

әлденеге  жанталасып  құйқылжып  жатыр.  Қонақ 

түсетін үйді күні бұрын әзірлеп қойған-ды. Енді қазір 

біраз  кісі  есік  алдының  қарын  күреп,  топырақ  сеуіп 

жатты.


– Күлшелі бала сүюге жақсы деген рас-ау!.. – деді 

Тәңірберген.

–  Шулай  вит,  шолай  инді.  Көрдің  бе,  тап  бір 

губернаторды күткендей болдық қой, –деді Темірке.

Осыдан  кейін  ешкім  үндемеді.  Құлдилап  келе 

жатқан көз ұшындағы қарайғанға мына жақта тұрған 

жұрт қолын көлегейлеп, мойнын созып шыдамсыздана 

қарап  қапты.  Ақ  қар  күн  сәулесі  астында  көз  қарып 

жылт-жылт  етеді.  Бұлар  көп  күткен  жоқ.  Соңында 

бес-алты  салт  атты  нөкері  бар,  жеңіл  шанаға  мінген 

жас  офицер  аттарын  ағызып  кеп,  өзін  күтіп  тұрған 

жиын  алдына  кілт  тоқтады.  Сол  бойда  жанында 

отырған  жылпос  жігіт  шанадан  шапшаңдап  түсіп, 

кілем жапқан жайлы орында отырған офицерге қолын 

созып  шанадан  түскенін  күтіп  қаздиып  тұра  қалды. 

Федоров  қасқыр  ішікті  иығының  басымен  серпіп, 




117

бойын  жеңілдеп  алды.  Сыртын  суық  ұстап,  сыздаған 

қалпы өзін күтіп тұрғандардың бірде біріне көз салмай 

қосақтағы  шанадан  әуелі  бір  аяғын,  сосын  екінші 

аяғын шығарып ақырын түсті.

Құдайменде,  Темірке,  Ақсақ  Жагор  бас  боп,  сол 

арада тұрған бар кісінің бәрі жас Федоровтың алдында 

жел  соққан  қамыстай  жапырылып,  иіліп-бүгіліп 

жатыр.  Тілі  жеткені  орысша,  жетпегені  қазақша, 

татарша амандасып:

– Аман, тақсыр!

– здрасти, тақсыр!

– Ассалаумалейкүм!

– Добро пожаловать, ваше высокородие! – деп шу-

лап жатты.

Офицер оларға басын сәл изеді де, тоқтамай тезірек 

басып өтіп бара жатып, «нәлет атқырлар» деді ішінен. 

Оның ойынша азиялықтар шетінен алаяқ, айлакер, ұры. 

Торг  алдында  бұлардан  бойыңды  тартып  ұстамасаң, 

бауырыңа қалай кіріп кеткенін білмей қаласың. Мына 

шұбар ала топ алдап соғу үшін әдейі, өп-өтірік өліп-

тіріліп жатқандай. Бұлардан сақ болу керек.

Тентек  Шодырды  жақсы  білетін  Тәңір берген 

бір  көргеннен-ақ    жас    офицердің    әкесіне    қатты  

ұсайтынын  байқады.    Бұ  да    әкесі  сияқты  ірі,    кесек 

екен.  Бұның  да  ат    жақты  беті  сұп-сұр.  Бұ  да    әкесі 

сияқты  сырын  сақтап,    бірде-біреуге    рай    бермей, 

суық томсарып алды. 

– Иттің сідігі қандай асыл еді! – деді Тәңірберген.

– Айтатыны жоқ, – деді Құдайменде қостап, – Жүр, 

жақынырақ барайық!

Тәңірберген тұрған орнына қозғалмады. Басқалар-

дай  кекір  неменің  алдына  барып  иіліп-бүгілген  де 

жоқ. Көп шуылдақтың қы   лы ғы ерсі көрінді ме, бетіне 




118

мысқыл шауып бір шетте жалғыз өзі оқшау тұрған-ды. 

Мына  шұбар  ала  жиынға  жай  ғана,  немкұрайды  көз 

салып  келе  жатқан  офицер  кенет  Тәңірбергенге  көзі 

түсіп,  іркіліп  тұра  қалды.  «Ишь  ты,  как  степной 

принц!»  деді  ішінен.  Сосын  Тәңірбергенге  әдейі 

бұрылып барды да:

– Как зовут? – деді.

Тәңірберген түсінбеді. Соны байқай қойған Темірке 

жетіп барды.

– Есімің нешік деп сұрайды. 

– Тәңірберген.

– Қалай? Тан... Тяни...

– Ваше высокородие... бұл аса бай жігіт. Тәңірберген 

деген мырза, –деді Темірке.

– Тян... Тяни-бр-р...

Федоров тілі келмесін білді де, шытынап, қабағын 

түйіп ала қойды. Тәңірбергенге де енді әлгіден артық 

назар  аудармай,  өзі не  даярлап  қойған  үйге  барды. 

Жуынды.  Қырынды.  Киімін  алмастырды.  Сол  үстіне 

қасына еріп келген атқосшысы жігіт кірді.

– Ваше высокородие, әлгілер қалай, ұнады ма?

– А-а?..

–  Амал  қайсы,  Азияның  аты  Азия.  Сізді  күтіп 

алғандар  осы  араның  мықтылары.  Бәрі  де  кезінде 

әкеңізбен  істес  болған  кісілер.  Ептеп  тілдесу  керек 

еді...

– Ну их!.. 



Федоров  ас-суланып,  біразырақ  тыныққа сын 

сыртқа шығып еді. Атқосшы оған ере шықты.

– Марқұм әкеңізден қалған... промсол осы, – деді ол 

теңіз жағалауындағы екі-үш үй мен лабазды көрсетіп. 

Федоров төбеге ұрғандай тоқтай қалды:

– Ты что?.. Шутить изволишь?




119

– Не дегеніңіз, мырза! Промсолдың кемі жоқ. 

Федоров  сенбеді.  Сосын  қасына  Курнос  Иванды 

ертіп,  промсолды  өз  көзімен  көріп  шықты.  Курнос 

Иванда ес-түс қалған жоқ. Жас Федоровқа тіл қатқалы 

бірнеше  оқталды.  Соның  бәрінде  де  демі  жетпей 

бара жатқасын, қақалып-шашалып тоқтап қала берді. 

Аралға келгелі ішпей-жемей жиған азын-аулақ ақшасы 

бар  еді.  Федоровтан  кейін  ешкімнің  қосын  жеккісі 

келмей,  ендігі  жерде  не  көрсе  де  өз  бетінше  талап 

қылғысы кеп еді.

– Қадірлі мырза... – деді Курнос Иван демі дірілдеп, 

– Ғұмыр бойы ұмытпайын. Дұғама кіргізіп, құлың боп 

жүрейін...

– Что-о? Что ?

– Құлың боп өтейін, маған әкеңнен қалған...

– Не-е?..

– Әкеңнен қалған ескі қара тор...

– Тор-р?

– Иә, тор... невод...

– Поверенныйге айт!

Иван қолын кеудесіне қойып, басын иді де жүгіре 

жөнелді.  Жас  Федоров  промсолдың  іргесіндегі 

үлкен  ақ  шоқалақтың  басына  шықты  да,  әкесінен 

қалған  промсолға  тұнжыраған  қабақ  астынан  тағы 

бір  көз  жүгіртті  де,  әкесін,  әлде  өзін  мысқылдағаны 

белгісіз, мырс-мырс күлді. Бұл баяғы бала кезде Волга 

жағасында да балық заводын ұстаған ірі бай көпестерді 

көргені  бар-ды.  Әкеден  қалған  мұра  солардай  ірі 

өндіріс болмаса да, бұның өміріне жететін біраз байлық 

алдында күтіп тұрғандай өк песін қолына алып келген-

ді. Сүйтсе, о, құ дай... әкеден қалған байлықтың сиқы... 

Не бә рі... Болып болғаны... ішін ит тырнағандай болған 

жас  жігіт  жылап  жіберетіндей  жұды рығын  тістеп 




120

тұрып  қалды.  Сонша  жерден  ат  сабылтып  келгеніне 

өкінді. Құдай оңдағанда, бұнда өзімен бірге әйелін ала 

келмей,  әкесінің  үйінде  қалдырып  кеткеніне  қуанды. 

Үйтпегенде,  бай  көпестің  ерке,  шолжаң  қызы  бұны 

мазақтап итін шығаратын еді. Онсыз да өміріне ырза 

eмec.  Жасы  оқуға  толар-толмаста  әкесі  бұны  Самар 

қаласында  тұратын  досына  жіберді.  Он  жылы  сонда 

өтті.  Онан  әскерге  алды.  Сонан  бері  өмірі  күн-түн 

демей  сартыл-сұртылмен  өтті  де,  ата-ана  тәрбиесін 

көрмей,  безбүйрек  қатал  боп  өсті.  Ішер  ас,  киер 

киімге тарыққан жоқ. Бұған ай сайын артынан жіберіп 

тұрған  ақшаның  бет-жүзіне  қарамай  ретті,  ретсіз 

судай шашты. Өзі судай шашып жүрген ақшаның ана 

жақта  әкесіне  қандай  қиындықпен  түсіп  жатқанынан 

бұл хабарсыз еді. Енді бақса... әкесі байғұс, керек десе 

көзі тіріде адамға ұқтап дұрыс өмір сүрмепті. Қатын, 

бала анда, өзі бұнда. Ат аяғы жетпейтін қу дала, құба 

мекенде,  тілі,  діні  бөлек  жабайы  халық  арасында 

есіл-дерті  мал  табам,  бай  болам  деп  жанын  жалдап 

жүргенде, ақырында кісі қолынан қаза тапты. Сүйегі 

көмусіз далада қалды. Күл шыққандай, өлігін де ауыл 

сыртындағы  төбенің  басына  апарып,  тізеден  қазған 

шұқырға көме салыпты. Қабір басына шанышқан ағаш 

кресті де кейін түйе сүйкеніп құлатып кетіпті. 

Жас Федоровке балтыры торсықтай, ап пақ келіншек 

қатты  ұнады.  Тек,  әттең,  не  керек,  бишара  келіншек 

әкесі  өлгеннен  кейін  ештеңенің  парқын  білмейтін 

кәржік  танау  қара  приомшиктің  қолына  түсіпті  де, 

ит  жыртқан  терідей  ұйпалақталып  қалыпты.  Жас 

офицердің алдына алып келгенде назарын тіктеп қарай 

алмай, басы иіліп, өңіріндегі бірер түймені тартқылап 

тұрып алды.

Жас  Федоров  әкесінен  қалған  болскей  кереуетке 




121

бір  аунатып  алғысы  кеп  көңілі  дауалап  тұрса  да, 

қасында  қылқиып  тұрып  алған  атқосшы  жігіттен 

қысылды.  Әкесін  мал  табудан  басқа  түк  білмейтін 

можантопай көптің бірі көруші еді. Сүйтсе, жо-қ, о да 

әйел нәсілінен салымсыз болмапты.

 Жас Федоров езу тарта түсті де, тез ты йыла қалды. 

Жылпос жігітті қасына шақырып алды:

– Балықшы киргиздар қайда тұрады?

– Ана жақта... Жар басында.

– Көп пе?

–  Жетеді...  жүзден  астам  үй.  Ваше  благородие, 

барып көргіңіз келсе...

«Қайтып  кетсем  бе  екен?»  деді  Федоров  ішінен. 

Көңілі  құлазып  тұр.  Келгеніне  өкін ді.  Осы  сапарға 

аттанарда  ана  жақтағы  дос тарының  қалай  шығарып 

салғаны  есіне  түсті.  Мазасыз  әскер  өмірінің  сарт-

сұртылында  өзімен  күзетке  бірге  тұрып,  қыздарға 

бірге  барып,  күні  де,  түні  де  бірге  өтіп  жүрген  жас 

офицерлерге  жолаяқ  жасап  еді.  Арақ  судай  ішілді. 

Шекесі  қызған  немелер  әкесінен  қалған  ағыл-тегіл 

байлыққа  бара  сала  кіріп,  елге  олжалы  қайтқалы 

тұрған  бұны  қау-қаулап  ортаға  алды.  Бұған  қызыға 

да,  қызғана  қарады.  Тос  көтерген  сайын  бұны  енді 

өзі атымен атамай, бірде «наш радшилд», бірде «наш 

рябушинский» деп көтермелеп, әкеден қалған байлыққа 

қалтасын  қалыңдатып  баққан-ды,  бауыры  бітіп  бара 

жатқандай,  бірінен  кейін  бірі  жабысып,  бетін  шылп-

шылп  сүйіп,  бірі    құшақтан  босатса  екінші,  үшінші 

құшақ  жабысады  да,  бұны  оңашалап  шетке  алып 

шығып,  соңыра  қарызға  ақша  бересің  деп  қалады. 

Олардың бұнысы өзіне ұнағаны сонша, былайғы кезде 

қабағын  қарс  жауып,  тұнжырап  жүретін  шүңейт  көк 

көзге күлкі пайда бола бастап еді.




122

Жүретін күні сырт сықырлаған сары аяз болатын. 

Орнынан  қозғалып,  ақырын  жылжып  бара  жатқан 

пойызға  шаққа  үлгерді.  Қанша  жүргені  есінде 

қалмапты.  Әйтеуір,  жол  ұзақ  болды.  Күн  жүрді.  Түн 

жүрді.  Бұл  ұйқыдан  ояна  сала  ұмтылып  терезеге 

қарайды. Қашан қараса да, терезенің ар жағы сірескен 

аппақ қар. Сарылған ұзақ жол. Өмірі көрмеген ел-жұрт. 

Қарт  Азия.  Киіз  үй.  Әлдебір  Арал  теңізі.  Қырғыз-

қайсақ елі. Әкесінен қалған ағыл-тегіл байлық... 

Енді...  Енді,  міне...  Ана  жақта  жолдастары 

қалыңдатып  жіберген  қалтасын  бұл  жақта  өзін  күтіп 

алған әлгі алаяқтар алдап соғып, қу тақырға отырғызып 

кеткендей. Жас Федоров сол күннің ертеңіне төсекен 

тұра сала жылпос жігітке:

– Атты даярла, – деді. 

–  Ау,  мырза...  Ертең  торг...  Басы-қасында 

болғаныңыз дұрыс қой.

– Басы-қасында өзің бол! Мен қайтам.

Іле-шала қос ат жеккен жеңіл шана үй алдына кеп 

тоқтады.  Көлдей  қасқыр  ішікке  оранып  алған  жас 

Федоров  жан  адаммен  қоштаспай,  ат  шананың  жез 

қоңырауын сылдыратып жүріп кетті. Алда ұзақ жол!

* * *

Кәлен  күн  кештете  Көлқора  табанында  отырған 

үйіне  келген-ді.  Бірер  күн  балалардың  қасында  боп, 

мауқын басқасын, Шалқарға, түрмеде жатқан Еламанға 

барып қайтпақ болды да, торы атты таң асырып, кір-

қоңын  жудырып  жатқан.  Үйде  болғанда  үстіне  келі 

түйіп  жатса  да  қыңқ  етпейтін  Кәлен,  қашанда  от 

басына тыныш. Балалар әкесін сағынып қалған екен. 

Әсіресе, кішісі – Кәленнің өзіне тартқан шот маңдай, 



123

шүңірек  көз  қара  бала  кешеден  бері  әке  қасынан  екі 

елі шыққан жоқ.

– Ой, ит-шошқа, – деді Кәлен – Жаман неме... Кімге 

ұқсап елжірек болған...

– Қайдан білейін, осы балаң сен дегенде шығарда 

жаны басқа, –деді Жамал.

– Жаман ит, не біліп жақсы көреді екен?

–  Сорлы  бала,  сен  келгелі  жапырағын  жайып,  бір 

жасап қалып еді. Ертең тағы да жүдеп қалатын болды. 

Еламанмен дидар ласқасын босқа жата бермей, тезірек 

қай тарсың, – деді Жамал. Бұл өзі бір еркектің орнына 

жүретін  қайратты  әйел-ді.  Кәлен  көбіне  түзде 

жүргендіктен  бұл  үйдің  бар  шаруасы  бір  өзінің 

мойнында.  Отынын,  шөбін  шабады.  Балаларын 

бағады.  Малын  жайлайды.  Жайшы лық  өмірде  үй 

ішінің  тірлігі  қаперіне  кіріп-шықпай,  өмір  бойы 

әйеліне арқа сүйеп, ат үстінің сарт-сұртымен жүрген 

Кәлен өзі жоқта от басында не боп, не қойып жатқанын 

ойламайтын. Кейде шырқап алысқа кетіп, ат арқасында 

айлап  жүріп  қалғанда  да,  бұл  артында  өзінін  бар-

жоғын ойлатпай, от басын құстың ұясындай көңірсітіп 

ұстап,  бауырын дағы  балаларға  қамқор,  қайырымды 

ана  болғасын  ылғи  да  бойдақ  адамдай  етек-жеңін 

кеңге салып, мүлде қаперсіз жүретін. Балық шылармен 

қос болғалы бұл тіпті ат ізін салмай кеткен-ді.

Кәлен  әйелін  аяды.  Сонан  болар,  ол  бүгін 

төсектен тұра сала, қораның қиын ойып, көңін сыртқа 

шығармақшы  еді.  Ол  ойдан  да  ештеңе  шықпады.  Үй 

ішінің  тірлігіне  кежегесі  кейін  тартатын  бір  пәлесі 

бар. Сонан ба, не әлде, кім білсін, шай үстінде басына 

қайдағы-жайдағы  бірдеңелер  келді  де,  көңілі  аяқ 

астынан ит талағандай болды. Шайға да зауқы шаппай, 

кесесін төңкере салды. Көлденеңінен көз қырын тастап 




124

отырған әйелінің назарын байқап, бетін бұрып әкетті. 

Сосын, әлде бір реніш өзегін өртегендей «әй, осы ит 

өмір!» – деді де тұрып кетті. Айтса да, өмірі ат үстінде 

өтті. Қасына қара ертпей, жалғыз жортып ел асты. Жер 

асты. Оты, суы бөлек жұрттың желісін қиып нар алды. 

Бір елдің маңдайына балаған сәйгүлік жүйрігін алды. 

Ол жесірдікі, әлде жетімдікі ме, оны ойлап жатпады. 

Жер соғып, зар еңіреп қал ған әлде бір сорлының бұл 

ол кезде обал, сауабын ойлап бас қатырды ма? Керек 

десе, көз жас пен қарғысқа да шайтаны селт етпей, тек 

жетегі мен қосарының мол болғанын ойлапты. Ол кімге 

ырыс, нәсіп болды? Не мұратқа жеткізді? Қаратаздың 

қорасын  малға  толтырса  толтырған  шығар,  ал,  бірақ 

ерлігін  елге  танытам  деп  жүріп  қанша  жұрттың  көз 

жасы мен қарғысын арқалағанын ойламапты.

Кәлен  ертеңіне  де  ауыр  ойдан  айыға  алмады. 

Шайдан  кейін  көңіл  күйін  бір  кез  домбыра  сазынан 

іздеп,  қос  ішекті  саусақ  ұшымен  шертіп  отыр  еді, 

үй  сыртынан  ат  тұяғының  дүбірі  шықты.  Жалма-

жан  тұсындағы  терезеге  ұмтылып  сыртқа  көз  тастап 

еді,  тасырлатып  шауып  кеп  үйге  ат  тұмсығын  тірей 

тоқтаған бір топ кісінің ішінде – Құдайменде, Ебейсін. 

Құдайменде  қора  жаққа  қамшысын  сілтеп,  тіл  қатып 

еді. Төрт-бес кісі аттан домалап түсе сала, шабалаңдап 

үрген иттерді қамшымен жасқап, мал қораға ұмтылды.

– Сен отыра тұр, – деді Жамал, – мен барып біліп 

келейін.


– Білетін ештеңесі жоқ, мынау – жау, – деді Кәлен. 

Үстіне  бірдеңе  ілем  дегенше,  есікке  жақын  отырған 

Жамал желең бойымен сыртқа жүгіріп шығып еді. Мал 

қораның  аузы  аңқайып  ашылып  қапты.  Таң  асырып 

қойған Кәленнің торысын біреу жетелеп әкетіп барады 

екен.



125

– Азаматтар-ау,  бұларың  қалай? Тал  түс те малы-

мызды  талауға  салғандай біз  не  жаздық?

Ешкім  оны  жыр  демеді.  Мына  лаңның  басқа 

емес,  Құдаймендеден  келгенін  білді  де,  енді  Жамал 

ат  үстінде  аяғын  үзеңгіге  ті реп  шіреніп  отырған 

болыстың шылбырына оратылды.

– Азамат емессің бе, тоқтатпайсың ба мыналарыңды.

Болыс жанында тұрған Ебейсінге күңк етті:

–  Не  істеп  жүрсіңдер?  Мына  қатын  аяққа  ораты-

лып...

Ебейсін атын тебініп, әйелге ұмтылып еді, Жамал:



– Кәлен, қайдасың? – деді жан даусы шырқырап.

–  Е,  ол  не  істейді  бізге!–  деп,  Ебейсін  енді  атын 

омыраулатып  келді  де,  қатынды  қақ  бастан  тартып 

жіберді. Жамал басын ұстап отыра қалды.

Кәлен іштен дәл осы кезде шықты. Оны үйде жоқ 

деген  оймен  еркін  кетіп  жүрген  жігіттер  іштен  алып 

денелі,  бұжыр  қара  шыға  келгенде  жетектегі  малды 

тастай  сала  аттарына  жүгірді.  Олармен  Кәленнің 

ісі  болған  жоқ.  Үйден  атып  шыққан  бойда  бірден 

Ебейсінге тап берді.

Құдайменде  аттың  басын  асығыс  бұрып,  сырттап 

жөнеле берді. Тек былайырақ ұзап шыққасын Кәленнің 

жалғыз  және  қарусыз,  құр  қол  екенін  көрді  де,  ат 

басын  тартты.  Сол  екі  арада  жігіттер  де  есін  жиып, 

Құдайменденің төңірегіне жиналып қалған еді. 

– Қаптаңдар! – деді Құдайменде.

Кәлен  Ебейсінді  бір  жұлқып,  аударып  алған-ды. 

Енді  оған  қайырылмады.  Өзінің  құр  қол  екенін  енді 

түсінді де, қамыс қораға сүйеп қойған жиде қадалардың 

жуандауының бірін ұстады.

Жалғыз  болғанмен  Кәленді  ала  алмасын  сезген 

Құдайменде қасында тұрған ұзын қараға:




126

– «Мынаның мойнына арқан таста», – деді. Кәлен 

қамыс қораға арқасын беріп тұр. Кәленде жиде қада, 

жақындаса ұрып жыққалы әзір тұр. 

– Бол, мойнына бұғалық сал! – деді Құдайменде.

Ұзын  қара  да  бірден  бата  алмады.  Ас тындағы  ақ 

жал айғырды ақырын бастырып, құрық бойы жақындап 

келе бергенде Кәлен оған тап берді. Ұзын қара ат басын 

бұруға  шамасы  келді.  Сытылып  шығып  баратып  қыл 

арқанның тұзақтаған басын Кәленнің мойнына тастап 

жіберді. Ал қолындағы ұшын тақымына баса сала атты 

ағыза жөнелді. Кәлен жиде қаданы лақтырып жіберді 

де жандәрмен арқанға жармасты. Бірақ салған жерден 

сығып  ала  жөнелген  қыл  арқанды  мойнынан  шығара 

алмай,  басын  ала  қашқан  ат  соңында  бір  құлап,  бір 

тұрып сүйретіліп бара жатты. Құдайменде ат үстіндегі 

ұрысқа  мықты  еді.  Қолы  да  қарулы.  Ағызып  кеп 

қамшымен  Кәленді  қақ  бастан  тартып  өтті.  Келесі 

соққы тіпті қатты тиіп, көзі қарауытып баратты.

Бір кезде есін жиса, қол-аяғы байлаулы. Кішкентай 

екі  баласы  қасынан  кетпей  дірдектеп  жылап  жүр. 

Жамал  да  анадай  жерде  ақ  қарда  қол-аяғы  байлаулы 

бұған басын көтеріп қарады.

– Тipi екенсің ғой.

Қамсыз отырып, қапы қалғанына күйінді ме, әлде 

қатын,  бала  алдында  көрген  мына  қорлық  жанына 

батты ма, Кәлен әйелінін бетіне қарай алмады. 

–  Көрші  ауылға  жүгір,  –  деді  Жамал  қасында 

шырылдап жүрген балаларына. 

Кәлен  үнсіз,  дыбысын  шығармай,  тістеніп  алған. 

Мынау тірлікте өзіндей жұмыр басты адамнан көрген 

қорлық еді.




127

* * *

Сәске түс еді. Қаладан қайтқан кіреші лерге ілесіп 

Рай  келді.  Әбден  жүдеген.Үсті-басы  ебіл-себіл. 

Қылмысы  болмағасын  біраз  ұстапты  да,  босатыпты. 

Қарт әже оны даусынан таныды.

– Қоңыр қозым, ботам, келші! Келші бермен! –деді 

құшағын ашып.

  Рай  шайдан  кейін  Ақбалаға  барды.  Баладан 

кейін әлі де өзі өзіне келе алмай жатыр екен. Ақбала 

орнынан ақырын тұрды. Үй ішінде ақырын қозғалып 

жүріп төрге төсек салды. Сосын қайнысының қасына 

тізе бүкті де.

– Аман-есен оралдың ба? – деді.

– Шүкір...

– Ағаң аман ба? Бізге... не айтты?

Рай көзінде мөлтілдеген жастан қысылды ма, бетін 

бұрып,  сырт  айнала  берді.  Жым-жырт  үйде  екеуінің 

дірілдеген демі естілді. Райдан гөрі қайта Ақбала өзін 

тез  биледі.  Қазанға  ет  салды.  Самауырға  шай  қойды 

да, Кәлен, Мөңкеге, Досқа бала жүгіртті. Жасы үлкен 

кісілер алып-жұлып бара жатқан шаруа болмаса, басқа 

уақытта  ер-азаматы  жоқ  үйге  бас  сұға  қоймайтын. 

Райдың түрмеден босанып келген сылтауымен Акбала 

осы ауылдың ендігі бас көтерерлерінің басын қосып, 

қонақ қып жібермек болған-ды.

Ақбала  жоқ-жітік  жайын  тілінің  ұшына  алмады. 

«Жағдайың  қалай?»  –  деп  Рай  да  сұрамады.  Онсыз 

да  жеңгесінің  жұпыны,  жүдеу  өмірін  көріп  отыр. 

Ақбала  шай  дем дегенше  бұл  пеш  түбінде  құндақта 

жатқан  баланы  қолына  алды.  Құрақ  көрпе  арасынан 

шарананың бір шөкім беті әзер көрінеді.



128

– Мырзамыздың түрі осы, – деді Ақбала.

Тағы да тамағына жас тіреліп, иғының басы бүлк 

етті  де,  Рай  баурына  қысқан  құндаққа  бетін  тығып 

баса  қалды.  Есіне  Еламан  түскен  еді.  Бұны  босатты. 

Оны  Сібірге  айдады.  Ағасы  құп-қу.  Бетінде  қан, 

көзінде  жас  жоқ.  Аяғындағы  ауыр  кісен  шылдырап, 

ат  арба  соңында  артында  қалып  бара  жатқан  бұған 

жалтақтап қарап: «Сорлы жетімектің сенен басқа кімі 

бар,  көз  қырыңды  сала  жүр»,  –  деп  еді,  сол  жетімек 

мынау.  Жұмыртқасын  жарып  шыққан  ұрпағы  қызыл 

шақа құс балапанындай, құрақ көрпе арасында танауы 

пысылдап жатыр.

Рай  көзіндегі  жасты  көрпеге  үйкеп  сүртті  де,  түк 

болмағандай жадырап:

–  Мына  күшік  қайтеді,  әй?  Үйіне  қонақ  келсе  де 

ұйқтай бере ме? Әй, тұр! Тұр ен ді! – деп, Рай құндақта 

жатқан  баланың  тана уын  шымшылап  еді.  Бала  көзін 

ашпады.  Кіш кентай  аузымен  әлдене  іздегендей, 

қаймаңдап ернін жалады. – Жеңеше, домбыра қайда? 

Мен  мұны,  ендеше,  әнмен  оятайын  –  деп,  Рай  күле 

түсті де, бір қолымен баланы бауырына қысып отырып, 

домбыраға  даусын  қосып  ақырын  ыңырси  бергенде, 

ішке  Кәлен,  Мөңке,  Дос  кірді.  Төрге  шыққан  бойда 

Мөңке мен Дос Ақбалаға қосарлана тіл қатып:

– Келін қарағым, қалайсың?

–  Бөпең  өсіп  келе  ме?  –  деп  амандық-саулық 

сұрады.


Кәленнің  көз  қиығы  Райда.  Ағасының  үйіне 

келгесін  жас  жігіттің  есіне  әр  нәрсе  түсіп,  көңілі 

бұзылып  отырған  үстінен  шығам  ба  деп  ойлап  еді; 

Райдың  жарқын  жүзін  көргенде  Кәленнің  өзі  де 

жадырап  сала  берді.  Төрге  шыққасын  иығындағы 

шидем күпіні шынтағымен бір серіпті де:




129

– Бала, бері әкел – деп, Райдың қолынан домбыраны 

алды.  Әуелі  тиегін  дұрыстады.  Сосын  құлағын 

келтірді.  Сонан  соң  ол  домбыраны  кұшырланып, 

қаттырақ  қағып-қағып  жіберді  де,  салған  жерден 

Сарының  әнін  шырқай  жөнелді.  Кәлен  жігіт  кезінде 

қасына қыз-бозбала ертіп, біраз серілік құрған-ды. Бұл 

өңір сол кезден оның әніне құштар. Күні кешеге дейін 

ол  қатысқан  ойын-сауыққа  аяқ  жетер  жердегі  халық 

іздеп  баратын.  Жұрт  қолқалап  сұрамаса  да,  көңілді 

кезде қолына домбыра түссе арқасы ұстап құтырынып 

кететін жыны бар еді. Ондайда бұл жазбастан Батақтың 

Сарысын шырқайтын. Сары иегі түбіттенген бозбала 

күннен ел ішінде ылғи құдіреттілерге жұлдызы қарсы 

болды да, сонан қашан қыршыннан қырқылғанша бар 

өмірі  ат  үстінде  өтті.  Серілік  пен  бөрілікті  діттеген 

қыршын  жас  тарлан  атпен  Арал,  Каспий  арасындағы 

қара жонда талай-талай жортқан. Осы жолы да Кәлен 

қолына домбыра тиген құрықтай мойынның өндіршегін 

бұлт  еткізіп  тамағын  кенеп  алды.  Сосын  қалт  етіп 

тына қалған үй ішіндегілердің еш қайсыларына назар 

салмай,  көзін  бірден  үйдің  алысырақ  бір  бұрышына 

қадап алды да, әне бір серілік қып жүрген жас кезде 

айдалада ат үстінде cap желіп келе жатып ән салғандай, 

асқақ зор дауыспен шырқай жөнелді. Ол ән салғанда 

көршілер  үйлерінде  отыра  алмай,  көтеріле  сыртқа 

шықты. Шамалыдан кейін Ақбаланың үйі лық толды. 

Кәлен жазбастан Сарының әнін шырқады. Басқа жұрт 

қайғырса  да,  Сары  өз  бойын  сергек  ұстап,  әніне  де, 

өлеңіне  де  әзілін  араластырып,  көңіл-күйін    қырық  

құбылтып  отыратын  өр  жан еді.



130

«Басына шықтым шауып Айырықтың.

Даусымнан құйқылжыған айырылыппын,

Он екі ай қыз көрмеген сорлы басым,

Қатынға тезек терген, әәә-о, эй,

   


 

 

қайырылыппын».



Мынау Жармола түрмесінен босанып шығып, енді 

ағайын-тумаға,  өзін  сарғайып  күткен  сұлу  жары  Қыз 

Қосанға асығып келе жатқан Сары емес, осы мына үй 

толы жұртты бір өзіне табындырып қойған Кәленнің 

дәл өзі сияқты. Балықшылар қыбыр етпеді. Кемпірлер 

құлағын кимешектен шығарып ұйып қапты. Кәлен бір 

кез  Батақтың  Сарысының  әдеттегі  шырқау  әндерін 

сабасына түсіріп, жұрттың өңменінен өте жаздайтын 

шүңейт  көздің  зәрін  сындырып  үй  толы  кісілерге 

көзін  қысып  жымың  етті.  Енді  баяу  қоңыр  дауысқа 

caп, жабырқау, мұңды әндерді айтты.

Кезінде көл шайқаған Әлима едім,

Қор болдым Қоңыраттың шабағына – 

деп,  әлде  бір  заманда  осы  ел,  осы  жерде  туып-

өскен әнші, ақын қыз Әлиманың сонау «ат жетпейтін, 

атан  жетпейтін»  Қарақалпақ  еліне  көз  асып  кетіп 

бара  жатқандағы  зарын  айтқанда  әйелдер  жағы  көз 

жасы  кілкілдеп,  мұңайып  отырып  қалды.  Кезінде 

көл  шайқаған  қайран  қыз  ендігі  өмірінің  бас  билігін 

алыс  жұрттан  ат  сабылтып  келген  әлде  біреудін 

қолына  беріп,  елсіз,  сусыз  үстіртте  қараңғы  түнді 

жамылып  кетіп  бара  жатқандай.  Аспанда  жұлдыздар 

жымыңдайды.  Сарылған  ұзақ  жол  қанша  жүрсе  де 

жеткізбейді.  Қайдан  басталып,  қайда  барып  бітетіні 

белгісіз...

Сол күні түн ортасы ауса да ешкім үйлеріне қайтар 

емес.  Ертең  таң  қараңғысынан  тұрып,  мұз  үстіне 

шығатыны  естен  шығып  кеткен.  Ақбала  астан  кейін 




131

қайта-қайта  шай  демдеді.  Рай  мен  Кәлен  кезектесіп 

ән айтқанда шаруаға қолы бармай, үй толы кісілердің 

шет  жағына  кеп  тізесін  құшақтап  отыра  қалады.  Рай 

көз қиығын жеңгесіңен айырмады. Қыз кезде сүйетін 

әнді айтқанда Ақбала да Кәлен мен Райға дауыс қосып, 

қосылып кетіп отыр.

Кәлен  қолына  көптен  домбыра  ұстамаған-ды. 

Шаршап  қалғанын  сыртқа  шыққасын  сезді.  Бүгінгі 

кешке  ырза.  Еламан  ел  азаматы  еді.  Аз  ғана  уақыт 

бірге  болғанда  балықшы  ауыл  атанған  көп  тобырға 

оның  өз  көкірегінде  құрттай  да  алалық  болған  жоқ-

ты. Қосы басқа балықшылар кейде қазан қайнататын 

балық  ұстай  алмай,  салы  судан  шығып  қайтқанда, 

Еламан оларды шақырып алып, қолдағы барын бөліп 

беретін. Іші тар кісілер реніш білдіре қалса, Еламан:

– Қой әрі. Онсыз да ат төбеліндей азғантай қазақты 

алалап, бірін жат, бірін жақын тұта алмаспын. Маған 

балықшылар  аулының  бәрі  туыс.  Біз  ру,  туыс  қуалап 

табысқан  жоқпыз.  Бізді  тағдыр  табыстырды.  Ал 

тағдыры бірдің – қазаны бір – деп, үнемі бүтіндікке, 

бірлікке  шақыратын.  Балықшы  ауылдың  басын 

қосатын  ұйытқысындай  еді.  «Қайран,  Еламан!».  Ол 

бүгін  Еламанның  үйінде,  болып,  қатын-баласының 

хал-жайын  білгеніне  дән  риза.  Кенет  көзі  үй  алдына 

кеп  түйесін  шөгеріп  жатқан  қатынға  түсті.  «Бұл  кім 

болды екен?» – деп ойлап, тезірек басып келсе... әйелі 

екен, қуанып кетті. Қараңғыда қалауыш арасын тінтіп, 

балаларын тауып алып жатыр.

– Мына әтеңе нәлеттер қайда тығылып қалған?! – 

деп күлді де, екі баласын екі қолтығына қысып ішке 

кірді.  Кіші  баласы  көзін  ашпады.  Кәлен  оны  ұйқтап 

жатыр  екен  деп  ойлап,  маңдайынан  иіскеп  сүйе  бер-

ген  еді.  Ернін  шоқ  қарып  алғандай,  баланың  денесі 

лапылдап  жанып  жатыр  екен.  Шошып  қалды.  Үлкен 



132

баласы  әлдекімнен  көрген  зәбір-жапасын  шаққысы 

келгендей, иегі кемсеңдеп қалды.

– Мыналарға не болған? – деді Кәлен.

– Кешір... балаларыңды ауыртып алдым, – деді Жа-

мал.


– He дейді?..

Жамал жаулығының шетімен аузын басып, жасын 

жұтып отыр еді. Кәлен шыдамай:

– He болды?– деді ақырып.

–  Сен  кеткесін  Қаратаздың  жігіттері  қайта  айна-

лып  соқты  ғой.  Балаларды  дірдектетіп  далаға  айдап 

шықты.  Біздің  қора-қопсымызға  Көлқора  табанында 

отырған  үйлерден  салыққа  жиып  алған  малдарды 

қамады.

Кәлен бұл түнді көзінен атырды. Таң алдында үлкен 

баланың  маңдайынан  шып-шып  мұздай  тер  шықты. 

Сол  шипа  болды  ма,  тыныс,  демі  кеңіп,  қалжыраған 

тән  бір  сәт  рақат  тауып  ұйқтап  кетті.  Ал  өзі  үйде 

болғанда  күнде-күнде  жатарда  ыңырсып  ән  айтып 

ұйқтататын кіші баласы көзін ашқан жоқ. Қайта жылы 

үйге  кіргесін  көкірегі  сырылдап,  екі  иінінен  ентігіп 

ауыр дем ала бастады. «О, қаныпезер... оқ атсаң – өзім 

бар емес пе eм. Балада нең бар еді».

Таң  алдында  киімшең  бойымен  қисайған  Жамал 

көзі ілініп кеткен екен. Іле-шала шошып оянды. Неге 

оянғанын білмеді. Апа лақтаған көзі қара кеугім үйде 

қарауытқан  ірі  кісінің  тұлғасына  түсті.  Ауру  бала 

жатқан  төсектің  бас  жағында  басы  иіліп  отыр  екен... 

«Шаршаған  шығарсың,  азырақ  көзіңді  іліндіріп, 

мызғып алсайшы», – дегісі келген-ді. Кенет күйеуінің 

екі иығының басы дір-дір етіп, өксіп қалғанын көрді 

де, төсектен атып тұрды. Бара сала баланы құшақтай 

алатындай  үстіне  төне  түсті  де,  тұрып  қалды.  Бала 




133

құдды  ауа  жетпей,  тұншығып  бара  жатқандай,  кіп-

кішкентай аузы әнтек ашылып кіп-кішкентай қылтанақ 

тістері  ақсиып  жатыр  екен.  Жамал  өкіріп  жылап, 

баланың үстіне құлап түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет