Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер: Трилогия. Ә. Нұрпеис. Қан мен тер



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата31.12.2021
өлшемі3,19 Mb.
#22688
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Екінші кітаптің соңы


603

 ҮШіНШі кітап

кҮЙреу

                 


604

БіріНШі БӨЛім

–  Ну-у, кіріңдер!

Бұл  мына  жақта  шыдамын  таусып  ширыққанмен, 

ауызғы бөлмеге топырлап кірген бір топ кісінің асығатын 

түрі жоқ; әуелі өз ара күбір-күбір сөйлесті; сосын тамағына 

салқын тиген біреу  күрк-күрк жөтелді. 

Енді  сәл  кідірсе,  жарылғалы  тұр  еді,  ақыры,  әйтеуір 

есік ашылып, ар жақтан бірін-бірі итермелеп  алты-жеті 

кісі  кірді;  бұл  олардың  қорбиған  киім  сыртынан  қару 

асынған түріне тыжырына қарады.

–    Жорыққа  аттанамыз.    Адамдарды  жолға  дайын-

даңдар!  Оқ-дәріні  молырақ  алыңдар!  Тек,  тез!  –  деді 

Мюльгаузен.

Командирлер  ләм  демеді,  жаңа  өздері  кірген  есіктен 

жылдамдап  шығып,  жөнеліп  бара  жатты.  Тек  қарт 

жұмысшы тұрған орнынан тапжылмады.

–  Астыққа кеткендерден хабар болған жоқ па? – деді 

ол.


–  Жәрдем  сұрап  жатырмыз.  Ну,  неғып  тұрсың?  Бар, 

жолға дайындал.

–    Онда  жағдайлары    қиын  болды  ғой.  Біз  барғанша 

бишараларды атты казактар қырып тастамаса не қылсын?

–  Сондықтан  тез  аттануымыз  керек.  Енді  тұрма,  бар 

жолға дайындал.




605

– Сен, асылы, дивизияға хабарлас.

– Тағы не айтасың?

– Дивизияға хабарлас деп тұрмын ғой.

– Бұл не, бұйрық па? – деді Мюльгаузен.

–  Өтінем.  Тәңірі  жарылқасын,  тез  дивизияға 

хабарласшы.  Естуім  бойынша,  Жем  бойында    біздің 

кісілерден  де  басқа  астық  жинап  жүрген  тағы  бір  отряд 

бар көрінеді. Бәрі бас қосса, бұл жақтан біз жеткенше...

Мюльгаузен қолғаштай мұрынның бір танауынан 

мырс етті:

–  Сен тұрғанда бізге сырттан комиссар іздеудің 

қажеті жоқ екен.

–  Ойнап тұрғам жоқ.

– Мен де шын айтам. Несі бар, үсті-басыңа сықырлатып 

хром кигізсе, комиссар боласың да шығасың.

Ознобин  қасында  мырс-мырс  күліп  тұрған. 

Мюльгаузенге  назарын  тіктеп,  шаншылып  бір  қарады 

да,  үн-түнсіз  бұрылып  жүре  берді.  Қарт  жұмысшының 

қашанда жығылыңқы, жапырақ иығының басы бұрынғыдан 

да жығылып, сүдіні түсіп кеткен екен. Топшысы бүгілген 

ұзын қол да жең түпке бірер жіппен лаждап іле салғандай, 

екі қапталында салақтап барады.

–  Кәрі қырт! – деді Мюльгаузен.

Сосын орнына барып отырғалы абажадай кең бөлменің 

қақ төрінде қызыл матаға малынған столға бара бергенде 

жаңа ғана Ознобин шыққан есік іле-шала қайта ашылды. 

Мюльгаузен  кілт  тоқтады.  Желкесі  күдірейген  жуан 

мойынды  күшпен  зорлағандай  бар  кеудесімен  бұрылып 

еді.  Ішке  бүлдіршіндей  жас  қыз  кірді.  Өзі  әлденеге  мәз. 

Жанары шоқтанған көз жайнаңдап күліп:

–  Наконец-то... – дей түсті де, Мюльгаузеннің түрін 

көріп мүдіріп барып, – Келе жатыр, – деп еді,

–  Кім? – деді Мюльгаузен.




606

–  Комиссар.

Сүйдеді  де,  қыз  сүзеген  бұқадай  сүзіле  қарап  тұрған 

Мюльгаузеннің  түрінен  жасқанда  ма,  қолындағы 

шұбатылған  телеграм  лентасын  оған  ұсынбай,  столға 

тастай салды да, жүгіре басып шығып кетті. «Дура, көрдің 

бе,  комиссар  күйеу тауып  беретіндей  мәз  болуын»  Қыз  

кеткесін  де  телеграмға  қол  созбай,  тұнжыраған  қабақ 

астынан көз қиығын тастады да мырс етті.

– Хромы сықырлап келеді екен ғой. Ну, что ж... Давай! 

Давай, кел! Әуселеңді сосын көрейік.

Астықта  жүргендерден  хабар-ошар  болмай,  онсыз 

да  қосүрей  көңіл  қобалжып  тұрған-ды.  Әлгі  кәрі  қырт 

айтса  айтқандай,  Жем  бойына  кеткен  оқ-дәрілері  аз 

еді.  Қару-жарақ  та  жетімсіз  еді.  Ознобиннің  шолақ  қол 

баласы болмаса, қалғандары қолына қару ұстап көрмеген 

қарапайым  теміржолшылардан  құралған  шағын  отряд-

тұғын.


Мюльгаузен  орнына  барып  отырды.  Дивизияға 

хабарласқалы телефонға қолын соза түсті де, саусағының 

ұшы шоққа тигендей тартып алды. Дивизияның бұрынғы 

командирі жаз басындағы ұрыста қаза тауып еді де, жақында 

оның орнына келген командирмен бұл әлі танысып үлгіре 

қойған жоқ-ты. Қандай адам екені де белгісіз. Сөз іләміне 

қарағанда    кавказдық  біреу.  Орыс-түрік  соғысында  полк 

басқарған  дейді.  Соның  аты-жөні?..  Тфу,  сайтан  алғыр... 

Хам?.. жоқ, Хан... тфу, Хан Даур... Сондай бірдеңе. Ерте 

ме,  кеш  пе,  кездеседі.  Сонда  қалай  боларын  кім  білсін, 

ал  телефонмен  сөйлескенде  сөздері  жараса  қоймады. 

Бәрінен бұрын трубканың ар жағынан аюдай гүжілдеген 

даусы мен қит етсе «әй, дорогой»  дегені жынына тиеді 

де,  бұл  құлағын  алып  қашады.  Бұған,  әрине,  оның  да 

ет  бауыры  елжіреп  тұрмағаны  белгілі.  Бұған  комиссар 

жіберіпті.    Жә,  жіберсін.  Көрерміз.  Хромы  сықырылап 




607

келер.  О  да  Хан-Даурдың  дәл  өзіндей  өкіректеген  біреу 

болар. Есітуі бойынша, ол өзі патша құлағасын қызылдар 

жағына  шыққан  ақ  офицер  көрінеді.  Жаңа  келген  кісі 

бұндағы жағдайды қайдан білсін. Әсіресе, атаман Дутов 

Орынборға орын теуіп орналасып алғалы бір бұлар емес, 

бүтіл  Орта  Азия  жағдайы  күрт  қиындап,  Мәскеумен  екі 

арадағы  қарым-қатынас  үзіліп,  әскер  –  қару-жарақсыз, 

халық  –  азық-түліксіз  қалды.  Қала,  дала,  ала  бөле 

теміржол,  депо  жұмысшылары  ашыға  бастағасын  бұлар 

Ознобиннің  шолақ  қол  баласы  бастаған  шағын  отрядты 

Жем бойындағы диқаншы елден ауыс-күйіс астық жинап 

әкелуге  аттандырып  жіберген;  әне-міне  келіп  қалар  деп 

отыр еді; әлгінде ғана Хан-Даур бұған телефон соғып, тағы 

бір оқшау хабар жеткізді: сүйтсе, енді кәзір Жем өңірінің 

орыс-казактары  бүлік  шығарып,  жаппай  қаруланып 

жатқандарын айта бастап еді, бұл оның сөзін киіп кетіп, 

Жем  бойында  жүрген  өзінің  кісілерінің  жағдайын  айта 

бастап еді, қызуқанды әупірім неме ана жақтан:

– Эй, дара-гой, слушать надо – деп, гүж еткенде, бұл 

тағы да құлағын ала қашты.

Хан-Дауров:

– Бүлікті тез басу керек. Ал-ло... Алло, естіп тұрсың 

ба? Отрядыңды жолға дайында. Дереу аттан! – деп, әмір 

берген-ді. Қазіргідей адам ашуы бетке шапшып, ұшынып 

тұрған  заманда  бүліктің  үлкен,  кішісі  жоқ;  оны  бұ  да 

біледі.  Жаңа  командирлерін  жиып  алып:  «аттанамыз» 

деп әмір беріп жөнелте сала,  енді бұның өзі де  шыдамай 

сүрініп-қабынып  келеді.  Әне,  станса  басы  абыр-сабыр. 

Сарт-сұрт.  Жәшік-жәшік  оқ  тасыған,  снаряд  тиеген, 

пулемет сүйретіп жанталасқан кісілер.  Ұзын эшелонның 

орта тұсындағы жайдақ вагонға тиеген екі зеңбірек құдды 

күлге шөккен түйедей жотасы зіңкиеді. Келе сала  бұл тағы 

да  командирлерді  өзіне  шақырып  жиып  алды.  Жорыққа 




608

аттанар алдындағы  соңғы бұйрықты бас-басына жек-жеке 

айта бастағаны сол еді, стансадан сыртқа жүгіріп шыққан 

біреу бұны көре сала анадайдан дауыстап:

– Хан-Дауров телефонға шақырып жатыр. Тез! Тез! – 

деп асықтырды. «Тағы не боп қалды? Тегін болса жарар 

еді»  –  деп,  қосүрей  көңіл  қобалжып  келсе,  телефон 

орналасқан кішкентай бөлмеде төрт-бес кісі тұр екен. Әлгі 

шашы желкілдеген жас қыздың қолындағы трубканы ала-

сала құлағына апара бергенде, ар жағынан әдетте бұның 

жынына тиетін дауыс гүж етті:

–  Ал-ло!

Бұл құлағын баса жаздап:

–  Айта бер! Тыңдап тұрмын, – деді.

–  Жағдай қиындап кетті.

–  Біздің астықшылар ма?

–  Тыңда. Жемнен де көрі қазір Ақбұлақ, Мартүк... Ал-

ло... естіп тұрсың ба, Ақбұлақ, Мартүктің халқы көтеріліп, 

атты  казактар  жағына  шығып  жатыр.  Сосын,  біз...  Ал-

ло-о!..


–  Айта бер!

–  Айтатыны  сол...  Астықты  өңірдегі  бүлікті  басуға 

Ташкент 

теміржолшыларының 

отрядын 

жіберіп 


жатырмын.

–  Біз ше?

– Сөзімді бөлме. Олар Жемге сендерден әлдеқайда 

жақын. Бүлікті шұғыл... Естіп тұрсың ба, бүлікті шұғыл, 

тез басу керек боп жатыр.

– Біз де адамдарды вагонға тиеп, әзір тұрмыз ғой.

–  Әзір  тұрғандарың  жақсы.  Атты  қазақтардың 

аяғы  ұзын.  Менен  бұйрық  болғанша  орындарыңнан 

қозғалмаңдар.

– Біз... Біз ше?

– Эй, да-ра-гой...



609

Онсыз  да  өзін  әзер  ұстап  тұрған  Мюльгаузеннің 

уысындағы  телефонның  трубкасы  енді  тіпті  сына 

жаздап сықыр-сықыр етті.

–  Жолдас,  дивизия  командирі,  –  деді  Мюльгаузен, 

–  я  дорогой  только  для  своей  семьи.  И  еще  любимой 

девушки. Что касается остальных, я красный командир.

– Түсіндім. Мен де кәзір ақ емеспін. Қызыл... қып-

қызыл командирмін.

– Ендеше, мені әскери дәстүр бойынша атаңыз.

– Жарайды. Болсын, жолдас Шалқар теміржол шылар 

отрядының  командирі.  Естуім,  отрядыңда  тәртіп  жағы 

нашар көрінеді.

–  Комиссар    жіберіпсіз,    сол  келгесін  түзететін 

шығар.

– Немене... Ол әлі барған жоқ па? Ал-ло... Алл...



Мюльгаузен  трубканы  тарс  еткізіп  тастап  жіберді 

де,  сыртқа  жын  ұрғандай  атып  шықты.  Есік  алдында 

тұрған  солдаттар  екі  айырылып  арасынан  жол  беріп 

еді.  Мюльгаузен  оларға  назар  салған  жоқ;  үстіндегі 

шолақ  күртенің  қалтасына  қос  қолын  бірдей  сұғып 

жіберген  екен.  Соның  өзінде  жұдырығын  түйіп  алған 

шоқпардай  қолы  қалта  сыртынан  бадырайып  білініп 

барады. Сыртқа шыққасын бір жаққа бұрылмай, отряд 

орналасқан үйге тартты. Асты қам кесек, үстіңгі қабаты 

қарағай  бөренеден  қиып  салған  қобдидай  үйге  тақап 

келе бергенде алдынан салт атты біреу шықты. Үстінде 

қорбиған күпі. Аяғында байпақты етік. Басында елтірі 

тымақ. Үстіндегі киіміне қарап мынау да бұл жалғанда 

мұңы,  мұқтажы  бітпейтін  қазақтың  бірі  болар  деп 

ойлаған  Мюльгаузен  оған  назар  аудармай,  тұсынан 

тезірек  өтіп  кеткісі  кеп  еді;  бірақ  күпілі  қазақ  атын 

тебініп, тоң жерді дүрсілдете басып қуып жетті.

– Пет-ка...




610

Мюльгаузен  тұра  қалды.  Бұл  қайырылып  бұрылам 

дегенше  анау  да  аттан  түсуге  ыңғайланып,  аяғын 

үзеңгіден  шығара  бергенде  әлденеге  бойын  билей 

алмай,  бір  жағына  қарай  ауытқып  құлап  бара  жатқан 

сияқтанды, Мюльгаузен оған иығын тосып, сүйеп тұра 

қалды.

– Петка...



– Сен, немене, ауырып тұрсың ба?

Күпілі қазақ аттан апыл-құпыл асығыс түсе бергенде 

тағы да әлденеге жан даусы шыға жаздап, қос қолымен 

кеудесін  қысып  бүгіле  қалды.  Мюльгаузен  дереу 

ұмтылып,  күпілі  қазақты  күпісімен  қоса    қапсырып 

құшақтай алды:

– Жараланғанбысың?

– Ештеңе емес.

Мюльгаузен оның сөзіне құлақ асқан жоқ. Сыртынан 

қайыс  белбеумен  буған  үстіндегі  күпінің  омырауын 

жұлқып  ашып  еді,  ар  жағынан  жалаң  етке  киген  шыт 

көйлектің  бір  жақ  өңірі  түгелдей  қарақошқылданып 

ұйып қатқан қан екен.

– Бұл не?

– Ештеңе емес. Кеше жолда ұрылар кездесіп...

– Лазаретке бар. Мен жіберді де.

– Петка... Айналайын, отрядқа ал.

– Отрядта саған баққызатын түйем жоқ.

–  Шын  айтам.  Бұнда  сені...  Сенің  өзіңді  сағалап 

келдім.


– Соңыра тағы да төбелесіп жүрмейсің бе?

Еламан  басын  шайқады.  Мюльгаузен  шынымен 

де  өмірінің  ендігі  қалған  тағдырын  бүгінгідей  бұған 

тапсырғалы  келіп  тұрған  мына  жігіттің  бүтіл  бетінде 

алақандай ала көзі болмаса, онан басқа жерін түгелдей 



611

сақал,  мұрт  басқан  жүдеу  кескініне  назарын  тоқтатып 

біраз қарады. Сосын ол:

– Емдел. Артынан келерсің, – деді де, қақпа алдында 

қарулы күзет тұрған жаңағы үйге кіріп кетті.

* * *

Лазаретті  іздеген  Еламан  неге  екенін  өзі  де  білген 

жоқ,  әуелі  көл  жақтағы  қиқы-жиқы  көшелердің  біріне 

түсіпті.  Сосын  сәл  ойланып  тұрып  қалды.  Бұл  өңірге 

баяғыда  алғаш  темір  жол  түскенде  салған  тас  здандар 

болатын.  Лазарет  болса  сол  здандардың  бірінде  болар 

деген оймен вокзалға бет түзеп келе жатқан-ды. 

 Әдетте, дала тұрғындары жарата қоймайтын бір үзік 

қышқылтым ащы иіс мұрнына жетті де, Еламан танауын 

шүйіріп  тұра  қалды.  Қам  кесектен  соққан  кішкентай 

үйдің ық жағына кеп тоқтапты. Сырты жүрдім-бардым 

ақталған  екен.  Кешегі  орыс-түрік  соғысында  дәл 

осындай  лазареттің  талайын  көрген-ді.  Еламан  ұзақ 

жатып  қалам  ба  деп  қорқып  еді;  құдай  оңдағанда  бос 

орын болмады. Ұшып-қонған ақ халатты елгезек қыздар 

бұны аяғаны, әлде ұрысқаны белгісіз, қайта-қайта «ай-

ай!»-лап,  басын  шайқап  жүріп,  қанталап  ісіп  кеткен 

жарақатты әуелі ақырған ащы бірдеңемен жуып-шайды. 

Сосын әлгіден де өткен зәрдей ащы дәрі-дәрмек жағып, 

аппақ мәрлімен әспеттеп байлады да, «екі күннен кейін 

кел» деп қоя берді.

Еламан  сыртқа  көңілді  шығып  еді.  Бірақ  тастай 

қараңғыға көзі тірелді де тұра қалды. Бағанағы ызғырған 

суықтың  зәрі  сынса  да,  әупірім  жел  әлі  сол  баяғыдай 

азынап тұр екен. «Апырай, – деді Еламан, – адам жылқы 

мінезді десе дегендей-ау. Анада түрікпендер балықшылар 

аулын шауып, көп адам қаза тауып, Айғанша қолды боп 



612

із-түзсіз  жоғалып  кеткенде,  бұған  шынымен  де  тірлік 

таусылып,  тұрлаусыз  дүниеде  түк  қызық  қалмағандай 

басына қара күн орнап еді-ау. Бұның өзі де іші-бауыры 

ит талағандай ұлып, жер бетіне сыймай бара жатқасын 

бет ауған жаққа ел асып, жер асып тентіреп кетпеді ме. 

Сонда: «Бұл дүние маған неге керек? Бұл дүниеге менің 

нем керек?» – деп, өзінен де, өзі тірлік кешкен ит өмірден 

де қаралай түңіліп, баз кешіп еді ғой. Сүйтсе, о, тоба! 

Тоба,  бұл  түңілгенмен  мына  дүниенің  түгі  кетпепті. 

Мұрты шағылмай бәз баяғысымен қарап тұрған қалпы. 

Бәз баяғыдай ай орнынан туып, күн орнынан батып тұр. 

Бұның өзі де, міне... Күз басында қара суық ұрып тұла 

бойындағы  үпір-шүпір  жапырақ  желге  ұшып,  сидиып 

тұттай жалаңаш қалған дәл мына үй алдындағы жалғыз 

теректей,  қу  басы  жерге  сыймай,  ой  асып,  қыр  асып 

еді. Ақыры, анадағы қызыл шеке төбелестен кейін екі 

дүниеде  де  көрмеспін  деп,  ат  құйрығын  кесіп  кеткен 

кісіге  қайтып  келді.  Жай  келмеді,  құлдығың  болайын 

деп аяғына жығылып келді.

Қалай  десе  де,  істің  беті  оңғарылып,  жолы  бола 

бастаған  сияқты.  Құдай  қаласа,  ертең  жұмысшылар 

жасағына алар. Қару берер. Киім берер.

Еламан казармаға қалай жеткенін байқамады. Кешкі 

асын ішіп алған жауынгерлер өздерінің жатар алдындағы 

оны-пұны  бірдеңелерін  істеп,  біреу  шинельге  түйме 

қадап,  біреулер  шалбардың  темекі  шоғы  күйдірген 

жеріне  жамау  бастырып,  енді  біреулер  ыңылдап  ән 

салып, ал ат қорадай барақтың шам жарығы аз түскен 

арағырақ басында бес-алты жауынгер бір темекіні бөліп 

шегіп, қызыл шоқ жылтыраған құрттай тұқылды қолдан-

қолға  жағалатып  жатты.  Ознобин  де,  Мюльгаузен  де 

көзге түспеді. Еламан төсекті кімнен сұрарын білмеді. 

Сосын қашаннан күй талғамайтын әдетпен мол күпінің 




613

бір  шалғайын  астына  төседі  де,  киімшең  қисая  кетті. 

Шаршағанын  жамбасы  жерге  тигесін  білді.  Ертең 

қолы  қалт  етсе  ығытын  тауып  Ақбаланы  іздер.  Жаңа 

лазареттен  келе  жатқанда  да  осы  ой  бір  сәт  басынан 

шықпаған-ды.  «Әлі  сол  сүмелек  сарының  үйінде  тұра 

ма екен?» – деп ойлады. Мүмкін басқа үйге... Жә, жә, 

ертең  білермін.  Қазір  ұйықтау  керек.  Ұйқы...  Ұйқы...» 

Жүрегі  лүп-лүп  соғып,  күлімсіреп  жатып  көзі  ілініп 

кетті.


Ертеңіне  бұл  таң  қараңғысында  оянды.  Ұйқысы 

қанбаған.Ұзақ  жолда  атсоқты  болған  денесін  қозғауға 

ерініп  біраз  жатты.  Бұнан  басқалар  да  оянуы  оянса 

да  төсектен  тұра  қоймай,  қимылдап,  қозғалып, 

қайсыбіреулер  темекі  тұтатып  жатқан.  Сырттан  біреу 

кірді. Шамасы, командир ме, қалай... есік жақта жатқан 

төрт-бес солдат атып тұрды. Қалғандар да апалақ-құпалақ 

тұрып  жатыр.  Соқыр  шам  сығырайған  алақөлеңке 

казарма іші қапелімде ерейген, серейген кісілерге толып 

кетті. Еламанның ұйқысы шайдай ашылды. Күпісі мен 

тымағын ірге жаққа ысыра салды. Ештеңенің мәнісіне 

түсінбесе де, аяқ астынан әбігерленіп, абыр-сабыр боп 

жатқан кісілердің ыңғайымен айналып, олар не істесе, 

бұ  да  соны  қайталады.  Жұртпен  бірге  желең  бойымен 

сыртқа  шықты.  Шығар  жерде  есікке  төрт-бесеуі  бір 

мезгілде  қабаттасып,  иық  қағысып  қалды.  Онан  темір 

астауға    сарылдап  ағып  жатқан  мұздай  суға  бұ  да 

көппен  бірге  таласып-тармасып  жуынды.  Онан  күпі 

мен тымағын киіп, тағы да көппен бірге аралас-құралас 

сыртқа  шықты.  Онан  жауынгерлердің  бойына  қарай 

сапқа тізіліп жатқанын көріп, саптама етік киген аяғы 

күпінің шалғайына оралып, сүріне-қабына кеп өзіндей 

өңкиген ұзын бойлы біреудің қатарына тұра қалды.

– Қалай түнеп шықтың?




614

Еламан  Ознобинді  даусынан  таныды.  Сонша  кісі 

арасынан бір таныс табылғанына қуанды.

– Жақсы.


– Төсек беріп кетіп едім, алдың ба?

– Жоқ.


– Бермеген болды ғой. Жарайды, қазір алып берем.

– Жолдас... Жолдас командир...

– Жә, күпіңді тастағанша қоя тұр, – деді Ознобин.

Еламан әзір несі дұрыс, несі бұрыс шығып жатқанын 

білген жоқ. Оны ойлауға да шамасы келген жоқ. Қазіргі 

халі  әлдебір  ағыны  қатты  су  алды-артына  қаратпай 

ықтырып  ала  жөнелгендей.  Шым-шытырық  дүниеден 

бұл  қашан  жөн  тауып,  оңы  мен  солын  айырғанша 

кім  біледі,  осы  бетімен  ықтырып  апарып,  бұрын-

соң  көрмеген,  білмеген,  беймәлім  жағаға  шығарып 

тастамасына.

– Ендігі жетпегені осы еді.

Еламан  селк  етті.  Қасына  кеп  төніп  тұрған 

Мюльгаузен екен. Еламан оған көзін тіктеп тура қарай 

алмай, назары тайып кетті.

Мюльгаузен Ознобинге бұрылды:

– Бұған неге киім бермедің?

– Үлгіре алмадық.

–  Мына  түрімен  қалай  сапқа  жібердің?  А  ну-ка, 

марш отсюда!

Еламан кеткісі келмей кипақтап қап еді. Мюльгаузен 

қайта зекігесін лажы құрып саптан шықты. Мюльгаузен 

көңілсіз. Жем бойындағы кісілерден әлі хабар болмағаны 

жанына батып жүр. Түнімен кірпік ілмей шықты. Тұра 

сала  бір  хабар  бола  ма  деп  телеграфқа  барып  еді. 

Ознобин  де  осында  жүр  екен.  Осыдан  кейін  де  бұл 

телеграфқа  қанша  барса,  соның  бәрінде  де  Ознобин 

баяғы  бір  орында,  телеграфтағы  қыздың  қасында 




615

тапжылмай,  екі  аяғынан  сарсылады  да  тұрады.  Үстіне 

келген бұған үнсіз телміріп жауап күтеді. Мюльгаузен 

оған  қарамауға  тырысты.  Атаман  Дутовтың  уысына 

түссе,  онан  аман  құтылу  неғайбыл.  Әзір  дәтке  қуат 

қылатыны  Ознобиннің  шолақ  қол  баласы.  Сорлыны 

қан  тартып,  ажалына  көрініп  тұрмаса,  осы  ғасырдың 

басында  екі  бірдей  жойқын  соғысқа  –  әуелі  орыс-

жапон, сосын – орыс-түрік соғысына қатысып, сұрапыл 

шайқасты  басынан  кешкен  тәжірибелі  жауынгер.  Осы 

жолы да бір амалын тауып, адамдарын аман-есен алып 

шығар деген үмітте.

Жем  бойынан  жайсыз  хабар  алғалы  Мюльгаузен 

отрядты  тырп  еткізбей  қазармада  ұстап  отыр.  Оның 

үстіне  комиссар  да  кешігіп,  жынына  тиіп  тұр.  Кешегі 

күні  келіп  қалар  деп  отырғанда  оқшау  хабар  алды. 

Ақтөбеден пойызға отырған комиссар жолшыбай Ембіге 

келгенде аяқ астынан қатты ауырып, пойыздан түсіріп 

ап қапты. Ознобин:

– Кісі жіберейік, – деп еді.

Мюльгаузен міз бақпады. Оның ығын алып үйренген 

кісілер бұл жолы да батып тіл қатпай, көзінің астымен 

біріне  бірі  қарады.  Бұндайда  бірдеңе  деп  қалатын 

Ознобин де үнсіз. Түк сезбеген кісідей, жапырайған май-

май  кепканы  көзіне  басып  киіп,  төмен  қарап  тұқырая 

қапты. Үндемесе де отряд командирінің ар жақ ойы бұған 

белгілі. Қолындағы билікті басқа біреумен бөлісуге ырза 

емес. Әсіресе, комиссарға жұлдызы қарсы. Кейінгі кезде 

дос пен дұшпан аузында ілтипатпен атала бастаған осы 

бір шетінен мейлінше ұстамды кісілер оның ойынша – 

қызуқанды командирлерді тізгіндеп, тежеп отырғаннан 

басқа қайраны жоқ. Әрілесе, комиссар атаулының басы 

мен  аяғына  сықырлатып  қара  сүрік  киіп  алатыны  да 

мұның жынына тиетін.




616

Телеграфта істейтін ақсары қыз ішке жүгіріп кірді. 

Мюльгаузен оның қолындағы телеграмды жұлып алды. 

Көзі түскен бойда:

– Ну, вот... откомиссарились! – деді.

Ознобин  екі  ұмтылып  шаққа  тұрды.  Мюльгаузенге 

жеткенше  де  сүрініп  кетті.  Мюльгаузен  уысындағы 

телеграмды  күлдей  қып  жыртып-жыртып  шашып 

жіберді.

* * *

Бүгін  де  Еламан  ертеңгі  асын  іше  сала  қала 

сыртындағы  киім-кешек  складына  жүгірді.  Күндіз  де 

қолына шам ұстап кіретін қараңғы складтың бір басында 

аткөпір боп жатқан ескі-құсқы киімдерді аударыстырып 

қарап  жүріп,    өзіне  шенел  алды.  Күпі  мен  тымақтан 

құтылғанша  асығып  жүріп  ит  жегірді  жаңа  дұрыстап 

қарамағанына  қынжылды.  Қолын  құрттай  ілгері  созса 

болды, білегі сидиып шығып кете береді. Бұрын талай 

адамның иығын адақтағаны көрініп тұр.  Шенелден бұл 

білмейтін,  бұған  беймәлім  әлде  кімдердің  иіс-қоңысы 

шықты.  Талайлардың  мойны  қажаған  кір-кір  жаға  да 

құдды  тақым  қажаған  терліктей,  желкесіне  тиіп  кетсе 

де тітіркеніп қалады. 

Кішкентай  қаланың  кісі-қара  аз  жүретін  көл  жақ 

шеттегі  көшемен  келе  жатып  та  үстіндегі  шенелдің  о 

жер, бұ жеріне қарай берді. Өңіріндегі саусақ сыйғандай 

тесікке  көзі  түсті  де,  жүрісінен  жаңылып  тұра  қалды. 

Көңіліне  қобалжу  енген  Еламан  көзін  алып  қашты.  О 

жаққа енді қарамауға, тіпті ойына алмауға тырысып еді; 

бірақ  әлгі  күдік  түйсікшіл  көңілге  тікендей  қадалып 

тұрып алды. Апырай, өліктің үстінен шешіп алмаса не 

қылсын?  Кезеңді  қанқұйлы  жау  дәл  көкіректен  атқан 



617

болды-ау? Бұрынғы иесі кім екен? Жер басып жүр ме, 

әлде...  Апырай,  ә?  Пақырдың  татар  дәмі  таусылып, 

ойраны  шыққан  дүниенің  әлдебір  жерінде  топырақ 

астында томпайып жатыр ма?.. Қалай болғанда да талай 

жанның тірлігін тауысқан шенел енді сені тапты. Кәне, 

құтылып көр?

Еламан мырс етті. Қай солдат қашан зауал жеткенше 

үстіндегі  сұр  шенелдің  соңыра  сүйегін  орайтын  сұр 

кебін екенін қайдан білсін. Көңілсіз ой баураған Еламан 

әлгінде өзі тоқтаған көшенің қақ ортасында қыбыр етпей 

әлі тұр. Көшеде ерсілі-қарсылы жүріп жатқан кісі-қара 

бұған  бұрылып  бір  қарайды  да,  өтіп  кетеді.  Бұл  бірақ 

дәл қазір оларды байқап тұрған жоқ.

Бұл  өзін  жаны  сірідей  көретін.  Және  соған  өзі 

сенетін. Шынында да, беті қатты ажал бұған талай-талай 

маңдайын туралап бетпе-бет келсе де, соның бәрінде де 

бұл  шанышқыдан  жырылған  шабақтай  сытылып  аман 

қалатын.  Енді...  Иә,  енді?..  Еламан  тағы  да  мырс  етті. 

Тағы  да  тап  әлгінде  өзін-өзі  мысқылдағандай,  зәрдей 

ащы мысқыл миығында тұрып қалып еді.

* * *

Сонан ол отряд орналасқан баракқа кіргенде де әлгі 

сөлекет күлкі бетінде әлі тұр еді; бұнан басқаның бәрі 

тегіс  іште  екен.  Бәрінің  де  ині  түсіп,  басы  салбырап 

кетіпті.  Бұрын  бұндай  кезде  о  басы  мен  бұ  басы 

атшаптырым казарманың іші әрқашан араның ұясындай 

гуілдеп тұратын-ды, бүгін әлде неге өлік шыққан оттың 

басындай мүлгіп қапты.

Еламан есік алдында аңырып тұрып қалды. Әркімге 

бір қарады. «Не болты?» – деп сұрағысы келсе де, бірақ 

мыналардың  еш  қайсысы  ыңғай  бермей,  тұнжырап 



618

алғасын бұл ізінше сыртқа шықты. Иә, не қылса да бұл 

жоқта бір оқиға болған. Бірақ... сонда  ол не? Не болуы 

мүмкін? Көше құлазып кетті. Сусылдаған күлдей майда 

топырақ  ығы  жоқ  аңыраған  көшені  шаңытып  борап 

тұр.  Қамсауы  жоқ  жалаң  шенелден  жел  өтіп  барады. 

Казармаға  қайтып  барғысы  келмеген  Еламан  қамсауы 

қалмаған  шенелдің  жағасын  көтеріп  алды  да,  іргесін 

белуарына дейін құм басып кеткен бәкене үйлерді бетке 

ұстап келеді. Қайда, неге баратқанын ойлаған жоқ. 

Көшенің арғы бетінде кетіп бара жатқан келіншекке 

көзі түсті. Алғашқыда Ақбала екен деп қалып еді, тұлға-

тұрпаты, киімі, кербездігі, тіпті, аяқ басқанда арқасында 

ақырын  былғаңдаған  қос  бұрымы  құдды  Ақбаланың 

бұрымынан  аусайшы.

Апырай, біреуге біреу қандай ұқсайды деп ойлады. 

Ақбаланы  көргісі  кеп  кетті.  Шинельдің  жағасын 

қайырып  тастады.  Ертеден  бері  қайда  бет  түзеп  келе 

жатқанын  ойлаған  да  жоқ-ты.  Неге  келе  жатқанын  да 

білмейтін.  Енді  байқаса,  кішкентай  қаланың  қазақтар 

тұратын  көл  жақ  шетіне  шығып  кетіпті.  Ағашсыз, 

талсыз  қисық  көше.  Сырты  ақталмаған,  бірінен  бірі 

аумайтын бәкене үйлер. Соған қарамастан, алабұртқан 

көңіл  тағы  да  әлденеге  ауаланып,  жан-жағына  қарап 

көз  caп  тұрған-ды.  Кенет  иек  созымдай  ғана  жерден 

кесек дуалдың құмын шығарып, жел-құз жеп кебірлеп 

тастаған  жермен-жексен  бір  үйді  көрді.  Онсыз  да 

алабұртып  тұрған  жүрек  кенет  лүпілдеп  қатты-қатты 

соғып кетті. Аяғы адастырмай іздеп тапқанына қуанды 

ма,  көз  жанары  қаттырақ  ұшқындап,  жолында  тұрған 

құман,  леген,  олардан  да  басқа  тағы  бірдеңелерді 

салдыр-күлдірлетіп  кіріп  келді.  Үш  сары  бала  үйдің 

бұрышына тығылып үрпиіп тұр.

– Бұл үйдің кісілері қайда?




619

– Әкем бе?

– Иә, әкең?

– Жұмыста.

– Ал… Сосын...

– Апам ба?

– Апам-м? Апаң кім?

– Ақбала.

– Ә, «апа» дейсіңдер ме?

– Әй-әй апа дейміз.

– Е, «әй-әй апа» дейсіңдер ме?

–  Иә,  анау  да,  мынау  да,  мен  де  бәріміз  де  «әй-әй 

апа» дейміз.

– «Әй-әй апаларың» қайда?

– Жұмыс іздеп кетті.

Еламан  әкесінен  аумайтын  үш  шикіл  сары  баланы 

маңдайынан  бір-бір  сипады  да,  сыртқа  шықты. 

Былайырақ ұзай бере артына бұрылып еді, іште қалған 

әлгі шикіл сары балалар бұны көзімен ұзатып, терезеге 

жабысып  апты.  Еламан  бұрылғанда  қырық  құрау 

әйнектің  ар  жағынан  бәрі  бірдей  уылжып  күлімсіреп 

қоя  берді.  Еламан  да  езу  тартты.  Ақбалаға  кездесе 

алмағанына өкінді. Осыған дейін кежегесі кейін тартып 

келген өркөкірек тәкаппар жанның от басында көміліп 

отыра  бермей,  талпынып  жұмыс  іздеп  шыққанына 

қуанды. «Күнкөріс те қинаған болар», – деп ойлады.

Еламан  казармаға  жақындап  келе  бергенде,  іштен 

гүжілдеген жуан дауыс шықты. «Мені іздеп қалған жоқ 

па екен?» – деп ойлады. Ішке кіргесін де ілгері озбай, 

есік алдында тұрған жауынгерлермен иықтаса тоқтады.

Мюльгаузен  түтігіп  алған.  Үйді  өрлі-берлі  кезіп 

зіркілдеп  сөйлеп  жүр.  Бұл  білмейтін  біреуге  қаһарын 

төгіп, кіжініп-кіжініп қояды:

– Бұның бәрі соның кесірі. Соған бола бізді жіпсіз 




620

байлап қойған жоқ па.

– Өзінен хабар бар ма? Қашан келеді екен?

– Ну, подожди... 

–  Кімді  айтып  тұр?  –  деді  Еламан  қасында  тұрған 

біреудің құлағына еңкейіп.

– Комиссар.

– Ком-сар?

Күн батар алдында Мюльгаузен отрядты тік көтеріп, 

стансаға апарды. Кішкентай қаланың бар халқы осында 

жиналыпты. Кідірмей күнбатыс жақтан соңына жалғыз 

қызыл  вагон  тіркеген  күлді-күйелеш  паровоз  кеп 

стансаның алдына тоқтады. Паровоздан біреу түсті де, 

қызыл вагонның есігін ашты. Иін тіресіп тұрған халық 

лап қойып жетіп барса да, есікке тақай бергенде алдынан 

жер  жарылғандай  аңтарылып  тұра-тұра  қалды.  Астық 

тиеген вагонның еденінде қылышпен кескілеп тастаған 

жиырмадан астам кісінің қан-қан денесі жатыр екен. Есі 

шыққан халық өкіріп жылап, станса басы әп-сәтте у-шу 

болды да кетті. Екі кісі сүйемелдеген бір жас келіншек 

өліктер жатқан вагонға барғысы кеп, аяғын бірер басып 

ұмтыла түсті де, талықсып кетті.

Еламан  жас  келіншекті  жыға  танымаса  да,  түсін 

шырамытты.  Бір  жерде  көрген  сияқты.  Әлдеқайдан 

Ознобин  келді.  Ессіз-түссіз  талықсып  жатқан 

келіншекке көзі түсті де тұра қалды. Үстіне төніп қарап 

тұрды  да,  қасындағы  біреуге  «үйге  апарыңдар!»  деді. 

Иін тірескен ығы-жығы кісілердің ара-арасымен ілгері 

ұмтылды.  Еламан  есігін  айқара  ашып  тастаған  қызыл 

вагонға қарт жұмысшымен бірге қатарласа жетті де, дәл 

вагонға  мінер  жерде  оны  қолтығынан  демеп  жіберді. 

Осы  арада  ғана  ол  қан-қан  өліктердің  арасынан  қарт 

жұмысшының  шолақ  қол  баласын  көрді.  Ознобин  де 

баласының өлігі жанына тізерлеп отыра қап, су қараңғы 




621

болған  кісіше  құп-қу  жүзін  жоғары  көтеріп,  дыбысын 

шығармай  тістеніп  алды.  Сонан  бір  кезде  есін  жиып, 

алдында  жатқан  қан-қан  өліктің  әуелі  басын  сипады. 

Дірілдеген  қолымен  баласының  бетін  сипап  отырып: 

«Андрюш... Андрюшам» – деді жасын жұтып.



* * *

Ертеңіне Еламан Селивановты іздеп депоға барып еді, 

бұнда жиналыс өтіп жатыр екен. Иін тірескен халықтың 

арасынан  Селивановтың  өзі  көзге  түспесе  де,  бірақ  ат 

қорадай  аңғал-саңғал  депоның  әрегірек  бір  тұсында 

отын  сөндірген  паровоздың  алып  тұлғасы  қарауытқан 

маңнан тіл мен жағына сүйенген біреудің саңқылдаған 

даусы  шықты.  Мына  қызыл  кеңірдек  жиналыстың 

жуық арада бітпесіне көзі жеткесін Селивановпен кейін 

сөйлескісі келді де, келген ізімен кері қайтты.

Ызғырық суық жел шаңдағын суырған сары топырақ 

борап жатыр. Қамсауы жоқ шенелден суық өтіп барады. 

Бір  жақсысы,  ыққа  қарап  жүру  жеңіл.  Жел  артынан 

итеріп, дедектеп келе жатқан-ды. Кенет алдында кетіп 

бара жатқан біреуге көзі түсті де іркіліп, тоқтап барып 

қайта  жүрді.  Үстінде  қап  сияқты  дорбиған  бірдеңеден 

тіккен  қызыл  қоңыр  пальто.  Не  түймесі,  не  белбеуі 

болмағасын омырауын қаусырынып апты.

Еламан  онан  көзін  айырмады.  Кім  де  болса, 

айдаудан қайтқан біреу. Ана жылы Федоровты өлтіріп, 

қол-аяғында темір кісен, Орскіге жаяу-жалпылап айдап 

апара бара жатқанда, жол-жөнекей осындай кісілердің 

талайын  көрген-ді.  Еламан  оған  қатарласып  қалғанын 

байқап,  кілт  тоқтады.  Ат  бойы  алға  жібергесін  қайта 

жүрді. Енді оған көбіне сырт жағынан қарап, қалкиған 

құлағы  мен  қылқиған  мойнын  көріп  келеді.  Ақжем 




622

бетінде  жалқылдаған  ілелі  қызыл  таңдақ.  Енді  оны 

басып та озбай, қалып та қоймай, соңында қол созымдай 

кейінде келе жатып, бас-аяғына анықтап қараған сайын 

«апырай, – деп ойланды Еламан, – адам баласы өлімге 

оңайлықпен  мойын  ұсынбайды-ау.  Түрмеден  босанып 

шыққан болды ғой. Бұнда туған-туысқаны бар ма екен?»

Аяғын  сүйреп  басып  келе  жатқан  кісі  кенет  кілт 

тоқтады. Еламан да тоқтады.

– Орысша білесің бе? – деді ол Еламанға.

– Аздап...

– Теміржолшылар отряды қайда?

–  Жүріңіз!  –  деді  Еламан.  Мына  кісінің  салған 

жерден отрядты сұрағанына таңданып келеді.

– Ұлтың кім?

– Қазақ.


– Отрядта сенен басқа қазақ бар ма?

– Жоқ.


– Командирлерің қайда?

– Өзінде шығар.

– Кел, танысалық, Петр Дьяков.

– Еламан.

– Бұл қалада енді бір танысым бар деуге болады, – 

деді Дьяков күлімсіреп.

– Қалай?.. Сіз... Сіз бұнда ешкімді...

– Иә, өзіңнен басқа танысым жоқ.

– Бұнда бұрын болмап па едіңіз?

– Жоқ. Бүйдеп неге сұрадың?

–  Жоқ,  жай.  Міне,  мынау  –  штаб,  –  деді  Еламан 

кішілеу екі қабат үйдің алдына келгесін. – Сау болыңыз.

– Біз әлі кездесеміз, – деді де, Дьяков жылдам басып 

ішке кіріп бара жатты.

Есік  алды  лық  толы  екен.  Бәрі  де  қару  асынған 

әскери  кісілер.  Дьяковты  көргенде  үстеріне  түйе 




623

кіргендей,  бәрі  бірден  бұған  одырая  қарады.  Дьяков 

мән берген жоқ; ол өзіне жұрттың осылай қарағанына 

үйренген-ді.  Үстіндегі  арестант  шекпеннің  өңірін 

қымтап,  қаусырынып  алды  да,  аяғындағы  жұлығына 

жамау түскен етікті сырп-сырп басып, түп жақтағы ақ 

сыр есікті аша берген-ді.

– Пардон, – деп, бір жас солдат есікті жауырынымен 

басып тұра қалды. – Саған кім керек?

– Мен... Мен бұнда...

–  Жоқ,  сен  Совдеппен  шатыстырып  тұрсың.  Бұнда 

отряд командирі тұрады. Командир! Понимаешь?

– Ендеше, мен Мюльгаузен жолдасқа келіп тұрмын.

 – Онда кідіре тұр. Сенен де басқа күтіп тұрғандар 

бар.

Дьяков  мыналарды  күтсе,  жуық  арада  отряд 



командиріне аяғы жетпесін білді. Және ауызғы бөлменің 

ауасы тар екен. Бұнда келгендердің бәрі темекі шегіп, 

тұла бойындағы иіс-қоңысты осында қалдырып кететін 

сияқты. Дьяков қалтасынан мөр басқан қағаз шығарды.

– Бәрібір жібермеймін – деп, есікті арқасымен басып 

тұрған әлгі солдат қасарысып жолын бөгеп тұрып алды, 

–  мыналарды  көресің  бе?  Бәрінде  де  бір-бір  құлаш 

мандат бар.

Жауынгерлер  қарқ-қарқ  күлді.  Дьяковтың  көзінің 

алдында  қалталанып  тұрған  күлтілдек  ет  жыбырлап, 

өзінен-өзі жұлқып-жұлқып қалды.

– Оқы!


Жас  солдат  қыңа  қоймап  еді;  Дьяковтың  жағы 

қуарған  ілелі  ақжем  бетінің  әр  жер-әр  жеріне  теңбіл-

теңбіл қан жүгіріп, өзі де қатты демігіп:

–  Оқы!  –  деп  зекіп  еді,  жас  солдат  әлгідей  емес, 

осы  жолы  жөнге  түсіп,  өзіне  ұсынған  қағазға  көз 

қиығын селқос тастаса да, бір-екі сөзін оқыр-оқымаста 




624

кірпігі жыпылықтап кетті. Үсті-басын асығыс жөндеді. 

Жауырынымен басып тұрған есікті де жалма-жан ашып:

– Кіріңіз!.. Кі-ріңіз!.. – деді.

Дьяков  енді  асықпады.  Ішке  кірер  алдында  сәл 

бөгеліп, әуелі мыжырайған кепканы басынан алып еді, 

сұйқылтым  шаш  кейін  қашқан  қос  шекесі  тоқпақтай 

маңдайы  жарқырап  қоя  берді.  Жас  жауынгер  ашқан 

есіктен ол отряд командирінің үстіне сабырлы салмақпен 

ақырын кірді. Соңынан есік жабылған бойда жас солдат 

сылқ етіп отыра кетті:

– Құрыдым...

Дьяков  отряд  командирінің  үстіне  кіргенде 

Мюльгаузен  алдында  жатқан  әлдебір  қағазға  үңіліп 

қалған екен. Басын көтермеді. Әуелі алдына кеп тоқтаған 

кісінің  аяғындағы  етігіне  көзі  түсті.  Жұлығына  жамау 

түскен  бақа  бас  етіктің  тұмсығы  тынышсызданып,  ар 

жағында бүлкілдеген башайдың қимылынан хабар беріп 

тұрғандай.

– Мюльгаузен жолдас, вот и прибыл.

Мюльгаузен етіктен енді ғана көзін алды да, алдында 

тұрған кісіге  суық жүзін жылытпай, назарын тіктеп еді. 

Дьяков қысылған бойын қайда қоярға білмей, кипақтап 

қалды да, өзіне жақын тұрған орындыққа отыра кетті.

–  Алдақашан  келетін  едім.  Жолшыбай  ауырып... 

һхе-һхе-е...

– А-а!

– Ауырып қалғаным.



– Ә-ә...

– Дәрігерлердің қолына түспеу керек. Қолына түссең, 

әсіресе  мендей,  һхе...  хе...  кісілерді  жібере  қоймайды. 

Қашып шықтым.

– А-а?

– Қашып шықтым.




625

– Түсінгенім жоқ. Өзің кімсің?

Дьяков  әлгінде  жас  жауынгерге  көрсеткен  қағазды 

отряд  командирінің  алдына  тастады.  Мюльгаузен 

оқығаны,  оқымағаны  белгісіз,  қағаздан  көзін  алмай 

тұнжырап  ұзақ  отырды.  Басын  көтермеген  қалпы 

жанынан  темекі  алды.  Алдында  жатқан  қағаздың 

шетінен  жыртып  алған  қиындыға  орар  жерде  қолы 

дірілдеп,  темекі  шашырап  кетті.  Сіріңкеге  су  тиген 

бе,  қанша  шақса  да  от  алмай,  күкіртті  басы  уатылып, 

ызасына  тие  бастап  еді,  құдай  оңдағанда,  келесі  бір 

талы тұтады.

Мюльгаузен ащы махорқаның түтінін кең танауынан 

бұрқ-бұрқ  шығарды.  Дьяков  өзіне  қарай  қалқып  келе 

жатқан  көкшіл  түтінге  зәресі  ұша  қарап,  орындығын 

қозғап, кейінірек ысырылып отырды.

– Шалқарды бұлай деп ойлағам жоқ-ты. Сүйтсе өзі... 

һхе-е... әжептәуір...

Дьяков  булығып,  демі  жетпей  бара  жатқасын 

алақанымен аузын басып алды.

– Һхе... һх-е... Кешіріңіз... Демікпем бар.

Мюльгаузен  темекісін  анда-санда  бір  бұрқ  еткізіп 

қойғаны болмаса әлі үнсіз.

– Қалада депо барын білем. Жұмысшы саны қанша? 

– деді Дьяков.

Мюльгаузен даусын созып:

–  Да-а...  –  деді  де,  түк  деместен  орнынан  асықпай 

ақырын  түрегелді.  Терезенің  алдына  барып,  сыртқа 

енжар,  керенаулана  көз  салды.  Өзімен  тілдескісі  кеп, 

жалтақтап қайта-қайта қарап отырған кісі бар ма, жоқ 

па,  қаперінен  шығып,  ұмытып  кеткен  сияқты.  Дьяков 

түрегелді.  Терезенің  алдында  сыртын  беріп  тұрған 

Мюльгаузенге жақындап барып:



626

–  Танысайық,  –  деп  қолын  созып  еді,  Мюльгаузен 

бұрылған да жоқ.

–  Кешір.  Алдыңнан  шығып,  музыкамен  күтіп  ала 

алмадық, – деді ол.

– Оның қажеті қанша.

–  Как  же,  комиссарды  салтанатты  түрде  күтіп  алу 

керек емес пе?..

– Түсінбедім.

– Эх-х, тоже мне... Сенің кесіріңнен көресіні көрдік. 

Әне  келеді,  міне  келеді  деп  жолыңа  қарап,  жіпсіз 

байланып отырғанда кісілерімізді қырып алдық.

Бұны  күтпеген  Дьяковтың  аузына  қапелімде  сөз 

түспеді.  «Мынау  не  деп  тұр?  Бұның  кесірі...  жіпсіз 

байланып...  кісілерін  қырып  алған...  Түсінсе  не 

дейсін?»  Соның  жөнін  сұрағалы  оқтала  бергенде, 

бұған қайда осындай қысылтаяңда тап болатын жөтелі 

құрғыр кеудесін қысып, тағы да қып-қызыл боп булыға 

бастады. «Әй... Әй-й, мынау кетіп бара ма?» Бұл «тоқ-

та!» – дегенше болмады, отряд командирі әлгіден артық 

сөзге  келмей,  еденнің  жаман  тақтайын  солқылдата 

басып шығып кетті.

Дьяков  жүлгеленген  темекі  түтінін  кепкасымен 

желпіп-желпіп  жіберді.  Ерні  кезеріп,  тамағы  құрғап 

қалды.  Отряд  командирінің  жаңағы  қылығына  қайран. 

Хан-Дауров та осы жігітті өзімшіл, өркөкірек, ешкіммен 

есептескісі  келмейді,  сен  орныңды  біл,  ығын  алып, 

ыңғайына түсіп кете бермей, екеуің ақылдасып жұмыс 

істеңдер  деген-ді.  Жолшыбай  ауырып,  ауруханаға 

түсіп әлек-шәлек боп жүргенде, дивизия командирінің 

ескерткені  есінен  шығып  кетіпті.  Есінен  шықпағанда 

да,  жау  емес,  тап  дұшпаны  емес.  Және  бір  отрядты 

бірге  басқарғасын  бір-бірімен  тіл  табысып  істегенді 

жөн  көрген-ді.  Қаншама  комиссар  деп  көтермелесе 




627

де,  бұның  өзінің  ұғымында  командирдің  басқадан  бір 

демі  үстем  болғаны  дұрыс.  Командирге  өктем  болған 

да  жарасады.  Әрілесе,  тіпті  оның    жаңағы  аздап 

зәбір  көрсеткенінде  де  тұрған  ештеңе  жоқ.  Ойлап 

қараса:  көз  ашқаннан  бері  көріп  келе  жатқаны  зәбір. 

Әке-шешесі  ерте  өлді.  Өз  қолы  өз  аузына  жеткенше 

қайырымсыз қатал аға-жеңгеден бұл қанша зәбір көрді. 

Онан  «Скороход»  фабрикасында  жұмыс  істеп  жүрген 

жап-жас  бала  жасырын  ұйымға  қатысып,  жандарм 

қолына  түсті.  Қол-аяғында  темір  кісен.  Қыстың  көзі 

қырауда Сібірге айдады. Он жыл жер астында шахтада 

жұмыс  істеді.  Патша  тақтан  құлар  алдында  бір  топ 

кісі  түрмеден  қашып  шықты.  Бірақ  Орынборға  келе 

бергенде  қолға  түсіп,  бұны  саяси  сенімсіз  кісілердің 

эшелонына отырғызып, Орта Азияға айдады да жіберді. 

Осының  бәрінде  де  оның  өмір  жолында  кездескен 

кісілер – құй фабрикант, құй полицей, құй, мейлі, түрме 

начальнигі  болсын,  мейірі  түсіп  маңдайынан  сипаған 

бір жан болмапты. Бәрі қатал. Бәрі өктем. Бәрі озбыр. 

Және  озбырлығы  мен  өктем  қаталдығын  бірінен-бірі 

асырғысы кеп бәстесіп қойғандай. Неше түрлі қорлық 

пен  зорлықтың  кісі  басына  келмейтін  қайда  бір  қиын 

жолдарын  ойлап  табатын.  Олар  бірақ  жау  болатын. 

Сондықтан зәбірленбейтін. Ал, достан көрген зәбірдің 

қандай болатынын ол әлі көрген жоқ-ты.

«Жаңағы қайда? Келмейін дегені ме?» – деп ойлады. 

Күзетшіден  басқаның  бәрі  кеткен.  Көп  бөлмелі  үйдің 

іші  аңғал-саңғал.  Сыртта  жел  ызыңдады.  Айдай 

әлемнің үстінен зіл батпан салмақпен салбырап басып 

келе жатқан сырттағы түн осы қазір үйдің ішіне де еніп, 

бұрыш-бұрыш  қарауытып  тұнжырай  бастады.  Батысқа 

қараған қос терезенің әйнегінен әлгінде батқан күннің 

қызғылт  шапағы  ақырын-ақырын  әлсіреп,  сөніп-сөніп 




628

барып, енді міне, ақыры түнге тұтасып бара жатты.

Отряд  командирінің  енді  оралмасы  белгілі  болды. 

Үй ішінде кисайып дем ала қоятындай ештеңе жоқ екен. 

Қас  қарайғасын  Дьяков  сыртқа  шықты.  Күзетшімен 

сөйлесті. Бірақ желең бойынан жел өтіп бара жатқасын 

сыртта  ұзақ  тұра  алмай,  ішке  қайта  кірді.  Бағанағы 

қылжақбас солдат «комиссар келді» деп жұртқа жар сап 

қойған сияқты. Күзетші жауынгер бұған жаңа кәдімгідей 

ізет  білдіріп,  сыпайы  сөйлесті.  Сөз  арасында  бір  рет 

бұған  «комиссар»  деп  те  салды.  Дьяков  өз  халін  өзі 

сықақтағандай мырс-мырс күлді. «Комиссар!.. Шалқар 

теміржолшылар отрядының комиссары!»

Дьяковтың қалжыраған жүзінен мысқыл айықпады. 

Хан-Дауров  бұнымен  кең  отырып  ұзақ  сөйлескен 

еді.  Түркістан  Армиясы  таяуда  ғана  ұйымдасқан 

көрінеді.  Соған  дейін  Ақтөбе  маңында  Шалқар 

теміржолшыларының  жасағы  сияқты  ондаған  ұсақ 

әскер  бөлімшесі  бопты.  Соның  бәрі  ешкімге  бой 

ұсынбай,  әрқайсысы  бас-басына  дербес  өмір  сүрген. 

Хан-Дауров  олардың  бәрінің  басын  қосып  жатқан 

көрінеді. Шалқар, Қазалы, Жосалы, Ақмешіт, Ташкент 

теміржолшыларының  қарулы  жасағы  да  ендігі  жерде 

тікелей  бұған  бағынады.  «Тек  Мюльгаузен  бағынғысы 

келмейді», – деген-ді Хан-Дауров.

Дьяков таң алдында столға басын салып бірер сағат 

мызғып  алды...  Оянса  терезе  әйнектері  бозарып,  үй 

іші сәулелене бастаиты. Үй іші жым-жырт. Тек ауызғы 

бөлмеде сағат тық-тық...

Дьяков түрегелді. Кешеден бері нәр татқан жоқ-ты. 

Соған  қарамастан  асқа  зауқы  шаппай,  шөлдеп  оянды. 

Кеше  қора  ішінен  құдық  көрген-ді.  Сыртқа  шықты. 

Кешегідей емес, бүгін күн ашық, бірақ әлі салқын екен. 

Бұл  құдыққа  жете  бергенде  қақпадан  соңында  ерген 




629

екі кісі бар, Мюльгаузен кірді. Бұл амандасқысы келсе 

де, бірақ оның қайырылмасын байқады. Осы қызметке 

келіскенім қате болған жоқ па деген ой көңілін ауырлатып 

тұр. Денесінде діріл бар. Алақанымен аузын басып күрк-

күрк жөтелді. Ішке кірер-кірмесін білмей, екі ойлы боп 

тұрғанда бұғағы салбыраған біреу қасына кеп, өзін осы 

отрядтың старшинасымын деп таныстырды.

– Е, дегендей. Маған керек кісі екенсің, – деді Дьяков.

–  Сізге  жеке  бөлме  таба  алмадық.  Әзірше  бір 

командирмен бірге жата тұрасыз.

– Оқасы жоқ.

– Аш шығарсыз. Жүріңіз, асханаға апарайын.

– Еркіңіз білсін.



* * *

Еламан  осы  күннің  ертеңіне  Совдеп  орналасқан 

көк  шатырлы  үлкен  үйге  келсе,  есік  алды  кісі-құраға 

толы  екен.  Қара  киімді  қала  халқының  арасынан  ара-

тұра ел қазағының тымағы да көрінеді. Олар ауылдағы 

мінезін қалаға да істеп, атын есік алдына байлай салып, 

болмашы  жұмыспен  бастықтардың  үстіне  баса-көктеп 

кіріп жүр.

Қабырға болысының екі қазағы базарға айдап әкелген 

малдарының  пагорнойы  жаңсақ  шығып  шырғатылып, 

жіпсіз  байланып  қапты.  Ел  қазағынан  ілгіш  іздеп 

үйренген  базар  басы  малдарын  матап  тастапты.  Олар 

Еламанды  көре  сап,  анадайдан  «айналайындап»,  етегі 

далақтап жүгіріп келді. «Мұндағы бастықтардың ішінде 

тамыр-танысың  бар  ма?»  –  деп  жатты  да  жабысты. 

Еламан ешкімді білмеймін деп ат-тонын ала қашса да, 

аналар болмай, екеуі екі жақтан шаужайлап жатыр.

– Слейбановты білетін көрінесің ғой?




630

– Ептеп...

– Е, сол болады. Осы арадан ептеп-септеп құтылып 

кетсек жетіп жатыр. Сонан артық таныстықты қайтеміз. 

Қыз айттырып, кұда түсер дейсің бе ол орыспен.

– Жарайды, сөйлесіп көрейін.

– Е, бәрекелді, өркенің өссін, шырағым.

– Көсегең көгерсін.

– Апырай, жауда да бір көзің болсын деген рас.

Сыртын  былғарымен  тыстаған  биік  қара  есіктің 

арғы  жағынан  біреудің  саңқылдаған  даусы  естіліп 

жатты.  Еламан  ұзақ  айналып  қалам  ба  деп  тұрғанда, 

күтпеген  жерден  жиналыс  аяқталып,  кісілер  жапыр-

жұпыр түрегеп жатты. Іле-шала есік ашылды.

– О, кого я вижу!

Еламан өзіне қолын созып келе жатқан жас жігітті 

көрді.  Бұл  да  қуанып  кетіп,  оны  құшақтай  алды. 

Екеуі  құшақтарын  жазбастан  мәз  боп  күліп,  қайтадан 

кабинетке кірді.

Еламан  табалдырықтан  аттай  бере  сала  тұрып 

қалды.  Кең  кабинеттің  қақ  төрінде  қызыл  масаты 

жапқан жалпақ стол. Сырлаған орындықтар. Көз тартар 

жалтырағы көп телефон.

– Осы қаладағы мықты бастық өзіңсің бе, қалай?

– Түбі осы орынға сен отырасың. Ал жай жүрсің бе?

– Мен... – деп, Еламан шаруасын айтуға ыңғайлана 

бастағанда, қызу жігіт оны киіп кетіп:

– Сені кеше бір жерден көрдім ғой. Тоқта, қайда?.. 

– деді.

– Сен жақсы сөйледің.

– Иә, иә, есіме түсті, жиналыс біткен бойда, іле-шала 

іздедім. Бірақ атың аузыма түспеді. Ұмытып қалыппын. 

Сен ренжіме.



631

Еламан  шаруасын  айтқалы  оқтала  бергенде 

Селиванов сөзін бөліп:

– Айтқандай, осы сенің командирің қайда? – деді.

– Қалада.

– Қазір қайда?

– Кім білсін, станса жақта жүрмесе...

–  Маған  керек  еді.  Сен  осы  маған  бір  шаруамен 

келдің ғой? Ал, кәне, айт!

– Осында бір таныс әйел бар еді...

– Так, так...

– Тұрмысы нашар. Мүмкін болса, соған...

– Жәрдем сұрай ма?

– Жоқ, бір жерге...

–  Кешір  –  деп,  Селиванов  сырт  жағында  шар  ете 

қалған  телефонға  қол  созды.  Әлдекіммен  шапылдап 

алым-берім  сөйлесті  де,  трубканы  іле  салды,  –  черт 

знает что. Сен осы қай жерден едің?

– Аралданмын.

–  Онда  сенің  жерлестерің.  Понимаешь,  базарға 

жылқы айдап әкелген. Қағаздары дұрыс емес.

–  Ауылда  қолы  хат  танитын  кісі  жоқ.  Қателесіп 

кеткен шығар.

– Ұрлық мал болуы мүмкін.

– Жо-жоқ, ұрлық емес. Нақақ күйдірме сорлыларды.

– Сен қайдан білесің?

–  Олар  жаңа  маған  есік  алдында  кездесті.  Қалаға 

бара  жатқасын  ауылдастарының  кездеме,  шай,  шекер 

ала кел деп қосқан бір-жар малы.

– Әй, қайдам...

– Рас. Рас айтам. Қайтарып бергіз!

– Жоқ, бұл менің қолымнан келмейді.

– Түсінсем не дейсің...



632

–  Шын  айтам.  Мен  келіскенмен,  Мюльгаузен 

көнбейді. Оның мінезін білесің қой.

– Жылқылардың оған керегі қанша?

– Как же! Отрядқа ат керек. Бәрін бірдей сатып алуға 

қаржы жоқ.

– Сонда тартып ала ма?

– Айта көрме. Тартып алуға ешкімнің де хақы жоқ.

– Ал мынасы не?

– Бұл заңсыз мал. заңсыз, понимаешь.

Бұлардың үстіне Совдепте істейтін біреу кірді. Кең 

кабинеттің төріне жеткенше именшектеп қысылып келді 

де,  қолтығына  қысқан  папканы  Селивановтың  алдына 

ақырын  қойды.  Селиванов  қағаздарға  көз  жүгіртіп 

жатпастан  сойдақтатып  қол  қоя  салды  да,  алып  кет 

дегендей ишара етті. Сосын Еламанға бұрылды:

– Ал құлағым сенде. Шаруаңды айт!

– Әлгі әйелді бір жерге жұмысқа...

Селиванов шарылдап жатқан телефонға қайырылмай, 

шапшаңдап сыртқа шықты.

– Біздің саясатымызды түсінесің ғой, – деді ол. – Біз 

көшпелі халықты отырықшы ел етіп, қала мәдениетіне 

тартпақпыз.  Ол  үшін,  понимаешь,  жергілікті  халықты 

жұмысқа  тарту  керек.  Ал  қазақ  әйелдерін  құшақ  жая 

қарсы аламыз.

– Ендеше, мына келіншекті...

– Ол қайда?

– Үйінде.

–  Маған  әкел.  Тек  тез.  Сендерді  темір  жол 

асханасында тосам.

Еламан  келгенде  Ақбала  терезе  алдындағы  сары 

шуаққа  бетін  беріп,  өзінің  баяғы  қыз  кезіндегі  ескі 

көйлегін  жамап  отыр  екен.  Есіктен  асығыс  кірген 

Еламанды көрген бойда, бұ да орнынан түрегелді.




633

–  Жұмыс  істегенің  жақсы.  Ешкімге  тәуелді 

болмайсың, – деді Еламан сыртқа шыққасын.

– Білем ғой, – деді Ақбала.

– Рас, алғашқыда қиын болады. Бірақ төзу керек.

Ақбаланың  жүдеу  жүзіне  жабырқау  күлкі  білінді. 

Осы түрі, бейне: «төзбей жүрмін бе?» – деп, көңіліндегі 

бір назды аңғартқандай еді.

– Біраздасын үйренесің, – деді Еламан.

Ақбала тағы да езу тартты:

–  Талайға  үйрендік  қой.  Біз  осы...  кімге  келе 

жатырмыз?

– Тезірек жүрейік. Күтіп қалған болар.

Ақбала желге қарсы омыраулап басып келе жатқан 

мына ала көз ірі жігітке ілесе алмай, үнемі қол созымдай 

кейін келеді.

– Әне, бізді күтіп тұр екен.

Ақбала  Еламан  иегін  көтерген  жаққа  қарап  еді. 

Алдарынан  өтіп  бара  жатқан  түйелі  арбаның  арғы 

жағынан  ұзын  бойлы  орыс  жігітті  көрді.  Ол  ақ 

халатты  жуан  сары  әйелге  бірдеңе  деп,  жан-жағына 

шыдамсыздана  көз  caп  тұр  екен.  Арбалы  түйенің 

тасасынан шыға келген бұларды көргенде қуанып кетті.

– Еһе-е! Ал, таныстырмайсың ба? – деді Селиванов, 

Еламанның  тасасына  тығылып  тұрған  жап-жас  сұлу 

келіншекті көргенде көзі ұшқындап.

– Қайтесің. Тиме, – деді Еламан.

Селиванов  ақ  халатты  әйелге  сыбырлап  еді,  ол  су-

су қолын алдына байлаған халаттың етегіне сүртті де, 

Ақбаланың  қасына  кеп:  «Танысайық»  –  деп,  қолын 

ұсынып еді, Ақбала «мен не істейін?» дегендей көзінің 

астымен Еламанға қарады. Еламан «қолыңды бер» деп 

ымдады. Бұлай танысу өздерінде үрдіс болмағандықтан, 

Ақбала әлі де болса көзін төмен салып қысылып тұрып, 




634

орыс әйелінін қолын болар-болмас қысты да, тез тартып 

алды.

– Атыңды айт, – деді Еламан.



– Ақбала.

– Менің атым Марфа. Марфа апай деуіңе болады.

Ақбала жұмған аузын ашпады.

–  Мен  тамақ  асам.  Сен  маған  жәрдем  бересің.  Су 

тасисың, ағаш жарасың, – деді Марфа.

Ақбала бір жанға назар салмай үн-түнсіз тұр. Еламан 

түсінбегенін  байқап,  Марфаның  сөзін  қазақшалап  еді; 

Ақбала  бұ  жолы  да  үндемеді.  Тек  төмен  салған  көзін 

жерден  көтерместен  ақырын  қозғалып,  анадай  жерде 

үйіліп  жатқан  ағаштардың  жанында  жатқан  балтаға 

қолын созды.

* * *

Дьяков соңғы вагонға мінген-ді. Бұнда Озно биннің 

взводы орналасқан екен. Бірақ олар өздерінің арасында 

комиссардың  барын  байқамаған  сияқты.  Оның  бар-

жоғын әзірге ешкім байқай қойған жоқ-ты.

Дьяковке  де  өзінің  осы  күнгі  елеусіз  халі  ұнайтын 

сияқты.  Есік  алдына  жақын  отырған  жауынгерлердің 

қасына  жайғасты.  Біразға  дейін  ентігін  баса  алмай, 

дымқыл алақанымен маңдайын сүртіп қояды. Пойыз бір 

жерге  тоқтамады.  Анда-санда  бір  кездесетін  разъезд, 

станса  болмаса,  осынау  көл-көсір  йен  даланың  қалған 

жағындағы  тірлік  қадау-қадау.  Кейде  көз  ұшынан 

тырнадай тізіліп көш өтеді. Бір рет темір жол бойында 

жападан-жалғыз  отырған  үй  кездесті.  Итарқа  ғып 

тіккен  қоңыр  үзікті  үйдің  шаңырағынан  ақшыл  түтін 

шығады.  Үй  маңында  ботасын  ерткен  жабулы  түйе 

тұсынан дүрсілдетіп өтіп бара жатқан пойызға мойнын 



635

бұрып, құдды мына бұйығы даланың бұ да бір бойкүйез 

енжарлығының анық айғағындай, кәукиіп қала берді.

– Өмір осылардікі, – деді қырма сақал жауынгер.

– Өй, мыналар кім? – деді тағы біреу.

– Ақтар! Ақтар ғой.

Оннан астам атты казак алыстағы сары белге шауып 

шықты.  Ок  жететін  жерге  жақындамай,  қапталдасып 

еріп  отырды  да,  бұлар  зеңбіректен  бірер  атқылағасын 

кейіндеп  қала  берді.  Жауынгерлер  олардың  түп-

тұқиянын қалдырмай боқтап, өзді-өзінің орнына барып 

отырды.


– Бұлар барлаушылар.

–  Түрі  соларға  келеді.  Сонда,  қалай...  негізгі  мол 

күш...

Құдай білсін, қалайда сақ болу керек.



– Иә, бұл иттер қапылыста соғады.

– Комиссар, мынаны енді орнына салып қойыңыз!

Дьяков қолындағы наганды жаңа байқады. Жаңағы 

қарбаласта  қолына  ұстағаны  болмаса,  бір  оқ  атпағаны 

есіне  түсті.  Соған  қысылды  ма,  наганды  жалма-жан 

кабурға тыға салды. «Мені біледі екен ғой», – деді ішінен. 

Осы күнгі халі өзіне оңай тиіп жүрген жоқ. Бұнда келген 

үш-төрт  күннің  ішінде  ештеңеге  араласпай,  өзімен-өзі 

елеусіз  жүріп,  бұндағы  біраз  жағдайға  қанығып  алды. 

Баста бұл жақта алып-жұлып бара жатқан ештеңе жоқ 

сияқтанып  еді.  Орыс,  татар  көпестері  дәуірлеп  тұрған 

кішкентай  Шалқар  біреу  біліп,  біреу  білмейтін,  бас-

аяғы бір-ақ уыс қала сияқтанған. Сүйтсе, ұлы жолдың 

үстінде  жатқан  кішкентай  қалаға  осы  қазір  дос  пен 

дұшпан бірдей көз тігіп отыр екен. Бір жағында Мәскеу, 

Орынбор,  Самар  қалалары  жатса,  екінші  жағында 

Арал,  Ақмешіт,  Әулиеата,  Ташкент,  Түркістан.  Екі 

жаққа бірдей қол созып, Азия мен Еуропаны бір-біріне 




636

жалғап  тұрған  темір  жол  бойындағы  станса.  Вагон 

оңдайтын  цех  бар.  Паровоз  оңдайтын  депо  бар.  Қала 

халқының жарыға жуығы жұмысшы. Қазіргідей аласат 

кезде  атаман  Дутовқа  әзірше  іргесін  алдырмай  тұрған 

айдаладағы қамал қаланың бірі екен.

Дутовтың  атты  әскерін  Дьяков  әлі  көрген  жоқ. 

Сырт  хабардан  естуі  –  соғыс  тәсілі  баяғы  татар-

моңғол  әскеріне  келеді.  Бұлар  да  салт  атты.  Бұларда 

да  қылыш,  найза.  Бұлар  да  ұшқыр,  жүйрік  атпен  кең 

далада  құйындай  жосып  жүріп,  ылғи  қапыңды  тауып, 

қапылыста  тұтқиылдан  тиіп,  қан-жоса  ғып  қырады 

да,  сен  қамданғанша  тайып  тұрады.  Бүгін  бір  қаланы 

шапса, ертең басқа жақта, басқа қаланы, не станса, не 

ауылды талап, қырып-жойып кетеді.

Колчактың  қазақ  жеріне  кірген  Түстік  Армиясы 

әлі  де  бас-аяғын  жинап  топтасып  бола  қойған  жоқ-

ты.  Атаман  Дутовтың  желқұйын  әскерін  қай  жерден 

тосарын  білмеді.  Аты  жүйрік  әскердің  ізіне  түсіп, 

өкшелеп  қуа  алмады.  Ел  іші  әбігерге  түскен  осы  бір 

алмағайып  заманда  бұл  өңірді  қотан  шетін  күзеткен 

сергек  сақшыдай  кірпік  қақпай  тұрған  жалғыз  күш  – 

Шалқар,  Ақтөбе,  Ташкент,  Ақмешіт,  Қазалы,  Жосалы 

теміржолшыларынан құралған қарулы жасақ еді.

Атты  казактар  қазір  қайта  бас  көтеріп,  екі  күннен 

бері  Соль-Елецкіде  қатты  ұрыс  боп  жатты.  Қаланы 

қорғаған қызылдарда күш аз. Тез арада қолма-қол көмек 

болмаса,  атты  казактар  қалаға  әне-міне  баса-көктеп 

кіретін қауіп төнгесін Хан-Дауровтың әмірімен көмекке 

Шалқар  отряды  келе  жатты.  Шалқардан  шыққалы  еш 

жерге тоқтамай қатты келе жатқан поез Ақтөбеден өтіп 

Мартөкке жақындап келе бергенде қызыл вагондар кенет 

бірін-бірі  сүзгілеп,  салдыр-күлдір  тоқтады.  Әскерлер 

жерге жапырлап түсе бастады.




637

–  Не  болды?  Неге  тоқтадық?  –  деді  Мюльгаузен 

қасынан өтіп бара жатқан теміржолшыға.

– Ақтар жолды бұзып кетті.

– Жөндеп жатыр ма?

– Иә.


– Қашан бітеді?

Теміржолшы  жауап  бермеді.  Әскери  эшелонның 

бас  жағында  абыр-сабыр  боп  жатқан  әлдебіреулерге 

айқайлап, ілгері қарай жүгіріп бара жатты. Мюльгаузен 

қасына кеп қатарласып тоқтаған Дьяковке көз қиығын 

да тастамады. Қара құмандай наган бір жақ мықынында 

салақтаған осы бір ауру екені, сау екені белгісіз мүсәпір 

кісінің  қасында  қатар  тұрғанын  ұнатпады  ма,  бұ  да 

жаңағы  теміржолшы  кеткен  жаққа  жүгіре  жөнелді. 

Кідірмей  қайтып  кеп  әскерін  көтеріп,  жолды  жөндеп 

жатқан  жұмысшыларға  көмекке  апарды.  Бұлар  білек 

сыбанып, жаңа кірісе бастағанда «ақтар!» деген айқай 

шықты. Мюльгаузен бұйрық берем дегенше қару-жарағы 

бойында  жүрген  солдаттар  жұмысты  тастай-тастай 

сала  рельсті  бетке  ұстап  жата-жата  қалды.  Сүйткенше 

атты  казактар  да  оқ  жететін  жерге  келіп  қалған  еді. 

Мюльгаузен  «дайындалыңдар»,  –  деп  ұзын  шептің  өн 

бойына айқай салды. Соны сезді ме, емініп келіп қалған 

жау  кенет  күтпеген  жерден  аттарының  сірісін  жапыра 

жалт  берді.  Әне-міне  дегенше  із-түзсіз  көзден  ғайып 

болды. Бірақ олардың қайтып оралып соғары кәміл еді. 

Еламан  шпал  тасыды.  Ақтардың  қарасы  батқан 

жаққа  көппен  бірге  бұ  да  мойын  созып  қарап  жүрді 

де, біраздасын есінен тарс шығып кетті. Жұмыс істесе 

көңілденіп  кететін  әдеті.  Жолды  жөндеп  жатқандар 

мен анадай жерде үйіліп жатқан шпалдың екі арасында 

табаны жерге тимей зырлап жүрген-ді. Кенет тұра қап, 

көзіне құйылған терді сүрте берді де, ойламаған жерден 




638

Ақбала  есіне  түсті.  Жұмысқа  орналасқан  алғашқы 

күннің  бірінде    асханаға  барса,  Ақбала  екі  шелекпен 

дедектеп  су  тасып  жүр  екен.  Бұны  көргенде  қуанып 

кетті.  Шелекті  жерге  қоя  сап  жалма-жан  басындағы 

орамалдың  шетімен  көзінің  алдындағы  терді  сүрте 

берген-ді. Аспазшы әйелдің етшең толық балтырының 

арасынан  құдды  бауырыны  жаңа  көтерген  күшіктей 

кіп-кішкентай кәнден ит шабалаңдап шәу-шәу үргенде 

Ақбала  ыршып  түсті.  «Мына  пәле  қайтеді,  әй?»  деп, 

Еламанға жабысып тығыла қалған-ды. 

Сол күні бұл өзін қандай бақытты сезіп еді! Әуелі 

Ақбала екеуі ішке су тасыды. Сосын бұл ағаш жарды. 

Ағаштарды қорыс қып жара келгенде, қарағай ма, әлде 

қабығы сыдырылған қайың ба, тұла бойы толған тастай 

сіңір безге балта батпады. Құлаштап сермесе де балта 

жүзі зікілдеп қолына теуіп, ақ тер, көк тер боп алқына 

бастады.  Ыза  болған  Еламан  балтаны  кіжініп,  қайта 

сілтеп  еді,  сіңірі  тартылды  ма,  қолынан  балта  түсіп 

отыра қалды. Ана жақтан құстай ұшып келген Ақбала 

балтаны ары қарай лақтырып жіберді.

– Осы ағаш жетеді, – деді ол.

– Мен енді не істеймін? – деді бұл.

–  Ештеңе  істемейсің.  Осылай  менің  қасымда 

отырасың.

Сол  күн  бұл  екеуін  бір-біріне  іштей  ұмтылдырып, 

бұрынғыдан  да  гөрі  жақындата  түскен-ді.  Оны  бұ  да 

білді,  о  да  білді.  Бірақ  бұның  ақыры  қайда  апарып 

соғарын, немен тынарын бұ да, о да ойлатан жоқ-ты.

– Ақтар!


Еламан  иығындағы  шпалды  жерге  атып  ұрды. 

Жүгіріп  барып  эшелон  тұрған  жолдың  таса  бетіне 

жата  қалды  да,  көзін  ілгері  жаққа  тастап  еді;  қарамы 

бағанағыдан  әлдеқайда  көп  қалың  қол  қаптап  келіп 




639

қалған  екен.  Еламан  белдігінде  жүретін  екі  гранатты 

босатып  алды.  Мылтығын  оқтады.  Сосын  көңіліне 

қобалжу енді ме, жүрегі лүпілдеп бара жатқасын баяу 

жел астында ырғалып тұрған бір түп жусанға қол созып, 

жалтыз талын жұлып алды.

Осы  кезде  Мюльгаузеннің  «дайындалыңдар!»  – 

деп  айқай  салған  даусы  шықты.  Сол  екі  арада  атты 

казактардың  алдыңғы  легі  бұлар  бекініп  жатқан  темір 

жолдың тура қарсы алдындағы сайға жетіп қалған-ды.

– Пулемет!.. – деді Мюльгаузен айқайлап.

– Әзірміз.

– зеңбірек!

– Біз де...

Ана  жақтан  қаһарын  тігіп  келген  қол  сайға  түскен 

бойда жер жұтқандай аттар да, адамдар да көзден ғайып 

боп, тек әуеде мың сан тұяқтың дүбірі қалды. Еламан 

көзін  гранатқа  тастады.  Сосын,  әне-міне  дегенше 

сайдың жарқабағынан шыға келетін жаудың қарауылға 

қай  бұрын  іліккенін  нысанаға  алуға  әзірленіп,  демін 

жұтып, тым-тырыс бола қалды.

Дүбір  әлгіден  де  гөрі  жақындай  түсті.  Дегбірі 

қашқан Еламан басын бір көтерді, бір бқкты. Бірақ оны 

өзі сезген жоқ. Тек айқасқа әзірленіп мылтығын көтере 

беріп еді, қарауылы шоршып тұр екен. Еламан шошып 

кетті.  Кенет  көзі  екі  саусақ  арасында  қыстырылған 

жалғыз тал жусанға түсті. Тастай салғысы кеп тұрды да, 

әлденеге мұрнына апарды. Ойқой, дала шөбінін, осы бір 

тыныс ашар иісі-ай! Бүйдеп ол бірақ кейін... көш кейін 

ойлаған-ды. Онда да, сатыр-сұтыр сотыс біткесін, сарт-

сұрт  солдат  өмірінің  әне  бір  азғантай  тыныштығында 

темір  жол  бойында  болған  осы  бір  жан  алып,  жан 

бергендей жаталасты ойлағанда ғана дала шөбінің сол 



640

бір көңіл ашар даһуайы иісін жаны сүйсіне еске алған 

болар-ау!

Ал  әлгі  темір  жол  бойында  болған  соғыста...  Иә, 

сол соғыста қалай десе де жалғыз тал жусан иісі әсер 

етті  ме,  Еламан  қайта  сығалағанда,  мылтық  қарауылы 

шоршымай  орнында  тұр  екен.  Сүйткенше,  иек  созым 

жердегі  сайдан  әуелі  найза  ұшы  қылтылдады.  Сосын 

қылыш  жарқылдап,  іле-шала  өңмеңдеп  ұмтылған 

атты  казактардың  өздері  шыға-шыға  келгенде  Еламан 

мұрнына апарған әлгі жалғыз тал жусанды әдеттегідей 

құшырланып иіскеуге шамасы келді ме, жоқ па, оны кейін 

қанша  ойласа  да  есіне  түсіре  алмады.  Есінде  қалғаны 

– жусанды лақтырып жіберді де, жалма-жан мылтыққа 

жабысып,  даусын  даусына  қоса  алмаса  да,  түтінін 

түтініне  қосып,  қатарынан  үсті-үстіне  екі  атқанын 

біледі. Дәл сол кезде темір жол бойына бекінген Шалқар 

жұмысшыларының  жасағы  бәрі  бірден  оқ  жаудырып, 

пулеметтер  тақылдап,  мылтықтар  тарсылдап,  зеңбірек 

күркіреп, аспан асты алағай да былағай болды да кетті. 

Сайдан  шыға-шыға  келген  көп  аттылының  ішінен 

Еламан көзіне алдымен іліккен жирен сары сақалдыны 

атып еді; ол қылыш ұстаған қолы сылқ етіп, аттан ұшып 

түсті.  Тас  бұршақтай  себелеп  жатқан  мың  сан  оқтың 

іпгінде бұл өзі атқан оқтың кімге тиіп, кімге тимей, құла 

далаға зулап лағып кетті ме, жоқ па, ол арасын білген 

жоқ...

Сонан  бір  кезде  ұзын  шептің  өн  бойынан  «жау 



қашты!»,  «жау  қаштылаған»  дауыс  шыққанда  ғана  бұ 

да, басқалар да есін жиып, айналаға көз салса, жаңа ғана 

бұлан-талан  ұрыс  болған  дала  аспанынан  дәрі  иісі  әлі 

де айыға қоймапты. Еламан «тым құрыса ауыз шаятын 

су болар ма еді» деп ойлады. Дьяковты қасына келгенде 

ғана көрді.




641

– Қалайсың? – деді Дьяков.

– Құдай сақтап, әйтеуір тірі қалдық.

–  Не  болса  ол  болсын,  әкесін  таныттық.  Қалай 

ойлайсың, қайтып соғар ма екен?

– Кім білсін...

– Менімше соқпайды, – деді Дьяков. Кеудесі сыр-сыр 

етеді. Ентігіп ауыр дем алып тұр. Соған қарамастан өзі 

көңілді.  Еламан  көз  қиығын  оған  көлденеңнен  бір-екі 

тастады. «Жаңа өзін қалай ұстады екен?» – деп ойлады. 

«Сірә, бұның қолы дірілдемеген болар», – деді ішінен. 

Орыс-түрік  соғысында  көргені  бар:  жайшылықта 

екі  иығын  жұлып  жеп,  айналасын  апырып-жапырып 

жүретін әне бір өкіректеген әпербақандардан гөрі қызыл 

қырғын  соғысқа  кіргенде  қайта  осындай  қой  аузынан 

шөп  алмайтын  жуас,  момын  кісілерге  арқа  пайда  боп, 

бір  түрлі  аруақтанып  кететін-ді.  Дьяков,  шынында  да, 

жаңағы шайқастың әсерінен әлі де болса арыла алмай, 

маңайдағы  мына  жұртты,  аспан  астындағы  мына 

айдай әлемді қазір, тап осы қазір ғана көріп тұрғандай 

таңырқап та, таңданып та қарады. Кенет әне бір ақ селеу 

ме,  әлде  мына  бір  боз  жусанның  түбінен  бе,  шегіртке 

шырылдап,  іле-шала  анадай  жердегі  іннен  сарышұнақ 

жылтыңдап, жаңа ғана қырғын соғыс болған далаға жан 

ене бастаған-ды.

– Ақтар!


* * *

Бұл Дьяковтың өз өмірінде қатысқан бірінші соғыс 

еді. Бұл бағана ұрыста өзімді ұстай алмай, масқара болам 

ба деп қорқып еді. Рас, алғашқыда көңілі қобалжыды. 

Ала-қиғаш  ұрыс  үстінде  Мюльгаузен  бұған  бірер  рет 

бұрылып қарады.




642

Қалай  десе  де  осы  жорықтан  бұл  көңілді  қайтты. 

Дала.  Көк  аспан.  Таза  ауа.  Бұрқыраған  ащы  жусан 

иісі әлі мұрнында тұр. Дертке шипа, дәрі, дауаһи шөп 

көрінеді. Осы жолы күн де айта қалғандай ыстық болған 

жоқ. Жаз бен күз айының аралығындағы сары шуақ. Көк 

те, жер де, күллі жан-жануар, айдай әлем маужырады да 

тұрды. Көңілге болмаса, осы жорықтан кейін бұл анау-

мынауды елемей, аяқ үсті жүре беретін болды.

Жорықтан келгесін де қол қусырып қарап отырмай, 

әскердің  жаттығу  ойынына  қатысты.  Онан  сәл  қолы 

босаса  жұрттың  басын  құрап,  елдің  ішкі-сыртқы 

жайын  әңгімеледі.  Бүгін  де  жұрт  алдына  шығып 

сөйлеп тұрғанда арт жақта отырған қарт солдаттың қор 

ете  қалмасы  бар  ма.  Жұрт  ду  күлді.  Карт  солдат  оған 

қысылған  жоқ,  қайта  жағы  жыртылғанша  есінеп  алды 

да, «түнде күзетке тұрып едім», – дей салды.

Отряд командирі бұны көзіне іліп жүрген жоқ. Соны 

байқағасын  бұ  да  оның  көзіне  түсе  бергісі  келмей, 

сырғаяқтап  кете  беретін.  Тек  жорықтан  келгесін  көп 

ұзамай бұл екеуі бір рет бетпе-бет кездесті.

–  Жігіттер  шаршаған  секілді.  Үсті-бастары  да 

кірлепті. Егер қарсы болмасаң...

Үй  іші  жым-жырт.  Бұрын  дәл  осындай  тыныштық 

орнаса ауызғы бөлмеден қабырғаға ілген ескі сағаттың 

тықылы естілетін. Таяуда о да тоқтап қалған-ды.

Мюльгаузен  дәл  қасынан  комиссардың  құдды 

өрге  қарап  жүгірген  кісідей  сыр-сыр  еткен  көкірегін 

есітті.  «Мына  бейшараның  сау  күні  жоқ  екен  ғой»,  – 

деп  ойлады.  Бір  есептен  басы  мен  аяғына  қара  сүрік 

киіп  сықырлаған  әлгі  біреулерден  гөрі,  қайта  осыны 

жібергені дұрыс болды. «Бұған жылы жер, жайлы төсек 

болса  жетіп  жатыр.  Ұмытпай  тұрғанда  бұған  жағдай 

жаса  деп  старшинаға  тапсырып  қояйыншы»,  –  деп 




643

ойлады Мюльгаузен. Дьяковтың жаңағы әңгімеге орай 

өзінен жауап тосып отырғанын байқап:

– Қарсы емеспін, – дей салды.

– Жарайды. Тек артынан ақылдасып істемедің деп...

– Жоқ. Дегенің білсін.

Дьяков  ендігі  жерде  тіл  табысып  кетерміз  деп 

дәмеленіп  еді;  бірақ  ол  ойлағаны  болмады.  Отрядқа 

тірелген  бар  шаруаға  бұны  араластырмай,  бұрынғы 

әдетпен  бір  өзі  шешіп  жүр.  Соны  байқаған  жұрт  та 

бұның  алдына  келе  бермейді.  Бұның  комиссарлығын 

сыйлағаннан  гөрі  аурулығын  аяйтын  сияқты. 

Мюльгаузенге  салсаң:  халық  өз  алдына,  қарулы  күш 

өз  алдына.  Ел  ұлтаны  қазақ...  Мал  баққан  момын 

халық болса да, арғы заманда бұларда да өз елін, жерін 

қорғаған батырлар аз болмапты. Тек осы өңірде Көтібар 

батыр,  Арыстан  батыр,  Есет  батыр  бопты.  Еламанның 

да жетінші атасы Тойғожа батыр көп соғыстың бірінде 

балтырын  садақ  оғы  көктеп  өтсе  де,  «жау  марқайып 

кетеді» деп, жаралы аяғын қанжығаға қайырып байлап 

тастап,  алысып-жұлысып  жүргенде  ақыр  аяғында 

ұшына тиіп, жаралы аяқ күп боп ісіп, өлуге қарағанда, 

сынықшыға кескізіп тастапты. Сонан ел арасына «ақсақ 

бөрі»  атанып  кетіпті.  Ендеше,  бұл  ел  қазір  құрық, 

қауға  ұстап  мал  соңында  кетсе  де,  баяғыда  бұлардың 

да  іргесінен  жау  арылмай,  ер-азаматы  ерлік  пен  ірілік 

сыналатын жерде намысты қолдан бермепті.

Дьяков  осы  ойын  отряд  командиріне  құлаққағыс 

қып еді, Мюльгаузен мырс етіп:

– Тағы не айтасың? – деді.

– Мен болдым. Мүмкін, өзің бірдеңе дерсің?

– Солай де...

– Иә, осыны ойлассақ...



644

– Сонда... Сенің ойыңша бір ауыз орысша білмейтін 

киргиз...

– Қазақ.


Мюльгаузен мүдіріп қалды. Сонысы жынына тиді.

– Киргиз! Тағы киргиздар.

– Шарадан шығып кеттің ғой.

– Сен шарадан шықпай тұрсың ба? Бір ауыз орысша 

білмейтін... қара надан кісілермен ұрыс үстінде ымдасып 

жүрмекпіз ғой? Солай ғой, ә?

– Ұғысу оңай. Тіл үйрену тіпті қиын емес.

– Брось! Олар тіл үйренгенше...

–  Олар  да  үйренсін.  Олардың  тілін  өзіміз  де 

үйренейік.

– Мен үйренбеймін. Үйренгім де келмейді. К черту! 

Ал олар орыс тілін үйренгенше соғыс та бітеді.

– Халық соғыс біткесін де керек.

Мюльгаузен  тағы  да  мүдіріп  қалды.  Аузына  сөз 

түспей, ызаға булығып, қып-қызыл боп кетті.

– Халық... Халық! К черту!

Дьяков  үндемеді.  Мюльгаузен  әлі  де  біраз 

бұрқылдады. Байқап отыр, ашудан гөрі байбалам басым.

– Комиссарсың ғой. Бұл сенің шаруаң.

–  Ендеше  Еламанды  аулына  жіберем.  Жерлестерін 

жинап әкеледі.

– Мейлің білсін.

Дьяков жылдам басып сыртқа шықты. Мюльгаузен үй 

ортасында үнсіз тұрып қалды. Оңаша қалғасын өзінен-

өзі мырс етті. Бұны отряд өміріне араластырмаспын деп 

ойлап еді; осы арада жаңағы ілмиген әп-әлжуаз кісінің 

қапелімде тізгінді қолына қалай алып кеткеніне таң. Бір 

жұбанышы: ертең оның мына ісінен ештеңе шықпасына 

кәміл сенеді. «Сен көксаумен сонда сөйлесермін» – деп 

ойлап, зәрі мен зілін соңырағы күнге сақтап тұр.




645

* * *

Ақбала бүгін үйге күндегіден кеш қайтып еді. Осы 

бүгін күндегісінен ала-бөле қатты шаршады. Арбакеш 

орыс бүгін тағы да мас боп, ыңыршағы айналған арық 

атқа жеккен ескі арбасы қисалақтап түс ауа әзер жетті. 

Онда  да  асхана  алдындағы  жалғыз  терекке  тұмсығын 

тірей тоқтаған жаман тұғырдың жанына сылқ етіп отыра 

кетіп: «Хал жаман, маржа. Ой, ой!..» – деп, қос шекесі 

солқылдап  әкетіп  бара  жатқан  басын  шайқап-шайқап 

қойды.


Онан  қайыр  жоғын  көрген  Ақбала  шыт  көйлектің 

шалғайын  жоғары  көтеріп  ышқырына  қыстыра  салды 

да,  аяғы  жерге  тимей  зырлап  жүріп  бір  бөшке  суды 

асханаға  жалғыз  өзі  тасыды.  Сол  күні  ол  үйге  әзер 

жеткен еді. Бұрын бұндайы жоқ еді, қатты шаршағандікі 

ме, кішкене жүргесін жіліншігі жеміріліп бара жатты да, 

капуста  сорпа  құйған  топатай  шелекті  жанына  қойып 

отыра кетті. Осы жұмысқа үйрене алмай-ақ қойды. Аяқ-

табағы  араласып  отырған  абысын-ажын  болса  бірсәрі. 

Тым құрыса тілін түсінсе екен-ау! Ең арысы, ананы әкел, 

мынаны істе дегенде де сөзбен түсіндіре алмай ымдап 

жатқаны. Бұл соның өзін бірде түсінсе, бірде түсінбей, 

әр әйелге бір қарап, көзі жаутаңдап тұрғаны. Жұмысты 

тастайын  десе,  Еламанды  ренжітіп  алатындай  көреді. 

Сүйтіп жүріп, әйтеуір аяқ жолын танитын бір-жар сөз 

үйренді.


Осыларды  орыс  деп  бекер  бөлектейді.  Тілі,  діні 

басқа  болса  да  жынысы  бір  болғасын  әйел  қасіретін 

әйел  түсінбеуші  ме  еді.  Көкіректі  қарс  айырып  бара 

жатқан қасіретті түсінгесін қай ұлт болды не, жүректі 

сыздатқан  мұң  мен  зарды  тілсіз-ақ  ұғатын  көрінеді 



646

ғой.  Аспазшы  әйел  атын  қанша  айтса  да  тілі  келмеді. 

Сосын былшиған сап-сары бетіне қарап, ауылдағы көп 

қатынның біріндей оны да ішінен «Сары апа» деп атап 

кетті.  Осы  бір  қобыраған-собыраған  мейірімді  жан 

бұған қазір Райдың әжесі мен Әлизадан бір де кем емес. 

Бұл өзінің басындағы қиындықты тілінің ұшына алмаса 

да, Сары aпa заты әйел ғой, бір жолын тауып, бұның бар 

жағдайын біліп апты. Сонан бері күнде жұмыс аяғында 

жетім  балаларға  қалған-құтқан  тамақты  топатай 

шелекке құяды да, Ақбаланың қолына ұстатады. Бұны 

басқа әйелдер де аяйды. Бұны Еламан да аяйды. Отынын 

жарысады.  Суын  тасысады.  Оның  келгенін,  тіпті  жиі 

келгенін ар жағы тілеп тұрса да, басқа басқа, бірақ тап 

Еламанның аяғаны жанына қатты батады, қорланады.

Кеше де... Иә, кеше түсте әскери эшелон келді. Тұла 

бойындағы  темірлер  күлдір-салдыр  тоқтаған  қызыл 

вагондардан  опыр-топыр  түскен  солдаттар  лап  беріп 

ресторанға  жүгірді.  Қашан  келсең  де  қышқыл  қапуста 

иісі  аңқып  тұратын  темір  жол  рестораны  әп-сәтте 

сатырлаған  солдаттарға  толып,  абыр-сабыр  болды  да 

кетті.  Бірі  ас  сұрап,  бірі  су  сұрап,  тұс-тұстан  шулап 

жатты.  Ақбала  сырттағы  суды  ішке  тасып  сүрініп-

қабынып  жатқан  үстіне  Еламан  келді.  Жем  бойынан 

жорықтан келген беті екен. Қай жақтан қашан оралса да 

ешқайда мойын бұрмастан салып ұрып бірден Ақбалаға 

келетін  әдеті-тұғын.  Ақбала  да  оны  асыға  күтетін-ді. 

Ала-бөле  бұған  сол  күні  бірдеңе  көрінді.  Екі  шелек 

суды үстіне төгіп-шашып әзер көтеріп жүріп те сол күні 

Еламан басынан бір сәт шықпай қойғаны. Оның әне-міне 

келіп  қалатынын  өзінен  бұрын  жүрегі  сезетін  сияқты. 

Иә,  жүрегі...  жүрегі  құрғыр  сезген  еді.  Сүйткенше,  ту 

сыртынан  бағып  тұрған  бір  ыстық  жанарды  сезгені 

сонша,  жерден  енді  ғана  көтере  берген  екі  шелек 




647

қолында,  қалшиып  тұрып  қалды.  Жүрегі  аблығып 

алқымға  тығылды.  Қас  қағым  қыбыр  етпей  тұрды  да, 

кенет оқыс бұрылып, жалт қараса... Шынында да сол!.. 

Соның  дәл  өзі!..  Дап-дардай  басымен  жасырынбақ 

ойнаған  жас  балаша  бір  теректің  тасасынан  бұған 

мойнын созып қарап тұр екен. Ақбала бұрылғанда о да 

тасадан күлімдеп шыға келді. Әр кездегідей бұл жолы 

да үн-түнсіз кеп Ақбаланың қолынан шелегін алды.

– Екеулеп тасиық, – деді Еламан.

– Жоқ-қ, өзім... Сен дем ал, жолдан шаршап қайтқан 

шығарсың.

Ақбала  тағы  бірдеңе  дегісі  келгендей  оқтала  түсті 

де,  тоқтап  қалды.  Еламанның  жолынан  ығысып  кейін 

шегініп  тұрды.  Жаңа  дедектеп  су  тасып  жүргенде 

қобырап  кеткен  шашын  жалма-жан  жаулық  астына 

жинап, басына қайта тартты. Баяғыда бұлар үйленгенде 

де  осы  жігіт  қаңтардың  не  бір  қақаған  суығында 

балықтан  үсті-басы  сықырлап  келетұғын.  Сонда  да 

дәл осы қазіргідей үн-түнсіз Ақбаланың қолынан істеп 

жатқан  шаруасын  алатұғын.  Сыртта  жатқан  отынды 

ішке кіргізетін. Суды әкелетін. Отты жағатын. Ыбырсып 

жатқан  от  басын  қағып-сілкіп,  әп-сәтте  үй  ішін  тап-

тұйнақтай ғып жиятын. Ақбала соның бәрінде де өзінің 

осы үйге келіншек боп түскеннен бергі неге де енжар, 

сұлық  қалпын  бұзбай,  күйеуіне  көлденеңнен  таңдана 

қарап  көз  caп  тұратын  да,  еркек  кісінің  от  басының 

шаруасына  кіріскенін  не  жақсылыққа,  не  жамандыққа 

жорырын  білмейтін.  Соның  жөнін  қанша  ойласа  да, 

бірақ тап осыны қай орынға қоярын білмейтін де, иығын 

қысып, бұрылып жүре беретін. Енді қазір... басындағы 

жаулықтың  бір  ұшымен  көзінің  алдында  сынаптың 

сіркесіндей  шүпірлеген  терді  сүртіп,  екі  шелек  суды 

қаңбақ құрлы көрмей зырлап жүрген жігітке күлімсірей 




648

қарап  тұр.  Ал  Еламан  әлденеге  сұқтана  қалған  әйел 

көзінен  қысылды  ма,  жүзі  тайсақтап,  бетін  ары  бұра 

берді.


Ақбала  күлді.  «Адам  өзгермейді  екен  ғой»,  –  деді 

Ақбала ішінен. Әлі сол баяғысы. Шынында, бұл сонан 

бері басынан не кешпеді: шынжыр кісенді шылдырлатып 

Сібірге  де  айдалды.  Онан  қырғын  соғыста  қан  кешіп 

қайтты.  Қазір  де  шыбын  жанын  шүберекке  түйіп  от 

ішінде  жүр.  Сонан  келе...  әлі  сол  баяғысы.  Сол  баяғы 

ұяң  мінез,  сол  баяғы  сәл  нәрсеге  қоң  етінде  мейірім 

жоқ: көре қал, суды қазір-ақ тасып бітеді. Бәлкім, екеуі 

бірге  қайтатын  шығар.  Сонда  қайда  барады?  Мүмкін, 

көл жағасына барар! Егер ол... көлді қаламаса... Мейлі. 

Дегені  білсін.  Бір  бүгін  емес,  ендігі  жерге,  бұнан 

былайғы  бар  кез,  бар  уақыттың  бәрінде  де  соның,  тек 

соның дегені болсын. Еркектің алдына шыққан бір әйел 

мұратына жетсе, басқаны қайдам, бұның төрт құбыласы 

түгел болар еді ғой. Ендігі жерге, ендігі қалған өмірге 

ол  қайда  барам  десе  де  жөн  сұрамастан  бас  билігін 

соның ықтияр еркіне беріп қойып, ал бұл өзі осы мына 

ала көз қара жігіттің жанында қара жерді қатар басып 

бара жатқанына да пейіл болар еді-ау!

Ақбала қасына кеп терін сүртіп тұрған Еламанды кеш 

байқады.  Онда  да  Еламанның  тіл  қатқалы  оқталғанын 

көріп, ол қазір: «жүр, кетейік!» дейтіндей үміттене жалт 

қарап еді, ол бірақ тайсақтап көзін алып қашты.

– Мен... мен енді...

Ақбала қате есіткен жоқпын ба деп қалды.

– Сары апаң су жетеді деді. Мен... Мен енді...

– Рақмет!

–  Кетейін.

– Кете бер!

Осы сөз аузынан қалай шығып кеткенін Ақбала өзі де 




649

аңдамай қалды. Еламан бұрылып жүре берді. Екі иығының 

басы  салбырап,  еңкіш  денесі  бұрынғыдан  да  гөрі  иіле 

түскен. Артына қайрылмады.

– Жігітің бе?

Ақбала Сары ападан бетін қашыртып бұрылып кетті.

– Жақсы жігіт. Ренжітпе! Бар, қуып жет!

Ақбала басын шайқады.

–  Бекер істейсің. Бұндай жігіт табылмайды.

Онсыз да өзін әрең ұстап тұрған Ақбала Сара апаның 

көпшіктей  кеудесіне  бетін  басып  өкіріп  жылап  жіберді. 

Сары  апа  осыдан  қашан  көз  жасын  тауысып,  солығын 

басқанша жұбатпады. Әйел сыры белгілі: қашанда көкірегі 

шерге  толып  жүретін  сорлылардың,  бір  есептен  осылай 

іштегі шерді сыртқа шығарып жеңілдеп алғаны дұрыс.

* * *

Сол күні Ақбала үйге әзер жетті. Өзіне үрпиісе қараған 

балаларға  назарын  аударған  жоқ.  Төр  алдында  жаюлы 

жатқан алашаға  сүлдері құрып отыра кетті. Сонан қанша 

отырғаны  кәперіне  кіріп  шықпай,  қос  тізесін  құшақтап 

қыбыр  етпей  отырғанда  ,  сырттан  әлде  біреудің  ақырын 

басқан аяғының дыбысын есітті. Оған да селт етпей, тек 

ішінен «Әнуар шығар» деп отыра берген-ді. Жоқ, мынау 

үйге жақындап келді де, әлде неге батылы жетпеді ме, не 

ары, не бері баспай, сап боп тына қалды. Өзін іздеп келетін 

айдай  әлемде  тірі  жан  жоғын  білетін  Ақбала  бұған  да 

селт етпей, тек ішінен мырс етіп күлді де қойды. Бұларға 

жапсарлас салған бір бөлмелі үйде жалғызбасты келіншек 

тұратын. Кеш түссе болды, жеңіл жүрісті келіншекке осы 

қаладағы  астымен  алысып  жүретін  жастар  бірінен  кейін 

бірі келіп бел суытып жүретін. Аяғын ұрлана басқанына 

қарағанда,  мынау  сондай  біреу.  Әне,  баса-көктеп  кіріп 



650

бармай,  әуелі  есіктің  жапсарына    жабысып  тұрып  ішке 

құлағын  төседі,  іште  келіншектің  өзінен  басқа  ешкімнің 

жоғына  көзі  жетті,  көре  қал,  енді  қараңғыда  қызыл  шоқ 

жылтыраған темекі тұқылын құныға бір-екі сорды да, аяқ 

астына  тастай  салды.  Сосын  сықырсыз  ашылған  есікке 

сып беріп кіріп, ішінен іліп ала қойды.

«Осынікі  дұрыс»  деді  Ақбала.  Басына  бұрын-соңды 

келмеген қайдағы бір қияңқы ойға таңқалған да, таңданған 

да  жоқ.  Басқасы  басқа,  бұл  бейбаққа    Алла  атымен  ақ 

некесін  қиып,  кешегі  өзі  бас  қосқан  екі  еркектің  –  не 

тағдыр, не Тәңір қосқан бірі болмаса бірі бұйырмағанын 

қайтерсін.  Тіріде  көрер  қызықты  бұл  жазған  көктен 

қиялдап, аспандағы жұлдызға қол созып жүргенде жердегі 

сыбағадан құр қалды. Тым құрыса, төмен етекті көп қатын 

ғұрлы  күн  кешіп,  еркек  құшып,  нәпсі  қызығын  көре 

алмағасын,  шынында  да  мына  адыра  қалғырды  сол  ана 

көрші үйдегі жезөкше қатындай әлде бір шайтансыраған 

еркектің зәруіне жаратпай, сары майдай сақтап қайтеді.

Ақбала тағы да мырс етті. Ол, бірақ, қан-сөлсіз құп-қу 

бетінде зәредей ащы мысқыл ойнап шыға келгенде, өзінің 

сол  ана  ашулы  шақар  әкеге  қатты  ұқсайтынын  сезген, 

байқаған да жоқ-ты.

***

Бөбек  жар  басындағы  балықшылар  ауылына  кеп 

жатқалы бір жеті. Ауыл арасы қашық болмаса да, күйеуге 

шыққалы бұл жаққа сирек қатынайтын. Осы жолғы келісі 

тым оқшау. Жарымжан апасының басындағы қиындықты 

есіткесін  шыдап  отыра  алмады.  Ет  жегісі  келгенде  айт 

жоқ-шайт  жоқ  атқа  мініп,  ел  аралап  қыдырып  кететін 

күйеуінің  үйде  жоғын  пайдаланып,  емізіктегі  кішкентай 

баласын алып жүріп кеткен-ді.



651

Бір қол, бір аяғынан айрылған апасы от басында шөгіп 

отырып қалған екен. Бөбек келгелі күтімі жөнделді. Кір-

қоңы жуылды. Баяғы ер-азамат бардағыдай ошағында от 

жанды,  қара  қазан,  қара  шәйнек  асып-түсірілді.  Елмен 

бірге ас-су ішіп, ерте жатып, кеш тұратын болғалы жетім 

кемпірдің жүдеу өңіне қан жүгіріп келе жатыр еді. Бір күні 

жұрт шырт ұйқыда жатқанда сотқар қайнағасы ауыл-елді 

шулатып шауып келді де, дүрс етіп аттан түсті. Іле-шала 

жолда  тұрған  құманды  құлатып,  шылапшын,  шелекті 

даңғыратып кіріп келе жатты.

–  Атаңның көрі... бұл үйдің кісілері қайда, көрдей ғой 

түге!

Бөбек  шам  жақты.  Жұрттың  зәресін  ұшыра  келген 



күйектей қара сақалды кісіге назар салмай сыртын беріп 

отырды да, шошып оянған баланы бауырына қысып алды.

– Тұр, жинал!

– Қайнаға, бұл да біреудің түтін түтетіп отырған үйі. 

Сәлем жоқ, сауқат жоқ, кірмей жатып өкіреңдеп...

– Әй, атаңның көрі... не дейді мына мұндар, а? – деді 

қара  кісі  сасқалақтап.  Бұл  өңірде  шүйкедей  әйел  түгіл, 

дыңдай ерекектер де бұның қаһарына қарсы келе бермеуші 

еді,  –  қап,  мына  сайқалдың  зәбірін-ай!  Кәне!..  бол,  жүр, 

алдыма түс! Осыдан сені байыңа апарып, ауыл айналдыра 

сабатпасам ба, бәлем.

–  Оның  бәрі  көріп  жүрген  қоқайым.  Кемтар  апамды 

тастап кете алмаймын.

– Ә-ә, со-лай ма?

– Солай.

–  Ой,  атаңның  көрі,  ендеше,  сенің  сазайыңды  өзім 

берейін – деп, күйіп-піскен қара кісі міз бақпай отырған 

келіншектің қос бұрымын қолына орап-орап алды.

–  Құдайдан  қорықсаңшы!  –  деп,  сүйретіліп  кеп 

шалғайына оратыла берген Әлизаны бір тепті. Енді жоғары 




652

көтеріп алған қамшысын ішке асығыс кірген әлде біреулер 

қолынан  жұлып  алды.  Онан  әрі  қолын  артына  қайырып 

байлады  да,  сыртқа  сүйретіп  алып  шықты.  Үй  алдында 

тұрған атын мінгізді де,

– Ал енді жөніңді тап! – деді.

– Ой, атаңның көрі! Әй, Әли, Рза, сендерді білем, тұра 

тұр, бәлем. 

Ірі қара кісі атын тебініп шаба жөнелді. Әлиза бұл түні 

көз  ілмеді.  Ертеңіне  шай  үстінде  ол:  Бекер  істедің  ғой, 

шырағым. Әлі де болса үйіңе қайт» – деп құлаққағыс қып 

еді, Бөбек үндемеді. 

«Ай, сорлы балам-ай, сенің де күнің мүшкіл. Жынды 

күйеуің  сау  болса,  әлі  талай  өліп-тірілерсің-ау»  Әлиза 

келсі күні де көз ілмей шықты. Тек онан келесі күні таң 

ағарып  атып  келе  жатқанда  қалжыраған  кәрі  әйел  көзі 

ілініп  барады  екен.  Бейсуат  біреу  ат  басын  үйге  тірей 

тоқтады. Әлиза: «Ожырай болды-ау» деп ойлап, қол созым 

жерде жатқан Бөбекке қарап еді, о да ояныпты. Басынан 

сыпырылып  түскен  ақ  жібек  орамалды  қайта  тартып, 

қара мақпал қамзолдың жеңін кигенше шыдамай сыртқа 

жүгіріп шығып еді.

  Әскерше  киінген  біреу  аттан  түсіп  жатыр  екен. 

«Жасаған Ием-ау, мынау... Мынау Райжанның ағасы ғой» 

деп, қол-аяғынан әл кетіп, сүлдері құрыған бойымен есікке 

сүйене берді. Жаңа асыққанда бір жеңін ғана киген қара 

мақпал қамзол сусып, иығынан сыпырылып бара жатты. 

Әскери  кісі  үзеңгіден  аяғын  ала  берген  күйі  бұрылып 

артына  қарап  еді,  есік  алдында  ес-түссіз  сілейіп  қалған 

талдырмаш бойлы келіншекті көрді де, бұл да ат тізгінін 

тастай сала «Бөбек... Жаным-ай!.. Қарағым-ай!» деп қолын 

соза ұмтылды. Бөбек Еламанның құшағына құлай кетті.

– Бөбек... Қалқам!..

Содан артық сөз аузына түспеді. Бұл кезде балықшылар 




653

ауылы ояна бастап еді; ауылға келген кісіні елден бұрын 

көретін  Қарақатын  сыртқа  жүгіріп  шықты.  Жылаған 

балаға да қайырылған жоқ.

– Ойбай, енді не бетімді айтайын! Масқара! Мас-қара!

Оның  барқыраған  даусынан  Судыр  Ахмет  оянды. 

Ұйқылы  көзін  уқалап,  көйлекшең,  дамбалшаң  бойымен 

дедектеп  есікке  барды.  Іннен  шыққан  суырдай  ұзын 

мойнын  сыртқа  созып,  ақжарғақ  аламан  құлағын  дыбыс 

шыққан жаққа тікті.

– Тфа... тфа-а! Мына пәлелер табысқан екен ғой.

Бір-жарлап балықшылар да көріне бастады. Қайсыбір 

ерте  тұрып,  теңізді  бетке  алып  кетіп  бара  жатақан 

балықшылар да түсі басқа жолаушыны көріп, ізінше кері 

қайтып келе жатты.

Қапелімде көп кісі жианылып қалды. Әли мен Рзаның 

екі езуі екі құлағында. Ал, Қарақатын кимешек астынан 

құлағын  шығарып  алған.  Аяқ  астынан  әлденеге  қыбы 

қанып, қасында тұрған мосқал әйелді санынан бұрап үзіп 

алып  еді,  анау  жалт  қарағанда  бұл  жалма-жан  иегімен 

Бөбекті нұсқады.

–  Бұл  сайқалдың  басқан  ізі  бүлік.  Көре  қал,  осыдан 

кейін тағы да қантөгіс болады.

– Тек, естіп қалар.

– Е, есітсе қайтейін.

– Елден ұят та.

– Несі ұят. Кісі өлімі болғалы тұрғанда ұяты несі. Күні 

кеше алып кетем деп келген қайнағасын қуып жібермеді 

ме?

– Қой әрмен, шүйкедей әйел алпамсадай еркекті қалай 



қуушы еді.

– Құдай шебер-ай, көз бар ма сенде? Ақбала сияқты 

мына сайқал да осы ауылдың дыңдай бір еркегінің басын 



654

айналдырып алды емес пе? Иә, Әлидің басын айналдырып 

алды ғой.

– Қой әрі! Соған аузың қалай барады.

– Қап мынаны-ай... Қарап тұрмай тілімді қышытқаны 

несі-әй. Бұл белгілі сайқал емес пе? Ана жылы екі ауыл 

осыған бола қырыла жаздап...

– Туһ сенде...

–  Туһ  дейтін  түгі  жоқ.  Қашанда  біреудің  қаңсығы 

біреуге таңсық. Еркек иттерде ес жоқ. Ажарлы қатын көрсе 

ақыл-есінен  танып  қалады.  Сосын  олар  қызыл  көрген 

құзғындай әукесін салып...

– Өй! Белім-ай...

– Иә, иә, масқара... Масқара!.. Әне бір бір жапырақ тек 

өзінде бар да өзгеде жоқтай...

Әли Еламанды үйіне алып кетті. Жиналып қалған жұрт 

олардың  соңында  қау-қаулап  кетіп  барады.  Жұрт  ішке 

сыймаған соң сыртқа төсек салынды. Еламанның келген 

бетте байқағаны: бұл жақ әлі де май тоңғысыз жылы екен. 

Шөптері  де  биыл  бітік,  қау.  Шыбын-шіркей  азайса  да, 

үй-іші  мен  күңгей  беттерде  бірен-саран  маса  ызылдады. 

Шай үстінде жиналған жұрт қонақтан қала жайын сұрады. 

Өздерінде  тышқақ  лақ  болмаса  да,  базарда  мал  қалай, 

қай  малдың  нарқы  қанша,  төрт  түліктің  қайсысы  өтімді 

деп  сұрады.  Өздеріне  қатысы  жоқ,  жабдан  бос  әңгімені 

ұнатпаған  Әли  осындай  жердегі  өзінің  тік  мінезіне 

басып, үй ішінде етек алып бара жатқан кеу-кеуді қатты 

жекіп тыйып тастады да, Еламаннан жаңа үкімет жайын 

сұрап еді. енді бірі: «Біздерді қашан жарылқайды? – деді. 

«Байларды  қашан  құртады?  –  деді.  «Жер  тәңірісі  деп 

жүрген  патшаны  құлатқанда,  бергі  жағындағы  байларға 

әлі жетпей жатыр ма? – деп, көп кісі қауқылдап кетті. Сөзге 

ара-тұра Судыр Ахмет те араласып кетіп отыр. Осы қазір 

өзі  көңілді.  Ырғайдай  мойнын  қайта-қайта  қазан  жаққа 




655

созып, кеңірдегі қылқ етіп сілекейін тартып қалады.

Қарақатын  екі  жеңін  сыбанып  алған.  Біресе  былқып 

пісіп жатқан балықтың дәмін көрген боп, енді бірде тұзын 

байқаған  боп  сорпасын  шайып  ішті.  Көбігін  сапырған 

боп  сылтауратып,  қазанның  бет  жағында  жатқан  шұрай 

кеспенің бір шетін ожау қасықпен шекіп алды.

– Қап! Мына қара албасты қарғадай шоқып құртатын 

болды-ау, – деді Судыр Ахмет.

Еламан  күліп  жіберді.  Қанша  берекесіз  болса  да, 

мынау  бұның  бала  жастан  бірге  өсіп,  біте  қайнаған 

ортасы.  Араға  қанша  уақыт  түскесін  осы  бір  құстың 

ұясындай өзіне орасан ыстық ортаға қайта қауышқанына 

жаны  жадырап,  көңілі  құрғыр  да  марқайып  мәз  болған 

жігіт осыдан қашан Әлидің келіншегі тысқа шығып үйдің 

бір іргесіне төсек салғанша шаттық күлкі өңінен бір сәт 

айықпады.  Тек  осында  келгелі  әлде  бір  нәрсеге  көңілі 

алаңдап, ойы онға бөлініп кете берді. Үй толы кісілердің 

арасынан мыналардан да басқа тағы бір жандардың ыстық 

жүзін іздегендей елеңдеп, кірген-шыққандарға қарап қап 

отыр. Енді бірде: «Төлеудің үйі қайсы еді?» деп ойлап, жар 

басында жыпырлаған жерқазбаларға көз тастады.

Балық  желінгесін  де  жұрт  жуық  арада  тарамай, 

өздеріне тән теңіз үстіндегі машықпен лапырып, бірнешеуі 

бірден  қауқылдап  сөйлеп  жатқан-ды.    Бала  көтерген  бір 

әйелді Еламанның көзі шалып қалды.  Есік жақта босағаға 

сүйеніп тұр екен. Ептеп шырамытса да, бірақ май шамның 

сығырайған  әлсіз  жарығынан  жүзін  анықтап  ажырата 

алмады. Неге екенін қайдам, қараған сайын Айғаншаның 

жақсы көретін жеңгесіне ұқсады.

Ертеңіне Еламанның өтініші бойынша Әли мен Рза бұл 

ауылдың ер-азаматын түгел жинады. Бас-аяғы екі жүзден 

астам  мол  жиын  ауыл  сыртындағы  дөң  басына  шығып, 

Еламанды орталарына ала отырды. Еламан сөзін бастамас 




656

бұрын бір шетте басын баурына алып тұқырайып отырған 

Досқа көз тастады. Дос бұнымен әлі тілдескен жоқ; жаңа 

да бұның сәлеміне басын изеді де, түсін бермей ілгері өтіп 

кетті. Жанында Қалау. Тағы сондай оннан астам кісімен бір 

шетте өз алдына оқшауланып отыр. Сөйлеп тұрып та көз 

қиығын олардан айырмаған Еламан қазір дүниенің екіге қақ 

бөлінгенін айтты. Қызыл мен ақ. Дос пен дұшпан. Екі жағы 

да бітпес жаулықпен бетін ашып алды деді Еламан. Бірін-

бірі қашан қара жерге тығып жібергенше тынбайтын екі 

күш, әсіресе, кәзір от шарпысып тұр. Осы бір жан алып, 

жан беретіндей ақырғы айқас алдында қызылдар жағы 

қазақ  жігіттерінен  қарулы  жасақ  құрмақ  боп  ұйғарып, 

сол мақсатпен бұны осында жіберіп отырғанын айтып 

еді. Балықшылар үндемеді. Қайсы бірі басы бауырына 

түсіп, жер шұқылап кетті.

– Біз ешкімді зорламаймыз, – деді Еламан.

–  Оларың  жақсы  екен,  –  деді  Достың  жанында 

отырған бір жігіт.

–  Иә,  бұл  орыс  пен  орыстың  соғысы  ғой.  Қазақ 

араласып қайтеді? – деп, тағы біреу күңк етті.

–  Сөзіңе  болайын.  Жаңа  Елаға  кедей  мен  байдың 

соғысы деген жоқ па? – деді мына жақтан аласа, бірақ 

нығыз денелі дембелше бір жігіт.

– Е, онда өзің неге бармайсың?

– Барсам барам. Ал қайтесің?

– Қайтем, шалғайыңа жабысар дейсің бе?

– Ха-ха!


– Жолың болсын!

Дембелше  жігіт  намысы  өртеніп,  күйіп  тұр. 

Әлдебіреу өзін қостай ма деген үмітпен ол екі беті ду-

ду қызарып, төбе басында дөңгеленіп отырған кісілерге 

жағалай  қарап  өтті.  Жұрт  жерден  назарын  көтермеген 

соң, ол ширақ басып ілгері шықты.




657

– Елаға, мен әзірмін.

– Рақмет.

Еламанның  дәл  қасында  тұрған  Әли  мен  Рза  қатар 

тіл қатты:

–  Осы  ауылда  аяқ  артар  көлік  жоқ!  Шетінен  қара 

жаяу.

– Оған қарап тұрған не бар?



– Бәрі соған байланысты. Ат болса адам табылады...

Дос бастаған топ үн-түнсіз орындарынан түрегеліп, 

сырттап кетіп бара жатты. Еламан кешегідей емес, бүгін 

сөзге сараң. Әсіресе, мына жиын алдында үлкен көзінің 

қарашығы ауырлап, кісі өңіне тіл қатар кезде жанарын 

жоғары  көтеpiп,  әрқайсына  салмақпен  бір-бір  қарап 

шықты. Дос пен оның абызындағы азғана топ болмаса, 

балықшы ауылдың бас көтерген басқа ер-азаматы тізгінін 

бұның қолына беретінін байқатты. Сосын Еламан Рзаны 

қасына  шақырып  ап  Тәңірбергенге  аттандырды.  «Бар, 

менен  сөлем  айт,  жылқысынан  қырық-отыз  ат  берсін» 

деп  тілек  жолдаса  да,  арғы  жағында  сенімі  аз  еді... 

«Егер  бермесе  не  істейміз?»  деген  күдік  көкірегінде 

тікендей қадалды да тұрды. Төбе басынан топ-топ боп 

тарап бара жатқан жігіттердің арасында аяғын ақырын 

басып келеді. Қасына осы ауылдың бір топ шалын ертіп 

Әлизаның үйіне бұрылды. Әлиза сыртқа шығып кеткен 

екен.  Қонақ  төрге  жайғасқасын  Бөбек  қара  шайнекті 

қолына  ұстай  түрегелді.  Оның  шай  қоятын  ыңғайын 

сезген Судыр Ахмет:

–  Бөбекжан,  –  деп  тоқтатты,  –  ағаң  асығыс. 

Балшайбектің  бір  шаруасымен  жүр  екен.  Азаматым 

аман оралғасын, әлі талай шай  ішілер, ет те желінер. 

Қазір, айналайын, нан ауыз тигіз. Қысылатын түгі жоқ. 

Иә, иә, бұндайда ымыратын істесең болғаны, – деп, бұл 

үйді  де  билеп-төстеп  шыға  келді.  Бөбек  қонақтардың 




658

алдына дастархан жайды. Еламан да, қасындағы қалған 

жігіттер де нанның шетінен шымшып тістеп ымыратын 

істеді.  Судыр  Ахмет  қазан  көтеріп  жатпаған  үйде 

отыруға ықылассыз. Дастархан жиналар-жиналмастан-

ақ:


– Ал!.. Ал кеттік! – деп, шекпеннің шалғайын қағып, 

елден  бұрын  түрегелді.  Басқа  жұрт  та  үнсіз  қозғалып 

сыртқа  шықты.  Тек  Еламан  Әлизаны  күтетін  ыңғайын 

танытып,  төр  алдында  жалғыз  отырып  қалды.  Кісілер 

кеткесін  көп  ұзамай  Әлиза  ішке  кірді.  Қолтығынан 

ұстаған  жас  келіншекке  сүйеніп  апты.  Еламан  жаққа 

көз  тастап  қысқалау  амандасты  да,  төрге  шықпай  есік 

жаққа,  қазандыққа  шынтағын  сүйей  отырды.  Түсі 

сынық. Кимешек астынан шыққан самай шашы аппақ. 

Еламан сәл үнсіз отырғаннан кейін Әлизадан  хал-жай 

сұрады.

–  Әй,  қарағым-ай,  хал  дейтін  хал  қалды  ма.  Өз 

жағдайың қалай?

– Шүкір.


– Соғыстың ішінде жүреді дейді ғой сені?

– Ондайымыз болады.

–  Е-е,  дегендей.  «Өрт  ішінде  қамысты  сақтайды». 

Бұйрықсыз ажал жетпейді. Ұзақ боласың ба бұнда?

– Он шақты күндей...

– Қайда жүрсең де аман бол! – деп, Әлиза басын изей 

түсті  де,  Еламанға  жүзін  тіктеді,  –  осы  жұрт  не  біліп 

айтатынын қайдам. Рас болса, сен Ақбалаға хабарласып 

тұратын көрінесің ғой.

Еламан қызарып кетті.

– Кешірімді болғаның дұрыс. Ол байғұс адасты ғой. 

Әйтпесе, қай әйелден кем еді, – деді Әлиза.

Еламан қайтқанша тағы да соғатынын айтып, тысқа 

шықты. Бөбек есік алдын сыпырып жатыр екен. Еламан 




659

тұсынан  өтіп  бара  жатып,  оған  көз  қиығын  тастады. 

Еркін  өңі  сынық  демесең,  ажары  таймапты.  Қара 

торы бетінің аздап қаны тараған. Ал қос самайындағы 

баяғы  бір  кезіндегі  бұйра  балапан  шашы  осы  қазір  де 

сақиналанып,  ширатылып,  ақ  жібек  орамал  астынан 

бұрқырап шығып тұр екен.

Бөбек  Еламанның  назарын  байқап,  басын  жерден 

көтермей, иіле түсті.

* * *


Рза  барған  жағынан  тез  оралды.  Тәңірберген 

Еламанның  сөлемін  үнсіз  тыңдапты.  Сосын  ләм-мим 

деп тіл қатпастан бір жігітті шақырып алыпты да, өрісте 

жатқан  жылқыдан  екі  үйірін  алғызып,  Рзаның  алдына 

салып беріпті.

– Ештеңе демеді ме? – деді Еламан.

–  Жұмған  аузын  ашқан  жоқ.  Белдеуде  қаңтарулы 

тұрған атына мінді де, тазысын ертіп, қыр асып жүріп 

кетті, – деді Рза.

Еламан  мырс  етіп  күлді  де,  Рзаны  қоя  берді. 

Қарсыласар қауқары қалмаса да, көрдің бе, әлі де болса 

белін  бермей,  ыза  мен  ашу  ішінде  булығып  қалғанын. 

«Жә, тоң айбатыңның әуселесін соңыра кейін көрерміз», 

–  деді  Еламан  ішінен.  Қасына  келген  Судыр  Ахметті 

байқамапты. Тек біреу жеңінен ақырын тартқанда ғана 

оған назар аударды.

– Бері... Бері шығып кетші, – деді Ахмет.

– Жай ма?

Еламанды оңашалап алып шықса да, әлденеге сөзін 

бастамай,  себепсізден-себепсіз  күрмеліп,  жынына  тие 

бастады. Бұл әзер шыдап отыр. Судыр Ахмет әлде неге 

әуелі  қамығып,  танауы  суланып  жылап  алды.  Иегінің 




660

ұшындағы бес тал сақал шоршып кемсеңдей түсіп:

–  Бәріміз  де  бұл  дүниеге  кемді-күн  қонақпыз  ғой. 

Өлмейтін кім бар? – деді.

Еламан осы қырттың күлкісі мен көз жасы араласып 

қатар  жүретінін  білетін.  Тек  бұндайда  бұрын  қамшы 

салғызбай,  алдына  түсіп  сұңқылдай  жөнелетін  кісінің 

осы  жолы  өзінен-өзі  тілі  байланып,  тобанаяқтанып, 

тұспалдап бастаған түрі ұнамады.

– Еламанжан... бекем бол. Есбол атаң дүние сапты. 

Жарықтық жақсы кісі еді. Иманы жолдас болсын!

Еламан дереу қамданып атқа қонды. Қасына Әли мен 

Рзаны алды. Ешкім оған «жүр» деп айтпаса да, Судыр 

Ахмет елден бұрын өзінің нар қарасына мініп, ойқастап 

шықты. Бұлар аттарын ауыздыққа керіп, жұп жазбастан 

сыдыра  шоқытып  отырып,  түбектегі  қазалы  ауылға  ел 

орынға отыра жетті. Еламан түнде байқамапты, ертеңіне 

ерте тұрып тысқа шығып еді, дала қарақұрым қаптаған 

кісі  екен.      Бұлар  келгенше  ат  аяғы  жететін  жер  тегіс 

хабарланып, ойдан, қырдан халық жиналып қалды.

Мал жайын ойлаған шаруа күз түскесін-ақ қыстауға 

жақындай  түсетін  жылдағы  әдет.  Ықтасын  іздеп,  әр 

шұқырда бір-бір үй отырған кез-ді. Олар осындай оқшау 

себеппен қаза үстінде, не қыз ұзататын, келін түсіретін 

ел арасындағы кәделі айт-тойларда бас қосатын. Есбол 

қарияға  да  екі  болыстың  қол  астындағы  халықтың  ер 

азаматы  тайлы-таяғы  дейін  қалмай  тегіс  жиналыпты. 

Сары  шуақ  күз  бұл  жаққа  жаңа  кірген.  Қыс  қашық 

болса да, алыс жолға шыққан оты, суы басқалар қалың 

киініпті. Әсіресе, шалдар жағы күпілі, тонды, тымақты 

бойы  қорбаңдап,  ауыл  шетінде  үйездеген  жылқыдай 

үйір-үйір,  топ-топ  боп  жүр.  Мал  сойып  жалақтаған 

жігіттер.  Ішек-қарын  аршып  сыпылдаған  келіншектер 

мен ас басында жүрген қазаншыларда тыным жоқ; осы 




661

өңірдің  иттері  де  қалмаған;  сойылып  жатқан  малдың 

қан-жынын  бір-бірінен  сырттай  қызғанып  ырылдасып 

тұрады да, шаңы бұрқ етіп таласа кетеді.

Өлікті жөнелту он-он бес кісіге жүктелген-ді. Бәрі де 

Есболмен өріс араласқан етжақын кісілер. Ертеңгі күні 

мына  қырық  рудан  құралған  жиынның  қыбын  тауып, 

басы, аяғын ырза ғып аттандыратын асаба осылар. Әлі 

де  болса  жан-жақтан  құйылып  келіп  жатқан  соншама 

халықтың үш мезгіл асын әзірлеп, көліктерінің от-суын 

қандырып, ең аяғы үлкендердің ішдәрет алатын жылы 

суына дейін даярлап тұруға міндетті еді.

Сиыр  сәскеде  ет  пісті.  Сыртта  жүрген  халық 

жапырылып  ішке  кірді.  Қайың  тегешті  қайқаңдап 

көтерген  жас  жігіттер  төр  алдына  табақ-табақ  ет 

тартты.  Өлік  шығатын  кез  жақындаған  сайын  ауыл 

үстінің әбігері ұлғайып, айрықша асабалар қайта-қайта 

қыр  басына  шығып,  мәслихат  құрып,  алдағы  кәделер 

жайын кеңесті. Кәде жайы – ауыр. Үйір-үйір мал керек. 

Мына  жиналған  кісілерге  уыстап  шашатын  қаржы 

керек. Есбол желісіне мал айналып, бақ-дәулеті тасыған 

кісі емес. Халық атасы болған аты бар, қадірлі, сыйлы 

қартты  ауылдас  ағайындар  ажарлап,  ортадан  көмуге 

пәтуа қылды.

Асабаның ақсақалы – Сүйеу қарт. Есболдың көп жыл 

қанжығалас болған қадірмен досы. Бір жағынан сүйек 

тістескен құдандалы жекжат. Сүйеу сөзге сараң. Дүние, 

мал  жайындағы  сөзге  тіпті  араласпайтын.  Күні  бұрын 

кеңесіп алмақ боп ауыл сыртына оқшауланып шыққанда 

да, ол шидем күпінің мол шалғайын тақымына басып, 

малдасын  құрып  тіп-тік  боп  шаншылып  алды.  Сонан 

қайтып қасында қауқылдаған көптің бетіне көз салмай, 

төбе басына жиналған жұрттың үстінен асып жоғарылай 

қарап  отыр.  Бағана  Еламанға  жұрт  жабыла  көрісіп, 




662

жылап-сықтап жатқанда да, Сүйеу қарт сыр алдырмады. 

Көп  алдында  қайғысы  мен  қуанышын  бірдей  тежеп, 

озалдан  өңін  билеп  үйренген  болаттай  берік  кісі  бұл 

жолы да міз бақпай, безеріп отырып:

–  Ә-ә,  келдің  бе?  Е-е!..  Кебенек  кигеннен  түңілме! 

–  деп,  қуанғаны,  әлде  кекеткені  белгісіз,  Еламанның 

қолын уысында қысып ұстап, кескініне іркіле қарады. 

Сонан  кейін  ол,  –  балаңды  бағып  отырмыз.  Өзіңе 

тартқан... оның да жаны сірідей берік – деп, күле түсті 

де, тез тыйылды. Сонан қайтып үндемеді.

Сүйеу  қарттан  кейінгі  аузы  дуалы  кісі  –  Әліби. 

Туыстық  жағынан  табыспаса  да,  ежелден  бері 

балықшылармен  қыстауы  қатар,  Еламанмен  көңілдес. 

Әлиза  мен  Бөбектің  әкесі  болған  соң  кешегі  Мөңке 

деректі  балықшыларға  бауыры  бұрып  тұрады.  Және 

бұл  өзі  адам  баласына  көңілінде  құттай  аласы  жоқ, 

ағалық әділ сөзін айтып, әрдайым ағына тоқтайтын кісі. 

Жиынды  жерде  жапырып  сөйлемесе  де,  ел  арасының 

ескілік  әңгімесін  баққан  саққұлақ  cahaбa  шал.  Көбіне 

өңіріне  түскен  күйектей  қара  сақалын  алақанымен 

ақырын сипап қойып, қалың қабақ, қалың етті манакөк 

беті  манаурап,  ойға  шомып  отырады.  Ретті  жерінде 

қысқа  қайырып,  мықтап  бір  айтады.  Аңысын  аңдып, 

ақылға  қонымды  сөз  айтқасын  ағайын-тума  арасында 

абыройлы.

Осы  қазір  он-он  бес  кісі  Сүйеу  қарт  пен  Әлібиді 

ортаға  алыпты.  Ауыл  сыртындағы  төбе  басында 

оқшауланып иіріліп отырып, соңыра сүйек жуатын кісіні, 

қабір қазатын кетпеншіні, құран оқитын молла жайын 

ақылдасып жатыр еді. Соның үстіне Судыр Ахмет пен 

Нағымет келді. Баласы сот кеңсесінен қуылып, әңгімелі 

болғасын  Нағымет  қазір  бұл  жақтағы  ағайын-туманы 

сағалап  жүрген.  Ана  жақта  баласының  басына  бұлт 




663

айналып  тұрғанын  бұндағы  ағайынға  сәдеттеп,  көңіл 

жетерлерден қаржы жинап ала қайтатын ойы бар.

Нағымет  өліктен  өзіне  ештеңе  тимейтін  сыңайын 

байқағасын  қабағы  түсіп  кетті.  Енді  бірде  қатар 

отырған Судыр Ахметке еңкейіп, құлағына бірдеңе деп 

сыбырлап еді, Судыр Ахмет оны шұғыл қостап, басын 

изеп,  құнжыңдап  қалды.  Сол  сол-ақ  екен,  Нағымет 

«сен үндемей тұра тұр» дегендей, Ахметтің тақымынан 

басып-басып қойды да:

– Ағекемнің басты бір киімін мен алам! Жол менікі 

– деп, кимелеп ортаға шықты. Еламаннан сәл төменірек 

отырған Әли өзін ұстай алмай, ақырып:

–  Әй,  көргенсіз  –  деді.  Бара  сала  жағасынан  ала 

кететіндей өзі де орнынан атып тұрған-ды. – Көз ашқалы 

қол жайып, жалақтап жүрсең де, бүйірің бір шықпаған 

екен. Құдай құрамаған соң қол жайып сұрап, қазығыңа 

қара айналдырам дейсің бе?

– Ау!.. Ау, ағайын-ау...

–  Уә,  қой  әрі!  Тірінің  алапасын  тауысып,  сен  енді 

өліктің кебініне көз сүздің бе?

Біреуден бірдеңе жыратын ыңғайын сезгенде, Судыр 

Ахмет сияқты Нағымет те сөзге тоқтамайтын. Ондайда, 

әсіресе,  осы  бір  өндіршегі  сорайған,  бір  көзі  соқыр, 

сүдінсіз,  арық  қара  кісі  ар-ұятты  қойып,  ойына  алған 

іске  өзеленіп  кірісетін.  Осы  жолы  да  Әлидің  сөзінен 

кейін  ол  дәл  бір  күйік  көтергендей  қалшылдап  ұшып 

түрегелді.  Сары  төбенің  басында  дөңгеленіп  отырған 

кісілердің  қақ  ортасына  дедектеп  жүгіріп  шықты. 

Тымағын басынан жұлып ап, жерге тартып ұрды. Соқыр 

көзі жұмылып жүретін. Бұл жолы тіпті бұрынғысынан 

да қаттырақ жұмылып, ал ана жалғыз сау көзі шырадай 

жанып,  осы  отырған  кісілердін,  бетіне  тебен  инедей 

тесірейе қарап:




664

– Ойбай-ау, мен... мен бейбақ, арыстай азаматым... со 

секілді асыл ағекемнің алапасына қызықтым ба? – деп, 

ұзын мойнын осы тұста өзеурей созып, қып-қызыл боп 

қылғына  сөйледі.  Қос  шықшытындағы  күре  тамырлар 

білеуленіп  бадырайып  кетті.  Иіріліп  отырған  кісілерді 

жағалап шықты. Бірақ бір жан үндемеді. Бәрінің сырт 

беріп  үнсіз  сазарып  алған  түрін  көргенде,  Нағымет 

ызадан жылап жіберді. Көп ішінен Сүйеу қартқа жүгіріп 

барып, алдына тізерлеп отыра қалды:

– Ойбай-ау, мен алапаны қайтейін... Мен ата-бабам 

салған ақ жолға таласып тұрмын ғой.

–  Тәйт!..  Тәйт  әрмен!  –  деді  Сүйеу  қарт  күпінің 

ұзын жеңімен жасқап. – Омәй, омәй, шіркін-ау... Сен ақ 

жолдан... ата-баба жолынан садаға кет. Қарғыс жо лынан 

басқа жол бар ма сенде, – деп жекіріп тастады.

Нағыметтің беті қайтып қалды; бірақ жасыған жоқ; 

ол енді Сүйеу қартпен қатар отырған Әлібиден төрелік 

іздеп:

–  Есбол  ағам...  қандай  ағекем  еді...  Оның  қара 



бақайына...  басып  кеткен  ізіне  тұрам  ба.  Со  секілді 

арыстай  азаматым  өліп,  халқым  қара  жамылып 

отырғанда,  мыналар  масқаралады.  Масқара  болдым... 

Қор  болдым...  Құрыдым!  Құртты  мені!  Ойбай!.. 

Ойбай!..  –  деп,  өз  басын  өзі  төпеп,  еңіреп  жылап 

жіберді.  Судыр  Ахмет  сияқты  бұ  да  өзінің  күзен  бел 

ұзын  бойымен  киреңдеп  кеп  Әлібидің  аяғына  жығыла 

кетті. Әліби денесі түршігіп, оған тіксіне қарады. Осы 

ант  соққырлардың  әнебір  кезде  көршілес  отырған 

бір  ауылға  салған  лаңы  есіне  түсті.  Сол  жолы  Судыр 

Ахмет  пен  Нағымет  жолаушылап  келе  жатып,  Есбол 

қариядай  ел  сыйлайтын  бір  кісінің  қазасы  үстінен 

шығады. Қайғылы ауыл бұларға көңіл бөле қоймапты. 

Соған  қитыққан  бұл  екеуі  бүлік  шығарайын  десе  өлік 




665

жолы  ауыр.  Жылап-сықтаған  халық  өлікті  жөнелткелі 

сыртқа  алып  шығады.  Сол  арада  әкесі  өлген  екі  жігіт 

халыққа қарап: «Әкемде кімнің қарызы бар? Мойнына 



парыз болмасын, айтыңдар» – деген екен, осыған дейін 

орайын тосып отырған Нағымет ілгері жылжып:

– Менің алажағым бар. Қабенжан сот болып тұрғанда 

сен екеуіңнің әкең менің күрең атымды мініп кетіп еді, 

–  депті.  Халық  сілтідей  тына  қапты.  Бұндай  жағдайда 

алажақ кісіге ықырарын істеп, ырза ғып жіберу лайық. 

Әйтпесе,  мойнында  қарызы  бар  өліктің  табытын 

көтеріп, қара жерге беруге ешкімнің қолы бармайды.

Нағымет соны біліп:

–  Әкеңнің  мойнындағы  қарызымды  қайтар  –  деп, 

көп алдында қадала түскен екен. Сол кезде мына жақтан 

Судыр Ахмет шаңқ етіп:

– Әй, Нағымет. Қой, жарқыным, қоя ғой. Ойбай-ау, 

сол секілді асыл ағаң үйіңе қонақ боп келсе, астына ат 

мінгізіп, үстіне шапан кигізіп жібермейсің бе. Мына екі 

жаман неменің еңсесі түсіп кетті ғой. Алажағың бар-ақ 

шығар. Бірақ қаза жолы ауыр ғой. Сен-ақ қия ғой. Көп 

болса көзі тіріде ағаңның астына мінгізген атың болар, 

– депті.

Мына  екеуінен  сондай  сойқан  шығып  кете  ме  деп 

қорыққан Әліби:

–  Әй,  Нағымет!  Есбол  халық  ағасы  еді  ғой.  Оны 

бүгінгі күні ақ жолға абыроймен жөнелтіп салайық деп 

жатқанда, жарқыным, бұл қай қылығың. Уа, қой енді! – 

деп еді.

–  Қоймаймын...  Неге  қоям...  Қоймаймын!  Ортаңа 

ойбай  салам.  Ошағыңның  күлін  шашам.  Бізді  осал 

көрме,  бас-аяғымызды  жиғанда  біз  де  бір  ауылмыз. 

Бүйтіп  «өлмесең  тұрма»  деп,  шабымды  шабақтап, 

шамыма тиер болсандар, шынымды айтайын, осы арада 




666

ошағыңа  таған  қып  қақсаң  да,  ертең  бар  тобымызбен 

Орда-қонған  болысына  ошарыла  көшеміз.  Ал  сонда 

қайтесің? А? А?

Сөзге енді Судыр Ахмет араласты. Қақпа шекпеннің 

жағасынан  өндіршегін  созып,  төбе  басында  дөңгелене 

отырған көп арасына кимелеп кіре берді:

– Ау!.. Ау! Нағымет ағекемді иттей талап, тұщы етіне 

ащы  таяқ  салып,  мына  сендер  кімді  басынасыңдар,  а? 

Кімді иықтайсыңдар, а? Жоқ! Жоқ, біз ондай қорлыққа 

көнбейміз.  Мына  біз  табаныңа  қадалар  тікенбіз. 

Қарныңды қарнайтын қара пышақпыз...

Төбе  басы  у-шу,  азан-қазан  болды  да  кетті.  Мына 

пәлелердің айқайы сырт халықтың құлағына шалына ма 

деп қысылған Әліби қасындағы біреуге мойын бұрды.

– Мына соқыр итті тыныштандыр. Сүйекке кіретін 

бір кісінің санатына ал.

Судыр Ахметтің ақ жарғақ аламан құлағы елең етті. 

Әуелі  мына  сөз  құлағына  жылы  тиіп,  жымың  етсе  де, 

бірақ  іле-шала  Нағымет  алған  алападан  бұның  өзіне 

тиер ештеңенің жоғын көргесін:

–  Ау,  Әліби-ау!  Нағымет  Маралбайдың  баласы 

болғанда,  ay...  ау,  мен  жерден  шықтым  ба?  Со  секілді 

арыстай ағамның жағалы бір киімін мен неге кимеймін. 

Ертеңгі күні халық алдына иығым жарқырап шықпаймын 

ба? Сондай асыл ағекемнің көзіндей көріп кием ғой.

–  Ой,  өңкей  бәддұғаға  ұшыраған  найсап.  Бәледен 

машайық  қашып  құтылған.  Құрысын,  мына  пәлеге  де 

бірдеңе беріңдер.

– Әлеке-ау, ештеңенің ыңғайы жоқ қой.

–  Білем.  Бірақ  амал  қайсы,  қабір  қазушылардың 

бірлігіне кірсін.

–  Е,  е,  бәрекелде!  Міне,  мынау  ақыл!  Ау,  Есбол 

ағамның қабірін мен қазбағанда кім қазады?!




667

Әли  бір  кісіге  дербес  әлі  келетін  қарулы  жігіт  еді; 

ол  қолындағы  сегіз  өрме  бұзау  тіс  қамшыны  ызалана 

қысып, ырғалып қойды.

– Әттең, не пайда... Өлік үсті болмағанда, не қыласың 

қызыл жон ғып бөріктіріп алатын-ақ кісілер екен.

Нағымет пен Ахметтің лаңынан кейін жұрт біразға 

дейін  үн-түнсіз  томсарып  қалған-ды.  Әліби  Сүйеу 

қарттың  суық  жүзін  сырт  салып,  ашуға  булығып 

отырған  түріне  қарап,  оның  жуық  арада  сөзге  араласа 

қоятын  сыңайы  жоғын  байқады.  Сүйеу  қарттан  кейін 

бұл  жиынның  аузына  қарап  отырған  ендігі  үлкен  өзі 

болғасын  Әліби  еңсесін  тіктеп,  әлгі  жанжалдан  кейін 

үнсіз  томсарып  қалған  топқа  көз  тастады.  Бірақ  сөзін 

бастамай, ақ шалған күйектей қара сақалын алақанына 

толтыра уыстап отырды да:

– Есбол жарықтық бала да жоқ, пана да жоқ, жалғыз 

жетім шал еді – деп, даусын көтеріп өрлей сөйледі, – көзі 

тірісінде жиған азғана малы азығы да, ел айналар қазығы 

да еді. Бүгінгі күні арамыздан жетім шал дүние салып, 

ысрат сапарына жол шеккенде... уа, мына артында қалған 

біздер  оның  азғана  алапасына  көз  сүзетін  сияқтымыз. 

Айтыңдаршы, сонымыз жөн бе? Біз асаба емес пе едік. 

Өз қолымыздан жайғарып, ажарлап жөнелтуге тиіс едік 

қой. Біле білсек, бізге жетім шалдың киімі де, тірнектеп 

жиған  тиыны  да  керек  емес.  Жөн  көрсеңдер,  ағайын, 

суыртпақ  жібін  бойымызға  жапсырмасақ  деймін. 

Мына қоңсылас отырған қалың ағайын Ағыс пен Көгіс 

бөліссін.  Сүйегіне  кірген  шалдар  алсын.  Намазын 

шығарған молдалар алсын. Қабірін қазған кетпеншілер 

алсын, кесім осы болса қайтеді?

– Жөн. Дұрыс!..

– Айтқаның орынды.

– Ендеше, пәтуа осы болсын.




668

Сүйеу  қарт  пен  Әліби  шалғайын  қағып  түрегелді. 

Өзгелер де жапырлап тұрып жатты. Әли мен Рза қабірші 

жігіттерді  жинап  алды  да,  ауыл  сыртындағы  үлкен 

қорымға  барды.  Төбе  басының  жері  қатты,  қызғылт 

тастақ  екен.  Қандай  қарулы  жігіт  білек  сыбанып 

түссе  де,  бір  бауыр  жерге  дейін  арсы-күрсісі  шығып 

қимылдағасын  қажыры  қайтып  қала  берді.  Құлаштап 

сілтеген кетпеннің жүзі қиыршық тасқа тиіп, шақылдап 

тайып түсіп жатты.

Судыр Ахмет кештеу келген-ді. Ол жолында тұрған 

кісілерді кимелеп сөйлеп келді де, бұл кезде жуан белден 

қазып  тастаған  қабірге  қарғып  түсті.  Қабір  ішіндегі 

жігіттің қолындағы кетпенді әй-шәйге қаратпай жұлып 

алды. «Ойбай-ау, бүгін жан аяйтын күн бе? Былай неге 

қазбайсың»  –  деп,  құлаштап  шаба  жөнелді.  Бұл  қалай 

кіжінсе  де,  қиыршық  тас  аралас  құм  мен  қызыл  сазға 

тиген кетпен жүзі шақылдап, бір сүйем батпай қойды. 

Судыр  Ахмет  онан  сайын  өршеленіп  кетпенді  әрі-бері 

сілтеді. Ақ тер, көк тер. Иті шығып ырс-ырс дем алады. 

Жан-жағында күлкіге булығып, анталап тұрған кісілерге 

көз  салмай,  кетпенін  шыр  айналып  жүгіріп  шықты. 

Бұлардың кезек сұрай қоятын түрін байқамағасын қайта 

қимылдады. Бірақ әлгідей емес, беті қайтып қалған.

– Кетпені құрғыр да ап-ауыр... Ұңғысына қорғасын 

құйған ба, қалай.

Судыр Ахметтің сырына қанық біреу:

– Иә, жаман қатын сияқты жаман кетпен де кісінің 

жігерін  құм  қылады  ғой,  –  деп  қостап  еді,  осы  сөзді 

арқаланған Судыр Ахмет жүзі жайнап шыға келді:

– Шіркін-ай, қаланың көкек бас ақ шоты болар ма еді! 

– деуі мұң екен, бір жігіт жүгіріп барып анадай жерде 

жатқан  ақ  шотты  әкеп,  қолына  ұстата  қойды.  Судыр 

Ахмет екі алақанына кезек түкіріп алды. Сосын қолға 




669

ұстатуға ыңғайлы жеп-жеңіл шоттың сабына бір, басына 

бір  қарап  сүйсінгенін  жасырмай  жымың-жымың  етті. 

Бірақ анадан туғалы жанын кинап жұмыс істемей, ісік 

өкпе боп кеткен неме сәлдесін алқынып қалды. Шотты 

сермесе  құдды  терісін  сыпырған  күзендей  жалаңаш 

қабырғалар  ыржың-ыржың  етеді.  Тер  сорғалаған  бет 

түтігіп  кеткен.  Бұрын  кішкентай  жаны  қиналып  бара 

жатса, бірдеңені сылтауратып, жұмысты тастай салатын 

да шапанның шалғайын қағып жүре беретін. Бұл жолы 

мына  бір  өңшең  көргенсіз,  сәкәку,  жәркелеш  жігіттер 

жан-жағынан анталап, бұл шот сермесе шуылдап: «Ой, 

пәлі!» «О, бәрекелде!», «Шіркін, жұмысты істесе Ақаң 

істесін!»,  «Басқамызды  білмеймін,  ал  мына  Ақаңның 

қызметіне Есбол атамыздың аруағы ырза шығар» – деп, 

қот-қоттап көтермелеп тұр. Ой, нәсілсіз әтеңе нағлеттер. 

Осындай  кісі  жаны  қиналып  тұрғанда  қолғабыс  берсе 

несі кетеді екен? Е, Құдай, кешегі құлақ кесті құлдар, 

нәсілсіз иттер, аға сыйлаушы ма еді? Ау! Ау, жер тәңірісі 

ақ патшаны жағадан алып жүрген жарымес жындылар 

емес пе. Бұлар... бұлар ше, құдайды да сыйламайды.

Әлі  құрыған  Судыр  Ахмет  әрі-берідесін  жеп-жеңіл 

шотты зорға көтерді. Жаны күйген бір кезде ол шотты 

лақтырып тастап, қабір түбіне тізерлеп отыра қалды да 

топырақты қос қолдап осып-осып алды:

– Кетпен дейсің, шот дейсің... ал енді, енді бар ғой, 

осы өзіңнің құдай берген мына қос қолыңның қасында 

соның бәрі мүлік емес.

Әли қабірге қарғып түсті. Судыр Ахметті жас бала 

құрлы  көрмей  көтеріп  ап  сыртқа  атып  жіберді  де, 

кетпенді қолына алды.



670

* * *

Есболды  жерлегесін  өлікке  жиналған  қара  құрым 

қалың нөпір топ-топ болып тарай бастады. Аттылысы, 

түйелісі,  әйелі,  еркегі  аралас  шұбар  ала  жиын  жан-

жаққа бытырап кетіп жатты.

Ағайын-тума  тым  болмаса  жетісіне  қара  деп 

жабысса  да,  Еламан  бір  күннен  артық  бола  алмады. 

Асығыс  жайын  айтып,  ертеңіне  түс  ауа  атқа  қонды. 

Жүрер  алдында  Есбол  атасының  басына  барып  құран 

оқыды.  Есболдың  жақсы  көретін  қара  тазысы  ере 

барған-ды.  Есті  иттің  іші  бәрін  сезетін  сияқты.  Қабір 

басында  қол  жайған  кісілердің  алды-артына  шығып 

қыңсылап  жүр.  Жер  астында  жатқан  бұ  дүниедегі  ең 

жақсы жанашырын қимай, қасындағы кісілерден көмек 

сұрағандай.  Еламан  осы  итке  қараймын  деп  отырып 

құран  сүресінен  жаңылып  қала  берді.  Қанша  күннен 

бері ас ішпеген иттің екі бүйірі сұғылып кетіпті. Қабір 

басында  көзін  төмен  салып  сазарып  алған  мына  бір 

кісілерден түк шықпасын сезді ме, бір кезде қара тазы 

жас қабірдің топырағын иіскелеп, жаны дызығып шыр 

айналып жүгіріп-жүгіріп алды.

–  Апыр-ай,  мына  иттің  даусын-ай!  Қанша  кісі 

жиналғанда  өлікті  жаны  күйіп  жоқтаған  жалғыз  осы 

болды-ау,  –  деді  Әли.  Көңілшек  жігіттер  көзіне  жас 

алды. Еламан жыламайтын. Әсіресе, дәл осындай өлік 

шығып,  ел-жұрт  ызы-шу  боп  жатқанда,  көзінен  жас, 

өңінен қан қашып сұп-сұр боп алатын-ды.

Құран оқылғасын Еламан орнынан тұрып жатып қара 

тазыға  көз  қиығын  тастап  еді;  нәсілі  ит  демесе,  мына 

пақырдың  өңінде  нақ  бір  жанашыр  адамның  жүрегін 

дірілдеткендей  зіл-батпан  ауыр  мұң  тұрғанын  көрді. 



671

Қара тазы қабір басынан ұзап кетіп бара жатқандардың 

соңынан  қарап  тұмсығын  көкке  көтеріп,  даусын  ұзақ 

созып ұлыды да, сосын шәу-шәу үрді.

Еламан қайда барса да екі елі қасынан қалмай еріп 

жүрген мына кісілердің бары-жоғын байқаған да, сезген 

де жоқ. Осы қазір ол өзіне де, өзгелерге де ызалы. Осы 

өңір қатты сыйлайтын қарияны қара жерге берді. Кеше 

бүтіл ел күңіреніп жоқтап еді. Арулап жуып, аққа орап, 

қос аршын қара жерге қалай көмді, солай көңілден де 

кетті. Енді, әне, түк болмағандай аттысы атқа, түйелісі 

түйеге  мініп,  кәжік-күжік  әңгімелерін  соғып,  ауыл-

аулына  тарап  барады.  Бұ  да  аттанғалы  белін  буып 

құнтиып отыр. Сонда, бәтір-ау, өлікке жиналған осынша 

халық  ішінде  әлгінде  Әли  айтса  айтқандай,  Есболды 

шынымен  жаны  күйіп  жоқтаған  жалғыз  жаңағы  қара 

тазы болғаны ма? Солай ма? Неғылса да, осы жұрттың 

қызығы мен ренішіне қатар кенеліп жүрген аспан асты, 

жер үстін жалған, алдамшы, опасыз дүние деп қаралай 

түңілетіні тегін болмағаны ғой. Жо-жоқ... дүние шіркін 

опасыз  болса  болар.  Бірақ  дәл  сол  айтқандай,  опасыз 

болғанда  да  оның  бір  айналымға  келмей  шолтаң  ете 

қалатын өткіншілігін айтпаған шығар. Озалдан туу хақ, 

өлу  хақ.  Дүниеге  келген  әрбір  адамның  құлақ  қақпай 

мойындаған жалғыз ақиқат шындығы еді ғой бұл. Жә, 

сонда  осы  адамдардың  аузын  ашса  дүние  опасыз  деп 

өксігін  баса  алмайтынына  жөн  болсын.  Опасыз  дүние 

ме, жоқ, адамдардың өздері ме?

Еламан  жаңа  әлде  қара  тазыға  қараймын  деп 

құран  сүресінен  жаңылып  кете  берген-ді.  Қабір 

басындағылардың  бет  сипап  жатқанын  көріп,  бұ  да 

тие  берсін  деді.  Жүрелеп  отырған  жерінен  жалма-жан 

түрегелді.  Еңкейіп,  тізесіне  жұққан  топырақты  қақты 



672

да, көп дүрмекке ілесіп қайтып келе жатқанда да осы ой 

бір сәт басынан кетпеді.

Бүгін  Есбол  атасы  дүние  салды.  Кемпірі  былтыр 

өлді.  Енді  мына  тұлдырсыз  үйге  тұлға  болар  тірі  жан 

жоқ. Есік, терезесін сыртынан тас қып бекіткесін, бұл 

үйге бұнан былай әлгі бишара тазы болмаса, онан басқа 

кім  аяқ  баса  қояр  дейсің?!  О  да  қорада  күн  көзінде 

қаңсып  жатқан  итаяқты  иіскелеп-иіскелеп,  кыңсылар-

кыңсылар да жөніне кетер.

Еламан түрегелді. Есіктен шығар жерде қасындағы 

кісілерді ілгері өткізіп жіберді де, өзі сәл іркіліп, Есбол 

атасының  үйіне  ақырғы  рет  бұрылып  бір  қарады.  Күн 

бетте  жалғыз  терезесі  бар,  бас-аяғы  бір  бөлме.  Бірақ 

дариядай  кең.  Қашан  кемпір  қайтыс  болғанша  осы 

өңірдегі қонағы үзілмеген, дастарханы мол, меймандос 

үй-тұғын.  Еламан  сыртқа  ере  шыққан  кісілермен  есік 

алдында  тұрып  қоштасты  да,  жігіттерін  ертіп  жүріп 

кетті. Маңдайы – болыс аулы. Совет үкіметі орнағасын 

бұлар  да  болысты  кешегі  қара  сирақ  жалшыдан 

сайлаған-ды. Едіреңдеген жас жігіт екен. Екі күн бірге 

болғанда  байқағаны  –  алдына  келген  кісінің  жақпас 

бірдеңесін  байқаса  болды,  қолында  сығымдап  ұстап 

тұрған  қылышты  бір  сөзге  келмей  суырып  алатындай, 

сыртына сұсын шашып шіреніп алады екен. Бес қаруы 

белінде тұрғасын ба, ол тек Еламанға үйтпеді.

Еламан:

– Жасақ құрам, елден жігіт жиып бер! – деп еді.

– Ол оңай ғой, – деді жас болыс.

– Сосын... оларға ат керек, – деп еді.

– О да оңай, – деді.

– Қанша деп сұрамайсың ба?

– Қанша керек болса, сонша жинап берем.

Еламан айтқанын екі етпей едірендеп тұрған мына 




673

жігітке  сенімсіздене  қарап  еді.  Жоқ,  қолынан  бірдеңе 

келетін  сияқты.  Дәл  өзіндей  өңшең  кылыш  асынған 

жігіттерді  дереу  жиып  алды  да,  бір  тобын  жайлауда 

отырған  жалпақ  елден  жігіт  жинап  келіндер  деп 

шаптырды. Дәл солардай жалақтаған және бір топты осы 

өңірдің  Еламан  жақсы  білетін  байларына  шаптырды. 

Бұларды  да  қызыл  әскерге  жылқы  жинап  әкеліндер 

деп, бет бақтырмайтын қатал әмірмен аттандырған-ды. 

Сол күні ақ пен қызыл арасында жан-жақтан шандатып 

жылқылар келе бастады. Кіл сәйгүлік жарау аттар.

– Бұл Тәңірбергеннің жылқылары.

– Неге аз? – деді болыс.

– Мырзаның өзі жоқ екен. Алдаберген осының өзін 

шаққа...

– Не деп оттап тұрсың. Сұрама дегенім қайда, берсе 

– қолынан, бермесе – жолынан.

– Төбелес шығып кете ме деп қорықтым.

– Қол көтеріп көрсін... Түндігін түріп қойып шауып 

алам. Ожар Оспанның жылқылары қайда?

– Қиқар неме өз ықтиярымен қотыр тай да беретін 

емес.


– A-а?!  Қап,  мына  иттің  ызасын-ай.  Ендеше  аттан. 

Дереу... дереу аттан! Өзің бастап бар. Тез! Қарсыласса 

– қару жұмса. Ат! Шап! Жауабын өзім берем. Ал Ожар 

неменің өзін осында жаяу айдап әкел! Ұқтың ба, алдыңа 

сап жаяу айдап әкел!

Еламан жас болысқа екеуден-екеу оңаша қалғасын: 

«Тым  қатты  кетіп  бара  жатқан  жоқсың  ба?»  –  деп 

ескертіп еді. Болысқа бұл сөзі ұнамады.

– Жігіттерді де, жылқыны да жинап берем. Ал, ағасы, 

тек байларға ара түспе. Қазір заман басқа. Оларды тып-

типыл  ғып  құртпай  бізге  тыныштық  жоқ.  Әй,  не  ғып 

тұрсыңдар, тез аттан дегенім қайда?




674

Еламанда енді оның ісі болған жоқ. Оның дәл өзіндей 

сары ала қылышы сартылдап ішке бірі кіріп, бірі шығып 

жүрген  әпербақан  жігіттерді  шұғыл  бүйрықпен  жан-

жаққа аттандырып жіберіп жатыр.

Иә,  заман  өзгерді.  Адамдар  да  өзгерді.  Кеше  мал 

соңында сылпылдап күн кешкен мыналар да қазір басқа. 

Болыс бір жанды бетіне қаратпайды. Бұның ұғымында, 

малы бардың бәрі – бай. Ал бай атаулының бәрі – жау. 

Әсіресе,  бұрын  болған-толған  кісілерге  бүйідей  тиеді. 

Бай  ауылға  тасырлатып  шауып  барады.  Алдынан  үріп 

шыққан иттерді атады. Астында ақ тер, көк тері шыққан 

аттың басын ақбоз үйге тіреп тұрып айқайлап сөйлеседі. 

Айтқанын  қайт  етпей,  алдына  түсіп  емпеңдеп  жүгіре 

жөнелсе  жақсы.  Егер  қарсы  келсе,  көзі  ақиып,  қолы 

қылышқа  сарт  етеді.  Басқа  басқа,  осы  болыс  таяуда 

өзімен  бірге  туған  бауырын  Тәңірбергеннің  малын 

жасырды,  байдың  құйыршығы  деп  ұстап,  қаладан 

келген милицияға айдатып жіберген-ді. Сол сұмдықты 

көрген осы өңірдің халқы қазір бұнан қаралай тітіркеп 

тұратын бопты. Жаңағы жігіттер де бара сала әй-шайға 

қаратпай, Ожар Оспанды алдарына caп дірдектетіп жаяу 

айдап әкелді.

Еламанның іші мұздай болды. Қолы теңдікке жеткен 

кешегі  қара  сирақтар  өздерінің  ендігі  тірлігін  тек  кек 

алудан  бастаса  келешекте  әлі  талай  бас  домаламай 

қайтер дейсің.

* * *

Еламан  түбектегі  ауылдан  ертелете  аттанды.  Аты 

мықты. Суыт жүріске өзі шыдаса, Шалқардан шыққалы 

бауырын тартып жарап алған күрең қасқа жар басындағы 

балықшылар  аулына  күн  барында  жеткізетіні  кәміл. 



675

Кісіден қателессе де бұл өзі жылқыға көзі жіті жігіт-ті. 

Тақымы астындағы ат түгіл желі басында үйір-үйірімен 

үйездеп  тұрған  жылқыға  көлденеңнен  көз  салса 

болғаны, қайсысының қандай мал екенін бір қарағаннан 

біле қоятын.

Күрең  қасқа,  сірәда,  қамшы  салғызбайды.  Қайыс 

тізгінді  қасарысып  тартып  отырғанның  өзінде  әрі-

берідесін  денесі  қызып,  тас  төбесінде  шаншылған 

қос  құлақтың  түбінен  шып-шып  тер  шыққасын,  тіпті 

дебелесі  қозып  көтеріліп  кететін.  Сонан  кейін  езуін 

айырған ауыздықты егеспен қарш-қарш шайнап, тізгінін 

созып шаба жөнелетіндей жол бойы үнемі сүзе ұмтылып 

отыратын ұрыншақ.

Еламан қазір күрең қасқаға әбден бауыр басып алды. 

Қайда  жүрсе  де  өзінен  бұрын  әуелі  осы  аттың  бабын 

істеп, оты, суын қандырып отырады. Күрең қасқа қазір 

тіпті  күйлі.  Түбектегі  ауылдан  шыққалы  төрт  тұяғы 

топылдап cap желіп келеді. Жететін жері қашық болса 

да,  күйлі  ат  қоймады.  Намаздыгер-намазшамда  Бел-

Аранның сырт жағындағы боз жусанды бұйратқа ілікті. 

Сонан қашан балықшылар аулына жеткенше көк аспан 

астында  далиған  көк  теңіз  жолаушының  бүткіл  бір 

қапталын алып жатты. Аңғардан соққан баяу ғана ескек 

жел жол бойы күрең қасқа атты да, бұны да омырауынан 

қағып желпіді де отырды.

Еламан  жол  бойы  Әлидің  үйіне  түсермін  деп  келе 

жатқан-ды. Ауыл шетіне кіре бергенде ат басын Достың 

үйіне қалай бұрып алғанын байқамады. Жә, бір есептен 

бұнысы да дұрыс. Араларындағы араздықты асқындыра 

бермей бір есептен қайта осылай орайлы тұста есебін 

тауып,  түс  шайысып  жүрген  қырғи  қабақ  кезде  сен-ақ 

кішірей.



676

–  Біреу  келді  ғой,  –  деді  Қарақатын  ат  тұяғының 

тықырына елең етіп.

Төрге  жайған  алашаның  шетінде  насыбай  уқалап 

отырған  Дос  қозғалмады.  Сыртқа  сүріне-қабына 

жүгіріп  шыққан  Қарақатын  үй  алдындағы  жалғыз 

қазыққа  атын  байлап  жатқан  жолаушыны  көре  сала, 

әй, мынау... Ойбай, бетім-ау... Өзі не боп кеткен? Үсті-

басы тыртысқан мынау кім? Құрысын, құрысын, қатпа 

болған атандай қол-аяғы сидиыпты да қалыпты. Күлкі 

қыштаған  Қарақатын  алақанымен  аузын  баса  қалды. 

Қан  теппейтін  қайыс  қара  бетін  сырт  айнала  бере  бір 

шымшып үзіп алды.

– Әй, тұр! Еламан келіп аттан түсіп жатыр.

Дос  бұл  жолы  да  құлақ  аспай,  насыбайын  уқалап 

отыра берді. Қарақатын қопырсып жатқан үй ішін үйтіп-

бүйтіп  жиыстырам  дегенше  ішке  Еламан  кіріп  келді. 

Көк  насыбайды  мүңкітіп,  қозғалмай  отырған  күйеуге 

бір қарап:

– Қайным, жоғары шық, – деді Қарақатын. – Жаман 

ағаңның есігін ашпайтын едін, осы жөнің түзу, жақсы 

келдің.


– Әй, сұңқылдамай, шайыңды қой!

Қарақатын мырс етті:

– Ағаң осы.

– Әй, қатын...

– Көрдің ғой, бізді қорқытады.

Дос күлтілдеген қабақ астынан қатынына алара бір 

қарады. Қарақатын оған «тұтақ» деп ернін шығарды да, 

өреше  жақта  тұрған  қара  шайнектің  суын  төге-шаша 

сыртқа  ала  жөнелді.  Дос  бүтіл  үйде  қонақпен  екеуі 

оңаша қалғасын да үндемеді. Ақырған көк насыбайдың 

иісі танауын жыбырлатып, түшкіре жаздап көзі жасаурап 

отыр. Еламан рай бермей қойған үй иесіне тіл қатудың 




677

есебін  таба  алмай,  қозғалақтап  мазасызданып  отырды 

да, сосын сырт жағында жатқан жастықты өзіне тартып 

алды.  Жұмарлап  қолтығының  астына  басты.  Шай 

үстінде де сөздері жараспады. «Бекер келдім бе?» деген 

өкініш көңілінен кетпей отырған. Әйтеуір, шайдан кейін 

Дос тіл қатып:

–  Балаңа  соқтың  ба,  пақыр  қалай  екен?  –  деп  жөн 

сұрап  еді,  шайдың  шәмбесін  сыртқа  апарып  төккелі 

есіктен шығып бара жатқан Қарақатын қайырылып тұра 

қалды.

– Бар, шаруаңды істе, – деді Дос. Қарақатын оның 



сөзін  жыр  демей  қайтып  келіп  күйеуімен  тақымдасып 

отырып алды.

– Бала жүдеу, – деді Еламан.

– Шала туды ғой. Сонан болар, – деді Дос.

– Не қылған... – деді Қарақатын, – кісі баласын кісі 

баға ма. Құдай біледі, Сүйеудің қақбасы қаймағын алған 

көк шалап сүтті беретін шығар.

– Қой дедім ғой саған.

– Қой дедім, қой дедім. Сонан басқа білерің бар ма 

сенің.


– Әй, қатын... өлгің кеп отырмаса, қой енді.

– Сен бе өлтіретін. Тұтақ. Ой, шір...

Қарақатын күйеуінің қол созған жағына көз тастады 

да,  жым  болды.  Жаңа  насыбай  уқалаған  жиде  қаданы 

Достың  өзіне  жақындатып  тартып  алғанын  көргенде, 

Қарақатынның  тырыли  арық  денесі  көйлек  астында 

қайқаңдап кетті. Ол енді отырса да, тұрса да көз қиығын 

жиде қададан айырмады.

– Енді үйлен, – деді Дос.

– Өзімнің де ойымда бар.

– Ой-сойды қайтесін. Бас сал да үйлен.

Қарақатын  жиде  қаданы  білдірмей  есік  алдында 




678

жатқан бір арқадай отынның астына сүңгіте салды.

– Мәку-сәкуді қой да үйлен. Шүйкебас алмай шыр 

бітпес деген, – деді Дос дүңкілдеп.

– Дұрыс айтасың. Тек, Дос аға, өзің білесің ғой, мен 

әйелден аузы күйген кісімін ғой.

– Бетінің ажарын қайтесің. Ac құйып ішесің бе оған.

– Қайдам, бұйырғаны болар.

– Әй, бала, бұйырған-сұйырғанды қой. Осы ауылда 

саған  лайық  бір  қатын  бар.  Төлеудің  үлкен  қатынын 

білесің ғой. Дәл соған үйлен.

– Ой, құдай-ай... Соны да қатын деп...

– Е, несі бар?

–  Аты  ұрғашы  демесең,  сол  сорлыда  еркектің 

кәдесіне жарайтын несі бар дейсің. Екі елі тылағының 

қай жерде екенін кәзір оның өзі де білмейтін шығар.

– Не дейді, мына найсап.

–  Қайным  ондай  салпы  етекті  қайтсін.  Басы  бос 

демесе, иттің күшігіндей шалғайыңа оралған балалар. 

– Әй, сен қатын, қоясың ба, жоқ па?

Күйіп кеткен Қарақатын от көсеп отырған қолындағы 

күлді-күйелеш  көсеумен  жердің  шаңын  бұрк  еткізіп 

салып-салып қалды:

–  Қой,  қой  деп  сен-ақ  кісінің  аузына  қақпақ  боп 

құрттың ғой. Жұрттың бәрін өзіңдей қара борбай жаман 

балықшы  көресің  бе?  Қыз  таңдап  жүрген  жігіт  салпы 

етек салдақыны қайтсін.

Дос тұнжыраған қалпын бұзбай, әлгіде оң жамбасына 

оңтайлап  қойған  қадаға  қолын  созып  еді,  күйеуінің 

қимылын бағып отырған Қарақатын мырс етті.

Дос  жаңағының  арасында  зым-зия  жоқ  боп  кеткен 

жиде қаданың жөнін білмей аңырып қалды. Бұлардың 

ұрысының  ішінде  болғысы  келмеген  Еламан  шинелін 

жамылып  сыртқа  шықты.  Күн  батыпты.  Ала  бұлтты 




679

аспанда жалғыз қадақ жұлдыздар жылтырады. Ызыңдап 

маса шығыпты. Үй алдында қаңтарулы тұрған ат иесін 

танып оқыранды. Еламан атты ауыл сыртындағы қалың 

бозға  апарып  тұсап  жіберді.  Қайтып  келе  жатып  қара 

молаға соқты. Мөңкенің әлі басы қарайтылмапты. Қара 

дөңнің басында өзінің сонау бір тірі жүрген кезіндегідей, 

өлгенде де өзгелерден жотасы асып, астаудай топырақ 

астында дөңкиіп жатыр екен.

Көз  байланар  алдында  теңіз  беті  қап-қара  боп 

түксиіп  алған.  Промсол  жақтан  өгіз  шағалалар  өкірді. 

Олардың  қиғылық  ұрғанына  қарағанда,  шамасы,  сірә, 

алысқа  салған  ауды  қарап  кеш  оралған    балықшылар 

сыралы  қайтқан.  Бұндай  күндері  Кенжекей  жұмыстан 

күндегіден  кеш  шығады.  Төлеу  қаза  тапқалы  Қалау 

«маған  ти»  деп  жесір  әйелге  күн  көрсетпей  жүрген 

көрінеді.  Айғаншаның  жақсы  көретін  сырлас  жеңгесі 

болғасын  ба,  осы  келіншек  бұған  да  бір  түрлі  ыстық. 

Оның үстіне шиеттей жас баламен қалған жас келіншекті 

аяйды.  Жаңағы  Достың  сөзі  көңіліне  қонды.  Бет 

ажарлыдан тапқан опасы белгілі. Ендігі жерге баласын 

бағып,  от  басының  аз  ғана  ырзық-несібесін  шашпай-

төкпей үлгертіп отыратын әйел болса несі бар.

Осы  оймен  Еламан  балықшылар  аулының  шетіне 

кірді.  Көп  үй  кешкі  асын  алдына  алыпты.  Кей  үйден 

күні бойы теңіз үстінің көк толқынымен алысып титығы 

құрып  қайтқан  кісілердің  қалжыраған  қарлығыңқы 

даусы естіледі. Тек осы ауылдағы ең үлкен үйдің есігі 

алдынан  өте  бергенде  Еламан  домбыра  сағағында 

қылқылдаған әлдебір күйге құлағын тікті. Құдай біледі, 

мынау кешегі Тілеу-Қабақ байының жалғыз баласы Әли. 

Бір  кезде  бұлғақтаған  мырза  кешегі  шапқыншылықта 

қыруар  малы  қолды  боп,  бір  сәтте  жоқшылық  басына 

түскесін,  қайратты  жігіт  қара  жұмысқа  қос  ескек, 




680

бір  таяуды  алып,  қара  қайыққа  отырды.  Кәзір  бұ  да 

балықшы.  Күні  бойы  ескек  тартып  екі  қары  салдырап 

қайтқан  жігіт  бауырына  қысып  алған  кішкентай  жиде 

домбыраның екі шегін бебеулетіп отыр.

Ертеңіне Еламан ерте тұрды. Күндегі дағды бойынша 

ауыл шетіне шығып, атына көз caп қайтты. Күрең қасқа 

кеше  тұсап  жіберген  жерінен  тапжылмапты.  Ертеңгі 

салқынмен ауыл іргесіндегі отқа құныға кірісіпті. Әлі де 

болса, түнгі шыққа шылаған көк майса жусанды тілімен 

үйіріп,  қара  басын  алмай,  ара-арасында  рақаттанып 

пыр-пыр етіп қояды.

Жел  көтеріліпті.  Түнімен  шырадай  тынып  жатқан 

теңіз  қазір  таңмен  таласа  білінген  аңғардың  азанғы 

қатқыл  желіне  жынданып,  дөңбектей  ауыр  толқындар 

аударылып-төңкеріліп  жатыр  екен.  Еламан  «дауыл 

болады-ау,  сірә»  деп  топшылады.  Бағана,  бұл  тұрған 

кезде  Қарақатын  көрпемен  басын  бүркеп  ұйықтап 

жатыр  еді;  қазір  о  да  тұрыпты.  Ыдыс-аяқ  даңғырады. 

Үй ішіне бүйедей тиіп барқылдаған жарқыншақ дауыс 

шығады. Еламан өзі түнеп шыққан үйге біреу желкелеп 

итергендей,  аяғын  зорға  басып,  әрең  келе  жатып,  бұл 

кезде  сонау  көз  ұшында  шағалалар  қиғылық  ұрып, 

шаңқылдап  жатқан  көк  теңізде  төсін  толқын  соғып 

секектеген қайықтарға көз салды.

Таң  қараңғысынан  оянған  балықшы  ауыл  абыр-

сабыр. Промсолда істейтін қатындар да жұмысқа кетер 

алдындағы  оны-пұны  шаруасын  үлгере  алмай,  етегіне 

сүрініп, қапылып жатыр екен. Еламан кенет Кенжекейді 

көрді.  Кенжекей  шалғайына  оралған  кішкентай  қызды  

бауырына  тартып  отыра  қалды  да,  құлағына  бірдеңе 

деп сыбырлады. Басынан сипады. Бетінен сүйді. Сосын 

мұрнын сүртіп арқасынан қақты да, әзер дегенде алдап-

сулап жұбатты. Желкесіне сырғып түсіп бара жатқан ақ 




681

жаулықты  асығыс-үсігіс  жөндеп  тартты  да,  бұл  кезде 

промсолға  беттеп  бара  жатқан  қатындардың  соңынан 

жүгірді.


–  Еламанжан,  сенде  шаруам  бар  еді,  –  деді  біреу 

бұны шынтағынан тартып.

Осы  пәлені  ұнатпаса  да,  амалсыз  ырқына  көніп, 

жетелеген  жағына  кетіп  барады.  Үй  сыртына  ұзап 

шықты.  Көгі  қалың  жерге  қатар  отырды.  Судыр 

Ахмет отырған жері жайсыз болғандай әлде неге әуелі 

қипақтап,  сипақтап,  әуелі  тиышсызданып  қозғалақтай 

бастады. Сосын өзінің алдындағы бөксе басып отырған 

жері  кілкілдеген  көк  жусан,  қоңырбас,  жоңыршқа 

арасында  сорайып  бой  салып  өскен  сары  өсімдікке 

қарады.  Созылып  барып  анадай  жердегі  қызыл  бауыр 

изеннің  ұзын  бір  талын  үзіп  алды.  Сосын  онсыз  да 

кеңірдегі  тоқпақтай  ұзын,  ұзын  мойнын  әдеттегідей 

өршелене созып:

– Уа, мына Жақайым Жетес би айтқан екен... – дей 

түсті де, өзінің жаңағы қоразданып едірейген қалпынан 

кенет  күрт  өзгеріп,  тамағына  тас  тұрғандай  тоқтап 

қалды.  Онан  сайын  Еламанның  зәресі  ұшты.  «Тегін 

болмас»  деп  ойлады  да,  иегіндегі  бес  тал  сақалды 

түбінен қысып, төмен қарап тұқырайып отырған кісіден 

көзін  айырмады.  Оның  қос  езуліктің  тұсында  жөнсіз-

жосықсыз жыбыр-жыбыр ете қалған бес-алты тал қыл 

да, тас қып жұмып алған көзі де, әсіресе, қос шекелігі 

қушиған  ешкі  басының  екі  қапталында  қалқиған  ана 

ақ  жарғақ  аламан  құлағы,  бәрі-бәрі  жүрегі  сезген  бір 

жамандықты растап тұрғандай. Еламан әрі-бері қипақтап 

отырды да, ақырында төзімін тауысып, ананы иегін тас 

қып уыстап алған қолынан тартты. Судыр Ахмет көзін 

ашып  алды.  Бірақ  Еламанға  көз  салмай,  алдынан  өтіп 

бара жатқан құмырсқаны көріп қалды, күзен бел ұзын 




682

бойымен ұмтылып барды да, қолындағы қызыл изенмен 

шыпытып ұра бастады. Денесіне таяқ батқан құмырсқа 

аузындағы тістеп алған дәнді тастай қашты.

Еламанның етек-жеңі кеңіп сала берді. «Ой, берекесіз 

сорлы» деді ішінен

– Айтпасаң да естідім. Кенжекейге үйленгелі жатқан 

көрінесің, – деді Судыр Ахмет.

– Ой, сөзің бар болсын! Бар болғыр! – деп, орнынан 

тұра  беріп  еді,  Судыр  Ахмет  етегінен  басып  орнына 

қайта отырғызды.

–  Оу,  «ел  құлағы  елу»...  Сен  жасырғанмен  жаман 

ағаң есітті.

Еламан  бұған  не  істерін  –  кейірін,  әлде,  ренжірін 

білмей отыр.

–  Ау!  Ау,  сенің  Кенжекейге  үйленетініңді  өзім  де 

білгем. Ойбай-ау, Еламанжан-ау, жаман ағаңның жүрегі 

жақсылықты жер түбінен сезеді ғой.

– Жә, қайтесің. Қойшы!

–  Қайтесіңің  не?  Қатын  алу  құдай  бұйрығы.  Оны 

айтасың  ба,  мен,  тіпті,  сені  Кенжекейге  сыртыңнан 

таныстырып  жүргем  –  деп,  осы  арада  Судыр  Ахмет 

өзінің  өтірігіне  өзі  иланып  кетті  де,  құдды  мешел 

болған баладай құйрығымен әрі-бері ырғаңдай жылжып 

Еламанға жақындадыі.

Еламан  түрегелді.  Судыр  Ахмет  те  шалғайласа 

тұрды.  Еламанның  құлақ  аспағанына  қарамай,  оның 

біресе  оң,  біресе  сол  жағына  шығып,  алдын  орап 

емпелеңдеп келеді.

– Ал! Ал енді, сен дегенде бұл ағаңның пейілі басқа. 

Ойбай-ау, сен дегенде ағаңның тілінің тиегі ағытылып 

кетеді  ғой.  Жігіт  сөзбен  ажарлы  болса,  айтпады  деме, 

сен  осал  емессің.  Осы  жолы  сені  келіншек  алдында 



683

ажарлап  бақтым.  Екі  иығыңа  екі  үкі,  басыңа  бір  үкі 

тағып ажарлап таныстыра...

Реніш  пен  ыза  қабат  қысқан  Еламан  қасында 

бірдеңелерді  былдырлап  бүлкектеп  еріп  келе  жатқан 

Судыр  Ахметті  бір  түйіп  жалп  еткізді.  Балықшылар 

ауылы  отырған  тік  жардың  баурайын  киялап  төмен 

түсті. Теңіз жағалауында қақалып тұнып тұрған алабұта, 

ащылық  сораңды  солдат  етікпен  пытырлатып  басып 

келеді.


Құдай-ау, бұл не? Бұларға не болды? Патша құлады. 

Уақытша үкімет құлады. Жер-жердің бәрінде де халық 

қолына  қару  алып,  осы  дүниенің  төрт  бұрышында 

тыныш  түкпір  қалмай  дүрлігіп  жатыр.  Ал  бұлардың 

түрі мынау. Жүдеу дала. Баяғы жайбасар тірлік. Баяғы 

бойкүйез  ауыл.  Сол  баяғы  өмір  бойы  ұйқы  мен  ояу 

арасында  иіні  түскен  берекесіз  жандар.  Әлде  бұлар 

да  қара  дауыл  қаптай  соғып  кеткенде  қамыс  арасында 

ықтап қалатын шүрегей қоңыр үйректей ме? Анау ашық 

айдында  ірі  құстар  бұршақ  соғып  мертігіп  жатқанда, 

бергі  жақта  –  саяз,  қызыл  суларда  солар  жан  сақтап, 

аман қалатын еді ғой.

Еламан  промсолға  келгенін  байқады.  Қысы-жазы 

күн түспей қарақөлеңкеленіп тұратын даладай лабазда 

қазақ,  орыс  қатындардың  жаулығы  ағараңдайды.  Олар 

сойып жатқан балығын жерге қоя caп, бәрі бірдей түсі 

басқа кісіге бұрылды. Тек дөңгелек зерен жүзді келіншек 

мына жігіттің өзін іздеп келгенін біліп, шырыш-шырыш 

қолын алжапқышына сүртіп, орнынан ақырын түрегеле 

берді.


– Сыртқа шығайық, – деді Еламан.


684

* * *

Еламан  үйде  жалғыз.  Әлгінде  Әшімді  арқалап, 

ұршығын алып қыдырып кеткен келіншегін күтіп жатыр. 

Кенжекейге  үйленіп,  бір  түндік  астында  тұрғалы  да 

біраз. Бұл қаламаса да, бірақ жаңа үйленген келіншегі 

қиылып отырып алғасын, баяғыда Ақбалаға үйленгенде 

тұрған ескі үйін жөндеп кіріп алған-ды.

Еламан  баяғы  өмірді  еске  салатын  бір  нәрсені 

қалдырғысы  келмеді.  Есік-терезені  қайта  салды.  Ескі 

шымылдық  пешті  бұзып,  кесегін  сыртқа  шығарып 

тастады. Промсолдан ақ балшық әкеліп қабырғаларын 

майлап шықты. Көз көрген кісілер Еламанның құлаған 

шаңырағын қайта көтеріп, өз алдына үй болып жатқанына 

мәз. Түс ауа үш ауылдың кәрі-жасы жиналып, Еламан 

мен Кенжекейді жаңа үйге кіргізді.

Қалау  Кенжекейдің  төсек-орнын  бермей,  алып 

қалған-ды. Күндіз кісі-қара бар кезде байқамапты. Кешке 

өздері  оңаша  қалғасын  бір  жаяр  төсеніші  жоқ  бөлме 

үңірейіп  қоя  берді.  Жатарда  өздері  түгіл  балалардың 

астына не төсерін білмей, ерлі-зайыпты екеуі қиналып 

тұрғанда, кенет сырттан дабырлаған дауыс шықты. Іле-

шала  Әли  бастаған  бір  топ  жас  кірді.  Тілеу-Қабақтың 

жас жігіттері жарқылдап күліп, әзіл-қалжыңмен жүріп, 

қолтығына  қыса  келген  алаша,  текеметтерін  жайып, 

тұсқа ұстап, әп-сәтте үйдің ішін жайнатты да жіберді.

Көңілді жігіттер кеткесін үй іші қайтадан жым-жырт 

бола  қалды.  Төлеудің  үш  баласы  мына  бір  түсі  басқа 

жат  кісіден  қысылды  ма,  әлде  жатырқады  ма,  үрпиіп 

бұрышқа тығыла қапты. Олардан Еламан да қысылды. 

Басқалардан гөрі естиярлау әне бір сары бұжыр баланың 

ажарында анық жаулық бар. Өздерінің онсыз да жұпыны 



685

жүдеу тірлігіне қайдағы біреудің қайдан тап келгеніне 

ырза емес сияқты.

Еламан  көбіне-көп  осы  сарыдан  қысылды.  Оның 

қысылатынын байқаған бала әкесіндей дап-дардай кісіні 

ықтырғанына дән ырза. Тек мына бір бұнан қаймығып 

ығатын  кісіге  анасының  ықыласы  неге  басқа  екеніне 

түсінбеді.  Сары  баланың  жынына  тиген  тағы  бір  жай: 

күндіз аласа үйде ұзын бойы өңкиіп, ебедейсіз қозғалып 

жүретін осы ұялшақ кісі күнде кешкісін шам сөнердің 

алдында көйлек, дамбалы ағараңдап шешесінің төсегіне 

кіріп бара жатады.

Алғашқы  күні  Кенжекей  де  қиналды.  Күнде-күнде 

қасына алып жатып жүрген кішкентай балаларды қалай 

бөлектеудің  есебін  таба  алмай  сыртқа  шықты.  Ішке 

кірді.  Кешкі  астан  кейін  үстеріне  көрпе  жауып  жатып 

та  балалардан  бетін  алып  қашып,  сырттап  бұрыла 

берді.  Ала-бөле үлкен баладан қатты қаймығып, жерге 

кіре  жаздады.  Төсек  жанында  тұрып  шешініп  жатқан 

күйеуіне тіпті көз салмады. Сыртқа шығып бара жатып, 

есік  жақта  сығырайған  шамды  сөндіре  кетті.  Сонан 

қайтып оралмады.

Еламан  да  қараңғы  үйде  көзі  ашық  жатыр.  Ет 

қызумен    апақ-сапақта  үйлене  салса  да,  кейін  ойлап 

қараса,  үш  қатынның  жатырынан  шыққан  үш  бала  да, 

үш рулы ел де бір екенін байқады. Енді шегінетін жер 

жоқ,  осылармен  ептеп-септеп  өмір  сүреді.  Дегенмен, 

мыналардың бір оттың басына сыйысуы қиын сияқты. 

Ала-бөле бұжыр сарыдан шошиды.

Қысқа түннің қай уақыты болғаны белгісіз. Бір кезде 

осы күнгі өз халін ойлап жатып: «Істеп салдым бір істі, 

Алла оңғарсын бұл істі» – деп, әлдеқалай аузына түскен 

өлең жолын ішінен қайталағаны есінде. Сонан арғысын 

білмеді.  Ұйықтап  кетіпті.  Қашаңғы  дағды  бойынша 




686

күнде оянатын кезде көзін ашса, таң әлі атпапты. Бірақ 

таң алдында туған толық ай тас төбедегі терезе әйнегіне 

бозамық рең беріп, үй-іші ақсүттеніп тұр екен. Тұрған 

бойда көзіне есік жаққа тастаған солдат етік түсті. Өзі 

жатқан төсектің аяқ жағынан қазандыққа қонжиып алған 

құлақты қара қазан қарауытады. Өз төсегінен арырақта  

үстеріне  жапқан  үлкен  көрпе  астында  айқыш-ұйқыш 

жатқан үш баланың біреуі тоқты қошқардай мекіренеді. 

Кенжекей  ішке  балалар  оянғасын  кірді.  Сыртта 

қайнатып  әкелген  қара  шайнекті  қолына  ұстай  кірген-

ді.


–  Балалар,  тұрыңдар!  Менің  жұмысқа  кететін 

уақытым болды.

Даусы  ұп-ұяң.  Дөңгелек  зерең  жүзінде  тіпті  зәр 

жоқ. Төсегінің жанынан өтіп баратып айтты да, көлдей 

көйлектің ар жағынан аяқ басқаны білінбей ұзап барады. 

Түнімен  күте-күте  ызаланып,  таң  алдында  ғана  көзі 

ілінген Еламан қалай  көңілденіп, қалай төсектен атып 

тұрғанын өзі де білмеді. 

– Балаға лайық қандай жұмыс бар?

Кенжекей  қасына  кеп,  күлімсіреп  тұрған  күйеуіне 

таңдана қарады. «Ә» дегенде мынау әлде әзіл, әлде шын 

екенін білмей қалды да, «әзіл болар» деп ойлап, істеп 

жатқан шаруасына кірісіп кетті.

Кенжекей күнде жұмысқа ерте кетеді. Кеш қайтады. 

Қашан келсе де, үй іші жиналған, төсекті қағып-сілкіп, 

алдынан  асын  даярлап  қояды.  Азғана  күн  ішінде  үй 

жанына отын үйіліп қалды. Бұрынғы жалғызілікті кезде 

күтімі  болмай,  үсті-басы  кір-кір  боп  жүретін  балалар 

қазір мұнтаздай.

Еламан балықшылар ауылының күнделікті күйбең-

күйбең тірлігіне дәл баяғы кездей қазір тағы да бауыр 

басып кетті. Ең ақыры, Судыр Ахмет кішкене кешіксе 




687

де ол кәдімгідей елеңдеп, шыдамсызданып бітеді. Кеше 

ертеңгісін Кенжекей жұмысқа кеткесін Еламан сыртқа 

шықса, Судыр Ахмет нар қарасына мініп алған. Қатын-

балаларымен  қоштасып,  ауыл-аймақ  түгел  естісін 

дегендей,  шаңқ-шаңк  сөйлеп  шаруа  жайын  тапсырып 

жатыр  екен.  Сыртқа  шыққан  Еламанды  көріп,  нар 

қарасын  тебініп  қалды.  Ат  үстінде  қоқиланып,  қатты 

бастырып желіп келді.

– Аха, жолға шықтың ба?

– Қарап жата алмадым.

– Е, сапар оң болсын!

–  Айтқаның  келсін.  Айтқаның  келсін,  Еламанжан. 

Қашан  да,  ойбай  құдай-ау,  кісіні  қатын-бала  өлтіреді 

ғой.  Соңыра  қыс  түскесін  үйелмелі-сүйелмелі  қызыл 

қарын  балалар  ұядағы  аш  балапандай  ас  сұрап  шулай 

бастағанда,  Еламанжан-ау,  кірерге  тесік  таба  алмай 

қаласың ғой. Сосын қатын-баланың қыс азығын жылы 

күздің басында қамдап алайын деп…

Еламан үндемеді. Қабы мен дорбасын аттың артына 

бөктеріп ап, нар қараның үстінде нағыз ер-азаматтарша 

қоқиланып кетіп бара жатқан Судыр Ахметтің сыртынан 

қарап күліп қала берді. Келістіре алмады демесең, бұл 

пақырдың, әйтеуір, әрқашанда ниеті дұрыс болады деп 

ойлады  Еламан.  Күні  бойы  ол  Судыр  Ахметті  қайта-

қайта есіне алып, мырс-мырс күлумен болды. Ертеңіне 

елден жинаған жігіттердің алды келе бастады. Еламан 

оларды  балықшылардың  үйіне  бөліп  орналастырды. 

Қолы кішкене босаса үйіне жүгіріп кеп, жас балалардың 

жағдайын  істеді.  Бүгін  жұмыстан  келе  сала  Кенжекей 

көрші  үйлерге  қыдырып  кетіп  еді.  Күн  батты.  Қас 

қарайды.  Кенжекей  кешікті.  Үш  бала  сыртта  ойнап 

жүр. Мысық көз сары екі інісіне әлімжеттік қып қожаң-

қожаң етеді.




688

Еламан  үй  ішіне  көз  сап  отырды  да,  кенет  ойлы 

жүзін Кенжекей екеуінің төсегіне тіге қалды. Алғашқы 

үйленген күні өзінің масқара боп ұйықтап кеткені есіне 

түсті.  Езу  тартып  күлімсіреді.  Нәпсісімен  алысқан 

еркектей  емес,  асылы  әйел  нәсілінің  ұяты  бар  ғой. 

Әлі  есінде,  алғашқы  ақ  некелі  күні  Ақбала  да  тап 

осы  орынға  төсек  салып  еді-ау!  Қос  қабат  киіз  үстіне 

көрпе  жайды.  Құс  жастық  астына  Еламанның  ескі 

тонын  тастады.  Сонан  соң  төр  жақта  жүк  арасында 

жинаулы  тұрған  қызыл  сәтен  көрпені  сақина  толы 

саусақтарымен  кеудесіне  қысып  әкеп,  екеуіне  салған 

төсектің  аяқ  жағына  жазып  тастады.  Еламан  қозғалса 

құлап қалатындай сезді. Қазір келіншегі тіл қатса даусы 

шықпай қалатындай қорықты.

Ақбала  күйеуінің  бар-жоғын  байқамайтын  сияқты. 

Шапанын басына бүркенді де, күйеуі тұрған жаққа көз 

салмастан  сыртқа  шығып  бара  жатты.  Сонан  ол  жуық 

арада оралмады.

– Ай, Ақбала-ай! – деді Еламан.

Үй іші құлазып сала берді.

– Көп айналдық па?

Еламан селк ете қалды. Мынау ақиқат Ақбала екен 

деп  қалып  еді,  сүйтсе  Кенжекей  ішке  кіріп,  Әшімді 

арқасынан түсіріп жатыр екен.

– Көршінің әйелі шай ішіп кет деп жібермеді. Соның 

арасында Әшімжан да ұйықтап кетті...

– Ә, жақсы болған екен...

– Шай қояйын ба?

– Жоқ...


– Бір жерің ауырып отырған жоқ па?

– Жо-жоқ, жай...

Кенжекей сонан әрі қазбаламады. Ол тек күйеуінің 

құдды  ұрлығы  ұсталған  баладай  осынша  қысылып 

қызарып кеткеніне таңданды.



689

* * *

Еламан  Шалқарға  бір  ай  дегенде  әрең  оралды. 

Қасында  осы  жолы  елден  жинап  алып  қайтқан  жүз 

қаралы жігіт. Бәрінің астында бір-бір ат. Кейінгі күндері 

тақым  жазбастан  бірге  болып,  көңілдері  жарасып 

қалған  жігіттер  теңіз  жағасынан  шыққалы  ат  үстінде 

әзіл-қалжыңы  үзілмей,  күліп-ойнап  келе  жатқан-ды. 

Қаланы  көргенде  бәрі  де  үні  өшіп,  жым-жырт  бола 

қалды.  Теміркенің  көк  дүкеніне  тақап  келе  бергенде 

ілгергі  жақтағы  бір  көшенің  қайырылысынан  үш 

жүздей кісі шыға келді. Қару-жарақ асынғаны болмаса, 

бәрі  де  қалай  болса  солай,  алқам-салқам  киінген.  Тек 

солардың арасында әскери киімді біреу соңындағыларға 

бұрылып: «Бассаңдаршы аяқтарыңды. Тезірек... тезірек 

жүріңдер», – деп зекіріп қояды. Еламан Мюльгаузенді 

бірден таныды.

Еламан  орталықтағы  екі  қабат  үйдің  алдына  кеп, 

аттан  түсті.  Күрең  қасқаның  тізгінін  қасындағы  бір 

жігітке  ұстата  салды  да  ішке  ұмтылды.  Бұлардың 

қарасын  көргеннен-ақ  айқара  ашылған  қақпаның  арғы 

жағынан Дьяков та шинелінің жеңін асығыс киіп, жүгіре 

басып келе жатты.

– Еламан! Дорогой! Ал, қалай?..

– Көбірек айналып қалдым...

      – Оқасы жоқ. Ал?..

– Жүзге тарта жігіт әкелдім...

–  Жарайсың.  Рақмет.  Ал  біздің  халіміз  онша  емес. 

Есіткен шығарсың?

– Нені?

– Чехтар жайында естіп пе едің?

– Ших?



690

– Жоқ, чех.

– Ә, шек пе?

–  Сен  әлі  білмейді  екенсің  ғой.  Жарайды,  кейін 

сөйлесерміз – деді де, Дьяков артық тілге келмей жүгіре 

жөнелді. Шинельдің түймелерін де жүгіріп бара жатып 

салды.

Еламан аң-таң. «Ше-к?» – деді ішінен. Ол өзі кім? 



Дос  па,  қас  па?  Әлгі...  Дьяков  қайда  кетті?  Етегіне 

сүрініп неғып жүр? 

Жігіттер  аттан  түспей,  әлі  сыртта,  қақпа  алдында 

иіріліп тұр. Еламан анда-бұнда жүгіріп, ақыры, әйтеуір 

штабта  істейтін  біреуден  әлгі  Шек  пе,  Ших  па,  солар 

жөнінде  бірдеңе  білді.  Сүйтсе,  ол  өзі  Владивостоктан 

кемеге  отырып,  өз  еліне  өтіп  кетпек  болған  Чех 

корпусы екен. Сібір темір жолымен кетіп бара жатқанда 

ағылшын,  француз,  жапон  елінің  Қиыр  Шығыстағы 

төтенше елшілерінің қот-қоттап айдап салғанына ерген 

Чех  корпусының  солдаттары  көтеріліс  ашып,  Сібір 

қалаларын бірінен кейін бірін басып алып жатыр екен. 

Әлі  де  аяғына  мініп  кете  қоймаған  жас  елді  іштегі, 

тыстағы  жаулардың  жан-жақтан  жабылып  талап 

жатқаны  аз  дегендей,  енді  бүтіл  Сібір  бас  көтеріп,  ел 

басына  тағы  да  бір  төтеннен  қатер  төніпті.  Осы  бір 

жанталасқан қарбаласта шалқарлықтар да қарап жатпай, 

қала,  даладан  адам  жинап  майданға  аттандырғалы 

жатыр  екен.  Дьяков  соларды  шығарып  салуға  кетіпті. 

Еламан стансаға жүгіріп еді; бірақ үлгірмеді. Дьяков та, 

Селиванов та көзге түспеді. Станса басындағы кісілер 

олардың  осы  қазір  ғана  депоға  кетіп  бара  жатқанын 

көрдік  деді.  Еламан  атын  станса  алдындағы  терекке 

байлады  да,  депоға  тартты.  Кетіп  бара  жатып  қайта-

қайта артына бұрылып, асхана жаққа қарай берді. Ақбала 

көзіне түспеді. Тек соңғы рет қарағанда, асханадан бір 




691

жуан әйел шыққанын көрді. «Ақбала айта беретін әлгі 

Сары апа осы шығар» деп ойлады Еламан.

Депода  жиналыс  боп  жатыр  екен.  Аңырайған 

аңғал-саңғал депоның бір басына жиналған ығы-жығы 

кісілердің  арасында  бір-жар  кәрі-құртаң  шал-шауқан 

болмаса, қалғандары әйел. Ер-азаматы майданға кеткен 

әйелдер:  «Қыс  болса  келіп  қалды.  Отын  жоқ.  Азық-

түлік  жоқ.  Керек  десе,  ертеңгісін  жұмысқа  кетерде 

етекке оралған жас балаларды кімге қалдыруды білмей 

қиналатындарын» айтып, жан-жақтан шулап ала жөнеліп 

еді, Селиванов орнынан атып тұрды. Сусылдаған шашын 

кейін  қарай  сілкіп  тастап,  құдды  қазір  жұрт  алдына 

шығып тақпақ айтып тақылдай жөнелетін баладай көзі 

ұшқындап:

– Революция жеңді. Бірақ қиындық көп. Қанқұйлы 

жау  жас  республикаға  жан-жақтан  жабылып...  –  деп, 

әдеттегідей  жұлқынып  қызына  бастағанда,  қасында 

отырған Дьяков шынтағынан тартты:

– Қайтесің. Бұларға қандай жәрдем беруге болады. 

Соны ақылдасайық.

– Жағдайды түсіндіру керек емес пе?

– Бізден кем түсінбейді.

– Петр Яковлевич, кешіріңіз...

–  Кейін  сөйлесерміз.  Ал  қазір  мыналарға  қандай 

көмек көрсетуге болады?

– Көмек?!

– Иә, отын тауып бере аламыз ба?

–  Отын...  Отын  жоқ  қой.  Өзіңіз  білесіз,  Бершүгір 

шахтасын  атты  қазақтар  киратып  кетті.  Қолда  бар 

азғантай ағаш пен көмірді күзет қойып, паровоздар мен 

депоның  күнбе-күнгі  қажетіне  өлшеп  беріп  отырған 

жоқпыз ба.

Дьяков  үндемеді.  Кейінгі  жақта  тұрған  Еламанға 

көзі түсті.



692

– Жай ма? – деді оның қасына барып.

– Жігіттерім әлі орналасқан жоқ.

Дьяков  жанынан  бір  жапырақ  қағаз  алды.  Хат 

танымайтын  жігітке  қағаз  бетіне  түскен  шимай  аз 

көрінгесін өтініші осалдау болғандай көрінді де, Дьяков 

ұсынған қағазға қолын ықылассыз созды.

Дьяков орнына қайтып барды. Селивановпен қайта 

сөйлесіп,  қолда  бар  азғантай  отыннан,  бәріне  болмаса 

да, көп балалы әйелдерге ауыс-күйіс бірдеңе бергізетін 

ғып  көндірді.  Күйеуі  соғыста  өлген  қартаңдау  әйел 

өзіне  тиген  үлестен  бас  тартты.  Ауылда  тұратын  бір 

қазақпен  көп  жылдан  бері  тамыр  екен.  Күйеуі  қайтыс 

болғалы сол қазақ жылда-жылда бұған қыстық отынды 

күз басында түсіріп беретін көрінеді.

Дьяков  осында  келгелі  көшеде  отын  артқан  түйені 

жетелеп  жүрген  қазақтарды  көретін-ді.  Ендеше,  қала 

іргесіне  қоныс  тепкен  қазақ  ауылдарына  Еламанды 

жіберіп  алғаны  жөн.  Ұзаққа  созылған  жиналыстың 

ақырына  Дьяков  әзер  шыдады.  Дала  тастай  қараңғы 

екен.  Әшейінде  аспанға  сыймай  быжынап  тұратын 

жұлдыздар бәрі бірдей көзін тас қып жұмып алғандай.

– Маған ренжіп қалған жоқсың ба? – деді Дьяков.

– Неге?


– Отын жөнінде...

–  Онда  тұрған  не  бар...  Біз  Мюльгаузен  екеуміз 

шиедей боп қалатынбыз.

–  Иә,  ол  жігіт  кісінің  көңіліне  қарамайтын.  Бір 

есептен  сонікі  дұрыс.  Бірақ,  ол  менің  қолымнан 

келмейді. Ал, сау бол, мен полкке кеттім.

– Жоқ, болмайды, бізге барып қонақ боп кетесіз.

– Шын айтасың ба?

–  Шын  болғанда  қандай.  Шай  берем.  Басқасын 

барғасын көрерміз.




693

–  Жүр,  ендеше!  –  деді  Дьяков  та  аяқ  астынан 

көңілденіп,  –  мен  қонаққа  бармағалы  қай  заман. 

Оны  айтасың-ау,  осы  өмірде  адам  қатарлы  әлі  семья 

кұрмаппын.

«Үйде  не  бар  еді?»  деді  Селиванов  ішінен.  Иә, 

азғантай  ұн  бар.  Сосын  қағазға  ораған  бір  уыстай  тұз 

бар. Бір жерде селедканың құйрығы жатқан сияқты еді. 

Сосын... Қанша ойласа да, сосын үйде тағы не бар, не 

жоғы есіне түспеді.

Селиванов  жалғыз  басты  жігіт-ті.  Және  үйге 

күнде  тек  жатарда  ғана  келетін.  Қанша  күннен  бері 

от  жанбаған  үй  мұздай  екен.  Бұлар  тастай  қараңғы 

бөлменің  табалдырығынан  аттады  да,  қалшиып  тұра 

қалды.  Дьяков  тұрған  жерінен  қозғалмады.  Селиванов 

соқыр  кісіше  тастай  қараңғы  үйде  қолын  ілгері  созып 

жүріп кетті. Аяғын абайлап ақырын басып, екі-үш қадам 

аттады  ма,  жоқ  па,  жолда  тұрған  бірдеңеге  соғылып, 

жалт  беріп  артына  бұрылғанда,  бұл  жақта  орындық 

құлады.  Онан  шелекке  сүрініп,  тастай  қараңғы  бөлме 

салдыр-күлдір болды.

– Бәрекелде, қонаққа шақырғаныңа болайын, – деді 

Дьяков күліп.

Селиванов та мәз. Тағы бірдеңені бүлдіріп алатындай 

айналасын  сипалап  жүріп,  әрең  дегенде  бір  жерден 

сіріңке тапты. Шам жанды. Дьяков стол жанында тұрған 

орындыққа отырды.

–  Петр  Яковлевич,  қонақ  болғаныңмен  бұл  үйде 

қолың  қимылдаса  ғана  аузың  қимылдайды,  –  деді 

Селиванов.

– Көріп отырмын.

– От жағыңыз, мен еденді жуып тастайын.

– Ой, қу бала! Қонақ қып сыйлайды екен десем, мені 

жұмсауға әкелген екенсің ғой.




694

Бұл  екеуі  қалжыңдасып  күліп  жүріп  үйді  жинады. 

Еденді  жуды.  Шай  қайнатты.  Селивановтан  гөрі  үй 

шаруасына  қайта  Дьяков  икемдірек  боп  шықты.  Және 

не  істесе  де  жан-тәнімен  ықыластанып  істейді  екен. 

Шай  ішіп,  денесі  жылынғасын  маужырап  көзіне  ұйқы 

тығылды.  Сөйлесіп  отырып  та,  ауық-ауық  көзі  ілініп 

бара  жатады  да,  жөтел  буып  оянып  кетеді.  Қасында 

отырған  Селивановты  бірде  сезсе,  бірде  сезбейтін 

сияқты.  Керек  десе,  оның  ертеден  бері  көлденеңнен 

өзінен  көзін  алмай  қарап  отырғанын  да  сезген  жоқ-

ты.  Басы  бауырына  түсіп,  кішкентай  қағілез  денесі 

бүктетіліп кеткен. Әшейінде бір жақ мықынын басып, 

салақтап  жүретін  қара  құмандай  наган    жамбасына 

батты  ма,  Дьяков  қозғалып,  екінші  жағына  кисайып 

отырды.


– Петр Яковлевич, жатыңыз, – деді Селиванов.

– А-а?


– Төсек салып берейін, жатыңыз.

– Жоқ, рақмет! Кетем.

– Кеш қой.

Дьяков  алақанымен  аузын  басып  есінеді.  Сосын 

ұйқы қысып, топырақ түскендей түйнеп отырған көзін 

ашса да, бірақ шақырайған шам сәулесіне қарай алмай, 

қолымен көлегейледі.

– Петр Яковлевич...

– А?

– Өмірің... өміріңізді айтам.



– А, менің өмірім бе? Темекің жоқ па?

– Сізге болмайды ғой.

– Иә, маған болмайды. Сағат қанша болды екен?

– Екі.


– Шығарып салайын.

–  Жоқ,  қайтесің…  –  деп,  Дьяков  бетін  ары  бұрып, 




695

тағы да алақанымен аузын басып ұзақ есінеді.

– Сен осы жаңа не дедің?

– Жаңа ма?.. Қонып қалыңыз дедім ғой.

– Жоқ, онан басқа... Иә, есіме түсті.

Дьяковтың қалжыраған қажыңқы жүдеу өңіне күлкі 

тепсінді:

– Ему судьба готовила

   Век краткий, имя славное,

Чахотку  и  Сибирь!  Иә,  бауырым,  біздің  ұрпақтың 

үлесіне  тиген  сыбаға  осы  –  деп,  Дьяков  жаңа  ғана  от 

жағып,  ас  пісірген  жігіттің  ып-ыстық  қолын  уысында 

қысып біраз тұрды да, шығып кетті.

* * *

Дьяков  командирлерге  «даярланыңдар,  аттана-

мыз» деп әмір берді. Командирлер үнсіз құптап, жүгіре 

жөнелді.  Бірде-бірі  қайда  аттанамыз  деп  қайырып 

сұраған жоқ. Онсыз да күн санап, ел жағдайы қиындап 

бара  жатқаны  бұларға  аян.  Кейінгі  кезде  майданнан 

келген  әрбір  хабар  бұлардың  жабырқау  жанын 

бұрынғыдан  да  гөрі  жүдетіп  тұрған-ды.  Чехословакия 

қорпусы  басып  алған  Сібірді  алғашқыда  Директория 

басқарған  еді,  қазір  үкімет  басына  адмирал  Колчак 

келді  де,  бір  адамның  басына  патша  тәжінен  кейінгі 

Ресейдегі  бар  құдіретті  лауазымның  бәрін  үйіп-төгіп 

жатыр.  Одақтас  елдер  қолдаған  Колчактың  қарулы 

күші Сібір мен Қиыр Шығыстың билігін қолына алып, 

әлі де аяғына мініп кете қоймаған жас республиканың 

алқымында пышағын жалақтатып тұр.

Халық аш. Бар үміт – Жем бойының биылғы астығы 

еді;  бірақ  о  да  бұйырмады.  Көпестер  мен  қалтасы 

қалың байлар жылдағыдай биыл да Жем бойының бар 



696

астығын сатып алып, астыртын Орынбор, Орск, Омбыға 

жөнелтіп  жатты.  Мына  жақтан  Орынбор  атаманы  да 

ел  ішінің  ылаңын  ушықтырып,  күнде-күнде  қотанға 

шапқан  қасқырдай  қан  жоса  ғып  қырып  кетіп,  шауып 

кетіп, іргеңде ат ойнатып, мазаны алып тұрған-ды.

Бұл  өңірге  атты  казактар  ең  алғаш  Нұралы  хан 

тұсында  генерал-губернатор  Неплюевпен  бірге  еріп 

келген-ді.  Сонан  бері  атты  казактар  ана  жақта  Еділ, 

Жайық,  мына  жақта  Жем,  кейінірек  Арқаға,  онан 

Жетісуға  ірге  теуіп,  жылдан-жылға  нығайып,  аты 

белдеуде,  бес  қаруы  бойында,  «ал»  десе  әзір  тұрған 

әпербақандар еді.

Орынборды  басып  алғаннан  бері  Дутовтың  түу 

дегенде  түкірігі  жерге  түспей  тұр.  Іргетасы  –  ақ 

офицерлер.  Қала  берді  –  юнкерлер,  кадеттер.  Арқа 

тірер  негізгі  күш  –  Орынбор,  Орал,  Троицкінің  атты 

казактары.  Патша  құлап,  Уақытша  Үкіметтің  аяғы 

аспаннан  келген  кешегі  аударыспақ-төңкеріспекте 

бақ  қуған,  анық  қуған  билікке  таласқан    есерсоқтар 

мен   есекдәмелілер  естерінен  танғанша  ел  тізгініне 

таласқандары  сонша,  түсінде  тәж  киіп,  тақ  мінбегені  

кемде-кем.  Ана  жақта  Антантаның  айтағына  ерген 

ақ  генералдар  Деникин,  Юденич,  Врангель,  бұ  жақта 

Колчак  жас  республикаға  жан  жағынан  жабылып 

қашанда  іш  есебі  де  бүтін  зымиян,    әккі  атаман  Азия 

мен  Еуропаның  нақ  аралығында  жатқан  қалаға  күшін 

топтап  бекініп  алды.  Өзгелер  сияқты  өзіне  тәжді  де, 

тақты да армандамады. Өзін не Верховный Правитель, 

не  Директория  ғып  жариялап,  дүниеге  дабыра  да 

салмады.  Өзі  қожалық  еткен  Орынбордағы  билікті  де 

онша дабырайтпай, жай ғана Күмүч деп жариялап, жер 

түбіндегі пәлені әріден ойлайтын әккі атаман бұл жолы 

да аяғын көрпесіне қарап созған еді.




697

Кеше патша құлағанда қара орманын тастай қашқан 

алтын иық төрелер, дәурені өткен мырзалар, әскерінен 

айырылған  тұл  генерал,  тұл  офицерлер  сыртта  жүріп 

есін  жиып,  еліне  оралғанда  енді  кәзір  солардың  көбі 

Орынбор атаманына келе бастады. Бақ, байлық басында 

тұрғанда  Дутов  сияқты  ондаған  атаман  қанатының 

астына  сыйып  кететін  қүдіретті  кісілер  енді  бүгін  де 

онан  өздері  пана  сұрап,  оның  казачий  шапанының 

койны-қоншына кіріп барады.

Шынында да, атаман Дутов еш уақытта да өзін дәл 

осы  казіргідей  күшті  де  құдіретті  сезінген  кез  болған 

жоқ-ты.  Соның  өзінде  де  Орынбор  атаманы  үзілді-

кесілді  бір  жағына  шығып  белдесіп  күрескен  емес. 

Ақ  семсерін  жалаңдатып  кеп  ашықтан-ашық    алысқа 

түскеннен гөрі бұл жолы да аңдысып, іштен тіреп жатып 

алатын оның ежелгі тәсілі еді. Ұрланып келеді. Қапыңды 

тауып,  тұтқиылдан  тиеді.  Қан-жоса  ғып  кырып-жояды 

да, тайып отырады. Сол жымысқы  қулығын тағы да іске 

асырып,  Жем  бойының  бұрынғы  бар  астығын    сатып 

алып,  онсыз  да  ісіп,  кеуіп  отырған  аш  халықты  азық-

түліксіз калдырды.

Хан-Дауров  Жем  бойына  бұл  жолы  да  Дьяковтың 

полкін  жіберіп  еді,  Дьяков  бара  сала  қарауындағы 

кісілерді  бірнеше  ұсақ  отрядқа  бөлді.    Олар  өздеріне 

іш  тартатын  кісілердің  көземелдеу  сілтеуімен  қойма-

қоймаларда тығылып жатқан астықтың үстінен шығып, 

бергенін  қолынан,  бермегенін  жолынан  алып,  вагон-

вагон  астықты  қарулы  күзетпен  жөнелте  бастаған-ды. 

Бұндайда  көрсе  де  көрмеген  боп  бой  бағып  қалатын 

атты  казактар  ма,  олар  да  бес  қару  белде,  ат  іргеде, 

жалаңаш қылыш жалақтатып, жапырыла көтеріліп атқа 

қонып жаты. Сол хабар жеткен бойда дивизия Дьяковке 

көмекке  Ташкент  жұмысшылар  отрядын  жіберіп  еді, 




698

бірақ қас қарая келген отряд  салған жерден іргесін аулақ 

салып, ілгерірек озып барды да,  оқшауланып тоқтады. 

Сыртқа бір адам шықпады.

Жөн-жосығы белгісіз, ұзын эшелон бар есіктің бәрін 

тарс жауыпты. Дьяков аң-таң. Хабарласар деген дәмемен 

біраз күтсе де, не командирі, не штаб начальнигі тұяқ 

серіппей тым-тырыс жатып алды.

Дьяков  бұл  жігітпен  бұрын-соңды  кездеспеген-ді. 

Бірақ  ол  жөнінде  әркімнен  әр  түрлі  әңгіме  есітетін: 

Мюльгаузен  осы  жігіттің  өзі  түгіл,  атын  естісе  қаны 

кайнап,  «барчук»  деп  тыжырына  калатын.  Ал  Еламан 

онша  кетәрі  емес.  Айтып  саптауы  –  орысша  оқыған. 

Төрт  ағайынды:  үлкені  –  пірәдар,  софы.  Ортаншысын 

он алтыншы жылы көтерілісшілер өлтіріпті. Ал кішісі 

– теңіз жағасын жайлаған жалпақ ел Жақайым ішіндегі 

ең  малды  да,  бақты  да  жігіт.  Жасағанберген  бір  жолы 

осы ағасымен тілге келіп, қатты түс шайысыпты да, бір-

бірін көрместей боп араздасып кетіпті.

Дьяков оған өзі барды. Жасағанберген шай алғызды.

– Сенде қазақ жігіттері бар көрінеді ғой? – деді ол.

– Иә, бар. Өз алдына дербес эскадрон.

– Эскадро-н? – деді Жасағанберген конағына көзінің 

қиығын күлімсірей тастап, – осыған өздерінің тілі келе 

ме екен?

Дьяков үндемеді. 

–  Эскадрон  командирі  менің  жерлесім.  Екеуміз  бір 

ауылданбыз.

– Білем.

– Өзі айтты ма?

– Иә, өзі айтты.

–  Біздің  үйдің  жылқысын  бақтым  деп  те  айтқан 

болар?

– Ол арасын айтқан жоқ еді.




699

Жасағанберген  Дьяковке  сенімсіздене  қарады.  Жақ 

сүйегі қуарған жүдеу беті әлденеге ду етіп қызарды да, 

қайта  бозарды.  Қолы  қыздың  қолындай  екен.  Аппақ 

нәзік  саусақтары  тым  жіңішке.  Тырнақтары  да  ар 

жағынан  еті  көрініп  тұрғандай  қабажақтай  жұп-жұқа. 

«Құрт  ауру  емес  пе  өзі?»  деп  ойлады  Дьяков.  Осыған 

дейін  өзі  көріп  жүрген  қазақтардан  мына  жігіттің 

бойында  бір  өзгешелік  бар.  Кісі  өңіне  оқта-текте 

сабырлы салмақпен қарап қалатын қара көзі, әдемі қыр 

мұрны,  атжақты  ашаң  жүзіне  дейін  оның  төре  сүйек 

нәсілін анық танытқандай. Және орыс тілін нақышына 

келтіріп таза сөйлейді екен. Қоштасар алдында Дьяков 

атты казактарға қарсы тізе қосып әрекет етейік деп еді; 

ол онша ыңғай бермей, «жағдайға қарай көрейік», – деді 

де, орнынан тұрып кетті.

Дьяков 

полкке 


қайтып 

келді. 


Айдалада 

жалғызсыраған кішкентай разъездің кіп-кішкентай тас 

үйіне  бүйірін  беріп  тоқтаған  әскери  эшелонның  орта 

тұсындағы  бір  вагоннан  ақырын  әңгімелескен  күбір-

күбір  дауыс  шықты.  Дьяков  тұсынан  өтіп  бара  жатты 

да, сәл іркіліп ішке басын сұғып еді, қараңғы вагоннан 

бірнеше кісі қосарлана жамырап:

– Э-э, кәмысар... Кір, кір! – деді.

Дьяков  көбіне-көп  темекі  шекпейтін  қазақ 

жігіттерінін арасына кеп жататын-ды.

– Неге ұйықтамай жатырсыңдар?

– Ақтар әлде қайтеді деп...

–  Иә,  оларға  сенім  аз.  Бірақ  сыртта  күзет  мықты 

екен.  Бұл  қайсың?  Ә,  Еламан,  сенбісің,  –  деді  Дьяков 

қараңғы  вагонның  әлдебір  жағынан  кеп  қатарласып 

жата  кеткен  кісіге  қасынан  ығысып  орын  ұсынып,  – 

жерлесіңе кездестім. Сөйлестік.

– Тіл табыса алдың ба?




700

– Сөйлестік дедім ғой.

Еламан  үндемеді.  Дьяков  та  біраз  үнсіз  жатты  да 

әлдене  айтқысы  келгендей,  кенет  Еламанға  жақындай 

түсіп:

–  Слушай,  сенен  сұрағым  кеп  жүр  еді.  Темір  жол 



асханасында  істейтін  сұлу  келіншек...  Соның  саған 

қандай жақындығы бар? – деп еді.

– Оны қайтесің? – деді Еламан.

– Жоқ, жәй... әшиін...

– Ол менің бұрынғы әйелім.

– Ә-ә...


Осыдан  кейін  екеуі  де  үндемеді.  Қызыл  вагонның 

іші тас қараңғы. Қасында қатар жатқан кісі көрінбейді. 

Тек  әр  жерден  қорылдаған  дауыс  естіледі.  Сыртта 

жел  көтеріліп  кеткен  сияқты.  Дьяков  іштегі,  тыстағы 

дыбысқа құлағын тігіп, тың тыңдап жатты да, түрегелді. 

Тыныштығынан айырылып, тысқа шыққысы кеп ақырын 

жөнеле бергенде Еламан қолынан ұстай алды.

– Қайда барасыз?

Еламанның алақаны тиген жер күйдіріп бара жатты. 

Кешеден бері осы жігіттің түсі кірмей, кірбиіп жүргені 

есіне түсті. Ол Еламанның басын ұстады.

– Ауырып жүрсің бе?

– Салқын тиді ғой деймін. Тұла бойым көтертпейді.

– Иә, қызуың бар екен.

– Қайтер дейсің.

–  Жоқ,  сен  енді  қозғалма.  Жат,  –  деді  де,  Дьяков 

ақырын басып сыртқа шықты. Қара суық жел қақап тұр 

екен. Дьяков жалма-жан шинель жағасын көтерді. Жан-

жағына сергек қарап, құлағын тігіп келеді. Қанша қараса 

да  бір  жан  көзіне  түспеді.  «Күзетшілер  қайда?»  –  деп 

ойлап еді, жүрегі мұп-мұздай боп кетті. Бір жауынгерді 

дереу  Жасағанбергенге  жүгіртті  де,  көзді  ашып-




701

жұмғандай  уақыттың  ішінде  бүкіл  полкті  аяғынан  тік 

тұрғызды. Осы екі арада Жасағанбергенге жіберген кісі 

оралып, Ташкент отрядының зым-зия жоқ боп кеткенін 

хабарлады.

Дьяков бұның тегін емесін білді. Жағдайды анықтап 

қайтыңдар деп жан-жаққа барлаушылар жүгіртті. Ол әлі 

де болса күзетті күшейтіп, қауырт әзірлік жасап абыр-

сабыр боп жатқанда, кенет әрегіректен мылтық атылды.

–  Кім  атқан?  Жаңағы  барлауға  кеткендер  емес  пе 

екен? – де, жұрт елеңдесіп қалды.

Жігіттер  жапырлап  вагоннан  түсіп  жатыр.  Көзге 

түртсе көрінбейтін тастай қараңғыда тоң жерді топырлап 

басқан  аяқтар.  Сатыр-сұтыр  оқталып  жатқан  мылтық. 

Эшелонның бас жағында отын сөндіріп мелшиіп қалған 

паровозға  да  кенет  жан  еніп,  ыстық  буды  будақ-будақ 

шығара  бастады.  Осы  кезде  шолғыншыға  жіберген 

барлаушының бірі жүгіріп кеп:

– Комиссар қайда? Жау… Ақ-тар... – деді де, сылқ 

етіп  құлай  кетті.  Дьяков  басын  сүйеді.  Саусағының 

ұшына былжыраған бірдеңе тиді.

Дьяков  өздері  үшін  әр  минуттың  қымбат  екенін 

біле тұрса да асықпады. Қайта қауіп-қатерді неғұрлым 

анық  сезген  сайын  соғұрлым  бар  қимылы  бір  түрлі 

баяулап, ауырлай түсті. Қолына жұкқан қанды сүрткісі 

кеп  маңайын  сипап  еді,  қолына  ештеңе  ілікпеді. 

Сосын  қолын  шинелінің  шалғайына  сүртіп  жатып  та 

«не  істеу  керек?»  деп  ойлады.  Айдауда  жүргенде  бір 

жолы  бұлардың  үстіне  бір  топ  саяси  қылмыстыларды 

айдап  әкеп  қамаған-ды.  Ішінде  Фрунзе  де  болған-ды. 

Оның  біраз  уақыт  бұларға  астыртын  құпия  кружок 

ұйымдастырып,  соғыс  ілімін  үйреткені  бар ды.  Кейін 

бұлар  оны  «Фрунзенің  астыртын  әскери  академиясы» 

деп атап кеткен-ді. Бірақ онан қазіргі мына тығылтаяңда 




702

бұларға  қолма-қол  керек  боп  тұрған  жағдайға  қажет 

ештеңе таппады. Не істеу керек?

Үш-төрт  кісі  жүгіріп  келді.  Дьяков  қараңғыдан 

Ознобиннің өңкиген ұзын бойын аңғарды.

– Комиссар, не істейміз? – деді ол.

– Өздерің... қалай ойлайсыңдар?

– Кету керек. Олардың күші басым.

– Иә, кету керек.

Әлгі кісілердің ішінен біреу паровозға жүгірді. Іле-

шала  поезд  ақырын  жылжып  қозғала  берген-ді.  Осы 

кезде  тұс-тұстан  атылған  оқ  тас  бұршақтай  жауып 

кетті.  Ана  жер,  мына  жерден  гүрсілдеп  гранаталар 

жарыла  бастады.  Кейінгі  вагонға  баса-көктеп  кіргісі 

келген  қазақтар  ат  үстінде  қиқулап,  көпке  дейін 

қалмай қапталдасып отырды. Пойыз қатты жүріп кетті. 

Атты  қазақтар  сонда  да  қалмай,  енді  кейінгі  вагонды 

шаужайлап  шауып  келе  жатып,  бұлар  қашан  қара  үзіп 

кеткенше мылтықтан атқылай берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет