Ақын Ұлықбек ЕСДƏУЛЕТКЕ
«Спортлотоның» нөмiрi секiлдi, ақындардың махаббаты
да түрлi-түрлi. Бiрi даланы сүйедi, бiрi қаланы сүйедi. Анау
ақын айға ғашық, мынаусы жұлдызға iңкəр. Ал, ендi алғашқы
махаббатты ағыл-тегiл жырламаған ақын жоқ.
Алғашқы махаббат! Күндiз естен, түнде түстен кетпейдi.
Алғашқы махаббат туралы əн де көп, əңгiме де көп,
өлең де қыруар. Ал, ендi екiншi махаббат, үшiншi махаббат,
төртiншi махаббат деген өлең естiген емеспiн.
Алғашқы махаббаттың аты – алғашқы махаббат. Ал, одан
кейiнгi махаббаттың бəрi алғашқы махаббатты қайталау
ғана.
Бiр ғана тақырып: «Мен сенi сүйемiн!». Ал, ендi осыны
қай ақын қалай жырлаған?
228
Қарағым, айналайын, айдан əппақ,
Қасыңнан шыға алмаймын айналақтап!
Бұл – баяғы бабаларымыздың өлеңi. Арудың қасынан ай-
налақтап неге шыға алмайды? Сүйедi де! Сүйгесiн шыға ал-
майды.
«Жардың ернi түнде өпкен,
Жардың ернi күнде өпкен.
Теңiз суы секiлдi
Татқан сайын шөлдеткен».
Қадыр Мырза Əли!
Əсiресе, ақындар махаббатқа мас болып, кенезесi кеуiп,
сұлулыққа сусап, шөлдейдi де тұрады.
«Сүйшi, сəулем, тағы да сүй, тағы да...»
Мағжан Жұмабаев!
«Сүйем сенi,
Сүйемiн,
Сүйе беремiн.
Сүйе берем,
Сүйемiн,
Сүйе беремiн.
Өлсем де басымды саған сүйеп өлемiн!..»
Кеңшiлiк Мырзабеков!
Тұмағаң, Тұманбай Молдағалиев ағамның да тұла бойы
тұнған махаббат.
«Ғашықпын ба бiлмеймiн, жаным, саған...».
«Етегi бүрмелi қыз», «Басында бантигi бар қыз», «Туфлиiн
аяп жауынның астында жалаңаяқ жүгiрген қыз» туралы
өлеңдi көп оқыдық. Ал, сiздер «Дəлiз жуған келiншек» деген
өлеңдi бiлесiздер ме? Жоқ, олай емес... «Дəлiздi швабрасыз
жуған келiншек».
Мұны жазған кiм? Ұлықбек Есдəулет!
Сүю – қыздың отырған, тұрғанына байланысты емес.
Ақынның көзiмен ақырын ғана қарау керек.
229
Құтылмайсың қашып түк,
Құшағыңды ашып, күт.
Қайта көрген түстей боп,
Қайта келген құстай боп,
Қайта оралар ғашықтық! –
дейдi Ұлықбек.
Қайта-қайта ғашық болатын жалғыз Тұмағаң ғана емес.
Ақынның бəрi сондай. Ал, Ұлықбек кiмге ғашық? Не нəрсеге
ынтызар?
Ұлықбек қадiрлi елiн сүйедi, қасиеттi жерiн сүйедi. Ал-
тайдан Атырауға дейiн, Шыңғыстаудан Маңғыстауға дейiн,
Өскеменнен Қаскелеңге дейiн, тiптi, Арқаның ақ түтек бо-
ранына дейiн ғашық. Мынау əлем оның «махаббатының му-
зейi» секiлдi. Мұңданады. Мұңаяды. Ашынады. Неге?
«Бабалардың қаны сiңген байрақ жер жыртысқа
айналып» кетпесе
екен деп ашынады.
«Маңдайындағы
əжiм уақыттың
жұмбақ
иероглифтерi»
секiлдi. «Қылы
үзiлген қобыздай
күңiренедi»,
«белдеудегi
байлаулы жарау
аттай аласұрады»,
жер тарпып
тыпыршиды.
Жиi ашынам!
ен далада
миы ашыған
сен ғана ма?
Қарақтылар
оқ құшқанда,
қанаттылар
230
көкке ұшқанда,
сауыры түтiн
шер далада,
бауыры бүтiн
сен ғана ма?
Көкек келiп
ұясы лаң,
зекет терiп,
жуасыған
бозторғайдай
жиi ашынам,
жиi ашынам! – дейдi. Ақын неге ашынады?
Бiр қанденге сəлем берiп шықсам деп,
Кезек күтiп отыр мiне, арыстан.
Осындайда еске түседi. Бiздiң ауылдың бiр қазағы бiр
өзбектен «Ташкенге қай жол барады?» деп сұрапты. Сонда
өзбек ағайын «Ташкенге жол бармайды, Ташкенге өзiң бара-
сың» дептi.
Ұлықбек ешқайда барған емес, оның поэзиясына оқыр-
мандардың өзi барады.
Кеудесi бос керiлген адамның екi иығына екi шайтан мiнiп
алып екi құлағына сыбырлайды дейдi: «Əй, сен кереметсiң!
Сенен мықты жоқ, жұртқа сəлем берiп қайтесiң?..» деп жол-
дан тайдырады екен.
Ұлықбек – перiштелi ақын.
Оның Тұңғышбай айтып жүрген қазақтар туралы өлеңi
тұрмыстық пародияға сұранып-ақ тұр. Мысалы, былай...
Құда деген бiр ел бар құдай қосқан,
Шырайына қазақтың шырай қосқан.
Құдаңызды құдайдай күтпесеңiз
Қақ айрылып қара жер, құлайды аспан.
Кiммен құда боласың – Алла бiлер,
Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.
231
Егерде бай мен кедей құда болса,
Арасында арықтау жорға жүрер.
Құдам-ай, құдам-ай,
Бұ қалай?
Кiммен құда боласың – Алла бiлер,
Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.
Егерде «крутой» мен «крутой» құда болса,
Арасында «Мерседес», «Вольво» жүрер.
Кiммен құда боласың – Алла бiлер,
Қалғанын қалта менен кəлла бiлер.
Бiр кедей мен бiр кедей құда болса,
Арасында арпасыз дорба жүрер.
Құдам-ай, құдам-ай,
Бұ қалай?
Құда деген бiр ел бар алаңғасар,
Жəй жүргенде адамнан адам қашар.
Көк тiрегiн көкемен құда болсаң,
Жапырылып жарты əлем амандасар.
Құда болып мiнеки, берiп ек той,
Алдыңыздан арқанды керiп ек қой.
Барған жерде əйтеуiр бағы ашылсын,
Қыз бен қойдың жүрмейтiн жерi жоқ қой!..
Құдам-ай, құдам-ай,
Бұ қалай?
Орыстың атақты ақыны Сергей Михалков əдебиет инсти-
тутына түсу үшiн емтихан тапсырғанда профессор:
– Сұрау белгiсi дегенiмiз не? – деп сұрайды. Оның тео-
риясын қапелiмде айта алмаған жас қаламгер:
– Сұрау белгiсi дегенiмiз қартайған Леп белгiсi! – деп жа-
уап бередi.
Ұлықбектiң сөзi де, өзi де леп белгiдей.
2004 жыл
232
ШЫРКҐБЕЛЕК ДЇНИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |