5
Жалғанда жалғыз ер бар Көпен деген,
Адам жоқ мұның сөзін көтермеген.
Басын кесіп аламын біреу айтса
Көпені Оспанханнан бөтен деген.
Бата беріп аузына түкіргенмін,
Содан кейін Көпенім жөтелмеген.
Дегенменен Көпенім қарыз маған,
Бұл ғасырда өтемі өтелмеген...
Оспанхан ӘУБӘКІРОВ
4 мамыр 1985 жыл
* * *
«Тамаша» ойын-сауық
отауының авторлары көп
болған жоқ. «Тамаша» ұзақ жылдар қалыптасты. Соның
ішінде белдісі де, беделдісі де Көпен болды. Көпеннің
көп дүниелері өте өткір, терең мағыналы екені жұрттың
бәріне белгілі.
Жақында Көпен қарап жүрмей Шерхан Мұртаза екеу-
мізге пародия жазды. Басы былай басталады:
Елім, саған айтам,
Елбасы, сен де тыңда.
Камал дос,
Сен де құлақ түр.
Себебі, сен – соқа,
Мен – трактор!
Мен бұған онша келісе алмаймын.
Дегенмен де
«Көпен келе жатыр!..»
деген пародия театры өзінің
көрерменін, өзінің тыңдармандары мен оқырманын тап-
қан әдемі дүние.
Камал СМАЙЫЛОВ
6
* * *
Көпен, қаламыңды тастама, сен қазаққа керексің.
Әбіш КЕКІЛБАЙ
* * *
Мен Оспанханды өте жақсы көруші едім.
Өте бір
мінезі жақсы, айтқан сөзі мірдің оғындай. Міне, осы
Оспанханның ізін басып
келе жатқан Көпеннің әзіл-
сықақтарына менің айызым қанып отырады. Оның
туындыларын күлкі кештерде көргенде рахаттанамын.
Мәдениетті күлкі. Мәселе – сонда.
Шота-Аман УӘЛИХАНОВ
* * *
Кім білмейді Әмірбеков Көпенді?!
Әзілімен танытады әкеңді!
Бір қарасаң –
Алдаркөсе атасындай пып-пысық,
Бір қарасаң –
Қожанасыр атасындай «әпенді».
Кім білмейді Әмірбеков Көпенді?!
Қалжыңымен түсіреді... бөпеңді!...
Танымасаң –
Жібереді «пешкі» қылып «ферзіңді».
Танымасаң –
Жібереді «ешкі» қылып «текеңді».
Достарыңызбен бөлісу: