Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Бұл хабар қуандырар елді байтақ, 
Керегін баспасөздің келген байқап. 
«Серке» ...
Жасасын ғұмырлы боп, енді «Айқап», –
деп  өлеңмен  құттықтайды.  Сөйтіп  оның  жұмысына  арала-
сып, өлеңдері мен мақалаларын үзбей жіберіп отырады.
1913  жылы  Орынборға  айдаудан  босанып  келгеннен 
кейін  бұрыннан  пікірлес  ағасы  Ахмет  Байтұрсынұлымен 
бірлесіп таза қазақ емлесімен «Қазақ» атты бейресми газет 
шығаруды қолға алады.
Оның 1918 жылдың  қазан  айында  соңғы  саны  шығып, 
тоқтағанға дейінгі мезгіл ішінде газетте жүздеген көсемсөз 
үлгілері, өлең-жырлары мен сын-мақалалары жарық көрген. 
Осыдан-ақ  бұл  кезді  оның  журналистік  шеберлігінің 
шындалған  тұсы  деп  қарауымызға  əбден  болады.  Осы 
мезгілде  жазған  дүниелерін  оның  журналистік  қызметінің 
бірінші – Совет өкіметі орнағанға дейінгі кезеңінің қомақты 
туындылары деп қарастыруымыз керек.
Оның  журналистік  қызметінің  екінші – Кеңес  өкіметі 
тұсындағы  кезеңі 1920 жылы  «Ақ  жол» (Ташкентте  шы-
ғып  тұрған)  газетіне  араласқан  мезгілден  басталады.  Бұл 
уақыттарда  ол  аудармашылықпен  айналыса  жүріп,  бойын-
дағы  бар  қуат-күшін,  публицистік  барша  талантын  жаңа 
өмірді құру ісіне жұмсайды.
1926-28 жылдары Міржақып Дулатұлы «Еңбекші қазақ», 
«Ауыл  тілі»  газеттерінде  əдеби  хатшы  болып  қызмет  жа-


95
сайды. Бұл жылдар – оның шығармашылығында жемісті із 
қалдырған өнімді еңбек жылдары. «Еңбекші қазақта» оның 
қаламынан  туған  «Баспасөзіміз  не  күйде?», «Хош  келдің, 
Наурыз!», «Қазақ-қырғыз  тарихы  туралы»  сияқты  көп-
теген  мақалалары  жарияланды.  Қысқасы,  осы  уақыттары 
қаламынан  туындаған  шығармаларын  оның  журналистік 
қызметінің  екінші  кезеңіндегі  туындыларының  ішіндегі 
құндысы əрі құнарлысы деп қарауымызға əбден болады.
1928 жылдың аяғында Міржақып Дулатұлын советтік құ-
рылысқа қарсы жасырын əрекет етті деген қарармен ОГПУ 
қызметкерлері тұтқынға алады. Сөйтіп, ату жазасына кесіп, 
кейіннен  оны  он  жыл  бас  бостандығынан  айырумен  алма-
стырып, Соловецк лагеріне айдайды.
Өмір бойы үкімет тарапынан қудалау көрген Міржақып 
Соловецк  лагерінде  айдауда  жүргенде  де  Əлихан  Бөкей-
ханұлы, Ахмет Байтұрсынұлымен хат-хабар жазысып, мəн-
жайды  ұғынысып  отырған.  Мысалға,  Əлихан  Бөкейхан-
ұлын – Қыр  баласы,  Ахмет  Байтұрсынұлын – А.Б.,  Халел, 
Жанша  Досмұхамбетұлдарын – Екі  Дос,  Мұхтар  Мырза-
ұлын – Ұзын  Мұхтар  деп  сақтық  үшін  толық  аты-жөнін 
айтпай, өзара түсінісіп отырған. Бұл хаттарды пайдаланған 
жеке  мүліктерімен  бірге 1935 жылы 5 қазанда  Міржақып 
Дулатұлы  лагерьдің  лазаретінде  қайтыс  болған  соң,  се-
мьясына  қайтарған.  Əкеден  қалған  тəбəріктей  болған  бұл 
дүниелерді  Гүлнəр  апай  Міржақыпқызы  жарты  ғасырдан 
астам уақыт бойы аман сақтап келіпті. Қазір де сол кісінің 
жеке архивінде сақталуда.
Міне, дүниенің тұщысынан гөрі ащы дəмін көп тартқан, 
XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  даласындағы  əлеуметтік 
өмірдің  көкжиегінде  жарқырай  жанған  шырақтардың  бірі 
дарынды ақын, алғыр ағартушы, қажырлы қайраткердің өмір 
жолы осылай өтіпті. Оның өмірбаянынан бір байқалатыны – 
бар саналы өмірін журналистік қызметіне арнағандығы. Жай 
арнап қана қоймай, бүгінгі журналистерімізге бай тəжірибе-
сін  мұра  етіп  қалдырып  кеткендігі.  Мəселеге  осы  тұрғыда 
келгенде  қайраткердің,  ең  алдымен,  журналистік  қызметін 
бөле айтып, өзге қызметтерінен айрықша қарастырғанымыз 


96
дұрыс  секілді.  Оның  қолымызға  түскен  публицистикалық 
сарындағы бай шығармашылық мұраларын жеке-жеке тілге 
тиек ету арқылы да осыған көз жеткізе түсеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет