Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет23/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
көк көйлек киген әйел кіріп келді де, үндеместен бір тізесін 
бүгіп, отыра кетті. Мерген әйелге зер сала қарап еді, беті сап­
сары, көзі аларған екен. Ол да мергенге тесіле қарады»
83
.
Тағы бір мысал: атасының жезтырнақты қалай өлтіргені 
туралы Жүсіп мерген қасындағы серігіне айтып отырып, 
жезтырнақ келген мезетті былай суреттейді. «Атам атып алған 
таутекенің төстігін отқа қақтап отырып, үңгірге түсініксіз бір 
дыбыс жақындап келе жатқанын сезеді.
«Зыңғыр, зыңғыр» деген дауыс естілген соң, бұл жезтыр­
нақтың мыс тырнағынан шыққан дыбыс екенін біліп, оның 
келуін күтеді. Содан шынымен үңгірге адам тәрізді бірдеңе 
кіреді, үстінде шапан, басында тақия»
84
.
Келтірілген екі үзіндіде жезтырнақтың келер мезгілі – түн, 
адам әр дыбыстан сескенетін уақыт. Оның үстіне маңайда тірі 
жан да жоқ, айдала. Бұның бәрі тыңдаушыға үрей туғызары 
сөзсіз. Демек, жезтырнақ жайындағы хикаяларда тек оқиғаны 
айтуға ғана мән беріліп қоймайды. Мұнда тыңдаушыға қажетті 
дәрежеде әсер ету керектігі де ескеріледі, ал бұл – көркем 
фольклордың белгісі. Демек, хикая жанрында көркемделудің 
алғашқы нышаны елес бере бастайды.
Біздің бұл ойымызды дәлелдейтін тағы бір нәрсе – жезтыр­
нақтың сырт пішіні мен киімінің суреттелуі, ендеше, біз 
фольклорлық бейне пайда бола бастаған деп айта аламыз. 
Әрине, бұл әлі таза фольклорлық көркем образ емес, бірақ 
соның өзінде де образдың сыртқы түрін, кескінін бейнелеу бар 


[
118
]
және бір қызығы – жезтырнақтың түрі барлық хикаяда бірдей 
емес. Айталық, бір хикаяда ол жап­жас келіншек түрінде 
келсе, екінші хикаяда ол үсті­басын түк басқан еркек адам 
болып келеді. Ойымыз дәлелді болу үшін 2­3 мысал келтіре 
кетейік.
«Бір уақытта әйелдің дауысы шықты. Кешікпей­ақ бір 
әдемі, сылдыраған әйел жетіп келді. Әйелге бұл жігіт сөйледі: 
«Жеңеше, неғып жүрсіз?» – деді. Ол әйел айтты: «Екі бала түйе 
бағып кетіп еді, солар кешігіп, келмеген соң соны іздеп шығып 
едім. От шыққанға солар ма деп, мұнда келіп едім деді»
85
. Міне, 
бұл 1888 жылы жарияланған бір хикаядағы жезтырнақтың 
кейпі.
Ал 1910 жылы жарық көрген хикаяда жезтырнақ былай 
суреттеледі: «Адам тәрізді бірдеңе аяғындағы тұяғын қайыс­
тырып, адамнан жасырып тұрады. Шапанының жеңін түсіріп, 
қолындағы тырнағын көрсетпейді. Жезтырнақ келіп, басын 
изейді де, аттың қасына тізерлеп отыра кетеді»
86
.
Басқа бір хикаяда жезтырнақ еркек болып көрінеді: 
«Борекең (Боран – С.Қ.) басын көтерсе, көрмеген бір хайуан, 
жезтырнақ екен, оның қаруы екі қолында, саусақтары 
бүркіттің тұяғындай, істік темір сықылды, тұла бойы жал­
быраған түк екен»
87
.
Жезтырнақтардың әр түрлі кейіпте көрсетілетінін Шоқан 
Уәлиханов та айтқан. Сонымен бірге кейбір хикаяларда жез­
тыр нақ жалғыз жүрмейді, тіпті жезтырнақ елі бар екені, олар­
дың да басшылары, көсемдері болатыны жайында айтылады. 
Бұдан біз бұл жанрда дүниеде адамзаттан басқа да, бірақ 
көзге көрінбейтін тірі жандар, мақұлықтар бар деген мифтік 
ұғымның ізі сақталғанын көреміз. Ендеше, хикая – көне 
жанр, ежелгі мифтің өзгерген түрі деген пікірімізді бұл тағы 
да дәлелдеп тұр. Басқаша айтқанда, хикая жанры қазақ 
жұртында көркем ертегімен көп уақыт қатар өмір сүрген, жай 
ғана өмір сүріп қоймаған: ұзақ мезгіл ішінде жаңа хикаялар 
туып, ескілері ертегіге айналып отырған, ба сқа жанрлармен 
қоян­қолтық араласып, бүкіл фольклорлық процестің ішінде 
болған. Осы ойымызға орай С. Сейфуллиннің мына сөзін еске 
түсіре кетейік.


[
119
]
«Тіпті ертек, әңгімелердің көшпелі ел арасында шығуы, – деп 
жазады ол, – соңғы жылдарға шейін үзілмей келді. Арғыдағы 
елдерде, соңғы жылда да «мерт аяқ», «үш буын», «айдаһар», 
«жапан далада жүргенде пәленді перінің қызы шәріне көтеріп 
апарып, қайтып әкеліп тастапты» деген ертектер шығып 
жүрді. Ана жылы, жаз жаңбыр болмаған жылы, «пәлен жерде 
пәлен сұмырайды көріпті», «сұмырай келсе су құриды» деген 
осы екен деп, шындай сөйлеп жүрді...
Міне, қазақтың ауыз әдебиетіндегі ертек, әңгімелер ескі 
замандағы надан жұрттың нанатын әңгімелері»
88
.
С. Сейфуллиннің айтып отырғаны – біз талдап отырған хи­
каялар, тек ол басқаша атаған.
Біз жезтырнақ образына қайта оралайық. Жоғарыда айтыл­
ғандай, жезтырнақтардың өз елі бар деп сенген халық хикаяда 
жезтырнақтың жұртын бейнелейді...
Бір күні Төлебай батыр бір жолдасын ертіп, тауға аңға 
шығады. Тау аралап жүріп, олар мал жайып жүрген кісілерді 
көреді, бірақ олар Төлебайларға жылы жүз көрсетпейді. Осы 
кезде Төлебай тастан қаланған үйлерді көреді де, соған қарай 
бет бұрады. Шеткі үйге жақындағанда ішінен жезтырнақ 
шығып, Төлебайға жылы шыраймен сәлем береді, батырға: 
«Аттан түсіп, үйге кіріп шай ішіп кетіңіз», – дейді. Төлебай 
тоқтамай өтіп кетеді де, жанындағы жолдасына: «Жезтырнақ 
елінен күні­түні жүріп шығып кетейік!» – дейді
89
.
Ел түсінігінде жезтырнақ семьялы болады, семьясының 
біреуін өлтірген кісімен ол өле­өлгенше өштеседі. Біраз хи кая­
да әйелі, я болмаса баласы кісі қолынан қаза тапқан жезтырнақ 
өмір бойы сол адамды немесе оның баласын өлтіру ниетінде 
болады. Мысалы, «Мамай батыр» атты хи 
каяда атасы мен 
әкесін мерт еткен жезтырнақты өлтіріп келген батырға бақсы 
былай дейді:
«Бұл көк тырнақ адамды ұсатып жібереді және бұл (жез­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет