Бағдарламасы бойынша жарық көрді


Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер



Pdf көрінісі
бет36/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер. Бұл топ­
тағы ертегілер саны жағынан ең көбі және ел арасына ең кең 
тарағаны. Олардың барлық сюжеті дерлік дүниежүзі халық­
тарының фольклорына әйгілі. Өйткені бұл ертегілердің көбісі 
типологиялық жолмен әр халықта болған үқсас қоғамдық, 
әлеу меттік жағдайда туған. Бұл – біріншіден. Екіншіден, қа­
зақ халқының этногенезін құраған рулар мен тайпалардың 
бірнеше түркі тектес халықтардың құрамына енуімен бірге 
олардың ертегілері де сол халықтардың фольклорына кірген, 
яғни тарихи туыс елдердің ертегілік сюжеті ұқсас. Үшіншіден, 
қазақ халқының басқа ел­жұртпен тари хи, саяси, мәдени, сауда 
қарым­қатынасы, араласы арқылы келген сюжеттер де бар. 
Олар да ұқсастық туғызады. Бірақ дүниежүзілік фольклордың 
ұқсастығына қарамастан қазақ ертегілері өзіндік сипаты 
мен соны тұрпатын сақтап қалған. Сөйте тұра, мұнда жалпы 
адамзатқа тән мінез­құлық бірдей болғандықтан жануарлар 
образы да басқа елдер ертегісіндей болып келеді.
Жануарлар жайындағы ертегілердің өте терең моральдық 
жөне әлеуметтік мәні бар. Мысалы, хайуанаттар қанша бір­
бірімен шайқасып, қақтығысып жүрсе де жыртқыштар еш 
уақытта жеңіске жетпейді. Зерттеушілер ертегілердің таптық 
жақтарын үнемі көрсетіп отырады. Алайда, ертегілердің 
өзі таптық түсінікті ашық айтпайды. Онда кейіпкер мінезі 
көрінеді. Әрине, астарлы образдар таптық қатынасты көр­
сетеді: жолбарыс – ханды, түлкі – биді, жыртқыштар ұйым­
дастыратын тойлар байлар тойын еске түсіріп отыра ды. Мұн­
дағы сатиралық астар да белгілі биікке көтеріледі. Жалпы 
алғанда ертегілерде жинақтық мағына басым: әңгіменің 
соңында жыртқыштар мен озбырлар міндетті түрде жеңіліске 
ұшырап, дәрменсіз болып шығады. Ертегілердегі мораль мен 
әлеуметтік утопизм, міне, осында.


[
182
]
Екінші жағынан, ертегілердің тек әлеуметтік қана емес, жал­
пы адамзаттық сипаттары да мол. Ол адам бойындағы мін мен 
ақауда оның таптық тегіне қарамай аяусыз әшкерелейді. Хан, 
би, бай, көпестер өмір сахнасынан әлдеқашан сырылғанымен
балалар күні бүгінге дейін жануар лар хақындағы ертегілерді 
ерекше ыждағатпен сүйіп тыңдайды, олардың ақылы мен 
айласының, қулығы мен екіжүзділігінің себебін танып білуге 
тырысады.
Қазақ ертегілеріндегі жануарларды сипаттамасы жалпы 
дүниежүзілік ертегілермен үндес келеді. Өте кең тараған 
ертегілік қаһарман – түлкі. Ол – асқан айлакер, екіжүзді 
де қу. Залымдылығының арқасында ол көбінесе жолбарыс, 
қасқыр, аю сияқты өзінен күшті жыртқыштарды үнемі жеңіп 
жүреді: еттің дәмін тат деп қасқырды апанға түсіреді, өзін 
ордан шығару үшін ешкіні алдап, мүйізін пайдаланады, аңқау 
аюдың масқарасын шығарады. Бірақ түлкінің осыншама 
айлалы әрекеттері оның өзінен әлдеқайда әлсіз жануарлармен 
немесе адамдармен қақтығысы үстінде ашылып я болмаса 
әшкереленіп отырады. Мәселен, бірде түлкі әтештен алданып 
қалады, бірде оны бөдене ақымақ қылып кетеді, және бірде 
кенемен жарыста жеңіліс табады, енді бірде малшының итінен 
қорқып, зәресі кетеді. Түлкі өзінен күшті, бірақ ақыл­айласы 
төмен айуандармен кездескенде әр уақытта олардан қулығы 
мен сұмдығын асырып отырады, ал өзінен әлсіздерге зұлымдық 
көрсеткенде, керісінше, ақыл­айласынан айырылып, басқа 
жыртқыштар сияқты жеңіліс табады. Түлкі образынан жалпы 
ертегі жанрына тән эстетика заңы анық байқалады: ертегі 
қашан да әлсізді, зәбірленіп жапа шеккенді қорғайды, соны 
жақтайды.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілеріндегі екінші басты 
тұлға – қасқыр. Ол да жалпыға мәлім – ақымақ та ашқарақ. 
Түлкінің алдағанына иланып, өзінің көтен ішегін суыртып қаза 
табатын да, ешкі, қой, жылқы сияқты жануарлардан алданып 
қор болатын да қасқыр. Сонымен бірге қасқыр – зорлықшыл, 
зорлықшыл болғанда сәтсіздікке көп ұшырайтынның өзі. Ол 
әрі сараң, әрі қорқақ. Қасқырдың басын көрсеткен қойдан 
қорқып қашатын да жері бар. Тіпті, қиын­қыстау кезеңдерде 


[
183
]
ақылымен жол тауып кететін қозы мен лақтан әлсіз болып 
шығады.
Қазақ ертегілерінде бұлардан басқа жануарлар сирек кез­
деседі. Жолбарыс адуынды, бірақ ақыл­айласыз (қасқыр 
екеуінде көп ұқсастық бар, әр түрлі ертегілерінде есек орыс 
мақалында айтылғандай ақымақ емес, ол мұнда жолбарысты 
жасқандырып, қасқырды балағаттап жүреді). Ат, түйе, ит 
сияқты үй жануарлары ертегілерге аз араласады. Қазақ фольк­
лорында ат – поэтикалық тұлға. Батырлық, қиял­ғажа й ып 
ертегілер мен эпос қаһармандарының ең сенімді серіктері – 
осындай ғажайып аттар болып келеді. Сондықтан да прозамен 
баяндалатын жануарлар жайындағы ертегілерде ат образы 
сирек кездеседі.
Қазақ фольклорындағы халықаралық сюжеттер де ұлттық 
түр алған. Мұның өзі кейіпкерлердің құрамына да, олардың 
қимылы мен іс­әрекетіне де, қимыл жасалатын жағдайға да 
әсерін тигізеді. Ертегілердегі оқиға көбінесе қазақтың шетсіз­
шексіз кең даласында өрістетіледі.
Аталмыш жанрда жануарлардың әр түрлі қылықтары жа­
йында халықтың көптеген нақты да дәл байқаулары бей­
неленген. Мысалы, ертегілерде біз есектің тек жазық жер лерде 
жайылатынын, ешкінің қияға әуестігін, тастан­тасқа секі­
ретінін, түйенің шеңгел бұтақтарына әуес келетінін көреміз. 
Ертегілерден түйелердің қалайша күлге аунауға құмар келеті­
нін, жылқы үйірлерінің қасқырлардан қалай қашып құтыла­
тынын және тағы осы сияқты көптеген нәрселерді білуге 
бола ды. Жануарлар жайындағы ертегілер біздің түсінігімізге 
адамның мінезі мен оның моральдық жағын кіргізіп қана 
қоймаған. Ол табиғат сырлары мен құбылыстарына үңілуге, 
зеректілік пен байқампаздыққа баулыған. Әрине, бұдан ерте­
гілер табиғаттану туралы анықтауыш кітап деген ұғым тумай­
ды. Оның тәрбиелік мәнін ескере отырып, табиғи географиялық 
жағын да ұмытуға болмайды.
Жануарлар жайындағы классикалық ертегілердің құры­
лымы айтарлықтай күрделі емес. Олардың композициялық 
негізі – жануарлар арасындағы кездесулер мен қақтығыстар 
тізбегі. Сондықтан да ертегілер баяндаулардан гөрі көбінесе 
диалогқа құрылады. Кей жағдайларда кездесулер көп бола­


[
184
]
ды, бірақ ертегіде олардың бір­екеуі ғана пайдалынады. Ал 
бір сарынды эпизодтардың түрі өзгертілмей үнемі қайталанып 
отыруы дүниежүзілік фольклорда кең тараған «коммулятивтік 
композиция» деп аталады. Бұған «Айлакер тышқан», «Қотыр 
торғай», «Кім неден күшті?» ертегілері мысал бола алады. Бұ­
ларға тән тізбекті композиция өте көне болып есептелінеді. 
Қазіргі кезде мұндай ертегілердің белгілі дәрежеде тәрбиелік 
мәні бар: мұнда заттар мен құбылыстар, адамдар мен жа­
нуарлар жалпылай байланыса қатыстырылып, бірінен­бірі 
алыс та шашыранды заттарды жақындастыруға тырысатын. 
Ком мулятивтік (тізбекті, тіркесті) ертегілер – балдырғандар 
мен жасөспірімдердің жан­дүниесіне жағымды ертегілер.
Көптеген дүниежүзі халықтарының жануарлар жайындағы 
ертегілерінде прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыру жиі 
байқалады. Қазақ ертегілерінде мұндай әдіс сирек кездеседі 
және кездесе қалған күнде де орыс ертегілеріндегіден сапалық 
жағынан басқаша болып келеді. «Бес ешкі» атты ертегідегі 
баян дау мен өлеңнің араласуы батырлық жырға ұқсас: ертегі 
боранда қалған мал туралы баяндап келе жатып, солардың 
ішіндегі құла атты өлеңмен:
Жал­құйрығына қар қатқан,
Қабағын қалың мұз жапқан,
Әрлі­берлі көп шапқан, –
деп суреттейді де, қайтадан әңгімемен баяндап кетеді.
Жануарды бұлай суреттеу көбінесе қазақ эпосына тән болса, 
ал иесінің малды:
Қой баласы қоңырым, 
Ұя бұзбас момыным,
Шопан ата түлігі
Қошақаным, қайдасың?
Пұшайт!
Пұшайт!
Жүнін жұлса бақырған,
Ешкі атасын шақырған, 


[
185
]
Өрісте өскен жануар – 
Шөкетайым, қайдасың?
Шөре!
Шөре!
Жолға шыққан көлігім 
Жапанда жүрсем серігім, 
Қамбар ата өсірген
Құла атым менің, қайдасың?
Құрау!
Құрау! –
деп шақыруы қазақтың төрт түлік туралы өлеңін еске түсіреді.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерінің енді бір түрі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет