Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
I томның текстері былай жүйеленген: қиял­ғажайып ер­
тегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс­салт ер­
тегілер, аңыз ертегілер, Алдар көсе туралы әңгімелер, Қо­
жанасыр туралы әңгімелер.
II томында: қиял­ғажайып ертегілер, хайуанаттар ту ралы 
ертегілер, тұрмыс­салт ертегілер, аңыз ертегілер, Алдар 
көсе туралы аңыздар, Қожанасыр туралы аңыздар, күлдіргі 
ертегілер.
III томның жүйеленуі: қиял­ғажайып ертегілер, хайуа­ 
наттар туралы ертегілер, тұрмыс­салт ертегілер, аңыз 
ертегілер, өтірік ертегілер мен күлдіргі ертегілер, Жиренше 
Шешен мен Алдар көсе туралы аңыздар, Қожанасыр туралы 
аңыздар.
Міне, барлық томда қазақ ертегілерінің негізгі үш жан­
ры өзгеріссіз, тұрақты түрде белгіленген. Ал классикалық 
ер тегі жанрына кірмейтін шығармалар аңыз ертегі, әңгіме, 
аңыз, өтірік және сындық ертегі деп топтастырылған. Бұл 
атау 
ларда терминдік ұғым болмаса да, олар топқа енген 
шығармаларды сипаттап тұр. Демек, жинақтағы алғашқы 
практикалық сараптау өз міндетін толығымен атқарған. Ен­
деше практикалық саралау – қажетті де пайдалы іс. 
Алайда, фольклорлық жанрларды, дәлірек айтсақ, халық 
прозасының түрлерін жан­жақты, терең зерттеу үшін бұл 
жеткіліксіз. Енді практикалық іске сүйене отырып, ғылыми 
тұрғыда саралау керек. Ғылыми саралау үшін ең алдымен
әдетте, әр түрлі көрсеткіштер жасалады, архивтегі фольклор 
үлгілері каталогқа түсіріледі. Яғни, архивтерде жиналған 
қолжазба қорларында сақталған, сондай­ақ жарыққа шыққан 
фольклорлық шығармалар барынша түгел есептелінеді. Содан 
кейін ғана фольклордың жанрлары ғылыми саралауға түседі.
Қай халықтың фольклорында болсын прозалық жанры 
жеке бір үлкен топ құрайтыны, бірақ оның әлі күнге дейін 
айтарлықтай зерттелмей келе жатқаны жайында ғалым 
фольклористер ертеден­ақ жаза бастаған. Мысалға, Еуропа 
оқымыстылары А. Иолесс, К. Сидов, А. Весельский, А. Ники­
форовтардың халық прозасын жүйелеп, саралауға арналған 


[
43
]
еңбектерін атауға болады
34
. Осы еңбектерді және орыс халық 
прозасына, оның ішінде ертегіге жатпайтын тобына арналған 
зерттеулерді шолып шығып, К.В. Чистов 1964 жылы былай 
деп жазды:
«Фольклортану ғылымында халық прозасының жанр лары 
әлі күнге дейін сараланбаған, оларды атайтын терминдер ха­
лықаралық дәрежеде жүйеленбеген... Ертегіден басқа жанр­
лардың сюжеттік құрамы ойдағыдай анықталмаған, әрі есепке 
алынбаған, әпсана­хикаяттардың, әңгімелердің көптеген цикл­
дері зерттелмеген»
35
.
1934 жылы неміс ғалымы К. Сидов халық прозасының ер те­
гіден тыс жанрларын айтылуына қарай хабар (Сһrо nіk notіzеп), 
естелік (Меmогаt) және әңгіме (ҒаbuІаt) деп үшке бөлген
36
.
Бұл терминдер халықаралық фольклортану ғылымында ке­
ңінен қолданылып кетті де оларға жанрлық ұғым берілді.
Швейцар оқымыстысы М. Люти мен чех ғалымы О. Си ро­
ватка халық прозасын ертегілік және аңыздық деп бөлгенде
айтушы мен тыңдаушылардың шығармаға сенетіні, сенбейтіні 
негізге алынбау керек деген пікір айтады. Олардың ұсынған 
шарты бойынша, мәселен, ертегіге жатпайтын прозаны адам 
мен о дүниенің арасындағы қатынас негізінде жіктеу керек, 
ал ертегіні саралауға кейіпкердің даралануы, аластануы, 
(«индивидуализм», «изоляция» персонажа) ескерілуі қажет
37
.
Классификацияның мұндай шарттары ғылыми жағынан 
дәлелсіз.
Орыс совет фольклортануында халық прозасының ертегіге 
жатпайтын жанрларын зерттеу ісі 50­60 жылдардан бастап 
қолға алынды. Бұл ретте В.Я. Пропптың, Л.Е. Элиасовтың, 
Л.И. Емельяновтың, С.Н. Азбелевтың, В.П. Аникиннің, 
Н.И. Кравцовтың, К.В. Чистовтың, т.б. еңбектерін атауға бо­
лады
38
. Бұл зерттеулер жалпы фольклортану ғылымы қабыл­
дайтын дай саралау жүйесін жасамаса да, белгілі бір заңды­
лықтарды ашып, әр прозалық жанрды комплексті жүйеде 
зерт теу қажеттігін көрсетті. Аталған еңбектердің нәтижелері 
оқулықтарға еніп, халық прозасының әр жанры жеке қарас­
тырылатын болды
39
.
Аса көрнекті ғалым, совет фольклортануы теориясының 
не 
гізін қалаушылардың бірі В.Я. Пропп халық прозасын 


[
44
]
екі үлкен салаға бөледі: ертегі және мазмұнына ел сенетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет