Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультетінің 6B01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студент А.Ш. Рахметованың «Сақ тайпаларының өнері мен мифологиясы» тақырыбындағы дипломдық жұмысына
СЫН – ПІКІР Таңдалған зерттеу тақырыбы өзектілігінің, жаңалығының және тәжірибелік мәнінің негізделуін бағалау.
Диплом жұмысының тақырыбы бүгінде маңызды және өзекті. Автордың таңдаған тақырыбы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Диплом жұмысының материалдарын дәріс беру кезінде оқушыларға, студенттерге көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
2. Әдіснамалық базаны, дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерінің оның мазмұнына сәйкестігін бағалау. Зерттеу жұмысының мақсаты дұрыс айқындалған. Автор зерттеу тақырыбында Сақ тайпаларының өнері мен мифологиясына жан-жақты талдау жасаған.
Диплом жұмысын жазу барысында автор алға қойған мақсат-міндеттерін шешу үшін ғылыми және обьективті тұрғыдан қарауға мүмкіндік беретін әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алған. Нақты әдістерді таңдау фокторларға, яғни пайдаланудағы деректердің мазмұны мен сипатына, дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты жүргізілген.
3. Мәселені шешу дәрежесін және зерттеудің аяқталғандығын бағалау. Диплом жұмысының мазмұнын ашу үшін А.Ш. Рахметованың диплом жұмысында көптеген ғалымдардың еңбектерін қолданылған және басқа да тақырыптар төңірегінде жазылған көптеген деректер, көркем әдеби шығармалар, публицистикалық басылымдарды талдаған. Мұндай дерек көздері мен ғылыми зерттеулер диплом жұмысының мазмұнын ашуға үлкен мүмкіндік берген. Зерттеу жұмысын теориялық тұрғыдан қарастырған кезде ішкі логикалық бірлік сақталған. Сондықтан А.Ш. Рахметованың диплом жұмысының мазмұны толықтай ашылғандығын ескеріп, оны аяқталған жұмыс деуге болады.
4. Қорытындылар мен ұсыныстардың болуы және олардың дербестігін бағалау. Диплом жұмысының барлық тарауларының, оның бөлімдерінің соңында қарастырылған мәселелерге байланысты тұжырымдар мен қорытындылар жасап отырған. Ал диплом жұмысының қорытынды бөлімінде диплом жұмысының авторы зерттеу тақырыбы бойынша жалпы, қорытындылаушы тұжырым жасай білген. Сол себепті А.Ш. Рахметованың диплом жұмысын дербес жұмыс деп қабылдауға болады.
5. Даулы жағдайлар, сыни ескертулер және кемшіліктер. Диплом жұмысының мазмұны бойынша даулы жағдайлар немесе өрескел сыни ескертулер жоқ. Кейбір грамматикалық және стилистикалық кемшіліктер бар, бірақ келешекте автор ол кемшілігін ескеріп және бұл жұмысты жалғастырады деген ойдамыз. Бірақ біз көрсеткен кемшіліктер диплом жұмысының мазмұны мен оның құндылығын кемітпейді деп есептейміз.
6. Дипломдық жұмыстың жалпы деңгейіне сипаттама. Диплом жұмысының құрылымы талаптарға сай келеді. Кіріспе бөлімінде диплом жұмысының өзектілігін, мақсаты мен міндеттері, оның жаңалығы, тәжірибелік маңызы, деректік және тарихнамалық базасы, методологиялық негізі дұрыс айқындалған.
Қорытынды бөлімде, диплом жұмысының мазмұнында баяндалған негізгі ойға тұжырымдама жасалған. Диплом жұмысының соңында диплом жұмысын жазу барысында қолданылған деректер мен ғылыми еңбектердің пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
7. Дипломдық жұмыстың маманды дайындау бейініне берілетін академиялық дәрежесі мен берілетін біліктілігіне сәйкестігі. Диплом жұмысының тақырыбы мен оның мазмұны 6B01601 – «Тарих» білім беру мамандығына толықтай сәйкес келеді.
Ал А.Ш. Рахметованың диплом жұмысы А үздік (96 балл) деген бағаға және «тарих бакалавры» дәрежесін алуға лайықты.
Сын-пікір жазушы:
Қарағанды қ.
А.Байтұрсынұлы атындағы
мектеп-гимназиясы тарих
пәні мұғалімі Д.А. Оспан