Бағдарламасы бойынша шығарылды Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата19.01.2017
өлшемі1,21 Mb.
#2251
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Тәрбиеден мақсұт
Тәрбиеден  мақсұт  –  адамды  һәм  сол  адамның  ұлтын, 
асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі 
әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің 
мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. 
Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген атты 
құр  жала  қылып  жапсырмай,  шын  мағынасымен  адам 
қылып шығару.

29
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Педагогика қандай пән?
Біз жоғарыда адам баласының тәрбиеге мұқтаж екен-
дігін, оған қандай тәрбие беру керектігін һәм ол тәрбиені не 
үшін беру керек екендігін айттық. Жә, тәрбие керек. Бірақ 
балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші (ата-ана, мұғалім) 
тәрбие  жолын  ешкімнен  үйренбей-ақ,  ешнәрсені  оқып-
білмей-ақ өз бетімен бере ала ма? Әркім өзі-ақ жол тауып 
кеткендей бала тәрбиесі соншама бір жеңіл нәрсе ме? Жоқ, 
бұлай  емес.  Бала  тәрбиесі  бір  өнер,  өнер  болғанда  ауыр 
өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы 
дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. 
Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа 
адамдардың майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке 
бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек. Тәрбие 
пәні педагогика деп аталады.
Педагогика – грек елінің сөзі. Пед – бала, агоги – же-
тектеу  деген  екі  сөзден  құралған.  Баяғы  Грецияда  бала-
ларды  бағып,  мектепке  алып  келіп  жүретін  кәрі  құлдар 
педагог деп аталған. Педагог деген аттың бұрын мақтаулы 
болмағандығы осыдан көрінеді. Бірақ соңғы заманда пән, 
ғылым өсіп, адамзат өнерленген сайын педагог деген ат 
қадірлі, қасиетті болып барады.
Педагогикамен жақсы таныс болудың керектігі
Бала тәрбие қылғанда әрбір тәрбиешінің алдымен қол-
данатын жолы – өз тәжірибесі. Яғни бала күнде өзі қандай 
тәрбие алған һәм баланы бұрын өзі қалай тәрбие қылған. 
Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті қисық 
жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие 
туралы әрбір тәрбиешінің өз тәрбиесі аса қымбат нәрсе. 
Адамның өз тәжірибесі – жүріп кеткен жолы. Ол жолдың 

30
C
C
Шығармалары
C
C
жақсы-жаман жағы көз алдында сайрап тұр. Естігеннен – 
көрген анық. Көргеннен – бастан кешкен анық. Бірақ бұл 
әркімнің өз тәжірибесі қанша қымбат болғанмен, қатесіз 
жол деуге болмайды. Бір адамның тәжірибесі – тым тар, 
тым бірбеткей тәжірибе. Тәрбиешінің өзіне қолайлы болған 
жол  тәрбие  қылатын  балаға  қолайлы  болмасқа  мүмкін. 
Тәрбиеден мақсұт – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып 
шығару емес. Келешек өз заманына лайық қылып шығару 
ғой.  «Ба лаңды  өзімдей  бол  деп  үйретпе,  өзімдей  болма 
деп үйрет!» деген Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар. 
Бұл – бір.
Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәр-
биесі.  Әрбір  ұлттың  бала  тәрбие  қылуы  туралы  ескіден 
қалып  келе  жатқан  жеке-жеке  жолы  бар.  Ұлт  тәрбиесі 
баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан 
тақтай  жол  болғандықтан,  әрбір  тәрбиеші,  сөз  жоқ,  ұлт 
тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың ба-
ласы өз ұлтының арасыңда, өз ұлты үшін қызмет қылатын 
болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие 
қылуға міндетті. Бірақ ұлт тәрбиесін, ұлттың тәрбие жо-
лында  ұстаған  жолын  түгелімен  дұрыс  деуге  болмайды. 
Ұлт  тәрбиесінің  жақсылық  жағы  көп  болған  сықылды, 
жамандық  жағы  да  көп.  Талай  нашар,  зиянды  әдеттер 
әрбір  ұлт  тәрбиесі  ішінде  толып  жатыр.  Баяғыдан  бергі 
ұлт тәрбиесінің ішінде ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар 
толып жатқан ұлттың біреуі – біздің қазақ. Қысқасы, ұлт 
тәрбиесі қанша қадірлі, керек жол болғанмен, адастырмай-
тын дұрыс жол деуге бола бермейді.
Жоғарыда  айтқаннан  көрінеді,  балаға  шын  дұрыс 
тәрбие  беру  үшін  тәрбиешінің  өз  тәжірибесі  һәм  ұлт 
тәрбиесімен таныс болуы жетпейді екен. Бұлар – бірбеткей 
шикі  тәжірибелер.  Бұлар  сыннан  өткізіліп,  пісірілмеген 
күйде  берік  негіз  бола  алмайды.  Бұлардың  арасынан 

31
C
C
М. Жұмабаев
C
C
жақсы-жаманын,  алтын  мен  мысын  тізіп  ала  білу  үшін 
тәрбие  майданында  шынығып  ысылған  тарландардың 
тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие 
ғалымдарының ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс 
жолға түсіретін шын тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен 
жақсы таныс болу керек.
Педагогикаға жәрдемші пәндер
Педагогика адамның денесін һәм жанын дұрыс тәрбие 
қылу  жолдарын  ізденетін  пән  болғаңдықтан,  педагогика 
пәнімен дұрыс пайдалана білу үшін, екінші түрлі айтқанда, 
адамды дұрыс тәрбие қыла білу үшін адамның денесі  һәм 
жанының  жайын  кеңес  қылатын  басқа  пәндермен  таныс 
болуға тиісті. Бұл пәндер төмендегілер.
Д е н е   т у р а л ы   п ә н д е р: 
А н а т о м и я. Адам денесінің құрылысын баяндайды. 
(Денеде қандай мүше бар, жаралысы қандай?)
Ф и з и о л о г и я. Адам денесінде болатын көріністерді 
баяндайды (тұру, жүру, демалу сықылды).
Г и г и е н а. Саулықты сақтау пәні.
Г и м н а с т и к а. Саулықты бекіту үшін түрлі дене 
қозғалысы туралы пән.
Ж а н  т у р а л ы  п ә н д е р: 
П  с  и  х  о  л  о  г  и  я.  Адамның  жанының  жайын,  жан 
тұрмысын,  жан  көріністерін,  жан  күштерін,  ақыл-ойдың 
жайын баяндайтын пән.
Л о г и к а. Дұрыс ойлау жолдарын көрсететін пән.
Э т и к а. Құлық туралы пән. Яғни адамшылық не? Осы-
ны баяндайды.

32
C
C
Шығармалары
C
C
П е д а г о г и к а ғ а  т а ғ ы   б і р  к е р е к т і  п ә н
Педагогика  тарихы.  Түрлі  заманда  түрлі  тәрбиеге 
адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие 
дүниесінде  қандай  білімпаздар  өткен,  олар  қандай  жаңа 
жолдар тапқан? Міне, педагогика тарихы – осыларды ба-
яндайды.
Педагогика бөлімдері
Педагогика пәні беске бөлінеді: 
1) Ж а л п ы  п е д а г о г и к а. Адамның дене һәм жан 
күштерін, тәрбие жолдарын көрсетеді.
2) Д и д а к т и к а. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 
3) М е т о д и к а. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, 
белгілі бір пәнді қалай оқыту жолын көрсетеді. Мысалы, 
мектепте  қазақ  тілін  қай  жолмен  оқыту  керек  екендігін 
үйрететін пән «қазақ тілінің методикасы» деп аталады.
4) М е к т е п т і  б а с қ а р у. Бұл пән мектеп қалай салы-
ну ға, қалай  ұсталуға тиісті,  кластарға  шәкірттерді  қалай 
бөлу керек, оқу пәнін қалай белгілеу керек, міне, осылар 
сықылды мектеп құрылысы жұмыстарын көрсетеді.
5) П е д а г о г и к а  т а р и х ы. Бұл пәннің не нәрсені 
кеңес қылатындығы жоғарыда айтылды.
Жалпы  педагогика
Жалпы педагогика екі нәрсе жайынан сөйлейді: 1) дене 
тәрбиесі, 2) жан тәрбиесі жайынан.
Дене тәрбиесі
Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның 
жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас баланы 
тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың дене тәрбиесіне 
жұмсауға  міндетті.  Дене  тәрбиесіне  жеңіл  қарауға  бол-

33
C
C
М. Жұмабаев
C
C
майды. Жан дұрыс тәрбие қылынса болады, дененің қанша 
керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене – жанның қабы. Қап 
берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене – жанның 
құралы. Құрал мықты болса, иесі де мықты. «Сау жан сау 
денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі – 
шын дұрыс мәтел.
Жаңа туған баланы тәрбие қылуға кіріскенде тәрбиеші 
төмендегі нәрселерді білуге һәм істеуге тиіс.
Ө  л  ш  е  у.    Егерде  сау  болса,  жаңа  туған  баланың 
салмағы 8 қадақ шамасында болады. Нашар, аурулы бала 
6 қадақ шамасында, нағыз сау, таза бала 10–11 қадақ ша-
масында салмақты болады. Бастапқы 2–4 күн ішінде түрлі 
себептерден баланың туғандағы салмағынан 1/2 –3/4 қадақ 
шамасында  кемиді.  Мұнан  соң  бірте-бірте  салмағы  арта 
бастайды. 7–10 күнде туғандағы салмағына қайта түседі. 
Айдың аяғыңда туғандағы салмағынан 1/3 артады. Мұнан 
соң  салмақ  арту  шабаңдай  береді.  Екінші  жыл  бойына 
бастапқы салмағының 1/5, үшінші жыл бойына 1/10,  ал 
енді төрт жастан онға шейін жылына 4–5 қадақтан артып 
отырады.
Бала сау болып туды ма, аурулы болып туды ма, сау 
болып өсіп келе ме, жоқ ауруға айналды ма – осыларды 
дұрыс біліп отыру үшін жоғарғы мөлшер бойынша баланы 
өлшеп отыру керек. Бастапқы айда күн сайын, мұнан соң 
жыл толғанша жетіде екі-үш рет, екінші жылда жетіде бір, 
үшінші жылда айында бір өлшеп отыру мақұл.
«Баламды безбенге сал» деп айттың деп қазақтың ыр-
шып кетуінде сөз бар ма? Тәрбиенің басқа түрлерін ести 
келе, адуын әжелер ыршымақ  түгіл ұрсып,  сөгіп  тастар. 
Әйткен мен,  амал  қанша,  көтереміз.  Мойнымыз  жуан 
болғанмен, өзіміз жуаспыз. Біздің бар тілегіміз ырши-ырши, 
бізді ұрса-ұрса, айтқанымызды істесе екен. Қайткенменде 
біреу болмаса біреу, жүзден біреу болмаса мыңнан біреу 

34
C
C
Шығармалары
C
C
осы педагогика көрсеткен жолмен жүрер деп сенеміз. Біз 
өзімізді ақынның: 
Сөзімді біреу алмас, біреу алар, 
Құлағын біреу салмас, біреу салар. 
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар, 
Солардан аз да болса белгі қалар,– 
деген сөзімен жұбатамыз.
Жылылық. Баланың да, жеткен адамның да өлшеулі 
жылылығы  (Цельсий  бойынша)  37–37,  5  градус  болады. 
Бірақ жаңа туған баланың денесінің жылылығы бастапқы 
күндерде түрлі себептермен мынау өлшеуден 2–3 градус 
кем  болады.  Әйткенменде  ұзамайды,  бұрынғы  қалпына 
түседі. Және баланың да, жеткен
1
 адамның да жылылығы 
бір тәуліктің ішіңде бір қалыпта тұрмайды. Біресе өлшеуден 
асып кетеді, біресе төмен түседі. Жылылықтың төмендейтін 
уақыты  –  таңертең.  Жоғарылайтың  уақыты  –  кеш.  Дене 
жылылығы «термометр» деген бір құралмен өлшенеді. Осы 
құралмен баланың денесін күн сайын өлшеп тұру керек. 
Жылылық белгілі өлшеуде тұрса, баланың сау болғаны, не 
жоғарылап, не төмендеп кеткен болса, баланың ауру бол-
ғаны. Жылылық өлшеніп отырса, келе жатқан науқас тың 
алдын алуға болады. Болмаса науқас билеп алып, баланы 
қолды-аяққа тұрғызбай шыңғыртқанда, оның науқас екенін 
білу, көбінесе пайдасыз білу болып шығады ғой.
Дем алу. Жаңа туған бала бір минутта 40–44 рет дем 
алады. Мұнан соң бірінші жыл бойына – 35–40 рет, екінші 
жылда – 28, үшінші жылда – 26 рет. Сөйтіп, кеми-кеми 15 
жаста бір минутта 17–20 рет дем алатын болады. Міне, дем 
алудың осы мөлшерден артық, яки кем болуы баланың сау 
болмауын көрсетеді. Баланың дем алуын ояу отырғанда са-
1
 Жеткен – ержеткен, ересек деген мағынада.

35
C
C
М. Жұмабаев
C
C
нау қиын. Ойнап қозғалып отырғанда дем алуды мөлшерден 
арттырып жібереді. Дұрысы – ұйқтап жатқанда санау.
Тамыр соғу. Жаңа туған баланың тамыры бір минутта 
150 рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға шейін 
соғады. Жеткен адамның тамырының соғуы бір минутта 
65–70-тен аспайды. Бала ояу отырғанда, әсіресе жылағанда 
тамыр соғуы жиіленіп кетеді. Мұндайда мөлшерлі соғудан 
20–25  артық  соғады.  Баланың  тамырын  бала  ұйқтап 
жатқанда  байқау  керек.  Сонда  белгілі  мөлшерден  тамы-
ры артық я кем соқса, баланың сау болмағаны. Тамырын 
ұстаумен  бір  адамның  ауру,  сау  екені  білінетін  болса, 
тамыршылық деген әулиелік емес екені өз-өзінен көрініп 
тұр.
Бірақ надандыққа не шара, біздің надан еліміз тамыр-
шыны жынымен сөйлесіп, күбірлесіп, тәңірімен тілдесіп 
отыр деп біледі.
Бала бөлмесі. Мынау сөзді оқығанда «атыңның басы 
тиіп, жорғасы қалып па?» дегендей, қазақтың өзіне үй бітіп, 
баласының бөлмесі қалып па деп күліп кекетуші де болар. 
Шынын айтқанда, қазақта үй дерлік үй бар ма? Жоқ. Өнерлі 
елдің адамы түгіл малы жатпайтын бір былық қора.
Қазақтың  қысқы  үйінің  көбі  –  жермен-жексен  болып 
жатқан шымнан жасалған бір қуыс. Терезе деген тышқан-
ның  көзіндей  бір  тесік.  Есіктен,  тесіктен,  астан,  үстен 
аңырап тұрған суық. Желдің жыбыр-жыбыр сөйлегенін, да-
уыл боранның адасқан аңдай ұлығанын естігің келсе, сорлы 
қазақтың қысқы үйіне кір. Шым қабырғадан, төбедегі сирек 
салынған сырғауылдың арасынан сорғалаған су. Жер әбден 
саз. Босағада қатар-қатар малдың төлі. Иіс, қоқыс, түтін. 
Егер қазақ жаз шығысымен мынау сасық үңгір заңдемін 
тастап киіз үйге шықпаса, сөз жоқ, бірнеше жылдың ішінде 
қырылып  бітер  еді.  Мінеки,  жыл  он  екі  ай  ішінде  сегіз, 
тоғыз ай қазақ тұратын үйдің түрі осы. Әрине, мұндай үйде 

36
C
C
Шығармалары
C
C
тұрған қазаққа бала бөлмесі пәлендей болсын деп айту тіпті 
орынсыз болар еді. Бірақ біздің үмітіміз келешекте сорлы 
қазақ мәңгіге сасық үңгірде құрттап, шіріп жата бермес, 
тұрмысын, үйін, күйін түзетер деп сенеміз. Бізді жұбататын 
ақынның әлгі өлеңі.
Сөзге келейік.
Бала бөлмесінің ішінде бес-алты куб сажын ауа болсын. 
Және жиі-жиі ауа жаңартылып тұрсын. Бала жататын үйде 
кір  жуу,  кір  кептіру,  кірлеген  киімді  тастау  жарамайды. 
Себебі кірдің кірі бу болып, ауа болып баланың ішіне кіріп, 
саулығына зиян келтіреді. Бала бөлмесінің жайлылығын да 
бақылап тұру керек. Жаңа туған бала жататын бөлменің 
жылылығы Рьюмер бойынша 17–18 градус, бір жеті мен 
алты  жеті  арасында  16–17  градус,  сонан  соң  15–16  гра-
дус болу тиіс. Қандай үйдің болса да жарық болуы керек 
болатын болса, бала бөлмесінің жарық болуы тым керек. 
Қараңғы үйде тәрбиеленген баланың өсуі шабан болады. 
Тамағы қанша жақсы болса да, зағып, нашар болып өседі. 
Сондықтан бала жататын бөлменің жарығы мол болу керек. 
Бөлменің жарығы мол болу үшін оның терезелері не аузы 
түстік-күн шығысқа, не оңтүстік-күн батысқа қарауы шарт.
Терезелер  тура  оңтүстікке  қараған  бөлме  қыстыгүні 
жарық, жылы болғанмен, жаздыгүні ыстық, қапа болады. 
Ал енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қараған бөлме 
қашанда  болса  һәм  қай  жақтан  болса  да  қолайсыз.  Сөз 
аяғында қазақтың киіз үйде бала өсіруі, асырауы туралы 
бір-екі сөз айтып өтейік.
Бала тәрбиелеу үшін киіз үйді аса қолайлы деуге бол-
майды. Аңғал-саңғал, ашық-тесік киіз үй баланың жел тиіп, 
суық-тиіп  ауру  болуына  көп  себепші.  Бірақ  баланы  киіз 
үйден бір жола бездіріп алып кетуге орын жоқ. Киіз үйдің 
зиянды жағы болған сықылды, пайдалы жағы да бар. Әңгіме 
сол киіз үйдің ішіңде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа 

37
C
C
М. Жұмабаев
C
C
сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жараты-
лыспен  бауырласып  құшақтасқан,  алдындағы  малымен 
бірге  жүріп,  бірге  өскен  қазақ  баласын  аса  нәзік  қылып 
үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. Бұл сөзбен 
мен  балаңды  баяғыдай  «шалбардың  ішіне  салып  асыра» 
деп отырғаным жоқ. Ол заман озды ғой. Әйткенменде қазақ 
баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл.
Баланың  тамағы.  Баланың  жақсы  өсуі  үшін  оның 
тамағы  жақсы  болуға  тиіс.  Тамақ  баланың  өсуіне  қарай 
өзгеріп  отыру  кереқ.  Бастапқы  кезде  балаға  ең  дұрыс 
тамақ –  ананың  сүті.  Сүттің  ішінде  денеге  керек  тамақ 
заттарының бәрі бар. Ана сүті бала өскен сайын өзгеріп 
отырады.  Ана  бір  себептерден  баласын  емізе  алмайтын 
болса, әрине, қолдан асырауға тура келеді.
Бірақ  емізуге  мүмкін  болғанда  абзалы  –  ананың  өзі 
емізуі. Статистика – санақ пәнінің көрсетуі бойынша ана 
сүтін емген 100 баладан бір жылда 15–20-сы ғана өледі. Ал 
қолдан асыраған 100 баладан бір жылда 65 шамалы өледі.
Қолдан асырау. Қолдан асыралғанда балаға лайықты 
тамақ – есек сүті мен ешкі сүті, Бұл екеуінің бірі болмаған 
күнде сиыр сүті. Бірақ сиыр сүтінде ақ (белковина)  пен май 
көп, қант аз. Сондықтан сиыр сүтін сұйылту һәм тәттілеу ке-
рек. Жаңа туған балаға берілетін сиыр сүтіне үш есе су қосу 
керек. Мұнан соң 2–3 айға шейін бір бөлім сүт, екі бөлім су, 
3 айдан 6 айға шейін екеуін де бірдей, ал тоғыз айдан былай 
таза сүттің өзін беріп отыру керек. Бір ішкізгеннен қалған 
сүтті екінші рет беруге жарамайды. Балаға беретін сүттің 
жылылығы  адам  денесінің  жылылығындай  болу  керек 
(Цельсий бойынша – 35–37°, Рьюмер бойынша – 26–28°).
Сүтті тәттілеу үшін сүтке кәдімгі қант салу керек. Бір 
стакан сүтке бір бал қасық қант жетеді. Балаға берілетін сүт 
сау сиырдың жаңа сауылған сүті болсын. Әр сиырдың сүтін 

38
C
C
Шығармалары
C
C
бір бергеннен бір ғана сиырдың сүтін берген дұрыс. Сүт, 
ыдысы таза болсын һәм берілетін сүт қайнатылуға тиісті. 
Емізік.  Қолдан  асырағанда  балаға  тамақ  беру  үшін 
қолайлы әдіс – емізік. Көбінесе емізіктің емшегі желімнен 
жасалған болады. Болмаса сиыр емшегі кигізіледі. Ішіндегі 
сүтін еміп болған соң құр емізікті балаға сорғызып қою 
тіпті дұрыс емес. Бірінші, баланың іші желге толып аурулы 
болуға себеп болады. Екінші, желімнен жасалған емшек 
баланың  денесіне  зиян  келтіреді.  Баласына  құр  емізікті 
сорғызып қойып, қол қусырып өсек аңду анаға лайық іс 
емес. Баланы таба білсең, ерінбей дұрыс баға біл. 
Аралас тамақтандыру. Анасы емізген бала біраз өскен 
соң анасының сүтінен басқа тамақ та тілей бастайды, Ол 
уақытта  ана  сүтінен  басқа  тамақ  бере  бастауға  мүмкін. 
Балаға жай тамақты алты айсыз бере бастау дұрыс емес. 
Жай тамақ бергенде әуелі жеңілінен бастап, бірте-бірте ау-
ырына көшу керек. Мысалы, былай: сиыр сүті, бал қаймақ, 
ақ ірімшік, қатық (ащы қылып ұйытпау шартымен), қаймақ, 
жұмыртқа һәм сорпа.
Ал енді жас балаға (бір жасқа толмаған) май, нан, ет беру 
тіпті дұрыс емес. Қызыл иегімен қажалатқызып балаға нан 
беріп, ет беріп, сорғалатып май беріп қойған ана – баланың 
досы емес, қасы. Маған майлы бауырсақ, не болмаса қазы-
қарта шайнап бере гөр дегендей баласына ет, нан шайнап 
беретін  ана  –  ананың  нағыз  оңбағаны.  Барлық  денесі, 
асқазаны тіпті нәзік баланың нан, май, ет жеп көтеретін 
қанша күші бар? Қазақ баласының ауру болуы, көбінесе 
осы талғамай тамақ жегеннен болады. «Ауру – астан» деген 
қазақ мақалынан айналып кетсең болмай ма?!
Тамақтандыру  тәртібі.  Баланы  ананың  өзі  емізсе 
де,  яки  қолдан  асыраса  да,  баланы  белгілі  бір  тәртіппен 
тамақтанды ру керек. Баланы ана емізген күнде емізу тәртібі 
былай: жаңа туған баланы күндіз 2–3 сағатта бір, түнде 3–4 

39
C
C
М. Жұмабаев
C
C
сағатта бір емізу тиіс. Ал енді бала өскен сайын емізуді 
сиректете беру керек. Былайша бірінші айда тәулікте – 8–9 
рет, 4 айға шейін – 7–8 рет, жарты жасқа шейін – 7 рет, 9 
айға шейін – 6 рет.
Түн – ұйқы уақыты. Сондықтан баланы түнде сирек 
емізуге әдеттендіру керек. Мысалы, 5 айлық баланы түнде 
бір  емізу  жетеді.  Баланы  қолдан  тамақтандырғанда  да 
тамақтандыру тәртібі – осы. Бірақ қолдан тамақтандыр-
ған да тамақ белгілі бір мөлшермен беріліп отыруға тиісті. 
Бала тамағының мөлшері баланың асқазанының зорлығына 
байлаулы. Жаңа туған баланың асқазанына бастапқы жетіде 
3 қасық ас сыяды. екінші жетіде – 6 қасық, екінші айда – 
9–10 қасық. Міне, осы асқазанның зораюына қарай балаға 
берілетін тамақ  мөлшері де зорайып отыруға тиісті.
Балаға  тамақты  тәртіппен  беру  оның  дұрыс    өсуіне, 
ауру лы  болмауына,  хатта,  мінезінің  дұрыс  болуына  да 
көп пайдасы бар. Балаға тамақ тәртіпсіз, ретсіз, былапыт 
берілсе, бала аурулы болады. Асқазаны бұзылады. Ішкен, 
жеген тамағын сіңіре алмайды. Ит тию сықылды бала ау-
рулары сол тәртіпсіз тамақ беруден. Жер жүзінде балаға 
тәртіпсіз тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі – қазақ әйелі. 
Бала ұйқысы қанып оянса да, бір жері ауырып, яки төсегі 
тынышсыз болып жыласа да, оны шешіп алып қарау жоқ, 
емшегін алып барып баланың аузына сала қояды. Бала түн-
де ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып алады. Емшек 
балада,  ана  ұйқыда.  Жазаласа  баласын  басып  өлтіріп  те 
тастайды. Баланың аузынан емше гін алса, баланың қолына 
басқа бір тамақ ұстатады. Сорлы баланы бір минут тамақтан 
босату жоқ, яки мынадай іс те болады: 
Шеше не бір жұмыспен, не жай қыдырып кезіп кетеді. 
Мана кеткен шеше әлі жоқ.
Ерте  күн  түс  болды.  Түс  кеш  болды.  Бала  аштан  аш 
жатыр. Қарны ашады. Шырқырап ішегі қатып жылайды. 

40
C
C
Шығармалары
C
C
Бейшара бала жылап-жылап әлсіреп талып барып ұйқтай-
ды. Кешке келіп ұйқылы-ояу талып жатқан баланы көріп, 
«құлынымның тамақ іздемей, жыламай тәтті ғана ұйқтап 
жатқанын қарашы» дейтін шешеге не дерсің?
Қазақ  қатыны!  Өзіңде  өзіңнің  қастығың  болмаса, 
баланың аузын астан алмай, аспен ұрып жығып, болмаса 
тамақ бермей, аштан қатырып, талдырып ұйқтатып бала 
асырауыңды  қой.  Тамақты  беріп-беріп,  балаңды  қарнын 
қабақтай,  бұтын  таяқтай  көк  қарын,  ши  борбай  қылма. 
Балаңды аурулы қылма. Асты мезгіл-мезгіл беріп, тәртіпке 
үйрет. Тамақты тәртіппен берсең, балаңның дені сау бола-
ды. Құр ас иесі қомағай болмайды. Аузынан ас алмайтын 
мешкей  болмайды.  Тамақты  тәртіппен  ішіп  үйренген 
баланың мінезі де дұрыс болады.
Емшектен айыру. Бала аурулы болмаса, бір жасқа тол-
ғанда ана сүтінен басқа ас ішіп, біраз тісі (8–12) шыққан 
болады. Міне, осы уақытта баланы емшектен айыру керек. 
Айырғанда күл, көмір, насыбай жағып әурелемей-ақ емізуді 
сиректетіп,  баланы  бірте-бірте  бездіру  керек  (3–6  жеті 
ішінде). Ал енді кейбір қатындардың еркелеткеннің жөні 
осы  екен  деп  5–6  жасар  баласын  арда  емізіп  қоюлары – 
тым-ақ ұнамсыз іс. Ұнамсыз ғана емес, балаға да, анаға да 
зиянды іс.
Екі жасар һәм үш жасар баланың тамағы. Екі жасар 
ба ланың  денесі  әжептәуір  берік  болады.  Сондықтан  бұл 
жаста балаға бірте-бірте ет, нан сықылды күшті ас беруге 
мүмкін.  Ет  бергенде  жеңілінен  бастау  керек.  Ешкі,  қой, 
сиыр еті. Жыл қы еті ауыр. Оны 2–3 жасар балаға бермеген 
дұрыс болар.
Баланың  асқазанына  лайық  нан  –  бидай  ұнынан  пі сі-
рілген нан. Балаға май ішкізу дұрыс емес. Кәмпит, пряник, 
өрік, мейіз сықылды тәтті беруге де жарамайды. Бір жасқа 
толмаған жас бала түгіл 2–3 жасар балаға да қымыз ішкізу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет