167
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Жоқ, жалғыз Әбіш емес, басқа да көрушілер болған.
Ақанның қыстауының сыртындағы тоғайдан өткенде
перілердің шулап, сақ-сақ күліп, ойнап жатқанын талайлар-
ақ естіген. Шөбектің немересі Жаналы мырзаға да сол
перілердің біреуі қара мысық болып келіпті-міс деседі. Бұл
«еміс-емісті» қоя тұрып, Ақан ұйқтап жатқанда алысырақ
тұрып қараса, әркім-ақ оның перімен жатқанын көруге бо-
лады. Ақан жатқанда көрпенің астында ылғи екеу болып
жатады екен...
Міне, Ақан қырыққа аяқ басқанда, сұлулықтың асығы
Ақан жарынан, тұлпарынан, сұңқарынан айырылғанда,
өмір айдынында ән салып жүзіп бара жатқан қу қанатынан
қайырылғанда, Ақанның жүйрік жаны ой дариясына шо-
мып, сұлулығы жоқ былық тұрмыстан безгенде, халық оны
ұға алмай, Ақанның жұмбақ өмірін шеше алмай, оны алып
барып періге байлайды. Бірақ халық соқыр сезімімен кешегі
ерке серісі – Ақанның сұлу тұрмысына кір жаққысы келмей,
жанды затты сұлу періге апарып қосады. Жұмбақ та сұлу;
таппаса да, шешпесе де сұлу.
Дұрыс, Ақанға пері иеленіпті деген сөзді әдейі тарату-
шы, өлімсіреп туған өсекке әдейі жан беруші, жел беру-
шілер де болған. Әсіресе, «қалың қарауылдың қыдыр
орнаған ордасы» – Шөбек балалары. Перғауынсыз Мұса
бола ма? Бірақ Мұсаның өзі перғауынға соқтықпаса, тиер
ме еді? Тағы бірақ маңайындағы перғауындарға соқтық-
паса, Мұса болар ма еді? Қарауылдың сөз білем деген
ерлерін, әсіресе, көршісі – Шөбек балаларын Ақанға қас
қылған – улы тілі. Шынында, Ақанның тіліңдей улы тіл
сирек болар. Тиген жерін удай ойып жібереді-ау! Ақан бір
жерде отырып, Шөбек немерелері туралы мынау өлеңді
айтады:
168
C
C
Шығармалары
C
C
Тас мұрынды – Бегалы,
Сар тоқалы Сердалы,
Іскен басы – Сералы,
Қотыр ауыз Мұқанәлі,
Көнтек ауыз Нұралы,
Бос сопағы – Баялы,
Ералы, Жаналы, Сайдалы –
Сауытбектің сарала иті сықылды,
Енеңді ұрайынның балалары...
Боқтыбай айтқандай, пәлі-пәлі...
1
Мынадай сөзді есітіп отырып, Шөбектің көп баласы
қалай намыстанбас, қалай Ақанды қорлап өсек таратпас?..
Қысқасы, Ақан туралы өсектің тарап кетуіне алдымен
оның мінезінің жаттығы себеп болса, екіншіден, оның ащы
тілі де қосымша болған. Қалайда, қазақ баласының шешені,
сөз тапқыры Ақанға ешкім – досы да, қасы да – бетіне келіп,
ісің жат-ау, саған пері иеленіпті деген сөз бар деп айтуға
бата алмаған. Достары түгіл, қастары да алдында «Ақан
аға» деп жорғалайды екен.
Осылай жұмбақ өмірмен Ақан елуге таялып келе жата-
ды. Сұлу өмір жарқ етіп, нажағайдай өте шыққан. Өткен күн
қиял туғызған ертегі сықылды. Көп ішінде көпке ұсамайтын
бір өзі, көп ішінде жалғыз. Қалың қарауылдың ішінде жа-
нын ұққан жан жоқ. Жұбатарлық досы жоқ, жаралы жанын
жазарлық жары жоқ. Әлдеқайда бетпақ шөл, бетпақ шөлде
жалғыз жол. Сол жолменен жалғыз жан табанын тасқа
тілдіріп, маңдайын күнге күйдіріп кетіп бара жатқандай.
Қайдан шыққанын, қайда бара жатқанын, не үшін бара
1
Боқтыбай – екі сөзінің бірінде «пәлі-пәлі» деп отыратын бір
шал екен (М. Жұмабаевтың ескертпесі).
169
C
C
М. Жұмабаев
C
C
жатқанын өзі білмейді. Тілек жоқ, үміт жоқ, мақсат жоқ.
Түннен қараңғы, қорғасыннан ауыр ой ғана бар.
Осындай күйде келе жатқан Ақан кәріліктің босағасынан
бұрылып кетіп, қайтадан өмірдің сұлу жолына түспек
бола ды. Оймен ойланып семген қайғының қары қарып
сөнген жүрек тағы тіріле бастайды. Елу жыл жасап талай
күйіп күл болған, талай талып есін жиған жүрек тағы отқа,
махаббатқа, жарға ұмтыла бастайды.
Махаббат іздеп тағы аласұрып, шарқ ұрады. Қанды
көз қыран қияға қонып, қиянға қарай бастайды. Ол күңде
қалың қарауылдың ішінде аты ауыздан түспейтін үш ару
бар. Шөбектің немересі Ұрқия, аға сұлтан Шыңғыстың
немере қарындасы, Абылай тұқымынан Жүсіп төренің
қызы – Жамал. Сұлулыққа қырағы Ақан үш сулуды қиядан
көреді де, қанатын қағынады. Жүйрік жүрек үш аруға да
шеңгел салғысы келеді. Үзілген үміт жалғанғандай болып,
Ақан тағы махаббатты жырлай бастайды. Үш аруға «Үш
тоты» деп ат қойып, өлең шығарады. Бірақ бір нәрсеге бай-
ланбай жүрек тұра алмақ емес. Бір аздан Ақан үш арудың
біреуіне ауа бас тайды. Ол ауғаны – Жамал. Жамал он алты
жаста-ақ. Жібек желден жаратылғандай ару, Жиреншеден
тәлім алғандай шешен, Едігеден бата алғандай данышпан.
Қалайда Ақан Жамалды осылай сипаттайды. Осы жас
Жамалға Ақанның жүрегі байлана береді. Жүйрік жүрек
бір бастаса, не сүйіп қосылмай, не қосыла алмай күйіп, күл-
ден кебін кимей тоқтай ма, Ақан бара-бара жас Жамалды
біржола берік сүйеді. «Үш тотының» ішінен «қалқа бала»
деп Жамалды бөліп алады. Бұл сүйгенін:
Қыздарды мен не қылам қылам-сылам?
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам?
Жаңартқан өмірімді қалқа бала,
Басы – жым, ортасы – мим, аяғы – ләм,–
170
C
C
Шығармалары
C
C
деп жұртқа өзі жария қылады. Кірсіз махаббат көптің
көңілін не қылсын?!
Өмірде екі сүю болмайды дейді жұрт. Жұрт не демейді?
Өзіндей болмаған үшін Ақаңды «пері соққан» дейді. Жұрт
ас панға өрлеген жүйрік жүректі мойнына құрық түссе,
құ лағы салпиып тұра қалатын мұжықтың мәстегі болсын
дейді. Жұрт желден жүйрік жүрекке мойныңа түскен бұ-
ғалықтан бұлқынып шығам деуші болма деп, шіріп қалған
шындықтан сабақ береді. Жүйрік жел ұшпай тұра ала ма?
Жүйрік жүрек құшпай тұра ала ма? Жүрек сүюі болмаса,
салқын, бос қуысқа айналмай ма?! Жиһанда жалғыз мәңгі
нәрсе махаббат емес пе, өлген махаббат екінші түрде, екінші
түсте қайта тірілмек емес пе?!
Ендеше, Ұрқияны сүйген Ақанның Ұрқия өліп, көп жыл
өткен соң Жамалды сүюінде де ешбір таң нәрсе жоқ. Кім
біледі, Ақан жас Жамалда тіріліп келген Ұрқияны көрген
шығар... Қалайда, Ақанның Жамалды сүюі барған сайын
арта береді. Жасы елуден асып, кәрілікке барып қалған
Ақан іштен сүйіп, іштен күйеді. Бастап сырттан өлең шы-
ғарып жүргені болмаса, Жамалдың өзіне білдірмейді. Екі
жастың арасы қыс пен жаздай болған соң, бұл сүюдің пайда-
сыз екенін ойлап күйінеді. Жамал жүректі құр өртейтін әйел
болып туғанша, ұл болып неге тумады екен деп назаланады.
Тал бойың Құлагердің сағағындай,
Тамағың піскен алма сабағындай.
Қаз мойын, мөлдіреген қарақат көз,
Иегің ителгінің тамағындай.
Ішінде өз жұртыңның еркелейсің,
Айдынның ақ қайраны, шабағындай.
Осынша жүрегімді жандырғанша,
Ұл боп тусаң не етеді, қарағым-ай?..–
дейді Ақан. Бірақ қалың оттай жүректе заулаған махаббат
сыртқа шықпай тұра алмайды. Дүниеде күшті нәрсе екеу-ақ
171
C
C
М. Жұмабаев
C
C
қой: өлім һәм махаббат. Адам өзгені айналып өтсе де, өлім
мен махаббатты айналып өте алмақ емес. Ақан өзін қанша
тыймақшы болса да, сол күшті махаббаттың күйдіруімен
өзіне-өзі ие бола алмай, сүйгенін ақыры Жамалға білдіреді:
Бұраң бел, жазық маңдай, сүмбілден шаш,
Тартылған бойың сымдай, қиылған қас.
Ақ жүзің түстік жерден көрінеді,
Секілді жарқырайсың брилиант тас.
Сипатың жұмақтағы Хорылғайын,
Көрген жан жамалыңа болады мас.
Сайраған қапастағы тоты құссың,
Білмейді кәдіріңді бұл күнгі жас.
Айтуға тура түйреп жасың кіші,
Сыртыңнан иемдеймін, ей, қарындас.
Тау-тасты шабыт қылған ақиықпын,
Болмайды сені ойласам ішкенім ас.
Жорытқан түс секілді жіберейін,
Бұл сөздің пайымын біл де, түндігін аш...
Алдына далбай тастап шырғаладым,
Шабытқа келе алмасаң, қылғаның қас,–
деп жазады Ақан. Бір ғана емес, көп жазады. Желдей ек-
пінді ал бырт жастай, өрт болып жанған жүректен шыққан
жалын ды өлеңдер жазады. Бірақ қанша есті болғанымен,
жас Жамал Ақанның жанын қайдан ұға алсын?! Оның
сүттен таза махаббатына қайдан баға бере алсын? Кім
біледі, баға берген де шығар-ау, бірақ жұрттың сөзін аттап
өтіп, елуден асқан адаммен қалай өмірін қоса алсын. «Қара
қазақтың, жабайы адамның қызы болса, бір сәрі. Жүсіп
төренің қызы мұны істесе, біткен төренің сүйегіне таңба
емес пе?» Қалайда, Жамал Ақанға жылы жауап бермейді.
Жамалдың бұл мінезі Ақанның өзегін тіпті өртейді. Ма-
хаббаты бұрынғыдан мың есе күшейеді. Ақан Жамал маған
жылы жауап бермеген екен деп, өкпелеп, ғашықтығын
172
C
C
Шығармалары
C
C
тоқтатпайды. Шынында, ғашықтық деген алып-салмалы
қолдағы нәрсе емес қой. Жамалдың сүюін білдірмеуіне
көзі жеткен соң, Ақан іштен сүйіп, іштен күюге айналады.
Күн-түн күңіреніп өлең шығарады. Ән шығарады. Ақанның
Жамалға қатты ғашық екендігі, оған арнап ылғи өлең, ән
шығаратындығы, Жамалдың ол ғашықтыққа ілтифат қыл-
мауы жұртқа жа йылып кетеді. Замандастары ұшырасқан
жерде мысқыл қылыңқырайды. «Ақан-ау, қыз саған мой-
нын бұрмайды, осы ғашықтықтан не пайда?» – деседі екен.
Осындай сөздерге Ақан: «Менің ғашық болуым үшін
оның ғашық болуы шарт па екен, ғашықтық бір нәрсеге бай-
ланып жүре ме екен?» – дейді екен. Ғашықтықты дұрыс ұғу
деген осы болады ғой. Не керек, жоғалтқан тәңірісін кәрілік
босағасында қайта тапқан Ақан, сол тәңіріге таза ниетті құл
болып табынуға арланбайды, қажымайды. Сүюден-күюден,
күндіз-түні күңіреніп махаббатты толғаудан талмайды.
Барған сайын махаббат тереңдей берді. Сөйтіп жүргенде
жас Жамалдың ұзатылатын шағы болып қалады. Жамал
ұзатылады. Алыстан көрінсе де, көңілге медеу болып
жүрген Жамал енді жоғалады. Мал берген жабайы күйеу
сұлу Жа малды меншіктеп алуға келген. Жамал танысып
жүр, айдынның деңіндегі ауылда ойын-той, айдынның
қара толқыңдары арасында қанаты сынып, құс төресі –
аққу отыр. Аққу әлдеқайда алыста алтын сәуле көреді.
Ескі күші есіне түсіп ұмтылады, қағынады. Көтеріліп
кетуге дәрмен жоқ. Жырлайды да, жылайды; жылайды да,
жырлайды. Алыстағы алтын сәуле оған ілтифат қылмай,
созылып, кү лімдеп өз жолына бара жатыр. Соңғы минут,
сәуле жоғалып барады. Тұңғиық айдын. Құтырған толқын.
Жаралы аққу. Қалған барлық қүшін жиып ұмтылады, пай-
да жоқ, толқын күшейгендей. Хал біткендей. Сәуле сөніп
бара жатыр. Енді Аққудың аузынан жыр төгіледі. Мұңды
үн құйылады: өлім менен өмірдің үні. Үзіліп бара жатқан
173
C
C
М. Жұмабаев
C
C
жүректің жыры... Жамал ұзатылардағы Ақанның шығарған
«Сырымбет» әні – сол өліп бара жатқан құс төресі аққудың
әні. Біздің зарлы әндеріміз көп. Бірақ «Сырымбеттей»
терең зарлы ән сирек болар. Жердің жүзіндегі мұң, адам
баласының барлық зары сол «Сырымбетке» жиналғандай.
Жамал ұзатылатын күндерде Ақан күндіз-түні күңіреніп
«Сырымбетін» шырқайды да жүреді. Ақан түндерде «Сы-
рымбетті» шырқағанда, кім ғана жыламаған, қалың қарауыл
жылаған. Жас пен кәрі жылаған, әсіресе, нәзік жанды жас
Жамал жылаған.
Аулың қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақсұңқар баласына.
А-а-а-ау, сәулем!
Қарындас-ау, енді есен бол...
Бидайыққа лайық қалқа бала,
Бөктергіге қор болып барасың да...
Аулың қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақсұңқар баласына.
Дариға, қайрылмадың, қалқа бала,
Жүректің енді ем жоқ қой жарасына...
Алтын қайық жарасар күймесімен,
Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен.
Қоскөл жаққа таныса киіп барған
Бешпетіңді бер, қалқа, түймесімен.
А-а-а... сәулем.
Қарындас-ау, енді есен бол...
Сырымбет тауы – Жамалдың әкесі Жүсіп төренің қо ны-
сы. Ақанның Жамалға ғашықтығын жүйрік жүректің соң ғы
соғылуы, «Сырымбетті» Ақан жырларының ең соңғы сұлу
жыры деуге болады. Жамал ұзатылған соң, Ақан тұңғиық
қайғысын құшақтап, қалың елдің ішіңде жалғыз қалады.
174
C
C
Шығармалары
C
C
Ақанның мұңды соңғы өмірі гүлсіз, үнсіз, жырсыз, түрсіз
өмірге айналады. Бұрынғы жат мінездері тіпті жат, ұғымсыз
түрге кіреді. Бірақ, дариға, жүйрік жүректің қайғымен
жылынып, сөнгенін, терең жанның оймен уланып өлгенін
кім ұққан?!
Ақан алпыстан асқан кезде қазақ даласында қарашек-
пендердің қаптап келіп жатқанын айқын көріп, жақсы
жерінен айырылған соң, елдің кедей болғандығын, елдің
алды қараңғы екендігін жырлай бастайды. Әсіресе,
қарашекпендер Ақанның ата мекені Қоскөлдің желкесіндегі
Сарыкөлге қол салғанда, Ақан ылғи жүректен шығатын
жырларымен қазақтың жерін жоқтай бастайды. Ақанның
соңғы өмірі жырмен жер жоқтауға, Сарыкөлді іздеуге
жұмсалған деуге болады. Бірақ қанша ізденсе де, Көкшетау
мен Қоскөлдің арасын жүре-жүре жол қылса да, Сарыкөлді
өзіне қалдыра алмаған, Сарыкөлге мұжық қаласы түскен.
Туған жері мұжыққа кеткен соң, Ақан 50 шақырым жердегі
Сасықкөлдегі бір күйеуіне көшіп барады. Сол күйеуінің
қолында алты алашқа аты шыққан Ақан сері сұлу жырла-
рымен, зарлы әндерімен, әсіресе басқа адамға үйлеспейтін
жат мінездерімен аты шыққан Ақан ауырып, жетпіс жа-
сында, 1913 жылы дүниеден қайтады. Сөйтіп, аласұрған
ұшқыр жан, шарқ ұрған жүрек, жабайы жұртқа ұғымсыз,
жат мінезді ірі жүрек, сұлулық іздеп, өмір бойы от болып
заулап жанған жүрек мәңгі мұзға айналады...
Ақанның жат мінездерін, өмір бойы тәңірі көріп
сұлулыққа табынуын көз алдыма алып келсем, менің есіме
Англияның ақыны Оскар Уайльд келіп түседі. Оскар өмір
бойы сұлулықты жырлаған, жалпы жұрттан сері деген лақап
алған. Жұрт оны да сері деген. Сол серілігі үшін абақтыға
жапқан... Ақан да сұлулыққа табынған. Алты алаштан
сері деген ат алған... Бірақ Ақанның сұлулыққа табынуы
тереңірек. Ақанның өмірінің жұмбағы түйіндірек. Мұның
175
C
C
М. Жұмабаев
C
C
өмірі – мұң мен зар. Сол сұлулыққа табынудан туған мұң
мен зар. Егер Ақан Оскар Уайльдтай өнерлі елдің ішінде
туса... бұл тілекке жауап табу қиын. Мұндай тілекке жауап
іздей бастасаң, еліңнің заулаған оттай баяғысы, қап-қара
түндей кешегісі, жалпылдаған жындай бүгінгісі, қара тұман
келешегі көз алдыңа келіп, Ереймен тауының бауырында
өлген Құлагердің басын құшақтап күңіреніп отырған Ақан
серінің қасіретіндей жаныңды терең қасірет билеп алып
кетеді...
Сөздері
«Ақан серінің сөзінен өмірі сұлу» деп біз Ақанның өмі-
рін жазған мақалада ескерткенбіз. Алайда, оқушыға Ақан
туралы аз ба, көп пе қоғамдық ұғым беру үшін Ақанның
сөздерінің мінезін білдіріп, түрлерін көрсетуді керек деп
білдік.
Тағы бір ескертетін нәрсе – біздің қолымызға Ақанның
барлық өлеңдері түскен жоқ. 1922 жылы жаз бірер ай
әдейі Ақанның сөздерін жинамақ үшін Көкшетау оязын
аралағанымызда, Ақан өлеңдерінің қорлы болып жиналған
жерін ұшырата алмадық. Әркімнің аузынан бір-екі ау-
ыздан жиюға тура келді. Жалғыз-ақ Шыңғысұлы Қоқыш
ақсақал мен Самыратұлы Қазыдан біраз жазылған өлеңдер
ала алдық. (Қазының айтуына қарағанда, бұл өлеңдердің
бірталайы Ақанның өз қолымен жазылған болса керек.)
Сонда да қолымызда Ақанның 3–4 жүз ауыздай өлеңі
бар. Аз да болса, осы өлеңдері бойынша оның ақындығын
шолмақпыз.
Жалпы жолға қарсы болса да, Ақанның сөздерін мағына
жағынан тексермес бұрын, біз Ақанның тілінен баста мақ-
шымыз. Бұған себеп – Ақанның тілінің таза еместігі. Қазақ
ақыны Ақанның қазақ тіліне араб, фарсы, (жазаласа) орыс
176
C
C
Шығармалары
C
C
сөздері көп кіріп кеткен. Оның мағына жағынан, әсіресе,
сурет жағынан сұп-сұлу өлеңдерінің тілдері шұп-шұбар.
Ақан бұл шұбар жолға өзі қалап түскен емес, оны заман
түсірген.
Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі
бір заманның баласы екені де даусыз. Ақан – заманның
баласы. Ол заман – өткен тоқсан тоғыз, жүзінші жылдар,
қазақ даласын оңтүстік пен солтүстіктен екі албастының
келіп басқан заманы. Біреуі – Бұхардан ишандардың,
қазіреттердің, молдалардың, халфелердің шаңырақтай
сәлделеріне, күпілерінің күйектей етектеріне жабысып
келген мұсылман албастысы. Екіншісі – болыстардың знак,
мөрлеріне, тілмаш, «учительдердің» қақиған картоздарына,
сымпиған шалбарларына оралып келген орыс албастысы.
Ол дәуір – осы екі албастының кесірінен елдің өмірі іріп,
шіріп, тілінің тарғылданған дәуірі. Ол дәуір халфелердің:
Фараухун уә райханун әнфісәк сәні,
Болғанда хуснун уәе абиз тәнің,–
деп, тілмаштардың:
Көйлегің сексен теңге серо-бурый,
Дамбалың московский материя,–
деп, учительдердің:
Милая, тебя вижу, қырындаймын,
Без ответ, все таки, ұрынбаймын,–
деп қыздарға хат жазатын дәуірлері. Ақан қазақ тілінің сол
тарғылданған дауірінде өмір сүрген. Оның үстіне өмір-
ден соққы жеген Ақан сопылық, дін жолына түсіп, жан
тыныш тығын табамын деп жүріп Бұқардан оқып қайтып,
талай елдің осы күнге шейін көзін аштырмай кеткен көк-
шетаулық Науан қазіретке шәкірт болған. Ақанның тілінің
177
C
C
М. Жұмабаев
C
C
тарғыл болуының себебі – осы. Оның тарғыл тіліне ең ашық
мысал мынау өлең:
Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия,
Көптен-көп сәлем айттым, Гүлназия,
Тағырифын тамам қылып танығандай,
Діл бардан ділмар керек шаибазия.
Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия,
Шери зат дұхтар саһи гүлнаһия,
Әр нақыш мәдахымды түсінерсің,
Діл араи, діл хафзаи гүлнахия.
Сәдәфтің шашыраған жәуһәры сіңіре,
Көңілімнің зәһрасына салған ұя.
Гәсуа дарын секілді бент махбуб,
Ксәния секілді кінәзия.
Көптен-көп поклон айттым, скажия,
Сырымды кімге айтамын, сізден зия.
Именной, искренный, ескеріңіз,
Хорошенько, сестра, сватия.
(Құдаша, қарындас дегені ғой!) Мынау шұбар тіл үшін,
әрине, Ақанға рақмет айтарлық ештеңе жоқ. Бірақ Ақан-
ның сол тарғыл тілді өлеңдерін адам ұғып оқыса, тегінде
суреттеуге шебер. Ақанның сол тарғыл тілмен де суреттей
алғанды ғын көруге тиісті. Ақан бір өлеңінде Қалқа бала-
сына былай дейді:
Тағрифін тамам қылып жеткізе алмас,
Қамыстар болса – қалам, бахыр
1
– сия.
Мынау құранның құдайды суреттеген сөзімен ақын Ақан
Қалқа баласын суреттегені ғой!
1
Бахыр – теңіз (М. Жұмабаевтың ескертпесі).
178
C
C
Шығармалары
C
C
Тағы ақын Ақанның молдадан үйренген мұсылмандық-
пен, арабша үйреніп, молда болғандығымен қалай пайда-
ланғанын мынау суреттеуі шешіп береді. Ақан Қалқа
баласын былай суреттейді:
1. Қасың қара қаламның сиясынан,
Қолың нәзік өзеннің миясынан...
2. Ақша бетің үстіне нәркес көзің –
Ақ қағаз нүктесіндей нонға тартқан...
3. Сымбатыңды қарасам, Қалқа бала,
Мен секілді «машайық» шынға тартқан...
(Мінсіз басың «машайықтың» мемі секілді, бұраңдаған
бойың мем-нен соң бұраңдаған «машайықтың шыны»
секілді дегені ғой). Мынадай суреттер екіден бірдің-ақ
қолынан келетін нәрсе.
Онан соң, Ақанның өлең ұйқастыруына да молдалықтың
шарапаты тимей қалған емес, сол жолда Ақанға, әсіресе,
әсер қылған – атышулы «Мұхаммадия» болған. Мұсыл-
манша оқығандар біледі, «Мұхаммадияның» өлеңдері
ылғи ұйқас қуып кетеді. Мысалы, бір өлең «я-ға» ұйқас-
тырылса, сол өлең бір-екі бетке созылса да «я-ға»
ұйқас тырылады да отырады. Ақан өлең ұйқастарында
кө бінесе осы «Мұхаммадияның» жолына түскен. Бұлай
ұзақ ұйқастырудың өлеңнің сырт сұлулығына пайдасы
болғанмен, лайықты сөз табылмай қалып, мағынасы аз сөз
кіріп кету қаупі де зор. Ақанның да ұзақ ұйқастырылған
өлеңдерінде осы себептен, мағынасы аз сөздер әжептәуір
орын алады. Бірақ өлең ұйқастыру ауда нының кеңеюі
көзінен қарағанда Ақанның бұл тәжірибесін онша мінеуге
болмайды.
Қысқасы, қазақ тілінің қуғын көрген дәуірінде өмір
сүрген Ақанның тілінің тарғыл екені рас. Бірақ тарғыл
179
C
C
М. Жұмабаев
C
C
тіл шын Ақанның тілін тұтықтыра алмаған. Ақын Ақан
қауырсын қаламын сықырлатып жазатын «н» харпінен,
жазаласа, ишанның машайығынан, құранның аятынан,
шәкірттің қағаз-сиясынан, молданың мың бейнетінен, өзіне
керек суретті жасай білген.
Енді Ақанның сөздеріне мағына жағынан келгенде оның
өлеңдерін беске бөлуге болады:
І. Сықақ. 2. Ғашықтық. 3. Айтыс һәм мақтау. 4. Сопылық.
5. Қазақ қайғысы туралы өлеңдер.
Бұл бөлімдердің сықақтан басқасы Ақанның өмірінің
түр лі дәуірлеріне байланған.
Бұл туралы Ақанның өмірін жазған мақалада айтып
өткеміз. Жалғыз-ақ сықақ – Ақанның сүйегіне біткен си-
паты. Ақан өмір бойына өзінің көңіліне ұнамаған адамды
сықақ қылып, іліп тастамай қойған емес. Ілетін орны кел-
генде пәленше-түленше деген атына, затына қараған да
емес. Қарауылдың ақсақалдары осы күнге шейін Ақан десе,
алдымен оның улы тілін есіне түсіреді.
Ұнамаған адамға Ақанның тілінен құйылғаң у талай-
талай заман шыбжыңдатса керек.
Тілінің уының күшті екенін Ақан өзі де білген.
Қағысқанды қыламын под надзором,
Патшаның мизамындай мен де сотпын,–
дейді Ақан.
Достыққа баға бере алмай, сыртынан өсек жүргізгені
үшін Жүсіп деген белгілі бір төреге Ақан былай дейді:
Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай,
Дәрежең қара қазақ аяғындай.
Досыңды дұспан көріп айбаттайсың,
Мінезің әзәзілдің таяғындай.
180
C
C
Шығармалары
C
C
Жүсіп-ау, неше мысқал басыңда ми?
Айдаған мал, үстінде тігулі үй.
Қиямет таразысы құрған шақта
Айса, Ермек, Тортай болады би.
Мүңкір-нәңкір бесеулеп ұрған шақта,
Көтіңнен шығады ғой сонда бір қи.
Майын мінген аттай ғып қайтарарсың,
Күңшеңнің
1
арқасынан шығармай ши.
Қарауылдың белгілі Шөбегінің немересі – қотыр ауыз
Мұқанәлі деген Ақаңды періге иеленген деп жамандап өлең
шығарады. Ақан оны білмейді.
Бір жерде ол өлеңді ести салып, сөздің ыңғайынан кім
шығарғанын біле қойып, Ақан айтыпты:
Адамды сырттан айбат жарамайды,
Айбатсыз ақымақ асы тарамайды.
Мына өлеңді шығарған ақымақтың
Аузына жағар ма еді қара майды.
Бір жиында Ғалиянұр деген бір ноғай молда Ақанмен
айтыспақ болады. Ақан ноғайдың ормақ мұрнына тие сөз
бастайды. Ноғай «мен ормақ болсам, пайғамбар да ормақ
мұрын болған» десе керек.
Сонда Ақан:
Мұхамбет – құдай досы, пайғамбары.
Пайғамбарды көрген жоқ жұрттың бәрі.
Пайғамбардың сипаты сендей ме екен,
Ормақ мұрын, шегір көз, ақжал сары,–
дейді.
1
Күңше – Жүсіп төренің қатыны. Айса, Ермек, Тортай –
қарсы партиядағы адамдар. Күңше сол тұқымнан болса керек (М.
Жұмабаевтың ескертпесі).
|