Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет106/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

Досты "ша
Адам дос азаматқа ниеті адал,
Аямай берер көмек, болып қамал.
Ондай жанның жасаған жақсылығы,
Жүректе сақталады жеткенше ажал.
Ондай жан елемейді ұлтын, затын,
Оған бірдей көрінер алыс, жақын,
Бойында бар қасиетін тани білген,
Кез болғанда суретші, әнші, ақын.
Сезімтал: өнер жайын, сезгіш, алғыр,
Жалықпай жинап, соны асқан сан қыр.


392
Баулыған әнші, күйші өнерпаздар,
Мынау сол Затаевич Александр.
Кең иық, зор денелі, жүзі жарқын,
Байсалды қозғалысы, сөздері айқын.
Сол адамның алдында отыр Әміре
Мезгілде уәделескен қабылдайтын.
Шай үстінде ашылды талай сырлар,
Бұл қалада күйші кім, әнші кім бар?
Әміре білген жайды айтты түгел,
Адамы кез болған соң сөзін тыңдар.
Әміре көп отырды әңгімемен,
Ақтарды бар арманын ішке түйген.
Тыңдады Затаевич бар ықыласпен,
Керемет неткен жан деп, мен білмеген.
Әміре айтып отыр өмір жолын,
Кедейлік шырмағынан құрып торын.
Жас күнінде оқудан мақрұм қалып,
Заманы тұсағанын, байлап қолын.
Шіркін-ай, тусам еді, осы кезде,
Көз ашып, хат таныр ем, оқып мен де.
Жас кезім бейнет, сормен өтті зарлап,
Сол арман өшпес жара жүрегімде.
Талаппен әр өнерді ұстадым да,
Ән салып әр көшенің пұшпағында.
Бірақ, содан үйренген өнерім аз,
Болмады сіздей білгір ұстазым да.
Затаевич айтты оған:

күдер 
үзбе,
Мен өзім таңданамын үніңізге.
Сіз сияқты бұлбұлды көргенім жоқ,
Әншіні тыңдасам да қырда, түзде.
Жинадым қазақ әнін мыңнан артық,
Қазақтың ән қаймағын қалқып, қарпып.


393
Ән, күйге неғылған бай тау мен дала,
Дариядай көз жеткісіз жатқан шалқып.
Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан, Абай,
Дәулеткерей, Мұхит пен Ақан, Ыбырай.
Осылардың ән, күйін санап тұрсаң,
Қазынадай кең далаға жатқан сыймай.
Әніңді бүгін тағы тыңдап, қанып,
Отырмын терең, түпсіз ойға қалып.
Білмеймін: кім болар ең жұрт таңданар,
Егерде білім жисаң қаруланып.
Үнің кең: тарылмайсың, қысылмайсың,
Көпті көрсең қызасың, қымсынбайсың.
Үніңде жарықшақ жоқ, мөлдір, таза,
Тыңдаушының жүрегін тылсымдайсың.
Сахнаға шық, әніңді ағыта бер,
Өзіңді қалың елге таныта бер.
Ақша, атаққа құмартпа, өнерге ұмтыл,
Әншілікті ширатып, дамыта бер.
Сақтай біл сахнада салмақтылық,
Әнді де саралап айт, ойластырып.
Ән қадірін түсірме әр жерде айтып,
Топырда шулағанға ойнап, күліп.
- Қазір астанамыз Қызылорда,
Қазақтың театрын құрмақ сонда.
Әр жерден өнерпаздар шақырылды,
Аталған ел ішінде: «Жүйрік», «Жорға».
Енді соған барарсыз күзге таман,
Сізді сапар күтіп тұр одан да әрман.
Парижге жүруіңіз керек сіздің,
Дұрыс емес бас тартып одан қалған.
Жүремін бүгін кешке астанаға,
Айтармын сәлеміңді достарыңа.
Қош болып тұр, Мәскеуде кездескенше,
Деді, - таяп қолын нық ұстады да.


394
Әміре қош айтуға тұрды қимай,
Барлығын қамқор достың білді мұндай.
- Сау болыңыз, - деді де шығып кетті,
Кернеген қуанышы ішке сыймай.
Келеді жалғыз өзі құм көшеде,
Шаң борап жел ақырын үрлесе де.
Арылып барлық ойдан, уайымсыз
Париж бен Қызылорда тұрды есінде.
«Барамын жатқан шалғай бір қалаға,
Қадірлеп көзімді ашқан бұл заманға...
Ақтармын елдің үміт, аманатын,
Озбасам жұртым мені құп ала ма.
Аянбай көрсетейін ән өнерін,
Даланың асқақ үнін, сан мәнерін.
Жарысып саңлақтармен әр елдегі,
Көрейін жүйріктерін, өрендерін.
Өткіздім жас күнімді ойын, тоймен,
Мезгілім іс қылатын ақыл, оймен.
Бәйге алып, шаршы топта озып шығып
Еліме қайтсам, шіркін, абыроймен!» –
Жетелеп Әмірені өнер жолға,
Шат көңіл толқындарын бөгеп зорға.
Сол кезде жақын достар еске түсті,
Тұрғандай көз алдында Қызылорда.
Іргесін театрдың көтермекке,
Шақырып хат жолдаған Жұмат көпке.
Барады Әміре де сол бір топқа,
Кездеседі Қалиға, Жүсіпбекке.
Көреді Серәліні, Қалибекті,
Шараны, Күләш пенен Қанабекті.
Қосылып Елубайға, Құрманбекке,
Солармен достасар күн жаңа жетті.
Парижден қайтып келіп солай бармақ,
Өнердің ордасынан орын алмақ.
Әнші, ойыншы жиналған топқа кіріп,
Көкейтесті арманы орындалмақ.


395


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет