Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет107/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   130
Парижге сапар
Шілденің маужыраған ашық күні,
Бой сергіп, көңіл күйі тасып тұрды.
Төсектен ерте тұрған Әмірені,
Асау ой алып ұшып, асықтырды.
Жөн емес: құнды сөзге мойын бұрмау,
Жөн бе екен өнерді аяп, әнді бұлдау.
Мәскеуден телеграмма тағы келді:
- Парижге бара ма Әміре? - деген сұрау.
Түнімен талай ойлар келген басқа, -
Өткен күн, кешкен өмір осы жаста.
Қиын кез, ауыр азап кетті бәрі,
Дегендей: кемел шақты енді баста.
Кез болды қызық дәурен енді басқа,
Беріліп еркін қимыл тіл мен жаққа.
Өнерін сынға салмақ, өнерпаздар,
Білімді, талғамы мол кәрі, жасқа.
Күтіп тұр одан әрі алыс сапар,
Құшағын өнерпазға Париж ашар.
Әр елден әнші, күйші сынға түсіп,
Сан жүйрік алар орнын анықтатар.
Тәтті әуен кеуде толған бар сенері,
Тек қауым деп танысын: ән шебері.
Тыңдаушы әділ қазы сынға салып,
Салмағын әрқайсының өлшер әлі.
Зиялы түсінсе де әннің өзін,
Кім білсін: ұғар ма екен өлең сөзін.
Бар болар: әнді білер жетіктері,
Айырып бере алатын алтын, жезін.
Ол жерде қандай әндер айтатыным,
Домбыра, әлде сырнай тартатыным.
Әлде мені күй сандық сүйемелдер,
Жоқ әйтеуір, жатырқап, қорқатыным...


396
Сынайтын шабанды да, жорғаны да,
Өнердің оңай емес толғағы да.
Осылай мың ойланып, жүз толғанып,
Кірісті Әміре де жол қамына.
Қуанды мұны естіген туыс, достар,
Бұл сапар қызығы мол әркім қостар,
«Құстар болсын» Әміреге айту үшін,
Үйге келді жұмыстан қолы бостар.
Қимайтын құрбы, құрдас жетті жедел,
Кіршіксіз адал ниет анық сенер.
Бәрі де Әміреге тілек айтты.
- Оң болсын сапарыңыз, олжалы кел!..
***
«... – Москва жүрегіндей қалың елдің,
Далаға сен бостандық таңын бердің.
Туысқан бір халықтың мен перзенті,
Көрсем деп аңсап сені жаңа келдім.
Әкелдім лебізімді тыңдатуға,
Білімдар үлкен топқа сынатуға.
Барармын Парижге де басқалармен
Жараса әнім егер ұнатуға!..»
Соны ойлап келеді Үлкен Театрға,
Бұл Орда қанық болған талай сырға.
Бұл ежелгі орыстың алтын қоры,
Ел қазынасын сақтайтын, жиятын да.
Сырты жұмбақ бұл үйдің іші думан,
Дәл осы үйде сан алуан өнер туған.
Бет алып осы тұсқа келіп жатыр:
Әнші, биші әр ұлттан, ойдан, қырдан.
Зал іші дуылдасып толған халық,
Солардың ортасынан өтіп барып.
Оңаша бір бөлмеден орын алды,
Кезек күтіп, жүрегі лүпіл қағып.
Өзендей әрбір ұлттың өнерпазы,
Сайраған бұлбұлдары қысы, жазы.


397
Мінекей, Есенбаев – ұлты башқұрт,
Естілген сыбызғыдай әсем сазы.
Мына әйел қараторы, торқа шашы,
Бәйгіге түскен талай топта шаршы.
Бұл Ташкеннен Тамара-ханум екен,
Ұршықша үйірлетін биші, әнші.
Жиналған талай ұлттың адамдары,
Сыналған сан жарыста тарландары.
Жалт етіп сахнаға шыққан сайын,
Келер деп қашан кезек, алаңдады.
Басталып кетті кенет бір ғажайып,
Жаршы оны таныстырды жұртқа жайып.
- Қосылып ұлт аспабы домбыраға,
Қазақша ән салады Қашаубаев!
Нәшімен салынған ән тербеледі,
Құбылып сансыз әуен сән береді.
Бірде асқақ, бірде төмен құйқылжыған,
Жағымды үн баурап алды бар денені.
Тәтті әнге ой жадырап, бой балқыды,
Көлбеген кең даладай ән шалқыды.
Ән бітті, залдағы жұрт дуылдасып,
Қостаған қол соғулар әрең тынды.
Қарайды сыншы топқа көзін сүзіп,
Сол бір жан жүзі таныс, сөзі де үздік.
Көз қыры Әміреде, бірде залда,
Қолында қара мүйіз көзілдірік.
Ықыласпен көңіл қойып бәріне де,
Байсалды ой жіберіп мәніне де.
Білдіріп жылы шырай ризалықпен,
Тағы бір қарап қойды Әміреге.
Ленинге ерте күннен серік болған,
Ел үшін кешкен талай қиын жолдан.
Бұл адам Луначарский – білгір, ғалым,
Ісіне ел ағарту қамқор, қорған.


398
Басқарып сарапшының мынау тобын,
Нұсқаған өнерліге айқын жолын.
Сол кісі сахнаға өзі келіп,
Құттықтап Әміренің алды қолын.
- Халық үшін қызмет ету парыз, - деді,
Шырқай бер, шарықтай түс бар кезде де.
Мастанба, ұста өзіңді, саналы бол,
Бәйге алып, табысқа жет Парижде де...
Әміре риза болып, иді басын,
Сездіріп абзал жанға ықыласын.
Ақтаймын үмітіңді, дегендей боп, 
Қош айтты, қолына ұстап домбырасын.
***
Әр халықтың өнерпаз саңлақтары,
Сараланып, Парижге бірге аттанды.
Вагонда ән шырқатып, күйлер тартып,
Өткізді ұзақ күнді, қысқа таңды.
Париж... деп дауыс шықты ертеменен,
Біреулер терезеге ентелеген.
Ұйқыдан енді оянып әсем қала,
Арудай кербез, сұлу еркелеген.
Япыр-ай, неткен көркем, қала қандай,
Келген жан тамашалап қарағандай.
Дүниенің неше түрлі өрнектерін,
Бұл жерге жинап әкеп қалағандай.
Аралап жүрген сайын қанып сырға,
Сан көше, сан алаңмен танысты да.
Сәскеде дем алуға ұйғарысты,
Бір күнде болмас көріп тауысуға...
***
Аққудай әсем үнді ұшқан көлден,
Әнші, күйші өнерпаз мұнда келген.
Ән мен би, аспаптарын баптап, күйлеп,
Ертеңгі үлкен сынға әзірленген.
Көшеде қызыл, жасыл жарнамалар,
Шақырған қызық кешке ләззат алар.


399
«Комедия» залына барған халық,
Әрбір ұлттың ән, биін тамашалар.
Топталып өнерпаздар келді залға,
Белгілі шығар мезгіл әр адамға.
Әміре домбырасын күйлеп, баптап,
Шабысын әркімдердің шамалауда.
Тыңдады көзі көріп анық бәрін,
Кім, қандай, танып алды қанып бәрін.
- Әміре Қашаубаев - әнші қазақ
Сіздерге айтып бермек халық әнін...
Дегенде ұшып тұрып орынынан,
Көрінді сахнаға келіп жылдам.
Топ көрсе өршеленер өрен жүйрік –
Екені көрініп тұр порымынан.
Үстінде барқыт шапан оюлы, өңді,
Айнала оқалған күміс зерлі.
Басында әсем бөрік, домбыра ұстап,
Қасқайып кең маңдайы шыға келді.
«Уа», – деген дауыс шықты шарықтаған,
Жаңғыртып залдың ішін қалықтаған.
Құбылтып, сан түрлентіп, құйқылжытты,
Жүйріктей шапқан сайын қарыштаған.
Ән кетті залдан атып, көкке заулай,
Жөнелді Сенаны өрлей, желдей сарнай.
Ән кезді көшелерді, алаңдарды,
Біресе сахна үстінде тұрды аумай.
Түрленіп, мың құбылысып қас қағымда,
Шыққандай Эверестің асқарына.
Бұлтты серпіп, төрінде жүзді шалқып,
Париждің күңгірттенген аспанында.
Қазақтың тұңғыш келген бір баласы,
Әншіден ең алғашқы қарлығашы.
Жеткендей әнмен еріп осы араға,
Елінің өзен, орман, қыр, даласы.


400
Ән өрді ескен дала самалындай,
Құбылып қыр таңының ажарындай.
Толқыды асау Ертіс толқынындай
Орғыды таудың киік, маралындай.
Әр әннен сезілгендей дала сыры,
Жүйріктің талмай ұзақ шабатыны.
Тыңдаған кейбіреулер түйді ішіне:
- Бар екен қазақтың да Шаляпині.
Шырқады әсем әуен бойлап соны,
Бұлқынып домбырада ойнап қолы.
Кейбіреу өз әсерін айтып отыр:
- Бар екен бұл елдің де Поль-Робсоны.
Ән кетті қыран құсша ұшып шалғай,
Бірде шат, бірде мұңды, бірде зарлай...
Кең дала бейне ән-күй дариясындай,
Мынау жұрт отыр соған шомылғандай.
Ән тербеп теңіз бетін шалқытқандай,
Ерітіп бар денені балқытқандай.
Тыңдаушы тәтті әуеннен рақат тапты,
Тамсанып, көмейлері бал жұтқандай.
Ән кетті бірден бірге ширатылып,
Бірде асқақ, бірде баяу ырғатылып.
Біресе шаттық, думан шалқып жатқан,
Біресе батып ауыр мұңға тұнық.
Ән бітті. Бас иді әнші – тәжім етті,
Шапалақ залдың ішін дүрілдетті.
Ұлғайып, мақұлдаған қошеметпен,
Жиналғандар орнынан тұрып кетті.
Елінен әлде қайда алыс шетте,
Ұнады салған әні мұнша көпке.
Әміре келерінде ойлап па еді,
Дәл мұндай жетермін деп сый-құрметке.
Әнімен таңырқатып барша жанды,
Өз елін мақтан етіп, арқаланды.


401
Үстінен түскендей боп бір ауыр жүк,
Қуанып өз орнына қайта барды.
Жылы өңді, ұзын бойлы, жирен қасқа,
Бір адам түс шамалас орта жаста.
Келді де Әміренің қолын қысты,
Сөйлеп тұрды, бірақ та, тілі басқа.
Бір тілмаш жеткізіп тұр оның сөзін:
- Алдық сіздің лебізден тәтті сезім.
Үніңіз кең, сан алуан әуені мол,
Ризамын өнеріңе менің өзім.
- Қуанышын білдірген жылып іші,
Айтыңыз бұл не қылған абзал кісі?
- Танысыңыз бұл адам Ромен Роллан –
Француздың атақты жазушысы.
Деді ол: - Атыңыз кім? Етпе айып?!
- Атым Әміре, фамилиям Қашаубаев.
- Әнді қайдан үйрендің?
- Өз халқымнан,
Дариясы ән мен күйдің тым ғажайып!...
- Тебірентті жұрттың жанын сенің әнің,
Түсініп, ұқпағанмен сөздің мәнін.
Аспанға шарықтатты қиял, ойды,
Қандырып құлақ құрышын тыңдағанның.
Сіздің ел көп білетін әннің сырын,
Бұлбұлға теңейді екен әншілерін.
Осыған бүгін менің көзім жетті,
Кеудеге түйген едім, естіп бұрын.
Түсінсе кім сезбейді күйдің күшін,
Қай халық мақтанбайды жүйрігі үшін.
Мәртебесін көтерген өз елінің,
Сен де шын сахараның бұлбұлысың!...
Ат жақты, селдір шашты қасындағы,
Анри Барбюс Әміреге жақындады:


402
- Құттықтаймын табысты қадамыңды,
Деп қол алып, өнерін мақұлдады.
- Естідім көп әншіні даңқы зор,
Тым сирек сіздей әнші даңқы ең зор,
Бұл табиғат сыйлығы берген сізге,
Құрметте өнеріңді соған тең бол!
Әкелді әншіге әні зор қуаныш,
Өмірде кездеспеген мол қуаныш.
Келгендей дүниеге жаңа ғана
Ұмытылды ертедегі бейнет, налыс.
Жүйріктер озып жеткен бәйге күні,
Бөлісті жүлделердің әрбір түрін. 
Әнімен тыңдаушыны риза еткен,
Әміре бас бәйгенің алды бірін.
Созылған дулы кештер неше күнге –
Тынған соң, таяп қалды кетер күн де.
Бүгінгі жүрек тербер қуанышпен
Әміре жатты келіп төсегіне.
Ойлады жас кезінде қырда өскенін,
Жатақ боп жалшылықпен күн кешкенін.
Тар заман өріс бермей ән мен күйге,
Өзіндей талайлардың үні өшкенін:
«Мен жалғыз үзе алар ма ем құлдық торын,
Ел ақтап жүрмес пе едім, қайнап сорым.
Қолдаған өнерімді көзімді ашқан
Советім – қорған болған шын қамқорым.
Жас шағым оқу көрмей өтті текке,
Жалданып терім саттым күн көрмекке.
Бақытқа түске кірмес қол жеткізген
Мың рақмет, Отанға, үкіметке»...
Өшіріп жастық шақтың назаларын,
Сезді ол жолы кеңіп тазарғанын.
Ең алғаш Еуропада ән шырқатып,
Танытты жер жүзіне қазақ әнін.


403


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет