Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


аысы бар екенін білмеймін, тн жамылысында ара



Pdf көрінісі
бет94/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   130
аысы бар екенін білмеймін, тн жамылысында ара 
киінген екеу йден әкетіп, та сәріге дейін "стап, оя 
береді. Сондаы с"райтыны: «М"стафа не деді?» – дейді. 
«Айтан әнімді тыдап, көзіне жас алып, елге саынышын 
білдіргеннен баса естіген ештеем жо», – десем, сен-
бейді. Сенген былай т"рсын, бірі "стап т"рып, екіншісі 
ол ж"мсап, көгала ойдай етеді», – деп көзіне жас алып, 
иналып жргенін жайып салды. Бәрінен де сорақысы –
«осынымызды бір адамға айтушы болсаң, отбасыңа зия-
ны тиеді» деп әбден қорқытатынын айтып еңкіл 
дегені 
естен кетер ме. Қайран Әміренің сол сөзі әлі құлағымда»,
– деген еді. Осыны Серағаң «ішіңде жүрсін» дегендей 


332
құла ғыма сыбырлаған болатын. Ол кезде бұл туралы айту, 
жазу мүмкін емес-ті. Енді ойласам, Әміре жайлы шындық 
кейінгілер есінде жүрсін дегені екен», – дейді Жарқын 
«Әміре Қашаубайұлы» кітабында (82-бет). Жарқын осы 
сырды ішінде берік сақтағаны рас. Ол екеуміз 1970 жылдан 
таныс болып, менің Әміренің туысы екенімді білсе де, Қазақ 
теледидарында бір бөлімде істеп, 1986 жылы Желтоқсан 
көтерілісіне бірге қатыссақ та, маған айтпаған еді. Сірә, бұл 
деректі жария етіп жібереді деп ойлаған болар. Шынында 
да, ол жылдары мен отаршыл үкіметтің саясатын әшкерелеп 
мақалалар жазып, астыртын таратып жүргендіктен Әміре 
мен Мұстафа туралы деректі де пайдаланар едім. Бірақ, қолда 
нақты архивтік дәлел болмағандықтан бұл да «үкіметке 
қасақана жала жабу» болып есептелер еді. Ал, тәуелсіздік 
жарияланғаннан кейін, кеше отаршылдарға құрақ ұшып 
қызмет қылып, ұрты майдан арылмағандардың өзін «Кеңес 
үкіметінен теперіш көрген, жатса-тұрса тәуелсіздікті аңсаған 
еді» деп, бұқаралық ақпарат құралдарынан түсірмеу үрдіске 
айналды ғой. Сондықтан, көзіммен көрмесем, құлаққа 
сенбейтін әдетпен, Жарқын С.Қожамқұлов айтқанын 1998 
жылы «Абай» журналында баян еткенімен, Әмірені саяси 
қудаланғандар қатарына қосуға асықпаған едім. Енді, 
Әмірені Мұстафамен кездескені үшін үкімет 1925 жылы 
Парижден оралғаннан бастаған аңду, қудалауын оны 1934 
жылы қазаға ұшыратқанша тоқтатпаға-нына ГПУ архивінен 
нақты құжаттар табылып отыр. 2007 жылдың сәуір айында 
қолыма түскен құжаттың бірі - ОГПУ тергеушісінің сұрағына 
Елдос Омаровтың: «В феврале 1926 года я, Омаров, был 
командирован КазНаркомпросом в качестве представителя от 
Казахстана на Тюркологический съезд в Баку. Одновременно 
со мной были командированы Сулеев Билал, Байсеитов Газиз 
и Байтурсунов Ахмет. Ездил по персональному приглашению 
и Амре Кашаубаев, как казахский национальный певец. В 
пути следования в Баку Кашаубаев рассказывал о поездке 
его в Париж, кажеться, летом 1925 г. на Художественную
выставку. По словам Кашаубаева, в Париже он встречался 
казахским эмигрантом Мустафа Чокаевым. При присутствии 
Байтурсунова, Сулеева, Байсеитова Кашаубаев сказал, 
что Чокаев разыскав его, водил к себе на квартиру. Жил 
Чокаев хорошо, говорил, что скучает о Казахстане», – деген 
16.10.1927 жылы берген жауабының хаттамасы. Екіншісі, 
ОГПУ тергеушісінің сұрағына Ахмет Байтұрсынұлының: 


333
«Относительно Чокаева я знаю, только, что он находился 
в Париже. Кажеться в 1924 году на Выставку произведеий 
искусства ездил казахский певец Амре Кашаубаев, который 
по возвращении оттуда рассказывал, что видел Чокаева. При 
каких условиях он рассказывал мне об этом, не помню», –
деген жауабының 18.06.1929 жылы толтырылған хаттамасы.
Әміре арқылы Мұстафаның елге сәлем айтқанын сылтау 
етіп, 1920-жылдардың соңында Кеңес үкіметі қазақ 
зиялыларын репрессиялауға ұйғарғандықтан, дәл осындай
сауалдар мен жауаптар (Әміре мен Мұстафаға байланысты)
сол жылдары тергеуге алынған М.Дулатовтың, өзге де 
азаматтардың «Қылмыстық іс» томдарында болуы мүмкін...
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті архивінен 
осы екі құжат табылғаннан кейін Әміренің 1925-1934 
жылдар аралығындағы өміріне байланысты көкейдегі сан 
сауал шешімін тапқандай болып, осы мақаланы жазуды 
бастағанымда Жарқын Шәкәрім өзінің жаңа шыққан «Әміре 
Қашаубайұлы» деген кітабын маған сыйлады. Ол кітаптың 
83-88 беттерінде ҰҚК-нің зейнеттегі поковнигі Әмірхан 
Бәкірұлының осы мекеме архивіндегі құжаттар негізінде 
жазған, «Егемен Қазақстан» газетінің 28.04.2004 ж., 
27.04.2005 ж. сандарында жарық көрген мақалаларының 
Әміреге қатысты тұстарын келтіріпті. Онда мынадай 
құжаттар бар екен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет