Сөж-2 Рахманбек Айгүл МДҚ311 Мектепке дейінгі ұйымның іс-ірекетін ретке келтіретін негізгі нормативтік іс-құжаттар Нормативтік құжаттар-бұл заңдар, нормативтiк құқықтық актілер және (оқу процесiн ұйымдастыру) мекеменiң ағымдағы қызметiндегi құжаттарды жасау,олардың өңдеу,сақтау және қолдану технологиясы бойынша регламентін белгiлейтiн әдiстемелiк құжаттардыңжиынтығы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етуде қажетті жағдайларды жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқытық құжаттардың тізбесі: 1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
2.«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 заңы.
3.«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы.
4.«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №306 Заңы.
5.«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы.
6.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы.
7.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.
8.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.
9.«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 615 бұйрығы.
10.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарттары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 қаулысы.