424
Күйден шалқып,
жырдан
қызып,
Қашпаған кез қырдан қызық.
Байжанбаев
1
дауысы боп,
Балалық шақ тұр жаңғырып.
Шыбық мініп, бұғалық сап,
Кете де алмай тым алыстап.
Құлдыраңдап қайтушы едік,
Қойды өріске шығарып сап.
Таудан есіп таң самалы,
Аңқығанда аршалары
Жота
бойлай жел қуалап,
Әлдебіреу ән салады.
Таңданыстан тіл байланып,
Қиял кештім тыңдай қалып:
«Сонша жерден жетеді екен
Ән әуені мұндай да анық?
Газет-журнал қарап жүрер,
Сырын білсе, ағам білер?!»
Ағам сонда сәл жымиып,
Қарап қойды маған бірер:
«Бұл
заманның өнерінен
Түсінігің көне, білем.
Дауыс бізге жетіп тұр ғой,
Күшейткіштің көмегімен.
Тіпті өнерге осал адам
Қу темірге қоса алар ән.
Орталықтың радиосы ол,
Он шақырым осы арадан.
Бар
деймісің онда маңыз,
Әнші деген сол ма нағыз.
Баяғыда осы ауылдың
Бір адамы болған аңыз.
Мынау тұрған «Таңатыңнан»
Ұшқан бұлбұл –
қанатында
ән.
Көмейінде қуыс қалта,
Тек ән үшін жаратылған.
Сағынғанда еліне кеп,
Шырқайды екен беріле көп.
Көрмегендер
сене алмайды,
Сері ме бұл, пері ме деп.
Ол айғайға басқанында,
Үн қосыпты аспаның да.
Көшкен ауыл, соққан дауыл,
Тына қапты қас-қағымда.
Кең даланы кеткен жауып,
Неғылған ән, неткен сауық?
Жеті қырдан жылқышылар
Жамырасып жеткен шауып.
Солай
дейді ел сөз еткен,
Ертегі емес, ертеректен».
Алты жасар сәби кезім,
Аңқиямын ентелеп мен.
Ағам үнсіз қалып сонда,
Көзін тігіп алыс жолға,
Ойнатып та
бергені бар
Күйтабақты алып қолға.
Шеңбер бойлап сырғанайды
ән,
Тұрсын қалай тыңдамай жан.
Тұңғыш рет сусындадым
«Балқадиша»,
«Дударайдан».
Келсе жырдың дәл реті,
Бала күннің бар үлесі:
Алғаш
сонда білдім атын -
Қашаубайдың Әміресі,
Қашаубайдың Әміресі!
_______
1
аза'станны халы' әртісі,
белгілі диктор.