Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет111/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   130
Бірінші #айырма
Бір ғасыр бітіп, бір ғасыр бетін жаңа ашқан.
Семей шаһары. Қашаубай үйі – ағаштан.
Қалалы жерге қиналып жеткен кезінде
Жамағайыны Әренде біраз қарасқан.
Сыр берді ме екен отпенен суға салған жан,
Сырқаты меңдеп Қашаубай да өтті жалғаннан.
Әміре жалғыз Ертіске барып жүкші боп,
Арбакеш болып, қасапшы болып қарманған.
Саржалдан шыққан Қаражан деген мықты адам
Жаңа Семейде зауыт пен дүкен ұстаған.
Әміре сонда теріні жүрді күзетіп,
Жиғанша есін, кеткенше басып нық қадам.
Жаралған мінсіз дарынның күші қалмас жай,
Жарып та шықты тері қоймасын алмастай.
Қала тұрмысын меңгеріп алды Әміре,
Өнері барда өзегі енді талмастай.
Жақсыны көрсе жақындай жүрді бір табан.
Өнеге көрді Әлмағамбеттен, Нұртадан.
Түнгі Семейді тербеткен оның дауысын
Таныды бәрі: «Әміре ғой – деп, – шырқаған».
Шақырту көп-ті, тұрмайтын болды тұрақтап,
Табынғандарға танытпай мінез бір асқақ.
Әміре жүрді қай жерде болса той, қымыз
Он сегіз баспа қызыл гармонын құлаштап.
Оң-солы бірдей жоқ еді сондай әнші, рас.
Құйқылжытқанда бере алмай кетер жан шыдас.
Орыстың шалы қосыла шырқап елжіреп,
Татардың қызы көзінен үзіп тамшы жас.
Болмады бірақ Әміре деген атқа мас,
Ақкөңіл қалпы, досының сөзін тастамас.
Дария тұрса, қасынан құдық қазбас деп,
Ол отырғанда басқалар әнді бастамас.


432
Ертістің ар жақ, бер жағы түгел біледі,
Жарнамаларға алдымен атын іледі.
Семейге жолы түскендер оны жүрді іздеп,
Әміре әнін тыңдамай кету мін еді.
Жәрмеңке барған сол кезде қолы жеткені,
Қоянды деген әмбебап дала мектебі.
Саудаға епті, өнерге шебер кім болса,
Елу мың адам бағалап сонда екшеді.
Қоянды жақтан олжалы қайтты Әміре
Мәди мен Ғаббас, Қалидың елтіп әніне.
Жақсы мен жайсаң жиналған жерден сәніне
Сән қосып қайтты, мән қосып қайтты мәніне.
Жаяу Мұса да батасын берген құп алып:
«Үлкен бір даңқ алдыңда күтіп тұр анық,
Екінші Біржан сен болармысың» деген-ді
Мұсаның кәрі жанары жасқа шыланып.
Мыңдаған адам естіген ақпар жата ма,
Құрметтен енді алмайтын еді қаша да.
Әміре солай еркесі болды халқының,
Әншіні солай таныды бүкіл сахара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет