Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата26.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#144373
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Мұхтар Мағауин
ШОРТАНБАЙ
1
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің 
бірі Шортанбай Қанайұлы 1818 жылы Оңтүстік Қазақстанда, 
Қаратау бойында дүниеге келеді. Кедей ортадан шыққан, 
тұрмыс тақсыретін тартып өскен Шортанбай ақындық 
өнерінің алғашқы кезеңінде, 1835 жылдар шамасында 
Орталық Қазақстанға келеді де, біржола тұрақтап қалады. 
Өнер сапарымен Сары Арқаны талай шарлағанымен
ақынның орын тепкен қонысы – Қарқаралы төңірегі, Жаман-
тай, Құсбек төрелердің ауылы болды. Ақын елу жастан аса 
бере сырқатқа ұшырайды да, қалған өмірін у-шудан аулақ, 
тыныш өткізу үшін, діндарлығымен аты шыққан Жанғұтты 
бидің аулына (қазіргі Жезқазған облысының Шет ауданы) 
көшеді. Ақын осы елде 1881 жылы дүниеден қайтады. 
Қазақ поэзиясының озық дәстүрлерін жете меңгерген, 
ақындық шеберлігі кемел Шортанбай көзі қарақты суреткер 
еді. Ол отарлық тәртіп туғызған келеңсіз жайттардың көбін 
нақ таниды, оларға жиіркене қарайды. Ақын сақарада жаңа 
қатынастар орнауына байланысты таптық теңсіздіктің күшейе 
түскенін, ұрлық-қарлық, барымтаның көбейгенін, қазақ 
арасындағы бұрынғы қандастық, бауырластық сезімді енді 
ақшақұмарлық, дүниеқоңыздық ниет алмастырғанын айта-
ды. Елді езгіде ұстап отырған би, болыс, қожа, молдалардың 
озбырлығын, жемқорлығын шенейді. Ақын, әсіресе қазақтың 
ғасырлар бойы қалыптасқан салт, дәстүрлерінің жойы-
лып, аяқ-асты болып бара жатқанына қынжылады. «Бит-
тей нәрсе қалсайшы – Бұрынғыдан ырымға!» – Шортанбай 
шығармаларындағы өзекті сарын, міне, осы. Бұл сөздерден 
бүкіл Шортанбай өнернамасының астары айқындалады: 
ақын Қазақстанның Россия империясының құрамына енуіне 
байланысты сақараға келген өзгерістердің ешқайсысын да 
қабылдамайды.
Дулат сияқты, Шортанбай да заманға қарсы тұрар шара 
таба алмайды. Бірақ Дулат өз шығармаларының халықтың 
1
Қанайұлы Ш. «Қайран халқым» Алматы: «Раритет», 2002 ж.


323
өткен тарихын, ерлік күндерін еске түсіріп, бұрынғы, халық 
қамын жеген азаматтардың ерлік бейнелерін жасап, әлі 
де ел болуға, қатарға енуге мүмкіндігің бар десе, Шортан-
бай үміт сәулесі атаулыдан ада. Ақын дүниеден біржола баз 
кешеді. «Су түбіне кеттің, жұрт, – Тал табылмас қармарға» – 
бүкіл бір халықтың болашағын кескен үкім тәрізді естіледі. 
Тіршілікті жеңілдетудің жалғыз-ақ жолы қалған сияқты, ол – 
Шортанбайдың ұғымынша, дін жолы ғана. Шортанбайдың 
дүниеден біржола түңілуі сол кездегі қазақ халқының 
басындағы ауыр әлеуметтік, қатал отарлық жағдайға байла-
нысты болатын.
Шортанбай шығармалары ақынның көзі тірі кезінде-ақ 
ауызша да, қолжазбалар түрінде де халық арасына кеңінен 
тарады. Ал өзі өлген соң, 1888 жылы басылған тұңғыш 
жинағы ақынның даңқын көтере түсті, революцияға дейін 
әлденеше мәрте қайта басылды. Қазір Шортанбайдың таң-
даулы шығармалары хрестоматиялардан, қазақ поэзиясы-
ның антологияларынан орын алды, ақын творчествосы оқу 
программаларына енді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет