7
дай бола алмағанымен, заман шындығын шеберлікпен
өлеңге сыйғызған; Шортанбай дін сөзін көп қолданғанына
қарамастан, діндар емес, мистік-ақырет ақыны болғанымен,
оны халық санасынан сыртқа сырып тастауға ешкімнің құдіреті
жеткен жоқ; Шортанбай феодал табының көзқарасымен жау-
ап берсе де, еңбекші халықты қанап отырған кім екенін көрді;
Шортанбай құдайға сенген, мұсылман дінінің қабырғалы
молдасы болғанымен, үнемі молдалық жолын қумай, зама-
нында айтысқа түскен – суырып салма ақын; Шортанбай араб
сөзін қолданады, бірақ жалпы елге таныс сөздерді ғана ай-
тады; Шортанбай бұрынғы фольклор дәстүрінен алға кет-
кен, өлеңінің варианты біреу ғана; ол өз заманының елеулі
ақыны, Абайдан бұрынғы әдебиеттің көрнекті уәкілі; Шор-
танбай ескі ақындарша әріден бастамайды, жыр дәстүрінен
де Шортанбай озат тұр; ескі фольклордан көркем әдебиетке
таянған, бірақ ат құйрығын мүлде кесіспеген; Шортанбай
ауыз әдебиет пен жазба әдебиеттің арасында жатқан көпір;
Шортанбай өлеңі тақ-тұқ, қарабайыр көрінгенімен, ол сөз об-
разын мықтап тізгіндеген, шебер ақын; әдебиет тарихында
халыққа баспа бетінде де, ауызша да көп тараған Шортанбай
орны бөлек...
Шортанбай шығармашылығының қыр-сырын,
әдеби мұрасын бағалауда айтылған пікір-тұжырымдар осы-
лай дейді.
1959 жылғы конференцияда Сәйділ Талжанов жасаған
қосымша баяндама – өзінің нақтылығымен,
ғылыми мәселе
қойылымымен Шортанбайтанудағы ізденістердің өрісі әріге
тартып жатқанына меңзеген мәнді баяндаманың бірі.
1957 жылы Шортанбай Есмағамбет Ысмайыловтың зерт-
теулерімен «Қазақ ССР тарихының» бірінші томына енді.
Мұның өзі ақынның рухани, мәдениет тарихымыздағы елеулі
тұлға екенін мойындау, тану еді дегенді нықтай түседі.
1957 жылғы Қаулы, 1959 жылғы ғылыми-теориялық кон-
ференциядан соң Шортанбай мұрасы жоғары мектепте ғана
оқытылатын болды.
Шортанбай шығармалары төңкеріске шейін бірнеше ба-
сылым көрді. Соның көпшілігі өзі дүниеден өткен нен кейін
шықты. В.В. Радлов, Лютшь, Ы.
Алтынсарин, М.Кө пеев;
беріде С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ш.Кәрібаев, Х.Сүйін-
шәлиев, М.Мағауин, К.Жүністегі, С.Дәуітовтер Шортанбай
шығармаларын жинады, баспадан шығарды.
Қазіргі кезеңдегі ақын мұрасын бағалаудағы негізгі ша-
руаның бірі – жарияланған, басылым көрген өлең-толғау-
лардағы мәтіндік айырмашылықтарды арнайы салыстыру-
лар арқылы зерделеу. Яғни, мүмкіндігінше
ақын мұрасының
ғылыми текстологиясын жасау. Сол мақсатта өз тарапымыз-
дан Шортанбай мұрасын зерттеу бағытында (Қ.Мәдібай. Зар
заман ағымы және Шортанбай Қанайұлының әдеби мұра-
сы. – канд. дисс. 1995 ж.) біраз салыстыру, айғақтау жұмысы
жүргізілді.
Шортанбай шығармаларының ұлт тарихындағы, әдеби
дамудағы бастамашыл бағыттарын,
діни-ағартушылық
ұстанымдарын ендігі уақыттың таным талқысына тарта оты-
рып, зерттеудің күрделі міндеттері бар.
Ақын мұрасын жүйелеу жұмысы әлі де күн тәртібінде тұр.
Шортанбай шығармаларының осы кезекті басылымы сол
орайдағы игілікті істерге өзіндік септігін тигізеді деген ойда-
мыз.
Достарыңызбен бөлісу: