Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата30.04.2022
өлшемі17,29 Mb.
#32972
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
ТҮСІНІКТЕР
Бұл  жинақта  Шортанбайдың  1906  жылы  Қазанда  қайта  басы-
лып  шыққан  «Бала  зары»  кітабы  мен  «Бес  ғасыр  жырлайды»  анто-
логиясы  және  «Жұлдыз»  (№3,  1991;  №12,  1992)  журналындағы 
шығармалары  негізге  алынып,  Шортанбай  мұрасын  сақтап  жинап, 
жариялауда көп еңбегі бар жазушы Кәмел Жүністегінің қатысуымен 
құрастырылған  1993  жылы  «Айқап»  баспасынан  жарық  көрген 
«Шортанбай»,  2002  жылы  «Раритет»  баспасы  шығарған  «Қайран, 
халқым» басылымдарын пайдаландық.
Шортанбай Қанайұлының 1870 жылы В.В.Радлов жинағына ен-
ген  шығармалары,  1890  жылы  Қазан  қаласында  жарық  көрген 
«Бала  зары»  жинағының  факсимилесі,  ҚР  ҰҒА  М.Әуезов  атындағы 
Әдебиет  және  өнер  институты  Қолжазба  қорындағы  материалдар, 
осы басы лымға арнайы жазылған зерттеу мақалалар алынды.
Жыр-толғаулардың  үлгілері  әр  жылдарда  жарық  көрген  басы-
лымдардағы қалпы сақталып берілді.
Шортанбай Қанайұлының «Шығармалары» басылымында туын-
дыларға қатысты дерек негізінен сілтемеде көрсетілді.
Сонымен бірге 1993 жылғы «Шортанбай» жинағындағы «Түсі-
ніктерді» де бердік. 
* * *
«Зар заман»
В.В.Радловтың «Образцы народной литературы тюркских пле-
мен» (1870) көп томдығының ІІІ томында жарияланды. 1931 жылы 
Сәкен  Сейфуллин  құрастырған  «Ертедегі  әдебиет  нұсқалары» 
жинағына сол нұсқа енген. ҚҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институты Қолжазба бөлімінде 1946 жылы Темірғали Исмай-
ылов  тапсырған  «Зар  заман»,  «Зар  заман»  жырының  бір  жүйесі» 
нұсқалары  бар.  Жинаққа  енген  нұсқаны  «Жұлдыз»  (3,  1992)  жур-
налы  ҚҰҒА  кітапханасының  қолжазбалар  қорынан,  №780  бума-
дан  алған.  «Ертедегі  әдебиет  нұсқаларына»  енген;  Темірғали  Ис-
майылов өткізген «Зар заманнан» көлем, қайсыбір шумақ, жол, сөз 
айырмашылықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет