«Көз көрген қазақ батыры» «Жұлдыздағы (№3, 1991) басылым бойынша берілді. Тапсыр-
ған Кәмел Жүністегі. Анарбек жыршыдан есінде қалғанын жазып
алған.
«Келер заман сипаты» «Жұлдызда» жариялануы (№3, 1991) бойынша берілді.
Тұтастай тың, бұрын беймәлім шығарма емес. Қайсыбір тұстары
Шортанбайдың белгілі толғауларының ішінде кездеседі. Журналға
тапсырған Кәмел Жүністегі 1976 жылы Анарбек жыршыдан ды-
быс таспасына түсіріп алғанын, жыршының «Әттең талай сөзін
ұмыттым ғой», – деп отыратынын айтады.