Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет1/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-4

Қ 87

Қазақстан Республикасының 

Мəдениет жəне ақпарат министрлігі 

Ақпарат жəне мұрағат комитеті 

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша шығарылды

Редакция алқасы:  Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев,

 

 

 

С. Дəрібай, Қ. Жаныбаева

Қыраубаева А.

Қ 87  Мыңжылдық жолаушы. 5 томдық шығармалар жинағы / Томды 

баспаға əзірлегендер: Н.Мəтбек, Г.Асқарова, Н.Əли.   

 

– Алматы: «Өнер», 2012. 5-том. – 528 б.



ISBN  978-601-209-197-7

Бұған дейін «Өнер» баспасынан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология 

ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтəліпқызы Қыраубаеваның ғы лы-

ми-зерттеу еңбектері мен шығармаларының 1, 2, 3, 4-томдары жарық көрген. 

А.Қыраубаева шығармаларының 5-томына автордың 60-жылдары жа зыл ған 

көркем əңгімелері, кейінгі жылдардағы ғылыми мақалалары, сондай-ақ бү кіл-

халықтық  жиындар  мен  мерейтойларға  арналып  жазылған  ма қа ла ла ры  мен 

сын-пікірлері енгізілді. Шығармашылығының алғашқы бастауы – көркем əң гі-

ме ле рі нің өзінен-ақ ұлттық мінез-құлық, салт-дəстүр көрініс береді. Қол да бар 

ғылыми мақалаларының ішінен басқа томдарына енбеген еңбектері екшелініп 

алынды. Өз мақалаларында бүкіл түркітектес халықтар əдебиетінің арғы бас-

тау-бұлағының бір екендігін дəлелдейді. 

Осы 5-томның  екінші  жартысын  Алма  Қыраубаева  жөніндегі  естеліктер 

топтамасы құрайды. Оған А.Қыраубаевамен бірге қызмет істеген ұс таз дар дың, 

əдебиетші  ғалымдардың  жəне  қоғамдық  өмірдің  түрлі  саласында  еңбек  етіп 

жүрген  шəкірттерінің,  замандастары  мен  ағайын-туғандарының  ма қа ла ла ры, 

естеліктері мен өлең-жырлары енгізілді. 

Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ізденушілерге, жалпы əде-

биет сү йер көпшілікке арналған.  

  

УДК 821.512.122



ББК 84 Қаз 7-4

© Қыраубаева А., 2012

ISBN 978-601-209-197-7 (5-том) © 

«Өнер», 2012

ISBN 978-601-209-042-0 (общ.)   

© Көпіш Ə., (безендіру), 2012



    І  БӨЛІМ

КӨҢІЛДІ 

ТЕРБЕГЕН 

КӨРІКТІ СӨЗ

(Көркем әңгімелер)

4

ƏЖЕ АШУЫ

Үлкен киіз үйдің есігіне жақындай беріп, Алтын əжей кілт тоқтады. 

Əжесінің етегінен ұстап, біресе секіріп, біресе томпаңдап жүгіріп келе 

жатқан Серік үйге бұрынырақ кіріп кеткен. 

– Тұңғышың ба?

Əжей есікке жақындай түсті. Танып тұр, дауыс əлгінде келген қо нақ ті-

кі. Келініне қарап еді, ол біраз үнсіз төмен қарап қызарақтап отырды да, 

басын изеді. Əжей селк ете қалды. Өз көзіне өзі сенер емес. Шынымен, 

Серікті ұлым деді ме? Əжейдің бар ашуы басына шапты. Ыза буған ол 

енді  бұрылып  жүрем  дегенде,  табалдырық  алдында  оны-мұны  шо қып 

жүр ген шұбар балапан шошып кетіп, төрге қарай зытты. Шиқылдаған 

бойы  дастарқан  үстіндегі  шыны  сауытқа  салынған  сарымайды  бір  ба-

сып се кі ре қонақтың иығына қонды да, шиі қайырулы тұрған ке ре ге нің 

кө зі нен өтіп жүре берді. Сарымаймен жолақтанған аяғының ізі су жаңа 

қара костюмге үш тармақ боп тұра қалды. Əжесі қызара алақтаған ке-

лі ні не де, шек-сілесі қатқан Серікке де қараған жоқ. Бар ашуын содан 

алардай əлгі балапанды үйді айнала қуды. Қолына түссе ұзын шы бық-

пен дəл деп бір ұрмақшы еді, тауығы бар болғыр көрші үйдің қорасына 

кір ді де, зым-зия жоғалды.

Əжей  қолындағы  шыбығын  лақтырып  жіберді.  Содан  ашуы  қонақ 

кеткенше  бір  тараған  жоқ.  Күндіз  аз-аздан  созып  қоятын  ұршығын  да 

қо лы на алмады. Оны қайдан тауып алғаны белгісіз, жұдырықтай шүй ке-

сі мен қоса бала мысық төр алдында домалатып жүр. Əжей ұршықты жұ-

лып алып, мысықты желкесінен ұстап лақтырып жіберді. Серік анадай 

жерге барып топ ете қалған мысығын көтеріп алды да, аузын томпайта 

əже сі не қарады. 

– Əй, неге қарайсың? Бар кет ана Рахима шешеңе. Мені кө герт пей-ақ 

қой.


Осы  кезде  Рахима  кіріп  келді.  Оны  көрген  соң,  əжейдің  күні  бойы 

жанын жеп отырған отырған ашуы тіпті қозып кетті. Шеке тамырлары 

білеуленіп, деміге сөйледі:

–  Айттым  ғой,  бар  Рахимаға.  Бауырыма  салып  босқа  əуреленіппін 

мен бейбақ. Ойбой, білмеппіз шын шешесі осында екен ғой. 

– Апа-ай, енді... Қонақ сұрап қоймаған соң...

– Қой, қой ондай сылтауыңды. «Кемпірдің баласы» десең тілің жет-

педі  ме? «Түбі  осы  кемпір  иеленіп  кете  ме?» – деп  қорыққансың  ғой. 

Қа уіп тен бей-ақ қой, алмаймын, білдік сенің балаң екенін. 

Алтын əжей қара пүліш жеңсізінің шалғайын тізесінің үстіне тартып 

қойды да, бір қырын отырып алды. 

– Көп болса өгейсің дегенің де...

– Кешір, апатай, мен... əншейін, байқамай... Серік – сіздің балаңыз.


5

Белі  бүгіле,  əжімді  көздерін  тарамыс  алақандарымен  жаба  қойған 

əжей ді Рахима құшақтай алды. 

– Тəйт, əрі. Есіңе жаңа түсті ме, алдама өйтіп мені. 

Əжей Рахиманы іштей аяп отырса да, жекіріп тастап, əрірек жылжып 

отырды. Рахима қос жанары жасқа тола, таңырқай қарап: «Апа!» деді 

де, ар жағын айта алмай, жасқа булығып шығып кетті. Əжей бұ ры лып 

Серікке қарап еді, ол ернін тістеп жылап жіберуге шақ тұр екен. 

– Серікжан!

Əжей Серікке қолын созды. Сол-ақ екен, Серік жəбірлегендей өкси 

ба қы рып қоя берді де, мысығын құшақтап жүгіре жөнелді. Əжей қы сы-

лып қалды. 

– Серік, Серік! – деп бір-екі дауыстап еді, қарамады. Орнынан тұрып 

барып, есіктің жақтауынан сығаласа, Рахима Серікті қолынан жетелеп, 

шүпірлесіп ойнап жатқан бір топ балаға беттеп барады екен. Əжейдің 

кө ңі лі алай-дүлей. Əсіресе дүниедегінің бəрінен жақсы көретін кішкене 

Се рі гі нің мына қылығы, бүгінгі уақиға əжейді ойлантып тастады. «Ой-

пырым-ай, бала сезіміне қаяу түсіріп алмасам жарар еді», – деді өзі нен-

өзі қинала. Содан кешкі шайға дейін орнынан қозғалған жоқ. Тек дас-

тар қан жайылып, алдына шай құйылған кесе келген соң ғана жа қын дап 

отырды. Келінінің де өңі сынық.

– Шай ішіңіз, – дегенінің өзі де салқын естілді.

Əжей үндеген жоқ. Кесе, шəйнектің шылдырынан басқа түк естілмей-

ді. Күнде шүйіркелесіп отыратын ене мен келін тым-тырыс, əрқайсысы 

өз ойымен. Осы кезде, аяғының ұшынан басып Серік келіп кірді. Түй-

ме дей қара көздерін жыпылықтатып Алтын əжейге қарай береді. «Ой, 

жаман неме» əжесінің іші-бауыры елжіреп қоя берді.

– Кел, Серікжан! Келесің бе? – əжей Серікті өзіне тартты.

– Əлде... Рахимаға барасың ба? Бара ғой.

Серік көздерін жыпылықтатып екеуіне кезек-кезек қарап аз-кем тұр-

ды да, жүгіріп барып Рахиманың бетінен сəби еріндерімен шөп еткізіп 

сү йіп алды да, əжесінің алдына құлай кетті.

«Қазақстан əйелдері», 1966, №8, 2-бет

АҚ ƏЖЕ

Дың-дың-дың... Кішкентай сəби тырбық саусақтарымен дом бы ра ның 

ішегін дамылсыз дыңғырлатады. Еріндері де алаңсыз бір рақатқа елі тіп 

бұртия қалыпты. Моншақ көздері ынта-зейінмен қадалған. Пеш тү бін де 

мұны сыртынан бағып, жастықты шынтақтай жатқан əжесінің көз қа ра-

сын байқамайды. Тағы да дың-дың…

Кемпір жылжып келіп жанына отырды. Сəбиді домбырасымен қоса 

тізесіне қондырды да, еті қашқан ұзын саусақтарымен бір пернені баса 

ішекті дүмбірлетіп қағып-қағып жіберді.


6

Ескі домбыра бапкердің қолына түскен кəрі қырандай дүр сілкінді. 

Сəби құдіретті үнге аңтарылып, аузын ашып қарап қалыпты. Домбыраға 

жабысты бір кезде. Енді өзі көрмек. Кемпір жымиып, немересінің тит-

тей алақанына домбыра сабын ұстатты да, өзі əлгі орынға қайта барып 

отырды.


Жастықты бір жинап, шынтағының астына қойып алып, алға сəл ұм-

сы ның қырай тізерлеп қалды.

Келін-бала, көрші-қолаң «Ақ əже» дейтін бұл кемпірдің аты – Шол-

пан.  Мал-дəулет  жиып  жарымаған  адал  əкенің  аяулы  жалғызы  болып 

өс кен  Шолпан  жасынан  əн-күймен  серіктес  еді.  Ұзатылып,  тө бе дей 

нар ға бар-жоқ дүниесі теңделіп жатқанда өтінгені де: «Домбырам қал-

ма сын шы!» еді. Жалбыраған үкісін қалқытып əкеліп, шанағы өр нек тер-

мен оймышталған домбыраны қоржынға салғанда, Шолпан сонау алыс-

қа ет жақын туысқан ала кеткендей болып еді. Кейінгіге көз жү гірт кен 

жоқ, жалғызсыраған көңілі жадаулықтан арылғандай болып, же ңі ле йіп 

қалған.

Бөтен босағадан аттап түскен соң-ақ домбыраға қарауға шамасы кел-



меді.  Əлденеше  есіне  түссе  де,  қолына  алуға  батпайды.  Сау са ғы ның 

ұшы мен нəзік тыңқылдатып «Қарғашты» салғанда, есікке арқасын сү-

йеп үнсіз тыңдай қалатын шешесі келеді көз алдына. Шешесі тың дап-

тың дап: «Уһ!» дейтін. Сонда дəуренің өтер деді ме екен əлде өзі нің қыз 

кү нін есіне ала ма? Шолпанның домбыра тартқанын көп қуаныш ете тін. 

«Қал қам, əлгі «Қарғашыңды» тартып жіберші», – дер еді, қар ба лас тан 

бір се йіл ген шақта тізесін бүгіп. Шыңына жетіп қайтқан əн əуені үзіл ген 

кезде жаулығының шетімен көзін сүртіп отырып: «Осының кө ңіл боса-

татын бірдеңесі бар», – деп ақталатын.

Шолпан күлуші еді.

Енді сол күндерін есіне алса, өзінің де жылағысы келеді. Күйеуіне 

оңа ша да: «Күй тартып берейінші», – деп құлаққағыс етіп еді: «Қойшы, 

«байтал шауып бəйге алмас», селтеңдемей, өзіңе лайығыңды істесей!» – 

деп зекіп тастады.

Шолпан қатты қысылды. Жылады, шешесін есіне алып жылады. «Мұ-

ның дəурені өткен екен ғой. Шынымен, өтіпті-ау».

Өксіп-өксіп жіберген.

– Ей, мына қатынның жылағаны несі, арқаң қышып отыр ма?

Шолпан көңілі сонша неге босағанын білмеді. «Айтып тұрғаны бір 

есептен дұрыс та ғой. Келімді-кетімді кісі бар, жас келін сабалап дом-

быра тартып отырса, қайсысы жаратар дейсің…» Шолпан сонда да қоя 

алмады.


– Əй, тартсаң, тартып көрші…– деді бір кезде күйеуі. Барып есікті 

жа уып келді.

 – Осы маңайда Əзім ақсақал жүрген… жай тарт.


7

Шолпан  жасты  көзімен: «шын  ба?!»  дегендей  бір  қарап  қойды  да, 

барып домбыраны алды. Таныс иіс бұрқ етті. Талай жыл серіктес бол-

ған, қолтығынан демеп, көңілінің жалғыз үзік жарығы боп ере келген 

дом бы ра сы ның иісі. Сағағынан құшырлана қысты. Қолын қозғауы мұң 

екен, таныс əуен кетті сызылып. Жəйімен өзі де қосылды. Жіңішке нəзік 

үнге қос ішектің қоңыр даусы ілескені ғажап əдемі еді.

…Аулым қонған Ақ көлдің шаңдағына-а-ай,

Кімдер сері болмайды бойдағыңда-а-ай…

 

Шолпан  «Қарғашын»  қатты  сағыныпты.  Алғашқы  «əу»  дегенде-ақ 



аяулысын кезіктіргендей ынтыға жырлады.

…Қыз кеткен соң ауылдан қызық кетер-ай…



 

Сырттан шелек даусы қаңғыр етті. Тағы да бір ыдыстар тарсылдап 

кет ті. Бұл қаһарлы ененің сырттай айбары еді.

Шолпан домбыраны сандықтың ішіне салып жіберді. Ішектің «дың» 

еткен əлсіз даусы мен күйеуінің зілді міңгірі қабаттаса естілді: «Айттым 

ғой мен саған, ақылсыз қатын!». 

Шолпан сонан былай домбыра ұстаған емес. Араға аяң жорғасымен 

айлар,  жылдар  түсті... «Ұмыттым»  деп  ойлады  ол.  Олай  ете  алмапты 

бірақ...

Қарашаның бір қытымыр күні еді-ау сонда. Бой жаздырмайтын қара 

суық ылғал денені жирентеді. Тыстан бір етек тезек алып кірді Шолпан. 

Қа  зан ас ты ның сөне бастаған отын қағыстырып, жан-жағынан шөп-ша лам 

жиыс ты рып салып, маужыратқан қызуға қолын төсеп отырып қал ды. 

Шолпан ыңылдап əн айтқысы келеді. «Шіркін, осындай бұйығы күн-

де отбасында алаңсыз отырып, күй шертсе!» Ол əрдайым осы ой ке лі-

сі мен өзін-өзі қайрап, алаң етерлік айла іздейтін. Бұл жолы олай етпе-

ді. Бойына еріксіз қайрат дарыды. Барып домбырасын алды. Дың-дың 

ет кі зіп бір-екі қайырып жөндеп қойып, асығыс бір күйді бастап кетті. 

Қос ішектің босаңын жалғыз саусағымен былпылдатып, қу ағашты сон-

ша күңірентеді. Өзі де қоса теңселеді. Көз алдына тағы шешесі келеді. 

Сулы көзімен бұған қарап тұрған тəрізді. Ауылындағы он шақты үй – 

қара лашық қоңсысы кешкілік бұл домбыра тарта бастағанда, бір-бірлеп 

ке ліп, есік жаққа жайласатын. Солар елестеді көзіне. Үй толы. Сырты 

жал бы ра ған жамау бөріктерін бір шекелерін ысырып қойып, тықыр ше-

келерін жалтыратып, көз жұмып тыңдап отырған жоқ-жұқана. Қызының 

болмашы қызметін қуаныш еткен əке. 

Киіз есікті белгісіз ғана түріп бір бала кірді. Ауылындағы Есет сияқ-

тан ды Шолпанға. Көршінің дəл осындай момақан баласы болатын. Елеу-



8

сіз кіріп, ошақтың түбіне дізерлеген күйі қос ішектің дірілінен көз ал-

маушы еді.

Шолпанның көз алды тəтті елеске толды. Өзін көп халық алдында кө-

сі ле шалқып отырған қас күйшідей сезінді. Домбырасының басын қалт 

кө те ре бұлғап қалып, іле қосаяқтатып ала жөнелді. Қайырылар тұ сын да: 

«Заман-ай, заман-ай!» деп барып, күңіреніп кетеді.

Бағана  кірген  бала – Жақып  сес  қылуға  дəті  жетпей,  киіздің  шеті-

не малдас құрған бойы аңырайып қалыпты. Жеңгесінің өзгеше түрінен 

шо шын ған, таңғалған əлпеті бар. Шешесінің «Келін тез мұнда кел сін!» 

деген бұйрығын ұмытқан. 

Осы кезде киіз есікті лақтырып ашып, би ене кіріп келді. Шолпанды 

көзімен атып тұра қалды да, сұқ саусағын шошайтып, зəрлене ақырды. 

– Əй, бейбақ! Мына қу ағашты сабалағаныңның үстінен осымен екі 

рет түстім. Босағамнан аттамай тұрып, қоржыныңа салып сүйретіп онда 

əкел дің, білместігі шығар, беті ашылмаған неменің деп үндемеген едім. 

Ба сың нан қыз желегің түспей жатып тағы желіктің, тырс демедім онда 

да. Ендігің қай сандалғаның?! Əлде аруақ орнаған отымның басын жын 

ой на ғы еткелі тантып жүрмісің?!

Шолпан домбыраны кеудесіне қысыңқырап орнынан көтерілді. Тіке 

қа ра ған отты көздері қайтпайтынын анық сездіріп тұр. 

– Қоя алмаймын, ене, қоймаймын... – деді нық. 

Бəйбіше қатты зекіді:

– Не деп тұрсың, əй, шілдің қиындай тозған «Бесженің аруы!» Басы-

на көтеріп, жабыла дəріптейтін көрінеді! Бақсылық қай атаңнан дарып 

еді саған? Əлде төмен етектісін секендетіп қойғанша, еліңнің «е» деуге 

жарайтын еркегі құрып қалып па? Қоя алмасаң, қоймайтын жеріңе бар! 

Аулақ шаңырағымнан!

– Ел, ел деп елімді қорламаңыз. Елімнің сырты қораш көрінгенімен, 

намыс етер еркегі де жетеді. Жақсысын жаратып тыңдай алатын құлағы 

да бар. Барлық қадір-қасиет алдыңдағы айдаған малда болғаны ма? Дү-

ние бір шайқаса кететін еттің кірі де... – деп барып, булығып тоқтады 

Шолпан. 

– Тарт тіліңді, бұзылған! Көргенің негізі жарымаған əкең Оспан ғой. 

Үйіріңнен озып қайда барайын деп ең? 

Соңын шегелей айтып шығып кетті. Дүрс еткен ши есіктің екпінінен 

белдеудегі аяқ-табақтар ұшып түсті.

Кəрлі ене анық зіл тастап кетті. Кетіскен жеріміз осы дегенді кішірей-

мей, өзін-өзі төмендетпей тұрып суық айтты да қойды. 

Шолпан да еңкеймеген күйі қалды. Кешкі алакөлеңкеде жалғыз қал-

ған Шолпанның көзінен ып-ыстық жас тамып кетті. Сəл өтпей-ақ күйеуі 

жетіп келді. 

– Осы сен не деп құтырып жүрсің, əй, атаңа нəлет! Шешеме қарсы 

ке ле тін кім едің?! – деді ақырып.



9

– Шолпан оның ісіңкі қабағын, ашудан қып-қызыл болған бетін ғана 

көріп қалды. Басына жауған ауыр жұдырық оны бір уыс етсе де, қыңқ 

демей, домбыраның шанағын қорғалай берді. Ақыры анық жауыздықты 

мақ сұт еткен еркектің əлуетті қолдары домбыраны жұлқып тартып алды 

да, тізесіне салып, шарт еткізіп, лаулаған отқа тастап жіберді. Отқа ша-

на ғы шалқалап түскен домбырыны көріп, анық айырылғанына енді көзі 

жеткен Шолпан тымық дүниені дар еткізіп айғайлап жіберіп еді. 

Қаусырмалы есіктің қайырмасында бүрісе жыламсырап тұрған ма на-

ғы бала: «жеңеше ай!» – деп, ес-түссіз құлап түскен Шолпанның мойны-

нан құшақтай алған сонда.

...Ұйқылы-ояулы мүлгіген қалыпта отырған ақ əже жанына еңбектеп 

келіп, тырмысып жабыса бастаған сəбиді алдына отырғызды. Бала сүй-

ре те келген домбыраның пернесін етсіз саусақтарын əрлі-берлі жор ға ла-

тып, тағы көрсетіп берді. Бала ынтасын сала қайталауға тырысты. 

Дың-дың-дың...

– Тарт, құлыным тарт, күйші боласың...

Кемпір күлімсіреп, басынан сипады. Аздан соң, дүңкиген құс жас тық-

ты шынтақтаған күйі, кіршіксіз аппақ кимешегін жəймен жөндеп қо йып, 

ұзақ-ұзақ ойға кетті. 

Жақыптың  жұмыстан  келетін  уақыты  болып  қалғанын  есіне  алды, 

оқудағы  немересінің  демалысқа  шығуына  неше  күн  қалғанын  есеп-

теді... 

«Қазақ əдебиеті», 11 қаңтар 1969 жыл 

 

ҚАЙЫН АТА

Қожанның үлкен ұлы үйленді. Берекесі ортақ шағын шаңыраққа са мау-

рын ның бір жағын ала тағы бір жан қосылды. «Өзім құйып ішпесем, шай 

батпайды», – деп ескіден келе жатқан «жеті литрліктің» түбінен ажыра-

майтын Бүбіш бөстегін сүйретіп барып, жоғарырақ отыратын бол ған. Бұл 

күндегі  жұмысы – үш  мезгіл  жарқырап  жуылып,  дастарқан  ше ті не  сап 

түзейтін төрт-бес шынаяқты ауыстырмай, баппен иесіне əпе ріп отыру. 

Үйдің ішіндегі көп нəрселерге елеусіз ғана өзгеріс еніпті. Бұл жа ңа-

лық қа Қожан да іштей қуануда. Бірақ сыртқа жария қылып далақтаған 

емес. Қуанғандағы айтқан сөзі: «Өй, жаман, келіншек əкеліп, мұның да 

адам қатарына қосылғаны ғой», – болды. Келіні ашаң, биязы көрінеді. 

Қо жан етжеңді, пысық, момын болғанын қалап еді. Себебі өзінің мінезі 

қи қар, жоқтан өзгеге ашу шақырып, кейде шорт кететін. Онысына кем-

пірі Бүбіш пен балалары əбден үйренген, көп мəн бере қоймайтын. Ал 

енді келіні қалай қарар екен? Шал мінезіне басып, ақырып қалса, «ата» 

деп иілер ме, əлде аларып бетіне қарай ма? Онда Қожанның шалқасынан 

түс ке ні. Ол ұзақ-ұзақ ойға қалады кейде. 


10

Бір күні Қожан жұмыстан қатты шаршап қайтты. Таңдайы кеуіп, есік-

тен түсуге əзер шамасы келіп, ілбіп барып сəкінің шетіне қисайды. 

Қожан көзі кіртиіп, ошақтың басына қарады. Күндегі бұл келгенде 

қаз диып, қазандықтың жанында бұрқ-сарқ қайнап тұратын өзіне таныс 

ақ самаурын жоқ. Былай бұрылып еді, есіктің көзінде кернейі кекірейе 

қи са йып, төгілмеген күйі қалыпты. Ошақтың күлі бұрқырап жатыр. 

Сəкінің түбінде тұрған құманда бір тамшы су жоқ екен, ызалана сал-

дыр еткізіп лақтырып кеп жіберді. «Менің жазығым не?» дегендей, құ-

ман тақырға бір-екі домалап барып, құмға жетті де, тұмсығын тіреген 

күйі қалды. 

Раушан ренжіген, таңданған кейіппен атасына қарап қалыпты. Өңін-

де «ал, сонымен не бітті?» деген кейіп бар. 

Раушанның асып-саспаған жүрісі, əлгіндей қарағаны Қожанның кө-

ңі лі не дық ете қалды. Осы кезде шүйкесі шошайып, ұршығын қо лы на 

ұс тап, маң-маң басып Бүбіш келді де, ретсіз жатқан нəрселерді тез-тез 

жинай бастады.

– Қап, мына Аманкүлдікінде кішкене отырып қалғаным, – келіні мен 

шалына кезек қарады. Үйге кіріп бара жатып кемпірінің: «Ренжіме, бұл 

шалдың... осы ғой», – деген үздік-үздік сыбырын естіп қалды Қожан.

Бұл  үйде  Қожанның  бетіне  ешкім  қатты  келмеуші  еді.  Анда-санда 

Бү біш қайтарып тастайтын.

Қожанның  бір  қасиеті – ашуы  тез  басылатын,  өткінші  жауындай 

шарт-шұрт етіп барып жадырап жүре беретін. Ол кезде екі ұлының ар-

қа сы нан қағып, «қайтесіңдер, қартайған əкелерің...» деп жуып-шаяды. 

Əке сыры мəлім, олар да кек тұтпайтын.

Əке  балаларын  өте  жақсы  көреді,  мақтан  етеді.  Бірақ  ашуы  келген-

де, сыбап-сыбап алады. Қожан көз шырымын алған соң, əжептəуір ты-

ны ғып, көңілі көтеріліп тұрды. Есіктің алдын сыпырып, қораның бір-екі 

мал түс кен жерін жөндеген болды. Кешке Дəулеттің жұмыстан ертерек 

орал ға нын пайдаланып, анау күнгі орып қойған бір арба шөбін қас қа рай-

ған ша тү сі ріп алмақшы. Ол ойын шай ішіп болысымен баласына айтты. 

Кіш ке не ден соң барып: «Келін де жүрсін», – деді. Сыртқа шығып, ар қан, 

айыр ла рын даярлап келсе, екеуі əлі отыр. Келіннің жиналумен ойы да жоқ 

сияқ ты. Қо жан баласына ала көзімен қарап, іштей түтігіп тұр. Рау шан том-

паң дап жиналып жатса: «Қалқам, қала қой», – демек еді. Кə дім гі дей рен-

жі ді. «Рау шан бармай-ақ қойсын, көке!» – деді Дəулет. Қо жан үн де мес тен 

шы ғып кетті. Сонан қабағын жазған жоқ. Бір ойға мық тап бе кін ген дей, 

тас тү йін боп «не дұрыс, не қате» демеді. Тек түнде ұйық тар алдында:

«Кемпір, ертең бір мал сойып, ырымын жаса да, екеуін орталыққа кө-

ші ріп сал, еншісін бере жатармыз. Дұрысы – сол», – деді. 

Бүбіш: «Əлі жас...», – деп бастап келе жатыр еді: «Жоқ, жүз шайы-

сып, көңіл қалыспай тұрғанда, солай етейік», – бір-ақ кесті. 


11

Екі-үш күннен соң, Бүбіш келін баласын Дəулеттің қатынап жұмыс 

істеп жүрген жеріне – орталыққа көшірісіп алып барды. 

* * *


Раушан мұнда келгелі көңілсіз. Алғашқы күні оңаша шығып жылап 

ал ған. Сонда киініп кете бермей, Дəулеттің тілін алғанына өкінеді. «Сен 

бармай-ақ  қой,  көкеме  өзім  айтамын», – деген  сол  емес  пе  еді.  Атасы 

бұ ған өкпелі. Енді бармағыңды кессең де, өткен нəрсе орнына келмек 

емес. Сонда өмір бойы осылай кете бермекші ме? Жоқ, түбі бір жөнге 

ке ле рі анық. Бірақ ол қашан?

Өткенде көрші-қолаң жиылған соң енесі: «Талай жерден қатынап іс-

теу балаға қиын тиіп жүр. Мезгілімен ыстық ауқатын істеп берсін деп 

ке лін ді де бірге жібергелі отырмыз», – дегенде, жұрт: «Дұрыс, дұ рыс», – 

деп құптаған.

Бірақ бəрінің көздерінде: «Келмей жатып сыйыспаған ғой» деген сөз 

тұр ған сияқты, Раушан басын көтеріп, жұртқа қарай алмаған. «Жо лың 

болсын, балам, жиі қатынасып тұрайық», – деген кемпір-шалға: «Жақ-

сы, жақ сы!..» дегеннен басқа көңілі босап, түк айта алмады. 

Енесінің  жақсылығын  тіріде  ұмытпас.  Келсе: «Неге  жүдеусің,  ай-

налайын?  Не  ішкің  келеді?» – деп  бəйек  болады. «Мынауыңды  істеп 

тастайыншы», – деп жабысады кейде. Əмір етіп отыруды білмейді. Он-

сыз да салы суға кетіп жүрген Раушан одан бетер ұялады. Ұзағырақ қа ты-

на май қойса, сағынады. Сол бір беті қатпар-қатпар, домаланған қара кем-

пір екі үйдің дəнекері сияқты. Енесі кетерде: «Шырағым, уайымдама, о 

шал дың мінезі солай, əлі-ақ келеді», – деген.

Хабар жоқ. Атасының үнсіздігі аяздай тиеді. 

* * *

Одан бері жылға жуықтап қалды. Қожан ұлы мен келін баласын əлі 



күн ге əңгіме қылмайды. 

Бір күні кемпірі жымыңдап отырды да:

– Шал, сен не білдің, «қойшылы» болыппыз ғой. Таңертең сүйінші 

сұ рап кетті, – деді.

Қожан қылп ете қалды: «Келін ұл тапқан екен ғой...»

Бүбіш сол күні-ақ құрт-майын арқалап, «келін қол-аяғын бауырына 

ал ған ша» – қона жатуға тартты. Қожан жайдақ есекке теріс мінгендей, 

ойын  қайда  бұрарын  білмей,  аңырған  бойы  отырып  қалды.  Ыңғайсыз 

күй де əлденеге жымиды. Көршісі Аманкүл бір атым насыбай сұрай кел-

ген екен, мəнсіз, мағынасыз, көрінген жерді түртінектеп таппай қойған. 

Опы рыл ған қызыл иегіне дейін ыржиып күле береді. Шақшасының қал-


12

та сын да екені есінде жоқ. Аманкүл: «Əй, шал, сойған қарсақтай ырсиып 

не көрініп отыр саған?» – деп айқай салғанда, ойын бір-ақ жиды. «Құ-

дай дың берген рақатынан безіп жетістім деп жүрмісің? Біреудің жет пе ге-

ні – сол бала. Отырмыз ғой айдай мүйіз шықса, қу моланың төрт қа быр-

ға сын тістеп, көні қуарған екі кəрі. Шалқиясың кеп, өрімдей ұлың мен 

ке лі нің ді қуып жіберіп...»

Көршісі насыбайын да алмастан шығып кетті. Аңғарар құлақ болса, 

аз сөз тастап кеткен жоқ. 

Қожан күрсінді. Үйдегі жалғыз болған соңғы бір ай батып-ақ бара-

ды.  Кемпірі  анау  күні  келіп,  бір  қонып,  тағы  кеткен. «Жас  қой,  күтім 

керек», – дейді. «Қойшысының» жылағанына, жатқанына дейін айтып 

тауыса  алмайды. «Əй, «баласының  атын  атам  өзі  қояды», – деп  келін 

болмай отыр», – деп шалының тізесінен нұқып қалған. 

Қожан үйге кіріп-шығып күнді өткізе алмайды. Көшкен жұрттың оша-

ғы ның орнында қалғандай құлазыған бір күй. Жөндеп тамақ ішу де жоқ. 

Аманкүлдікінде бір уақ отырып келейін десе, оның да сыры мəлім. 

Бар ермегі – есегі, мезгіл-мезгіл құдыққа жетектеп апарып, суғарып 

қай  та ды. 

Ымырт жабыла бастаған, екі қолын артына ұстап, ілбіп басып дөң нің 

басына шықты. Нұрсыз көзі кіртиіп, орталықтың жолына қарады. Құ-

йын да тып анадайдан бір машина келеді. Күні бойы өтіп жатқан тамам 

дөң ге лек тің қайсы бірін айырып жатыр. Машина мұның үйінің тұсына 

жете бере, сызылып кеп тоқтай қалды. Ішінен екі адам түсті. Біреуінің 

құн дақ та ған баласы бар. Анық – екеуі. Жүзіне қан жүгірді. Сонда да «кө-

зім алдап тұр ма?» дегендей, тесіліп тағы қарады.

Аманкүл есігінің алдына шығып қалған екен, «Əй, шал, не қарап тұр-

сың? Келінің мен кербез келіншегің ғой анау келе жатқан», – деп айқай 

салды.

Қожан сонда барып, бойын жиып, домаланып, дөңнің басынан түс ті. 



Күтіп тұрмады, үйге кірді. Калошын шала шешіп, жиюлы тұрған жүк тің 

жапқышын жұлып алды да, қолына ілінген көлдей көрпені төр алдына 

жайып жіберді...



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет