Романдары
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914), «Кім жазықты» (1915) роман-
дары бар. Бұл романдардың көтерген мəселесі – жалпы ақын твор чест во-
сы ның негізгі тақырыбы болған əлеуметтік теңсіздік жайы.
66
«Қамар сұлу» – қазақ қыздарының еріксіз малға сатылған қор лық та-
ғы өмірі, ескі салт-сананың, діннің халықты улаған кесапаты, Қамар мен
Ахмет, Хасен сияқты өмірге көзқарасы жаңаша, оқыған жастарға күш
бермей тұншықтырған қараңғылықтың зілі əшкереленетін шығарма.
Жазушы «Қамар сұлу» романы арқылы Қамардай аруды жұтқан
фео дал дық салтқа, малы көп надандардың «ақ дегенін алғыс, қара де-
генін қарғыс» етіп қойған қоғамдық құрылысқа ашу-ызасын білдіреді.
Ре во лю ция ға дейінгі қазақ тұрмысының шындығын суреттеді. «Қамар
сұлу» – жа зу шы ның ағартушылық-демократтық көзқарасынан туған шы-
ғар ма. Ро ман да ғы ұнамды кейіпкерлер: Қамар мен Ахмет, Омар мен Ха-
сен, ұнам сыз кейіпкерлер: Жорға Нұрым, Оспан би, Қалтан қажы.
Қамар мен Ахмет – көзі ашық, оқыған, сырт келбетіне ақыл-білімі
сай, бір-біріне лайық жастар. Қамар:
Жіңішке сымға тартқан əні қандай,
Балауыз балбыраған тəні қандай.
Ақыл-ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сəні қандай.
Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,
Жайтаңдап жан күйдірген көзі қандай, –
деп суреттелсе, Ахметті; «ақыл-ой, зеректігінің үстіне сұңқардың бала-
сындай бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ойдан
шы ғар ғыш – ақын, жарып салма өткір еді. Той секілді жұрт жи нал ған
жерлерде өлең болсын, ойын болсын, газет-журнал кітап оқу, ша ри ғат,
насихат айту болсын, ең арты біреуді сықақтаған қулық болсын, бас
бəйге Ахметтікі еді... біреуге ақыл айтқанда, қызға Қамарды үлгі қы ла-
ты ны секілді, бозбалаға Ахметті үлгі қылып еді», – дейді. Осындай бір-
біріне тең екі жастың арасындағы бөгет – Ахметтің кедейлігі. Ахметте
ырғалтып-жырлатып беретіндей қалың мал жоқ. Бай ауылдың қызы Қа-
мар ды Оспан би, Қалтан қажы сияқты туыстары, Ахметтей кедей жігітке
беруді намыс көреді. Күйеу мен қыздың бір-біріне тең, тең еместігі шық-
қан ауылдарының абырой-айбынына, əкелерінің байлығына қарай ба ға-
ла на тын заманда Қамар мен Ахметтің қосылуына жол жоқ. Оны екеуі де
түсінеді, іштегі аласұрған ынтықтық сезімді ақылға жеңдіріп, бір-бі рі нің
жаман атын шығармауға, онсыз да əңгіме, өсек іздеп, тіміскілеп жүр ген
ауылдың желбуаз жігіттерінің алдында абыройын кетірмеуге бел бай-
лайды: «...обалымыз қисыны жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай,
солға басқан қазақтың қара ғұрпына болсын», – дейді. Осы тұста жа-
зушы екі жастың жазысқан хаттары, осы арқылы əділетсіз заманға деген
67
ашу-ызасын, сонымен қатар бүкіл алдыңғы қатарлы қазақ жас та ры ның
наразылығын білдіреді.
Ақыл-ой, сын-сымбатты маған теңсің,
Шыбыным, мен сүйгенім – жалғыз сенсің.
Ту бие, қара саба болмаған соң
Икемге менің елім қайдан келсін?!.. –
деп Қамар болып аһ ұрса,
Малдылық, маскүнемдік, қарны тоқтық,
Деуші едім неге керек сырға боқтық.
Қазақтың қаны-жаны сонда екен ғой
Діңкемді құрттың, міне, əттең жоқтық, –
деп Ахмет болып мазаланады ақын жаны. Бірақ Қамар мен Ахмет сияқ-
ты, олардың қосылуына іштей тілектес, келе жатқан жаңа заманның ле-
бін сезінетін Хасен сияқты оқыған жастар əлі аз, жаңа мен ес кі лік тің
бетпе-бет күресінде олардың іс-əрекеті əлсіз, ескілікпен ашық кү рес
майданына шыға алмады. Өсек тасып гүжілдеген ауыл жігіттеріне Ха-
сен: «Ахметтің сендер садағасына да жарамайсыңдар, «теңіне тегін бер»
деген, Қамар Ахметке лайық, жұмысың болмасын...» – деп ұрыс қан нан
əрі ге бара алмады. Ахметті ат-шапанын аяғына жығып, енді ондай мі нез
шы ғар мас қа құран ұстатып, нан жегізіп, баяғы екі жүз теңгені ке ші ріп,
ша пан ға разы қылды.
«Даңқы жер жарған... асыл Қамарымыз жоқ жерден мұндай жалаға
ұшы рап, бүлік шығып кеткендігіне қайғыра-қайғыра сүзектен тұрған кі-
сі дей, құр шыбыны ғана бар еді».
Көп ұзамай қырық жылқы, он түйе, бес жүз сом ақшаға жорға Нұ рым-
ға сатқан Қамар қайғыдан ішқұса болып, ауруға ұшырады. Басын ара-
ша лау ға шамасы жетпесе де, қарлығаштың балапанындай шырылдап,
өз еліне қарсыласқан болады. «Екі мықты малдан заман Нұрымға» қор
бол мау дың жалғыз-ақ амалы табылады:
Өлсем де отқа күйіп, суға түсіп,
Бір минут тұра алмаспын сеніменен.
Нұрыммен өмір сүрген бір күнімнен
Жақсы ғой қабырдағы мың күн, түнім, –
дейді. Соңғы демі біткенше, Ахметті ғана ойлап, бұл дүниеден жорға
Нұ рым ға жемтік болмай кетіп бара жатқанын жұбаныш етеді.
Ахмет болса, Қамардың Нұрымға қор болғанын көрмейін деп, ба-
сында оқуды сылтауратып, екі жүз шақырым жердегі шаһарға кеткен-
68
мен, сүйгенінің ауруын, мүшкіл халін есітіп, шыдай алмай қай та келе-
ді. Бұрын жұрт көзінше Қамарға қарауға дəті бармайтын Ах мет тің кек
толған жүрегі əбден ашынып, ашыққан сəтте сабыр мен ақыл дың айт қа-
нын істеуден қалып, өз əмірін орындатады. Ақтық демі тау сыл ған ша,
тағдырымен арпалысудан танбай, көз алдында демі бітіп бара жат қан
Қамардың қайраты да батырлыққа итермелейді. Сүйгенінен аяп қал ған
өмір дің енді мəні болмайды. Бақсыға да, Нұрымға да пышақ салып: «Қа-
ра ғым, Қамар, міне, сенің үшін жаным, қасықтай қаным, қош!» – деп
жү гі ріп есіктен шыға бергенде... – алдынан екі сойыл қатар тиіп, қаза
табады. Ашулы екі жастың ескілік салт-санаға; əділетсіз қо ғам ға қар сы
əлсіз күресі өздерін құрбан етумен анықталады. Олардың əді лет сіз дік-
ке қарсы əлсіз күресі өздерін құрбан етумен анықталады. Олардың əді-
лет сіз дік ке қарсы саналы күресіп, өз тағдырын мақсат арнасына қарай
бұрып өз гер ту ге, арманын орындауға шамасы келмеді. Бірақ кейінгіге:
«осылай бола бере ме?» – деген ой тастап кетті. Олардың өлімі – əді лет-
сіз дік ке деген қарсылық. Өмірге басқаша қараудың өзінше бір көрінісі.
Оқы ған жастардың жүрек түкпірін келе жатқан əлдебір жаңалықтың ле-
бі мен түртіп оятатыны сөзсіз еді. Сұлтанмахмұт Қамар сөзімен жастар-
ды осы оқиғадан қорытынды шығаруға, мұндайдың өзі түгіл, ізін де құр-
ту ға шақырады:
Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы!
Түйрейтін мал менен шал – саған бізі.
Оңбайды бұл əдеттен қазақ халқы
Бол себеп ақырында қалмасқа ізі.
Романдағы Қамар мен Хасен сияқты түсінігі жаңаша оқыған жас тар-
дың қолдаушысы, ұнамды кейіпкер – Омар. Омар – Қамар, Хасендей аяу-
лы балалар тəрбиелеген, оларға дұрыс бағыт сілтеп, өнеге бере білген,
көзі ашық, жақсы əке. Сол кездегі əділетсіз, қатыгез заманның байыбы-
на Оспан би, Қалтан қажылар көзімен қараса, əрине, Қамарды Жорға
Нұ рым ға беріп, өзі бай, өзі болыс азулы əкімге арқа сүйеген əлдеқайда
пайдалы. Бірақ баласының қуанышы өз қуанышындай, бала қайғысын
өз қайғысындай қабылдайтын Омардың мейірбан жүрегі Қамардың көз
жасын көріп отырып, ондайға бара алмайды. Осы сөзім ертең алдымнан
шы ғар-ау деместен Жорға Нұрымға: «Кетші, кет! Қамардың басқан ізі-
нен са да ға кет!.. Бермеймін, қарағым, асылым, құлыным, жұлыным...» –
деп, са қа лы нан суы сорғалап, баладан əрмен жылайды. Қамар үшін Қал-
тан қажы, Оспан билермен де сөзге келіседі. Дегенмен Омар – задын-
да момын адам. Қызу үстінде «бермеймін, көрмесең көрге кө міл, жа-
уыздар!» – дегенмен, нақты қарсылық жасай алмайды. Жорға Нұ рым-
дар дың ашса алақанында, жұмса жұдырығындағы заман күші оны өз
69
ырқына көн ді ре ді. Басында: «Сыпыра бұзылған иттер, дендерің сау ма?
Мəжнүн бол ма саң дар, қара жүрек болмасаңдар, ұялмай, қызармай, пе-
ріш те дей қа ра шы ғым ды аяқты малдан жаман деңкиген жауызға ұй ғар-
дық деп, не бет те рің мен айтып отырсыңдар!» – деп ұшып көкке, ұшып
жерге түс кен Омар əркімнің аузында кету қорқынышынан айтқандарына
көн ген нен бас қа шара істей алмайды.
Романдағы оқыған жастарға мүлде қарама-қарсы топ, өздеріне тиім-
ді жиіркенішті ескілік салттың қалпын бұзбай ұстауға бар күшін сала-
тындар: Жорға Нұрым, Оспан би, Қалтан қажылар. Олардың іс-əре ке ті
де, сыртқы түр-сипаты да жиреніш туғызады. Жорға Нұрым «...əліп ті
таяқ деп білмейтін надан, пішіні де жаман, ... елу жасында шамасы бар,
қойсақтардың басындай басы бар, жай формының өзі сұп-суық бүйі
секілді түксиген, күпсиген, бұқа мойын, өгіз кұрсақ, алақан көз, жа йын
ауыз, добыра сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар» бол-
са, «белгілі, қазақта ондай залым адамдардың өзіне қауіптілеу орынды
күзеттіріп, сорпа-сумен алдап қоятын иттері болатын. Сол арсылдатып
қойған иттерінің ең басты төбеті – Оспан би». Жорға Нұрымды «Қа-
зақ та мұнан артық кім бар?» деуінен Қалтаң қажының да осы топ та ғы
адам екені аңғарылады. «Бұрын əйелінің тірісінде-ақ он бестегі Қа мар-
ды тоқалдыққа сұрағысы келіп, жер тепкілеп өліп жүрген, енді Қамарға
қолы жетсе, өз балаларын да теуіп тастамақшы» Жорға Нұрымның, оған
жарамсақтанып, қайтсе жағынып, жақын болудан басқаны ойламайтын
Оспан би мен Қалтан қажылардың іс-əрекетінде бірде-бір адам сү йер
қылық жоқ. Əрқайсысының ойлағаны қара басының пайдасы, ол үшін
барлық адамгершілік атаулыдан аттап кетуге дайын.
Жазушы бұл топты жиіркене отырып суреттейді. Олардың іс-əре ке-
тін, жауыздығын баттита көрсетіп, қазақтың соры – осылар, осыларды
құрт пай жақсылық жоқ деген ойға əкеледі. Халықтың болашағы оқыған
жастарда екенін аңғартады.
Соңында 4 сағат практикалық сабақ болады. 2 сағат шығарма жазды-
рылады.
Түсініктер:
1. С.Торайғыров. Шығармалары, 1967. 2-том. – 169 б.
2. Өлкесінің
3 Көкке көтерілуі
4. Б.Кенжебаев. XX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті.– А., 1976.
5. С.Торайғыровты зерттеу-тану мəселелері. – А., 1968. –16 б.
6. С.Торайғыров. Шығармалары. 1967. 2-том. – 212 б.
7. Қазақ əдебиетінің тарихы. 2-том, 2 кітап. – А., 1965.– 349-350 бб.
8. Мұсылманша оқудың ескі түрі.
70
9. Ай, шақыру мағынасындағы сөз.
10. Шəкірттер, оқушылар
Абайдың поэмалары.
С.Торайғыров творчествосы.
Методикалық талқылама. А.: ҚазМУ, 1984. – 38 б.
«АҚИҚАТ СЫЙЫНЫҢ» АЙТАРЫ
(Ахмед Иүгінеки. Ақиқат сыйы.
«Ғылым баспасы». 1985 жыл)
Қазақ халқының құрамына кірген түркі ру-тайпаларының VIII–XV ға-
сыр лар аралығындағы ежелгі жазба, əдеби-тіл ескерткіштерін зерттеп-
тануда соңғы жылдары нақтылай, тереңдей тексеруге қарай түбегейлі
бет бұ рыс байқалады. Осындай игі жұмыстардың бірі жақында ғана «Ғы-
лым» баспасынан жарық көрді. Ол – Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы»
кітабы. Кітаптың түпнұсқасының фотокөшірмесін, транскрипция сын,
прозалық жəне поэтикалық аудармасын жасап, баспаға да йын да ған –
ежелгі мұраларды зерттеуде көп жылдардан бері талмай ең бек те ніп келе
жатқан ғалымдар Əбжан Құрышжанов мен Берікбай Сағындықов.
Ежелгі Түркі жазба ескерткіштерін ғылымда тарихи жүйемен: VII–
IX ғасырдағы түркі қағанаты тұсындағы ескерткіштер, X–XII ға сыр лар-
да ғы мұсылман дəуірі ескерткіштері, XIII–XIV ғасырдағы Алтын Орда
ескерткіштері деп бөліп жүргені мəлім. Ахмед Иүгінекидің «Ақи қат
сыйы» X–XII ғасырларда жазылған, мұсылман дəуірі ескерткіштеріне
жатады. «Ақиқаты сыйы» – аталған дəуір əдебиетінің өзіндік сипатын
жи нақ та ған дидактикалық дастан.
Х–ХІІ ғасырлар түркі халықтары əдебиет-мəдениетінің араб-парсы
мə де ние ті мен біте қайнасқан кезеңдері еді. Бұл дəуірде араб-парсы поэ-
ти ка сы ның негізінде, аруз өлең өлшемімен «Құтағду білік», «Диуани-
лұғат-ит-турк», «Диуани хикмет», «Ақиқат сыйы» т.б. ескерткіштер жа-
зылды. Фонетикалық жағынан үлкен айырмашылығы бар басқа тілдің
негізінде жасалған өлең түрін түркі тіліндегі шығармаға қолданудың
аса қиындығына қарамастан, сан ғасырлар бойы өзіндік мəнін жоймай
келе жатқан осындай тамаша шығармалар туған еді. Олар сол дəуірге
тəн сопылық поэзия үлгісімен жазылды. «Ақиқат сыйында» да «Диуани
лұғат ит-түрк», «Құдағду біліктегідей» сопылық көзқарастардың ком-
плексі көрінді. Олар: уақыттың тез өтпелілігі, кедейлік, мұқтаждық ке-
міс тік еместігі, сараң, дүниеқор болмауға, жақсы қасиеттен үй ре ну ге,
бі лім ге ұмтылуға шақыру. Осы жайындағы А.Иүгінеки, М.Қаш ға ри,
Ж.Ба ла са ғұ ни ойлары қандай ұқсас.
71
А.Иүгінеки:
Бахил накас утсыз тауар пасбаны,
Иығар, йемас, ичмас, тұтар берк аны.
Қазақшасы:
Сараң – ұятсыз. Малының күзетшісі,
Жияр, жемес, ішпес, берік ұстар оны.
Ж.Баласағұни:
Чығай қылса кімні көзі сұқтығы,
Байұтмас аны азұн тоқлұқы.
Қазақшасы:
Кедей қылса кімді көзі сұқтығы
Байытпас оны бұ дүние тоқтығы.
М.Қашғари:
Көңіл кімің болса қалы иоқ чығай,
Қылса кучун болмас аны тоқ бай.
Қазақшасы:
Кімнің көңілі кедей болса,
Оны күштесең де байыта алмайсың.
Аталған ақындардың білім жайындағы ойлары да бір жерден шы-
ғады.
Иүгінеки:
Айа дост, билиглиг йизин излагил,
Халы сөзлесең сөз билип сөзлегил.
Қазақшасы:
Уа, дос, білімді (кісінің) ізіне ер,
Егер сөйлесең, біліп сөйле.
Ж.Баласағұни:
Білік білдің ерса түгел үгреніп,
Аны ішлет емді көр емгек едіп.
Қазақшасы:
(Егер) білім білсең түгел үйреніп,
Осы іске жұмса, енді көр еңбек етіп.
72
М.Қашқари:
Білгə əрик əзгү тұтұб сөзін əшіт,
Əрдəміні өгрəнібəн ішқа сұра.
Қазақшасы:
Білікті кісіні ізгі тұтып, сөзін тыңда,
Жəрдемін (үйреткенін) үйреніп, іске жұмса.
Ə.Құрышжанов пен Б.Сағындықов шығарған «Ақиқат сыйы» кі та-
бы ның елеулі маңызы сонда – Х–ХІІ ғасырда жазылған көне текстің
түп нұс қа сы мен де, қазіргі тілдегі аудармасымен де толық танысуға, сол
ар қы лы жоғарыдағыдай салыстыруға мүмкіндік аламыз. Бұл жағынан
із де ну ші ғалымдарға, филолог студенттерге, тіл-əдебиет тарихына қы зы-
ғу шы оқырмандарға үлкен практикалық көмек болатыны сөзсіз.
Сонымен қатар «Ақиқат сыйының» тексін мəн бере оқыған адам
қазақ-мақал мəтелдерінің шығу төркіні, түпкі негіздері тым тереңде жат-
қа нын аңғара алады. «Білімсіз надан – құны жоқ бақыр», «Білімді əйел –
ер, надан еркек – əйел», «Сүйекке – май, адамға – білім», «Бі лім нің пай-
дасын білімді біледі», «Көп сөйлеген көп өкінеді», «Тіліңді бақсаң, өзің
аман боласың», «Тіл мен жақтың көркі – шын сөз», «Жалған сөз – ауру,
шын сөз – ем» т.б. нақыл сөздердің қазіргі мақал-мəтелдердегі балама-
ларын оңай танып алуға болады. Осыдан барып, ежелгі ескерткіштер
тексін оқып-білудің тек тіл-əдебиет тарихымен айналасушылар үшін
ғана емес, фольклористер үшін де айрықша мəні бар екенін айту артық
болмас. Бұхар, Сүйінбай, Жамбыл таланттарының ғажайып сырларын,
сонау замандардан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан жы рау-
лық дəстүрдің терең қайнарын «Орхон ескерткіштерінен», «Оғыз нама»,
«Кітаби Қорқытсыз», «Сыпыра жырау», Асан қайғысыз түсіндіруге
бола ма? Арғы-бергі фольклорист ғалымдардың араб, парсы, түрік тіл-
деріндегі көне жазба мұраларды да жетік білуі осыдан болса керек. Бұл
тұр ғы дан «Ақиқат сыйының» қазіргі тілімізге аударылуының жас фоль-
клорист ғалымдар үшін де танымдық мəні зор.
Сондай-ақ «Ақиқат сыйы» секілді көне замандардағы дидактикалық
дастан тексін оқып білу қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай өлеңдерінің
дидактикалық сыр-сипатын түсінуге мүмкіндік жасайды.
Дүниеқор жияр байлық, мал-жайды.
Қартайса да ол əдеті қалмайды,
Қояды тек ашкөздігін сол кезде –
Қашан оны су топырақ жалмайды.
Дүниеқор! Кім бар оған тең келген?
Ол – бір кесел, ешкім оны жеңбеген.
73
Немесе:
Ақылым: айла ойламай іске кіріс,
Ақырын ажалға айдар айла-жүріс.
Пайда ойлау, амал ойлау қайғы əкелер,
Еңбек ет көп ойламай – бітсін бір іс, –
деген Иүгінекидің нақыл-өсиетке құрылған өлең жолдары мен Абай
ой ла рын да ғы ішкі үйлесімділікті аңғару қиын емес. Мұның өзі – қазақ
өле ңі нің құрылымдық тарихын өте əріден бастау керек екендігінің
айғағы.
Осы орайда Б.Сағындықов жасаған жолма-жол аудармадағы əрбір сөз-
дің тарихи, этимологиялық мағынасына деген ыждағаттылық пен орта
ға сыр ескерткіштері тілін еркін меңгергендігін жəне Ə.Құрышжановтың
көне текст сөздерін мүмкіндігінше сақтай отырып əрі көркемдік сапаға
сай поэтикалық аудармасын шығара алғандығын ризашылық сезіммен
айта кеткіміз келеді.
Жазылмас сараң – ауру емдегенде,
Қарысар қолы тастай «бер» дегенде.
Көзінің сұғы тоймай тіміскілеп,
Болады малдың құлы ерлегенде, –
деген сияқты қазақтың байырғы өлең стилін жақсы білгендіктен, жа тық
шық қан, ұйқасы, құрылымы жағынан нағыз ақындық ойдан туған жол-
дар мол.
Енді келешекте ескерілсе деген бірлі-жарым кемшіліктерін де айта
кетсек. Біріншіден, кітаптың соңғы беттерін аударып біткеннен кейін,
осы мəніндегі пайдалы да қажетті еңбектің бүтіндігіне нұқсан келтіріп
тұр ған бір нəрселердің жетіспеуі аңғарылады. Ол – «Ақиқат сыйының»
тіл дік ерекшеліктеріне талдаудың жоқтығы, соңында сөздіктің берілме-
уі. Осылар, сөз жоқ, кітаптың құндылығын арттыра түсер еді.
Екіншіден, тіліміздегі кейбір ежелгі қалпында сақталған сөздерді сол
күйінде қалдыра отырып аударса, ескерткіштің қазіргі тілімізге жа қын-
ды ғы айқындала түсер еді деп ойлаймыз. Мысалы, «Билигсизга хақ сөз
татықсыз ерүр» деген жол: «Білімсізге шын сөз ащы тиеді» болып ау да-
рыл ған. Оны: «Білімсізге шын сөз татымсыз», – деп алса. Сол сияқ ты:
«Тəкəббұр лыпасын кейип аз салсын» – «Тəкаппар киімін ки сең, тез тас-
та» болып аударылған. Мұндағы «лыпа» сөзін сақтай отырып «Тə кап пар-
лық лыпасын кисең, тез таста», дегенде ше?
Ə.Құрышжанов пен Б.Сағындықов дайындаған бұл кітаптың шы ғуы
ежелгі мұраларды танудың тəлімді ордасына айналған Қазақ уни вер си-
74
те ті нің филология факультеті мен Ғылым академиясы ға лым да ры ның
тізе қоса еңбектенуінің бір игі көрінісі болып отыр.
«Қазақ əдебиеті», 16 тамыз 1985 жыл
ЕЖЕЛГІ ƏДЕБИЕТ ДƏСТҮРІ
Көне Русь əдебиетінің белгілі зерттеушісі Д.С. Лихачев «Правда»
га зе тін де гі мақаласында ежелгі əдебиетті тамырын тереңге сіңірген мə-
уе лі ағашқа салыстырған еді («Правда», 1973 г., 14 август. «Неделя»,
1973. – 13-19 август). Үлкен ғалымның бұл сөздері əдебиет та ри хын-
да ғы өш пей тін өзіндік ізді, бабадан балаға мирас болып жататын дəс-
түр лі жалғастықты айтып тұрған жоқ па? Осы тұрғыдан алғанда, арғы
негіздері Орхон ескерткіштерінде, «Құтадғу біліг», «Хұсрау уа Шы-
рын», «Мұхаббат намада» жатқан ежелгі жазба əдебиетіміздің дəстүрі
дегенде, оның кейінгі қазақ əдебиеті тарихындағы ізі қандай деген проб-
ле ма лық мəселелер əлі күнге жауабын күтуде. ХV ғасырға дейін бас қа
да түркітектес ру-тайпалардың ортақ ошағында маздап жанған ежел гі
жазба əдебиетіміздің дəстүрі ХV ғасырдан кейін қайда кетті, сақ тал ды
ма, болмаса кейінгі төл əдебиетімізге жат құбылыс болып қалды ма?
Бұл мəселелердің егжей-тегжейлі зерттелуі түркі əдебиетінің қа зақ тың
төл əдебиетімен дəстүрлі тамырластығын, барлығы бір халықтың ұзақ
уа қыт тар бойы жасаған тұтас əдеби процесі екенін дəлелдей түспек.
Көпке белгілі, революциядан бұрынғы жазба əдебиетіміздің екі са-
ласы болған еді. Бірі – қазақ өмірін, уақыт тынысын өз шындығымен
көр сет кен, озық ойлы орыс мəдениетінен тəлім алып, мүлде жаңа
арнада дами бастаған əдебиет те, екіншісі шығыста бұрыннан бел-
гілі сюжеттерді жаңғырта жазған, ежелгі əдебиетіміздің гуманистік
идея ларын, жазу дəстүрін бүгінгі күнге жақындатқан Шəді Жəңгіров,
Мəшһүр-Жү сіп Көпеев, Əріп Тəңірбергенов, Тұрмағамбет Ізтілеуов,
Жүсіпбек Шай хы слам ұлы, Ақылбек Сабалұлы, Мəулікей Жұмашев,
Мұхамедғали Өн дір ұлы т.б. үлкен бір ақындар тобы жасаған əдебиет еді.
Олардың бі ра зын қиссашыл ақындар деп атаған. Аталған ақындардың
қаламынан ту ған «Хикаят Орқа-Күлше», «Гүлшат-Шеризат», «Зияда-
Шаһмұрат», «Рауа-Бану», «Жүсіп-Злиха», «Мұңлық-Зарлық», «Таһир-
Зуһра», «Да ри ға қыз», «Иран-ғайып шаһ Ғаббас» т.б. көп қиссалар
əдебиетіміздің та ри хын да ғы өзінше бір қызықты сала еді. Қарапайым
адамдардың «Қыз Жібек», «Қобыландымен» қатар ол шығармаларды
да сүйіп оқып, тың да ға нын С.Мұқанов еңбектерінен табамыз («Халық
мұрасы» А., 1974), көзі тірі қарттардан да естіп жүреміз. Халық Жүсіп
пен Злиханы немесе Сейфүлмəлік пен Бəдіғұл-жамалды Мысырдан,
Иранбақтан екен деп жат санамаған, олардың күйініш-сүйінішін, ға -
75
шық тық мехнаттарын өз басынан өткендей қабылдаған. Өйткені атал-
ған жырлардың кө тер ген мəселесі жалпы адам баласына ортақ жайлар
еді. Бұл шығармалар кезінде сан рет қайталанып басылып шығып, ел
арасына кеңінен тараған.
Аталған қиссалар арнайы зерттелген емес. Оның бір себебі – қисса
жанрының бастау-бұлақтарының тереңде жатқан қиындығынан болса
керек. Алайда қисса-дастандар бірде лиро-эпостық, бірде эпостық жыр-
лар ретінде сөз болып, осыдан «қисса» тек қана ауыз əдебиетінің жанры
деген тұрақты пікір қалыптасып келе жатқан секілді. Біздіңше, бұл тұ-
жы рым да қателік бар.
Рас, «Сейфүлмəлік», «Мұңлық-Зарлық» секілді қазақ ауыз əдебиеті
дəс тү рі не етене жақын жазылған қиссалар ұшырасады. Бірақ тізімін қа-
рап шыққанның өзі біраз уақыт алатын қисса-дастандардың біразын оқи
отырып, қазақ қиссалары жазылу əдісі жағынан қазақ ауыз əде бие ті мен
сабақтас болуымен қатар, олардың негізгі арнасы ежелгі жазба түр кі
əдебиетінде екенін аңғарамыз.
ХІХ–ХХ ғасыр басында жазылған қиссалардың негізгі ерекшелігі –
шығыста бұрыннан белгілі сюжетке құрылады. Осылай Шығыста бұ рын-
нан бар сюжетті қайталап жырлаудың өзі (М.О. Əуезов түсіндірген «нə-
зи ра шыл дық» əдіс) – ежелгі жазба əдебиетіміздің дəстүрі. Бұл дəс тү р
жалпы шығыс əдебиетінде үлкен бір құбылыс ретінде кең тараған еді
де, түркі əдебиетінде ХІІІ–ХІV ғасырда дамыған. Мысалы, Сағ ди дың
«Гүл ста ны ның» сюжетін Сəйф Сараи жаңғыртса, Низамидің «Хосров
уа Шырынын» – Құтба ақын, Фироуси поэмасын Əли ақын қайталап
жазды. Берідегі қиссашыл ақындар өздеріне осы дəстүрді тағылым ет-
кен. Көне дəуірде ауызша, жазбаша əдебиеттердің ара жігі қазіргідей
ай қын болмай жатқан кезде жазба əдебиеттің негізгі материалы ха лық-
тың ауызша мұралары болғандығына қарамастан, шығыс аңыз-ер те гі ле-
рі əде бие ті міз ге «Мың бір түн», «Тотынама», Фирдоуси, Низами, Жəми
т.б. алыптар туғызған жазба əдебиет арқылы келген.
Эпос дəстүрін мұрат еткен халық ақындары эпостық жырларды им-
провизация əдісімен қайта-қайта жырлап, мол-мол варианттарын ту ғыз-
ған дай, қиссаларды ауызша жырлай бермеген секілді. Оның негізгі бір
себебі де бұл жанрдың бастапқы дастүр-салты жазба əдебиетте жат қан-
ды ғы нан болса керек. Сондықтан да қиссаны шығыстың ежелгі жазба
əде бие тін жақын білген, сол дəстүрді ұстанған бөлек ақындар тобы жаз-
ған. Бұл ақындар творчествосының ірі көрінісі М.О. Əуезов анықтап
көр сет кен Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Рүстем-дастан» вариантын туғызу
із де ніс те рі мен ұқсас келеді. Осы ретте қиссашыл ақындарды да тек қана
ауыз əдебиетін жинаушы деп қарамай, шығыс сюжеттерінің қазақша ва-
риантын жасаған жазба ақындар дап қарағанымыз жөн болмас па?
76
Қиссаның ежелгі дəуірмен сабақтастығының тағы бір көрінісі ежел гі
жазба ескерткіштерде ғана кездесетін сөздерді, сөйлем стилін қол да ну-
дан жəне сонымен қатар көркемдеу тəсілінің ұқсастығынан бай қа ла ды.
Оны аңғару үшін ХІХ–ХХ ғасырдың бас кезінде жазылған қо лы мыз да-
ғы «Зияда-Шаһмұрат» жəне «Сейфүлмəлік», «Жүсіп-Злиха» қис са ла-
рын ХІІІ–ХІV ғасыр ескерткіштерінің текстерімен салыстыра қа ра йық.
Мысалы, «Сейфулмəлікте»:
Ақ жүзді, ал йанақты шаһизада
Жаралған саф алтыннан сүйектері, –
деген жолдардағы «ал йанақ» («Ғашық-намада» ал жаңғақ болып қате
жіберілген) сөз тіркесі ежелгі түркі ескерткіштері М.Қашғаридің «Диуа-
ни лұғат ат-түрк» кітабында, Құтбаның «Хұсрау уа Шырынында», Раб-
ғу зи дің «Қисас-и Рабғузи кітабында», ал «-қызыл», «йанақ» – бет, жүз
деген ұғымда беріледі: «Анартег жүрегін күйдірер нартег йанақы» (-тег-
дай) -дай, -тай (-тей жұрнағы). – «Хұсрау уа Шырын». Варшава. 1958 ж.
Сөйтіп, «Сейфүлмəліктің» қазақша вариантында жазған ақын атал ған
сөз тіркесінің тіліміздегі қазақша баламасы бола тұра ежелгі сөз дер ді
өзгертпей қолданады.
Сол сияқты көркемдеу тəсілдерінде де ұқсастықтар аз емес. Мысалы,
«Сейфүлмəлікте»:
Гүнша гүл, аузы оймақтай, қасы айдай,
Пендеге ұқсамаған қиындығы, –
деген жолдардағы «гүнша» (қауызын ашпаған гүл бүршігі) эпитеті дəл
осы қалыпта ХІV ғасырда жазылған «Мұхаббат нама» дастанында жиі
ұшырасады:
Ашылса лағлыңыз шекер шашылар,
Керіп – гүл-гүншаныг аузы ашылар (155-бəйіт).
Əсірелеудегі ұқсастықтар:
Өртейді мақлұқ оты жанған жерін
Жігіттер, ғашық от əлемді өртер
(«Сейфүлмəлік»).
Жүзің нұры құйаштың нұрын өртер,
Сақақын (иек) шұғласы ғаламды өртер.
(«Мұхаббат нама» 245-бəйіт).
77
Сəнін ғашқын кəмəндə бізді тартар,
Жамалың раунақы (жарық, сəуле) ғаламды өртер
(Сонда, 232-бəйіт).
Қазақ қиссаларында портреттеуде мол кездесетін, қыз келбетін, əде-
мі лік ті асыл тастарға, аспан денелеріне теңеу, оларды əсірелей суреттей-
тін ерекше əдіс ежелгі əдебиеттен келе жатқан дəстүр екендігі кө рі не ді.
«Гүлшат-Шеризатта» М.Көпеев қыз Гүлшаттың сұлулығын: «Тілі жа-
құт, тістері маржан екен» (34-бет), – деп жырласа, «Зияда-Шаһ мұ рат та»
Əріп ақын: Ақ маңдай, қол – зүбаржат, көзі – гауһар» (3-бет), – дейді.
Портреттеудегі мұндай тəсіл көне ескерткіштерде де дəл осы сипатта
қол да ны ла ды: «Көздері – жұлдыз, көзі – күн, алыны (маңдайы) – көк
айдын» (Қисас-и Рабғузи ХІV ғ. Қазан, 1859 ж. – 158-бет).
«Көзін оқ тектег, йанақларын ғақықтəг, кірпігін нартег, ерінлерін ін-
жутег, тіслерін пістетег...» (Рабғузи. С.Е.Маловтың жырлауы бойынша
510-бет).
«Жүзің, қасың – құйаш, ай бұржы (шоқ жұлдыз) ічре (ішінде)
(«Мұхаббат нама» 249-бəйіт).
Жарық күнтег сен, ол бейшара жұлдыз
Өлер жұлдыз, нетег кім, болса күндіз (нетег – неліктен, кім – сөз бен
сөзді байланыстыратын шылау)
(«Хұсрау уа Шырын», 187-бет).
Салыстыра оқып отырғанда, мұндай айқын ұқсастықтарды көп кез-
дестіреміз.
Əріп ақын бұрынғы жазба əдебиет дəстүрін тағылым еткенін айқын
аң ғар тып, «Зияда-Шаһмұратта» жеке өлеңдерін «ғазал» деп көрсетіп
оты рады. Мысалы, «Зияданың Хорланы жоқтап айтқан ғазалы», «Зия да-
ның анасының ғазалы», «Мұхтар хан ғазалы» т.б.
Замандар ағысы əдебиетке де өз бедерін салмай тұрмайды. Халық
та ри хы ның тағдыры əдебиеттің формасы мен мазмұнына да із тү сі ре ті-
нін бі ле міз. Түркі халықтарының тарихында араб жаугершілігімен бір ге
келген араб əдебиетінің ықпалы да түркі əдебиетін формалық өз ге ріс-
тер ге ұшы рат қан. Түркі əдебиетінде араб өлеңінің аруз өлшемімен жазу
«Құ тад ғу білігтен» басталады. Осы ықпал кейінгі əдебиетте көп уа қыт-
қа дейін сақталады. ХІІІ–ХІV ғасыр ескерткіштері де аруз өл ше мі мен
жа зыл ған. Əрине, белгілі эпостық жырлардың өлең өл ше мі нен қашық
жат қан аруз формасында туған дастандардың қазіргі құ лақ қа жат естілуі
де мүмкін. Бірақ беріде жазылған қазақ қиссалары мен ежелгі ес керт-
кіш тер дің өлең формасындағы айырмашылықтарды тү сі не қа был дап,
78
бұлардың барлығы ұзақ даму кезеңдерінде əртүрлі фор ма лық өз ге ріс тер-
ді басынан өткізген тұтас бір əдеби процестің көріністері деп қа ра ға ны-
мыз жөн. Қорыта келгенде, қазақ қиссалары – ежелгі жазба əде биет пен
ауыз əдебиетінің дəстүрін қатар жалғастырған жанр.
Достарыңызбен бөлісу: |