102
103
нау бағзыдан келе жатқан эпикалық дастандарды айтпағанда, бергідегі
ХІХ ғасырдың орта кезі мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген сал-
серілер шығармашылығында, Жанқисса дастанындағыдай «нөмірлеу-
шілік» ұшыраспайды. Ал Қаратай Биғожин жинаған «Сегіз сері мен
оның «шәкірттерінің» шығармашылығы» осындай нақты цифрқуалау-
шылыққа тұнып тұр.
Жанқисса-Биғожин нұсқасындағы ендігі бір өтіріктің мол қоры –
Мақпал сұлу маңайына шоғырланған. Тыңдайық:
… Бәйгеден үлес алып Бақтияр бай,
Көңілі тасып кетті дариядай.
Сегіз бен Ниязды ертіп келіп,
Ауылына мейман етті бір жарым ай.
Торайғыр тоқпақ жалды Аралда бар,
Сұлу қыз елден асқан Найманда бар.
Жігіттің ардагері Сегіз болса,
Бағаналының әсем қызы – Мақпал дегдар
Аққұба, бота көзді қыр мұрынды,
Кең маңдай, алма мойын, жауырынды.
Қолаң шаш, қиылған қас, жұқа ерін,
Найманда бір қыз бар ед Мақпал сынды
51
.
Осы жердегі жыр құраудағы андағайлаған орашолақтықтарды былай-
ақ қойып, айғайлап тұрған шылғи өтіріктердің өзінен қаншама бет
мақала жазып шығуға болар еді. Бірақ, бұны біздің кітабымыздың
көлемі көтермейді әрі плагиат болып дәлелденген Жанқисса-Биғожин
нұсқасына бастан-аяқ талдау жасау біздің діттеген мақсатымызға кір-
мейді. Сондықтан оқырманға жалпы мағлұмат беру үшін ықшамдап, ек-
шеп беруге ғана бейілміз. Сонымен, бұл нұсқада Мақпалдың руы Най-
ман, оның ішінде бағаналы болып келеді. Ал Базар жырау нұсқасында
Мақпалдың руы Шөмекей, оның Аспан бұтағынан екені анық айтылған.
Осының өзі қызылжарлық Сегіз сері мен Найман бағаналы Мақпал сұлу
хикаясының қолдан жасалғанын әшкерелеуге жетіп жатыр. Осындайда
Қ.Биғожиннің кіші жүздің Әлім тайпасынан тарайтын Төртқара Сегізді
Керей Көшебе Сегізге телуі өз-өзінен түсінікті, ал, не үшін шөмекей
51
Бұл да сонда – 262–263-б.
Мақпалды найман бағаналы Мақпалға айналдырған деген сұрақ туады.
Оның себебі мынада болса керек: егер Қ.Биғожин Мақпалды шөмекей
қызы десе, көп ұзамай ұрлығы ашылар еді, сондықтан фольклор жинау-
шы Мақпалды бағаналы найман қызына айналдыру арқылы Базар жы-
рау жырындағы Мақпалдан алыстатып әкетіп, ізін жасыруға тырысқан
сияқты. Екіншіден, Қ.Биғожинің Сегіз серіге қазақтың көптеген халық
және халық композиторларының әндерін телитіні бар. Соның бірі
Жарылғапбердінің «Гауһартас» әні. Жарылғапбердінің аталмыш әнді
Майра Уәлиқызына арнап шығарғаны туралы хикаялы тарихи әңгімені
«Баянауылдың дәстүрлі ән өнері» атты кітабымызда тәптіштеп жазған
едік. Сондықтан оған тоқталып жатпаймыз. Арқаның әншілік дәстүрінде
шығарылған осы «Гауһартас» әнін бағаналы Найман қызы Мақпалға
арналған деуі арқылы Қ.Биғожин тағы бір мәселені шешіп алғандай.
Өйткені, сонау Арал теңізінің жағасын мекендейтін шөмекей қызы
Мақпалға Арқа дәстүрінде ән арналуы – жұртшылықтың күдігін тудыра-
ры сөзсіз еді ғой. Осындай ұсақ сезіктерге жол бермес үшін де Қ.Биғожин
бағаналы найман Мақпал сұлу образын қоюлата түседі. Оған «жырдың»
толық нұсқасын оқығанда көзіңіз жетеді:
Достарыңызбен бөлісу: