Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет21/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Әндердің ұлы атасы «Қанатталды»,
Арқада аңыратып Сәтжан салды.
Талдырып, тамылжытып шырқағанда,
Үзіліп естіген жұрт таң қалды! –
деп басталатын, сөздері теңіз түбінен терген інжу-маржандай мөлдіреп, 
жарқырап тұратын төрт ауыз ән еді. Соның бұл күндері соңғы екі ауы-
зы ғана шолтиып қалыпты да, онымен қоймай әнді басқаға барымталап 
беру ниетін білдіріп жүрміз. Аты-жөнін білмейтіндерімізге амал да жоқ,
ал өзіміз шүбәсіз білетін ардагер өнерпаздарымыздың атын өлтіруге
тырысу – үлкен әділетсіздік, қисапсыз қиянат болатынын түсінуге 
тиіспіз!»
42
.
Осы деректердің өзінен-ақ ән авторының кім екені анықталғандай.
Дәлелді дәйектерден бас құраған барлық деректер бір арнаға тоғыса
келе, әннің Сәтмағанбет әншінікі екеніндігіне куәлік етеді. Сон-
да «Қанатталдыны» шығарған Сейітжан сал» деген өткен ғасырдың 
тоқсаныншы жылдарынан бастап, осы уақытқа дейін үстем түсіп келе 
жатқан пікірді қайда қоямыз. Сейітжан сал туралы, оның жалғыз әні 
«Қанатталды» жайында әнші Жәнібек Кәрменов ағамыздың 1990 жылы 
шыққан «Халық әндері мен халық композиторларының әндері» атты 
екі томдық кітабының бірінші томында жарық көрген еді. Ол кезде оң-
солымызды бағамдай қоймаған албырт, жас кезіміз. Жәнібек ағамыз 
құрастырған ән жинағында жарық көрген жекелеген шығармалар мен 
42
Естай Мырзахметұлы. Жолда қалған таяқ. – Алматы, 2009. – 256-б.
сол әндердің шығарушысы делінген композиторлардың кейбіреулері 
көңілімізге күдік ұялатқанына қарамастан, оларға көпке дейін шүбәсіз 
сеніп, шынымен, иланып жүрдік. Кейін университет қабырғасында 
оқып жүрген жылдары кітапта келтірілген кейбір деректердің өрескел 
қисынсыздығы көңілімізде сезік тудыра берген соң, күмәнді композитор-
лар жайында жазылған мәліметтер мен оларға телінген әндерді анықтау 
жұмыстарын қолға алдық. Көп күттірмей Жәнібек ағамыз келтірген 
деректердің түбінің шикілігі айқындалуға айналды. Алдымен Сегіз сері 
шығармашылығы күмән туғызды. Өйткені бұрын халық әндері делініп 
жүрген «Ақбақай», «Алқоңыр», «Илигай», «Назқоңырлардың» бір дем-
де Сегіз серінің әндеріне айналып шыға келуі, сондай-ақ, ежелден, 
ескіше айтқанда, кіші жүз қазақтарының әндері саналатын: «Жылыой» 
мен «Ақ еркенің» және композитор Бәкір Тәжібаевтің төл туындысы – 
«Ақбұлақ» әнінің шімірікпестен Сегіз серіге теліне салуы, сол сияқты 
Жарылғапбердінің «Гауһартасының», Ақан серінің «Мақпалының» 
өрескел бұрмаланып Сегізге танылуы – күдік бұлтын, тіпті, қоюлата түсті. 
Арада біраз уақыт өткенде Жәнібек ағамыздың құрастырған ән 
жинағындағы Сегіз серіден бастап, Нияз сері, Салғара Жанкісіұлы және 
«Қанатталдыны» шығарушы Сейітжан сал Көрпешұлы деген компози-
торлар мен олар шығарды дейтін әндердің жалған екендігіне дәйек болар 
деректер әр жерден андағайлай бастады. Алдымен Сегіз серінің әндері 
әшкереленді. Жалпы, Сегіз сері туралы деректер сонау Шоқаннан бастап, 
бергі ән-күй зерттеушілер А.В. Затаевич, А.Жұбанов, Б.Г. Ерзакович; 
халық мұрасын жинаушылар Мәшһүр Жүсіп, Мағжан Жұмабаев, Сәкен 
Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов; бергі кеңес дәуірінде 
сал-серілер мұрасын соншалықты ыждаһаттылықпен жинаған әдебиетші 
ғалым Есмағанбет Ысмайыловтың шығармаларында, зерттеу еңбекте-
рінде еш кездеспейді.
Сөйткен Сегіз сері туралы шиелі түйінді Сәбит Мұқановтың «Халық 
мұрасы» атты кітабындағы бір ауыз дерек шешіп берді десе де болады. 
Жазушы былай дейді: «Жүсіпбек Басығариннің (біздің ғасырдың басын-
да жасаған адам) (Сәбең бұл жерде өз ғасырын, яғни ХХ ғасырды айтып 
отыр – Е.Т.) айтуынша, «Мақпал» оқиғасы Сырдария бойында болған. Ал 
ауылдас ақын Қабанбайдың Ғабдолынан бала шағымда естіген «Мақпал» 
былай басталатын:
Уағда – сөзге қазық лебізбенен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет