6207
Сауытбек
Абдрахманов
;
б 83(5К)
А14
ЛІӨН.
f - Ш
Э ё )
д/v
Сауытбек АБДРАХМАНОВ
< З К Ө Л % У М А
л
і
е
к
Jil £ Л % У М А
Өлең аудармасының теориясы
мен поэтикасы
Зерттеу
«Елорда»
Астана, 2007
Я і . 3 L
: І Я Я
ББК 83.3 Қаз
.
>,-• -
J j j | j j
| -
a
і4
"г
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ Ж 0Н Е АКПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
АКПАРАТ ЖӘНЕ МҮРАҒАТ КОМИТЕТІНІҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫГАРЫЛДЫ
Жауапты редактор:
Қазақстан Республикасы Ұлтгық Ғылым академиясының
академигі С.А. Қасқабасов
Абдрахманов С.
Т*Т*Ч
^ * Төлтума мен тешума
(зерттеу). -
Астана: Елорда, 2007. - 464 б.
ISBN 9965-06-476-8
Елдің
тілдің бәсекеге
тілдің
аударма, әсіресе өлең аудармасы. Сауытбек Абдрахмановтың
бұл зерттеуінде қазақтың поэзия аудармасы жүріп өткен жол
жан-жақты зерделеніп, жетістіктер мен кемістіктер теориялық
тұрғыдан таразыланады, тэржі- менің поэтикалық айшыктары
ашылып, сыр-сипаты сараланады. Кітаптың танымдық тереңдігі,
туындыларын
нэзпс талғамы, ғылыми толғамдардың өзін таргымды тшмен,
қызғылықты түрмен жеткізе білу мәнері қандай биік талаптарға да
жауап берерліктей.
Тэуелсіз сана турғысынан, тың козқараспен жазылган
«Телтума мен телтума» қазақ әдебиетгануындағы белесті
еңбектердің бірі деп бағаланарына сенеміз.
-Тора иғыров
атындағы П М У -д ің '
академик С.Бейсембао
атындағы ғылыми
КІТАПХАНЛ
Щ
г
з
Щ
ISBN 9965-06-476-8
ББК 83.3 Қаз
Абдрахманов С., 2007
«Елорда», 2007
КІРІСПЕ
Аударма ұғымы - кең ұғым. Задында, сөзге қатысы
бардың бэрі аударыла береді. Бір тілден бір тілге өлең де,
проза да, драматургия да, публицистика да, ғылыми кітаптар
да, дипломатиялық құжаттар да, іскерлік байланыс қағаздары
да, мақалалар мен создер де, газет жарияланымдары да,
адамдардың өзара сұхбаты да, кинофильмдер де, сан түрлі
нұсқаулықтар да, тауарлардың этикеткалары да, жарнамалар
да, маңдайшалар д а ... қысқасы, бәрі де аударылады.
Біз бұл зерттеуце тек коркем аударманы, соның ішінде
поэзия аудармасын гана соз ететін боламыз. Зертгеудің
тақырыбындагы «олең аудармасы» тіркесі нақты өлеңнің
гана аудармасы емес, «стихотворный перевод», ягни жалпы
олецмен жазылган коркем шыгармалардьщ аудармасы деген
ыңгайда қолданылып тұр.
Коркем аударма - аударматанудагы ең бір күрделі де
күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы
тұргысынан коркем аударманы «Жалпы аударма» курсының
дербес пэні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.
Олай дейтіні - коркем аудармада шыгармашылық белгі-
сипаттарының лингвистикалық жэне мэдениеттанушылық
қырлары аударманьщ өзге түрлеріне Караганда айрықша
бедерленіп корінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге
мэтінді озінше пайымдау, бажайлау тұргысынан болекше
жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвис
тика
мен
аударма
теориясы
саласында
жеткілікті
дайындықпен катар, әдебиетшілік, мэдениетганушылық,
стилистік дарын да талап етіледі. Кітапта қазақ поэзия
аудармасының аргы-бергідегі откен жолы мүмкін болганынша
толық сараланып, теориялық тұргыдан таразы л анады.
Қазақстан
Республикасының
тэуелсіз
мемлекет
ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа
деңгейіне ауысуына, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді
қамтыган ауқымына орай аударманьщ біздің омірімізде алар
орны алдагы кезеңде айрықша арта түсеріне байланысты
тәржіметанудың маңызы да арта бермек.
Қазақ поэзия аудармасының жүріп өткен жолын, бел-
белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау
з
- ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың,
алдағы асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау
жасау арқылы біз тэржіменің халқымыз руханиятының
тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес,
сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де
бөлекше болатынын көрсетеміз.
Аударма
төл
әдебиетіміздің
жазба
дэстүрлерін
орныктыруға,
көркемдігін
кемеліне
келтіруге
көп
көмектескен эрі алдағы кезде де көмектеседі. Ондай көмек
қазақ эдебиетіне дэл қазір қай кездегіден де керегірек.
Сан түрлі себептерге байланысты эдебиет эуесқойлықтың
әуезесіне айналып, талғамсыздық топанына тоғытылып
тұрган тұста тәржіменің тандаулы үлгілері арқылы көркем
туындыға қойылар талапты қалпына келтіруге тырысудың
да өзіндік орны бар. Ең бастысы, бүгінгі таңда аударма
қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын
төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мэртебесін
асыруға ыкрал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының
мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан
түжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін
кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Қазақ әдебиеттануы мен тіл ғылымында аударматанудың
алар орны онша қомақты емес. Бұл төл топырағымызда
тэржімеге қатысты зерттеулердің кенжелеп қапуынан орын
алып отырған олқылық деу де қиын. Жалпы, аударматану
әлемде ғылыми пэн ретінде жиырмасыншы ғасырдың екінші
жартысында ғана орнықты. Оның үстіне кешегі кеңестік
кезеңде кез келген мәселенің негізгі, түйінді теориялық
проблемаларымен түбірлеп айналысу Орталықтың еншісіне
қалдырылатын да, үлт республикаларындағы эдебиеттану
гылымының әлеуеті көбіне-көп үлттық сөз өнерінің төл
туындыларын талдаумен тежелетін. Аударманың халықтар
достығының дәнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға
шығарылып қарастырылғандықтан, тэржіме туындылары
бәрінен бүрын
әдеби
байланыстар
түрғысынан сөз
етіліп, аударма категориялары, нормалары, типологиясы,
эволюциясы, өлең жүйесіне, өлшеміне экелетін өзгерістері
сияқты көптеген мәселелер екінші қатарға ысырылып
қала беретін. Идеологиялық қағидалармен қабыспауына
байланысты
ол
кезде
діни
сипаттағы
нэзиралық
дастандар,
көптеген
ғашықтық,
батырлық
қиссалар
жарияланған жоқ, сондықтан тәржіметану тұрғысынан
талданған да жоқ. Соның өзінде де негізін Мүхтар
Әуезов қалап берген қазақ аударматануы қалыптасып,
4
С.Талжанов, Ө.Айтбаев, Н.Сагындықова, Ә.Сатыбалдиев,
З.Тұрарбеков, С.Нұрышев, М.Жанғалин, С.Сейітов сияқты
аударма мэселелерімен тікелей айналысқан ғалымдар,
қаламгерлер шықты, аударма мәселелерін қарастырған
С.Талжанов пен Н.Сағындықованың, эдеби байланыстар
проблемаларына
арнапған
И.Ғабдировтің,
Қ.Кереева-
Қанафиеваның, Ө.Күмісбаевтың, А.Қыраубаеваның док-
торлық диссертациялары дайындалды, бұл тақырыпқа
арнаулы зерттеулер жазбағанымен, аударма мәселелері
ғалымдарымыз, эдебиетшілеріміз, ақын-жазушыларымыз
Ғ.Мүсіреповтің, З.Ахметовтің, Ш.Сэтбаеваның, М.Қаратаев-
тың,
З.Қабдоловтың,
С.Қирабаевтың,
Ш.Елеукеновтің,
М.Магауиннің, Р.Сыздықованың, А.Нұрқатовтың, Х.Әді-
баевтың,
Р.Нұрғалидың,
Т.Кэкішевтің,
Е.Бөкетовтің,
С.Қасқабасовтың, А.Егеубаевтың, Ж.Дэдебаевтың, тағы
басқалардың еңбектерінде, сын кітаптарында, мақала-
ларында дэйім қозғалып отырды. 2007 жылға дейін
филология ғылымдарының әдебиеттану саласы бойынша
аударма мәселелерін соз еткен 2 докторлық, 28 кандидаттық
диссертация қоргалғанының озі қазақ аударматануының
біраз асуларды алғанын көрсетеді. Орыс жэне алые шетел
ғалымдарының эдеби байланыстар мен коркем аударма
проблемалары бойынша теориялық еңбектері кейінгі
жиырма шақты жылдың ішінде тың ізденістермен толыға
түсті. Кезінде аударма теориясының іргелі зерттеулері
ретінде мойындалған бірқатар туындылармен қатар, олар
да осы еңбектің арқауы ретінде ұсталды. Қазақ әдебиеттану
ғылымындагы
аудармаға
қатысты
монографиялардың,
диссертациялардың, жинақгардың, кітаптардың ғана емес,
осы тақырыпқа арналған мақалалардың, рецензиялардың
барлығы дерлік қарастырылғандығы да зерттеудің салмағын
арттыра түсуге қызмет етеді деп сенгіміз келеді.
Кезінде аударма мәселелерін эдебиеттану ғылымы
қарастыруы керек пе, элде бұл тақырып тіл ғылымына
тиесілі ме деген пікірталастың бізде шешуші дәрежеде
Мұхтар Әуезовтің биік беделіне байланысты біржола
эдебиеттану пайдасына шешілуіне орай, аударматанудың
лингвистикалық
қырлары
жеткілікті
ашылмай
келе
жатқанын атап айту жөн. Дұрысында, аударматану сөз
онері жайлы осы екі қос қанат ғылымның назарында
қатар тұрғанынан ұтарымыз көп болар еді. Әсіресе,
аударма
мэтіндеріне
лингвистикалық
талдаудың
қай
тұрғыдан да пайдасы мол. Бүгінде ғылымда аударма
- лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы
5
тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің
өзгеше түрі деген пікір орнығып келеді. Әрине, көркем
аударманың жемісі ретінде біз қарастыратын поэзиялық
тэржіме — алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы —
бұған дейін қазақ көркем аудармасының (рас, көбіне проза
аудармасы соз етіледі) жекелеген кезевдері, жекелеген
авторлар аудармасы,
аудармашылар шығармашылығы,
сондай-ақ
эдеби
байланыстар
жайында
зерттеулер,
кандидаттық диссертациялар, хрестоматиялар (С.Алтыбаева,
С.Әбдірәйімова, А.Әлмұратова, Б.Баймұсаева, Г.Асаубаева,
С.Досанова,
Р.Досмаханова,
Қ.Жолдасов,
Қ.Қамбаров,
А.Әлімов, М.Құрманов, С.Құспанова, Ж.Молдағалиева,
Рамазан Чакыр, Х.Садықов, Ф.Фаткуллин, Р.Шаханова,
Н.Жуанышбеков,
А.Ермағамбетова,
К.Дүйсетаева,
Р.Батырбекова, А.Алдашева, З.Жантекеева, Ж.Сэмитұлы,
Қ.Алпысбаев, Г.Қазыбек, Ж.Жақыпов, Т.Тебегенов, т.б.),
аударма және қазақ әдебиетінің мэселелері (С.Талжанов),
қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары
(Н.Сағындықова)
туралы
докторлық
диссертациялар
дайындалғанымен, қазақ поэзия аудармасының теориялық
мэселелері, бүкіл бел-белестері, поэтикасы арнаулы, көлемді
зерттеудің арқауына айналған емес.
Бұрынғы ғасырлардағы арқауы озге тілдердегі, ең
алдымен түркі, араб, парсы тілдеріндегі шығармалардан
алынып, негізінен нәзира түрінде қазақшаға түсірілген қисса,
дастандарды айтпағанда,жазбаәдебиетберікорныққалыбергі
соңғы бір жарым ғасыр аясында қазақтың поэзия аудармасы
мол қазына жинады. Соңғы бір ғасырға жуық уақыт аясында
бұл жұмыс мемлекеттік деңгейде атқарылып, жүиелі,
мақсатты сипат алды. Өлең аудармасына қазақ жырындағы
таланттардың бэрі дерлік тартылып, аударма арқылы ұлттық
поэзиямыздың коркемдік құралдары анағұрлым молығатүсті.
Тарих табыстырған, тагдыр тоғыстьфған орыс халқының
тол поэзиясынан аударма жасау кең құлаш жайды. Орыс тілі
арқылы сол тілге аударылган элем поэзиясының, күні кешеге
дейін бір елдің құрамында өмір сүрген, қазір де алуан-алуан
ықпалдастық жіптерімен жалғасып жатқан мемлекеттердің
өлең-жырларының таңдаулылары тэржімеленді. Тэржіменің
түр-түрі шығып, туыстас түркі тілдерінен гана емес, озге
топтардағы тілдерден де тікелей аудару тэжірибеге ене
бастады. Бұл қазынаны мыңжылдықтар межесінде, ғасырлар
айырығында талдап, таразылаудың әбден жоні бар.
6
1. АУД АРМ АТАНУД ЫҢ ТЕОРИЯ ЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1. Аударманың ж алпы адам затты қ
сипаты жэне рухани мәні
1.1.1.
Аударманы анықтау. «Не нэрсенің болса да
теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, оның өзін анық
танып, біліп алған жөн.
Біз әдебиеттің теориясын толғамақпыз. Ал осы эдебиет
дегеннің өзі не нәрсе?».
Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» осылай басталатьга.
Біз де аударма теориясын пайымдамас бұрын аударма
дегеннің өзі не нэрсе екеніне ой жүгіртпекпіз.
Аударма сөзінің өзі - аударма соз... Аудару ұғымына
байланысты С.Маршак: «Біз сағаттың тілін аударамыз,
пойызды бір жолдан екінші жолға аударамыз, пошта немесе
телеграф арқылы ақша аударамыз. «Аударма» дегенде
шығармашылық еңбектен гөрі техникалық тәсіл еске
алдымен түсе беретіні бар», деген.
Өркениет пен өркениеттің, халық пен халықтыңтанысуы,
табысуы адамның адаммен танысуы, табысуы сияқты делініп
жүр. Олар бір-бірімен танысуы үшін бір-бірінен ортақ
белгілер табуы керек, ал сол таныстық ұзагынан болуы үшін
олар бір-бірінен өзінен таппайтын нэрселерді де табуы керек.
Танысудың, табысудың осындай жолы - көркем аударма.
Адамзат
аударма
арқылы
араласып-құраласады.
Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іпггей белгілі бір жүйеге
кұрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті
өзінше шағын жүие екендігі, онсыз элемнің тұтас жүиесі
жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да
коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек.
Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің
ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұргыдан қарағанда
аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге
де келеді.
1963 жылы сол кездегі Югославияның Дубровник
қаласында
өткен
Аудармашылардың
халықаралық
7
федерациясының IV конгресінде қабылданган Аудармашы
хартиясында аударма бүгінгі заманда адам қызметінің
барлық қырын қамтитын жэне қажетті түрі екендігі,
халықгар арасындағы рухани жэне материалдық алыс-
берісті
жүзеге
асыра
отырып,
халыкгардың
өмірін
байытатыны, адамдардың өзара түсіністігіне септігін
тигізетіні атап айтылган еді. Сонан берп қырық жылдан
астам уақыт ішінде бүкілэлемдік ықпалдастық жаңа сатыға
көтерілді. Социалистік жүйенің күйреуі, жер бетінің алтыдан
бір бөлігін алып жатқан аса ірі мемлекеттің ыдырауы,
халықаралық қатынастарда демократиялық үрдістердің
орнығуы, адамдардың араласып-құраласуы бүкіл элем
бойынша ерекше жандануы елдер арасында ғана емес, тілдер
арасында да жаңа ахуал қалыптастырып отыр.
А в.Федоров озінің талай рет жарық көрген еңбегінде
былай жазады: «Аударма» сөзі жалпыға мэлім және жалпыға
түсінікті сөздердің қатарына қосылады, әйткенмен, оның
озі де адам іс-әрекетінің арнаулы түрі жэне оның
қорытындысының анықтамасы ретінде анықтай түсуді жэне
терминологиялық түрғыдан айқындауды қажет етеді. Бүл
сөз, біріншіден — психикалық акт пішінінде жүзеге асып,
мэні бір тілде — түпкі тілде пайда болған сөз шығармасын
(мэтін немесе ауызша айтылған пікір); екіншіден —
аударылатын тілде қайта жасалатын үдерісті, үшіншіден,
сол үдерістің нәтижесін, ягни аударылған тілде дүниеге
келген жаңа сөз шығармасын (мәтін немесе ауызекі пікір)
танытады», дейді [1,9 6.]. Ғалым аударманьщ үш түрін атап
корсетеді: оның біріншісі — бір тілден екінші тілге аудару;
екіншісі 1 әдеби тілден оның диалектіне, диалекгіден әдеби
тілге немесе бір тілдің диалектісінен басқа эдеби тілге
аудару; үшіншісі — бір тілдің коне үлгісінен бүгінгі халіне
келтіріп аудару. Аударманьщ соңғы түріне, мысалы, коне
орыс тілінде қағазға түскен мұраларды бүгінгі әдеби тілге
аудару жатады.
" '
;■
» и---
Аударманьщ өзіндік теориясы бола ма, жок элде ол
эрі барганда лингвистиканьщ немесе әдебиеттанудың бір
болігі күйінде қала ма деген сауалдың төңірегінде талай-
талай тартыс откен. «Адамзат білімінің кез келген нысаны
өзінің өмір сүру заңдарының жинагы болып табылатын
теорияға ие» [2,425 б.]. Яғни, тэржіменің де озінің теориясы
болуга тиіс. Бір кездегі аударма онер ме, кәсіп пе деген
талас-тартыс бүгінде келмеске кетті. Аударма оз алдына
8
дербес теория иеленіп қана қоймай, оның өзінің мектептері,
бағыттары шыққанын, енді солар бір-бірімен таласып-
тартысып жатканын әдебиетшілердің талайы-ақ айтқан,
жазған.
Енді аудармаға берілген бірнеше анықтаманы көлденең
тартып керейік:
«Аударма деп ең алдымен түпнұсқаға қатысты сөз
туындысын, оның екі тілдің ерекшелігіне және материалдың
қандай
да
бір
жанрлық категория ларға тиістілігіне
байланыстылығын айтамыз» [1, 10 б.].
«Аударма — бір тілдегі мәліметті, ақпаратты басқа тілде
сол мағынасын еақтап жеткізу қызметі» [3, 25 6].
«Аудармада өзіңнің түсініп қана қоюың жеткіліксіз,
өзгелердің де түсінуі шарт. Аударма екі бөлікке бөлінеді.
мағынаны түйсіну және оны жеткізу» [4, 7 б.].
«Аудармашыньщ міндеті — өзге тілдің құралдарымен
түпнұсқаның
стилистикалық
және
экспрессивті
ерекшеліктерін сақтай отырып, оның мазмұнын тұтас жэне
дэл жеткізу» [5, 7 б.].
«Аударма түпнұсқаның бейнелегенін гана емес, оның
қалай бейнеленгенін де дәл солай бейнелеуге тиіс» [5, 7 б.].
«Аударма — тілдердің ұштасуы, билингвизм кұбылысы»
[6,7 6.].
«Аударма - сөз өнерінің дара, ерекше жэне дербес түрі
деген оймен келісуге болар. Бұл «қайталама» онер, түп-
нұсқаны озге тілдің материалында «қайта бейнелеу» онері.
Бір қарағанда аудармашы өнері музыканттың, актердің,
мәнерлеп окушының орындаушьшық өнеріне ұқсас, өйткені
ол да жаңадан әлдебір нәрсені жасамайды, қолда бар
көркем шығарманы қайта қалпына келтіреді, аудармашы
ньщ шығармашылық еркіндігін түпнұсқа тұсап тұрады.
Алайда бар ұқсастық осымен бітеді. Басқа жақтарынан
қарағанда аударма кез келген орындаушылық өнерден
атымен өзге, ол көркемдік-шыгармашылық қызметтің
өзгеше бір түріне, «қайталама» көркем шыгармашылықтың
дара пішініне жатады» [7, 8 б.].
«Қазақстан» энциклопедиясының 1 томында [8, 543 б.]
аудармага «бір тілде айтылган не жазылған мәтіннің екінші
тіл арқылы жеткізілуі, әдебиеттің кең арналы, мол саласының
бірі» деп анықтама берілген. «Әдебиеттің энциклопедиялық
сөздігінде» [9, 273 б.]: «әдсби шыгармашылықтың түрі,
оның нәтижесінде бір тілдегі туынды басқа тілде қайта
9
жасалып шыгады», деп айтылған. «Әдебиеттану» терминдер
сөздігінде [10, 58 б.]: «әдеби шығарманың бір тілден екінші
тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа
негізінде жазылған көркем туынды», деген аныктама бар.
Кітапта: «аударма түпнұсқаға мағынасы қаншалық жақын
келетініне орай дэлме-дэл аударма, еркін аударма, сэйкес
аударма деп ажыратылады», деп жазылган. Бұрынырақта
шыққан «Эдебиет энциклопедиясындагы» [11, Б.526-531]
«Әдеби аударманың әдістемесі» атты мақалада /авторы
- А.Смирнов/ «сэйкес аударманың» мақсаты «түпнұсқаның
мағыналық мазмұнын, эмоциялық бейнелілігін, сөздік-
құрылымдық ажарлануын жеткізу» деп көрсетіледі. Осы
анықтама көркем аударманың мақсат-мұратын нақгырақ
ашатын сиякты.
Осылай жалғастыра беруге болады. Бұл айтылғандар
тәржіметанудың тәжірибесі молдау жинақталған делінетін
елдердің өзінде осы мэселе жөнінде тоқтамды пікір қазірше
жоқтыгын көрсетеді.
Басқа тілде сөйлейтін басқа халықгың жан әлемін, оның
мэдениетін, атап айтқанда, көркем эдебиетін аударманың
көмегі арқылы танып-білуге болатындығын эртүрлі елдер
халықтары қарым-қатынасының букіл тарихы растап
береді. Әрине, аударманың бэрі бірдей таным нысанын,
яғни түпнұсқаны толық бейнелей алмайды. Коркем аударма
бір тілде жазылган шыгарманы басқа тілдің құралдарымен
дүниеге қайта экелу, ал коркем аударма теориясы, іс жүзіндегі
жанды тэжірибені зерттей эрі жинақтай келіп, осы үдерістің,
ягни шыгарманы дүниеге қаита әкелудщ сипатын, сондаи-
ақ аударманың алдына қойылган міндетті орындайтын
қүралдардың сипатын анықтаумен айналысады. Тарихи
тәжірибе көркем аударманың бір-біріне керегар екі
ұстанымның аралыгынан табылатынын көрсетеді: аударма
сөзбе-сөз дэл келуі, бірақ көркемдік тұргыдан толыққанды
болмауы да мүмкін, сонымен бірге көркемдік түргыдан
толыққанды шыгуы, алайда, түпнұсқадан қашыктап кеткен
еркін баян болуы да мүмкін.
Осы екі үстанымның басын қосып, аударманың аңсар
тұтарлық үлгісі сөзбе-сөз дэл эрі көркемдік тұргыдан
толыққанды аударма деп пікір түюдің ешқандай қиындыгы
жоқ. Бірақ аудармашы аңсар түтатындай мүндай толық
тогысудың болуы іс жүзінде мүмкін емес: нақты бір ойды
жеткізу үшін екі тілдің әрқайсысы атымен өзгеше құралдар
10
қолданады. Мэтінді аудару барысында сөзбе-сөз дәлдік
пен көркемдік кемелдік ұдайы бір-бірімен шарпысып түсіп
жатады. Мэселені шешудің диалектикалық жолын іздеуге
тура келеді.
Аударматануды ғылым ретінде қарастыруға қарсы
шығатын пікірлер де жетіп артылады. А.А.Реформатский:
«Ондай ғылымның болуы мумкін емес. Аударма практикасы
көптеген ғылымдардың көмегін пайдалана алады, әйтсе
де өз бетінше гылым бола алмайды» [12, 12 б.] деп кесіп
айтады. Л.С.Бархударов: «Өзінің түпкі мэні тұрғысынан
алып қарағанда аударма теориясы екі тілдік жүйенің ғылыми
негізделген салыстьфмасы» [13, 8 б.] деген пікір білдірген.
Әдебиеттану еңбектерінде Жюль Ренардың «Жазу —
эңгімелесудің ерекше бір түрі, қанша сөйлесең де еркіңде,
ешкім созіңці бөлмейді» деген сөзіне жиі сілтеме жасап
жатады. Алдыңа ақ қағаз жайып (мониторды ашып),
қолыңа қалам алып (клавиатураны басып) жазуға кірісіп
кеп кеткен кезде, расында да, ешкім соз тұрмақ, ойыңды да
боле алмайды. Ал аудармада ше? Боледі, болгенде қандай!
Алдымен аударылатын автордың озі, яғни оның сөзі боледі.
Бір жаққа бұрылайын десең-ақ соз иесі сөз киесін еске
салып тұрғандай эсер туады.
Аударма теориясында элі күнге таласты мэселенің
тағы бірі ұлы Гетенің мына созінен туындайды. Гете
аударманьщ екі түрі бар: бірі шетелдік авторды біздің
өзіміздің отандасымыз болып кететіндей етіп жақындатып
жіберу, екіншісі, керісінше, жатжұрттық қаламгердің
еліне атганып, соның елінің өмір салтына, соның тілінің
ерекшелігіне, басқа да даралықгарына бейімделу деген.
«¥ққьщ келсе ақынды. Сапар шек оның еліне» дегеніне
Караганда оның өзінің бүйрегі екінші жолға көбірек бұрған
сияқгы. Толыққанды ауцарма жасау үшін Гете алға қойып
кеткен осынау қосайырық міндетті дұрыс шешу өте-мөте
маңызды. Аударылатын шығармадагы ұлттық колоритті
жеткізе білу көбіне коп тап осы мәселенің қалай шешілгеніне
байланысты.
Негізінде ана тілінен өзге тілде оқи алатын кез келген
адам - аудармашы... Қалайша? Оқып отырып ойша аударып
отырғанымызды (өз тілін ана тілі тұтынбайтындарга бұл
қагиданың қатысы жоқ, жалпы, ол агайындар — аномалия)
өзіміз де байқай бермеуіміз мүмкін. Бірақ бұл — өзіміз
ушін аудару. Аудармашының басты белгісі — өзгелер үшін
аударатындыгы.
11
Сонау XVII ғасырдың өзінде Джон Драйден деген
ағылшын филологы Горацийдің аудармалары бойынша
көркем аударманы мынандай негізгі түрлерге бөлген
екен: metaphrase (дэл аударма немесе аударманың өзі),
paraphrase (баян етуші аударма), imitation (алмастырма
аударма). «Драйденнің жіктелімін коркем аудармага бүгінгі
көзқарастармен салыстырып қарайтын болсақ, ол бөліп
корсеткен тэржіме түрлері сөзбе соз, эдеби жэне еркін
аудармалар туралы түсініктермен сэйкес келеді», дейді
Т.Казакова [14, Б. 19-20].
«Аударма дегеніміз не? Бір тілде жазылган мэтінді
екінші тілде дэл, түсінікті етіп жеткізу гой. Түсінікті етудің
құралы біркелкі емес. Біреуі - калька. Мэтінді сөзбе-сөз
беремін деп отырып тэржіманың оқылуын қиындатады.
Қасқырдың мойнындай сіреспе аударма қазақтың емес,
ҚазТАГ-тың тілі боп шыгады. Тагы бір түрі нобайлап согады.
Еркін аударма аталатын онысы бөтен тілдегі мэтіннің,
тэржіманың дүрыс-бүрыстыгына шэк келтіреді. Ең дұрысы
- аударманың балама түрі (адекватный перевод). Мәтін
авторының ой өрбіту, сөз сөйлеу мэнерін сақтау», дейді
Шериаздан Елеукенов [15].
Мазмұн бұзылатын жерде шын мэніндегі аударма
жоқ. Оның аты басқа болуга тиіс. Тілі тұтқыр толтуманы
«аударма сияқты оқылады» деп жатамыз. Тілі төгіліп тұрган
телтуманы мақтагандагы түріміз: «аударма деуге аузың
бармайды»... Ягни, аударманың тілі жатық шықпайтынына
әбден бойымыз үйреніп кеткендей. Аударманың аударма
екендігі көрініп тұруы оның міні емес. Қайта аударма
арқылы оқырман жаңа әлемнің жаңа бояуларына қанықса,
тілімізге жаңа қүрылымдар, жаңа оралымдар, тың теңеулер
қосылса, тэржіме төл тілімізді толықгырса деп тілеу керек.
Аударма туындыларымен бірге келетін соны образдардан
тым сактанудың да жөні жоқ. Қазақ қауымы «Сүттей
ұйып он жыл отасқан күйеуін, сегіз жасар баласын тастап,
өзі жас, өзі суайт, желбуаз Вронскийдің соңына ерген
Аннаны, ақырында, опық жеп, поездың астына түсіп өлген
Аннаны, тойып секірген сорақы қылықты — елден шыққан
Анна Аркадьевна Каренинаны» [16, 151 б.] оқыганнан
бұзылмаганын есте ұстау жон.
Әр кезеңде аударма әрқилы міндет атқарды. Біздің
халқымыздың
оқырмандары
орысшага
онша
жетіле
коймаган жиырмасыншы, отызыншы жылдардагы аударма-
12
лардың біразын таныстыру мақсатындағы аударма деп
қараудың қисыны келетін сияқты. Мұндай аударма басқа
елдерде де көптеп кездеседі. Н. А.Добролюбовтың өзі кезінде
олар жөнінде: «тамаша поэманың немесе драманың тіпті
нашар аудармасының болғанының өзі тіпті атымен ештеңе
болмағаннан гөрі жақсы... шетел әдебиетінің таңдаулы
туындылары туралы тым құрығанда жалпы маглұмат алып
барып, олардың лэззатын сезінуге сонан кейін де кірісе
аламыз» деп жазғаны бар.
Жалпы, аударманың негізгі уәзипасы екеу: эстетикалық
жэне танымдық міндеттер. Шын мэнінде танымдық
аударманың үлес салмағы эстетикалық міндетті алға қоятын
аудармалардан анағұрлым жоғары. Басқасын былай қойган-
да, осы біздің күні кешеге дейін жүздеген оқулықгарды
ауцарма күйінде пайдаланып келгеніміз, қазір де Қазақстан
тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті сияқгы бірқатар пәндерден
басқа пәндер бойынша мектеп оқушылары негізінен аударма
оқулықтарды пайдаланатыны рас. Рас қана емес, мүның өзі
дүрыс та. Егемендіктің елең-алаңында бэрін өзіміз жасап
аламыз
туындатып
кеткеніміз, оқулықтарымызды, мысалы, «Тэнтану» деп
атап, көптеген күрделі ұғымдарды қамтитын анатомия сөзін
«теловедениеге» теліп қойғанымыз артықтау болды.
Аударма атам заманнан бері адамзатпен қатар жасасып
келеді десек те, оның ерекше маңызы толық күйінде тек
XX ғасырда ғана ашылды. «ВаЬеІ» журналының 1955
жылғы алғашқы нөмірінде (айтқандай, журналдың аты
кэдімгі Бабыл елінен, яғни баяғыда тілдердің бэрі араласып,
аталды. «Адамзат,
алынған)
тастап, халықтар мен өркениеттерді бөліп тұрған тілдік
кедергілерді батыл еңсеруге кіріскендей эсер қалады»
- тәржіменің танымал зертгеушісі П.Копанев осылай деп
жазғалы [17, 3 б.] талай жыл өтіпті. Сол кез үшін артық
айтылса айтылган шығар, ал жаһандану жаңаша қарқын
алған қазіргі кезеңце дэл осындай эсер қалатыны рас.
Расында да, қазір аудармасыз аяқ аттап басу мүмкін емес.
Анықтама бюроларында да, халықаралық агенттіктерде
де, газет-журнал редакцияларында да, телевидение мен
радиода да, халықаралық ұйымдар мен конференциялардың
бэрінде де, шекарада да, кеденде де, экспортқа, импортқа
13
қатысы бар мекемелер мен кәсіпорындардың бэрінде де,
эскери штабтарда да, халықаралық көлік байланыстарында
да аударады да жатады. Бұл жұмыс Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін ерекше қарқын алды. «Қырги-қабақ соғыс»
жылдарындағы техникалық мүмкіндік қарқынга қарқын
қосты. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында электронды
аударма машиналары орыс тілінен агылшын тіліне жылына
700 миллион сөзге дейін аударган екен, соның өзінде бұл
сан совет елінен түсіп жатқан ақпараттың небәрі 7 пайызын
ғана құрапты, ал АҚШ Әскери-эуе күштерінің шетелдік
техника бөлімі орыс тілінен ағылшыншаға күніне кемінде
100 мың соз аударып отырған. Мэскеудегі АҚШ елшілігі
ұзын саны 900 атаудан асатын газетгер мен журналдар
алдыртып, Орталық барлау басқармасының мониторинг
орталығы тэулік сайын 60 тілде 6 миллион сөзді қабылдап,
жазып алып, аударып отырған... Бүгінде не болып жатқанын
шамалай беру қиын емес.
1965 жылы шыққан «Всемирная история» (X том,
708-бет) «XX ғасырдың орта шені - эр халықтың, эр елдің
дамуы шынтуайтында бүкіләлемнің тағдырына қатысты
болатын кез» деп жазса, Интернет заманында эр халық, эр ел
тұрмақ, эр адамның тіршілігі бүкіл жаһанмен қойындасып
кеткені рас. Сол Интернеттің негізгі кілті де тәржімеде тұр.
Қысқасы, мыңжылдықгар тогысында, ғасырлар айырыгында
бөлекше біліне бастаган жаһандану үдерісін бүкіл элемдегі
аудармашылардың сан буыны да дайьгадап берді деудің
ешқандай артықтыгы жоқ.
Редьяр Киплинг былай деген еді:
О, Запад есть Запад, Восток есть Восток, и с мест они не сойдут,
Пока не явятся небо с землей на страшный господень суд.
Британ империализмі жыршысының айтқаны келді
ме? Бір гасыр отпей жатып біз жаһандану кезеңіне
килігіп отырган жоқпыз ба? Қазір осыдан оншақты жыл
бұрынгыдай теледидардың немесе телекоммуникацияның
элемдік сипат алганын айтып жатудың озі балаңцық. Бүгінде
Jlac-Berac тұргыны үйінде отырып Интернеттің Қазақстан
омірі туралы не дегенін сол сэтінде-ақ оқиды. Интернет
мүмкіндігі аударма ісіне соны серпін қосарына күмэн
болмауга тиіс.
п
Әрине, біз озіміздің зерттеу нысанымызга орай аударма
арқылы жасалатын байланыстардың басқа түрлерін жайына
14
қалдьфып,
негізгі
назарды
әдебиеттер ауыс-түйістігі
мәселесіне салганымыз жөн.
«Жалпы
мағынасында
алып
қарағанда
эдеби
байланыстар бір әдебиеттің екінші эдебиеттің элеміне
кірігуі болып табылады. Мұндай кірігудің пішіні әрқилы.
XIX гасырдыц екінші жартысынан бері әдеби байланыстар
жалпыэлемдік ауқымға ауысты да эр халықтың әдебиетіндегі
өзіндік белгіге, сонымен бірге элемдік әдебиетгің өзіндік
фактісіне де айналды» - Н.И.Конрад осылай деген еді [18,
319 б.]. Сондықтан да «XX ғасыр басында қазақ ақын-
жазушылары томаға-тұйық күйде қалмай, жазба эдебиеті
биікке көтерілген алдыңғы қатарлы елдердің тэжірибесіне
көз салып, эдеби байланысқа түсе бастады. Әсіресе, орыс
әдебиетінен үйрену кең етек жайғанын жоққа шығара
алмаймыз» [19, 94 б.] дегендей қысылып-қымтырылудың
жөні жоқ.
И.Г.Неупокоева [20] өзара байланыстардың мынандай
түрлерін атайды: 1. Тарихи тағдырлары бойынша өзара
жақын халықтар әдебиеттерінің (славян, скандинав, латын-
американ әдебиеттерінің, Азия, Африка елдеріндегі халық-
тар әдебиеттерінің) өзара байланысы. 2. Бір-біріне ұқсас
тарихи жағдайда дамып жатқан әдебиеттердің (СССР
халықтары мен социалистік одақ елдері эдебиеттерінің)
өзара байланысы. 3. Тілдері жақын немесе эдеби тілі ортақ
эртүрлі ұлттық әдебиеттердің (ағылшын жэне американ,
агылшын жэне австралиялық, австриялық жэне немістік,
Швейцариядағы
неміс
әдебиеті
мен
Германиядагы
эдебиеттің,
Швейцариядағы
французша эдебиет пен
Франция әдебиетінің, француз тіліндегі Бельгия эдебиеті
мен француз әдебиетінің) езара байланысы. 4. Әртүрлі
тарихи жағдайда жэне эртүрлі ұлттық көркемдік дәстүрлер
негізінде дамығанымен, идеялық-эстетикалық мақсаты
бойынша жақьш әдеби багыттардың (совет эдебиеті мен
капиталистік елдердегі социалистік реализм эдебиеттерінің)
өзара байланысы. 5. Совет Одагы мен баска да социалистік
елдсрдегі жазуы кешеу қалған эдебиеттердің қалыптасуы
мен дамуындагы байланыстар. 6. Тарихи бастау-тегі ортақ
эдебиеттердің (тэжік жэне парсы эдебиетгері) байланысы.
7. Тарихи тұргыдан бір-бірімен аралас-құралас болған
мэдениеттердің элемдік тарихи үдеріске қатысын көрсететін
өңірлік байланыстар. Осының бэрі айналып келгенде
біріұтас элем әдебиетін құрайды.
15
Әлем әдебиеті деген ұгымды алдымен Гете енгізген.
1827 жылы 15 қаңтарда күнделігіне: «Француз жэне
элем эдебиеті туралы айтып жаздырдым», деп түсірген
екен. Зерттеушілер ол күнді эдебиет үшін жаңа ұгымның
туған күні санайды. Гете осының артынша, 27 қаңтарда
Эккерманға былай дейді: «Поэзия - бүкіл адамзаттың ортақ
игілігі, қай елде де, қай кезде де жыр жазылмай қоймайды...
Егер біз, немістер, өзімізге тақау ортаның шеңберінен
шығып, сыртқа көз тастамайтын болсақ, онда тақуалық
соқыр сенімге түсіп кетуіміз оп-оңай. Сондықтан да мен
озге ұлттардың не жасап жатқанымен ықылас қоя танысып
отырамын, өзгелерге де осылай кеңес етер едім. Ендігі
жерде үлттық әдебиеттің мэн-маңызы онша зор болмайды,
әлем эдебиетінің дэуірі келе жатыр, эр қаламгер сол дэуірдің
таңы атуын тездетуге септесуге тиіс». Тағы бір тұста: «Егер
сыртган соны леп согып тұрмаса, түптің түбінде кез келген
эдебиет өзін өзі жалыктыра бастайды», деген. ¥лы ақьш оның
ең алдымен аударма арқылы қалыптасатынын аңгартқан.
Гетенің осы айтқанынан дәйексөз келтірген зерттеуші
Фатима Аутлеваның: «сонымен бірге, әлемдік маңызы
бар деп саналатын әдебиеттердің «мэдени гегемонизмі»
жагымсыз қүбылыс екенін» [21, 12 6.] еске салуын да ойлап
қойган артық болмайды. Осыдан 180 жыл бұрын Гете
неміс тілінің нюрнберг, страсбург сөйленістерін (наречие),
аллеман олеңцерін сақтап қалу керек, олар ортақ ұлттық
тілдің дамуына кедергі келтірмейтіні былай тұрсын, тілді
халықтың озгеше сөзімен байыта түседі деген еді. Онан бергі
кезеңде Гетенің қауіп еткеннен айтқан сол созі раска шыкты.
XX гасырда жер бетінен бір тілдің сөйленіс түрлері тұрмақ,
жүздеген тіл жойылып кетті. Жүздеген тілде жинакталган
рухани қазына, халықгарга, этностық топтарга, фольклорлық
дэстүрлерге тэн нақты ерекшеліктер жаһандану толқынына
шайылып барады.
Аударманың өрнегі мен тэсілін көркем шыгарма
түпнүсқасының орнегі мен тәсілімен бірдей карау жон
емес. Олардың ұқсастыгы - алдамшы ұқсастық. Пушкин
«переводный слог» деген соз тіркесін текке қолданбаган.
Эдебиет элеміндегі көрнекті аудармашьшардың озіндік
орнегі бар деп жататынымыз сондықган. Қалай дегенде
де аудармашыньщ түпнұсқага тәуелді екендігі талас
тудырмауга тиіс. Элем тамаша туындылардың тамаша
тәржімелерін
біледі, тамаша туындылардың
ортақол
16
Достарыңызбен бөлісу: |