Бағдарламасы бойынша «Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет»


Блок №2 Тұрсынхан Зекенұлының «Көкбөрілердің көз жасы» романын сюжеттік тұрғыдан талдаңыз



бет2/3
Дата15.05.2023
өлшемі30,28 Kb.
#93231
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет

Блок №2

  1. Тұрсынхан Зекенұлының «Көкбөрілердің көз жасы» романын сюжеттік тұрғыдан талдаңыз.

Романда жалпы 50-ден астам негізгі және қосымша кейіпкер бар. Олардың негізгілері: Таян хан, Бұйрық хан, Құба-текін, Күшлік, Кетбұға, Тұғрыл хан, Сангүн, Жақамбы, Қадақ, Шыңғыс хан, Жамұқа, Жалаңаш, Кербезі сұлу бегім, Майқы би, Құншақ, Мұқали, Жебе, Тоқтабек, Шылауын, Қолтуған, Көксау Сауырық, Жоқұнан, Сәуке қарт, Ұлтуғаш, Сарал, Гөрхан, Күнке, Сани-Баян, Абусағит, Алаудин Мұхамет, Жошы, Хорезм шах Мұхаммет, Түркен қатұн, Тухадж, Арсылан хан, Баршұқ, Ғұсмайыл; Қосымша кейіпкерлер: Құлан қатұн, Көлсуат, Тетіксал, Тататұнға, Алақұс-тегін, Махмұт тай, Тазша бала, Теб-теңгір бақсы, Қасар, Сорқын Сары, Меңлік қарт, Айшық, Өсімті, Абашы, Ардемген, Дәру сал, Әрін сал, Түңке сал, Баян сал, Тағай, Шөгей, Омар Оғұл, Арыс Инал, Сұнақ-тегін, Сенгеле би т.б.

Роман ХІІІ ғасырдың басында Шыңғыс басқыншылығына байланысты туындаған айтулы уақиғаларды тарихи артқы көрініс (фон) еткен. Сол арқылы автор ХІІ соңы мен ХІІІ ғасырдың басындағы 20-30 жылдық кезеңдегі оқиғаларды көркем сөз құдіреті арқылы бүгінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан.


Бұл тақырыпты аттап өту-түбі қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрының толық қанды тұлғалануына салқынын тигізер еді. Тарихта орыс, француз, қытай, т.б. ұлт әдебиеттерінде Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары жайлы жазылған тарихи романдар легінің бар екенін ескерсек, бұл тақырыпта жазу қазаққа да жат емес-ті. Өйткені дүниені дүбірлеткен сол оқиғалар Қазақ жерінен басталған-ды. Соның бәрін көзбен көріп, Шыңғыс ханмен дос та, қас та болып қатар өмір сүрген тарихи тұлғалардың көбі дерлік қазақтың ата-бабасы болатын. Ендеше, олардың тікелей ұрпағы есептелетін бүгінгі буынның туған тарихы туралы тебіренбеуі, қолына қалам алмауы мүмкін емес еді. Сондықтан, романның бұдан алдын өзге тілдерде жазылып келген Шыңғыс хан тақырыбындағы шығармалардан бір өзгешелігі қазақ тарихына мейлінше жақындығы.
Қадым заманнан қыр даланың иесі де, киесі де өзі болып емін-еркін жүргенде өзінен зорға кезігіп, мәңгі бауыр басқан ұйық жұртынан айырылса, бөлтіріктері жөргегінде тұншықса, күндіз-түні бір қалмай қыр соңынан салбуырын түссе, ол жыламағанда кім жылаушы еді. Демек, көк жал екеш көк жал да тұмсықтан қағылар, жаны жараланар күн болады екен. Ол бастағы дәуреннің тайғаны дерсіз. Ендеше, бөрілі байрақ көтеріп, Орқынды орталық еткен наймандарды көк бөрі киесімен өмір сүрген көне түріктердің өзі емес деп кім айтады. Демек, көк бөрілердің ауызын айға білеуі, көзіне мөлдірете жас алуы түркі баласының ендігі тағдырының алмағайып болатындығын меңзейді. Наймандардың Орқыннан аууы – түркі баласының бұл мекеннен соңғы рет кетуі еді. Романның оқиға желісі ХІІ ғасырдың 90-шы жылдарындағы Найман, Керей хандығындағы ішкі билік тартысынан басталады. Бұрыннан өзге елдерге күш-қуатымен, байлығымен аты шыққан бұл мемлекеттердің ішкі алауыздығы сыртқы жаудың өктемдік жүргізуіне таптырмас орай болғаны тарихи шындық еді.
Құрылысы жағынан тұтас роман жиырма екі тараудан тұрады. Онда тарихта аты белгілі айтулы тұлғалармен қоса, шығарманың көркемдік шырайын арттыру үшін ойдан жасалған кейіпкерлер де кездеседі. Кейіпкер монологі, табиғат суреті, образдау, кейіптеу тектес көркемдік амалдар кең қолданылған. Бірақ жалпы оқиға желісі тарихи шындық аясында өрбиді. Сондықтан оны жазуға негіз болған сол дәуірге қатысты сенімді жазба деректер мен аңыз-әңгімелер, қария сөздері, батырлық жырлары, көнеден қалған жер-су аттары, түрлі кесенелер мен тас ескерткіштер еді. Оқиға желісінің қарапайым, шынайы әрі ұлттық бояуының қанық шығуы да автордың ұлттың тарихи дүние танымы мен бітім-болмысын, әдет-ғұрпын, тіл мәнерін терең зерттегендігінің нәтижесі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет