Бағдарламасы бойынша «Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет»



бет1/3
Дата15.05.2023
өлшемі30,28 Kb.
#93231
түріБағдарламасы
  1   2   3

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасы бойынша
«Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет» пәнінен емтихан тапсырмалары

Блок №1


  1. Қазіргі қазақ әдебиеті және оның даму ерекшеліктері мен зерттелуін атаңыз.

Қазақ әдебиетінің ежелгі бастаулары б.з.б. 3 – 1 ғ-лар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбігендігі соңғы уақыттардағы ғыл. ізденістер барысында толық дәлелденді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері ұлттық әдебиетке тікелей қатысты үш түрлі мәселенің басын ашып берді. Біріншіден, қазақ жазба әдебиетінің түп-тамыры Түрік қағандығы тұсынан басталатыны белгілі болды. Екіншіден, өз дәуірінің кескін-келбетіне сай дамыған мәдениеті мен өнерінің болғанын айғақтады. Үшіншіден, жазба жәдігерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежірелік сипатымен және ой тереңдігі, мазмұн байлығы, көркемдік қасиеті жағынан түркі тайпаларында сөз өнерінің жоғары дәрежеге жеткенін көрсетті. Жазба ескерткіштерінде ауыз әдебиеті үлгілерінің мол орын алуы, кейін сопылық поэзияда фольклорлық түрдің қолданылуы – фольклорлық мұра қашан да жазба әдебиеттің қайнар көзі, өркен жаюына ықпал жасайтын үлкен арна болғанын аңғартады. Халықты тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс ретінде фольклор ұлттың көркемдік ой-көзқарасын, эстет. талап-талғамын, танымдық түсінігін қалыптастырумен қатар, түркі әдебиетіне ғана тән әдеби дәстүр туғызды (қ. Ауыз әдебиеті). Түрік қағандығы құлағаннан кейін түркі тілді тайпалардың мәдениеті, өнері, әдебиеті және тілінің тарихи дамуы мен өркендеуінің негізгі орталығы қазақ даласы болды. Қазақстан мен Орта Азияда ислам дінін таратушылар түркі тайпаларының арасында мұсылмандықты рухани байлықтың ықпалымен орнықтыруға күш салды. Алайда арабтардың мәдени және әдеби мұрасы, рухани дүниетанымы мен дамуы мүлде бөлек елдің ғасырлар бойы жасаған дәстүрін бұзып, не жойып жібере алмады. Керісінше, оны байытып, өркендеуіне ықпал жасады. Осыған байланысты тарих сахнасына шыққан түрік даласы даналарының, өнер иелерінің, ғылым қайраткерлерінің көркем шығармалары мен ғыл. зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихына тікелей ықпал етті.

  1. Қазіргі қазақ әдебиетініндегі проза жанрының жаңа бағыттарын анықтаңыз.

Прозалық шығармалардың бастауы сонау түркі әдебиетінен бастау алды десек, оның әрі қарай дами түсуі ХІІІ-ХV ғасырлар аралықтарын қамтиды. Шешендік өнер, дұрыс сөйлеу сынды ұғымдардың пайда болуымен қатар проза жанры қарыштай үсті. Себебі, прозаның да басты міндеттерінің бірі – көркемдік бейнені пайдаланып, қозғалған тақырыпты қара сөздің құдіретімен ашу. Бұл турасында жазылған шығармалардың қатарлары көп. Одан кейінгі дәуірлердің тоғысына сонау Алтын Орда дәуіріндегі мол мұралардың тізбектері жалғасын тауып кетеді.
Түркі мәдениеті мен әдебиеті жайында жазылған құнды туындылардың бүгінде тигізер пайдасы қазақ деген ұлттың қай жерден шыққаны жайындағы мәліметтерің жазылуында үлкен ықпалын тигізген. Шежірелерді бір арнаға тоғыстырып, тарих беттерін қайтадан ақтаруда Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Әбілғазы Баһадүрдің жәдігерлік шығармаларының орны ерекше. Жалпы қазақ тарихы мен әдебиеті жайында жазылған құнды деректердің көпшілігі осы шығармалардан көрініс тапқан.
Прозалық шығармалардың шыңына жеткен туындының бірі – әл-Фарабидың «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактаты. Әлемге есімі әйгілі болған ұлы ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фарабидың осы бір құнды шығармасы 942 жылы араб атауымен жазылған. Кітаптың толық нұсқасы Мысыр шаһарында 948 жылы аяқтаған екен. Шығармадағы көтерілетін басты идея – қала болып қалыптасудағы адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынастарының жүйелі болуы, идеал адамның тұлғасын бейнелейді.
ХХ ғасыр басы қазақ халқы үшін соқтықпалы-соқпалы кезеңдерден бастау алды. Алғаш қазақ романы дүниеге келіп, қағаз беттерін көре бастады. Қазақ әдебиетінде тұңғыш роман 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» деген атаумен жарық көрді. Проза жанрының тууына алғаш септігін тигізген Міржақып Дулатов болатын. Ең алғашқы романның жазылуынан кейін қазақ әдебиеті тарихында жазушылардың саны арта түсті. Өзінің өміршеңдігімен төрткүл ғаламға дәлелдей білген туындылардың бірі Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы еді. Қаншама зиялылардың шығармашылығына кері әсерін тигізіп жатқан заманның талабына қарамастан, жазушы өз еңбегін керемет жазып шыққан.



  1. Тақырыптық таңдау, дәстүр мен жаңашылдық ұғымдары туралы еске түсіріңіз.

Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.
Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы­ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жал­пы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте бо­лып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланыс­ты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туа­ды. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейне­леу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әде­биетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін.
Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендікпен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендірін, жаңа арнаға салады. Мысалы, "Көлеңке басын үзартып" өлеңінде; "Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой" дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін "адасқан күшікке" балайды.
Жаңа заман ақын-жазушылары
С.Сейфуллин қазақ әдебиетіне, соның ішінде поэзияға жаңа леп, жаңа серпін әкелді. Қоғамдағы тың өзгерістерді экспресс түрінде суреттеді ("Экспресс"). С. Мұқанов поэзиясы ("Бостандық") өлең түрі жағынан ескіше болғанмен, идеялық мазмұны, тілек-мақсаты жағы­нан жаңа. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов өз шығармаларында шешендік дәстүрді шебер пайдалана отырып, үлкен жаңалық әкелді



  1. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі дәстүрі қалыптасқан жанры хикаяттың жанрлық ерекшеліктерін еске түсіріңіз.

Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек. Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралы.
Р.Уэллек пен О.Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.
Жанр формалары
Лирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері мен көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін – лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады: эллегия, сонет, ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме, пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі. Бұл формалардың әр түрі әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы жазушылардың шығармаларында әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді. Эпос, лирика, драманың тектері, атаулары әртүрлі болғанымен бір-біріне жақын болуы мүмкін.
Мазмұнның көркем қызметі - тотемдік, магиялық және мифологиялық болады. Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды. Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін. Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған. Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты, сольдық, азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді. Ал, даму процесімен қандай да бір халықта жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды.

Ертегі - жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы. Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады. Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті. Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді. Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық) өзіндік ерекшеліктерге ие болды.



  1. Мемуарлық әдебиеттің көрнекті өкілдері туралы әңгімелеңіз.

Мемуарлық шығарма, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - Абай, Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мұқанов - «Аққан жүлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Сондай –ақ мемуар жанрында роман, повесть жазыла береді. Ғұмырнамалық туындылардың бұл жүйесі авторға мейлінше еркіндік береді. С. Айнис, Андрей Белый, Александр Бенуа, Сәбит Мұқанов мемуарлық шығармаларын деп атауға болады. Онда қоғам өмірі басты кейіпкер өмірімен телқабыс алынып, оның қабатында көп желі жарыса қатар тартылып, егізделе суреттеліп кете барады. Кейіпкер табиғаты да эпикалық тыныспен беріліп, характері жан-жақты ашыла береді.
Бүгінгі қазақ мемуаристикасының қалыптасу жайы бүкіл әлем әдебиетінің озығынан, орыс әдебиетінен оқу арқылы жетіле түскен. Ол ұлттық әдебиетіміздегі мемуарлық дәстүрлердің негізгі жолын ескере отырып, күрделене жаңарған, жаңа мазмұнмен түлеп, мәселен деп бағытта түрлене көркейген жанр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері назар аудартады. Ескерткіш бойынан биография мен естелік элементтерінің ұшқындарын табамыз. Бұл бүгінгі мемуаристикамыздың, оның ішінде ғұмырнамалық форманың ұлттық саласы сонау көнеден екенін еске алғызады. Алғашқы мемуар ұшқындарының туу себептері ескерткіш авторларының соңына белгі қалдыру ғана мақсатынан емес сияқты. Тоныкөктің «Түрік білгіш қағанының еліне осы ескерткішті бағыштаған, Мен» – деуінде халыққа тәрбиесін мирас етпегі де, үлгі етіп ұрандауы да жоқ еместей. Мүмкін мұндай ескерткіш қалдыру сол кездің дәстүрі үшін аса маңызды болған тәрізді. Орхон-Енисей жазбалары сияқты ескерткіштердегі өмірбаян элементтері сол болған адамның өзі туралы айтқандарына жүйеленеді.

  1. Мемуарлық шығармалардағы замана шындығының берілу ерекшеліктері жəне көркемдік ерекшеліктерін табыңыз.

ЕСТЕУ ӘДЕБИЕТІ- мемуар жанрындағы әдебиет (французша memoires, латын тілінен memoria memory), деректі әдебиеттің бір түрі және сонымен бірге «конфессиялық проза» түрлерінің бірі. Тарихи тұлғаның өз көзімен көрген өткеннің нақты оқиғалары туралы жазбалары – естеліктері. Мемуаршы шығармашылығының негізгі алғышарттары – тарихи шындықты, деректілікті, баяндау шежіресін қатаң сақтау (оқиғаны өткеннің нақты белестері бойынша сақтау), сюжетпен «ойнаудан» бас тарту, саналы анахронизмдер және ойластырылған көркемдік әдістер. Бұл формальды ерекшеліктер мемуарларды күнделік жанрына жақындатады, маңызды айырмашылығы, күнделікке қарағанда, естеліктер ретроспекцияны, біршама алыс өткенге жүгінуді және мемуаршы жинақтаған тәжірибенің биіктігінен оқиғаларды қайта бағалаудың еріксіз механизмін білдіреді. . В.Г.Короленко естеліктерінде Менің замандасымның тарихы(1954) мемуаршының идеалды ұмтылысын былайша білдірді: «Мен өз шығармамда барынша толық тарихи шындыққа ұмтылдым, оған көбінесе көркем шындықтың әдемі немесе жарқын белгілерін құрбан еттім. Бұл жерде мен өмірде кездеспеген, бастан кешпеген, сезбеген, көрмеген ешнәрсе қалмайды».

Материалдық, сенімділік және көркем әдебиеттің аздығы бойынша естеліктер тарихи прозаға, ғылыми өмірбаяндық, өмірбаяндық және деректі тарихи очерктерге жақын. Алайда мемуарлардың өмірбаяннан ерекшелігі – олардың автордың жеке басын ғана емес, сонымен бірге оның айналасындағы тарихи шындықты, сыртқы оқиғаларды – қоғамдық-саяси, мәдени және т.б. бейнелеуге бағытталғандығы. көп немесе аз дәрежеде. Сонымен қатар, қатаң ғылыми жанрлардан айырмашылығы, мемуарлар автор дауысының белсенді қатысуын, оның жеке бағалауын және болмай қоймайтын біржақтылықты білдіреді. Анау. мемуарлық әдебиеттің конструктивті факторларының бірі – автордың субъективтілігі.


Мемуарлық әдебиет тарихнаманың маңызды көзі, тарихи деректану материалы болып табылады. Сонымен бірге, жаңғыртылған материалдың нақты дәлдігі жағынан естеліктер әрқашан дерлік құжаттан төмен. Сондықтан тарихшылар қоғам және мәдениет қайраткерлерінің естеліктерінен бастап оқиғаларды қолда бар объективті ақпаратпен сыни тексеруден өткізуге мәжбүр. Белгілі бір естелік факті қолда бар құжаттарда не растауды, не теріске шығаруды таппаса, тарихнама оның дәлелін тек гипотетикалық түрде ғылыми негізделген деп санайды. Әдебиеттің бір түрі ретінде мемуарлардың тұрақты белгілері – фактографиялық, оқиғалардың басымдылығы, ретроспективтілігі, айғақтардың жеделдігі «жанр тазалығын» ешбір жағдайда қамтамасыз етпейді. Мемуарлар шекаралары өте анық емес, ең өтімді жанрлардың бірі болып қала береді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет