Бағдарламасы Әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, талқыланған



бет3/10
Дата11.04.2023
өлшемі200,12 Kb.
#81551
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
8-сынып Мағжантану

Жұмыс формалары: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық

Бағдарламада қолданылған жұмыс форматтары:
Сұхбат, пікір алмасу, пікір сайыс, жеке тапсырма, танымдық сабақтар, семинар сабақ, дөңгелек үстел, сынақ сабақ.


Күтілетін нәтиже:
«Мағжантану» бағдарламасы бойынша оқушылар төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Мағжанның өмірі; Мағжан туған, өскен тарихи дәуірі, өмір сүрген ортасы; қоғамдық қызметі, отбасы жөніндегі мәліметтер; Мағжан мұрасының рухани көздері; Мағжанның поэзия саласындағы, басқа да жанрдағы еңбектері; Мағжанның Гетеден, М.Горькийден, Лермонтовтан аудармалары; ақын өлеңдеріне талдау жасай білу; Абай мен Мағжанның шығармашылық байланысы; ақын туралы зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлері; Мағжанның поэмалары мен мақалалары.
Соның нәтижесінде...
- Ақын шығармашылығы туралы іздендіру барысында оқушылар ой дамуы шығармашылық жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады;
- Көркем әдебиетті оқу арқылы білім алуға деген қызығушылығы мен ынтасы артады;
- Шығармаларын талдау арқылы оқу дағдысы қалыптасады, тіл мәдениеті артады;
- Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа айту қабілеттері дамиды;
- Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану нәтижесінде білім мен оқу әрекетінің арасында үйлесімділік орын алады;
- Өз отанын сүйетін, оның тәуелсіздігі мен болашағы үшін жанын аямайтын, жан-жақты дамыған қасиетті де қадірлі, текті де парасатты жаңа заманның жасампаз тұлғасы қалыптасады.

«Мағжантану» авторлық бағдарламасының мазмұны.
Авторлық бағдарлама мазмұнына қарай, ақын және оның ғасыры, ұлт рухының жаршысы, жыр жұлдызы, Мағжан поэмалары, прозалық шығармасы, аудармалары, ағартушылық еңбектері деп 7 тарауға бөлінеді. Бағдарламада Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық қамтылған.
І тарау. Ақын және оның ғасыры.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 1893 жылдың 25 маусымында дүниеге келуі, әкесі Бекеннен таралған ұрпақтың түгелдей өжет, қайсар болып өсуі туралы, орыс патшасының әскерінен қашып жүрген башқұрт жігіті Ахиетденнің Бекен аулының мұғалімі болып орналасуы, төрт жасар Мағжанның зеректігі, Қызылжардағы М.Бегішов ұстаздық еткен медресеге оқуға түсуі, 1913 жылы Омбыға келіп, оқытушылар семинариясына түсіп, үздік бітіріп шығуы;Араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білуі, орыс тілін жетік білуі, оқуды, өнер-білімді жырлауы, ел мұратын көздеу, тұтас ұлттың қамын жеу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет