Бағдарламасы Ескермесқызы Айзат 021 жыл мазмұны кіріспе



бет6/44
Дата16.02.2022
өлшемі1,73 Mb.
#25602
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Пиза. Оку сауаттылығы 5-9 сынып

Мәтін және мәтін типтері


«Мәтін» сөзі шынайы тіл қолданылған баспа түрде немесе бейнелік мәтіндерді білдіреді. Мұндай мәтіндер диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелерді қамтуы мүмкін. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесе береді. Мәтіннің (формасы) нысаны 4 – ке бөлінеді.

  1. Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)

  2. Жадағай (тұтас емес) мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)

  3. Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық веб – парақтар).

  4. Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).

PISA оқу сауаттылығы бойынша оқушыларға ұсынылатын тест сұрақтары әртүрлі мәтін түрлерінің негізінде ұсынылады.



  1. Көркем әдебиеттен алынған үзінділерден тұратын тұтас мәтіндер, құрылымы мәтіннің ірі бірліктерін құрайды. Мағыналық абзацтар белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылған және мәтіннің логикалық құрылымын тез қабылдау үшін тақырыптар мен тақырыпшалардан тұрады.

Тұтас мәтіннің мысалы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет