Оқыту әдіснамасы Сабақтар. интерактивті-шағын топтарда жұмыс жасау, ойлау қабілеті, дискуссия, презентация, рөлдік ойындар, интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткізіледі
Курс дәріс, практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік және оқытушымен өткізілетін өзіндік жұмыстары арқылы жүргізіледі. Студенттер кәсіби білім мен құзыреттіліктерді меңгереді. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді және Интернет-сайттарда жарияланған сабақтарды, шеберлік сабақтарды талдау тапсырмаларын орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Ағымдық бақылау- АБ әр апта сайын 100 баллдық шкаламен бағалау
аралық аттестация- С емтихан 16-18 апта аралығында 100 баллдық шкаламен бағалану
корытынды бақылау- АБ*0,6+С*0,4
Курс мазмұны:
1. Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің бастауыш сынып мұғалімін кәсіби даярлау жүйесіндегі орны.
Бастауыш мектептегі информатиканы оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бөлімі. Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту әдістемесінің педагогика, психологиямен байланысы.
Бастауыш мектептегі информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Информатика курсының жалпыбілімдік және жалпымәдени мағынасы
Бастауыш мектептегі информатиканың пропедевтикалық курсының педагогикалық функциялары.
Компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениет, ақпараттық құзыреттілік.
Бастауыш мектептегі информатикалық білім мазмұны. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың логикалық және мазмұндық құрылымы. Оқу ортасы маен оқыту құралы. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың кіріктірілген (интеграциялық) бағыты. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың отандық және шетелдік тәжірибелері. Оқыту бағдарламалары мен оқу құралдарына талдау.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту әдістері. Ойын және эвристикалық әдіс.
Информатика сабақтарының кұрылысы мен түрлері, формалары. Тақырыптық және күнтізбелік жоспар. Сабақ жоспары. Сабақ талдау.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытуға арналған программалық жасақтамаларға талдау.
Информатика кабинеті. Қауіпсіздік ережелері.
Сабақтан тыс шараларды ұйымдастыру.
Бастауыш сынып оқушыларының информатикалық білім, икемділіктерін тексеру мен бағалау.ағымдық, тақырыптық, қорытынды бақылау. Білімді тексеру программалары.