БағдарламаСы Қызылорда, 2022



бет2/3
Дата19.05.2023
өлшемі191,5 Kb.
#95229
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Бағдарлама 4-курс

мақсаты мен міндеттері: «Дене шынықтыру және спорт» даярлау бағыты бойынша өндірістік практиканың негізгі мақсаты кәсіптік іскерліктер мен кәсіптік қызмет тәжірибесін игеру үшін өндірістік ұйымның қызметіне білім алушының тікелей қатысуы арқылы аудиториялық сабақтар, оқу практикалары кезінде алынған білімді бекіту болып табылады. Оқыту нәтижелеріне сәйкес өндірістік практиканың міндеттері:
1. ЖОО-да оқу процесінде алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын практикалық жетілдіру, кеңейту, тереңдету және бекіту.
2. Дене шынықтыру құралдарын қолдану бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру.
3. Дене тәрбиесі процесін жоспарлаудың, есепке алудың және ұйымдастырудың практикалық іскерлік пен дағдыларын бекіту; қызмет нәтижелерін бағалау және талдау, ол бойынша есеп беру.
4. Білім алушы өз бетімен дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу сабақтарға талдау жасау.

Пререквизиттер:


- Дене шынықтыру және спорт психологиясы мен педагогикасы
- Тәрбие жұмысының теориясымен әдістемесi
- Денешынықтыру теориясы мен əдістемесі
- Шағын кешенді мектептердегі дене тәрбиесі сабағын өткізу әдістемесі
-Таңдаған спорт түрлерінің теориясы мен әдістемесі
- Дипломалды практика

Постреквизиттер:


Мемлекеттік емтихан

Кредит саны:- 7


Өтілетін мерзімі- 7 апта


Практика мазмұны
Жұмыстарды ұйымдастыру:
- Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілген сыныптарға бөлінісі;
- Дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдерімен білім алушыларды сыныптарға бөлінісі және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде іс-шаралар өткізуге сыныптарға бекіту.
- Дене шынықтыру пәнінің оқу-материалдық базасымен танысу;
- практика кезінде жеке жұмыс жоспарын жасау;
- мектеп әкімщілігі өткізетін кеңестерге қатысу;
- әдіскер өткізетін жиындарына қатысу;
- практика бойынша есеп беру құжаттамасын рәсімдеу;
- өндірістік практика бойынша есепті қорғау.


Оқу-әдістемелік жұмыс:
- Спорттық-сауықтыру жұмысты жоспарлау құжаттарын зерделеу;
- мектептің дене шынықтыру оқытушыларының сабақтарына қатысу талдау және өткізу;
- оқу тәрбие жұмыстары бойынша бекітілген сыныпқа педагогикалық бақылау жасау;
- дене шынықтыру пәні бойынша сабақ өткізу үшін жоспар-конспект жасау;
- мұғалімнің көмекшісі ретінде дене шынықтыру сабағын өткізуге қатысу.
-Өз бетімен дене шынықтыру сабақтарын жүргізу
Спорттық–көпшілік сауықтыру іс-шараларына және спорттық жарыстарға қатысу және өткізуге көмек көрсету.
- Спорттық жұмыстары сыныптар арасында эстафеталар жарыстар ұйымдастыру жоспарын, жарыс шарттарын құру (сыныптан тыс) 2 іс-шара өткізу;
- Дене шынықтыру пәні бойынша көрнекі құралдар жасауға қатысу;
- тәжірибе алмастыру мақсатында басқа базалық мектептердегі практиканттармен араласу.
Сыныптағы тәрбие жұмысы:
- Тәжірибе барысында сыныпта 1-тәрбие сағатын өткізу
- Сынып деңгейіндегі барлық іс шараларға қатысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет